AEG SANTO S52900CSW0: КҮТУ МЕНЕН ТАЗАЛАУ
КҮТУ МЕНЕН ТАЗАЛАУ: AEG SANTO S52900CSW0
12
Күту менен тазалау
КҮТУ МЕНЕН ТАЗАЛАУ
Сақтандыру туралы ескерту!
Жөндеу жұмысын жүргізбес бұрын құрылғыны электр желісінен ағытыңыз.
Бұл құрылғының салқындатқыш құралында сутегілі көміртек бар; сондықтан да,
жөндеу жұмыстары мен оны қайта толтыруды тек уәкілетті маман ғана жүзеге асыруға
тиіс.
Мезгілімен тазалап отыру
Құрылғыны мезгіл-мезгіл тазалап отыру қажет:
• іші мен керек-жарақтарын аздап нейтрал сабын салынған жылы сумен тазалаңыз.
• есік тығыздағышын мезгіл-мезгіл тазалап, кір тұрып қалмас үшін сүртіп алып
отырыңыз.
• шайып мұқият құрғатыңыз.
Құрылғы ішіндегі түтікшелер және/не сымдардың ешқайсысын тартпаңыз, жылжытып
не бүлдірмеңіз.
Құрылғының ішін тазалау үшін жуғыш заттарды, жеміргіш ұнтақтар мен аса хош
иістендірілген тазалағыш заттарды не балауыз жылтыратқыштарды пайдаланбаңыз,
себебі бұндай заттар құрылғының беткі қабатын бүлдіріп, онда ерекше иіс қалдырады.
Құрылғының артындағы конденсатор (қара гриль) мен компрессорды шөтке не
шаңсорғышпен тазалаңыз. Бұлай істеу құрылғы жұмысын жақсартып, электр шығынын
азайтады.
Салқындатқыш жүйеге еш нұқсан келтірмеуге тырысыңыз.
Ас үй құрылғыларының бетін тазалауға арналған көпшілік заттардың құрамында осы
құрылғы үшін пайдаланылған пластиктерге зиянды әсер ететін химикаттар бар.
Сондықтан да осы құрылғы корпусының сыртын, тек аздаған жуғыш зат салынған
жылы сумен тазалау ұсынылады.
Тазалап болған соң құрылғыны электр желісіне қайта қосыңыз.
Күту менен тазалау
13
Тоңазытқыш мұзын-қырауын еріту
Құрылғы қалыпты жұмыс істеп тұрса,
қырау тоңазытқыш камерадағы
буландырғыштан, мотор компрессоры
тоқтаған сайын автоматты түрде
шығарылады. Еріген су науа арқылы
құрылғының артқы жағында, мотор
компрессорының үстінде орналасқан
арнайы сауытқа жиналады да, сол жерде
буға айналады.
Жиналған су ағып, тоңазытқыштағы
тағамға тамшыламас үшін тоңазытқыш
бөліктегі науаның ортасындағы еріген су
ағатын саңылауды мезгіл-мезгіл тазалап
тұрған маңызды. Құрылғымен бірге
жеткізілетін арнайы тазалағыш құралды
пайдаланыңыз, оны су ағатын тесіктен
аласыз.
Мұздатқыш камераның мұзын еріту
Мұздатқыш сөрелері мен үстіңгі камераның айналасына белгілі бір мөлшерде қырау
әрқашан жиналады.
Мұздатқыш камераның қырауының қалыңдығы шамамен 3-5 мм болған кезде, оны
жібітіңіз.
Қырауды кетіру үшін төмендегі нұсқауларды орындаңыз:
• электр ашасын розеткадан суырыңыз немесе құрылғыны сөндіріңіз
• ішінде тағам тұрса, оны алып, бірнеше қабат газетке ораңыз да, салқын жерге
қойыңыз
• мұздатқыштың тартпаларын алыңыз
• тартпалардың айналасына жылу өткізбейтін материал қойыңыз, мысалы,
жамылғылар немесе газеттер.
Мұздатқыштың мұзын ішіне ыстық су (қайнап
тұрмаған) құйылған тостағандарды қойып
жылдамдатып ерітуге болады.
• Су ағызатын науаны босатыңыз, суретте
көрсетілгендей басыңыз және оған су
жиналуы үшін мұздатқыштың төменгі
тартпасына салыңыз
• ери бастаған кезде мұзды ақырын қырып
тастаңыз. Ағаш немесе пластмасса
қырғышты пайдаланыңыз
• барлық мұз еріген кезде, камераны тазалаңыз және құрғата сүртіңіз, содан кейін су
ағызатын науаны өз орнына қойыңыз.
• камераны қосыңыз және мұздатылған тағамдарды қайта салыңыз.
Оглавление
- МАЗМҰНЫ
- ҚАУІПСІЗДІК ТУРАЛЫ МАҒЛҰМАТТАР
- ЖҰМЫС ЖҮЙЕСІ
- БІРІНШІ ҚОЛДАНУ
- ПАЙДАЛЫ НҰСҚАУЛАР МЕНЕН КЕҢЕСТЕР
- КҮТУ МЕНЕН ТАЗАЛАУ
- НЕ ІСТЕРСІҢІЗ, ЕГЕР...
- ТЕХНИКАЛЫҚ СИППАТАМА
- ҚОРШАҒАН ОРТА МӘСЕЛЕЛЕРІ
- СОДЕРЖАНИЕ
- СВЕДЕНИЯ ПО ТЕХНИКЕ БЕЗОПАСНОСТИ
- ОПИСАНИЕ РАБОТЫ
- ПЕРВОЕ ИСПОЛЬЗОВАНИЕ
- ПОЛЕЗНЫЕ СОВЕТЫ
- УХОД И ОЧИСТКА
- ЧТО ДЕЛАТЬ, ЕСЛИ ...
- ТЕХНИЧЕСКИЕ ДАННЫЕ
- ЗАБОТА ОБ ОКРУЖАЮЩЕЙ СРЕДЕ
- ЗМІСТ
- ІНФОРМАЦІЯ З ТЕХНІКИ БЕЗПЕКИ
- ОПИС РОБОТИ
- ПЕРШЕ КОРИСТУВАННЯ
- КОРИСНІ ПОРАДИ
- ДОГЛЯД ТА ЧИСТКА
- ЩО РОБИТИ, КОЛИ ...
- ТЕХНІЧНІ ДАНІ
- ЕКОЛОГІЧНІ МІРКУВАННЯ