AEG SANTO S52900CSW0: ҚАУІПСІЗДІК ТУРАЛЫ МАҒЛҰМАТТАР

ҚАУІПСІЗДІК ТУРАЛЫ МАҒЛҰМАТТАР: AEG SANTO S52900CSW0

4

Қауіпсіздік туралы мағлұматтар

ҚАУІПСІЗДІК ТУРАЛЫ МАҒЛҰМАТТАР

Құрылғыны орнатып, ең алғаш пайдаланбас бұрын, өз қауіпсіздігіңіз бен құрылғыны

дұрыс қолдану мақсатында, пайдаланушыға арналған бұл нұсқаулықты, оның ішінде

кеңестері мен ескертулеріне назар салып оқып шығыңыз. Осы құрылғыны

пайдаланатын адамдардың барлығы, қажетсіз ақаулықтар мен тұрмыстық апаттардың

алдын алу үшін,оны пайдалану тәсілдерімен және қауіпсіздікті қамтамасыз ететін

функцияларымен жете таныс болуы керек. Осы қолдану туралы нұсқаулықты сақтап

қойыңыз және тоңазытқышты басқа адамдарға бергеніңізде немесе сатқаныңызда,

оны пайдаланатын әрбір адамның бұйымның қолданыс мерзімі аяқталғанға дейін оған

қатысты пайдалану және қауіпсіздік шараларынан хабардар болуы үшін нұсқаулықты

да қоса беруді ұмытпаңыз.

Адам өмірі мен құрылғының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін осы пайдаланушы

нұсқаулығындағы ескертулерді орындаңыз, себебі қадағалаудың жеткіліксіздігінен

туған ақаулық үшін өндіруші жауапкершілік көтермейді.

Балалар мен әлсіз адамдардың қауіпсіздігі

Бұл құрылғыны физиологиялық, сезімдік не болмаса ақыл-ой деңгейіне байланысты

не пеш жұмысына қатысты тәжрибиесі мен білімінің аздығына байланысты

пайдалана алмайтын адамдар (балаларды қоса алғанда), пешті пайдалану туралы

ерекше нұсқауларды алмайынша не олардың қауіпсіздігіне ие адамның

қадағалауынсыз пайдаланбауға тиіс.

Балалар құрылғымен ойнамас үшін оларды қадағалап отыру қажет.

Машинаның орауыштары мен қорабын балалардың қолы жетпейтін жерде

сақтаңыз. Тұншығып кету қаупі бар.

Егер құрылғыны тастасаңыз, оның ашасын розеткадан суырыңыз да, қорек сымын

қиып(құрылғыға барынша тақата)балалар ішіне кіріп қамалып не электр тогының

қатерлі әсеріне ұшырамас үшін есігін ағытып алып тастаңыз.

Егер есігі магнитті тығыздағышпен жабдықталған бұл құрылғыны, есігінде не

қақпағында серіппелі құлыбы бар ескі құрылғының орнына қоймақ болсаңыз, ескі

құрылғыны ең алдымен оның серіппелі құлыбын жарамсыз етіп барып тастаңыз.

Бұл құрылғыны бала ішіне қамалып қалатын қауіп көзіне айналудан сақтайды.

Жалпы қауіпсіздік туралы мағлұматтар

Назарыңызда болсын!

Желдету тесіктерін ашық ұстаңыз.

Осы нұсқаулықта айтылғандай, бұл құрылғы әдеттегі үй жағдайларында тамақты

және/немесе сусындарды сақтау үшін арналған.

Жібіту үдерісін жылдамдату мақсатында ешқандай механикалық немесе кез келген

басқа жасанды құралды пайдаланушы болмаңыз.

Өндіруші рұқсат бермеген болса, тоңазытқыш құрылғылардың ішіне басқа электр

құрылғыларды (балмұздақ жасайтын құрылғы сияқты) салып қолданушы болмаңыз.

Салқындатқыш зат ағатын жүйеге зақым келтірмеңіз.

Қауіпсіздік туралы мағлұматтар

5

Құрылғының салқындатқыш зат ағатын жүйесінде изобутан (R600a) және қоршаған

ортамен сыйысымдылығы жоғары, бірақ сонда да жанғыш зат болып табылатын,

табиғи газ болады.

Құрылғының тасымалдау және орнату кезінде салқындатқыш зат жүйесіне зақым

келтірілмейтініне көз жеткізіңіз.

Салқындатқыш зат жүйесі зақымдалса:

жалын от пен тұтату көздері болмауы тиіс

құрылғы орналасқан бөлмені жақсылап желдетіңіз

Осы өнімді немесе оның сипаттарын өзгерту қауіпті. Кабельге зақым келсе қысқа

тұйықталу, өрт шығу және/немесе тоқ соғу қаупі төнеді.

Назарыңызда болсын!

Кез келген электрлік бөлшектерін (қуат сымы, аша, компрессор), қатерлі жағдай орын

алмас үшін, куәлігі бар қызмет көрсетуші маманы немесе білікті техник маман

ауыстыруға тиіс.

