Vitek VT-1688 CAPELLA: РУССКИЙ

РУССКИЙ: Vitek VT-1688 CAPELLA

РУССКИЙ

Стеклянный поддон и привод его вращения мойте в воде с нейтральным мыльным раствором.

Для мытья этих деталей можно воспользоваться посудомоечной машиной.

Не опускайте нагретый стеклянный поддон в холодную воду: из-за резкого перепада температур стеклян-

ный поддон может лопнуть.

Устранение неисправностей

Неисправность Возможная причина Способ устранения

Вилка сетевого кабеля не

Выньте вилку из розетки. По прошествии 10

достаточно плотно встав-

секунд вставьте вилку обратно в розетку.

лена в розетку.

Печь не включается

Проблема с сетевой ро-

Для проверки попробуйте включить в ту же ро-

зеткой

зетку другой электроприбор

Отсутствует нагрев Неплотно закрыта дверца Плотно закройте дверцу

Во время работы

печи, вращающийся

Загрязнёно роликовое

Снимите стеклянный поднос и роликовое коль-

стеклянный поднос

кольцо или нижняя часть

цо. Промойте роликовое кольцо о днище рабо-

издаёт посторонние

рабочей камеры

чей камеры.

шумы

Нормальная работа

Во время работы микроволновой печи могут возникать помехи при

Микроволновая печь создаёт

приёме теле и радиосигналов. Аналогичные помехи создаются при

помехи приёму теле и радио-

работе небольших электроприборов, таких как миксер, пылесос и

сигналов.

электрический фен. Это нормальное явление.

Если установлен низкий уровень мощности микроволнового из-

Низкая яркость подсветки.

лучения, то уровень яркости подсветки рабочей камеры может быть

низким. Это нормальное явление.

В процессе приготовления, пар может выходить из приготавливае-

Скопление пара на дверце, вы-

мых продуктов. Большее количество пара выходит через вентиляци-

ход горячего воздуха из венти-

онные отверстия, но некоторая часть его может оседать на внутрен-

ляционных отверстий.

ней стороне дверцы. Это нормальное явление.

Включение микроволновой печи на короткое время без загруженных

Микроволновая печь включена

продуктов не вызовет ее поломки.

без загруженных продуктов.

Всегда проверяйте наличие продуктов в печи перед ее включением.

Технические характеристики:

Электропитание: 220 В ~ 50 Гц

Выходная мощность: 900 Вт

Мощность парового генератора: 1250 Вт

Мощность кварцевого нагревателя: 850 Вт

Объем печи: 23 л

Производитель оставляет за собой право изменять характеристики приборов без предваритель-

ного уведомления.

СРОК СЛУЖБЫ ПРИБОРА НЕ МЕНЕЕ 5-ТИ ЛЕТ

Данное изделие соответствует всем требуемым европейским и российским стандартам без-

опасности и гигиены.

Производитель: АН-ДЕР ПРОДАКТС ГмбХ, Австрия

Нойбаугюртель 38/7А, 1070 Вена, Австрия

37

1688.indd 371688.indd 37 27.07.2006 17:11:4527.07.2006 17:11:45

ҚЫСҚАТОЛҚЫНДЫ ПЕШ

Қысқатолқынды пешті қолданар алдында осы нұсқаулықпен жете танысып алыңыз.

Нұсқаулықтың барлық нұсқауларын қатаң орындаған жағдайда, қысқатолқынды пеш Сізге бірнеше жылдар

бойы мінсіз қызмет етеді.

Осы нұсқаулықты оңай қол жеткізетін жерде сақтаңыз

ҚЫСҚАТОЛҚЫНДЫ ЭНЕРГИЯ ƏСЕРІНІҢ ҚАУІП-ҚАТЕРІНЕ ҰШЫРАМАС ҮШІН МІНДЕТТІ ОРЫНДАЛУЫ

ҚАЖЕТ САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ

1. Есігі ашық қысқатолқынды пешті қолдануға тыйым салынады, өйткені бұл жағдайда микротолқынды

энергияның зиянды ықпалына ұшырайсыз. Есікті блоктайтын ішкі құлыптарды жəне механизмдерді бұзудан

сақтану қажет.

2. Есік жəне микротолқынды пештің беткі бөлігінің арасына бөтен заттарды салмаңыз, тамақ қалдықтарының

немесе тазалау құралдары қалдықтарының сəуле қайтарушы торда немесе есіктің ішкі жағында жиналмауын

қатаң бақылаңыз.

3. Зақымданған немесе бұзылған микротолқынды пешті қолданбаңыз. Есіктің əрқашан берік жабық болуы өте

маңызды жəне мыналар зақымданбауы қажет:

• есік (иілген),

ілмектер мен ілгекшелер (бұзылған не босатылған),

есіктің ішкі жағынан сəуле қайтарушы тор.

ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ БОЙЫНША МАҢЫЗДЫ НҰСҚАУЛАР

ЕСКЕРТУ: егер есікте сəуле қайтарушы тор зақымданса, онда микротолқынды пешті пайдалануға тыйым

салынады.

ЕСКЕРТУ: микротолқынды пешті жөндеу жөндеу жүргізіп жатқан кез келген тұлғаға қауіп тудырады, əсіресе

микротолқынды сəулеленуден қорғауды қамтамасыз ететін металл былғары қабатты шешу қажет болған

жағдайда. Пешті өз бетінше жөндеуге болмайды.

ЕСКЕРТУ: герметикалық не болмаса вакуумдық қаптамадағы өнімдерді ысыту не дайындау алдында

қаптаманы ашуды ұмытпаңыз. Олай болмаған жағдайда қаптамада қысым пайда болады да ол қаптаманы

жарып жібереді (дайын өнім болса да).

ЕСКЕРТУ: балалар микротолқынды пешті осы нұсқаулықпен тиісті түрде танысқаннан кейін ғана қолдана алады

жəне олар микротолқынды пешті қолдану кезінде қандай қауіп туатынын түсінулері қажет.

Микротолқынды пештерге арналған ыдысты ғана қолданыңыз. Пешке металл ыдысты салмаңыз, өйткені

ыдыспен шағылған АЖЖ-толқындар ұшқындау разрядтарын тудыруы мүмкін жəне өртенуге алып келуі

мүмкін.

Егер пешке бір рет қолданылатын пластикалық, қағаз жəне басқа қаптамалардағы өнімдер не болмаса

аз мөлшердегі тамақтар салынса, тағамдардың ысып кетуін жəне жануын болдырмау үшін пеш жұмысын

үнемі бақылап тұрыңыз.

Егер сіз қандай да бір сұйықтықты (су, кофе, сүт жəне т.б.) ысытып жатсаңыз, онда оны пештен шығарып

жатқанда оның аяқ астынан қайнап кетіп, сіздің қолыңызға шашырап кету ықтималдығын есте ұстаңыз.

Бұндай жағдай болмас үшін, ыдысқа жылуға төзімді пластикалық қасықты немесе шыны араластырғышты

салыңыз жəне ыдысты шығарар алдында ондағы сұйықтықты араластырып жіберіңіз.

Тамақтандыруға арналған құтылар жəне балалар тағамы салынған банкаларды пешке қақпақсыз жəне

емізгектерсіз қою қажет. Ішіндегісін қайта-қайта араластырып немесе шайқап отыру қажет. Тамақ берер

алдында, бала күйіп қалмас үшін, тағамның қалай ысығанын тексеру қажет.

