Philips FC6843: ҚазаҚша
ҚазаҚша: Philips FC6843
67
кіріспе
Өнімді сатып алуыңызбен құттықтаймыз және Philips компаниясына қош келдіңіз! Philips
компаниясы ұсынатын қолдауды толығымен пайдалану үшін өніміңізді www.philips.com/
welcome веб-бетіне тіркеңіз.
Жалпы сипаттама (Cурет 1)
a Құрғақ түрде қолдану
1 Шлангты қосушы
2 Соратын шланг
3 Механикалық сору қуатын бақылау
4 Соратын құбыр
5 Үш көрінісі бар құбыр (тек ерекше түрлері ғана)
6 Уақытша қоюға арналған қыстырғыш (тек ерекше түрлері ғана)
7 Саптама
8 Моторды қосу/өшіру түймесі
9 Тұтқа
10 Тоқ сымын жинайтын түйме
11 Микро сүзгі (тек ерекше түрлерінде ғана)
12 Ток сымы
13 Уақытша қоюға арналған орын
14 Қысқыштар
15 Мотор бөлігі
16 Ерекше табан
17 Шаң дорбасын ұстағыш
18 Шаң дорбасы
19 Сыйымдылық (ыдыс)
20 2 кішкене қосымша бөлшектерге арналған орын (кішкене қылшақ, кішкене саптама,
тесікшелі саптама немесе жылжымалы тесікшелі саптама)
B Сулы қолдану
1 Сусабын шланг қыстырғышы
2 Сусабын шүріппесі
3 Сусабын шлангтары
4 Сусабын шлангын байланыстырушы
5 Сусабын сыйымдылығы
6 Жарығы бар сусабын сорғышын қосу/өшіру түймесі
7 Шашыратқыш
8 Мотор қорғауыш сүзгісі
9 Philips компаниясының тазалау сұйықтығы (HR6965)
10 Көбікке арналған фильтірі бар жүзілмелі бөлік
11 Қапталған саптама
12 Сусабын шығаратын екі тесігі бар саптама
13 Қатты еденге арналған адаптор
Маңызды
Құрылғыны қолданбастан бұрын осы пайдаланушы нұсқаулығын мұқият оқып шығыңыз да, оны
келешекте қарау үшін сақтап қойыңыз.
Қауіпті
- Күлді (күл жинағыштан немесе пештен) сорып жинар алдында, олардың суығанан күтіңіз.
- Жанар май, ақ спирт, газ майын, парафинді май немесе басқа жануы жеңіл немесе жарылуы
мүмкін сұйықтықтарды шаң сорғышпен сормаңыз.
ҚазаҚша
- Құралды жарылуы мүмкін булары (жанар май, қоспалар) бар бөлмелерде қолдануға
болмайды.
- Мотор бөлігін суға батырмаңыз.
- Сусабын ағынын розеткаларға, шанышқыларға немесе электр құралдарына бағыттамаңыз.
Ескерту
- Құралды қосар алдында, құралдың табақшасында көрсетілген вольтаж түрі, жергілікті
қамтамасыз етілетін волтажбен сәйкес келетіндігін тексеріп алыңыз. Құралдың вольтаж
түрін мотор бөлігінің астынан таба аласыз.
- Егер құрылғының ашасы, сымы немесе құрылғының өзге бөлшегіне зақым тиген болса,
құрылғымен қолданбаңыз.
- Егер ток сымы зақымдалған болса, қауіпті жағдай туғызбас үшін оны тек Philips компаниясы
ұсынған қызмет орталығында сол компанияның жабдықтарымен және соған сәйкес білімі
бар маман алмастыру керек.
- Мүмкіндігі мен ойлау қабілеті шектеулі және білімі мен тәжірибесі аз адамдар (балаларды
қоса) бұл құралды олардың қауіпсіздігіне жауап беретін адамның қадағалауымен немесе
құралдың қалай пайдалану жөнінде нұсқау берілген жағдайда ғана қолдануына болады.
- Балалардың құралмен ойнамауын қадағалаңыз.
- Тазалау сұйықтығын балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз.
- Шаң сорғыш қосулы болғанда, шлангіні, түтікті немесе басқа қосымша бөлшектерді
көзіңізге, құлақтарыңызға, бағыттамаңыз және оларды аузыңызға салмаңыз.
- Құрал қолдануға толығымен дайын болмай тұрып, тоқ сымын қабырғадағы розеткаға
қоспаңыз. Құралды қосар немесе ажыратар алдында, тоқ сымы және сіздің қолыңыз құрғақ
болуы тиіс.
абайлаңыз
- Сулы тазалаудан бұрын, міндетті түрде микро сүзгі мен қағаз немесе қайта қолдануға
болатын шаң дорбасын әрдайым алып тастаған жөн.
