Samsung WF6MF1R2N2W – страница 5
Инструкция к Стиральной Машине Samsung WF6MF1R2N2W
Виробник Samsung Samsung
06 додаток
WF6MF1R2N2W
Модель
WF6RF1R0N0W
WF60F1R1N2W
Клас енергетичну ефективність A A
Споживання електроенергії, кВт.г/цикл
Праннятавіджимприповномузавантаженніпри60°C
1.02 1.02
Реальне споживання електроенергії залежить від
режиму експлуатації машини
Клас якості прання
A A
А: максимальний G: мінімальний
Клас якості віджиму
B C
А: максимальний G: мінімальний
Максимальна частота обертання, об/хв 1200 1000
Завантаження пральної машини, кг (прання) 6.0 6.0
Споживання води за цикл, л 39 39
прання 60 60
Коригований рівень
звукової потужності, дБа
віджим 76 74
* На продукті присутня наліпка з інформацією про його енергетичну ефективність
додаток _39
WF6EF1R0N2W-03327A_UK.indd 39 2013-3-22 9:04:30
для нотаток
WF6EF1R0N2W-03327A_UK.indd 40 2013-3-22 9:04:30
для нотаток
WF6EF1R0N2W-03327A_UK.indd 41 2013-3-22 9:04:30
МАЄТЕ ЗАПИТАННЯ ЧИ КОМЕНТАРІ?
-
RUSSIA 8-800-555-55-55 www.samsung.com
GEORGIA 0-800-555-555 www.samsung.com
ARMENIA 0-800-05-555 www.samsung.com
AZERBAIJAN 088-55-55-555 www.samsung.com
KAZAKHSTAN 8-10-800-500-55-500(GSM: 7799) www.samsung.com
UZBEKISTAN 8-10-800-500-55-500 www.samsung.com
KYRGYZSTAN 00-800-500-55-500 www.samsung.com
TADJIKISTAN 8-10-800-500-55-500 www.samsung.com
MONGOLIA +7-800-555-55-55 www.samsung.com
www.samsung.com/ua (Ukrainian)
UKRAINE 0-800-502-000
www.samsung.com/ua_ru (Russian)
BELARUS 810-800-500-55-500 www.samsung.com
MOLDOVA 0-800-614-40 www.samsung.com
Код № DC68-03327A_UK
WF6EF1R0N2W-03327A_UK.indd 42 2013-3-22 9:04:30
WF6MF1R2N2W
WF60F1R1N2W
WF6RF1R0N0W
WF60F1R0N8W
Кір жуғыш машина
пайдаланушы нұсқаулығы
мүмкіндіктерді елестет
Samsung бұйымын сатып алғаныңызға рахмет.
Толыққанды қызмет алу үшін құрылғыңызды
мына жерге тіркеңіз:
www.samsung.com/register
WF6EF1R0N2W-03327A_KK.indd 1 2013-3-22 9:05:05
Жаңа samsung кір жуғыш
машинасының қызметі
Жаңа кір жуғыш машина сіздің кір жуу жайлы ойыңызды өзгертеді.
Өзінің керемет сапасының арқасында Samsung кір жуғыш машинасы
жалықтырған жұмысты сүйікті іске айналдырады.
Samsung кір жуғыш машинасында терісі сезімтал балалардың киімін қорғайтын, кір
жуу бағдарламасы бар.
Бұл бағдарламалар балалар терісінің тітіркену қаупін төмендетеді, себебі жуғаннан
кейін киімде кір жуғыш ұнтақтың аз ғана бөліктері қалады. Сондай-ақ бағдарламалар
кірді түріне қарай бөлуді қарастырады да, кір жуу кірдің сипаттамасына сәйкес жүзеге
асады.
«Балалардан қорғайтын құлып» басқару панелінің бұғаттау қызметі балалардың
машина жұмысына араласпауына мүмкіндік береді.
Аталған қызметті қосқан кезде машинаны пайдалану процесі ойнап жүрген
балалардан қорғалып тұрады.
Бұл қызмет кір жуғыш машинасын өзіңізге ыңғайлы уақытта пайдалану үшін (арасы 1
сағаттан 19 сағаттан артық емес) кір жууды кейін бастауға мүмкіндік береді.
Сіз уақытыңызды тектен-текке құртпайсыз! 15-минуттік кір жуу Сізге оны бұрынғыдан
гөрі ерте аяқтауға мүмкіндік береді.
Біздің 15 минуттық тез кір жуу бағдарламасы - әрқашан қолы босамай жүретіндерге
таптырмас шешім. Енді сүйікті киіміңізді небәрі 15 минутта жууға болады!
Күтімді жуу сәйкес температураға, судың қажет көлеміне және іш-киімдерге жұмсақ
әсер етуге байланысты жүреді.
WF6EF1R0N2W-03327A_KK.indd 2 2013-3-22 9:05:05
Жаңа керамикалық жылытатын бөлік қарапайым жылытатын бөліктерге қарағанда екі
есе сенімді,
бұл жөндеуге кететін шығын мөлшерін азайтады. Сондай-ақ мұндай жылытатын
бөлікке қатты судан қақ тұрып қалмайды және ол электр энергиясын үнемдеуге
көмегін тигізеді.
Бұл нұсқаулықта Samsung кір жуғыш машинасын орнату, қолдану және күту бойынша
маңызды ақпараттар бар. Онда басқару панелі қалай жұмыс істейтіндігін, кір жуғыш
машинаның мүмкіндіктері мен барлық қызметтерін қалай қолдану керектігін біле аласыз.
33 беттегі «» бөлімінде
бүлінулер болған жағдайда не жасау керек екендігі көрсетілген.
