Samsung WF0600N – страница 5
Инструкция к Стиральной Машине Samsung WF0600N
WF0502RY(A/B/C/D/F/G/H/Q/R/S/T/V/W/Z)
WF0500RY(A/B/C/D/F/G/H/Q/R/S/T/V/W/Z)
WF0508RY(A/B/C/D/F/G/H/Q/R/S/T/V/W/Z)
WF0502AY(A/B/C/D/F/G/H/Q/R/S/T/V/W/Z)
WF0500AY(A/B/C/D/F/G/H/Q/R/S/T/V/W/Z)
WF0508AY(A/B/C/D/F/G/H/Q/R/S/T/V/W/Z)
WF0502NY(A/B/C/D/F/G/H/Q/R/S/T/V/W/Z)
WF0500NY(A/B/C/D/F/G/H/Q/R/S/T/V/W/Z)
WF0508NY(A/B/C/D/F/G/H/Q/R/S/T/V/W/Z)
Кір жуғыш машина
Тұтынушыға арналған
нұсқаулық
ТАҢҒАЛАРЛЫҚ МҮМКІНДІКТЕР
Samsung компаниясының өнімін алғаныңызға
алғысымызды білдіреміз. Өз құрылғыңызды
www.samsung.com/register сайтына тіркеңіз.
WF0500NY-02871D_KK.indd 1 2010-6-11 13:42:16
2_ Жаңа samsung кір жуғыш машинасының қызметі
Жаңа samsung кір жуғыш
машинасының қызметі
Жаңа кір жуғыш машина сіздің кір жуу жайлы ойыңызды
өзгертеді. Өзінің керемет сапасының арқасында Samsung
кір жуғыш машинасы жалықтырған жұмысты сүйікті іске
айналдырады.
• Балалардың киімін жуу жүйесі
Samsung кір жуғыш машинасында терісі сезімтал балалардың киімін
қорғайтын, кір жуу бағдарламасы бар.
Бұл бағдарламалар балалар терісінің тітіркену қаупін төмендетеді,
себебі жуғаннан кейін киімде кір жуғыш ұнтақтың аз ғана бөліктері
қалады. Сондай-ақ бағдарламалар кірді түріне қарай бөлуді
қарастырады да, кір жуу кірдің сипаттамасына сəйкес жүзеге асады.
• Балалардан қорғайтын құлып
«Балалардан қорғайтын құлып» басқару панелінің бұғаттау қызметі
балалардың машина жұмысына араласпауына мүмкіндік береді.
Аталған қызметті қосқан кезде машинаны пайдалану процесі ойнап
жүрген балалардан қорғалып тұрады.
• Жууды кейін бастау
Бұл қызмет кір жуғыш машинасын өзіңізге ыңғайлы уақытта пайдалану
үшін (арасы 1 сағаттан 19 сағаттан артық емес) кір жууды кейін
бастауға мүмкіндік береді.
• Жедел кір жуу
Сіз уақытыңызды тектен-текке құртпайсыз! 15-минуттік кір жуу Сізге
оны бұрынғыдан гөрі ерте аяқтауға мүмкіндік береді.
Біздің 15 минуттық тез кір жуу бағдарламасы - əрқашан қолы босамай
жүретіндерге таптырмас шешім. Енді сүйікті киіміңізді небəрі 15
минутта жууға болады!
• Қолмен жуу бағдарламасы
Сəйкес температура, су көлемінің дұрыстығы, киімге жұмсақ əсер ету
есебінен кірдің мұқият жуылуына қол жеткізіледі.
• Жүннен тоқылған киімдерді жуу
Кір жуғыш машинаны Woolmark компаниясы тексерген. Ол кір жуғыш
машинамен жууға болатын жүннен жасалған заттарды жууға арналған кір
жуғыш машиналардың талаптарына сəйкес келеді.
Түрлі матадан тігілген киімдерді киімде тігілген затбелгідегі
нұсқаулыққа, Woolmark жəне Samsung компанияларының нұсқаулығына
сəйкес жуған жөн.