- Құралды сұйықтықтарды сору үшін қолданар алдында, әрдайым шашыратқыш пен жүзілмелі
бөлікті орнатыңыз.
- Егер құрал дұрыс жұмыс жасамаса, не болмаса сіз құралды тазаламақшы болсаңыз
және контейнерді ашар алдында, әрдайым тоқ сымын қабырғадағы розеткадан суырып
алыңыз.
- Шаң сорғышты күлді, ұсақ құмды, әкті, цемент шаңын және осы тәріздес заттарды сору
үшін қолданған кезде, шаң дорба тесікшелері шаңмен бітіп қалады. Осының
нәтижесінде, шаң дорбасы толы дегенді білдіретін көрсеткіш шаң дорбасының толып
кеткендігін ескертеді. Бір рет ғана қолдануға болатын шаң дорбасын алмастырыңыз немесе
қайта қолдануға болатын шаң дорбасын тіпті ол әлі толы емес болса да,
босатыңыз («Алмастыру» тарауын қараңыз).
- Тек Philips компаниясының Athena қағаз шаң дорбаларын немесе қайта қолдануға болатын
шаң дорбасын пайдаланыңыз (тек кейбір елдерде ғана).
- Моторды қорғайтын сүзгіні орнатпастан бұл құралды қолдануға болмайды. Моторға зақым
келуі, сондай-ақ құралдың қызмет ету уақыты қысқаруы мүмкін.
- Сулы тазалауды қолданғаннан кейін, ыдысты міндетті түрде босатып, тазалап, әрі кептіріп
алыңыз. Құбыр мен шлангының ішін кептіру үшін, бірнеше минут бойы құралмен ауаны
сорыңыз. Осындай шара арқылы келесі жолы қолданғанда жағымсыз иістің болуының алдын
аласыз. Сондай-ақ, бұл қағаз шаң дорбасының сулануынан сақтайды.
- Құралға қағаз немесе қайта қолдануға болатын шаң дорбасы (тек кейбір елдерде ғана)
орнатылған болса, тек құрғақ материалдар мен шаңды ғана сорыңыз.
- Сорғышты сусабын ыдысын толтырып, құралға орнатып, екі сусабын шлангысына
байланыстырғанда ғана қосыңыз. Сусабын ыдысы босаған кезде, бірден сорғышты өшіріңіз.
- Сорғыштың қызмет ету қабілетін ұзарту үшін, оны жылына бір рет су және сірке суының
араласпасымен тазалап отырыңыз. «Тазалау және күту» тарауындағы нұсқауларды
орындаңыз.
ҚазаҚша
68
- Құралды қолданып болғаннан кейін, оны әрдайым өшіріп, ток сымын қабырғадағы
розеткадан суырып отырыңыз.
- Құралды мұздатып алмас үшін, оны 0°C төмен температурада сақтамаңыз.
- Шу деңгейі: Lc = 82 dB [A]
Электромагниттік өрістер (ЭМӨ)
Philips компаниясы шығарған бұл құралы электромагниттік өрістерге (ЭМӨ) қатысты барлық
стандарттарға сай келеді. Дұрыс әрі осы пайдаланушы нұсқаулығына сәйкес қолданылса, қазіргі
кездегі белгілі ғылыми дәлелдерге негізделе отырып құралды қолдану қауіпсіз деуге болады.
Қолдануға дайындау
Қосымша бөлшектерді орнату және ажырату
шланг
1
Шлангыны қосу үшін, оны сағат тілі бағытымен кішкене бұрап отырып, шланг
байланыстырушыға кіргізіңіз (Cурет 2).
2
Шлангыны ажырату үшін, оны сағат тілі бағытына қарсы кішкене бұрап отырып, шланг
байланыстырушыдан суырып алыңыз (Cурет 3).
Құбыр
1
Құбырды қосу үшін, spring-loaded түймесін басып, тарлау бөлігін кең бөлікке
енгізіңіз. (Cурет 4)
, Ол енгізлетін жерге дұрыс енгізілгенде, түйме тарс етіп шығып кетеді.
2
Құбырды ажырату үшін, пружиналы шүріппені басып, бөліктерді бір бірінен тартыңыз.
Үш көрінісі бар құбыр (тек ерекше түрлері ғана)
1
Шаң сорып жатқанда құбырды өзіңізге ең ыңғайлы болып келетін ұзындыққа
сәйкестендіріп алыңыз. Екі сақинаның біреуін төмен қарай итеріп, сақинаның үстіндегі
құбыр бөлігін жоғары қарай тартыңыз немесе төмен қарай итеріңіз (Cурет 5).
саптама
1
Саптаманы құбырға қосыңыз (Cурет 6).