WF6EF1R0N2W-03327A_KK.indd 3 2013-3-22 9:05:05
Сақтандыру шаралары
Сізді жаңа Samsung ActivFreshСБ кір жуғыш машинасын алуыңызбен
құттықтаймыз. Осы Нұсқаулықта машинаңызды орнату, пайдалану және
оған қызмет көрсету бойынша маңызды ақпараттар бар. Өзіңіздің кір жуғыш
машинаңыздың көптеген артықшылықтары мен мүмкіндіктерін толық пайдалану
үшін осы нұсқаулықты оқып шығуға уақыт табуыңызы сұраймыз.
ҚАУІПСІЗДІК ЖАЙЫНДА НЕ БІЛУІҢІЗ КЕРЕК
Өзіңіздің жаңа машинаңыздың көптеген мүмкіндіктері мен қызметін қауіпсіз және тиімді басқаруды
білетіндігіңізге сенімді болу үшін осы Нұсқаулықты толық оқып шығуыңызды сұраймыз. Нұсқаулықты
сізге болашақта қажет ақпаратты іздеген кезде қолдана алатындай машинаңызға жақын, қауіпсіз жерде
сақтаңыз. Машинаны Пайдалану бойынша нұсқаулықта сипатталған мақсаттарда ғана қолданыңыз.
Осы нұсқаулықтағы ескертулер мен қауіпсіздік шаралары мен жағдайларды толық қамтымайды.
Машинаны орнату, техникалық қызмет көрсету және пайдалану кезінде сіздің сергек болуыңыз,
қауіпсіздік шараларын сақтауыңыз және машинаңызға дұрыс күтім жасауыңыз керек.
Осындағы пайдалану бойынша нұсқаулықтар машиналардың бірнеше түріне арналғандықтан, сіздің кір
жуғыш машинаңыздың сипаттамалары осы нұсқаулықта келтірілген сипаттамалардан біршама өзгеше
болуы мүмкін, сондықтан да ескерту белгілерінің барлығы сіздің машинаңызға қатысы болмауы мүмкін.
Егер сұрақтар бен қиындықтар туындап жатса, жақын қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз
немесе кеңестерді www.samsung.com сайтынан алыңыз.
МАҢЫЗДЫ ҚАУІПСІЗДІК БЕЛГІЛЕРІ МЕН САҚТАНДЫРУ ШАРАЛАРЫ
Осы тұтынушы нұсқаулығында қолданылатын белгілер мен таңбалар
төмендегілерді білдіреді:
Дұрыс пайдаланбау немесе қауіпсіздік шараларын сақтамау ауыр
ЕСКЕРТУ
жарақат алуға немесе өлімге әкелуі мүмкін.
Дұрыс пайдаланбау немесе қауіпсіздік шараларын сақтамау жеңіл
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
жарақат алуға немесе мүліктің бүлінуіне әкелуі мүмкін.
Өрттің, жарылыстың, электр тоғына соғылудың немесе жарақат
алудың пайда болу қаупін төмендету үшін, кір жуғыш машинаны
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
пайдаланған кезде төмендегі сақтандыру шараларын сақтаңыз.
БҰНЫ жасауға тырыспаңыз.
Бөлшектемеңіз.
Ұстамаңыз.
Нұсқауларды қатаң ұстаныңыз.
Қосу кабелінің айырын желілік розеткадан ажыратыңыз.
Электр тоғының соғуына жол бермеу үшін кір жуғыш машинаның
жерге қосылғанына көз жеткізіңіз.
Қызмет көрсету орталығынан көмек сұраңыз.
Ескерту
Бұл ескерту белгілері осы жерде сіздің және басқа адамдардың жарақаттануының алдын
алу мақсатында орналастырылған.
Бұларды мұқият ұстаныңыз.
Осы бөлімді оқып болғаннан кейін сізге болашақта керек болып қалатын ақпаратты іздеу
үшін сенімді жерде сақтаңыз.
Осы машинаны пайдаланбас бұрын, нұсқаулықты оқып шығыңыз.
Бұл машинға да кез келген басқа құралдар сияқты электр қуаты мен қозғалмалы
бөлшектер қолданылатындықтан өте қауіпті. Машинамен қауіпсіз жұмыс жүргізу үшін
оның қалай істейтіндігімен танысыңыз және оны пайдаланған кезде күтім жасаңыз.
4_ Сақтандыру шаралары
WF702U2BB-02917A-08_KK.indd 4 2014-2-21 10:36:24
ЕСКЕРТУ: Өрт қаупін, электр тогының соғуы немесе дене жарақаты қаупін азайту үшін
ЕСКЕРТУ
негізгі сақтандыруларды орындаңыз, соның ішінде:
Балаларға (немесе үй жануарларына) өзіңіздің кір
жуғыш машинаңызда немесе соның ішінде ойнауына
жол бермеңіз. Кір жуғыш машинаның есігін іштен ашу
өте қиын, сондықтан балалар машинаның ішінде қалып
қойса, қатты зақым келуі мүмкін.
Бұл құрылғы кембағал, сезім мүкістігі бар немесе ақыл-
есі кем, құрылғыны қолдану тәжірибесі жоқ не қолдана
білмейтін адамдар (балаларды қоса алғанда) қолдануға
арналмаған. Олар осы құрылғыны өз қауіпсіздігін
қамтамасыз ететін адамның нұсқауы немесе қадағалауы
бойынша пайдалануға тиіс.
Балалардың машинамен ойнамайтындығына сенімді
болу үшін оларға қарап жүріңіз.