WF0500NY-02871D_KK.indd 2 2010-6-11 13:42:16
Жаңа samsung кір жуғыш машинасының қызметі _3
• Керамикалық жылытатын бөлігінің сенімділігі өте
жоғары жəне үнемді (кейбір түрлерінде бар)
Жаңа керамикалық жылытатын бөлік қарапайым жылытатын бөліктерге
қарағанда екі есе сенімді, бұл жөндеуге кететін шығын мөлшерін
азайтады. Сондай-ақ мұндай жылытатын бөлікке қатты судан қақ тұрып
қалмайды жəне ол электр энергиясын үнемдеуге көмегін тигізеді.
• Кеңінен ашылатын есік
Кеңінен ашылатын есігі қарауға ыңғайлы! Енді төсек жабдықтары,
орамал жəне т.б. сияқты көлемді заттарды да машинаға салып, шығару
ешқандай қиындық тудырмайды.
Бұл нұсқаулықта Samsung кір жуғыш машинасын орнату, қолдану жəне
күту бойынша маңызды ақпараттар бар. Онда басқару панелі қалай
жұмыс істейтіндігін, кір жуғыш машинаның мүмкіндіктері мен барлық
қызметтерін қалай қолдану керектігін біле аласыз. 33 беттегі
«Бүлінулерді жою мен қателер туралы хабарлама» бөлімінде бүлінулер
болған жағдайда не жасау керек екендігі көрсетілген.
WF0500NY-02871D_KK.indd 3 2010-6-11 13:42:16
4_ Сақтандыру шаралары
Сақтандыру шаралары
Сізді жаңа Samsung Diamond SS кір жуғыш машинасын алуыңызбен
құттықтаймыз. Осы Нұсқаулықта машинаңызды орнату, пайдалану
жəне оған қызмет көрсету бойынша маңызды ақпараттар бар.
Өзіңіздің кір жуғыш машинаңыздың көптеген артықшылықтары мен
мүмкіндіктерін толық пайдалану үшін осы нұсқаулықты оқып шығуға
уақыт табуыңызы сұраймыз.
ҚАУІПСІЗДІК ЖАЙЫНДА НЕ БІЛУІҢІЗ КЕРЕК
Өзіңіздің жаңа машинаңыздың көптеген мүмкіндіктері мен қызметін қауіпсіз жəне
тиімді басқаруды білетіндігіңізге сенімді болу үшін осы Нұсқаулықты толық оқып
шығуыңызды сұраймыз. Нұсқаулықты сізге болашақта қажет ақпаратты іздеген кезде
қолдана алатындай машинаңызға жақын, қауіпсіз жерде сақтаңыз. Машинаны Пайдалану
бойынша нұсқаулықта сипатталған мақсаттарда ғана қолданыңыз. Осы нұсқаулықтағы
ескертулер мен қауіпсіздік шаралары мен жағдайларды толық қамтымайды. Машинаны
орнату, техникалық қызмет көрсету жəне пайдалану кезінде сіздің сергек болуыңыз,
қауіпсіздік шараларын сақтауыңыз жəне машинаңызға дұрыс күтім жасауыңыз керек.
Осындағы пайдалану бойынша нұсқаулықтар машиналардың бірнеше түріне
арналғандықтан, сіздің кір жуғыш машинаңыздың сипаттамалары осы нұсқаулықта
келтірілген сипаттамалардан біршама өзгеше болуы мүмкін, сондықтан да ескерту
белгілерінің барлығы сіздің машинаңызға қатысы болмауы мүмкін. Егер сұрақтар бен
қиындықтар туындап жатса, жақын қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз немесе
кеңестерді www.samsung.com сайтынан алыңыз.
МАҢЫЗДЫ ҚАУІПСІЗДІК БЕЛГІЛЕРІ МЕН САҚТАНДЫРУ ШАРАЛАРЫ
Осы тұтынушы нұсқаулығында қолданылатын белгілер мен
таңбалар төмендегілерді білдіреді:
Дұрыс пайдаланбау немесе қауіпсіздік шараларын
сақтамау ауыр жарақат алуға немесе өлімге əкелуі
ЕСКЕРТУ
мүмкін.
Дұрыс пайдаланбау немесе қауіпсіздік шараларын
сақтамау жеңіл жарақат алуға немесе мүліктің
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
бүлінуіне əкелуі мүмкін.
Өрттің, жарылыстың, электр тоғына соғылудың немесе
жарақат алудың пайда болу қаупін төмендету үшін, кір
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
жуғыш машинаны пайдаланған кезде төмендегі сақтандыру
шараларын сақтаңыз.
БҰНЫ жасауға тырыспаңыз.