2
Егер сіз саптаманы қолыңызға жақын болсын десеңіз (мысалы табалдырықтарды,
қаптамаларды немесе гобеленді) тазалар үшін, онда саптаманы тікелей
сабына қосыңыз (Cурет 7).
Шаң сорғышты құрғақ немесе сулы тазалауға дайындаңыз.
Ескертпе: Сіз шаң сорғышты қабынан алғанда, ол сулы тазалауға дайын.
Құрғақ тазалауға дайындық
Құрғақ заттарды сорып алар алдында, жүзілмелі бөлікті және шашыратқышты әрдайым алып,
микро сүзгі (тек ерекше түрлерінде ғана) мен қағаз немесе қайта қолдануға болатын шаң
дорбасын (тек кейбір елдерде ғана) орнатыңыз.
1
Құралдың токтан суырылып тұрғандығын тексеріңіз.
2
Сусабын шлангын сағат бағытына бұрап (1), оны мотор блогынан суырып
алыңыз (2) (Cурет 8).
3
Сусабын сыйымдылығын алып тастаңыз (Cурет 9)
4
Қыстырғыштарды бұрап босатыңыз (Cурет 10).
5
Мотор блогын ұстағышынан ұстап, контейнерден көтеріп шығарыңыз (Cурет 11).
ҚазаҚша
69
6
Мотор блогын төңкеріңіз (Cурет 12).
7
Шашыратқышты мотор блогынан шығарыңыз (Cурет 13).
8
Жүзілмелі бөлікті ыдыстан алыңыз (Cурет 14).
9
Қағаз немесе қайта қолдануға болатын шаң дорбасын (тек кейбір елдерде ғана)
салыңыз. Шаң дорбасын ұстағышына алдыңғы жағымен салып жатқанда, қызыл иінді
басып, ұстап тұрыңыз (Cурет 15).
10
Алдымен төменгі жиегін енгізіңіз(1). Содан соң жоғарғы жиегін орнына итеріңіз
(2) (Cурет 16).
Ескертпе: Алдындағы екі шығып тұрған төбешіктер төмен қарап тұрғандығын және төменгі
жиегінің ортасы ұстағыштың жуан жиегінде орналасқандығын тексеріңіз.
11
Шаң дорбасы бар ұстағышты құралға сырғытып кіргізіңіз. Ұстағыш ыдыстың екі
жиегімен орнына түсуі тиіс (Cурет 17).
12
Мотор бөлігін қайтадан құралға салып, қыстырғыштарын жабыңыз («сырт» ете
түскенше). (Cурет 18)
13
Микро сүзгіні орнына қойыңыз (тек ерекше түрлерінде ғана) (Cурет 19).
Ескертпе: Қағаз шаң дорбасын алмастыру үшін, «Алмастыру» немесе қайта қолдануға болатын
шаң дорбасын босату үшін «Тазалау және күту» тарауын қараңыз (тек кейбір елдерінде ғана).
сулы қолдануға дайындау
Сулы тазалау алдында, әрдайым түрде микро сүзгі (тек ерекше түрлерінде) мен қағаз немесе
қайта қолдануға болатын шаң дорбасын алып тұрыңыз.
сұйықтықтарды соруға дайындау
Сұйықтықтарды сору үшін, сізге жүзілмелі бөлік және шашыратқыш керек болады.
1
Құралдың токтан суырылып тұрғандығын тексеріңіз.
2
Қыстырғыштарды бұрап босатыңыз (Cурет 10).
3
Мотор блогын ұстағышынан ұстап, контейнерден көтеріп шығарыңыз (Cурет 11).
4
Қайта қолдануға болатын шаң дорбасын (тек кейбір елдерінде ғана) немесе қағаз шаң
дорбасын алып тастаңыз («Алмастыру» тарауын қараңыз) (Cурет 20).
5
Жүзілмелі бөлікті сабынан ұстап, ыдысқа орнатыңыз (Cурет 21).
Ескертпе: Жүзілмелі бөлік құралға тек бір жолмен ғана орнатылады.
6
Мотор блогын төңкеріңіз (Cурет 12).
7
Шашыратқышты мотор блогына салыңыз (Cурет 22).
8
Мотор бөлігін қайтадан құралға салып, қыстырғыштарын жабыңыз («сырт» ете
түскенше) (Cурет 18).
9
Микро сүзгіні алып тастаңыз (тек ерекше түрлерінде ғана) (Cурет 23).
Ескертпе: Микро сүзгі қатты дымқыл ауада болса, онда ол өзінің электростатикалық
мүмкіндіктерін жоғалтады.
Енді құрал сұйықтықтарды соруға дайын.
