AEG IKK64545IB: 1.1 Балалар мен дәрменсіз адамдардың қауіпсіздігі

1.1 Балалар мен дәрменсіз адамдардың қауіпсіздігі: AEG IKK64545IB

ҚАЗАҚ 3

жауапты емес. Нұсқаулықтарды кейін қарап жүру

үшін әрқашан қауіпсіз және қол жетімді жерде

сақтаңыз.

1.1 Балалар мен дәрменсіз адамдардың

қауіпсіздігі

• Бұл құрылғыны 8 жастан асқан балалар мен

денесіне, сезім жүйесіне не ақыл-есіне зақым

келген не тәжірибесі аз адамдар өз қауіпсіздіктерін

қамтамасыз ететін адамның қадағалауы не

құрылғыны қауіпсіз қолдану бойынша берген

нұсқауына сүйеніп, дұрыс қолданбау салдарын

түсінсе, онда қолдануына болады.

• Балаларға құрылғымен ойнауға рұқсат бермеңіз.

• Барлық орам материалдарын балалардан алыс

ұстап, қоқысқа тиісті түрде тастау керек.

• Құрылғы жұмыс істеп тұрғанда немесе ол суып

тұрғанда, балалар мен үй жануарларын оған

жақындатпаңыз. Қол жететін бөлшектері ыстық.

• Құрылғы бала қауіпсіздігінің құралымен

жабдықталса, оны қосу керек.

• Балалар құрылғыны жөндеу және тазалау

жұмыстарын бақылаусыз орындамауы керек.

• 3 жастағы және бұл жасқа толмаған балаларды

жұмыс істеп тұрған құрылғыдан әрқашан алыс

ұстау керек.

1.2 Қауіпсіздік туралы жалпы ақпарат

• ЕСКЕРТУ: Құрылғы мен оның қол жететін жердегі

бөлшектері қолдану барысында ысып тұрады.

Қыздырғыш элементтерге тиіп кетпеу үшін абайлау

керек. 8 жасқа толмаған балаларды үнемі бақылап

отырмаған жағдайда құрылғыдан алыс ұстау керек.

• Құрылғыны сыртқы таймермен немесе бөлек

қашықтан басқару жүйесімен басқармаңыз.

• ЕСКЕРТУ: Май немесе өсімдік майы қосылған

тағамды пештің үстіне қараусыз қалдыру қауіпті

және өрт шығуы мүмкін.