Бөлшектемеңіз.
Ұстамаңыз.
Нұсқауларды қатаң ұстаныңыз.
Қосу кабелінің айырын желілік розеткадан ажыратыңыз.
Электр тоғының соғуына жол бермеу үшін кір жуғыш
машинаның жерге қосылғанына көз жеткізіңіз.
Қызмет көрсету орталығынан көмек сұраңыз.
Ескерту
WF0500NY-02871D_KK.indd 4 2010-6-11 13:42:18
Сақтандыру шаралары _5
Бұл ескерту белгілері осы жерде сіздің жəне басқа адамдардың
жарақаттануының алдын алу мақсатында орналастырылған.
Бұларды мұқият ұстаныңыз.
Осы бөлімді оқып болғаннан кейін сізге болашақта керек болып қалатын
ақпаратты іздеу үшін сенімді жерде сақтаңыз.
Осы машинаны пайдаланбас бұрын, нұсқаулықты оқып шығыңыз.
Бұл машинға да кез келген басқа құралдар сияқты электр қуаты мен
қозғалмалы бөлшектер қолданылатындықтан өте қауіпті. Машинамен
қауіпсіз жұмыс жүргізу үшін оның қалай істейтіндігімен танысыңыз жəне
оны пайдаланған кезде күтім жасаңыз.
Балаларға (немесе үй жануарларына) өзіңіздің кір жуғыш машинаңызда
ЕСКЕРТУ
немесе соның ішінде ойнауына жол бермеңіз. Кір жуғыш машинаның есігін
іштен ашу өте қиын, сондықтан балалар машинаның ішінде қалып қойса,
қатты зақым келуі мүмкін.
Бұл машинаны егер қастарында қауіпсіздігіне жауап беретін ЕСКЕРТУ
адамдар болмаса физикалық, сезіну немесе ойлау қабілеттері төмен
адамдардың немесе тəжірибесі мен білімі жетпейтін адамдардың
(балаларды қоса алғанда) пайдалануына болмайды.
Балалардың машинамен ойнамайтындығына сенімді болу үшін оларға қарап
жүріңіз.
Егер штепсельдік вилка (электр қуатының сымы) зақымдалған болса, оның
қауіпсіздігін болдыртпау үшін, оны өндіруші немесе оның сервистік
агенті немесе басқа білікті маман алмастыруы керек.
Кір жуғыш машинаны штепсельдік вилкаға, су өткізгіш құбырға жəне су
айдағыш құбырларға жететіндей етіп орнату керек.
Желдеткіш саңылауы бар кір жуғыш машиналар үшін мұндай саңылаулар
кілемдермен немесе басқа да заттармен жабылып қалмауын қамтамасыз
етіңіз.
Шлангалардың жаңа жинағын пайдаланыңыз, ескі шланг жинақтарын
пайдаланбаңыз.
WEEE БЕЛГІСІНЕ ҚАТЫСТЫ НҰСҚАУЛЫҚТАР
Бұл машинадан қалай құтылу керек (Керек емес электр жəне
электронды құрылғылары)
(Қоқысты бөлек жинау жүйесі бар Еуропа Одағы елдеріне жəне басқа да
еуропа елдеріне қатысты)
Бұйымдағы, қосымша жабдықтардағы немесе баспа өнімдеріндегі бұл
белгі бұйымды жəне оның қосымша электронды құрылғыларын (мысалы,
қуаттау құрылғысы, тыңдау құрылғылары, USB кабель) жарамдылық мерзімі
аяқталғаннан кейін басқа үй қалдықтарымен бірге лақтыруға болмайтынын
білдіреді. Қажет емес заттарды қалай болса солай тастаудың нəтижесінде
қоршаған ортаға немесе адамдардың денсаулығына зиян келтіру мүмкіндігін
болдырмау үшін көрсетілген бөліктерді тасталатын құрылғының басқа
бөліктерінен бөлек алып, материалды ресурстарды тиімді қайта пайдалануға
үлес қосу үшін қайтадан кəдеге жаратыңыз.
Үй тұтынушыларына осы құрылғыны қайтадан экологиялық қауіпсіз пайдалануға
оны қайда жəне қалай өткізуге болатындығын білу үшін сатып алған жеке
сатушымен немесе жергілікті билік кеңсесімен байланысқан жөн.
