Samsung BF641FB: Кіріктіріліп орнатылған тұмшапеш
Кіріктіріліп орнатылған тұмшапеш: Samsung BF641FB
BF3N сериялары
BF641 сериялары
Кіріктіріліп
орнатылған
тұмшапеш
Пайдаланушы
нұсқаулығы
Бұл нұсқаулық кітапша 100 % қайта өңдеуден өткізуге болатын қағазға басылған.
мүмкіндіктерді елестетіңіз
Samsung компаниясының бұл өнімін сатып
алғаныңызға рахмет.
BF3N,BF641 Series_BWT_DG68-00263A-10_KK.indd 1 2014-07-16 3:28:11
2
KK
Мазмұны
Пайдаланушы нұсқаулығын қолдану ................................. 3
Сақтық шаралары .................................................. 3
Шамды ауыстыру ............................................................8
Қуат қосылымы ..............................................................9
Орнату ............................................................ 9
Ас үй жиһазына орнату .......................................................10
Есікті ағытып алу ............................................................ 11
Есіктің әйнегін шешу ......................................................... 11
Қуатты автоматты түрде үнемдеу функциясы .....................................12
Аталған өнімді дұрыс пайдалану
(Электр қуатын шығындау және Электрондық жабдық) .............................12
Құрамдас бөліктері мен олардың функцияларының ерекшеліктері ...... 13
Жинақтың құрамы ...........................................................13
Іске кірісу алдында ................................................ 14
Уақытты орнату .............................................................14
Таймерді орнату .............................................................14
Child Safety Function (Бала қауіпсіздігінің функциясы) ..............................14
Тұмшапешті іске пайдалану ........................................ 15
Жылдам қыздыру режимі .....................................................15
Пісіру режимі ...............................................................15
Тұмшапеш функциялары .....................................................15
Тағам ......................................................................16
Тазалау және күтім көрсету ......................................... 17
Кепілдік және қызмет көрсету ....................................... 18
Ақаулықты түзету және жиі қойылатын сұрақтарға жауап ...........................18
Ақау коды және қауіпсіздік. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 18
BF3N,BF641 Series_BWT_DG68-00263A-10_KK.indd 2 2014-07-16 3:28:11
3
KK
Пайдаланушы нұсқаулығын қолдану
SAMSUNG компаниясының кіріктірілген пешін таңдағаныңызға рахмет.
Бұл пайдаланушы нұсқаулығында құрылғыны іске қосуға және күтіп ұстауға көмектесу үшін
берілген маңызды сақтық шаралары мен нұсқаулар қамтылған.
Пешті іске қосар алдында осы пайдаланушы нұсқаулығын уақыт бөліп оқып шығыңыз да,
келешекте қарап жүру үшін сақтап қойыңыз.
Осы пайдаланушы нұсқаулығының мәтінінде келесі белгілер қолданылған:
* )
Маңызды Ескерім
Сақтық шаралары
Бұл құрылғыны тек уәкілетті электр маманы ғана орнатуға тиіс. Құрылғыны орнатушы оны
электр желісіне, қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін берілген тиісті ұсыныстарды орындай
отырып жалғауға міндетті.
ЕСКЕРТУ
● Бұл құрылғы кембағал, сезім мүкістігі бар немесе ақыл-
есі кем, құрылғыны қолдану тәжірибесі жоқ не қолдана
білмейтін адамдар (балаларды қоса алғанда) қолдануға
арналмаған. Олар осы құрылғыны өз қауіпсіздігін
қамтамасыз ететін адамның нұсқауы немесе қадағалауы
бойынша пайдалануға тиіс.
● Балаларды құрылғымен ойнамас үшін қадағалап отыру
керек.
● Қорек сымына зақым келсе, оның орнына арнайы сым
немесе жинақты, өндіруші немесе уәкілетті қызмет
көрсету орталығынан сатып алып салу керек. (Сымдары
тұрақты орнатылатын құрылғы үлгісіне ғана қатысты)
● Қорек сымы бүлініп қалса, қатерлі жағдай орын алмас
үшін оны өндіруші немесе өндірушінің уәкілетті агенті
немесе білікті адам ауыстыруға тиіс. (Қуат сымы бар
құрылғы үлгісіне ғана қатысты)
BF3N,BF641 Series_BWT_DG68-00263A-10_KK.indd 3 2014-07-16 3:28:11
4
KK
Сақтық шаралары
(жалғасы)
● Құрылғыны орнатып болғаннан кейін электр желісінен
ағыту мүмкін болуға тиіс. Құрылғыны желіден ағыту үшін
оның ашасы қол жететін жерде тұруға тиіс немесе сымға
қолданыстағы ережеге сай айырып-қосқыш орнатылуға
тиіс.
● Құрылғы іске қосылып тұрғанда қызып кетеді. Пештің
ішіндегі қыздырғыш элементтерге қол тиіп кетпес үшін
абай болу керек.
● Құрылғы жұмыс істеп тұрғанда қол жететін бөлшектері
қызып тұруы мүмкін. Жас балаларды алыс ұстау керек.
● Егер құрылғының бумен немесе өздігінен тазалау
функциялары бар болса, төгіліп қалған заттарды бумен
немесе өздігінен тазалау функциясын бастамай тұрып
сүртіп, пеш ішінде ешбір ыдыс қалдыруға болмайды.
