Vitek VT-1698: ҚАЗАҚ

ҚАЗАҚ : Vitek VT-1698

ҚАЗАҚ

Басқару панелі

9. Батырма - Микротолқындар Гриль/Комби.

Өнімдерді микротолқынды дайындау қуатын таңдау.

10. Батырма – Уақыт бойынша жібіту

Өнімдерді уақыт бойынша жібіту үшін қолданылады, максималды уақыты 95 минут.

11. Батырма - Тоқтату/Өшіру

Дайындау режимін тоқтату батырмасы, дайындау бағдарламасын өшіру, балалардан қорғау режимін қосу.

12. Тұтқа - Уақыт; Қуат; Салмақ. Уақытты, қуатты жəне салмақты орнату.

13. Авто Меню өнімдерді автоматты дайындау бағдарламасын таңдау батырмасы:

А-1 - АвтоҚыздыру; А-2 – Көкөністер; А-3 - Балық; А-4 - Ет; А-5 Паста; Картоп; А-7 - Пицца; А-8 - Сорпа

14. Батырма - Сағат/Қайта орнату

Ағымдағы уақытты орнату, өнімдерді дайындауды бастау уақытын орнату.

15. Батырма – Салмағы бойынша жібіту

Өнімдерді салмағы бойынша жібіту үшін қолданылады: өнімдердің салмағы 100 грамнан 2000 г. дейін.

16. Батырма – Старт/Жылдам дайындау

Өнімдерді жылдам қыздыру немесе дайындау үшін қолданылады.

Дисплей

Дисплейде ағымдағы уақыт, дайындау уақыты, қуат деңгейлері жəне жұмыс режимдерінің пиктограммалары

бейнеленеді.

17. Қысқа толқынды дайындау режимінің пиктограммасы

18. Өнімдерді жібіту режимінің пиктограммасы

19. Бөлу нүктелері

20. Пештің 100 жəне 80% қуатта жұмыс істеу пиктограммасы

21. Пештің 50, 30 жəне 10% қуатта жұмыс істеу пиктограммасы

22. Ағымдағы уақытты жəне өнімдерді дайындауды бастау уақытын орнату пиктограммасы

23. Балалардан қорғау режимінің пиктограммасы

24. Өнімдерді автоматты дайындау режимінің пиктограммасы

25. Өнімнің таңдалған салмағының пиктограммасы

26. А-8 автоматты дайындау бағдарламасының пиктограммасы - Сорпа.

27. Гриль жұмысының пиктограммасы.

Қысқа толқынды пешті жинау

Пештің жұмыс камерасынан қаптау материалын жəне аксессуарларды шығарыңыз. Пеште ақаулықтың бар-

жоғын тексеріңіз. Пеш есігінің бүтіндігіне қатты көңіл бөліңіз. Ақаулықтар тапқан жағдайда, қысқа толқынды

пешті орнатпаңыз жəне қоспаңыз.

Қорғау жабыны

Корпус: Қорғау жабыны болғанда, оны корпус бетінен алып тастаңыз.

Жұмыс камерасының ішіндегі ақшыл сұр слюда пластинасын алып тастамаңыз, ол магнетронды қорғау үшін

қызмет етеді.

Шыны тұғырықты орнату

1. Тұғырықтың тірегін (4) жұмыс камерасының түбінде орналасқан тесікке орнатыңыз.

2. Дөңгелек сақинаны (5) жұмыс камерасының түбіне орнатыңыз.

3. Шыны тұғырықты (6) оның шығыңқы жерлері тірек тесіктерімен сəйкес келетіндей етіп орнатыңыз. Ешқашан

шыны тұғырықты төменгі жағын жоғары қаратып орнатпаңыз.

Пеш жұмыс істеп жатқан кезде шыны тұғырықтың айналуына кедергі келтірмеңіз.

Өнімдерді дайындау кезінде əрқашан шыны тұғырықты, дөңгелек сақинаны жəне тұғырық тірегін

пайдаланыңыз.

Өнімдерді жəне тамақ дайындауға қажетті ыдыстарды тек шыны тұғырыққа ғана орнату қажет.

Шыны тұғырық сағат тілі бойынша/сағат тіліне қарсы айналуы мүмкін. Бұл қалыпты нəрсе.

Шыны тұғырықта сызаттар немесе жарықтар туындаған жағдайда, оны бірден айырбастаңыз.

Орнату

Қысқа толқынды пешті қосудың алдында жұмыс кернеуі жəне тұтынылатын қуат электр желісінің

параметрлеріне сəйкес келетініне көз жеткізіңіз. Қысқа толқынды пешті сенімді жерлендіруі бар розеткаға

ғана қосыңыз.

Пешті тегіс, тұрақты бетке қойыңыз. Балалардың қолы жетпейтін жерді таңдаңыз.

37

1698_new.indd 371698_new.indd 37 22.07.2010 10:19:5622.07.2010 10:19:56