Маңызды ақпарат

Балаға тамақ берер алдында оның қандай ыстық екенін міндетті түрде тексеру қажет. Жылылықты барлық

көлемі бойынша біркелкі үйлестіру үшін банка не құты ішіндегісін шайқау қажет.

Жұмыртқаны қабығымен пісіруге немесе пісірілген жұмыртқаны МИКРОТОЛҚЫНДЫ режимде ысытуға

болмайды, өйткені олар ондағы қысымның көтерілгенде жарылады.

САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ

1. Пешті тегіс, тұрақты бетке қойыңыз. Кішкентай балалардың қолы жетпейтін жерді таңдаған дұрыс.

2. Пешті қабырғадан пештің артқы жəне бүйір жақтарына дейінгі қашықтық 7-8 см кем болмайтындай, ал пеш

үстіндегі кеңестік 30 см кем болмайтындай орнатыңыз.

3. Микротолқынды пештің есігі оны ашқан кезде қоректі сөндіру үшін қызмет ететін блоктау жүйесімен

жасақталған. Есіктің блоктау схемасының жұмысына өзгерістер енгізуге тыйым салынады.

4. Ішіне тамақ салынбаған пешті қосуға болмайды, өйткені бұл оның бұзылуына алып келуі мүмкін.

5. Ылғалдылығы өте төмен тамақтарды дайындау олардың күюіне не жануына алып келуі мүмкін.

Егер тамақ күйсе:

• Есікті ашпаңыз.

Микротолқынды пешті өшіріңіз жəне розеткадан желілік ашаны ажыратыңыз.

38

1688.indd 381688.indd 38 27.07.2006 17:11:4527.07.2006 17:11:45

6. Беконды дайындау кезінде оны тікелей шыны табаққа салмаңыз, себебі шыны табақтың жергілікті ысып

кетуі онда сызаттардың пайда болуына алып келуі мүмкін.

7. Микротолқынды пеште тамақты толық қызарғанға дейін дайындауға тырыспаңыз.

8. Сұйықтықты тамағы тар ыдыстарда ысытуға тыйым салынады.

9. Микротолқынды пешті үй жағдайында консервілеу үшін пайдаланбаңыз, өйткені банка ішіндегісі қайнау

температурасына жеткендігінде сенімсіздік жоқ.

10. Сұйық тамақтардың жəне сусындардың тоқтамай қаунауын болдырмас үшін, сонымен қатар күйіп қалудан

сақтану үшін өнімдерді дайындау процедурасының басында жəне ортасында араластырып тұру ұсынылады.

Ол үшін қыздыруды өшіріңіз, біраз күтіңіз, тамақ салынған ыдысты шығарыңыз да араластырыңыз, сосын

дайындау процесін жалғастыру үшін оны қайтадан пешке салыңыз.

11. Микротолқынды пешті үнемі тазартып тұру қажет. Пешке уақытылы қарамау оның сыртқы түрінің

нашарлануына, оның жұмыс қабілеттілігінің кемуіне, сондай-ақ кейінгі пайдалануда қауіп-қатердің

жоғарлауына алып келуі мүмкін.

Əрқашан есте сақтау қажет ережелер

1. Микротолқынды пештегі тамақтардың дайындау уақытын асырмаңыз. Қағаздан, пластиктен жəне басқа да

жанғыш материалдан жасалған ыдыстарды қолдану кезінде дайындау процесін бақылаңыз.

2. Микротолқынды пешті онда əр түрдегі заттарды сақтау мақсаттарында қолданбаңыз. Микротолқынды пеште

азық-түлік (нан, печенье жəне т.б.), жанғыш материалдарды, сонымен қатар қағаз қаптамаларды жəне т.б.

сақтамаңыз, себебі найзағай болған кезде микротолқынды пеш өздігінен қосылуы мүмкін.

3. Қағаз жəне пластикалық пакеттердегі металл бұрауларды, қысқыштарды, сым саптарды микротолқынды

пешке салар алдында алып тастау қажет.

4. Микротолқынды пеш сенімді жерлендіруге ие болуы қажет. Микротолқынды пешті сенімді жерлендіруге ие

розеткаға ғана қосыңыз.

5. Тамақтардың біразы (жұмыртқа қабығымен), қатты немесе сұйық майлар, сонымен қатар герметикалық

жабылған банкалар, жабық шыны ыдыстар – жарылуға қауіпті, сондықтан оларды микротолқынды пешке

салуға тыйым салынады.

6. Осы микротолқынды пешті тек оған белгіленген мақсаттарда ғана жəне осында мазмұндалған нұсқауларға

қатаң сəйкестікте қолдану қажет.

7. Микротолқынды пеш тек тамақ дайындау жəне ысыту үшін арналған, ол лабораториялық жəне өнеркəсіптік

қолдану үшін арналмаған.

8. Микротолқынды пешті балалар қолданып жатқан кезде ерекше назар аударыңыз.

9. Желілік кабель не аша зақымданған жағдайда, микротолқынды пеш зақымдану не бұзылу нəтижесінде

тиісті түрде жұмыс істемей тұрғанда оны қолдануға болмайды.

10. Микротолқынды пешті рұқсат етілген сервистік орталықтың білікті маманы ғана жөндеуі қажет.

11. Микротолқынды пештің корпусындағы желдеткіш тесіктерін жаппаңыз.

12. Микротолқынды пешті бөлмеден тыс жерде сақтауға жəне қолдануға болмайды.

13. Микротолқынды пешті су қасында, асхана раковинасына жақын жерде, ылғал жертөле жайларында не

болмаса бассейндерге жақын жерде қолдануға болмайды.

14. Желілік кабельді жəне желілік ашаны суға салмаңыз.

15. Желілік кабельдің жəне желілік ашаның ыстық беттермен жанасуынан сақтаныңыз.

16. Желілік кабельдің стол шетінен түсіп тұрмауын қадағалаңыз.

17. Микротолқынды пештің есігін жəне ішкі беттерін тазалау кезінде ысқышқа не жұмсақ матаға құйылған

жұмсақ абразивті жуу құралдарын пайдаланыңыз.

САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ

Тоқ соғу

Микротолқынды пештің электр схемасының элементтеріне тақалу ауыр жарақаттарға жəне тоқ соғуға алып

келуі мүмкін. Микротолқынды пешті өзіңіз бөлшектемеңіз.

Микротолқынды пештің жерлендірілуі

Микротолқынды пеш сенімді жерлендірілген болуы қажет. Егер тұйықталу орын алса, жерлендіру тоққа түсу

қаупін азайтады, өйткені жерлендірілген сым арқылы токтың қайтуы жүреді.

Аспапта жерлендірілген сымы бар желілік кабель жəне жерлендіру түйіспесі бар желілік аша қолданылады.

Аша жерлендіру түйіспесі бар розеткаға қосылуы қажет.

САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ: жерлендірусіз розеткаға қосылған жерлендіру түйіспесі бар ашаны қолданған

кезде тоқ соғу қаупін тудыруы мүмкін.

Жерлендіру жөніндегі нұсқамалар түсініксіз болса не сіздің микротолқынды пешіңіздің сенімді жерлендірілгенінде

күмəн болса, білікті электриктің кеңесін алыңыз.

Желілік кабельдің оралып қалуын болдырмас үшін микротолқынды пеш қысқа желілік кабельмен

жабдықталған.