(Тазалау функциясы бар үлгіге ғана қатысты)
● Егер құрылғының өздігінен тазалау функциясы бар
болса, өздігінен тазалау функциясы кезінде өздігінен
тазаланатын беттер әдеттегіден ысып кетуі мүмкін,
балаларды алыс ұстау керек. (Тазалау функциясы бар
үлгіге ғана қатысты)
● Осы пеште қолдану үшін ұсынылған температура істігін
ғана пайдаланыңыз. (Температура істігі бар үлгіге ғана
қатысты)
● Бумен тазалағышты пайдалануға болмайды.
● Электр қатеріне түсіп қалмас үшін, құрылғы шамын
ауыстырар кезде оны электр желісінен ағытып алыңыз.
● Түрпілі тазалағыш заттар немесе өткір металл
қырғыштарды пеш есігінің шынысын тазалау үшін
пайдаланбаңыз, себебі бұндай заттар шыны бетіне
сызат түсіріп оның шытынап кетуіне алып келеді.
BF3N,BF641 Series_BWT_DG68-00263A-10_KK.indd 4 2014-07-16 3:28:11
5
KK
Сақтық шаралары
(жалғасы)
● Құрылғы мен оның қол жететін бөліктері, құрылғыны
пайдаланғанда қызып тұрады.
Қыздырғыш элементтерге қол тиіп кетпес үшін абай
болу керек. 8 жасқа толмаған балаларды, үнемі байқап
отырмаған жағдайда құрылғыдан алыс ұстау керек.
● Бұл құрылғыны 8 жасқа толған және одан асқандар ғана
қолдануға тиіс және кембағал, сезім жүйесі дамымаған
немесе ақыл-есі кем, құрылғыны қолдану тәжірибесі
жоқ не қолдана білмейтін адамдар құрылғыны қауіпсіз
қолдану, қатерлі жағдайлар туралы нұсқау алса немесе
тиісті адамның қадағалауы бойынша пайдалануға
тиіс. Балалар құрылғымен ойнамауға тиіс. Балалар
үлкендердің қарауынсыз тазалау немесе күтім көрсету
жұмыстарын орындамауға тиіс.
● Құрылғының қол жететін беттерінің температурасы
құрылғы жұмыс істеп тұрған кезде жоғары болуы мүмкін.
● Жұмыс істеп тұрған құрылғының есігі немесе сыртқы
беті ыстық болуы мүмкін.
● Құрылғыны және қорек сымын 8 жасқа толмаған
балалардан алыс ұстаңыз.
● Бұл құрылғылар жеке тұрған таймер немесе қашықтан
басқару құралының көмегімен басқарылмайды.
● Майысқан жақтауы бар жағын көп
мөлшерде тағам пісірген кезде салмақ
теңгерімін сақтау үшін артқы жаққа қарай
қойыңыз. (Үлгіге байланысты)
BF3N,BF641 Series_BWT_DG68-00263A-10_KK.indd 5 2014-07-16 3:28:11
6
KK
Сақтық шаралары
(жалғасы)
ЕСКЕРТУ
● Тасымалдау барысында пешке нұқсан келсе, оны желіге қоспаңыз.
● Құрылғыны электр желісіне тек уәкілетті электр маманы ғана қосуға тиіс.
● Құрылғыда ақау пайда болса немесе оған нұқсан келсе, іске қосуға әрекеттенбеңіз.
● Жөндеу жұмыстарын тек уәкілетті техник ғана орындауға тиіс. Жөндеу жұмысы
дұрыс орындалмаса, өзіңізге немесе басқаларға қатерлі болуы мүмкін. Егер пешіңізді
жөндеткіңіз келсе, SAMSUNG қызмет көрсету орталығына немесе дилеріңізге
хабарласыңыз.
● Электр сымдары мен кабельдерін пешке тигізбеу керек.
● Пешті электр желісіне қолдануға рұқсат етілген айырып-қосқыш немесе сақтандырғыш
арқылы жалғау керек. Көп бағытты адаптерді немесе ұзартқыш сымды ешқашан
қолданбаңыз.
● Құрылғыны жөндеу немесе тазалау қажет болса, міндетті түрді тоқ көзінен
ажыратыңыз.
● Пештің қасында орналасқан розеткаға электр құрылғыларын жалғаған кезде абай
болыңыз.
● Егер құрылғының бумен пісіретін функциясы бар болса, сумен жабдықтайтын
түтікшеге нұқсан келген жағдайда құрылғыны іске пайдаланбаңыз. (Бу функциясы бар
үлгіге ғана қатысты)
● Су құятын түтікшеге сызат түссе не сынса, оны қолданбаңыз, жақын қызмет көрсету
орталығына хабарласыңыз. (Бу функциясы бар үлгіге ғана қатысты)
● Бұл пеш тек үйде тағам пісіруге ғана арналып жасалған.
● Пеш іске қосылып тұрғанда, оның ішкі беті күйгізіп жіберерліктей ысып тұрады. Пештің
қыздырғыш элементтеріне немесе ішкі бетіне салқындағанша қол тигізуге болмайды.
● Пештің ішіне ешқашан тұтанғыш зат салып сақтауға болмайды.
● Құрылғы ұзақ уақыт жоғары температурада жұмыс істеген кезде, оның беті қызып
тұрады.
● Тағам пісіру барысында есікті абайлап ашыңыз, себебі ыстық ауа және бу кенет
шығып кетуі мүмкін.
● Құрамына алкоголь қосылған тағамды пісірген кезде, алкоголь жоғары температурада
буланып ұшып, егер пештің ыстық бөлшегіне тисе өрт шығуы мүмкін.
● Өз қауіпсіздігіңізді қамтамасыз ету үшін, жоғары қысымдағы су бүріккіш немесе бумен
тазалайтын құралдарды қолданбаңыз.