Еуропада пайдалану үшін: Бұл құрылғыны 8 жасқа
толған және одан асқандар ғана қолдануға тиіс және
кембағал, сезім жүйесі дамымаған немесе ақыл-есі кем,
құрылғыны қолдану тәжірибесі жоқ не қолдана білмейтін
адамдар құрылғыны қауіпсіз қолдану, қатерлі жағдайлар
туралы нұсқау алса немесе тиісті адамның қадағалауы
бойынша пайдалануға тиіс. Балалар құрылғымен
ойнамауға тиіс. Балалар үлкендердің қарауынсыз
тазалау немесе күтім көрсету жұмыстарын орындамауға
тиіс.
Егер жеткізілген сым зақымданған болса, зиянның
алдыну алу үшін оны өндіруші, оның қызметтік агенті,
ұқсас білікті адам жаңасына ауыстыруы керек.
Бұл құрылғы қуат қосышы, су беру краны және ағызу
құбырлары қолжетімді тұратындай етіп орналастырылуы
керек.
Негізінде желдету саңылаулары бар жабдықтар
саңылауларын кілем қалқаламауы керек.
Ескі шланг жиынтығын қайта қолданбай, жабдықпен бірге
берілетін жаңа шланг жиынтығы пайдаланылуы керек.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ: Жылу сөндіргішін байқаусызда
зауыттық күйіне келуіне байланысты зиянның алдын алу
үшін бұл жабдық таймер сияқты сыртқы қосқын құралмен
бірге немесе құрылғы арқылы тұрақты түрде қосылатын
және өшірілетін контурға қосылуы жеткізілмеуі керек.
Сақтандыру шаралары _5
WF702U2BB-02917A-08_KK.indd 5 2014-2-21 10:36:24
Сақтандыру шаралары
Бұл құралды орнатуды білікті техник немесе қызмет көрсететін компания жүзеге
асыруы керек.
- Бұл талапты орындамау электр тоғының соғуына, өртенуге, жарылысқа,
бұйымның істен шығуына немесе жарақат алуға әкелуі мүмкін.
Бұл машинаның салмағы ауыр, оны қалай көтеруді ойластырыңыз.
Қуаттану шнурын 220 В, 50 Гц, 15 А ауыспалы тогінің қабырға розеткасына
қосыңыз да, бұл розетканы тек осы машинаны қосу үшін қолданыңыз. Сондай-ақ
ұзартқыш сым қолданбаңыз.
- Тройник немесе қуаттану шнурын ұзарту арқылы қабырға розеткасына басқа
аспапты бір уақытта қосу электр тоғының соғуына немесе өртенуге әкелуі мүмкін.
- Қуаттылығы, жиілігі және ток күші бұйымның техникалық сипаттамасында
көрсетілген мәндерге сәйкес келетіндігіне көз жеткізіңіз. Бұл талапты орындамау
электр тоғының соғуына немесе өртенуге әкеп соғуы мүмкін. Қуаттану айыры
қабырға розеткасында орнықты тұруы керек.
Қуаттану айырының байланысатын жерінен және байланыс қабатынан бөтен
заттарды, мысалы, шаң немесе суды құрғақ матамен сүртіп отырыңыз.
- Қуаттану айырын шығарып алып, оны құрғақ матамен тазалаңыз.
- Бұл талапты орындамау электр тоғының соғуына немесе өртенуге әкелуі мүмкін.
Қуаттану айырын шнуры еденге қарай түсетіндей етіп, қабырға розеткасына дұрыс
қосыңыз.
- Егер сіз қуаттану айырын розеткаға қуаттану шнуры қарсы бағытта болатындай
етіп қосатын болсаңыз, онда шнурдағы электр желісі бүлініп, электр тоғының
соғуына немесе өртенуге әкелуі мүмкін.
Барлық қаптау материалдарын балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз, себебі
қаптау материалдары олар үшін қауіпті болуы мүмкін.
- Егер сәби басын қалташаға тығып алса, нәтижесінде тұншығып қалуы мүмкін.
Егер осы машина, не қуаттану айыры немесе қуаттану шнуры бүлінген болса,
жақын маңда орналасқан қызмет көрсету орталығымен байланысыңыз.
Бұл машина жерге берік байланысылуы керек.
Машинаны газбен қамтамасыз ету құбыры, су құбырының пластмасса түтігі немесе
телефон желісі арқылы жерге байланыстырмаңыз.
- Бұл электр тоғының соғуына, өртенуге, жарылысқа немесе бұйымның жұмыс
істемей қалуына әкелуі мүмкін.
- Жерге дұрыс қосылмаған розеткаға қуаттану шнурын қоспаңыз. Жерге
байланыстыру жергілікті және мемлекеттік ережелерге сәйкес келетіндігіне көз
жеткізіңізs.
Бұл машинаны жылытқыш құралдар мен жанғыш материалдардың жанына
орналастырмаңыз.
Машинаны ылғалды, май, шаң жерге немесе күн сәулесі және су тікелей түсетін
(мысалы, жаңбыр тамшысының астына) жерге орналастырмаңыз.
Бұл машинаны температурасы төмен жерлерге орнатпаңыз.
- Аяз құбырларды жарып жіберуі мүмкін.
Бұл машинаны газ шығуы мүмкін жерлерге орнатпаңыз.
- Бұл электр тоғының соғуына немесе өртенуге әкелуі мүмкін.
WF6EF1R0N2W-03327A_KK.indd 6 2013-3-22 9:05:06
Электр трансформаторын пайдаланбаңыз.
- Бұл электр тоғының соғуына немесе өртенуге әкелуі мүмкін.