39

1688.indd 391688.indd 39 27.07.2006 17:11:4527.07.2006 17:11:45

Ұзартқышқы қолдану қажет болған жағдайда желілік ашада жəне розеткада жерлендіру түйіспесі бар 3

сымды ұзартқышты ғана пайдаланыңыз.

Микротолқынды пештің желілік кабеліндегі сымдар қимасының таңбалануы жəне ұзартқыш кабеліндегі

таңбалану сəйкес болуы қажет.

Ұзартқыштың желілік кабелін балалар тартып қалмау үшін оның үстел жанынан түсіп тұрмауын қадағалаңыз

жəне ол оның үстінен жүрмейтіндей жатқызылуы қажет.

Микротолқынды пешке арналған ыдыс

САҚ БОЛЫҢЫЗДАР!

Микротолқынды пешке салынған берік жабылған ыдыстар жарылуға қауіпті болуы мүмкін.

Жабық ыдыстар ашылған болуы тиіс, ал пластикалық пакеттерде бірнеше тесік жасау қажет, ол ондағы бу

микротолқынды пешке салар алдында шығу үшін қажет.

Егер сізде микротолқынды пеште пайдаланғыңыз келетін ыдысты пайдалануға қатысты күмəн туындаса,

онда сынақ жүргізіңіз.

Микротолқынды пеште қолданар алдында ыдысты сынау

Сыналатын ыдысты пештің жұмыс камерасына орнатыңыз (мысалы, тарелка), оған суық су құйылған шыны

стаканды қойыңыз.

Микротолқынды пешті ең жоғарғы қуатына қойыңыз жəне жұмыс уақытын бір минуттан асырмай белгілеңіз.

Сыналатын ыдысты сақтықпен ұстап көріңіз, егер ол қызса, ал судағы стакан суық болса, онда ондай ыдысты

тамақ дайындау үшін микротолқынды пеште қолдануға болмайды.

Сынау уақытын бір минуттан асыруға болмайды.

Микротолқынды пеште пайдалануға болатын материалдар жəне ыдыстар

Фольганы гриль жұмысы режимінде ғана қолдануға болады. Фольга жəне

микротолқынды пеш қабырғасы арасындағы қашықтық кем дегенде 2,5 см болуы

қажет.

Фольганың кішкентай бөліктерін ет пен құс етінің ұсақ бөліктері жанып кетпес үшін

Алюминий

оларды жабу үшін пайдалануға болады.

фольгасы

Микротолқын режимінде, егер фольга пеш қабырғаларына тым жақын болса,

есіктегі сəуле қайтарушы тордың ұшқындауы, жануы жəне нəтижесінде

пештің бұзылуы орын алуы мүмкін. Бұл жағдайда сіз ақысыз кепілді қызмет

көрсету жəне жөндеу құқығынан айырыласыз.

Өндіруші нұсқауларын басшылыққа алыңыз.

Қуыруға арналған

Қуыруға арналған ыдыс түбі айналатын шыны табақтан 5 мм қалың болуы қажет.

ыдыс

Қуыруға арналған ыдысты дұрыс пайдаланбау ыдыстың өзінде жəне шыны табақта

сызаттардың пайда болуына алып келуі мүмкін.

Түскі тамақ

Тек микротолқынды пеште пайдалануға арналған ыдыс қана қолданылады. Ыдыс

ыдысы

өндірушінің нұсқауларын басшылыққа алыңыз. Сызаттары не сынықтары бар

ыдысты қолданбаңыз.

Шыны

Ыстыққа төзімді шыныдан жасалған жəне микротолқынды пеште пайдалануға

сыйымдылықтар

арналған ыдыстар ғана қолданылады. Олардың металл жиектері болмауы қажет.

Сызаттары не сынықтары бар ыдысты қолданбаңыз.

Ыстыққа төзімді шыныдан жасалған жəне микротолқынды пеште пайдалануға

Шыны ыдыс

арналған ыдыстар ғана қолданылады. Олардың металл жиектері болмауы қажет.

Сызаттары не сынықтары бар ыдысты қолданбаңыз.

Арнайы қаптарды

пайдалану

Өндіруші нұсқауларын басшылыққа алыңыз. Металл бұрауларды немесе

арқылы

тартуларды қолдана отырып, қаптарды жаппаңыз. Бу шығу үшін қаптарда бір

микротолқынды

немесе бірнеше тесіктер жасау қажет.

пеште дайындау

процесі

Қағаз табақтар

Тек қысқа уақытта дайындау/ысыту үшін қолданыңыз. Ондай ыдыста тамақты

жəне шыныаяқтар

дайындау/ысыту кезінде микротолқынды пешті қараусыз қалдырмаңыз.

40

1688.indd 401688.indd 40 27.07.2006 17:11:4527.07.2006 17:11:45

Жылуды ұстап қалу үшін жəне майдың шашырауын болдырмас үшін дайындалып

Қағаз сүлгілер

жатқан тамақты жабуға қолдануға болады. Үнемі қадағалап тұрыңыз жəне қысқа

уақытта дайындау/ысыту үшін ғана қолданыңыз.

Пергамент

Майдың шашырауын болдырмас үшін немесе қаптама ретінде қолданылады. Үнемі

қағазы

қадағалап тұрыңыз жəне қысқа уақытта дайындау/ысыту үшін ғана қолданыңыз.

«Микротолқынды пешке жарамды» деген таңбалауы бар пластиктен жасалған

ыдыстарды ғана қолданыңыз. Өндіруші нұсқауларын басшылыққа алыңыз.

Пластик

Кейбір пластикалық ыдыстар онда бар өнімдердің ысуының нəтижесінде жұмсаруы

мүмкін.

Герметикалық жабылған пластикалық пакеттерді қаптамаларда көрсетілгендей

тесу немесе кесу қажет.

Пластикалық

Тек сəйкесінше таңбалауы бар пластиктен жасалған ыдыстарды қолдану қажет.

қаптама

Дайындалып жатқан тамақты ондағы ылғалдылық сақталу үшін жабуға болады.

Балауыз қағазы Майдың шашырауын болдырмас үшін, сонымен қатар ылғалдылықты сақтау үшін

қолданылады.

Микротолқынды пеште пайдалануға болмайтын материалдар жəне ыдыстар

Ұшқын туғызуы мүмкін.

Алюминий леген

Микротолқынды пеште қолдануға арнайы арналған ыдыспен қолданыңыз.

Металл сабы бар картон

Ұшқын туғызуы мүмкін.

шыныаяқ

Микротолқынды пеште қолдануға арнайы арналған ыдыспен қолданыңыз.

Металл немесе металл

Металл микротолқын энергиясияның сəулесін қайтарады. Металл жиек

жиегі бар ыдыс

ұшқындау туғызуы мүмкін.

Тамақты дайындау/ысыту кезінде ұшқындау, сонымен қатар қаптаманың

Металл бұрулар

жануын туғызуы мүмкін.

Қағаз пакеттер Микротолқынды пеште жануы мүмкін.

Сабын Сабын еріп, микротолқынды пеш камерасын кірлеуі мүмкін.

Ағаш Ағаш ыдыс кеуіп, жарылып, жанып кетуі мүмкін.

Сипаттамасы (1-сурет)

1) Бұғаттау жүйесі бар құлыптар

2) АЖЖ-толқындардың шығуы

3) Бақылау терезесі

4) Бу генераторы

5) Грильдің қыздыру элементі (галоген шамдары)

6) Металл тор. Тек «Гриль» режимінде ғана қолданылады.

7) Басқару панелі

8) Су жиналатын тұғырық.