● Пеш іске қосылып тұрған кезде, балаларды қауіпсіз жерде алыс ұстау керек.
● Пицца тәрізді мұздатылған тағамды үлкен торға салып пісіру керек. Егер пісіру
науасын қолдансаңыз, температураның айырмашылығының тым көп болғандығына
байланысты деформацияланып қалуы мүмкін.
● Ыстық тұрған пештің табанына су құймаңыз. Себебі эмаль қаптама бүлінуі мүмкін.
● Тағам пісіру барысында пештің есігі жабық тұруға тиіс.
● Пештің табанын алюминий фольгамен қаптамаңыз және оған пісіру науасын немесе
қалбырын қоюға болмайды. Алюминий фольга қызудың шығуына бөгет жасап,
нәтижесінде эмаль қаптама бүлінуі және тағам дұрыс піспей қалуы мүмкін.
BF3N,BF641 Series_BWT_DG68-00263A-10_KK.indd 6 2014-07-16 3:28:11
7
KK
Сақтық шаралары
(жалғасы)
● Жеміс шырыны пештің эмаль қаптамасына кетпейтін дақ қалдыруы мүмкін. Өте сұйық
қоспадан жасалған тортты пісіру үшін шұңғыл табаны қолданыңыз.
● Пештің ашық тұрған есігінің үстіне тағам пісіретін ыдыстарды қоймаңыз.
● Кішкене балаларды құрылғымен ойнамас үшін қадағалап отыру керек.
● Есікті ашып-жапқан кезде балаларды алыс ұстаңыз, себебі олар есікке соғылып қалуы
немесе саусақтарын есікке қыстырып алуы мүмкін.
● Есікке сүйенбеңіз, отырмаңыз, ауыр зат қоймаңыз немесе оны баспаңыз.
● Есікті шамадан тыс көп күшпен ашпаңыз.
● Құрылғыны тағам пісіріп болғаннан кейін де электр тоғынан ажыратпаңыз.
● Пеште тағам пісіп жатқан кезде есігін ашып қоюға болмайды.
● Есікті ашып-жапқан кезде балаларды алыс ұстаңыз, себебі олар есікке соғылып қалуы
немесе саусақтарын есікке қыстырып алуы мүмкін.
BF3N,BF641 Series_BWT_DG68-00263A-10_KK.indd 7 2014-07-16 3:28:11
8
KK
Сақтық шаралары
(жалғасы)
Шамды ауыстыру
* Электр қатері бар!
Пештің кез келген шамын ауыстырар алдында,
төмендегі қадамдарды орындаңыз:
● Пешті сөндіріңіз.
● Пешті тоқ көзінен ажыратыңыз.
● Пештің жарықтама шамын және оның қалпағын,
пештің табанына төселген шүберекке қойып
қорғаңыз.
● Шамдарды SAMSUNG қызмет көрсету
орталығынан сатып алуға болады.
Пештің артқы шамы
1. Қалпағын сағат бағытына қарсы бұрап
ағытып, металл шығырығын, төсеме
шығырығын алыңыз да, шыны қалпақты
тазалаңыз. Егер қажет болса, шамды
25 ватт, 300 °C қызуға төзімді пеш
шамына ауыстырыңыз.
2. Қажет болса, шыны қалпақты, металл
шығырық пен төсеме шығырықты
тазалаңыз.
3. Металл шығырық пен төсеме
шығырықты шыны қалпаққа салыңыз.
4. Шыны қалпақты 1-ші қадамды
орындаған кезде алған жеріне салыңыз
да, сағат тілінің бағытымен бұрап
орнына салыңыз.
BF3N,BF641 Series_BWT_DG68-00263A-10_KK.indd 8 2014-07-16 3:28:11
9
KK
Орнату
* Орнатуға арналған қауіпсіздік нұсқаулары
Бұл пешті тек уәкілетті электр маманы ғана орнатуға тиіс. Құрылғыны электр желісіне,
тиісті қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатысты ұсыныстарды орындай отырып жалғауға
орнатушы міндетті.
● Пешті орнатқан кезде, оның кернеулі бөліктерінен сақтандыру керек.
● Пеш орнатылатын ас үй жиһазы DIN 68930 стандартында көрсетілген орнықтылық ережесінің
талабына сай болуы керек.
Қуат қосылымы
Егер құрылғы электр желісіне аша арқылы
жалғанбаса, қауіпсіздік стандарттарына сай келу үшін
көп-полюсті айырып-қосқышпен (контакттарының
арасы кем дегенде 3 мм) жабдықталуға тиіс. Қуат
сымының (H05 RR-F немесе H05 VV-F, мин., 2,5 мм²)
ұзындығы, тіптен пеш ас үй жиһазының алдыңғы
ҚОҢЫР
КӨК
САРЫ
жағындағы еденде тұрса да, пешті тоқ көзіне жалғау
немесе ҚАРА
немесе АҚ
және ЖАСЫЛ
үшін жеткілікті болуға тиіс. Пештің артқы жағында
орналасқан қуат қосылымы қақпағын бұрандамен
бұрап ашыңыз да, кабель қапсырмасының бұрандаларын, қуат сымдарын тиісті
ағытпаларға жалғар алдында босатыңыз. Пеш ( )-ағытпасы арқылы жерге қосылады.
Сары және жасыл сымды (жерге қосылатын) бірінші жалғау керек және бұлар басқа
сымдардан ұзын болуға тиіс. Егер пеш электр желісіне аша арқылы жалғанса, бұл
аша тіптен пешті орнатып болғаннан кейін де қол жететін жерде тұруға тиіс. Samsung
компаниясы жерге қосылмаған немесе теріс қосылған құрылғы үшін жауапкершілік
көтермейді.
