AEG 47745IQ-MN: ТҰМШАПЕШ - КҮТІП ҰСТАУ ЖƏНЕ ТАЗАЛАУ
ТҰМШАПЕШ - КҮТІП ҰСТАУ ЖƏНЕ ТАЗАЛАУ: AEG 47745IQ-MN
28
Тұмшапеш - Күтіп ұстау жəне тазалау
ТҰМШАПЕШ - КҮТІП ҰСТАУ ЖƏНЕ ТАЗАЛАУ
Назарыңызда болсын!
"Қауіпсіздік туралы мағлұматтар" тарауын қараңыз.
• Құрылғының алдыңғы жағын жуғыш сұйық қосылған жылы суға батырылған жұмсақ
шүберекпен тазалаңыз.
• Құрылғының металл беттерін əдетте қолданылатын жуғыш заттармен тазалаңыз
• Тұмшапештің ішін əр пайдаланып болған сайын тазалап отырыңыз. Осылайша
ластықты оңай тазалайсыз, əрі күйіп кетуіне жол бермейсіз.
• Оңай тазаланбайтын қалдықтарды арнайы пеш тазалағыштармен
тазалаңыз.
• Тұмшапештің керек-жарақтарының (жуғыш зат қосылған жылы суға батырылған
шүберекпен) бəрін əр пайдаланып болған сайын тазалаңыз да, құрғатыңыз.
• Тұмшапештің керек-жарағына ластық тұрмайтын болса, жеміргіш затпен, өткір
қырлы құралмен тазаламаңыз немесе ыдыс жуғыш машинада жумаңыз. Бұл оның
ластық тұрмайтын қаптамасын бүлдіреді!
Сөренің сырғытпа жолдары
Қабырғаларды тазалау үшін сырғытпа жолдарды алып қоюға болады.
Сырғытпа жолдарды алу
1. Сырғытпа жолдардың алдыңғы жағын
қабырғадан тартып шығарыңыз.
2. Сөренің сырғытпа жолдарын алу үшін
сырғытпа жолдарды бүйір қабырғаның
артқы жағынан тартыңыз.
2
1
Сырғытпа жолдарды салу
Сырғытпа жолдарды кері реттілікпен салыңыз.
Сырғытпа жолдардың доғал ұштары алдыңғы жаққа қарап тұруға тиіс!
Тұмшапеш - Күтіп ұстау жəне тазалау
29
Тұмшапештің төбесі
Тұмшапештің төбесін оңай тазалау үшін оның төбесіндегі гриль элементін төмен
қайырып қоюға болады.
Назарыңызда болсын!
Гриль элементін төмен қайырмай тұрып құрылғыны сөндіріңіз. Құрылғының салқын
тұрғанына көз жеткізіңіз.
Күйіп қалу қаупі бар!
Қыздырғыш элементті төмен қайыру
1. Гриль элементіндегі бекіткіш
тығырықты ағытып алыңыз. Алғаш рет
ағыту үшін бұранда бұрағышты
қолданыңыз.
2. Тұмшапештің төбесіне қол жеткізу
үшін гриль элементін еппен төмен
тартыңыз.
3. Тұмшапештің төбесін сай келетін
тазалағыш затпен тазалап, құрғатып
сүртіңіз
.
4.
Тұмшапештің төбесі тазалауға дайын.
Қыздырғыш элементті орнату
1. Гриль элементін еппен жоғары итеріп
орнына қойып, бекіткіш тығырықты
орнына қатайтып бұраңыз.
Қыздырғыш элементті тұмшапештің ішкі
қабырғасындағы тіреуіштің үстіңгі екі
жағына дұрыс орнатыңыз.
Назарыңызда болсын!
Гриль элементінің бекіткіш тығырығының грильді қолданған кезде түсіп қалмас үшін
берік бұралғанына көз жеткізіңіз.
Пештің есігін тазалау
Пештің есігінде бірінен кейін бірі орналасқан екі қабатты шыны бар. Оңайырақ тазалау
үшін пештің есігі мен ішкі шыны қабатты шығарып алыңыз.
30
Тұмшапеш - Күтіп ұстау жəне тазалау
Назарыңызда болсын!
Есік əлі орнатылып тұрғанда ішкі қабатты шығарып алуға əрекет жасаған болсаңыз,
пештің есігі жабылып қалуы мүмкін.
Назарыңызда болсын!
Шыны есікті тазаламас бұрын, шыны қабаттардың салқын болуын тексеріңіз.
Шынының сынып кету қаупі бар.
Назарыңызда болсын!
Есіктің шыны қабаттары зақымданған немесе жарылған кезде, олар əлсіз болып,
сынып кетуі мүмкін. Мұны болдырмау үшін оларды ауыстыру қажет. Қосымша
нұсқауларды алу үшін жергілікті қызмет көрсету орталығымен байланысыңыз.