Бүлінген қуаттану айырын, бүлінген қуаттану шнурын немесе мықты орнатылмаған
- Бұл электр тоғының соғуына немесе өртенуге әкелуі мүмкін.
Қуаттану шнурынан ұстап тартпаңыз және қатты майыстырмаңыз.
Қуаттану шнурын бұрамаңыз және байламаңыз.
Қуаттану шнурын темір затқа ілмеңіз, қуаттану шнурына кез келген ауыр затты
қоймаңыз, қуаттану шнурын бір заттардың арасына қоймаңыз немесе қуаттану
шнурын машинаның артқы қабырғасында орналасқан ұяшыққа қоймаңыз.
- Бұл талапты орындамау электр тоғының соғуына немесе өртенуге әкелуі мүмкін.
Айырды розеткадан суырғанда қуаттану шнурынан ұстап тарпаңыз.
- Айырды розеткадан суырған кезде айырдан ұстап тартыңыз.
- Бұл талапты орындамау электр тоғының соғуына немесе өртенуге әкелуі мүмкін.
Қуаттану шнуры мен шлангтарды шалынып, құлап қалатын жолға тастамаңыз.
Бұл машина қуаттану розеткасына қолжетерлік жерге орнатылуы керек.
- Бұл талапты орындамау көрінбегендіктен электр тоғының соғуына немесе
өртенуге әкелуі мүмкін.
Машинаңызды салмағын көтере алатын тегіс, қатты еденге орналастырыңыз.
- Бұл талапты орындамау түрлі діріл, машинаның еденде жылжуы, шу немесе
олқылықтарға әкелуі мүмкін.
Егер машина суға толып кетсе, су көзі мен электр көзін бірден өшіріп, жақын
маңайдағы қызмет көрсету орталығымен байланысыңыз.
- Ашаны дымқыл қолмен Ұстамаңыз.
- Бұл талапты орындамау электр тоғының соғуына әкелуі мүмкін
Егер машинадан бір түрлі дыбыс шығып, өртенген немесе түтіннің иісі шықса
бірден қуаттану айырын өшіріп, жақын маңайдағы қызмет көрсету орталығымен
байланысыңыз.
- Бұл талапты орындамау электр тогынің соғуына немесе өртенуге әкелуі мүмкін.
Газ шыққан жағдайда (мысалы, пропан, сұйытылған мұнай газы және т.б.) қуаттану
айырын ұстамай бірден бөлмені желдетіңіз. Машинаны немесе қуаттану шнурын
ұстамаңыз.
- Желдеткішті қоспаңыз.
- Ұшқын жарылысқа немесе өртке әкелуі мүмкін.
Балаларды кір жуғыш машинасының ішінде немесе үстінде ойнатпаңыз. Сондай-ақ
машинаны тастайтын кезде кір жуғыш машинасы есігінің тұтқасын алып тастаңыз.
- Машинаның ішіне кірген бала қамалып, тұншығып қалуы мүмкін.
Кір жуғыш машинаның астына бекітілген қаптама (губка, пенопласт) машинаны
қолданудан бұрын алынып тасталғанына көз жеткізіңіз.
WF6EF1R0N2W-03327A_KK.indd 7 2013-3-22 9:05:06
Сақтандыру шаралары
Машинаның кірленген жерлерін бензинмен, керосинмен, бензолмен, бояу
еріткішпен, спиртпен және басқа да өртенгіш немесе жарылғыш заттармен
жумаңыз.
- Бұл электр тоғының соғуына, өртенуге және жарылысқа әкелуі мүмкін.
Кір жуғыш машина жұмыс істеп тұрғанда (жоғары температурадағы сумен жуу/
кептіру/сығу режимдерінде) оның есігін күшпен ашпаңыз.
- Кір жуғыш машинадан аққан су күйдіруі, еденді сырғанақ етуі мүмкін.
Бұл жарақаттануға әкелуі мүмкін.
- Есікті күштеп ашу машинаның сынуына немесе жарақат алуға әкелуі мүмкін.
Қолыңызды машинаның астына тықпаңыз.
- Бұл жарақаттануға әкелуі мүмкін.
Қуаттану айырын су қолмен ұстамаңыз.
- Бұл электр тоғының соғуына әкелуі мүмкін.
Машина жұмыс істеп тұрған кезде оны өшіру үшін қуаттану айырын суырмаңыз.
- Қуаттану айырын қабырға розеткасына қайта тығу ұшқын пайда болып, электр
тоғы соғуы мен өртенуге әкелуі мүмкін.
Балалар мен әлсіз адамдарға қараусыз бұл машинана пайдалануға рұқсат
бермеңіз. Балаларды машинаның үстіне шығармаңыз.
- Бұл талапты орындамау электр тоғының соғуына, күю немесе жарақат алуға
әкелуі мүмкін.
Кір жуғыш машина жұмыс істеп тұрған кезде қолыңызды немесе басқа бір темір
затты астына тықпаңыз.
- Бұл жарақаттануға әкелуі мүмкін.
Машинаны қуаттану шнурынан тартып өшірмеңіз, айырды мықтап ұстап, қуаттану
розеткасынан тікелей суырыңыз.
- Шнурдың бүлінуі қысқа тұйықталуға, өртенуге және/немесе электр тоғының
соғуына әкелуі мүмкін.
Машинаны өздігіңізден жөндеуге, бөлшектеп тастауға немесе қайта жасауға
тырыспаңыз.
- Стандартты ерігіш басқа ерігіш сақтандырғыштарды (мысалы, мыс қойғыш,
болат сымы және т.б.) пайдаланбаңыз.
- Егер машинаны жөндеу немесе қайтадан орнату керек болса жақын маңайдағы
қызмет көрсету орталығымен байланысыңыз.
