AEG 47745IQ-MN: ҚАУІПСІЗДІК ТУРАЛЫ МАҒЛҰМАТТАР

ҚАУІПСІЗДІК ТУРАЛЫ МАҒЛҰМАТТАР: AEG 47745IQ-MN

4

Қауіпсіздік туралы мағлұматтар

ҚАУІПСІЗДІК ТУРАЛЫ МАҒЛҰМАТТАР

Құрылғыны орнатып, пайдаланудан бұрын осы нұсқаулықты мұқият оқып шығыңыз:

Өз қауіпсіздігіңіз бен мүлкіңіздің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін

Қоршаған ортаға зиян келтірмеу үшін

Құрылғының дұрыс жұмыс істеуі үшін.

Осы нұсқаулықты əрқашан, тіпті құрылғыны сатсаңыз да, көшірсеңіз де, онымен бірге

қалдырыңыз.

Құрылғыны дұрыс орнатпау мен дұрыс пайдаланбау нəтижесінде орын алған

ақаулықтар үшін өндіруші

жауапты емес.

Балалар мен дəрменсіз адамдардың қауіпсіздігі

Бұл құрылғыны 8 жастан асқан балалар мен денесіне, сезім жүйесіне не ақыл-есіне

зақым келген адамдар не тəжірибесі аз адамдар өз қауіпсіздігін қамтамасыз ететін

адамның қадағалауы бойынша немесе құрылғыны қауіпсіз қолдану бойынша берген

нұсқауына сүйеніп, дұрыс қолданбау салдарын түсінген жағдайда қолдануына

болады. Балалар құрылғымен ойнамауға тиіс.

Орам материалдарының барлығын балалардан алыс ұстаңыз. Тұншығып

қалу

немесе жарақат алу қаупі бар.

Балалар мен үй жануарларын есігі ашық тұрған немесе жұмыс істеп тұрған

құрылғыға жақындатпаңыз. Жарақат алу немесе кемтар болып қалу қаупі бар.

Құрылғының бала қауіпсіздігі құралы не түймешікті құрсаулау тетігі болса, соны

қолданыңыз. Бұл құрал балалар мен үй жануарларының құрылғыны байқаусызда

іске қосуына жол бермейді.

Қауіпсіздік туралы жалпы ақпарат

Бұл құрылғының техникалық сипаттамаларын өзгертпеңіз. Жарақат алу немесе

құрылғыны бүлдіріп алу қаупі бар.

Жұмыс істеп тұрған құрылғыны назардан тыс қалдырмаңыз.

Пайдаланып болғаннан кейін əрдайым құрылғыны өшіріңіз.

Орнату

Осы құрылғыны лайықтау жағдайлары затбелгіде (немесе деректер тақташасында)

жазылған.

Құрылғыны тек білікті техник орнатып, электр желісіне қосуға тиіс. Уəкілетті қызмет

көрсету орталығына хабарласыңыз. Бұл құрылғының бөлшектерінің бүлінуіне

немесе адамның жарақаттануына жол бермейді.

Құрылғының тасымалдау кезінде бүлінбегеніне көз жеткізіңіз. Бүлінген құрылғыны

іске қоспаңыз. Қажет болса, сатушыға хабарласыңыз.

Құрылғыны бірінші рет пайдаланардан

бұрын барлық орамдарын, жапсырмалары

мен төсемдерін алыңыз. Техникалық ақпарат тақтайшасын алмаңыз. Бұл кепілдікті

заңды күшінен айырады.

Қауіпсіздік туралы мағлұматтар

5

Құрылғы қолданылатын елдегі заңдарды, жарлықтарды, нұсқаулар мен талаптарды

(қауіпсіздік ережелері, қайта пайдалану ережелері, электр немесе газ қауіпсіздігі

ережелері т.с.с.) толық орындаңыз.

Құрылғыны жылжытқан кезде абай болыңыз. Бұл құрылғының салмағы ауыр.

Əрқашан қорғаныс қолғабын киіңіз. Құрылғыны тұтқасынан тартпаңыз.

Құрылғыны орнату барысында оның қуат көзінен ажыратылғанына көз жеткізіңіз

(егер қажет

болса).

Осы құрылғы мен басқа құрылғылардың, заттардың арасындағы минимум

арақашықтықты сақтаңыз.

Құрылғыны тағанға қоймаңыз.

Электртоғына қосу

Құрылғыны тек білікті электрші орнатып, электр желісіне қосуға тиіс. Уəкілетті

қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз. Бұл құрылғының бөлшектерінің

бүлінуіне немесе адамның жарақаттануына жол бермейді.

Құрылғыны міндетті түрде жерге қосу қажет.

