Vitek VT-1694: ҚАЗАҚ

ҚАЗАҚ: Vitek VT-1694

ҚАЗАҚ

Жұмыртқаны қабығымен пісіруге немесе пісірілген жұмыртқаны МИКРОТОЛҚЫНДЫ режимде

ысытуға болмайды, өйткені олар ондағы қысымның көтерілгенде жарылады.

САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ

1. Пешті тегіс, тұрақты бетке қойыңыз. Кішкентай балалардың қолы жетпейтін жерді таңдаған

дұрыс.

2. Пешті қабырғадан пештің артқы жəне бүйір жақтарына дейінгі қашықтық 7-8 см кем

болмайтындай, ал пеш үстіндегі кеңестік 30 см кем болмайтындай орнатыңыз.

3. Микротолқынды пештің есігі оны ашқан кезде қоректі сөндіру үшін қызмет ететін блоктау

жүйесімен жасақталған. Есіктің блоктау схемасының жұмысына өзгерістер енгізуге тыйым

салынады.

4. Ішіне тамақ салынбаған пешті қосуға болмайды, өйткені бұл оның бұзылуына алып келуі

мүмкін.

5. Ылғалдылығы өте төмен тамақтарды дайындау олардың күюіне не жануына алып келуі

мүмкін.

Егер тамақ күйсе:

• Есікті ашпаңыз.

Микротолқынды пешті өшіріңіз жəне розеткадан желілік ашаны ажыратыңыз.

6. Беконды дайындау кезінде оны тікелей шыны табаққа салмаңыз, себебі шыны табақтың

жергілікті ысып кетуі онда сызаттардың пайда болуына алып келуі мүмкін.

7. Микротолқынды пеште тамақты толық қызарғанға дейін дайындауға тырыспаңыз.

8. Сұйықтықты тамағы тар ыдыстарда ысытуға тыйым салынады.

9. Микротолқынды пешті үй жағдайында консервілеу үшін пайдаланбаңыз, өйткені банка

ішіндегісі қайнау температурасына жеткендігінде сенімсіздік жоқ.

10. Сұйық тамақтардың жəне сусындардың тоқтамай қаунауын болдырмас үшін, сонымен қатар

күйіп қалудан сақтану үшін өнімдерді дайындау процедурасының басында жəне ортасында

араластырып тұру ұсынылады. Ол үшін қыздыруды өшіріңіз, біраз күтіңіз, тамақ салынған

ыдысты шығарыңыз да араластырыңыз, сосын дайындау процесін жалғастыру үшін оны

қайтадан пешке салыңыз.

11. Микротолқынды пешті үнемі тазартып тұру қажет. Пешке уақытылы қарамау оның сыртқы

түрінің нашарлануына, оның жұмыс қабілеттілігінің кемуіне, сондай-ақ кейінгі пайдалануда

қауіп-қатердің жоғарлауына алып келуі мүмкін.

Əрқашан есте сақтау қажет ережелер

1. Микротолқынды пештегі тамақтардың дайындау уақытын асырмаңыз. Қағаздан, пластиктен

жəне басқа да жанғыш материалдан жасалған ыдыстарды қолдану кезінде дайындау

процесін бақылаңыз.

2. Микротолқынды пешті онда əр түрдегі заттарды сақтау мақсаттарында қолданбаңыз.

Микротолқынды пеште азық-түлік (нан, печенье жəне т.б.), жанғыш материалдарды,

сонымен қатар қағаз қаптамаларды жəне т.б. сақтамаңыз, себебі найзағай болған кезде

микротолқынды пеш өздігінен қосылуы мүмкін.

3. Қағаз жəне пластикалық пакеттердегі металл бұрауларды, қысқыштарды, сым саптарды

микротолқынды пешке салар алдында алып тастау қажет.

4. Микротолқынды пеш сенімді жерлендіруге ие болуы қажет. Микротолқынды пешті сенімді

жерлендіруге ие розеткаға ғана қосыңыз.

5. Тамақтардың біразы (жұмыртқа қабығымен), қатты немесе сұйық майлар, сонымен қатар

герметикалық жабылған банкалар, жабық шыны ыдыстар – жарылуға қауіпті, сондықтан

оларды микротолқынды пешке салуға тыйым салынады.

6. Осы микротолқынды пешті тек оған белгіленген мақсаттарда ғана жəне осында мазмұндалған

нұсқауларға қатаң сəйкестікте қолдану қажет.

7. Микротолқынды пеш тек тамақ дайындау жəне ысыту үшін арналған, ол лабораториялық

жəне өнеркəсіптік қолдану үшін арналмаған.

32

1694.indd 321694.indd 32 07.03.2007 15:13:1207.03.2007 15:13:12

Оглавление