- Бұл талапты орындамау электр тоғының соғуына, өртенуге, машинаның сынуына
немесе жарақаттануға әкелуі мүмкін.
Егер құрылғы басқа зат мәселен, қажет емес жеріне су кіріп кеткен болса жақын
жердегі қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
- Бұл талапты орындамау электр тогынің соғуына немесе өртенуге әкелуі мүмкін.
Егер су жіберетін шланг краннан шығып кетіп, машинаға су құйыла бастаса қуаттану
айырын суырып тастаңыз.
- Егер су жіберетін шланг краннан шығып кетіп, машинаға су құйыла бастаса
қуаттану айырын суырып тастаңыз.
Егер машина ұзақ уақыт пайдаланылмайтын немесе күн күркіреп/найзағай
жарқырап жаңбыр жауса қуаттану айырын ажыратып тастаңыз.
- Бұл талапты орындамау электр тоғының соғуына немесе өртенуге әкелуі мүмкін.
WF6EF1R0N2W-03327A_KK.indd 8 2013-3-22 9:05:06
Егер кір жуғыш машина кір жуатын құрал, дақ, тағам қалдықтары сияқты және
т.б. бөтен заттармен кірленсе қуаттану айырын ажыратып, оны жұмсақ дымқыл
матамен тазалаңыз.
- Бұл талапты орындамау түсінің оңуына, түрінің өзгеруіне, сынуға немесе тот
басуға әкелуі мүмкін.
Алдыңғы әйнек қатты соққыдан сынып кетуі мүмкін. Кір жуғыш машинаны
пайдаланған кезде сақ болыңыз.
- Сынық әйнек жарақаттануға әкелуі мүмкін.
Судың келуі тоқтаған немесе су жүретін шлангты қайтадан қосқан кезде кранды
ақырындап ашыңыз.
Егер машинаны көптен бері пайдаланбасаңыз, кранды абайлап ашыңыз.
- Су жіберетін шлангте немесе су жіберетін құбырда ауа болса, қайсыбір
бөлшегінің сынуына немесе судың ағуына әкелуі мүмкін.
Егер жұмыс істеу кезінде өздігінен су ағып кетсе, су ағызуында ақау бар ма
тексеріңіз.
- Егер кір жуғыш машина су ағызуының бүлінуінен машина суға толып кетсе, онда
ол электр тогынің тарап кетуінен электр тоғының соғуына немесе өртенуге әкелуі
мүмкін.
Кірді кір жуғыш машинаның есігіне қысылып қалмайтындай етіп, толығымен
салыңыз.
- Егер кір есікке қысылып қалса, ол бүлінуі мүмкін немесе кір жуғыш машина
сынып, не су ағып кетуі мүмкін.
Кір жуғыш машина пайдаланбаған кезде кранның жабық тұруын қадағалаңыз.
- Су жіберетін шланг байланыстырғышындағы бұраманың дұрыс тартылып
тұрғанына көз жеткізіңіз.
- Бұл талапты орындамау мүліктің бұзылуына немесе жарақаттануға әкелуі
мүмкін.
Резеңке қымтағышта басқа материалдардың (мата қиындылары, жіптер және т.б.)
болмауын тексеріңіз.
- Есіктің берік жабылмауы судың ағып кетуіне әкелуі мүмкін.
Машинаны пайдаланар алдында кранды ашып, су жіберетін шланг
байланыстырғышы сенімді тартылып тұрғандығына және бұрын ағып тұрған судың
тоқтағандығына көз жеткізіңіз.
- Егер бұрама немесе су жіберетін шланг байланыстырғышы мықтап тартылып
тұрмаса, судың ағып кетуіне әкелуі мүмкін.
Сатып алған құрылғыңыз тұрмыста қолдануға ғана арналған.
Егер коммерциялық мақсатта қолданылса, өнім көрсетілген мақсатта
қолданылмаған болып есептеледі.
Бұндай жағдайда, өнім Samsung тарапынан берілетін стандартты кепілдік бойынша
қарастырылмайды және дұрыс қолданбау салдарынан орын алған ақау немесе
нұқсанға Samsung компаниясы жауапкершілік көтермейді.
WF6EF1R0N2W-03327A_KK.indd 9 2013-3-22 9:05:06
Сақтандыру шаралары
Машинаның үстіне шықпаңыз және оған заттар (кір, жанған шам, өшірілмеген темекі, ыдыс,
химикаттар, темір заттар сияқты және т.б.) қоймаңыз.
- Бұл электр тоғының соғуына, өртенуге, машинаның сынуына немесе жарақаттануға әкелуі
мүмкін.
Машинаның үстіне инсектицидтер сияқты тез буланатын заттарды шашпаңыз.
- Олар адамдарға зиянды болумен қатар электр тоғының соғуына, өртенуге және
машинаның сынуына әкелуі мүмкін.
Кір жуғыш машинаның жанына электр магнит аумағын тудыратын приборларды қоймаңыз.
- Бұл машина жұмысының бұзылуынан жарақаттануға әкелуі мүмкін.
Жуу және кептіру режимдерінде төгілетін су жоғары температурада болатындықтан, бұл суға
жоламаңыз.
- Бұл күюге немесе жарақаттануға әкелуі мүмкін.
Егер машинаңызда мына заттарды жууға арналған бағдарлама болмаса, орындыққа
арналған су өткізбейтін көпшіктерді, шыпта немесе киімдерді (*) жумаңыз, сықпаңыз және
кептірмеңіз.
- Қалың, қатты циновкаларды жумаңыз.
