AEG HK563402XB: 1. ҚАУІПСІЗДІК АҚПАРАТЫ
1. ҚАУІПСІЗДІК АҚПАРАТЫ: AEG HK563402XB
ҚАЗАҚ 3
1. ҚАУІПСІЗДІК АҚПАРАТЫ
Құрылғыны орнатып іске қолданар алдында бірге
жеткізілген нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз.
Дұрыс орнатпау немесе пайдаланбау нәтижесінде
орын алған жарақат немесе зақымдарға өндіруші
жауапты емес. Нұсқаулықтарды кейін қарап жүру
үшін әрқашан қауіпсіз және қол жетімді жерде
сақтаңыз.
1.1 Балалар мен дәрменсіз адамдардың
қауіпсіздігі
• Бұл құрылғыны 8 жастан асқан балалар мен
денесіне, сезім жүйесіне не ақыл-есіне зақым
келген не тәжірибесі аз адамдар өз қауіпсіздіктерін
қамтамасыз ететін адамның қадағалауы не
құрылғыны қауіпсіз қолдану бойынша берген
нұсқауына сүйеніп, дұрыс қолданбау салдарын
түсінсе, онда қолдануына болады.
• Балаларға құрылғымен ойнауға рұқсат бермеңіз.
• Барлық орам материалдарын балалардан алыс
ұстап, қоқысқа тиісті түрде тастау керек.
• Құрылғы жұмыс істеп тұрғанда немесе ол суып
тұрғанда, балалар мен үй жануарларын оған
жақындатпаңыз. Қол жететін бөлшектері ыстық.
• Құрылғы бала қауіпсіздігінің құралымен
жабдықталса, оны қосу керек.
• Балалар құрылғыны жөндеу және тазалау
жұмыстарын бақылаусыз орындамауы керек.
• 3 жастағы және бұл жасқа толмаған балаларды
жұмыс істеп тұрған құрылғыдан әрқашан алыс
ұстау керек.
1.2 Қауіпсіздік туралы жалпы ақпарат
• ЕСКЕРТУ: Құрылғы мен оның қол жететін жердегі
бөлшектері қолдану барысында ысып тұрады.
Қыздырғыш элементтерге тиіп кетпеу үшін абайлау
www.aeg.com4
керек. 8 жасқа толмаған балаларды үнемі бақылап
отырмаған жағдайда құрылғыдан алыс ұстау керек.
• Құрылғыны сыртқы таймермен немесе бөлек
қашықтан басқару жүйесімен басқармаңыз.
• ЕСКЕРТУ: Май немесе өсімдік майы қосылған
тағамды пештің үстіне қараусыз қалдыру қауіпті
және өрт шығуы мүмкін.
• Өртті ЕШҚАШАН сумен сөндіруге әрекет
жасамаңыз, оның орнына құрылғыны сөндіріп,
жалынды қақпақ немесе өртке төзімді көрпе, т.б.
тәрізді затпен жабыңыз.
• АБАЙ БОЛЫҢЫЗ: Пісіру барысын қадағалап отыру
керек. Пісіру барысы қысқа болса, үздіксіз
қадағалап отыру керек.
• ЕСКЕРТУ: Өрт қаупі бар: Пісіру алаңына зат
сақтамаңыз.
• Пышақ, шанышқы, қасық және қақпақ тәрізді темір
заттарды пештің үстіне қоймаңыз, себебі ысып
кетеді.
• Құрылғыны бумен тазалау құралын пайдаланып
тазаламаңыз.
• Егер шыны керамика бет / шыны сынса, электр
қатері пайда болмас үшін құрылғыны сөндіріңіз.
• Егер қуат cымына зақым келген болса, қатерден
сақтану үшін оны өндіруші немесе уәкілетті техник
немесе сол сияқты білікті маман ауыстыруға тиіс.
• ЕСКЕРТУ: Пісіру құрылғысының өндірушісі жасаған
пеш қорғағыштарды ғана немесе құрылғы
өндірушісі пайдаланушы нұсқаулығында арнайы
көрсеткен немесе құрылғының өзіне орнатылған
қорғағыштарды ғана қолданыңыз. Сай келмейтін
қорғағыштарды пайдалансаңыз, оқыс жағдай орын
алуы мүмкін.
Оглавление
- HK563402XB
- МАЗМҰНЫ
- 1. ҚАУІПСІЗДІК АҚПАРАТЫ
- 2. ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ
- 3. БҰЙЫМ СИПАТТАМАСЫ
- 4. ӘРКҮНДІК ҚОЛДАНУ
- 5. АҚЫЛ-КЕҢЕС
- 6. КҮТУ МЕНЕН ТАЗАЛАУ
- 7. АҚАУЛЫҚТЫ ТҮЗЕТУ
- 8. ОРНАТУ
- 9. ТЕХНИКАЛЫҚ ДЕРЕК
- 11. ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ҚАТЫСТЫ ЖАҒДАЙЛАР
- СОДЕРЖАНИЕ
- 1. СВЕДЕНИЯ ПО ТЕХНИКЕ БЕЗОПАСНОСТИ
- 1.2 Общие правила техники безопасности
- 2. УКАЗАНИЯ ПО БЕЗОПАСНОСТИ
- 3. ОПИСАНИЕ ИЗДЕЛИЯ
- 4. ЕЖЕДНЕВНОЕ ИСПОЛЬЗОВАНИЕ
- 5. ПОЛЕЗНЫЕ СОВЕТЫ
- 6. УХОД И ОЧИСТКА
- 7. ПОИСК И УСТРАНЕНИЕ НЕИСПРАВНОСТЕЙ
- 8. УСТАНОВКА
- 9. ТЕХНИЧЕСКИЕ ДАННЫЕ
- 11. ОХРАНА ОКРУЖАЮЩЕЙ СРЕДЫ
- ЗМІСТ
- 1. ІНФОРМАЦІЯ З ТЕХНІКИ БЕЗПЕКИ
- 2. ІНСТРУКЦІЇ З ТЕХНІКИ БЕЗПЕКИ
- 3. ОПИС ВИРОБУ
- 4. ЩОДЕННЕ КОРИСТУВАННЯ
- 5. ПОРАДИ І РЕКОМЕНДАЦІЇ
- 6. ДОГЛЯД ТА ЧИСТКА
- 7. УСУНЕННЯ ПРОБЛЕМ
- 8. УСТАНОВКА
- 9. ТЕХНІЧНІ ДАНІ
- 11. ОХОРОНА ДОВКІЛЛЯ