* ЕСКЕРТУ: Орнату барысында қосылатын сымның қыстырылып қалуына және
пештің ыстық бөліктеріне тиіп кетуіне жол бермеңіз.
BF3N,BF641 Series_BWT_DG68-00263A-10_KK.indd 9 2014-07-16 3:28:11
10
KK
Орнату
(жалғасы)
Ас үй жиһазына орнату
Ас үй жиһазына кіріктіріп орнату керек болса, пештің үй жиһазының ішіндегі пластик
беттері мен желім 90 °C градусқа және көршілес жиһаздарға жақын жерлері 75 °C
градусқа төзімді болуға тиіс. Қызудың әсерінен пластик беттерге немесе желімдерге
нұқсан келсе Samsung ешбір жауапкершілік көтермейді.
Пеш қойылатын ас үй жиһазының табанында желдеткіш саңылау болуға тиіс. Астыңғы сөре
мен тірегіш қабырға арасында желдету үшін 50 мм бос орын қалдыру керек. Пешті пеш үстінің
астына орнату керек болса, пеш үстін орнату бойынша нұсқауларды орындау керек.
Ең кемінде 550
Ең кемінде 560
Ең кемінде 550
Ең кемінде 560
370
175
560
Ең кемінде 50
115
595
370
Ең кемінде 600
560
Ең көбі 476
550
572
Ең көбі 50
Ең кемінде 590 ~
Ең көбі 600
595
Ең кемінде 460 x Ең кемінде 50
595
550
Ең көбі
545
572
464
21
Астына кіріктірілген
595
545
21
Ең кемінде 460 x
Ең кемінде 50
Ішіне кіріктірілген +
Ішіне кіріктірілген
Астына кіріктірілген
Құрылғыны ас үй жиһазына әбден итеріп кіргізіп, 2 бұранданың көмегімен пештің екі
жағын әбден бекітіңіз. Құрылғы мен көршілес тұрған ас үй жиһазының арасында кем
дегенде 5мм орын қалуын қамтамасыз етіңіз.
Орнатып болғаннан кейін есіктен және пештің ішінен винил қорғағыш таспаны,
жапсырғышты, қағаз бен керек-жарақтарды алыңыз. Пешті ас үй жиһазынан алатын
кезде, пешті электр желісінен ағытып, екі жағындағы 2 бұранданы алыңыз.
* ЕСКЕРТУ : Пеш кіріктіріліп орнатылатын ас үй жиһазының ауа айналып тұруға
арналған, өлшемі кем дегенде суретте көрсетілгендей саңылауы
болуға тиіс. Осы саңылауды ағаш жаңқаларымен бітемеңіз, себебі
бұл желдетуге арналған саңылау.
)
Пештің алдыңғы сыртқы жағы, мысалы тұтқасы әр үлгіде әр түрлі болады.
Бірақ пештің өлшемі суретте көрсетілгендей.
BF3N,BF641 Series_BWT_DG68-00263A-10_KK.indd 10 2014-07-16 3:28:12
11
KK
Орнату
(жалғасы)
Есікті ағытып алу
Пештің есігін әдетте алмай қолдану керек, дегенмен, пештің есігін мысалы, тазалау үшін
алу керек болса, төмендегі нұсқауларды орындаңыз.
* АБАЙ БОЛЫҢЫЗ : Пештің есігі ауыр.
2
70
1
1.
Есікті ашыңыз да, екі
2.
Есікті шамамен 70°
3.
Тазалап болғаннан кейін
топсадағы қапсырмаларды
бойынша жабыңыз.
есікті орнына салу үшін
түгел ашыңыз.
Есіктің екі жақтауының
1 және 2 қадамдарды
орта тұсынан қос қолдап
кері ретпен орындаңыз.
ұстап, топсаларын ағытып
Топсаның қапсырмасын екі
алғанша тартып көтеріңіз.
жағынан жабу керек.
Есіктің әйнегін шешу
Тұмшапештің есігі бірінен кейін бірі орнатылған үш қабат шыныдан тұрады.
Бұл шыныларды тазалау үшін шешуге болады.
1.
Есіктің оң және сол
2.
Бекітпесін ағытыңыз және
3.
2-ші шыныны көтеріңіз
жағындағы түймешіктерді
есіктен 1-ші шыныны
және оны жуғыш зат
басыңыз.
шығарып алыңыз.
қосылған жылы сумен
тазалаңыз, содан кейін
таза, жұмсақ матамен
мұқият құрғатып сүртіңіз.
* БЕКІТУ : 1, 2 және 3-ші амалдарды керісінше қайталаңыз.
Тұмшапештің әр түрлі үлгілерінде есіктегі әйнектердің саны 2-ден 4-ке
дейін өзгеруі мүмкін.
Ішкі 1-ші әйнекті орнатқанда, жазулары бар беттің төмен қарай
бағытталып салынуына назар аударыңыз.
BF3N,BF641 Series_BWT_DG68-00263A-10_KK.indd 11 2014-07-16 3:28:13
12
KK
Орнату
(жалғасы)
Қуатты автоматты түрде үнемдеу функциясы
● Құрылғы функцияның ортасына келген кезде немесе уақытша тоқтап тұрған кезде ешбір
функцияны таңдамасаңыз, функция біржола тоқтайды да, 10 минуттан кейін сағат көрсетіледі.