Техникалық ақпарат тақтайшасындағы электр параметрлерінің электр желісіндегі

параметрлерге сай келетініне көз жеткізіңіз.

Кернеу туралы ақпарат техникалық ақпарат тақтайшасында көрсетілген.

Сізде дұрыс

оқшаулағыш құралдар болуға тиіс: желіні қорғайтын ажыратқыштар,

сақтандырғыштар (ұстатқыштан алынған бұрандалы сақтандырғыштар), жерге

тұйықталудан қорғау тетіктері мен тұйықтағыштар.

Электрлік қондырғыда оқшаулағыш құрылғы болуға тиіс, ол құрылғыны барлық

магниттік полюстерде желіден ажыратуға мүмкіндік береді. Оқшаулағыш

құрылғының ені кем дегенде 3 мм түйіспе саңылауы болуға тиіс.

Тоқ соғуынан қорғайтын бөліктер құралсыз ажыратуға болмайтында етіп

орнатылуға тиіс.

Əрқашан дұрыс орнатылған, электр қатерінен сақтандырылған розетканы

қолданыңыз.

Электр құрылғыларын розеткаларға қосқан кезде, қорек сымдарын құрылғының

ыстық есігіне тигізбеңіз немесе жақындатпаңыз.

Көп істікшелі ашаларды, жалғастырғыштар мен ұзартқыш сымдарды қолданбаңыз.

Өрт шығу қаупі бар.

Құрылғының арт жағындағы электр ашасы (егер қолданылса) мен қорек сымының

жаншылып немесе бүлініп қалмағанына көз

жеткізіңіз.

Орнатып болғаннан кейін электр розеткасының қол жететін жерде тұрғанына көз

жеткізіңіз.

Құрылғыны ажырату үшін қуат сымынан тартпаңыз. Əрқашан ашасынан (егер

болса) тартып ажыратыңыз.

Қорек сымын ауыстырмаңыз немесе өзгертпеңіз. Қызмет көрсету орталығына

хабарласыңыз.

6

Қауіпсіздік туралы мағлұматтар

Пайдалану

Құрылғыны тек үйде тамақ пісіру үшін ғана пайдаланыңыз. Құрылғыны

коммерциялық немесе өндірістік мақсатта қолданбаңыз. Бұл адам жарақаттанып

немесе мүлікке зиян келмес үшін қажет.

Жұмыс барысында құрылғыны үнемі қадағалап отырыңыз.

Жұмыс істеп тұрған құрылғының есігін, əрқашан құрылғыдан алыс тұрып ашыңыз.

Ыстық бу шығуы мүмкін. Күйіп қалу қаупі бар.

Бұл құрылғыны суға

тиіп тұрса пайдаланбаңыз. Құрылғыны су қолмен іске

пайдаланбаңыз.

Құрылғыны жұмыс орны немесе зат сақтайтын орын ретінде қолданбаңыз.

Құрылғы жұмыс істеп тұрғанда, пісіру алаңы ысып кетеді. Күйіп қалу қаупі бар. Пісіру

алаңына темір заттарды, мысалы ас құралдары мен кəстрөл қақпақтарын қоймаңыз,

себебі олар қызып кетеді.

Құрылғыны пайдаланған кезде оның іші ысып

кетеді. Күйіп қалу қаупі бар. Керек-

жарақтары мен кəстрөлдерді алып-салған кезде қолғап киіңіз.

Құрылғы мен оның қол жететін жердегі бөлшектері қолдану барысында ысып

тұрады. Қыздырғыш элементтерге қолыңыз тиіп кетпес үшін абай болыңыз. Жас

балаларды үнемі қадағалап отырмасаңыз құрылғыдан алыс ұстау керек.

Есікті абайлап ашыңыз. Алкоголь қосылған қоспаларды қолданғанда, ауа

мен

алкоголь қоспасы пайда болуы мүмкін. Өрт шығу қаупі бар.

Есікті ашқан кезде жарқыл немесе ашық отты құрылғыға жақындатпаңыз.

Тұтанғыш заттарды немесе ішіне тұтанғыш зат салынған дымқыл заттарды жəне/

немесе балқығыш заттарды (пластмасса немесе алюминийден жасалған) заттарды

құрылғының қасына немесе үстіне, ішіне қоймаңыз. Жарылыс немесе өрт шығу қаупі

бар.

Пісіру алаңын

қолданып болғаннан кейін əрқашан "off" (сөндіру) қалпына қойыңыз.

Пісіру алаңдарын бос ыдыс қойып немесе мүлде ыдыссыз пайдаланбаңыз.