- Бұл жарақаттануға әкеледі немесе шамадан тыс дірілдің нәтижесінде кір жуғыш
машинаны, қабырғаны, еденді немесе киімді бүлдіруі мүмкін.
* Жүннен жасалған төсек жабдықтары, жаңбырдан қорғану үшін киетін киімдер, балықшы
киімі, шаңғышы шалбары, ұйықтайтын қап, балалар жөргегі, тоқыма спорт киімдері,
сондай-ақ велосипедтерді, мотоциклдерді, автомобильдерді жабуға арналған тенттер
және т.б.
Егер кір жуғыш заттар қорабы орнына қойылмаса, машинаны қоспаңыз.
- Бұл электр тоғының соғуына немесе судың ағуынан жарақаттануға әкелуі мүмкін.
Кептіру кезінде немесе одан кейін де бактың ішкі жағын ұстамаңыз, себебі ол ыстық.
- Бұл күйіп қалуға әкелуі мүмкін.
Кір жуғыш құралдарды салатын қорапты ашқаннан кейін, қолыңызды салмаңыз.
- Бұл жарақаттануға әкелуі мүмкін, себебі сіздің қолыңызды кір жуғыш құралдарды енгізетін
құрылғы орап кетуі мүмкін. Кір жуғыш машинаға тек жууға болатын заттардан басқа
заттарды (бәтіңке, тағам қалдықтары, жануарлар сияқты) салмаңыз.
- Қатты дірілдің нәтижесінде кір машина сынып немесе үй жануарлары жарақаттанып, өлуі
де мүмкін.
Түймешелерді шпилька, пышақ, шеге және т.б. сияқты үшкір заттармен баспаңыз.
- Бұл электр тоғының соғуына немесе жарақаттануға әкелуі мүмкін.
Теріні күтуге арналған заттарды сататын арнайы дүкендерде немесе массаж жасайтын
емханаларда сатылатын май, крем немесе лосьонмен ластанған кірлерді жумаңыз.
- Бұл тығыздағыш резеңкенің деформацияланып, сыртқа су жіберу жағдайына әкелуі
мүмкін.
Ағылшын түйреуіші немесе шаш қыстырғыш немесе тюбиктегі ағартқыш сияқты темір
заттарды барабанда ұзақ уақытқа қалдырмаңыз.
- Нәтижесінде, барабанды тот басып кетуі мүмкін
- Егер барабан бетін тот баса бастаса, оған жуатын құрал (бейтарап) жағып, оны тазалау
үшін губканы пайдаланыңыз. Темір щетканы ешқашан қолданбаңыз.
Құрғақ химиялық тазалау құралдарын пайдаланбаңыз және құрғақ химиялық тазалау
құралдарымен ластанған кірді жумаңыз, шаймаңыз және сықпаңыз.
- Бұл мұнай тотығуынан болатын жоғары температураның салдарынан өздігінен тұтанып,
өртенуі мүмкін.
Салқындатуға/жылытуға арналған құрылғыдағы ыстық суды пайдаланбаңыз.
- Бұл кір жуғыш машинаның бүлінуіне әкелуі мүмкін
WF6EF1R0N2W-03327A_KK.indd 10 2013-3-22 9:05:06
Кір жуғыш машинаға қол жууға арналған сабынды пайдаланбаңыз.
- Егер ол қатып, кір жуғыш машинада жиналып қалса, машина бүлініп, түссізденіп,
тот басып немесе жағымсыз иіс шығуы мүмкін.
Төсек жабдықтары сияқты көлемді заттарды кір жууға арналған торда жумаңыз.
- Шұлық және кеуде тартқышты кір жууға арналған торға салыңыз және оларды
басқа кірлермен бірге жуыңыз.
- Бұл талапты орындамау қатты дірілден жарақаттануға әкеп соғуы мүмкін.
Қатып қалған кір жууға арналған құралдарды пайдаланбаңыз.
- Олардың кір жуғыш машинада жиналуы судың ағып кетуіне әкеледі.
Егер Сіздің кір жуғыш машинаңыздың астыңғы жағында желдеткіш тесіктері болса,
осы тесіктердің ауаның жүруіне кедергі жасайтын кілеммен немесе басқа да затпен
жабылмағанын тексеріңіз.
Машинада жуылатын киімдердің қалтасы бос екендігіне көз жеткізіңіз.
- Тиын, ағылшын түйреуіші, шеге, бұрандалы бекіткіш немесе тас сияқты қатты
өткір заттар кір жуғыш машинаның бүлінуіне әкелуі мүмкін.
Ірі тоқылған, үлкен түймелері немесе басқа да металл ауыр жабдығы бар киімдерді
кір жуғыш машинада жумаңыз.
Машинаға жай ғана су шашып, тазаламаңыз.
Құрамында қышқылы аса көп тазалағыштарды қолданбаңыз.
Кір жуғыш машинаны тазалау үшін бензол, еріткіш немесе спиртті пайдаланбаңыз.
- Бұл түссізденуге, деформацияға, сынуға, электр тоғының соғуына немесе
өртенуге әкелуі мүмкін.
Кір жуғыш машинаны тазалау немесе оған техникалық қызмет көрсету алдында
машинаны қуаттану көзінен қабырға розеткасынан қуаттану айырын суыру арқылы
ажыратыңыз.
- Бұл талапты орындамау электр тоғының соғуына немесе өртенуге әкелуі мүмкін.