сусабынды қолдануға дайындық
Едендерді сусабындеу үшін, сізге жүзілмелі бөлік, шашыратқыш, сусабын сыйымдылығы (сумен
және сусабынмен толтырылған), сусабын шығаратын екі тесігі бар саптама және сусабын
шүріппесі қажет болады.
ҚазаҚша
70
1
«Сұйықтықтарды соруға дайындау» тармағындағы 1 ден 9 ға дейінгі қадамдарды
жасаңыз.
2
Сусабын сыйымдылығына суық су толтырыңыз (Cурет 24).
3
Сумен толып тұрған сыйымдылыққа тазалау сұйықтығының бір өлшеуіш ыдысын
құйыңыз (Cурет 25).
4
Сусабын сыйымдылығын құралға орнатыңыз (Cурет 26).
5
Қысқа сусабын шлангысын шаң сорғыштағы байланыстырушыға енгізіп (1), сағат тілі
бағытына қарсы бұраңыз (2) (Cурет 27).
6
Ұзын сусабын шлангысын сусабын шүріппесіне қосыңыз (Cурет 28).
7
Сорғыш шлангының сабына сусабын шүріппесін бекітіңіз. (Cурет 29)
8
Ұзын сусабын шлангының ұшын шаң сорғыштағы байланыстырушыға қаттылап енгізіңіз
(«сырт» ете түседі) (Cурет 30).
- Сусабын шлангісін ажырату үшін, сақинаны құралға қарай итеріңіз (Cурет 31).
9
Ұзын сусабын шлангісін сорғыш шлангісіне бекітіп, сорғыш құбырды су-сабын
шлангісінің қыстырмасымен бекітіңіз (Cурет 32).
10
Екі тесікшесі бар шлангіні қосыңыз (Cурет 6).
Құрал, енді, кілем және палас тәрізді жұмсақ едендерді сусабынмен тазалауға дайын.
Құралды қолдану
1
Тоқ сымын құралдан тартып шығарып, шанышқысын қабырғадағы розеткаға
кіргізіңіз (Cурет 33).
2
Құралды қосу үшін, моторды қосу/өшіру түймесін басыңыз (Cурет 34).
Құрғақ түрде қолдану
саптама
1
Ауыстырылмалы саптаманы қатты және жұмсақ едендерді тазалауға қолдануыңызға
болады: (Cурет 35)
- Қылшақты лентасын сыртына шығарып алып, саптаманы қатты едендерді тазалау үшін
қолдана аласыз (ағаштан, керамикадан, тастан, және синтетикадан жасалған едендерді)
- Қылшақты лентасын ішіне енгіздіріп алып, саптаманы жұмсақ едендерді тазалау үшін
қолдана аласыз (кілемдер мен паластарды)
сулы қолдану
сұйықтықтарды сору
Ескертпе: Суды құралдан жоғары тұрған жерлерден сорып алып жатсаңыз (мысалы: шатыр
орынан немесе шатыр суын жинағыштан), құрал міндетті түрде сифон тәрізді жұмыс жасап
кетеді. Нәтижесінде, ыдыс әдеттегіден жылдамырақ толып, су одан асып кетуі мүмкін.
Ешқашан ыдыстың ең көп мөлшерінен асырмаңыз (9 литр/2 галон) (Cурет 36).
Сұйықтықтарды сорған кезде контейнердің толып кетпегендігін тексеру үшін, нақты уақыт
аралығында келесі әрекеттерді орындаңыз:
1
Саптаманы судан шығарыңыз.
2
Құралды сөндіру үшін, моторды қосу/өшіру түймесін басыңыз.
3
Штепсельді розеткадан ағытыңыз.
4
Контейнерді босатыңыз.
ҚазаҚша
71
кілемдерді сусабынмен тазалау
1
Есіктен ең алыс жерден бастап, жұмысыңызды есікке қарай жасаңыз.
2
Сусабынды құбырдың сабындағы шүріппені қысу арқылы шығара аласыз (Cурет 37).
3
Тазаланғалы жатқан жердің бәрін қамту үшін, айналмалы қозғалыстар жасаңыз.
Ескертпе: Егер сіз жаңа ғана тазалап болған жерде су іздері жатса, онда шаң сорғышпен,
су-сабын шашпастан, бір рет жүргізіп алыңыз.
4
Сусабынды шашып болғаннан соң, шүріппені босатып, сорғышты сөндіріңіз.
Құрал қосылып тұрсын (Cурет 38).
5
Саптаманы еденнен көтеріңіз. Содан соң құралды біршама уақыт бойы құрғақ ауаны
сорғызыңыз, сонда сорғыш шланг пен құбыр іші кебеді (Cурет 39).
6
Құралды сөндіріңіз.