Пештің есігі мен шыны қабатты шығарып алу
1. Есікті толық ашып, есіктің екі
топсасын ұстап тұрыңыз.
2. Екі топсадағы тетіктерді көтеріп,
бұраңыз.
3. Пештің есігін бірінші ашу күйіне
(жартылай) қарай жабыңыз. Алға
қарай тартып, оны ұясынан шығарып
алыңыз.
Тұмшапеш - Күтіп ұстау жəне тазалау
31
4. Есікті жұмсақ матамен қорғалған
ыңғайлы жерге қойыңыз.
Есіктің төменгі жағындағы 2
бұранданы шығарып алу үшін
бұрағышты пайдаланыңыз.
Бұрандаларды жоғалтып алмаңыз
1
1
5. Ішкі есікті ашу үшін ағаштан,
пластиктен немесе осыларға балама
3
заттан жасалған қалақшаны
2
пайдаланыңыз
2
Сыртқы есікті ұстап тұрып, ішкі есікті
есіктің жоғарғы шетіне қарай итеріңіз
6. Ішкі есікті көтеріңіз
7. Есіктің ішкі жағын тазалаңыз
Шыны қабатты сумен жəне сабынмен
тазалаңыз. Жақсылап сүртіңіз.
Назарыңызда болсын!
Шыны қабатты тек сумен жəне сабынмен
тазалаңыз. Қырғыш тазалау құралдары, дақ кетіргіштер жəне қырлы заттар (мыс.,
пышақтар немесе қырғыштар) шыныға зақым келтіруі мүмкін.
Пештің есігі мен шыны қабатын салу
Тазалау рəсімі аяқталғаннан кейін есікті
4
орнына салыңыз. Мұны орындау үшін
4
əрекеттерді кері ретпен орындаңыз.
6
5
5
Суырманы алу
Тұмшапештің астындағы суырманы оңай тазалау үшін алуға болады.
Оглавление
- МАЗМҰНЫ
- ҚАУІПСІЗДІК ТУРАЛЫ МАҒЛҰМАТТАР
- БҰЙЫМ СИПАТТАМАСЫ
- БІРІНШІ ҚОЛДАНҒАНҒА ДЕЙІН
- ПЕШТІҢ ҮСТІ - КҮНДЕЛІКТІ ПАЙДАЛАНУ
- ПЕШТІҢ ҮСТІ - ПАЙДАЛЫ АҚЫЛ-КЕҢЕС
- ПЕШТІҢ ҮСТІ - КҮТІП ҰСТАУ ЖƏНЕ ТАЗАЛАУ
- ТҰМШАПЕШ- КҮНДЕЛІКТІ ПАЙДАЛАНУ
- ТҰМШАПЕШ - САҒАТ ФУНКЦИЯЛАРЫ
- КЕРЕК-ЖАРАҚТАРДЫ ҚОЛДАНУ
- ТҰМШАПЕШ - ПАЙДАЛЫ АҚЫЛ-КЕҢЕС
- ТҰМШАПЕШ - КҮТІП ҰСТАУ ЖƏНЕ ТАЗАЛАУ
- НЕ ІСТЕРСІҢІЗ, ЕГЕР...
- ОРНАТУ
- ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ЗИЯН КЕЛДІРМЕУ ТУРАЛЫ МАҒЛҰМАТТАР
- СОДЕРЖАНИЕ
- СВЕДЕНИЯ ПО ТЕХНИКЕ БЕЗОПАСНОСТИ
- ОПИСАНИЕ ИЗДЕЛИЯ
- ПЕРЕД ПЕРВЫМ ИСПОЛЬЗОВАНИЕМ
- ВАРОЧНАЯ ПАНЕЛЬ - ЕЖЕДНЕВНОЕ ИСПОЛЬЗОВАНИЕ
- ВАРОЧНАЯ ПАНЕЛЬ - ПОЛЕЗНЫЕ СОВЕТЫ
- ВАРОЧНАЯ ПАНЕЛЬ - УХОД И ЧИСТКА
- ДУХОВОЙ ШКАФ - ФУНКЦИИ ЧАСОВ
- ИСПОЛЬЗОВАНИЕ ДОПОЛНИТЕЛЬНЫХ ПРИНАДЛЕЖНОСТЕЙ
- ДУХОВОЙ ШКАФ - ПОЛЕЗНЫЕ СОВЕТЫ
- ДУХОВОЙ ШКАФ - УХОД И ЧИСТКА
- ЧТО ДЕЛАТЬ, ЕСЛИ ...
- УСТАНОВКА
- ОХРАНА ОКРУЖАЮЩЕЙ СРЕДЫ