9) Май жиналатын тұғырық.

Басқару панелі (2-сурет)

1. Дисплей

Дисплейде ағымдағы уақыт, дайындау уақыты, қуат деңгейі жəне жұмыс режимдерінің пиктограммалары

бейнеленеді.

2. «БУМЕН ПІСІРУ» батырмасы

Бумен пісіру режимін қосу үшін басыңыз.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ: бумен пісіру режимінде дайындау кезінде қысқа толқынды сəулелену қолданылады,

сондықтан қысқа толқындар режиміндегі қауіпсіздік шараларын сақтаңыз.

3. «ГРИЛЬ/КОМБИНАЦИЯ» батырмасы

41

1688.indd 411688.indd 41 27.07.2006 17:11:4527.07.2006 17:11:45

Гриль режимін қосу үшін жəне бірге дайындау режимдерінің бірін қосу үшін қолданылады.

4. «ҚЫСҚА ТОЛҚЫНДАР» батырмасы

Қысқа толқынды сəулелендіру қуатының деңгейін орнату үшін пайдаланылады. Қуатты таңдау келесі тəртіпті

жүргізіледі: HI-(100%), 80%, 60%, 40%, 20%, 0%.

5. «ЖІБІТУ/САҒАТ» батырмасы

Жібіту режимін қосу үшін, 12 немесе 24 сағаттық уақыт форматын таңдау үшін, уақытты орнату үшін

пайдаланылады.

6. «ТОҚТАТУ/ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ» батырмасы

Алдын ала белгіленген қуат деңгейін, тамақ дайындау бағдарламасын немесе ЖІБІТУ уақытын өзгерту үшін

басыңыз.

Ескерту: «ТОҚТАТУ/ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ» батырмасы ағымдағы уақытты өзгертпейді.

7. «УАҚЫТ/АВТОМЕНЮ/САЛМАҚ» тұтқасы

Тұтқаны сағат тілі бағытында бұру арқылы дайындау уақытын орнату, дайындалатын немесе жібітілетін өнім

салмағын анықтау жүргізіледі. Тұтқаны сағат тіліне қарсы бағытта бұру арқылы автоматты дайындаудың 24

бағдарламасының бірін орнату жүргізіледі.

Тұтқаны басу өнімдерді дайындау немесе ЖІБІТУ процесін белгіленген бағдарлама бойынша іске қосады.

8. Өнімдерді автоматты дайындау 24 режимінің пиктограммалары.

Дисплей (3-сурет)

1. Таймер режимінің пиктограммасы.

2. Жыпылықтап тұрған бөлу нүктелері.

3. Таңдап алынған өнім салмағының пиктограммасы.

4. Бұғаттау режимінің пиктограммасы.

5. Бумен пісіру режимі жұмысының пиктограммасы.

6. Гриль режимінің пиктограммасы.

7. Қысқа толқынды дайындау режимінің пиктограммасы.

8. ЖІБІТУ режимінің пиктограммасы.

9. Пайдаланушымен бағдарламаланатын 3 кезекті режимдердің пиктограммасы.

10. Ағымдағы уақыттың пиктограммасы.

11. «Дисплейді сəндеу элементтері» пиктограммасы

Пешті пайдалану

Дыбыстық сигнал

Басқару панеліндегі батырмаларды əр басқан сайын Сіз бір реттік дыбыстық сигналды еститін боласыз.

Екі дыбыстық сигнал – енгізу кезінде қате жібергенді білдіреді. Енгізу шарттарын жақсылап тексеріңіз жəне

қатесіз қайталаңыз.

Ағымдағы уақытты орнату

Мысал: ағымдағы уақытты орнатыңыз 16 сағат 30 минут.

«ЖІБІТУ/САҒАТ» батырмасын басып, 3 секундтай ұстап тұрыңыз, дыбыстық сигнал шығады жəне таблода

келесі жазу пайда болады: Hr 24 (24 сағаттық уақыт форматы).

Ескерту: «ЖІБІТУ/САҒАТ» батырмасын қайта басу 12/24 сағаттық уақыт форматының өзгеруіне алып келеді.

1. «УАҚЫТ/АВТОМЕНЮ/САЛМАҚ» тұтқасын бұраңыз жəне «сағат» уақытын орнатыңыз – 16.

2. Растау үшін «ЖІБІТУ/САҒАТ» батырмасын басыңыз.

3. «УАҚЫТ/АВТОМЕНЮ/САЛМАҚ» тұтқасын бұраңыз жəне «минут» уақытын орнатыңыз - 30, дисплейде 16:30

уақыты бейнеленеді.

4. Растау үшін «ЖІБІТУ/САҒАТ» батырмасын басыңыз.

Дисплейде белгіленген уақыт пайда болады, пиктограмма (1) пайда болады жəне бөлу нүктелері (2)

жыпылықтай бастайды.

Ескерту: егер уақытты орнату толық аяқталмаса, онда 30 секундтан кейін дыбыстық сигнал естіледі

жəне дисплей көрсеткіштері бастапқы жағдайға қайта оралады.

Өнімдерді дайындау кезінде ағымдағы уақытты қарау үшін «ЖІБІТУ/САҒАТ» батырмасын басыңыз, ағымдағы

уақыт 5 секундтай жанып тұрады.

Қысқатолқынды пеште дайындау

Пешті қысқатолқынды дайындау режимінде қосу үшін «ҚЫСҚА ТОЛҚЫНДАР» батырмасын басыңыз жəне

қажетті қуат деңгейін орнату үшін оны бірнеше рет басу қажет, ал содан кейін «УАҚЫТ/АВТОМЕНЮ/САЛМАҚ»

тұтқасын айналдыра отырып, қажетті дайындау уақытын орнатыңыз.

Максималды дайындау уақыты 95 минут.

42

1688.indd 421688.indd 42 27.07.2006 17:11:4627.07.2006 17:11:46

Қуат деңгейін таңдап алыңыз:

«ҚЫСҚА ТОЛҚЫНДАР» батырмасын басыңыз Қуат деңгейі

1 рет HI-(100%)

2 рет 80%

3 рет 60%

4 рет 40%

5 рет 20%

6 рет (таймерді орнату) 0

Мысал: қысқатолқындар қуатының деңгейі 60% болғанда өнімдерді 10 минуттың ішінде дайындау қажет.

1. «ҚЫСҚА ТОЛҚЫНДАР» батырмасын 3 рет басыңыз, дисплейде таңдап алынған қуат деңгейі бейнеленеді

60%, бұл жағдайда пиктограмма (7) жыпылықтайды.

2. «УАҚЫТ/АВТОМЕНЮ/САЛМАҚ» тұтқасын сағат тілі бағытында бұраңыз жəне уақытты «10:00» орнатыңыз.

3. Дайындауды бастау үшін «УАҚЫТ/АВТОМЕНЮ/САЛМАҚ» тұтқасын басыңыз.

Пеш жұмыс істеп жатқан кезде қалған дайындау уақыты бейнеленеді жəне пиктограмма (7) жыпылықтайтын

болады.

Гриль

Қуырылған қытырлақ ет, балық, тауық етінің бөліктерін, картопты дайындау үшін пайдаланылады. Бұл режимде

жылу кварцты жылыту элементінен пештің барлық жұмыс камерасына таралады.

Максималды дайындау уақыты: 95 минут.

Мысал: грильді 12 минутқа қосу қажет.

1. «ГРИЛЬ/КОМБИНАЦИЯ» батырмасын бір рет басыңыз, бұл жағдайда дисплейде пиктограмма (6)

қосылады.