● Шам: Тағам пісіру барысында пештің шамын “Пештің шамы” түймешігін басып сөндіруге
болады. Пісіру бағдарламасы басталғаннан кейін бірнеше минуттан кейін қуатты үнемдеу үшін
пештің шамы сөнеді.
Аталған өнімді дұрыс пайдалану
(Электр қуатын шығындау және Электрондық жабдық)
(Жеке қоқыс жинайтын жүйесі бар елдерге қатысты)
Өнімдегі, акцессуардағы немесе нұсқаулықтағы бұл таңбалау өнімді және оның
электрондық аксессуарларын (мысалы, қуат беру құрылғысын, құлаққаптың, USB
кабелін), олардың қызмет ету мерзімі өткен соң, үйде басқа мақсатта пайдалануға
болмайтындығын білдіреді. Қалдықтардың бақыланбайтын пайдаланылуынан қоршаған
ортаға немесе адам денсаулығына зиян келтірудің алдын алу үшін бұл заттарды басқа
қалдық түрлерінен бөлек алып қойыңыз және оларды материалдық ресурстарды екінші
рет пайдалану үшін қолданыңыз.
Үйде пайдаланушылар экологиялық қауіпсіз түрде қайта өңдеу үшін осы өнімді қай
жерден және қалай алуға болатынын анықтау мақсатында, осы өнімді сатып алған
жердегі ретейлермен немесе оның жергілікті кеңсесімен хабарласуы тиіс.
Іскерлік пайдаланушылар сату-сатып алу шартының талаптары мен ережелерін тексеру
үшін өзінің жабдықтаушысымен хабарласуы тиіс. Осы өнім және оның электрондық
аксессуарлары жойылатын басқа пайдаланған қаптамалармен араласып кетпеуі тиіс.
BF3N,BF641 Series_BWT_DG68-00263A-10_KK.indd 12 2014-07-16 3:28:13
13
KK
Басқару құралдары
1. Пісіру функцияларын таңдау тетігі
3. Температураны орнату тетігі
2. Дисплей терезесі
4. Уақытты орнату тетігі
) Алдыңғы панель
Сатып алушы алдыңғы панельдің материалын және түсін өз қалауы бойынша
таңдап алуына болады. Тот баспайтын болатты, ақ және қара түстерді, шыны
панельді таңдауға болады. Құрылғының сапасын жақсарту үшін сыртқы
панельдің қаптамасы сатып алушыға алдын ала ескертусіз өзгертілуі мүмкін.
Жинақтың құрамы
Пісіруге арналған науа
Шұңғыл науа (қосымша
Грильге арналған тор
Науаны бәліш және
керек-жарақ)
Грильге арналған торды
бисквит пісіру үшін
(Шұңғыл) науаны тағам
қуыру және гриль жасау
қолдануға болады.
қуыру үшін қолданған
үшін қолдануға болады.
ыңғайлы. Оны тағам пісіру
Сонымен қатар сіз оның
кезінде бөлінген май-
үстіне ыдысты, кекс және
сөл тұмшапештің түбіне
торт пісіруге арналған
тамшылап кетпеу үшін
қалыпты, науаны қоя
тормен бірге қолдануға
аласыз.
болады.
* Барлық керек-жарақтарды бүйір жақ сырғытпа жолдарға дұрыс орналастыру
керек. Науа мен тұмшапештің астыңғы бетінің арасындағы қашықтық 2 см-ден
аз болмауы керек, себебі эмаль қаптамаға зақым келуі мүмкін.
* Піскен тағамды тұмшапештен алғанда ыстық ыдысқа және тұмшапештің ыстық
беттеріне күйіп қалмау үшін абай болыңыз.
2
41
3
Құрамдас бөліктері мен олардың функцияларының ерекшеліктері
BF3N,BF641 Series_BWT_DG68-00263A-10_KK.indd 13 2014-07-16 3:28:14
14
KK
Іске кірісу алдында
Уақытты орнату
Егер құрылғы қуат көзіне алғаш рет қосылып тұрса, құрылғыны пайдалану алдында уақытты
орнатыңыз.
Уақытты орнату
Уақытты орнату
Уақытты орнату
1
түймешігін басыңыз,
2
тетігін бұрап, тәулік
3
түймешігін басыңыз,
осы кезде дисплейде
уақытының ағымдық
осы кезде дисплейде
сағат сандары
сағатын орнатыңыз.
минут сандары
жыпылықтай бастайды.
жыпылықтай бастайды.
Уақытты орнату
Орнатылған уақытты
4
тетігін бұрап, тәулік
5
растау үшін сағат
уақытының ағымдық
түймешігін басыңыз.
минутын орнатыңыз.
Таймерді орнату
Уақытты орнату
Орнатылған мәнді
1
тетігін бұрап таймер
2
растау үшін уақытты
уақытын орнатыңыз.
орнату тетігін басыңыз.
) Таймер жұмыс істеп тұрғанда дисплейдің оң жағындағы " " белгісі айнала
бастап, үдеріс барысын көрсетеді.
Егер таймерді тоқтатқыңыз келсе, уақыт мәнін 0:00-ге қойыңыз.
Егер таймер жұмыс істеп тұрғанда уақытты орнату түймешігін бассаңыз,
дисплейде ағымдағы уақыт көрсетіледі.
Child Safety Function (Бала қауіпсіздігінің функциясы)
Time Select Knob
1
(Уақытты таңдау тетігі)
басып, 3 секунд ұстап
тұрыңыз. Дисплейде (L)
пайда болады.
