AEG HG654320NM: ЖҰМЫС ЖҮЙЕСІ

ЖҰМЫС ЖҮЙЕСІ: AEG HG654320NM

12

Жұмыс жүйесі

ЖҰМЫС ЖҮЙЕСІ

Оттықты тұтату

Назарыңызда болсын!

Ас үйде ашық отты пайдаланған кезде өте абай болыңыз. Жалынды дұрыс

пайдаланбау жағдайлары үшін өндіруші жауапкершілік көтермейді

Оттықты əрқашан ыдысты қоймай тұрып жағыңыз.

Оттықты жағу үшін:

1. Басқару түймешесін сағат тілінің бағытына қарсы түбіне дейін (

) бұраңыз да,

төмен басыңыз.

2. Басқару түймешесін шамамен 5 секунд ұстап тұрыңыз; сонда жылыту элементі

қызады. Егер олай етпесеңіз, газ беріліміне кедергі келтіріледі.

3. Жалынды бірқалыпты жанғаннан кейін реттеңіз.

Егер бірнеше əрекеттен кейін оттық жанбаса, шілтер мен қақпақтың дұрыс тұрғанын

тексеріңіз.

1

2

3

4

1 Оттықтың қақпағы

2 Оттықтың шілтері

3 Тұтатқыш жанарғы

4 Жылыту элементі

Назарыңызда болсын!

Басқару түймешесін 15 секундтан артық басып тұрмаңыз.

Егер оттық 15 секундтан кейін жанбаса, басқару түймешесін босатыңыз, оны өшірулі

қалыпқа бұраңыз да, кем дегенде 1 минуттан кейін оттықты тағы бір рет жағып көріңіз.

Электр қуаты болмаған кезде оттықты электрлік құралсыз жағуға болады; мұндай

жағдайда оттыққа жанған шырпыны жақындатып, тиісті түймешені төмен басыңыз да,

сағат тілінің бағытына қарсы газды барынша шығаратын қалыпқа бұраңыз.

Егер оттық кездейсоқ сөніп қалса, басқару түймешесін сөндірулі қалыпқа бұраңыз да,

кем дегенде 1 минуттан кейін оттықты тағы бір рет жағып көріңіз.

Оглавление