Бұйымдағы, қосымша жабдықтардағы немесе баспа өнімдеріндегі бұл белгі бұйымды
және оның қосымша электронды құрылғыларын (мысалы, қуаттау құрылғысы,
тыңдау құрылғылары, USB кабель) жарамдылық мерзімі аяқталғаннан кейін басқа
үй қалдықтарымен бірге лақтыруға болмайтынын білдіреді. Қажет емес заттарды
қалай болса солай тастаудың нәтижесінде қоршаған ортаға немесе адамдардың
денсаулығына зиян келтіру мүмкіндігін болдырмау үшін көрсетілген бөліктерді
тасталатын құрылғының басқа бөліктерінен бөлек алып, материалды ресурстарды тиімді
қайта пайдалануға үлес қосу үшін қайтадан кәдеге жаратыңыз.
Үй тұтынушыларына осы құрылғыны қайтадан экологиялық қауіпсіз пайдалануға оны
қайда және қалай өткізуге болатындығын білу үшін сатып алған жеке сатушымен немесе
жергілікті билік кеңсесімен байланысқан жөн.
Бизнеспен айналысатын тұтынушылар, өздерінің жеткізушілерімен байланысып, ережелер
мен сатып алу шарттарын тексерулері керек. Бұл бұйымды және оның электронды
жабдықтарын басқа коммерциялық қалдықтармен бірге лақтырудың қажеті жоқ.
WF6EF1R0N2W-03327A_KK.indd 11 2013-3-22 9:05:06
Мазмұны
Жиынтығын тексеру
14 Орнату талаптарын тексеру
14 Электр жүйесіне қосу және жерге
13
байланыстыру
14 Су жіберетін шлангті қосу
Су ағызатын шлангты қосу
Машинаны орнатуға орын таңдау
Үй-жайдағы температура
Шкафтар мен жабық орындарда орнату
Кір жуғыш машинаны орнату
21 Алғашқы кір жуу
21 Жалпы нұсқаулықтар
22 Басқару панелін пайдалану
21
24 Балалардан қорғайтын құлып
24 Отсрочка (Кешіктіріп аяқтау)
Циклды ауыстырғышты пайдалана
отырып кір жуу
26 Кір жуу режимін қолмен орнату
26 Кір жуу бойынша нұсқаулық
Кір жууға арналған құралдар мен қоспалар
туралы ақпарат
Кір жуу құралдарын пайдалану
28 Кір жуғыш құралдар бөлігі
28 Сұйық тазалағыш зат (кей үлгілерде)
Кір жуғыш машинадан суды жедел ағызу
Кір жуғыш машинаның сыртын тазалау
Кір жууға арналған құралдар бөлігі мен
қуыстарды тазалау
Қоқысқа арналған сүзгіні тазалау
29
Су жіберетін шлангтің тор сүзгісін тазалау
Қатып қалған кір жуғыш машинаны жөндеу
Кір жуғыш машинаны сақтау
Ақаулықтар мен оларды жою тәсілдері
Ақпараттық кодтар
33
Бағдарламалар кестесі
35
Киім жапсырмасындағы мәндерді сипаттау
Қоршаған ортаны қорғау
Стандарттарға сәйкестігі туралы хабарлау
36
Техникалық сипаттамалары
WF6EF1R0N2W-03327A_KK.indd 12 2013-3-22 9:05:06
Кір жуғыш машинаны орнату
Кір жуғыш машина дұрыс жұмыс істеп, кір жуу кезінде жарақаттану қаупі
туындамас үшін осы нұсқаулықты қатаң сақтаңыз.
Кір жуғыш машинаны қаптамасынан шығарып, тасымалдау кезінде зақымданбағандығын тексеріңіз.
01 КІР ЖУҒЫШ МАШИНАНЫ ОРНАТУ
Жиынтықта төменде көрсетілген бөлшектердің барлығы бар екендігіне көз жеткізіңіз. Егер кір жуғыш
машина тасымалдау кезінде зақымданса немесе жиынтықта бөлшектері түгел болмаса, бірден
Samsung қызмет көрсету орталығына немесе Samsung компаниясының дилеріне хабарласыңыз
Болт астындағы саңылауларға арналған қақпақшалар
саны модельге байланысты болады (3~5 саңылаулар).
WF6EF1R0N2W-03327A_KK.indd 13 2013-3-22 9:05:07
Кір жуғыш машинаны орнату
Өртену, электр тоғының соғуы және жарақаттану қаупінің алдын алу үшін сымдар мен
жерге байланыстыру ANSI/FNPA №70 стандарттарына және жергілікті нормалар мен
ережелерге сәйкес орындалуы керек. Құрылғы иесі құрылғының электр жүйесіне дұрыс
қосылуына өзі жауапты.
Ұзартқышты пайдалануға тыйым салынады.
Кір жуғыш машинамен берілетін қуаттану кабелін ғана пайдаланыңыз.
Орнатуға дайындық кезінде электр қуаты желісінің төмендегі талаптарға сәйкестігін
тексеріңіз:
220-240 В, 50 Гц, сақтандырғыш немесе автоматты ажыратқыш 15 А.
Кір жуғыш машина басқа құрылғылар қосылмаған жеке қатарға қосылуы керек.
Кір жуғыш машина жерге байланыстырылуы керек. Кір жуғыш машина бұзылған немесе
сынған жағдайда жерге байланыстыру электр тоғының соғу қаупін азайтады.
Егер кір жуғыш машина үш контактілі айырмен келсе, оны дұрыс орнатылған, жерге
байланыстырылған розеткаға қосыңыз.
Жерге байланыстыруды пластик қабатқа, газ құбырларына, жылыту және су
құбырларына қоспаңыз.
Жерге байланыстыру дұрыс жүзеге аспаған жағдайда электр тоғының соғуына әкелуі
мүмкін.