BF3N,BF641 Series_BWT_DG68-00263A-10_KK.indd 14 2014-07-16 3:28:14
15
KK
Тұмшапешті іске пайдалану
Жылдам қыздыру режимі ( )
Егер ЖЫЛДАМ ҚЫЗДЫРУ функциясын пайдалансаңыз, үдерісті жылдамдату үшін
температураны көтеріңіз. Бұл тағам қыздыру уақытын барынша азайтады.
Тұмшапештің температурасын көтеру үшін ЖЫЛДАМ ҚЫЗДЫРУ режимін пайдаланыңыз,
содан кейін режим тетігін ПІСІРУ РЕЖИМІ қалпына қойып, тағам пісіруді жалғастыруға
болады.
Назар аударыңыз! ЖЫЛДАМ ҚЫЗДЫРУ режимін грильдің көмегімен тағам әзірлеу үшін
қолдану ұсынылмайды.
Пісіру режимі
Температура
гриль
функциясынан
басқа
Гриль температурасы
барлық пісіру
1 Төмен
режимдері үшін
2 Орташа
орнатылады.
3 Жоғары
Пісіру функциясын
Температураны орнату тетігін бұрап,
1
таңдау тетігін бұрап,
2
қажетті температураны орнатыңыз.
қажетті тағам пісіру
режимін таңдаңыз.
) Егер ГРИЛЬ функциясын таңдап, 50 °C бастап 250 °C дейінгі аралықтағы температураны
орнатсаңыз немесе Әдепкі пісіру режимін таңдап, Гриль 1 және 3 аралығындағы
температураны орнатсаңыз, онда дисплейде орнатылған температура мәнін жою туралы
хабар пайда болады. Бұл хабардан кейін дыбыстық сигнал естіледі.
Тұмшапеш функциялары
Конвекция
Бұл режимде тұмшапештің артқы қабырғасында орналасқан қыздырғыш элемент
пен жылуды тұмшапеш ішіне біркелкі тарататын желдеткіш қатар жұмыс істейді. Бұл
функция мұздатылған тағамдар мен пісірмені әзірлеуге қолайлы деп ұсынылады.
Ұсынылатын температура: 170 °С
Үстіңгі қыздырғыш элемент + конвекция
Үстіңгі қыздырғыш элемент пен ыстық ауаны тұмшапеш ішіне біркелкі тарататын
желдеткіш қатар жұмыс істейді.
Ұсынылатын температура: 190 °С
Әдепкі режим
Тұмшапештегі температураны үстіңгі және астыңғы қыздырғыш элементтер
қалыптастырады. Әдепкі режимді тағам қуыру мен пісірудің барлық түрлері үшін
қолдануға болады. Ұсынылатын температура: 200 °С
Астыңғы қыздырғыш элемент + конвекция
Астыңғы қыздырғыш элемент пен ыстық ауаны тұмшапеш ішіне біркелкі тарататын
желдеткіш қатар жұмыс істейді. Бұл функцияны пицца, нан және бәліш пісіру үшін
қолдануды ұсынамыз.
Ұсынылатын температура: 190 °C
Үлкен гриль
Бұл режимде жылу грильдің жалпақ бетінен тарайды. "Үлкен гриль" функциясын
лазанья мен ет пісіру үшін қолдануды ұсынамыз.
Ұсынылатын температура: Орташа
BF3N,BF641 Series_BWT_DG68-00263A-10_KK.indd 15 2014-07-16 3:28:15
16
KK
Тұмшапешті пайдалану (жалғасы)
Тағам
EN 60350 және DIN44547 стандартына сәйкестігі
1. Пісіріме
Алдын ала қыздыру циклы бар пісірме пісіру циклдарына арналған ұсыныстар
Науаны тұмшапештің артқы бөлігіне қисайтып орнатыңыз.
Пісірме түрлері Ыдыс және ескерім Деңгей Пісіру режимі (°C)
Пісіру
температура
уақыты,
мин.
Үгілмелі печенье Науа 3 Әдепкі 160-170 20-30
2 Конвекция
150-160 30-35
режимді
2 науа 1+4 Конвекция
150-160 35-40
режимді
Пирожный Науа 3 Әдепкі 160-180 15-25
2 Конвекция
150-160 30-35
режимді
2 науа 1+4 Конвекция
150-160 35-40
режимді
Құнарлылығы аз
Үлкен торға қойылған,
2 Әдепкі 160-180 20-30
бисквит торты
пісіруге арналған
ілмекті қалып (диаметрі
2 Конвекция
150-160 30-40
26 см, баран қаптамасы
режимді
бар)
Ашыған қамырдан
Науа 3 Әдепкі 170-180 35-40
жасалған алма
бәліші, науаға
2 Конвекция
150-160 60-70
қойылған
режимді
2 науа 1+4 Конвекция
150-160 70-80
режимді
Алма бәліші Үлкен тор + 2 пісіруге
1
Конвекция
170-190 70-90
арналған ілмекті қалып
Қиғаштап
режимді
* (диаметрі 20 см,
орналастыру
баран қаптамасы бар)
Науа + үлкен тор +
1+3 Конвекция
170-190 80-100
2 пісіруге арналған
режимді
ілмекті қалып **
(диаметрі 20 см, баран
қаптамасы бар)
* Бәліші бар қалыптар тордың артқы сол жағына және алдыңғы оң жағына қойылады.
** Бәліші бар қалыптарды тордың ортасына бірінің үстіне бірін қойып орналастырады.
2. Гриль режимінде пісіру
Бұл режимді пайдаланғанда температура ең Жоғары параметрге қойылады. Бос тұмшапешті алдын
ала 5 минут қыздырыңыз.
