AEG F55002IM0P: ҚАУІПСІЗДІК ТУРАЛЫ МАҒЛҰМАТТАР
ҚАУІПСІЗДІК ТУРАЛЫ МАҒЛҰМАТТАР: AEG F55002IM0P
ҚАУІПСІЗДІК ТУРАЛЫ МАҒЛҰМАТТАР
Құрылғыны орнатып, пайдаланудан бұрын осы нұсқаулықты мұқият оқып шығыңыз:
• Өз қауіпсіздігіңіз бен мүлкіңіздің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін.
• Қоршаған ортаға өз үлесіңізді қосу үшін.
• Құрылғының дұрыс жұмыс істеуі үшін.
Құрылғыны басқа жаққа көшірсеңіз немесе басқа адамға берсеңіз, осы нұсқаулықты
әрқашан онымен бірге қалдырыңыз.
Құрылғыны дұрыс орнатпау мен дұрыс пайдаланбау нәтижесінде орын алған
ақаулықтар үшін өндіруші жауапты емес.
Балалар мен әлсіз адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету
• Кембағал, сезім мүкістігі бар немесе ақыл-есі кем, құрылғыны қолдану тәжірибесі
жоқ немесе қолдана білмейтін адамдарға, балаларға оны іске қосуға рұқсат
бермеңіз. Олар осы құрылғыны өз қауіпсіздігін қамтамасыз ететін адамның нұсқауы
немесе қадағалауы бойынша пайдалануға тиіс.
• Орам материалдарының барлығын балалардан алыс ұстаңыз. Тұншығып қалу
немесе жарақат алу қаупі бар.
• Жуғыш заттардың барлығын қауіпсіз жерде сақтаңыз. Балаларға жуғыш затты
ұстауға рұқсат бермеңіз.
• Құрылғының есігі ашық тұрғанда, балалар мен үй жануарларын оған жақындатпаңыз.
Қауіпсіздік туралы жалпы мағлұмат
• Бұл құрылғының техникалық сипаттамаларын өзгертпеңіз. Жарақат алу немесе
құрылғыны бүлдіріп алу қаупі бар.
• Көз, ауыз, өңеш күйіп қалмас үшін, жуғыш зат өндірушісінің қауіпсіздік нұсқауларын
орындаңыз.
• Құрылғыдағы суды ішуге болмайды. Құрылғыда жуғыш заттың қалдығы қалуы мүмкін.
• Құрылғының есігін қараусыз ашық қалдырмаңыз. Бұл жарақаттанып қалуға және
ашық есікке соғылып қалуға жол бермеу үшін қажет.
• Ашық тұрған есіктің үстіне отырмаңыз немесе үстіне шығып тұрмаңыз.
Қолданылуы
• Бұл тек үйде қолдануға арналған құрылғы. Адам жарақаттануға жол бермеу және
мүлікке нұқсан келтірмеу үшін құрылғыны басқа мақсатта қолданбаңыз.
• Құрылғыны тек ыдыс жуғыш машинада жууға болатын заттарды жуу үшін ғана
қолданыңыз.
• Тұтанғыш заттарды немесе ішіне тұтанғыш зат салынған дымқыл заттарды
құрылғының ішіне, қасына немесе үстіне қоймаңыз. Жарылыс немесе өрт шығу
қаупі бар.
• Пышақтар мен ұшы үшкір заттардың барлығын ас құралдары себетіне ұшын төмен
қаратып салыңыз. Немесе үстіңгі себетке көлденеңінен не пышақ салатын себетке
салыңыз. (Пышақ салынатын себет тек кей үлгілерде ғана бар).
48
Қауіпсіздік туралы мағлұматтар
• Ыдыс жуғыш машинаға арналған арнайы құралдарды (жуғыш зат, тұз, шайғыш зат)
ғана қолданыңыз.
• Ыдыс жуғыш машинаға арналмаған тұздар су жұмсартқышқа нұқсан келтіруі мүмкін.
• Тұзды ыдыс жуғыш машинаға жуу бағдарламасын бастамай тұрып салыңыз.