Машинаны пайдаланар алдында кәсіби электрик жерге байланыстырудың дұрыс
орындалғанын тексеру керек. Кір жуғыш машинамен бірге алынған айырды
ауыстырмаңыз. Егер айыр розеткаға сәйкес келмесе, кәсіби электриктен сәйкес келетін
розетка орнатып беруін сұраңыз.
Су қысымы 50-800 кПа болған кезде кір жуғыш машина дұрыс жұмыс істейді. Су қысымы
50 кПа-дан төмен болса су клапаны толығымен жабылмай, істен шығуы мүмкін. Сондай-
ақ кір жуғыш машинаның сумен толуы рұқсат етілген уақыттан ұзақ болуы салдарынан,
құрылғы өшіп қалуы мүмкін. (Ішкі шлангтің жарылып кетуінен судың толып кетуін және су
басып кетуін болдырмау үшін кір жуғыш машинаның басқару жүйесіне уақыт шектеуіші
қойылған)
Су құбыры крандары кір жуғыш машинаның артқы қабырғасынан 122 см –ден аспайтын
қашықтықта болуы керек: бұл жағдайда қосылу үшін кір жуғыш машинамен бірге
жеткізілген су жіберетін шлангтың ұзындығы жеткілікті болады.
Құбыр жүйесіне арналған тауарлар сатылатын дүкендердің көпшілігінде,
ұзындығы305 см дейінгі, су құятын әр түрлі түтіктер сатылады.
Судың ағып кету қаупін азайту үшін:
• крандарға ыңғайлы қосылуды қамтамасыз етіңіз;
• кір жуғыш машина пайдаланылмаса, крандарды жауып жүріңіз;
• су ағып кетпегендігін үнемі тексеріп тұрыңыз.
Ескерту. Кір жуғыш машинаны алғаш пайдаланардың алдында барлық
шлангтерден, клапандардан және крандардан судың ағып тұрмағандығына көз
жеткізіңіз.
WF6EF1R0N2W-03327A_KK.indd 14 2013-3-22 9:05:07
Samsung компаниясы биіктігі 46 см тік құбырды пайдалануға кеңес береді. Су ағызатын
шланг ұстағыш арқылы тік құбырға бағытталуы керек. Тік құбырдың ішкі диаметрі суды
ағызатын шлангтің сыртқы диаметрінен үлкенірек болуы керек. Су ағызатын шланг кір
жуғыш машинаға фабрикада жалғастырылған.
01 КІР ЖУҒЫШ МАШИНАНЫ ОРНАТУ
Кір жуғыш машинаны мықты еденге орнатқан жөн. Ағаш еденге орнатқан кезде діріл
мен үйлеспеген ауырлықты азайту үшін оны бекітіп қойған жөн. Кір жуғыш машинаны
кілемнің немесе жұмсақ плитаның үстіне орнатқан кезде оның дірілі күшейе түседі;
сыққан кезде кір жуғыш машина аздап қозғалады.
Кір жуғыш машинаны тақтай тұғырға және қатты емес қабатқа орнатпаңыз.
Кір жуғыш машинаны су қатып қалуы мүмкін орындарға орнатпаңыз, себебі машинада
әрқашан (су клапанында, сорғыда және шлангтерде) аздаған су қалып қалады. Қатып
қалған су жетек тартпасын, сорапты және басқа да бөліктерді бұзуы мүмкін.
Кір жуғыш машина қауіпсіз жұмыс істеу үшін саңылаулар төмендегідей болуы керек:
жандарынан — 25 мм Арт жағынан — 51 мм
жоғарғы жағынан — 25 мм алдынан — 465 мм
Кептіргіші бар кір жуғыш машинаны орнатқан кезде алдынан кем дегенде 465 мм кем
емес саңылау қалдыру керек. Бір кір жуғыш машинаға саңылау қажет емес.
Кір жуғыш машинаны орнатпас бұрын. Орнатылатын орын төмендегі талаптарға
сәйкес болуына көз жеткізіңіз:
• желдетуге кедергі келтіретін кілем және басқа да жапқыштар жоқ тегіс, қатты
еден;
• орын тікелей күн сәулесінің түсуінен қорғалуы керек;
• оңай желдетілу керек;
• температура 0°-тан төмен болмауы керек;
• жылу көздерінен (маймен немесе газбен жылытқыштар) алыс орналасу керек;
• электр қуаты кабелі кір жуғыш машинаның астында қалып қалмайтындай кең
орын.
WF6EF1R0N2W-03327A_KK.indd 15 2013-3-22 9:05:07
Кір жуғыш машинаны орнату
Кір жуғыш машинаны пайдаланбас бұрын құрылғының артқы панеліндегі барлық
тасымалдау бұрандаларын алып тастау керек.
Барлық тасымалдау бұрандаларын кілттің көмегімен
босатыңыз.
Бұранданы кілтпен ұстап, оны тесіктің үлкен бөлігі
арқылы алып тастаңыз. Әр бұранда үшін осы жағдайды
қайталаңыз.
Тесіктерді қосымша берілетін пластмасса
бітеуіштермен жауып тастаңыз.
Тасымалдау бұрандаларын болашақта пайдалану үшін сақтап салыңыз.
Қаптау материалдары материалдары балаларға қауіп төндіруі мүмкін. Барлық
қаптау материалдарын (пластик және полиэтилен қалташалар) балалардың қолы
жетпейтін жерлерде сақтаңыз.
Қақпақ бекіткішін (қалташадағы
бөлшектердің біреуі) қуаттану кабелін
алған машинаның артқы жағындағы
тесікке салыңыз.
WF6EF1R0N2W-03327A_KK.indd 16 2013-3-22 9:05:08