Пісірме түрлері Ыдыс және ескерім Деңгей Пісіру режимі (°C)
Пісіру
температура
уақыты,
мин.
Ақ наннан тост
Үлкен тор 5 Үлкен гриль Жоғары 1-ші 1-2
жасау
2-ші 1-1 1/2
Сиыр еті қосылған
Шағын тор
4
Үлкен гриль Жоғары 1-ші 14-16
гамбургер * (12 дана)
Науа (тамшыларды жинау үшін)
3
2-ші 3-5
*Сиыр етінен жасалған гамбургер: бос тұмшапешті алдын ала 15 минут үлкен гриль режимімен
қыздырыңыз.
BF3N,BF641 Series_BWT_DG68-00263A-10_KK.indd 16 2014-07-16 3:28:15
17
KK
Тазалау және күтім көрсету
Қолмен тазалау
* Тазалау алдында тұмшапештің және оның керек-жарақтарының
суығанына көз жеткізіңіз.
Тұмшапештің ішкі беті
● Тұмшапештің ішкі қабырғаларын тазалау үшін шүберек пен жұмсақ тазалағыш құралды
немесе жылы сабынды суды қолданыңыз.
● Есіктердің тығыздағышын қолмен тазаламаңыз.
● Тазалайтын ысқыш немесе қатқыл тегістейтін жастықшаны қолданбаңыз.
● Оңай тазаланбайтын қоқыстарды тазалау үшін тұмшапешке арналған арнайы жуғыш
заттарды пайдаланыңыз.
● Барлық беттерді бейтарап сабын қосылған, ыстық суға батырылған жұмсақ нейлон
шөткемен тазалау керек.
Тазалау үшін жеміргіш затты, егеуқұм қағазды, болат сымнан жасалған жөкені немесе басқа да
жеміргіш материалдарды қолданбаңыз.
Тұмшапештің сыртқы беті
● Тұмшапештің сыртқы және ішкі беттерін тазалау үшін шүберек пен жұмсақ тазалағыш
құралды немесе жылы сабынды суды қолданыңыз.
● Ас үй сүлгісімен немесе ас үйге арналған қағазбен мұқият құрғатып тазалаңыз.
● Жеміргіш немесе түрпілі тазалағыш құралдарды және темір жөкені қолданбаңыз.
Тұмшапештің алдыңғы беті тот баспайтын болаттан жасалған
● Үйкелегіш қағазды немесе түрпілі заттарды, темір жөкені пайдаланбаңыз. Себебі
қаптамасына зақым келтіруі мүмкін.
Тұмшапештің алдыңғы беті алюминийден жасалған
● Беткі жағын әйнек тазалауға арналған жұмсақ жуғыш затқа батырылған, микроталшықтан
жасалған сулықпен немесе жұмсақ матамен мұқият сүртіңіз.
Жинақтың құрамы
Әр қолданған сайын барлық ыдыстарды және керек-жарақтарды жуып, ас үй сүлгісімен мұқият
құрғатыңыз.
Тазалау жұмысын жеңілдету үшін оларды жылы сабынды сумен 30 минут жібітіп қоюға болады.
BF3N,BF641 Series_BWT_DG68-00263A-10_KK.indd 17 2014-07-16 3:28:15
18
KK
Кепілдік және қызмет көрсету
Ақаулықты түзету және жиі қойылатын сұрақтарға жауап
Тұмшапеш қызбаса, не істеу керек?
Келесі амалдардың бірін қолданып, мәселені шешуге тырысып көріңіз:
●
Тұмшапеш қуат көзіне қосылмаған болуы мүмкін. Тұмшапешті қосыңыз.
●
Сағат орнатылмаған болуы мүмкін. Уақытты орнатыңыз (“Уақытты орнату” бөлімін қараңыз).
●
Қажетті параметрлердің барлығы орнатылды ма, тексеріңіз.
●
Үйдегі балқымалы сақтандырғыш жанып кетуі немесе автоматты айырып-қосқыш іске
қосылуы мүмкін. Автоматты айырып-қосқышты қосыңыз немесе балқымалы сақтандырғышты
ауыстырыңыз. Егер бұл жағдай қайталанса, білікті электр маманын шақырыңыз.
● Тұмшапештің қуаты өзі қуат алып тұрған электр жүйесіндегі кернеуге тура байланысты.
Үйіңіздегі электр қуатымен жабдықтау жүйесінің кернеуін жүктемесі бар кезде тексеруді ұсынамыз.
Тұмшапешті қуат көзіне қосқанда желідегі кернеу азаюы мүмкін, бұл жағдай пәтеріңіздегі
электр қуатымен жабдықтау жүйесінің осы тұмшапеш пайдаланатын қуатты қарастырмағанына
байланысты туындайды.
● Кернеудің "азаюы" мәселесі туындағанда (егер қуатты электр құрылғылары қатар жұмыс істесе),
онда тұмшапешті электр қалқанына жеке қосу жағдайын қарастыруды ұсынамыз. Бұндай қосылым
16 А аз емес токқа есептеліп, жеке айырып-қосқышпен қорғалуы қажет. Барлық іске қосылған
электр құрылғылар пайдаланатын қуаттың жалпы қосындысы, электр қалқаны көтере алатын қуат
жүктемесіне сай екеніне көз жеткізіңіз.
Тұмшапештің функциясы мен температурасы орнатылып тұрса да, тұмшапеш қызбаса не
істеу керек?
Ішкі электр қосылымдарында ақау пайда болуы мүмкін. Жергілікті жердегі қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз.
Ақау коды пайда болып, тұмшапеш қызбаса не істеу керек?
