Panasonic TX-50CSR625: Маңызды ескертпе

Маңызды ескертпе: Panasonic TX-50CSR625

Тек тік күйінде тасымалдаңыз.

Маңызды ескертпе

Қорғау класы II

Осы нәтиже тұрмыс жағдайда ТВ- бағдарламаны

көруге арналған.

DVB / Деректерді тарату / IPTV

функциялары жөніндегі ескертпе

Бұл теледидар DVB-T / T2 (MPEG2 және MPEG4-

AVC(H.264)) жердегі сандық қызметтердің, DVB-C

(MPEG2 және MPEG4-AVC(H.264)) сандық

кабельдік қызметтердің стандарттарына (тамыз,

2014 ж.) сәйкес жасалған.

DVB-T / T2 қызметтерінің аймағыңыздағы қол

жетімділігі туралы жергілікті дилерден сұраңыз.

Бұл теледидарда DVB-C қызметтерінің қол

жетімділігі туралы кабельдік телевизия

қызметтерін көрсетушіден сұраңыз.

Бұл теледидар DVB-T / T2 немесе DVB-C

стандарттарына сәйкес келмейтін сигналмен

дұрыс жұмыс істемеуі мүмкін.

Мүмкіндіктердің барлығы бірдей елге, аймаққа,

таратушыға, қызмет жеткізушіге және желілік

ортаға байланысты қол жетімді болмайды.

CI модульдерінің барлығы бұл теледидармен

тиісінше жұмыс істей алмайды. Қол жетімді CI

модульдері туралы қызмет жеткізушісінен кеңес

алыңыз.

Бұл теледидар қызмет жеткізушісі мақұлдамаған

CI модулімен дұрыс жұмыс істей алмауы мүмкін.

Қызмет жеткізушісіне байланысты қосымша ақы

алынуы мүмкін.

Болашақтағы қызметтермен үйлесімділігіне

кепілдік берілмейді.

Қол жетімді қызметтер туралы ең соңғы мәліметті

келесі веб-сайттан қараңыз. (Тек ағылшын тілінде)

http://panasonic.net/viera/support

Panasonic компаниясы басқа өндірушілер жасаған

сыртқы құрылғылардың жұмысы мен өнімділігіне

кепілдік бермейді; басқа өндірушілердің сыртқы

құрылғылары жұмысына және/немесе өнімділігіне

қатысты жауапкершіліктен немесе залалдардан бас

тартамыз.

Бұл өнім AVC патенттік жинағының лицензиясы

бойынша жеке және коммерциялық емес мақсатта

қолданушы тарапынан (i) бейне файлды AVC

стандартына (“AVC бейне”) сай шифрлау және/

немесе (ii) жеке және коммерциялық емес әрекет

жасайтын тұтынушы арқылы шифрланған және/

немесе AVC бейне өнімді ұсыну лицензиясы бар

бейне өнім провайдерінен алынған AVC бейне

файлдың шифрын бұзу үшін беріледі. Лицензия

басқа мақсатқа берілмейді немесе берілген боп

есептелмеуі тиіс.

Қосымша ақпаратты MPEG LA, LLC компаниясынан

алуға болады.

Қараңыз: http://www.mpegla.com.

Қазақша

3