2. «УАҚЫТ/АВТОМЕНЮ/САЛМАҚ» тұтқасын сағат тілі бағытында бұраңыз жəне уақытты «12:00» орнатыңыз.

3. Дайындауды бастау үшін «УАҚЫТ/АВТОМЕНЮ/САЛМАҚ» тұтқасын басыңыз.

Грильдің жұмыс істеу режимінде дисплейде қалған дайындау уақыты бейнеленеді жəне пиктограмма (6)

жыпылықтайды.

Біріктірілген дайындау

Біріктірілген дайындауға қысқа толқынды дайындау режимі жəне грильдің жұмыс істеу режимі кіреді жəне бұл

тамақты əзірлеуде жақсы нəтижеге жету үшін қолданылады.

1-режим (Со-1) – уақыттың 30% қысқатолқынды дайындау режимі + 70% гриль, (балық, картоп пісіру).

2- режим (Со-2) – уақыттың 55% қысқа толқынды дайындау + 45% гриль, (омлет, пісірілген картопты, құсты

дайындау).

Максималды дайындау уақыты 95 минут.

Мысал: біріктірілген дайындаудың 1-режимін 25 минут уақытқа қою қажет.

1. «ГРИЛЬ/КОМБИНАЦИЯ» батырмасын екі рет басыңыз, бұл жағдайда екі пиктограмма (6, 7) жанады,

экранда (Со-1) бейнеленеді.

2. «УАҚЫТ/АВТОМЕНЮ/САЛМАҚ» тұтқасын бұраңыз жəне уақытты «25:00» орнатыңыз.

3. Дайындауды бастау үшін «УАҚЫТ/АВТОМЕНЮ/САЛМАҚ» тұтқасын басыңыз.

Біріктірілген дайындау режимінде дисплейде қалған дайындау уақыты жəне (6, 7) пиктограммалар бейнеленеді.

Қазіргі сəтте дайындаудың қандай режимі атқарылып жатқанына байланысты пиктограмма (6) не болмаса (7)

жыпылықтайтын болады.

Мысал: біріктірілген дайындаудың 2-режимін 12 минутқа қосыңыз.

1. «ГРИЛЬ/КОМБИНАЦИЯ» батырмасын 3 рет басыңыз, бұл жағдайда (6, 7) пиктограммалары жанады.

2. «УАҚЫТ/АВТОМЕНЮ/САЛМАҚ» тұтқасын бұраңыз жəне уақытты «12:00» орнатыңыз.

3. Дайындауды бастау үшін «УАҚЫТ/АВТОМЕНЮ/САЛМАҚ» тұтқасын басыңыз.

Біріктірілген дайындау режимінде дисплейде қалған дайындау уақыты жəне (6, 7) пиктограммалар

бейнеленеді.

Өнімдерді автоматты дайындау

Өнімдерді автоматты дайындау режимінде қуатты жəне дайындау уақытын орнату қажеттілігі жоқ, бұл

жағдайда өнім түрін таңдап, оның салмағын ғана көрсету қажет.

Өнім түрін таңдау үшін «УАҚЫТ/АВТОМЕНЮ/САЛМАҚ» тұтқасын сағат тіліне қарсы бағытта бұраңыз, сосын

«УАҚЫТ/АВТОМЕНЮ/САЛМАҚ» тұтқасын басып, оның салмағын белгілеңіз жəне қажетті мəнді таңдау үшін

оны бұраңыз.

Дайындауды бастау үшін «УАҚЫТ/АВТОМЕНЮ/САЛМАҚ» тұтқасын басыңыз.

Өнім бірдей пісу үшін дайындау кезінде өнімді ауыстыру қажеттілігі туындауы мүмкін.

Мысал: 400гр балықты дайындау қажет болса.

1. Басқару панелінде автоматты дайындаудың сəйкесінше бағдарламасы жыпылықтағанға дейін «УАҚЫТ/

АВТОМЕНЮ/САЛМАҚ» тұтқасын сағат тіліне қарсы бағытта бұраңыз.

43

1688.indd 431688.indd 43 27.07.2006 17:11:4627.07.2006 17:11:46

2. «УАҚЫТ/АВТОМЕНЮ/САЛМАҚ» тұтқасын басыңыз, салмақты «400 g» орнатып, оны бұраңыз.

3. Дайындауды бастау үшін «УАҚЫТ/АВТОМЕНЮ/САЛМАҚ» тұтқасын басыңыз.

Автоматты дайындау режимінде дисплейде қалған дайындау уақыты бейнеленеді жəне дайындаудың қандай

режимі атқарылып жатқанына байланысты дайындау бағдарламасының пиктограммасы жыпылықтайтын

болады, яғни (6) не болмаса (7) пиктограмма жыпылықтайтын болады.

Автоматты дайындаудың кодтары/ меню (қосымша ақпарат кестеде берілген)

Тағам/ дайындау

Код

Ескерту

режимі

1 Попкорн Дүкеннен сатып алынған кəдімгі пакет.

2 Күріш Күріш пен су мөлшерінің дұрыс арақатынасы сақталуы қажет.

3 Пиццаны жылыту Мұздатылған күйде шамамен 5°С

4 Сорпа 200 ~ 250 мл сорпа.

Грильге арналған торға сыяды, пайдаланушы дайындаудың ортасында

5 Тауықтың сан еті

тағамды аударып, START батырмасын қайта басуы қажет.

Грильге арналған торға сыяды, пайдаланушы дайындаудың ортасында

6 Тауықтың кесек еті

тағамды аударып, START батырмасын қайта басуы қажет.

Тұтастай тауық еті, дайындаудың ортасында болатын дыбыстық сигнал

7 Тауық-гриль

тамақтың бір қалыпты пісуі үшін пайдаланушыға асты аудару қажеттігі

туралы ескертеді жəне одан кейін START батырмасын қайта басу қажет.

Тауық қанаттары, дайындаудың ортасында болатын дыбыстық сигнал

8 Тауық қанаттары

тамақтың бір қалыпты пісуі үшін пайдаланушыға асты аудару қажеттігі

туралы ескертеді жəне одан кейін START батырмасын қайта басу қажет.

Аз мөлшердегі майы бар шошқа еті, дайындаудың ортасында болатын

дыбыстық сигнал тамақтың бір қалыпты пісуі үшін пайдаланушыға асты

т

аудару қажеттігі туралы ескертеді жəне одан кейін START батырмасын

қайта басу қажет.

Еттен жасалған кəуап грильге арналған торға сыяды, дайындаудың

ортасында болатын дыбыстық сигнал тамақтың бір қалыпты пісуі үшін

10 Кəуап

пайдаланушыға асты аудару қажеттігі туралы ескертеді жəне одан кейін

START батырмасын қайта басу қажет.

Балық бөліктері грильге арналған торға сыяды, дайындаудың

ортасында болатын дыбыстық сигнал тамақтың бір қалыпты пісуі үшін

11 Балық

пайдаланушыға асты аудару қажеттігі туралы ескертеді жəне одан кейін

START батырмасын қайта басу қажет.

Сиыр етінің бөліктері грильге арналған торға сыяды, дайындаудың

ортасында болатын дыбыстық сигнал тамақтың бір қалыпты пісуі үшін

12 Сиыр еті/ тауық еті

пайдаланушыға асты аудару қажеттігі туралы ескертеді жəне одан кейін

START батырмасын қайта басу қажет.