Ішкі электр қосылымдарында ақау пайда болды. Жергілікті жердегі қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз.
Дисплейдегі уақыт жыпылықтап тұрса не істеу керек?
Электр қуатымен жабдықтау жүйесінде ақау пайда болды. Уақытты орнатыңыз (“Уақытты орнату”
бөлімін қараңыз).
Тұмшапештің жарықтамасы жанбаса не істеу керек?
Тұмшапештің жарықтама шамы жанып кеткен. Шамды айырбастаңыз.
Тұмшапештің желдеткіш жұмыс істейтін режимі орнатылмаса да, желдеткіш қосылып
тұрса не істеу керек?
Тұмшапешті қолданғаннан кейін желдеткіш пеш суығанша жұмыс істейді. Тұмшапеш суығаннан кейін
де желдеткіш жұмыс істеуін жалғастырса, жергілікті жердегі қызмет көрсету орталығына қоңырау
шалыңыз.
Ақау коды және қауіпсіздік
Ақау коды
және
Жалпы функциялары Шешімі
қауіпсіздік
Тұмшапештің жұмысындағы ақаулар
Жергілікті жердегі SAMSUNG
жұмыс тиімділігін төмендетуі және
қызмет көрсету орталығына
1)
E-
қауіпсіздікке қатысты мәселелерге әкелуі
қоңырау шалыңыз.
**
-SE-
мүмкін. Тұмшапешті пайдалануды дереу
тоқтатыңыз.
ҚАУІПСІЗ ТҮРДЕ СӨНДІРУ РЕЖИМІ ІСКЕ
Тұмшапешті сөндіріп, тағамды
ҚОСЫЛДЫ
алыңыз. Тұмшапешті әрі қарай
S-01
Тұмшапеш қойылған температурада ұзақ
пайдалану алдында суытып
уақыт бойы жұмыс істеді.
алыңыз.
Егер осы режим үшін қажетті температураны
Осы режим үшін қажет
таңдамасаңыз.
температураның мәнін дұрыс
----
таңдаңыз. ("жылдам қыздыру
режимін пайдалану" бөлімін
қараңыз)
1)
жұлдызшалар кез келген сандар мен әріптердің орнына қолданылады.
*
BF3N,BF641 Series_BWT_DG68-00263A-10_KK.indd 18 2014-07-16 3:28:15
19
KK
Ескертпе
Қалыпты жағдайда
қолдануға арналған
Қолдану мерзімі: 7 жыл
Символ Кедендік одақтың 005/2011 техникалық регламентіне
сəйкес қолданылады жəне осы өнімнің қаптамасын екінші рет
пайдалануға арналмағанын жəне жоюға жататынын
көрсетеді. Осы өнімнің қаптамасын азық-түлік өнімдерін
сақтау үшін пайдалануға тыйым салынады.
Символ қаптаманы жою мүмкіндігін көрсетеді. Символ сандық
код жəне/немесе əріп белгілері түріндегі қаптама
материалының белгісімен толықтырылуы мүмкін.
BF3N,BF641 Series_BWT_DG68-00263A-10_KK.indd 19 2014-07-16 3:28:15
Өндіруші : Samsung Electronics Co., Ltd /
Самсунг Электроникс Ко., Лтд
Өндірушінің мекенжайы :
(Маетан-донг) 129, Самсунг-ро, Йонгтонг-гу, Сувон-си,
Гйонгги-до, Корея, 443-742
Зауыттың мекенжайы :
20230 313 Моо 1, Сухафибан 8 Роад, Срирача
Индастри Парк, Т. Бунг А. Срирача, Чонбури, Тайланд
Өнімнің өндірілген жердің атауы : Тайланд
Импорттаушы :
«SAMSUNG ELECTRONICS CENTRAL EURASIA»
(САМСУНГ ЭЛЕКТРОНИКС ЦЕНТРАЛЬНАЯ ЕВРАЗИЯ)
ЖШС: Қазақстан Республикасы, 050059, Алматы қ.,
Медеу ауданы, Əл-Фараби д-лы, 36-үй, 3, 4-қабат
“SAMSUNG ELECTRONICS CENTRAL EURASIA”
(САМСУНГ ЭЛЕКТРОНИКС ЦЕНТРАЛЬНАЯ ЕВРАЗИЯ)
Республика Казахстан, 050059, г. Алматы, Медеуский
район, пр. Аль-Фараби, д. 36, 3, 4 этажи
Мемлекет ТелефонЖелідегі мекені
RUSSIA
8-800-555-55-55
www.samsung.com/ru/support
GEORGIA
0-800-555-555
ARMENIA
0-800-05-555
AZERBAIJAN
0-88-555-55-55
www.samsung.com/support
KAZAKHSTAN
8-10-800-500-55-500(GSM: 7799, VIP care 7700)
UZBEKISTAN
8-10-800-500-55-500
KYRGYZSTAN
8-10-800-500-55-500
www.samsung.com/kz_ru/support
TADJIKISTAN
8-10-800-500-55-500
MONGOLIA
7-495-363-17-00
www.samsung.com/support
BELARUS
810-800-500-55-500
MOLDOVA
0-800-614-40
www.samsung.com/ua/support (Ukrainian)
UKRAINE
0-800-502-000
www.samsung.com/ua_ru/support (Russian)
DG68-00263A-10
BF3N,BF641 Series_BWT_DG68-00263A-10_KK.indd 20 2014-07-16 3:28:15
Оглавление
- Встроенный духовой шкаф
- Вбудована духовка
- Кіріктіріліп орнатылған тұмшапеш