кілемді сусабынмен жуу әдістері
Сіңу деңгейіне байланысты сіз мына төменде суреттелген үш сусабынмен жуу әдісін
қолдануыңызға болады (немесе оларды қиыстыруға да болады!).
1 Сергіту
- Егер сіздің кілеміңізді (немесе оның бір бөлігін) сәл сергіту ғана керек болса, онда сізге
тым көп сусабын шашыратудың керегі жоқ.
- Өзіңізге қарай қозғалыс жасап жатқанда ғана сәл сусабын шашыратқаныңыз дұрыс болар.
- Содан соң шүріппені босатып, саптаманы тазалап жатқан жердің үстінен бірнеше рет
сусабын қолданбастан жүргізіңіз.
2 Терең тазалау
- Өте кір кілемді немесе оның кірленген бөлігін жақсылап тазалау үшін, саптаманы
тазаламақшы болып жатқан жердің үстінен бірнеше рет сусабын шашырата
отырып жүргізіңіз.
3 Одан да терең тазалау
- Өте қатты кірленген немесе дақ басып қалған жерлерді одан да терең тазалау үшін, мотор
блогын сөндіріңіз, алайда сорғышты жұмыс жасата беріңіз.
- Шүріппені қысып, сусабын шашыратыңыз.
- Сусабын шашыратқан жерде бірнеше минут бойы жатып, сіңсін, содан соң мотор блогын
қайтадан қосып, сусабынды сорып алыңыз.
- Тым көп сусабын шашыратпаңыз, себебі ол кілемге зақым тигізуі мүмкін.
кілемді сусабынмен жуған кезде берілетін кеңестер
- Суға төзімсіз едендерді сусабынмен жууға болмайды. Егер сіз күмәндансаңыз, онда кілем
алған жермен кеңесіңіз.
- Сезімтал маталарды, қолдан тоқылған кілемдерді немесе бояуы шығатын кілемдерді
сусабынмен тазаламаңыз.
- Кілеміңіздің бояуы шығатындығын тексеріп алыңыз. Ол үшін, ақ шүберекке кішкене суда
ерітілген сусабынды құйыңыз. Содан соң, кілемнің көзге көрінбейтін бөлігін ысқылап
көріңіз. Егер шүберекте ешқандай із қалмаса, онда кілеміңіздің бояуы шықпайтын болғаны.
- Алайда, егер шүберекте бояу іздері қалған болса, онда кілеміңізді сусабынмен тазаламаңыз.
Егер күмәндансаңыз, кәсіпкер маманмен байланысыңыз.
- Сусабынмен тазалар алдында бүкіл тазаламақшы болған жерді шаң сорғышпен тазалап
алыңыз.
- Дұрыс және жылдам кептіру үшін, сусабынмен тазалап жатқан бөлме тазалау барысында
және тазалауды аяқтағанда ауамен жақсы желдетілетін болсын.
- Тазалап болғаннан соң, кілем үстінен қайтадан басып жүрер алдында, оның жақсылап
кепкендігін тексеріңіз: сергітілген бөліктер әдетте 30 минут ішінде кебеді, ал терең
тазаланған жерлер кебу үшін 2 сағаттай уақыт керек болады. Әрине, кебу уақыты, сонымен
ҚазаҚша
72
қатар, шашыратқан сусабын мөлшеріне, температураға, ауа дымқылдығына және бөлменің
желдетілу деңгейіне байланысты болады.
- Көрініп тұратын саптамалар (екі тесігі бар саптама және қаптамалы саптама)
сізге кілеміңіздің немесе қатты еденіңіздің қаншалықты тазаланғанын көру мүмкіндігін
береді. Ол үшін әшейін ғана жиналып жатқан қоспаның түсін көрсеңіз болады.
Қатты едендерді сусабынмен тазалау
- Қатты едендерге арналған екі тесігі бар 3- мақсатты «басу» адапторында сізге таныс үш
тазалау аспабы болады: (Cурет 40)
1 Еденге жабысып қалған кірді тазалауға арналған қылшық;
2 Сусабынды шашырату, тарату және сүртіп алуға арналған ысқыш;
3 Соруға мүмкіндік беретін, еденнен сусабынды сығып алатын швабра.
1
Екі тесігі бар сусабынға арналған саптамаға қатты едендерге арналған адапторды сырт
еткізіп кигізіңіз (Cурет 41).
2
Есіктен ең алыс жерден бастап, жұмысыңызды есікке қарай жасаңыз.
3
Құбыр сабындағы шүріппені қысып, сусабынды шашыратыңыз. Тиімді қырып тазалау
үшін, әдеттегі шаң сорғышпен жұмыс жасағандай етіп, ары-бері қозғалыстар жасаңыз.
Әдетте сусабынды саптамамен алға қарай қозғалыс жасағанда шашыратқан
жөн (Cурет 42).