Сүрленген шошқа еті грильге арналған торға сыяды, дайындаудың

ортасында болатын дыбыстық сигнал тамақтың бір қалыпты пісуі үшін

13 Сүрленген шошқа еті

пайдаланушыға асты аудару қажеттігі туралы ескертеді жəне одан кейін

START батырмасын қайта басу қажет.

Жүгері собығы грильге арналған торға сыяды, дайындаудың

ортасында болатын дыбыстық сигнал тамақтың бір қалыпты пісуі үшін

14 Жүгері

пайдаланушыға асты аудару қажеттігі туралы ескертеді жəне одан кейін

START батырмасын қайта басу қажет.

Хот-догтар грильге арналған торға сыяды, дайындаудың ортасында

болатын дыбыстық сигнал тамақтың бір қалыпты пісуі үшін

15 Хот-дог

пайдаланушыға асты аудару қажеттігі туралы ескертеді жəне одан кейін

START батырмасын қайта басу қажет.

16 Тосттар Тосттар грильге арналған торға сыяды.

Пештің қыш негізіне орнатылған қыш тəрелкедегі тауық бөліктері, су

17 Пісірілген тауық

температурасы 10°С, 700 мл.

44

1688.indd 441688.indd 44 27.07.2006 17:11:4627.07.2006 17:11:46

Тағам/ дайындау

Код

Ескерту

режимі

Пештің қыш негізіне орнатылған қыш тəрелкедегі ет, су температурасы

18 Пісірілген ет

10°С, 700 мл.

Пештің қыш негізіне орнатылған қыш тəрелкедегі тұтастай балық еті, су

19 Пісірілген балық

температурасы 10°С, 700 мл.

Пештің қыш негізіне орнатылған қыш тəрелкедегі асшаяндар, су

20 Пісірілген асшаян

температурасы 10°С, 700 мл.

Тозаңдату дəрежесі шамамен 5 °С, қысқатолқынды пештерге арналған

21 Авто жылыту

ыдыстарды не болмаса полиэтилен үлдірін пайдаланыңыз.

Өнімдер: шабдалы: 4 дана, қант: 1/2 шыны аяқ, су: 2 шыны аяқ.

1-саты: шабдалыны жуыңыз, қабығын алыңыз жəне қажетті өлшемдегі

22 Шабдалы джемі

бөліктерге кесіңіз; 2-саты: шабдалыны, суды жəне қантты жылуға төзімді

контейнерге салыңыз жəне бағдарлама басында пешке қойыңыз.

1 шыны аяқ 250мл сəйкес келеді.

Өнімдер: алма: 4 дана, қант: 150 г, лимон шырыны: 1 шыны аяқ.

1-саты: алманы жуыңыз, қабығын алыңыз жəне қажетті өлшемдегі

бөліктерге бөліңіз;

23 Алма джемі

2-саты: алманы жылуға төзімді контейнерге салыңыз жəне лимон шырыны

мен қант қосыңыз, бағдарламаны қосқанға дейін араластырыңыз жəне

қақпақпен жабыңыз.

1 шыны аяқ 250мл сəйкес келеді.

Өнімдер: құлпынай: 500 г, қант: 1 немесе 2 шыны аяқ, лимон: 4 бөлік,

күріш шарабы: 5 шыны аяқ.

1-саты: құлпынайды жуыңыз, саптарын кесіп алып тастаңыз жəне

кептіріңіз, лимонның қабығын тазалаңыз жəне оны бөліктерге бөліңіз;

2-саты: жемістерді жылуға төзімді контейнерге салыңыз, қант пен

24 Шарап

күріш арағын қосыңыз, қақпағын жабыңыз жəне көрсетілген уақыт бойы

максималды қуатта дайындаңыз.

3-саты: жабық бөтелкеде бір күн ұстаңыз жəне ішер алдында содалы

судан қосыңыз.

1 шыны аяқ 250мл сəйкес келеді.

Автоматты режимде дайындау нəтижесі өнімнің өлшеміне жəне пішініне, сонымен қатар оның пеште

орналасуына байланысты. Кез келген жағдайда, егер Сіз дайындау нəтижесін қанағаттандырылмайтын

ретінде есептесеңіз, онда өнім салмағын ұлғайтыңыз немесе кемітіңіз.

Өнімдерді автоматты жібіту

Пеште өнімдерді автоматты жібіту функциясы бар. Жібіту уақыты жəне қуат автоматты түрде белгіленеді, бұл

жағдайда тек өнім салмағын ғана белгілеу қажет.

Мысал: 600 гр тартылған етті жібіту қажет.

1. Жібітілетін етті пештің жұмыс камерасына салыңыз.

2. «ЖІБІТУ/САҒАТ» батырмасын басыңыз, дисплейде (7, 8) пиктограммалары жанады.

3. Сізге қажетті салмақты орнату үшін «УАҚЫТ/АВТОМЕНЮ/САЛМАҚ» тұтқасын бұраңыз - «600 g».

4. Жібітуді бастау үшін «УАҚЫТ/АВТОМЕНЮ/САЛМАҚ» тұтқасын басыңыз, бұл жағдайда (8) пиктограмма

дисплейде жанып тұратын болады, ал (7) пиктограмма жыпылықтайтын болады.

Өнімдерді жібіту режимінде дисплейде дайындаудың қалған уақыты шығады, (8) пиктограмма.

Жылдам бастау

Бұл функция өнімдерді тез жылыту жəне дайындау үшін пешті толық қуатқа тез қосуға мүмкіндік береді.

Жұмыс уақытын таңдау үшін «УАҚЫТ/АВТОМЕНЮ/САЛМАҚ» тұтқасын сағат тілі бағытында бұраңыз жəне

оған басыңыз – пеш толық қуатқа қосылады.

Мысал: дайындауды 2 минутқа қосу қажет.

1. Дисплейде сізге қажетті уақыт 2:00 пайда болғанша дейін «УАҚЫТ/АВТОМЕНЮ/САЛМАҚ» тұтқасын сағат

тілі бағытында бұраңыз.

2. Дайындауды бастау үшін «УАҚЫТ/АВТОМЕНЮ/САЛМАҚ» тұтқасын басыңыз.

Пеш жұмыс істеп тұрғанда дисплейде дайындаудың қалған уақыты жəне жыпылықтап тұратын пиктограмма

(7) бейнеленеді.

Ескерту:

- жылдам бастау режимінде дайындаудың максималды уақыты 95 минут.

45

1688.indd 451688.indd 45 27.07.2006 17:11:4627.07.2006 17:11:46

- жылдам бастау уақытын орнату қадамы 10 секундтан 5 минутқа дейін – 10 сек.

- 5 мин. - 10 мин. дейін – 30 сек.

- 10 мин. - 30 мин. дейін – 1 мин.

- 30 мин. - 95 мин. дейін – 5 мин.

Бу генераторын пайдалану

Назар аударыңыз: тамақты бумен бірінші дайындаудың алдында суға арналған ыдысты жəне қақпақты жуып

алу қажет (4-суретті қараңыз).

1 Суға арналған ыдыс

2 Қалтқы

3 Суға арналған ыдыстың қақпағы

Жұмыс істеу тəртібі:

1. Суға арналған ыдыстың қақпағын ашыңыз, ыдысқа қажетті мөлшердегі суды құйыңыз да қақпақты қайта

жабыңыз (олай жасамаған жағдайда, бумен пісіру функциясы жұмыс істемейтін болады).