Құрылғыда қалған қалдық тұз құрылғыны тоттандыруы немесе табанын ойып
жіберуі мүмкін.
• Шайғыш зат сауытына шайғыш заттан басқа бөгде зат (мысалы, ыдыс жуғыш
машинаны тазартқыш, сұйық тазартқыш) салмаңыз. Бұл құрылғыны бүлдіруі мүмкін.
• Жуу бағдарламасын бастамай тұрып, бүріккіш түтіктердің еркін айнала алатынына
көз жеткізіңіз.
• Жуу бағдарламасы орындалып тұрғанда құрылғы есігін ашсаңыз, ыстық бу шығып
кетуі мүмкін. Күйіп қалу қаупі бар.
• Ыдыстарды жуу бағдарламасы аяқталғанша құрылғыдан алмаңыз.
Күту менен тазалау
• Құрылғыны тазалар алдында, оны сөндіріңіз де, ашаны розеткадан алыңыз.
• Тұтанғыш заттар немесе тот бастыратын заттарды қолданбаңыз.
• Құрылғыны сүзгілерін салмай іске қосуға болмайды. Сүзгілердің дұрыс
орнатылғанына көз жеткізіңіз. Теріс орнатылса ыдыс-аяқтарды жуу нәтижесі
қанағаттанғысыз болып, құрылғы бүлініп қалуы мүмкін.
• Құрылғыны тазалау үшін сулы спрейді немесе буды қолданбаңыз. Электр қатері
орын алуы және құрылғыға нұқсан келуі мүмкін.
Орнату
• Құрылғының еш жерінің бүлінбегеніне көз жеткізіңіз. Бүлінген құрылғыны
орнатпаңыз немесе іске қоспаңыз, сатушыға хабарласыңыз.
• Құрылғыны орнатып іске қосар алдында орам материалдарының барлығын алыңыз.
• Электр қосылымына, құбыр жүйесіне, құрылғыны орнатуға қатысты жұмыстарды тек
білікті маман іске асыруға тиіс. Бұл құрылғының құрылымына немесе адамға зақым
келмес үшін қажет.
• Құрылғыны орнату барысында оның ашасының розеткадан ағытылғанына көз
жеткізіңіз.
• Құрылғының қабырғаларын, оның гидравликалық немесе электрлік бөлшектерін
бүлдіріп алмас үшін бұрғылап теспеңіз.
• Маңызды! Құрылғымен бірге келген парақтағы нұсқауларды орындаңыз:
– Құрылғыны орнату.
– Есік панелін құрастыру.
– Сумен жабдықтау және су төгу жүйелеріне қосу.
• Құрылғының үсті мен жан-жағын қоршаған конструкциялардың қауіпсіз болуын
қамтамасыз етіңіз.
Мұздап қалуға қарсы сақтық шаралары
• Құрылғыны температурасы 0 °C градустан төмен жерге орнатпаңыз.
• Мұз қату салдарынан болған ақаулық үшін өндіруші жауапкершілік көтермейді.
Қауіпсіздік туралы мағлұматтар
49
Суға қосу
• Құрылғыны су жүйесіне қосу үшін жаңа түтіктерді пайдаланыңыз. Бұрын
қолданылған түтіктерді пайдаланбаңыз.
• Құрылғыны жаңа құбыр жүйелеріне немесе ұзақ уақыт қолданыста болмаған
құбырларға қоспаңыз. Суды бірнеше минут ағызып қойыңыз да, содан кейін су
құятын түтікті жалғаңыз.
• Құрылғыны орнатып жатқанда, су түтіктерінің жаншылып қалмағанын немесе
бүлінбегенін тексеріңіз.
• Су құбыры жалғастырғыштарының су ақпайтындай берік орнатылғанына көз
жеткізіңіз.
• Құрылғыны алғаш рет іске қосқанда, түтіктерінен су ақпай тұрғанына көз жеткізіңіз.
