AEG S52900CSS0: БІРІНШІ ҚОЛДАНУ

БІРІНШІ ҚОЛДАНУ: AEG S52900CSS0

8

Бірінші қолдану

БІРІНШІ ҚОЛДАНУ

Ішін тазалау

Құрылғыны ең алғаш пайдаланбас бұрын, жаңа бұйымға тән иісті арылту үшін оның

іші мен ішкі керек-жарақтарын сәл нейтрал сабын салынған жылы сумен жуып, содан

соң мұқият құрғатыңыз.

Жуғыш зат не жеміргіш ұнтақтарды пайдаланбаңыз, бұл құрылғының сыртқы қабатына

зиян келтіреді.

ӘРКҮНДІК ҚОЛДАНУ

Жаңа тағамды мұздату

Мұздатқыш камера жаңа тағамды мұздату мен тоңазыған және мұздатылған

тағамдарды ұзақ уақыт сақтауға жарайды.

Жаңа тағамды мұздату үшін орташа температураны өзгертудің қажеті жоқ.

Дегенмен, тағамды тезірек мұздатқыңыз келсе, температура түймешесін максимум

суықтыққа қою үшін жоғары параметрге қойыңыз.

Бұндай жағдайда, тоңазытқыш камерадағы температура 0°C градустан төмен түсіп

кетуі мүмкін. Бұндай жағдай орын алса, температура түймешесін жылырақ параметрге

әкеліп қойыңыз.

Мұздатылуға тиіс жаңа тағамды үстіңгі камераға қойыңыз.

Мұздатылған тағамды сақтайтын камера

Құрылғыны ең алғаш қолданғанда не ұзақ уақыт пайдаланбағаннан кейін қосқан кезде,

камераға тамақ салмас бұрын құрылғыны ең кем дегенде 2 сағат ең жоғарғы

параметрлерге қойып жұмыс істетіп алыңыз.

Кездейсоқ еріп кету, мысалы электр қуаты өшіп, ток техникалық сипаттамалар

кестесіндедегі "көтеру уақыты" бөлімінде берілген мәндерден де ұзақ уақыт бойы

қосылмай тұрса, еріп кеткен тағамды жылдам пайдаланып не дереу пісіріп алып барып

қайта тоңазыту (салқындатқан соң) қажет.

Жібіту

Мұздатылған не тоңазытылған тағамды қажетке жаратпас бұрын, осы жұмысқа

арналған уақыттың шамасына қарай отырып, оны тоңазытқыш ішінде не бөлме

температурасында жылытуға болады.

Тағамның кіші кесектерін тоңазытқыштан алған бетте мұздаған қалпы пісіре беруге

болады. бұндай жағдайда пісіру уақыты ұзағырақ болады.

Әркүндік қолдану

9

Жылжымалы сөрелер

Тоңазытқыштың қабырғасында сөрелерді

қалауыңызша орналастыруға арналған

бірнеше бағыттауыш бар.

Бөтелке сөресі

Бөтелкелерді (ауызын алға қаратып) алдын ала

орналастырылған сөреге қойыңыз.

Сөре көлденең орналастырылған болса, тек

жабық бөтелкелерді ғана қойыңыз.

Ашылған бөтелкелерді сақтау үшін осы бөтелке

сөресін еңкейтіп қоюға болады. Бұл нәтижеге

қол жеткізу үшін сөрені жоғары қарай бұрып,

келесі жоғарғы деңгейге көтеріп қоюға болады.

Есіктің сөрелерін орналастыру

Әр түрлі мөлшердегі оралған тағамдарды

орналастыру үшін есіктегі сөрелерді түрлі

биіктікке қоюға болады.

1

Бұл үшін төмендегі әрекеттерді жасаңыз:

сөрелерді көрсеткі бағыты бойынша еппен

тартып шығарыңыз да, қажетті орынға

2

қойыңыз.

3