Ескертпе: Тым ұзын қозғалыстар жасамаңыз.
4
Еденді кептіру үшін, саптаманы артқа қарай ақырын қозғаңыз. Сығып алатын швабра
ғана еденге тиетін болсын, және сусабынды шашыратпаңыз (Cурет 43).
5
Сусабынды тиімді түрде жинап алу үшін, бірінің үстінен бірі өтетін қозғалыстар жасап,
артынан үстінен суретте көрсетілгендей етіп, соңғы бір қозғалыс жасаңыз. (Cурет 44)
6
Сусабынды шашып болғаннан соң, шүріппені босатып, сорғышты сөндіру үшін, сусабын
сорғышын қосу/өшіру түймесін басыңыз. Құрал қосылып тұрсын (Cурет 38).
7
Саптаманы еденнен көтеріңіз. Содан соң құралды біршама уақыт бойы құрғақ ауаны
сорғызыңыз, сонда сорғыш шланг пен құбыр іші кебеді (Cурет 39).
8
Құралды сөндіру үшін, моторды қосу/өшіру түймесін басыңыз.
Жиһазды сусабынмен тазалау
Қапталған саптама сізге жиһазды, гобеленді және перделерді сусабынмен тазалау мүмкіндігін
береді.
1
Қапталған саптаманы тікелей сабына қосыңыз (Cурет 45).
2
Едендерді сусабынмен тазлағандай етіп маталарды да тазаласаңыз болады. (Cурет 46)
Тазалау
1
Құралды сөндіру үшін, моторды қосу/өшіру түймесін басыңыз.
2
Штепсельді розеткадан ағытыңыз.
3
Құралдың барлық бөлшектерін, және ыдысты, дымқыл шүберекпен сүртсеңіз болады.
Мотор блогына суды енгіздірмеңіз!
сулы тазалауды қолданғаннан кейін
1
Ыдысты тазалап, кептіріп алыңыз.
2
Құралды біршама уақыт бойы құрғақ ауаны сорғызыңыз, сонда сорғыш шланг пен құбыр
іші кебеді.
ҚазаҚша
73
Жүзілмелі бөлік және көбік фильтірі
1
Жүзілмелі бөлікті және көбік фильтірін шайып жіберіңіз (Cурет 47).
2
Көбік фильтірінің қызмет көрсету өмірін ұзарту үшін, оны жүзілмелі бөліктен абайлап
алыңыз (Cурет 48).
3
Фильтірді бөлек тазалаңыз (Cурет 49).
Көбік фильтірінен артық суды сығып алыңыз. Бұрамаңыз!
Екі тесігі бар саптама
1
Екі тесігі бар саптаманы ағын су астында шайып жіберіңіз (Cурет 50).
2
Қатты еденге арналған адапторды алып, бөлек тазалаңыз (Cурет 41).
3
Ыдысқа жылымыш су құйыңыз. Сусабынға арналған шлангымен суды сорып, дәретханаға
немесе раковинағы төгіңіз. Осының арқасында сусабын қалдықтарын шлангының ішінде
тұрып қалып, оларды бітеліп қалудандан сақтайсыз.
сусабын сорғышы
Сусабын сорғыштың қызмет ету қабілетін ұзарту үшін, оны жылына бір рет су және сірке
суының қоспасымен тазалап отырыңыз.
1
1 литр ақ сірке суын (8% сірке қышқылы) сусабын ыдысына құйып, оның үстінен жылы
су құйыңыз.
2
Құралды сусабынмен жұмыс жасағандай етіп, сусабын сыйымдылығы босағанша жұмыс
жасатыңыз. Сірке суы қоспасын шелекке құйып алыңыз.
3
Осы рәсімді 1 литр қунақы сумен қайталаңыз, сонда сірке суы қалдықтарын шайып
жібереді.
Мотор қорғауыш сүзгісі
Қайта қолдануға болатын шаң дорбасын қолдансаңыз, моторды қорғауға арналған сүзгіні
жылына бір рет жылы сумен тазалап тұрыңыз.
Ескертпе: Қағаз шаң дорбасын пайдаланатын жағдайда, моторды қорғауға арналған сүзгіні
қағаз шаң дорбаларының жаңа жинағын алғаш рет орнатқанда алмастырыңыз («Моторды
қорғауға арналған сүзгі» бөліміндегі «Алмастыру» тарауын қараңыз).
1
Моторды қорғауға арналған сүзгіні алып тастаңыз (Cурет 51).
2
Моторды қорғауға арналған сүзгіні ағын су астында шайыңыз (Cурет 52).
3
Моторды қорғауға арналған сүзгіні құрғатыңыз.