• Су құятын түтік, ішіне сым өткізілген екі қабат қаптамадан тұрады және қауіпсіздік
клапанымен жабдықталған. Су құятын түтікте тек су құйылған кезде ғана қысым
пайда болады. Су құятын түтіктен су ақса, қауіпсіздік клапаны ағып жатқан суды
тоқтатады.
– Су құятын түтікті жалғаған кезде абай болыңыз:
– Су құятын түтікті немесе қауіпсіздік клапанын суға батырмаңыз.
– Су құятын түтік немесе қауіпсіздік клапаны бүлінсе, ашаны дереу розеткадан
суырыңыз.
– Қауіпсіздік клапаны бар түтікті ауыстыру үшін қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз.
Назарыңызда болсын!
Қатерлі кернеу.
Электртоғына қосу
• Құрылғыны міндетті түрде жерге қосу қажет.
• Техникалық ақпарат тақтайшасындағы электр параметрлерінің электр желісіндегі
параметрлерге сай келетініне көз жеткізіңіз.
• Әрқашан дұрыс орнатылған, электр қатерінен сақтандырылған розетканы
қолданыңыз.
• Көп тармақты аша мен ұзартқыш сымды қолданбаңыз. Өрт шығу қаупі бар.
50
Қауіпсіздік туралы мағлұматтар
• Қорек сымын ауыстырмаңыз немесе өзгертпеңіз. Қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз.
• Құрылғының арт жағындағы аша мен қорек сымының жаншылып немесе бүлініп
қалмағанына көз жеткізіңіз.
• Орнатып болғаннан кейін ашаның қол жететін жерде тұрғанына көз жеткізіңіз.
• Құрылғыны ажырату үшін қуат сымынан тартпаңыз. Әрқашан ашасынан тартып
ажыратыңыз.
Қызмет көрсету орталығы
• Құрылғыны тек уәкілетті техник ғана жөндеуге немесе оған қатысты жұмыстарды
орындауға тиіс. Қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
• Тек фирмалық қосалқы бөлшектерді ғана қолданыңыз.
Құрылғыны тастау
• Адам жарақаттанып немесе мүлікке зиян келмес үшін:
– Ашаны розеткадан ағытыңыз.
– Қуат сымын кесіп алыңыз да, қоқысқа тастаңыз.
– Есіктің бекітпесін ағытып алыңыз. Бұл балалар мен үй жануарлары құрылғыға
кіріп қамалып қалмас үшін қажет. Тұншығып қалу қаупі бар.
– Құрылғыны жергілікті қоқыс тастайтын жерге тастаңыз.
Назарыңызда болсын!
Ыдыс жуғыш машинаға арналған жуғыш заттар қауіпті және тоттандыруы мүмкін !
• Егер осы жуғыш заттардан болып оқыс жағдай орын алса, дереу дәрігерге
хабарласыңыз.
• Жуғыш зат ауызға түсіп кетсе дереу дәрігерге хабарласыңыз.
• Жуғыш зат көзге түсіп кетсе, дереу дәрігерге хабарласыңыз және көзіңізді сумен
шайыңыз.
• Ыдыс жуғыш машинада қолданылатын жуғыш заттарды қауіпсіз, балалардың қолы
жетпейтін жерде сақтаңыз.
• Жуғыш зат үлестіргіште жуғыш зат болған кезде, құрылғының есігін ашық
қалдырмаңыз.
• Жуғыш зат үлестіргішін жуу бағдарламасын бастардың алдында ғана толтырыңыз.
Қауіпсіздік туралы мағлұматтар
51
Оглавление
- ФУНКЦИЯ MULTITAB
- ПРОГРАММЫ МОЙКИ
- ВЫБОР И ЗАПУСК ПРОГРАММЫ МОЙКИ
- УХОД И ОЧИСТКА
- ЧТО ДЕЛАТЬ, ЕСЛИ ...