Бизнеспен айналысатын тұтынушылар, өздерінің жеткізушілерімен байланысып,
ережелер мен сатып алу шарттарын тексерулері керек. Бұл бұйымды жəне оның
электронды жабдықтарын басқа коммерциялық қалдықтармен бірге лақтырудың
қажеті жоқ.
WF0500NY-02871D_KK.indd 5 2010-6-11 13:42:18
6_ Сақтандыру шаралары
Сақтандыру шаралары
ЕСКЕРТУ
ОРНАТУҒА ҚАТЫСТЫ ЕСКЕРТЕТІН МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТТАР
Бұл құралды орнатуды білікті техник немесе қызмет көрсететін компания
жүзеге асыруы керек.
- Бұл талапты орындамау электр тоғының соғуына, өртенуге, жарылысқа,
бұйымның істен шығуына немесе жарақат алуға əкелуі мүмкін.
Бұл машинаның салмағы ауыр, оны қалай көтеруді ойластырыңыз.
Қуаттану шнурын 220 В, 50 Гц, 15 А ауыспалы тогінің қабырға
розеткасына қосыңыз да, бұл розетканы тек осы машинаны қосу үшін
қолданыңыз. Сондай-ақ ұзартқыш сым қолданбаңыз.
- Тройник немесе қуаттану шнурын ұзарту арқылы қабырға розеткасына
басқа аспапты бір уақытта қосу электр тоғының соғуына немесе
өртенуге əкелуі мүмкін.
- Қуаттылығы, жиілігі жəне ток күші бұйымның техникалық
сипаттамасында көрсетілген мəндерге сəйкес келетіндігіне көз
жеткізіңіз. Бұл талапты орындамау электр тоғының соғуына немесе
өртенуге əкеп соғуы мүмкін. Қуаттану айыры қабырға розеткасында
орнықты тұруы керек.
Қуаттану айырының байланысатын жерінен жəне байланыс қабатынан бөтен
заттарды, мысалы, шаң немесе суды құрғақ матамен сүртіп отырыңыз.
- Қуаттану айырын шығарып алып, оны құрғақ матамен тазалаңыз.
- Бұл талапты орындамау электр тоғының соғуына немесе өртенуге
əкелуі мүмкін.
Қуаттану айырын шнуры еденге қарай түсетіндей етіп, қабырға
розеткасына дұрыс қосыңыз.
- Егер сіз қуаттану айырын розеткаға қуаттану шнуры қарсы бағытта
болатындай етіп қосатын болсаңыз, онда шнурдағы электр желісі
бүлініп, электр тоғының соғуына немесе өртенуге əкелуі мүмкін.
Барлық қаптау материалдарын балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз,
себебі қаптау материалдары олар үшін қауіпті болуы мүмкін.
- Егер сəби басын қалташаға тығып алса, нəтижесінде тұншығып қалуы
мүмкін.
Егер осы машина, не қуаттану айыры немесе қуаттану шнуры бүлінген
болса, жақын маңда орналасқан қызмет көрсету орталығымен байланысыңыз
.
Бұл машина жерге берік байланысылуы керек.
Машинаны газбен қамтамасыз ету құбыры, су құбырының пластмасса түтігі
немесе телефон желісі арқылы жерге байланыстырмаңыз.
- Бұл электр тоғының соғуына, өртенуге, жарылысқа немесе бұйымның
жұмыс істемей қалуына əкелуі мүмкін.
- Жерге дұрыс қосылмаған розеткаға қуаттану шнурын қоспаңыз.
Жерге байланыстыру жергілікті жəне мемлекеттік ережелерге сəйкес
келетіндігіне көз жеткізіңізs.
Бұл машинаны жылытқыш құралдар мен жанғыш материалдардың жанына
орналастырмаңыз.
Машинаны ылғалды, май, шаң жерге немесе күн сəулесі жəне су тікелей
түсетін (мысалы, жаңбыр тамшысының астына) жерге орналастырмаңыз.
Бұл машинаны температурасы төмен жерлерге орнатпаңыз.
WF0500NY-02871D_KK.indd 6 2010-6-11 13:42:18
Сақтандыру шаралары _7
- Аяз құбырларды жарып жіберуі мүмкін.
Бұл машинаны газ шығуы мүмкін жерлерге орнатпаңыз.
- Бұл электр тоғының соғуына немесе өртенуге əкелуі мүмкін.