Фильтірді шаң сорғышқа қайтадан орнатар алдында, оның толығымен құрғақ екендігін
тексеріңіз.
4
Моторды қорғауға арналған сүзгіні өз орнына салыңыз.
шаң дорбасын босату/алмастыру
Қағаз шаң дорбасын алмастыру
1
Толып қалған шаң дорбасын алу үшін, шаң дорбасы бар ұстағышты саптарынан ұстап,
құралдан суырып алыңыз (Cурет 20).
2
Шаң дорбасының алдындағы картонын шығару үшін, қызыл түймені басып, ұстап
тұрыңыз (Cурет 53).
ҚазаҚша
74
3
Толып кеткен шаң дорбасын тастап, жаңа шаң дорба салыңыз («қолдануға дайындық»
тармағын қараңыз).
Ескертпе: Моторды қорғауға арналған сүзгі мен микро сүзгі әрбір түпнұсқалы Philips Athena шаң
дорбалар жинағымен бірге беріледі.
Қайта қолданылатын шаң дорбасын босату (тек кей елдерде ғана).
Кейбір елдерде қайта қолдануға болатын шаң дорбалары беріледі. Қайта қолдануға болатын
шаң дорбаларын қағаз шаң дорбаларының орнына пайдалана аласыз. Қайта қолдануға болатын
шаң дорбаларын бірнеше рет пайдалануға және босатуға болады.
1
Қайта қолдануға болатын шаң дорбасын, қағаз шаң дорбасы үшін суреттелген нұсқау
бойынша алуға болады.
2
Қайта қолдануға болатын шаң дорбасын қоқысқа арналған шелек үстінен ұстап
тұрыңыз (Cурет 54).
3
Шаң дорбасының екі жағындағы сырғымасын сырғытыңыз (Cурет 55).
4
Шаң дорбасының ішіндегіні қоқыс шелегіне босатыңыз (Cурет 56).
5
Шаң жинағыш дорбаны жабу үшін, оның бекіту қыстырғышын дорбаның төменгі
жиегіне сырғытыңыз. (Cурет 57)
6
Қайта қолдануға болатын шаң дорбасын қайтадан құралға салыңыз. «Қолдануға
дайындық» тармағындағы қағаз шаң дорбасын салу нұсқауын қолданыңыз.
Фильтірді алмастыру
Тек бұл құралға арналған Philips компаниясының түпнұсқалы сүзгілерін пайдаланыңыз. Басқа
сүзгілерді пайдалануға болмайды.
Түр нөміріне байланысты «Керек-жарақтар мен сүзгіге тапсырыс беру» тарауын қараңыз.
Мотор қорғауыш сүзгісі
Моторды қорғауға арналған сүзгіні жаңа шаң дорбалар жинағының алғашқы шаң дорбасын
салар кезінде алмастырыңыз.
Ескертпе: Қағаз шаң дорбасының орнына қайта қолдануға болатын шаң дорбасын пайдаланып
отырсаңыз, моторды қорғауға арналған сүзгіні жылына бір рет тазалап тұрыңыз («Моторды
қорғауға арналған сүзгі» бөліміндегі «Тазалау» тарауын қараңыз).
1
Моторды қорғауға арналған сүзгіні алып тастаңыз (Cурет 51).
2
Жаңа моторды қорғауға арналған сүзгіні орнатыңыз.
Бұл құралды моторды қорғауға арналған сүзгісіз қолдануға болмайды.
Микро сүзгі (тек ерекше түрлерінде ғана)
Құрғақ заттарды сорып жинағанда, электростатикалық микро сүзгі қолданылған ауаны майда
шаң бөлшектерін алып тастау арқылы тазалайды. Қолданған сайын, сүзгінің тиімділігі азаяды.
- Әдетте микро сүзгіні жаңа шаң дорбалар жинағының алғашқы шаң дорбасын салар кезінде
ауыстырғаныңыз жөн.
- Микро сүзгі ұстағышының көрсеткіші ақ болып тұруы тиіс. Сүзгі көзге көрінетіндей болып
сұр түске айналса, сүзгіні ауыстыруыңыз қажет (Cурет 58).
Тыныс алу ауыруларынан зардап шегетін болсаңыз, (мысалы, астма), немесе аллергияңыз болса
(мысалы, шаңға, тозаңға, және т.б.), онда сүзгіні жиірек ауыстырғаныңыз жөн.
1
Микро сүзгі ұстағышын жоғары қарай тартыңыз (Cурет 23).
2
Микро сүзгіні ұстағыштан суырып алыңыз (Cурет 59).
ҚазаҚша
75
3
Жаңа микро сүзгіні ұстағышқа салып, ұстағышты қайтадан құралға сырғытып орнатыңыз.