Назар аударыңыз: су минималды жəне максималды белгілер арасында тұруы қажет. Егер судың деңгейі тым

төмен болса, бумен пісіру іске қосылмайды немесе біраздан кейін қайта су құю керек болады. Ал егер су деңгейі

тым жоғары болса, ыдыстағы су қайнап, пешке төгілуі мүмкін.

2. Пешті желіге қосыңыз, есікті ашыңыз, тамақ салынған тəрелкені пештің төменгі пластинасының ортасына

қойыңыз, ал содан кейін есікті жабыңыз. Максималды дайындау уақыты 30 минут.

Мысал: көкөністерді 20 минут буда дайындау қажет.

1. «БУМЕН ПІСІРУ» батырмасын басыңыз, бұл жағдайда дисплейде пиктограмма (5) жанады.

2. «УАҚЫТ/АВТОМЕНЮ/САЛМАҚ» тұтқасын сағат тілі бағытында бұраңыз жəне уақытты «20:00» орнатыңыз.

3. Дайындауды бастау үшін «TIME/MENU»(УАҚЫТ/АВТОМЕНЮ) батырмасын басыңыз.

Бумен пісіргіш жұмысының режимінде дисплейде дайындаудың қалған уақыты бейнеленеді жəне пиктограмма

(5) жыпылықтайды.

Назар аударыңыз:

1. Бумен пісіру кезінде қақпақты ашуға тыйым салынады.

2. Егер дайындау кезінде су деңгейі белгіленген мəннен төмен түсіп кетсе, пеш уақытша сөнеді, пайдаланушыға

су құю қажеттілігін еске салу үшін ескерту сигналы қосылады жəне бумен пісіру символы жыпылықтай

бастайды. Буға күйіп қалмау үшін сигнал дауысы бірден шықпайды. Қақпақты абайлап ашыңыз жəне қажетті

су мөлшерін құйыңыз, қақпақты жабыңыз жəне датчиктің судың жаңа деңгейін өңдегенін күтіңіз. Осыдан

кейін тамақ əзірлеуді жалғастыру үшін Старт батырмасын басуға болады.

3. Бумен пісіру кезінде бу пештің жоғарғы жағындағы клапан арқылы шығуы мүмкін, ал тамақты дайындап

болғаннан кейін пеш ішінде де бу қалуы мүмкін. Су тамшыларының біршама бөлігі есіктің астыңғы жағында

жиналып қалуы мүмкін. Есікті абайлап ашыңыз.

4. Буда 30 минут пісіргеннен кейін тұғырықтағы (8) суды төгіп тастау қажет, олай болмаған жағдайда ол төгіліп

кетеді.

Су жиналатын тұғырықты орнату (5-суретті қараңыз)

Бумен пісірудің алдында қысқа толқынды пештің үстінде суға арналған ыдыс орнатылғанына көз жеткізіңіз.

1. Егер тұғырық (3) суға толса, оны уақытылы төгіп тастау қажет. Қалған суды сіңдіріп алу үшін құрғақ шүберекті

пайдаланыңыз немесе тұғырықтан суды төгіп тастау үшін, оны шығарыңыз. Тұғырықты келесі түрде шешеді:

пештің есігін (1) барынша ашыңыз, екі батырманы (с) басыңыз жəне тұғырықты абайлап шығарыңыз.

2. Суға арналған тұғырықты (3) алғаннан кейін жəне суды төккеннен кейін, оны келесі түрде орнына орнатыңыз:

пештің есігін (1) барынша ашыңыз, пештің астыңғы жағындағы (2) үш тікбұрышты тесіктерге (а) үш ілмекті

(b) салыңыз.

Суға арналған ыдыстың қақпағын орнату (6-суретін қараңыз).

Су жиналатын ыдыстың (1) қақпағын орнату үшін оны ыдысқа (2) салыңыз жəне ілмектер а) тесіктерге дұрыс

кіргенін b) ыдыстың екі жағынан кіргенін тексеріңіз. Тек осыдан кейін ғана бумен пісіру функциясын қосуға

болады, ал олай жасамаған жағдайда бу ыдыстан шығып кететін болады.

Қақпақты (1) шығару үшін екі батырманы (3) бір-біріне қысыңыз жəне қақпақты сыртқа тартыңыз.

Таймер режимі

Белгіленген уақыт аяқталғаннан кейін дыбыстық сигналды беру үшін қолданылады.

Мысал: таймер жұмысын 2 минутқа қою қажет.

1. «ҚЫСҚА ТОЛҚЫНДАР» батырмасын 6 рет басыңыз, дисплейде таңдалған қуат деңгейі 00% бейнеленеді,

бұл жағдайда пиктограмма (7) жыпылықтайды.

2. «УАҚЫТ/АВТОМЕНЮ/САЛМАҚ» тұтқасын сағат тілі бағытында бұраңыз жəне уақытты «02:00» орнатыңыз.

3. Уақытты есептеуді бастау үшін «УАҚЫТ/АВТОМЕНЮ/САЛМАҚ» тұтқасын басыңыз.

Таймер режимінде дисплейде қалған уақыт бейнеленеді жəне пиктограмма (7) жыпылықтайды.

46

1688.indd 461688.indd 46 27.07.2006 17:11:4627.07.2006 17:11:46

Бұғаттау

Балалардың пешті пайдалануына жол бермеу үшін, Сіз бұғаттау режимін орната аласыз.

- «ТОҚТАТУ/ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ» батырмасын 3 секунд бойы басып, ұстап тұрыңыз, дыбыстық сигнал

қосылады жəне пиктограмма (4) жанады.

- Бұғаттауды алып тастау үшін «ТОҚТАТУ/ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ» батырмасын 3 секунд бойы басып, ұстап

тұрыңыз, дыбыстық сигнал қосылады жəне пиктограмма (4) сөнеді.

Арнайы функциялар

Авто ескерту:

- Дайындау немесе жібіту бағдарламасы аяқталғаннан кейін төрт дыбыстық сигнал қосылады, пеш есігі

ашылғанға дейін немесе «ТОҚТАТУ/ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ» батырмасы басылғанға дейін жəне дисплей

көрсеткіштері бастапқы жағдайға оралғанға дейін дыбыстық сигналдар əрбір екі минут сайын қосылатын

болады.

- Егер уақытты немесе жұмыс режимдерін орнату толығымен аяқталмаса, онда 30 секундтан кейін дыбыстық

сигнал қосылады жəне дисплейдің көрсеткіштері бастапқы жағдайға оралады.

Үш сатыда тамақ даярлау

Сіз пешіңізді 3 кезекті дайындау сатысына бағдарламалай аласыз.

Мысал: қысқа толқындар қуаты 80% тең болған жағдайда өнімдерді 35 минуттың ішінде дайындау қажет,

сосын біріктірілген дайындау режимін 20 минутқа қосу қажет жəне 15 минут грильде қуыру қажет.

1. «ҚЫСҚА ТОЛҚЫНДАР» батырмасын 2 рет басыңыз, дисплейде таңдалған қуат деңгейі 80% бейнеленеді,

бұл жағдайда пиктограмма (7) жəне пиктограмма (9) қосылады – (1S – дайындаудың бірінші сатысы).

2. «УАҚЫТ/АВТОМЕНЮ/САЛМАҚ» тұтқасын сағат тілі бағытында бұраңыз жəне уақытты «35:00» орнатыңыз.