Электр трансформаторын пайдаланбаңыз.
- Бұл электр тоғының соғуына немесе өртенуге əкелуі мүмкін.
Бүлінген қуаттану айырын, бүлінген қуаттану шнурын немесе мықты
орнатылмаған қабырға розеткасын пайдаланбаңыз.
- Бұл электр тоғының соғуына немесе өртенуге əкелуі мүмкін.
Қуаттану шнурынан ұстап тартпаңыз жəне қатты майыстырмаңыз.
Қуаттану шнурын бұрамаңыз жəне байламаңыз.
Қуаттану шнурын темір затқа ілмеңіз, қуаттану шнурына кез келген ауыр
затты қоймаңыз, қуаттану шнурын бір заттардың арасына қоймаңыз немесе
қуаттану шнурын машинаның артқы қабырғасында орналасқан ұяшыққа
қоймаңыз.
- Бұл талапты орындамау электр тоғының соғуына немесе өртенуге
əкелуі мүмкін.
Айырды розеткадан суырғанда қуаттану шнурынан ұстап тарпаңыз.
- Айырды розеткадан суырған кезде айырдан ұстап тартыңыз.
- Бұл талапты орындамау электр тоғының соғуына немесе өртенуге
əкелуі мүмкін.
Қуаттану шнуры мен шлангтарды шалынып, құлап қалатын жолға
тастамаңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
ОРНАТУҒА ҚАТЫСТЫ ЕСКЕРТЕТІН АҚПАРАТТАР
Бұл машина қуаттану розеткасына қолжетерлік жерге орнатылуы керек.
- Бұл талапты орындамау көрінбегендіктен электр тоғының соғуына
немесе өртенуге əкелуі мүмкін.
Машинаңызды салмағын көтере алатын тегіс, қатты еденге
орналастырыңыз.
- Бұл талапты орындамау түрлі діріл, машинаның еденде жылжуы, шу
немесе олқылықтарға əкелуі мүмкін.
МАШИНАНЫ ПАЙДАЛАНУҒА ҚАТЫСТЫ МАҢЫЗДЫ ЕСКЕРТУ
ЕСКЕРТУ
АҚПАРАТТАРЫ
Егер машина суға толып кетсе, су көзі мен электр көзін бірден өшіріп,
жақын маңайдағы қызмет көрсету орталығымен байланысыңыз.
- Су қолыңызбен қуаттану айырын ұстамаңыз
- Бұл талапты орындамау электр тоғының соғуына əкелуі мүмкін
Егер машинадан бір түрлі дыбыс шығып, өртенген немесе түтіннің иісі
шықса бірден қуаттану айырын өшіріп, жақын маңайдағы қызмет көрсету
орталығымен байланысыңыз.
- Бұл талапты орындамау электр тогынің соғуына немесе өртенуге
əкелуі мүмкін.
Газ шыққан жағдайда (мысалы, пропан, сұйытылған мұнай газы жəне т.б.)
қуаттану айырын ұстамай бірден бөлмені желдетіңіз. Машинаны немесе
қуаттану шнурын ұстамаңыз.
- Желдеткішті қоспаңыз.
WF0500NY-02871D_KK.indd 7 2010-6-11 13:42:18
8_ Сақтандыру шаралары
Сақтандыру шаралары
- Ұшқын жарылысқа немесе өртке əкелуі мүмкін.
Балаларды кір жуғыш машинасының ішінде немесе үстінде ойнатпаңыз.
Сондай-ақ машинаны тастайтын кезде кір жуғыш машинасы есігінің
тұтқасын алып тастаңыз.
- Машинаның ішіне кірген бала қамалып, тұншығып қалуы мүмкін.
Кір жуғыш машинаның астына бекітілген қаптама (губка, пенопласт)
машинаны қолданудан бұрын алынып тасталғанына көз жеткізіңіз.
Машинаның кірленген жерлерін бензинмен, керосинмен, бензолмен, бояу
еріткішпен, спиртпен жəне басқа да өртенгіш немесе жарылғыш заттармен
жумаңыз.
- Бұл электр тоғының соғуына, өртенуге жəне жарылысқа əкелуі мүмкін.
Кір жуғыш машина жұмыс істеп тұрғанда (жоғары температурадағы сумен
жуу/кептіру/сығу режимдерінде) оның есігін күшпен ашпаңыз.