көбік фильтірі
Егер көбік фильтірі тым кір немесе зақымдалған болса, оны ауыстырыңыз.
сақтау
1
Құралды сөндіріп, оны тоқтан суырыңыз.
2
Тоқ сымын жинап алатын түймені басыңыз. (Cурет 60)
, Тоқ сымы автоматты түрде құрал ішінде жиналады.
Ескертпе: Сусабын ыдысы құралға қосулы тұрған кезде, ток сымын жинайтын түймені
басқанда да, ток сымы толығымен құрал ішіне кірмейді.
3
Кішкене саптамаларды суретте көрсетілгендей етіп жинап қойыңыз (Cурет 61).
4
Тек ерекше түрлері ғана: Құбырды жинап қою үшін, жинап қоюға арналған қыстырманы
құралдың жанындағы жинап қоюға арналған орынға кіргізіңіз.
Ескертпе: Құралға абайсызда зақым тигізбес үшін, жинап қоюға арналған қыстырма құбырды
тартып қалғанда немесе оны қатты күшпен қағып жібергенде, шешіліп кетеді. Бұндай
жағдайда жинап қоюға арналған қыстырманы қайтадан құбырға қыстырып қойсаңыз болады.
керек-жарақтар мен сүзгіге тапсырыс беру
Құрал саймандарды, фильтірлерді немесе шаң дорбаларды диллеріңізден алуыңызға болады.
Төмендегі кестеде көрсетілген сәйкес келетін түрінің нөмірін немесе қызмет нөмірін атап
кетіңіз.
Құрал саймандар,
фильтір немесе шаң
дорба
Қолдану
Сипаттама
Түрінің
нөмірі
(қызмет
нөмірі)
Шаң дорбалары,
Athena түрі
Әдеттегі үй шаңына арналған
2-қабатты қағаз шаң дорбалары.
Құрғақ тазалау үшін.
Жинақ: 4 шаң
дорбасы + 1
моторды
қорғауға
арналған сүзгі +
1 микро сүзгі.
HR6947
Микро сүзгі
Қолданылған ауаны фильтірлейді.
Құрғақ түрде қолдану.
Топтама: 2 дана FC8032
Тазалау
сұйықтықтары
Едендерді сусабындау үшін. Су
қосыңыз. Сулы қолдану.
1 бөтелке
HR6965
Көбік фильтірі
Жүзілмелі бөлікке қойылуы тиіс.
Сулы қолдану.
1 фильтр
(4822480
40242)
3-мақсатты қатты
еденге арналған
адаптор.
Қатты едендерді тазалау үшін. Сулы
қолдану.
1 адаптор
(4322 004
22790)
Қапталған саптама
Жиһазды, гобеленді, және т.б.
сусабындау. Сулы қолдану.
1 саптама
(4822 479
20234)
ҚазаҚша
76
Құрал саймандар,
фильтір немесе шаң
дорба
Қолдану
Сипаттама
Түрінің
нөмірі
(қызмет
нөмірі)
Шашыратқыш
Сусабынмен, сұйықтықтарды сору.
Сулы қолдану.
1 шашыратқыш
(4822 466
62588)
Қайта қолдануға
болатын шаң дорбасы
Әдеттегі үй шаңы үшін. Құрғақ
түрде қолдану.
1 шаң дорбасы
(4322 480
10215)
Қоршаған орта
- Құрылғыны өз қызметін көрсетіп тозғаннан кейін, күнделікті үй қоқысымен бірге тастауға
болмайды. Оның орнына бұл құрылғыны арнайы жинап алатын жерге қайта өңдеу
мақсатына өткізіңіз. Сонда сіз қоршаған ортаны қорғауға себебіңізді тигізесіз.
кепілдік және қызмет
Егер сізге қызмет көрсету немесе ақпарат қажет болса, не болмаса мәселеңіз болса, Philips
компаниясының www.philips.com веб-торабын қараңыз немесе еліңіздегі Philips
тұтынушыларды қолдау орталығына хабарласыңыз (телефон нөмірін дүниежүзілік кепілдік
кітапшасынан табуға болады). Еліңізде тұтынушыларды қолдау орталығы болмаған жағдайда,
жергілікті Philips дилеріне хабарласыңыз.
ҚазаҚша
77
Оглавление
- English 6Български 16ČEština 27EEsti 37hrvatski 47Magyar 58ҚазаҚша 67liEtuviškai 78latviEšu 88Polski 98roMână 108русский 118slovEnsky 129slovEnšČina 139srPski 149українська 159 178 187
- English
- Български
- ČEština
- EEsti
- hrvatski
- Magyar
- ҚазаҚша
- liEtuviškai
- latviEšu
- Polski
- roMână
- русский
- slovEnsky
- slovEnšČina
- srPski
- українська