Ыдыстың ішіндегісі сарқылғанша қайнатпаңыз. Бұл ыдысқа жəне пештің үстіне

нұқсан келтіруі мүмкін.

Пештің үстіне зат немесе ыдыс-аяқ құласа, оны бүлдіруі мүмкін.

Ыстық ыдысты басқару панеліне жақын қоймаңыз, себебі қызудың əсерінен құрылғы

бүлінуі

мүмкін.

Құрылғының эмаль қаптамасын бүлдіріп алмас үшін, керек-жарақтарды алып-

салғанда абай болыңыз.

Шойыннан, құйма алюминийден жасалған не түбіне бүлінген ыдысты əрі-бері

сырғытсаңыз, пештің үстіне сызат түсуі мүмкін.

Құрылғының эмаль қаптамасының түсінің өзгеруі құрылғы жұмысына əсер етпейді.

Құрылғының эмаль қаптамасы бүлініп немесе өңі кетпес үшін:

құрылғының табанына ешбір

затты тура қоймаңыз жəне оны алюминий

фольгамен жаппаңыз;

құрылғының ішіне ыстық суды тура қоймаңыз;

тамақ пісіріп болғаннан кейін дымқыл ыдыс пен тағамды құрылғының ішінде

ұстамаңыз.

Қауіпсіздік туралы мағлұматтар

7

Ашық тұрған құрылғы есігіне күш салмаңыз.

Тұмшапештің астыңғы бөлігіне тұтанғыш заттарды қоймаңыз. Онда тек қызуға

төзімді заттарды (егер болса) ғана қойыңыз.

Тұмшапештің бу шығатын саңылауларын жаппаңыз. Олар тұмшапештің артқы

жағының үстін ала орналасқан (егер бар болса).

Еріп кетуі мүмкін нəрсені пештің үстіне қоймаңыз.

Егер сізде қондырылған кардиостимулятор болса, индукциялық

пісіру алаңдары

жұмыс істеп тұрғанда, кеудеңізді олардан кем дегенде 30 см алыс ұстауыңыз керек.

Тоқ сөніп қалған кездері құрылғыны қолданбаңыз.

Күту менен тазалау

Жуып-тазалардың алдында құрылғының суық екеніне көз жеткізіңіз. Күйіп қалу қаупі

бар. Шыны панелі сынып қалуы мүмкін.

Құрылғыны əрқашан таза ұстаңыз. Жиналып қалған май не тағам қалдықтары өрт

қатерін тудыруы мүмкін.

Құрылғыны үнемі тазалап отырса, оның беткі қабаты бүлінбейді.

Өз қауіпсіздігіңізді қамтамасыз ету жəне мүлікке зиян келтірмеу үшін құрылғыны тек

сабынды сумен жуыңыз. Тұтанғыш заттарды немесе тот басуына себеп болатын

заттарды қолданбаңыз.

Құрылғыны бумен тазалайтын, жоғары қысыммен тазалайтын құралдармен, өткір,

түрпілі тазартқыш заттармен, түрпілі жөкелермен жəне дақ кетіргіштермен

тазаламаңыз

Пеш бүріккішін қолдансаңыз, оны өндірушінің нұсқауларын орындаңыз. Қыздырғыш

элементтері мен термостат сенсорына (қолданылатын болса) ешбір затты

бүрікпеңіз.

Шыны есікті жеміргіш заттармен немесе металл

қырғышпен тазаламаңыз. Ішкі

шыны панельдің қызуға төзімді беті сынуы немесе шытынауы мүмкін.

Есіктің шыны панельдеріне нұқсан келсе, босап, сынып қалуы мүмкін. Оларды

міндетті түрде ауыстыру керек. Қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.

Құрылғының есігін алған кезде абай болыңыз. Есіктің салмағы ауыр.

Осы құрылғыда тек тұрмыстық құрылғыларда пайдалануға арналған арнайы

шамдар ғана қолданылған.

Оларды бөлмені жартылай немесе толықтай

жарықтандыру үшін қолдануға болмайды.

Егер шамды ауыстыру қажет болса, қуаты дəл осындай, тұрмыстық құрылғыларға

арналған шамды ғана қолданыңыз.

Тұмшапештің шамын ауыстырар алдында құрылғыны электр желісінен ағытыңыз.

Электр тоғына түсу қаупі бар. Құрылғы суығанша күтіңіз. Күйіп қалу қаупі бар.

Қызмет көрсету орталығы

Тек уəкілетті техниктің ғана құрылғыны жөндеуіне немесе оған қатысты жұмысты

орындауына болады. Уəкілетті қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.

Тек фирмалық қосалқы бөлшектерді ғана қолданыңыз.