Vitek VT-1694: ҚАЗАҚ

ҚАЗАҚ : Vitek VT-1694

ҚАЗАҚ

Орнату

Қысқа толқынды пешті қосудың алдында жұмыс кернеуі жəне тұтынылатын қуат электр

желісінің параметрлеріне сəйкес келетініне көз жеткізіңіз. Қысқа толқынды пешті сенімді

жерлендіруі бар розеткаға қосыңыз.

Пешті тегіс, тұрақты бетке орнатыңыз. Пешке балардың қолы жетпейтін жерді таңдаңыз.

Пешті оның артқы жəне бүйір қабырғаларынан кем дегенде 7-8 см орын қалатындай

орнатыңыз, пеш үстіндегі бос кеңістік кем дегенде 30 см болуы қажет.

Қысқа толқынды пештің түбіндегі тіреу аяқтарды шешпеңіз.

Қысқа толқынды пеш корпусындағы желдету тесіктерін жаппаңыз.

Теле жəне радио сигналдарды қабылдау кезінде шуылдардың пайда болуына жол бермеу

үшін қысқа толқынды пешті теледидарлардан жəне радиоқабылдағыштардан алыс

орналастыру қажет.

ЕСКЕРТУ: Қысқа толқынды пешті қыздыратын беттерге (асхана плитасына) жəне өзге жылу

шығаратын көздерге орнатуға тыйым салынады.

Пайдаланушы кінəсінен қысқа толқынды пеш істен шыққан жағдайда, пайдаланушы

ақысыз кепілді қызмет көрсету жəне жөндеу құқығынан айырылады.

Жұмыс барысында қысқа толқынды пештің беті қатты қызып кетуі мүмкін, сондықтан

күйіп қалмау үшін денеңіздің ашық жерлерін пештің ыстық беттерімен жанасуына жол

бермеңіз.

Пешті пайдалану

Дыбыстық сигнал

Басқару панеліндегі батырмаларды əр басқан сайын Сіз дыбыстық сигнал естисіз. Команданы

дұрыс орындамаған жағдайда екі дыбыстық сигнал шығады.

Ағымдағы уақытты орнату

Желілік ашаны розеткаға салыңыз, дыбыстық сигнал қосылады, дисплейде «1:01» пайда

болады. 12 немесе 24 сағаттық уақыт форматын таңдау үшін САҒАТ батырмасын бір немесе екі

рет басыңыз.

Мысал: ағымдағы уақытты орнату: 8 сағат 30 минут.

1. САҒАТ батырмасын бір рет басыңыз.

2. УАҚЫТ/МЕНЮ/СТАРТ тұтқасын сағат тілі бағытында бұраңыз жəне «сағат» уақытын – 8

орнатыңыз.

3. Растау үшін САҒАТ батырмасын басыңыз.

4. УАҚЫТ/МЕНЮ/СТАРТ тұтқасын сағат тілі бағытында бұраңыз жəне «минут» уақытын – 30

орнатыңыз, дисплейде уақыт бейнеленеді 8:30.

5. Растау үшін САҒАТ батырмасын басыңыз.

Дисплейде орнатылған уақыт бейнеленеді, пиктограмма (15) жанады жəне бөлу нүктелері

(12) жыпылықтай бастайды. Ескерту: егер уақытты орнату толығымен аяқталмаса, онда 20

секундтан кейін дыбыстық сигнал қосылады жəне дисплей көрсеткіштері бастапқы жағдайға

оралады.

Өнімдерді дайындау кезінде ағымдағы уақытты қарау үшін САҒАТ батырмасын басыңыз,

ағымдағы уақыт 5 секунд бойы бейнеленетін болады.

Қысқа толқынды пеште дайындау

Пешті қысқа толқынды дайындау режиміне қосудың алдында талап етілген қуат деңгейін орнату

үшін ҚУАТ батырмасын бірнеше рет басыңыз, ал содан кейін УАҚЫТ/МЕНЮ/СТАРТ тұтқасын

сағат тілі бағытында бұрап, қажетті дайындау уақытын орнатыңыз.

Максималды дайындау уақыты 95 минут.

37

1694.indd 371694.indd 37 07.03.2007 15:13:1207.03.2007 15:13:12

Оглавление