3. «ГРИЛЬ/КОМБИНАЦИЯ» батырмасын 2 рет басыңыз, бұл жағдайда пиктограмма (6, 7) жəне пиктограмма

(9) жанады – (2S – дайындаудың екінші сатысы).

4. «УАҚЫТ/АВТОМЕНЮ/САЛМАҚ» тұтқасын сағат тілі бағытында бұраңыз жəне уақытты «20:00» орнатыңыз.

5. «ГРИЛЬ/КОМБИНАЦИЯ» батырмасын басыңыз, бұл жағдайда дисплейде пиктограмма (6) жəне пиктограмма

(9) жанады – (3S – дайындаудың үшінші сатысы).

6. «УАҚЫТ/АВТОМЕНЮ/САЛМАҚ» тұтқасын сағат тілі бағытында бұраңыз жəне уақытты «15:00» орнатыңыз.

7. Дайындауды бастау үшін «УАҚЫТ/АВТОМЕНЮ/САЛМАҚ» тұтқасын басыңыз.

Қандай дайындау сатысы жүріп жатқанына байланысты саты нөмірлерімен пиктограмма (9) жанатын болады,

ал осы сəтте дайындау режиміне байланысты пиктограмма (5), (6), (7) не болмаса (8) жанатын болады.

Ескерту: бағдарланбайтын дайындау режимдерінде барлық жағдайда пиктограмма (9) жанатын болады

1S. Ескерту: дайындаудың барлық сатыларында жəне режимдерінде «дисплейді сəндеу элементтері»

кезектілікпен жанатын болады - пиктограмма (11).

Тамақты дайындау процесі кезінде пешті тоқтату

- Тамақты дайындау процесін тоқтату үшін пештің есігін сəл ашу жеткілікті. Өнімдерді дайындау процесін

жалғастыру үшін есікті жабыңыз жəне «УАҚЫТ/АВТОМЕНЮ/САЛМАҚ» тұтқасын басыңыз.

- Өнімдерді дайындау бағдарламасын тоқтату үшін «ТОҚТАТУ/ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ» батырмасын басыңыз.

Тазалау жəне күту

Тазалау алдында пешті өшіріңіз жəне желілік ашаны розеткадан шығарыңыз.

Басқару панеліне су тигізбеңіз. Оны жұмсақ, сəл дымқыл матамен сүртіңіз.

Пештің жұмыс камерасын тазалықта ұстаңыз. Егер пеш қабырғаларында тамақ қалдықтары не сұйық

дақтары қалса, оларды дымқыл матамен сүртіңіз.

Жұмыс камерасы қатты кірленген жағдайда жұмсақ жуу құралын пайдалануға болады.

Пешті сыртынан жəне ішінен тазалау үшін абразивті жуу құралдарын, сым щеткаларды пайдаланбаңыз.

Пеш қақпағында орналасқан ауа мен будың шығуына арналған тесіктерге су не жуу құралдарының тимеуіне

назар аударыңыз.

Аммиак негіздегі жуу құралдарын пайдалануға болмайды.

Сыртқы беттерді дымқыл майлықпен сүртіңіз.

Пештің есігі əрқашан таза болуы қажет. Есік жəне пештің беткі панелі арасында тамақ түйірлерінің жиналуына

жол бермеңіз, себебі бұл есіктің дұрыс жабылуына бөгет болады.

Пешті суытуға арналған ауа кіретін пеш корпусындағы желдеткіш тесіктерін шаң-тозаңнан үнемі тазалап

отырыңыз.

Шыны табақты жəне оның тірегін үнемі алып, тазалап отырыңыз; пештің жұмыс камерасының түбін

сүртіңіз.

Шыны табақты жəне оның айналу жетегін бейтараптағыш сабын құралы құйылған суда жуыңыз. Бұл

бөлшектерді жуу үшін ыдыс жуу машинасын қолдануға болады.

Қыздырылған шыны табақты суық суға салмаңыз: температураның бірден өзгеруінен шыны табақ жарылып

кетуі мүмкін.

47

1688.indd 471688.indd 47 27.07.2006 17:11:4627.07.2006 17:11:46

Ақаулықты жою

Ақаулық Ықтимал себебі Жою тəсілі

Желілік кабельдің

Розеткадан ашаны ажыратыңыз. 10 секунд өткеннен

ашасы розеткаға тығыз

кейін ашаны қайтадан розеткаға қосыңыз.

орнатылмаған.

Пеш қосылмайды

Желілік розеткадағы

Тексеру үшін сол розеткаға басқа электр аспабын

проблема.

қосып көріңіз.

Қызбайды Есік жақсы жабылмаған. Есікті берік жабыңыз.

Пештің жұмыс

Шығыршық сақина не

Шыны табақты жəне шығыршық сақинаны шешіңіз.

кезінде айналатын

жұмыс камерасының

Шығыршық сақинаны жəне жұмыс камерасының түбін

шыны табақ жат

төменгі бөлігі кірленген.

жуыңыз.

дауыстар шығарады

Қалыпты жұмыс

Микротолқынды пештің жұмысы барысында теле- жəне

Микротолқынды пеш теле- жəне

радиосигналдары қабылдау кезінде бөгеттер туындауы

радиосигналдарды қабылдауда бөгет

мүмкін. Оған ұқсас бөгеттер өлшемі қатты үлкен емес электр

тудырады

аспаптарымен (миксер, шаңсорғыш жəне электр фені) жұмыс

істеу кезінде де туындауы мүмкін – бұл қалыпты жағдай.

Егер микротолқынды сəулеленудің төмен деңгейдегі

Жарықтандырудың жарығы көмескі

қуаттылығы орнатылса, онда жұмыс камерасындағы

жарықтандыру жарығының деңгейі көмескі болуы мүмкін – бұл

қалыпты жағдай.

Дайындау барысында дайындалып жатқан тамақтан бу шығуы

Есікте бу жиналған, ыстық ауа

мүмкін. Будың көп бөлігі желдеткіш тесігінен шығады, алайда

желдеткіш тесіктерінен шығады

оның кейбір бөлігі есіктің ішкі бөлігінде жиналуы мүмкін – бұл

қалыпты жағдай.

Микротолқынды пеш тамақтармен

Микротолқынды пешті тамақ толтырмай қысқа уақытқа қосу

толтырылмай қосылған

оның бұзылуына алып келмейді. Пешті қосар алдында онда

əрқашан тамақтың болуын тексеріңіз.

ТЕХНИКАЛЫҚ СИПАТТАМАЛАРЫ

Электр қорек: 220 В~ 50 Гц

Шығу қуаты: 900 Вт

Бу генераторының қуаты: 1250 Вт

Кварцты қыздырудың қуаты: 850 Вт

Пеш көлемі: 23 л

Өндіруші алдын ала хабарламастан аспаптың сипаттамаларын өзгертуге құқылы.

Аспаптың қызмет мерзімі 5 жылдан кем емес

Гарантиялық мiндеттiлiгi

Гарантиялық жағдайдағы қаралып жатқан бөлшектер дилерден тек сатып алынған адамға ғана берiледi. Осы

гарантиялық мiндеттiлiгiндегi шағымдалған жағдайда төлеген чек немесе квитанциясын көрсетуi қажет.

Бұл тауар ЕМС – жағдайларға сəйкес келедi негiзгi Мiндеттемелер 89/336/EEC Дерективаның

ережелерiне енгiзiлген Төменгi Ережелердiң Реттелуi (73/23 EEC)

48

1688.indd 481688.indd 48 27.07.2006 17:11:4727.07.2006 17:11:47