- ТЕХНИЧЕСКИЕ ДАННЫЕ
- ДЛЯ ВІДМІННОГО РЕЗУЛЬТАТУ Дякуємо, що обрали цей прилад AEG. Ми створилийого для бездоганної роботи протягом багатьох років,за інноваційними технологіями, які допомагаютьробити життя простішим - ці властивості, які можна йне знайти в звичайних приладах. Будь ласка, приділітьдекілька хвилин, аби прочитати, як отриматинайкраще від цього приладу. ПРИЛАДДЯ І ВИТРАТНІ МАТЕРІАЛИ В інтернет-магазині AEG ви знайдете усе необхідне,для того, аби усі ваші прилади AEG виглядалибездоганно і відмінно працювали. Також тутпредставлений широкий асортимент приладдя,розробленого та створеного за найвищимистандартами якості, - від спеціального посуду докошиків для столових приборів, від тримачів дляпляшок до мішків для прання делікатної білизни…
- ЗМІСТ
- ІНФОРМАЦІЯ З ТЕХНІКИ БЕЗПЕКИ
- ОПИС ВИРОБУ
- ПАНЕЛЬ КЕРУВАННЯ
- ВИКОРИСТАННЯ ПРИЛАДУ
- ВИКОРИСТАННЯ СОЛІ ДЛЯ ПОСУДОМИЙНИХ МАШИН
- ВИКОРИСТАННЯ МИЙНОГО ЗАСОБУ І ОПОЛІСКУВАЧА
- ФУНКЦІЯ MULTITAB
- ЗАВАНТАЖУВАННЯ НОЖІВ ТА ПОСУДУ
- ВИБІР І ЗАПУСК ПРОГРАМИ МИТТЯ ПОСУДУ
- ДОГЛЯД ТА ЧИСТКА
- ЩО РОБИТИ, КОЛИ ...
- ТЕХНІЧНІ ДАНІ
- ОХОРОНА ДОВКІЛЛЯ
- ТАМАША НӘТИЖЕЛЕРГЕ ЖЕТУ AEG бұйымын таңдағаныңызға рахмет. Біз көптегенжылдар бойы, өмір сүруді барынша жеңілдетуді алғамақсат етіп қоя отырып, үздік технологияғанегізделген, әдеттегі тұрмыстық техникада кездесебермейтін функциялармен жабдықталған, мінсізжұмыс жасайтын құрылғыларды өндіріп келеміз.Бірнеше минут уақытыңызды бөліп, құрылғыныңмүмкіндігін толық пайдалану үшін нұсқаулықпентанысып шығыңыз. КЕРЕК-ЖАРАҚТАР МЕН ШЫҒЫНДЫҚ МАТЕРИАЛДАР AEG онлайн дүкенінен AEG құрылғыларыңыздыңбарлығының мінсіз, тамаша жұмыс істеуін қамтамасызетуге қажетті заттың барлығын табасыз. Жоғарыстандартқа сай жасалған керек-жарақтардың ішіненарнайы ыдыс-аяқтардан бастап, ас үй құралдарысалынатын себеттерді, бөтелке қойғыштан бастап, кіржуғыш машинаға арналған нәзік тор тәрізді заттардыңбарлығын таба аласыз...
- МАЗМҰНЫ
- ҚАУІПСІЗДІК ТУРАЛЫ МАҒЛҰМАТТАР
- БҰЙЫМ СИПАТТАМАСЫ
- БАСҚАРУ ПАНЕЛІ
- ҚҰРЫЛҒЫНЫ ҚОЛДАНУ
- ЫДЫС ЖУҒЫШ МАШИНАСЫ ҮШІН АРНАЛҒАН
- МУЛЬТИ ТАБ ФУНКЦИЯСЫ
- АС ҚҰРАЛДАРЫ МЕНЕН ЫДЫС-АЯҚТЫ САЛУS
- ЖУУ ПРОГРАММАЛАР
- ЖУУ БАҒДАРЛАМАСЫН ТАҢДАУ ЖӘНЕ БАСТАУ
- КҮТУ МЕНЕН ТАЗАЛАУ
- НЕ ІСТЕРСІҢІЗ, ЕГЕР...
- ТЕХНИКАЛЫҚ СИППАТАМА