- Кір жуғыш машинадан аққан су күйдіруі, еденді сырғанақ етуі мүмкін.
Бұл жарақаттануға əкелуі мүмкін.
- Есікті күштеп ашу машинаның сынуына немесе жарақат алуға əкелуі
мүмкін.
Қолыңызды машинаның астына тықпаңыз.
- Бұл жарақаттануға əкелуі мүмкін.
Қуаттану айырын су қолмен ұстамаңыз.
- Бұл электр тоғының соғуына əкелуі мүмкін.
Машина жұмыс істеп тұрған кезде оны өшіру үшін қуаттану айырын
суырмаңыз.
- Қуаттану айырын қабырға розеткасына қайта тығу ұшқын пайда болып,
электр тоғы соғуы мен өртенуге əкелуі мүмкін.
Балалар мен əлсіз адамдарға қараусыз бұл машинана пайдалануға рұқсат
бермеңіз. Балаларды машинаның үстіне шығармаңыз.
- Бұл талапты орындамау электр тоғының соғуына, күю немесе жарақат
алуға əкелуі мүмкін.
Кір жуғыш машина жұмыс істеп тұрған кезде қолыңызды немесе басқа бір
темір затты астына тықпаңыз.
- Бұл жарақаттануға əкелуі мүмкін.
Машинаны қуаттану шнурынан тартып өшірмеңіз, айырды мықтап ұстап,
қуаттану розеткасынан тікелей суырыңыз.
- Шнурдың бүлінуі қысқа тұйықталуға, өртенуге жəне/немесе электр
тоғының соғуына əкелуі мүмкін.
Машинаны өздігіңізден жөндеуге, бөлшектеп тастауға немесе қайта
жасауға тырыспаңыз.
- Стандартты ерігіш басқа ерігіш сақтандырғыштарды (мысалы, мыс
қойғыш, болат сымы жəне т.б.) пайдаланбаңыз.
- Егер машинаны жөндеу немесе қайтадан орнату керек болса жақын
маңайдағы қызмет көрсету орталығымен байланысыңыз.
- Бұл талапты орындамау электр тоғының соғуына, өртенуге, машинаның
сынуына немесе жарақаттануға əкелуі мүмкін.
Егер құрылғы басқа зат мəселен, қажет емес жеріне су кіріп кеткен
болса жақын жердегі қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
- Бұл талапты орындамау электр тогынің соғуына немесе өртенуге
əкелуі мүмкін.
WF0500NY-02871D_KK.indd 8 2010-6-11 13:42:19
Сақтандыру шаралары _9
Егер су жіберетін шланг краннан шығып кетіп, машинаға су құйыла
бастаса қуаттану айырын суырып тастаңыз.
- Егер су жіберетін шланг краннан шығып кетіп, машинаға су құйыла
бастаса қуаттану айырын суырып тастаңыз.
Егер машина ұзақ уақыт пайдаланылмайтын немесе күн күркіреп/найзағай
жарқырап жаңбыр жауса қуаттану айырын ажыратып тастаңыз.
- Бұл талапты орындамау электр тоғының соғуына немесе өртенуге
əкелуі мүмкін.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
МАШИНАНЫ ПАЙДАЛАНУҒА ҚАТЫСТЫ ЕСКЕРТУ АҚПАРАТТАРЫ
Егер кір жуғыш машина кір жуатын құрал, дақ, тағам қалдықтары сияқты
жəне т.б. бөтен заттармен кірленсе қуаттану айырын ажыратып, оны
жұмсақ дымқыл матамен тазалаңыз.
- Бұл талапты орындамау түсінің оңуына, түрінің өзгеруіне, сынуға
немесе тот басуға əкелуі мүмкін.
Алдыңғы əйнек қатты соққыдан сынып кетуі мүмкін. Кір жуғыш машинаны
пайдаланған кезде сақ болыңыз.
- Сынық əйнек жарақаттануға əкелуі мүмкін.
Судың келуі тоқтаған немесе су жүретін шлангты қайтадан қосқан кезде
кранды ақырындап ашыңыз.
Егер машинаны көптен бері пайдаланбасаңыз, кранды абайлап ашыңыз.
- Су жіберетін шлангте немесе су жіберетін құбырда ауа болса,
қайсыбір бөлшегінің сынуына немесе судың ағуына əкелуі мүмкін.