1. Қуат кабелін ұзартуға болмайды.

2. Қуат кабелі құрылғының артқы жағында мыжылып немесе зақымдалып

қалмағанына көз жеткізіңіз. Мыжылған немесе зақымдалған қуат кабелі тым

қызып кетіп, өрт шығуына әкелуі мүмкін.

3. Құрылғының айыры қол жетерлік жерде орналасқанына көз жеткізіңіз.

4. Айырды қуат кабелін ұстап тартпаңыз.

5. Розетка босап кеткен болса, айырды оған қоспаңыз. Тоқ соғу немесе өрт шығу

қаупі бар.

6. Құрылғыны ішкі жарықтама шамының қақпағы (егер бар болса) жабылмаса іске

қосуға болмайды.

Бұл құрылғы ауыр. Оны жылжытқан кезде абай болу керек.

Қолыңыз сулы болса, мұздатқыш бөліктен заттарды алмаңыз және оларға тимеңіз,

себебі қолыңыздың терісі сыдырылып кетуі немесе қарылып қалуы мүмкін.

Құрылғыны ұзақ уақытқа тікелей күн сәулелерінің астына қоймаңыз.

Осы құрылғыда тек тұрмыстық құрылғыларда пайдалануға арналған арнайы

шамдар (егер бар болса) ғана қолданылған. Олар үйді жарықтандыру үшін

қолдануға жарамайды.

Күнделікті пайдалану

Ыстық ыдысты құрылғы ішіндегі пластик жерлерге қоймаңыз.

Құрылғы ішіне тұтанғыш газ бен сұйықты қоймаңыз, себебі олар жарылып кетуі

мүмкін.

Тағамдарды артқы қабырғадағы ауа шығатын саңылауға қарама-қарсы қоюға

болмайды. (Егер құрылғыға мұз қатпайтын болса)

Мұздатылған тағамды жібітіп алған соң оны қайта мұздатуға болмайды.

Алдын ала оралған тағамды мұздатылған тағам өндірушінің нұқсауларына сай

сақтаңыз.

6

Қауіпсіздік туралы мағлұматтар

Құрылғы өндірушінің тағам сақтауға қатысты ұсыныстарын қатаң орындау керек.

Тиісті нұсқауларға қараңыз.

Көмірқышқылдандырылған не көпіршитін сусындарды тоңазытқыш камераға

қоймаңыз, себебі ыдысқа түскен қысым оның жарып, нәтижесінде құрылғыға нұқсан

келуі мүмкін.

Мұздақтарды тоңазытқыштан алған бетте пайдаланғанда аяз қарып жіберуі мүмкін.

Күтім және тазалау

Құрылғыға қызмет көрсетуді бастамас бұрын құрылғыны өшіріп, ашаны электр

желісіндегі розеткадан суырып алыңыз.

Құрылғыны металл заттармен тазаламаңыз.

Құрылғы қырауын тазалау үшін өткір заттарды пайдаланбаңыз. Пластик қырғышты

пайдаланыңыз.

Еріген суды жинайтын табақшаны мезгіл-мезгіл тексеріп отырыңыз. Қажет болса,

табақшаны тазалап отырыңыз. Табақша толып қалған жағдайда су құрылғының

астыңғы жағына жиналады.

Орнату

Электр желісіне қосарда, арнайы бөлімдерде берілген нұсқауларды мұқият

орындаңыз.

Құрылғы орамын ашып, оның еш жерінің бүлінбегенін тексеріп алыңыз. Құрылғының

бір жері бүлініп қалса қоспаңыз. Қандай да бір бүлінушілік орын алғанда, құрылғыны

сатып алған жерге дереу хабарлаңыз. Бұндай жағдайда қорабын сақтап қойыңыз.

Құрылғыны қоспас бұрын оның майы компрессорға ағып құйылу үшін кем дегенде

екі сағат күтіңіз.

Құрылғы айналасында ауа жеткілікті түрде айналуға тиіс, ауа айналымы жеткіліксіз

болса құрылғы қызып кетеді. Желдету жеткілікті болу үшін орнатуға қатысты

нұсқауларды орындаңыз.

Мүмкін болса, құрылғының жылы тұратын бөлшектерін (компрессор, конденсатор)

ұстап қалып не оларға қол тигізіп алып күйіп қалмас үшін тоңазытқыштың арт жағын

әрқашан қабырғаға қаратып қойыңыз.

Құрылғыны радиатор не пештердің қасына жақын орналастыруға болмайды.

Құрылғыны орнатқан соң оның ашасының қол оңай жететін жерде болуын

қамтамасыз етіңіз.

Тек ауыз суы жүйесіне ғана қосыңыз (егер суға қосу қажет болса).

Қызмет

Құрылғыны жөндеу үшін қажет электр жұмыстарын электр маманы не білікті адам

жүзеге асыруға тиіс.

Бұл өнімге қызмет көрсетуді тек уәкілетті қызмет көрсету орындары жүзеге асыру

керек және құрылғының нағыз өз бөлшектері ғана пайдаланылуға тиіс.