Егер жұмыс істеу кезінде өздігінен су ағып кетсе, су ағызуында ақау
бар ма тексеріңіз.
- Егер кір жуғыш машина су ағызуының бүлінуінен машина суға толып
кетсе, онда ол электр тогынің тарап кетуінен электр тоғының
соғуына немесе өртенуге əкелуі мүмкін.
Кірді кір жуғыш машинаның есігіне қысылып қалмайтындай етіп,
толығымен салыңыз.
- Егер кір есікке қысылып қалса, ол бүлінуі мүмкін немесе кір жуғыш
машина сынып, не су ағып кетуі мүмкін.
Кір жуғыш машина пайдаланбаған кезде кранның жабық тұруын
қадағалаңыз.
- Су жіберетін шланг байланыстырғышындағы бұраманың дұрыс тартылып
тұрғанына көз жеткізіңіз.
- Бұл талапты орындамау мүліктің бұзылуына немесе жарақаттануға
əкелуі мүмкін.
Резеңке қымтағышта басқа материалдардың (мата қиындылары, жіптер жəне
т.б.) болмауын тексеріңіз.
- Есіктің берік жабылмауы судың ағып кетуіне əкелуі мүмкін.
Машинаны пайдаланар алдында кранды ашып, су жіберетін шланг
байланыстырғышы сенімді тартылып тұрғандығына жəне бұрын ағып тұрған
судың тоқтағандығына көз жеткізіңіз.
- Егер бұрама немесе су жіберетін шланг байланыстырғышы мықтап
тартылып тұрмаса, судың ағып кетуіне əкелуі мүмкін.
Өртену немесе жарылыс қаупін төмендету үшін:
- Ыстық судың мысалы, сіздің ыстық суды ысытқыш сияқты жүйесінде,
егер бұл ысытқыш екі аптадан артық уақыт пайдаланылмаса, онда
сутегі қалыптасуы мүмкін. СУТЕГІ ДЕГЕН – ҚАУІПТІ ЖАРЫЛҒЫШ ГАЗ.
WF0500NY-02871D_KK.indd 9 2010-6-11 13:42:19
10_ Сақтандыру шаралары
Сақтандыру шаралары
Егер үйіңіздегі ыстық су жүйесі екі аптадан астам уақыт
пайдаланылмаса, ыстық су крандарының бəрін ашып қойыңыз да,
кір жуғыш машинаны пайдаланар алдында бірнеше минут бойы суды
ағызыңыз. Бұл жиналған бүкіл сутегінің шығып кетуіне мүмкіндік
береді. Бұл уақытта темекі шегудің жəне ашық от жағудың қажеті
жоқ, себебі сутегі өртенгіш келеді. Егер газ шығып жатса, электр
қуатының айырына тиіспей бірден бөлмені желдетіңіз.
Машинаның үстіне шықпаңыз жəне оған заттар (кір, жанған шам,
өшірілмеген темекі, ыдыс, химикаттар, темір заттар сияқты жəне т.б.)
қоймаңыз.
- Бұл электр тоғының соғуына, өртенуге, машинаның сынуына немесе
жарақаттануға əкелуі мүмкін.
Машинаның үстіне инсектицидтер сияқты тез буланатын заттарды
шашпаңыз.
- Олар адамдарға зиянды болумен қатар электр тоғының соғуына,
өртенуге жəне машинаның сынуына əкелуі мүмкін.
Кір жуғыш машинаның жанына электр магнит аумағын тудыратын
приборларды қоймаңыз.
- Бұл машина жұмысының бұзылуынан жарақаттануға əкелуі мүмкін.
Жуу жəне кептіру режимдерінде төгілетін су жоғары температурада
болатындықтан, бұл суға жоламаңыз.
- Бұл күюге немесе жарақаттануға əкелуі мүмкін.
Егер машинаңызда мына заттарды жууға арналған бағдарлама болмаса,
орындыққа арналған су өткізбейтін көпшіктерді, шыпта немесе киімдерді
(*) жумаңыз, сықпаңыз жəне кептірмеңіз.
- Қалың, қатты циновкаларды жумаңыз.
- Бұл жарақаттануға əкеледі немесе шамадан тыс дірілдің нəтижесінде
кір жуғыш машинаны, қабырғаны, еденді немесе киімді бүлдіруі мүмкін.
* Жүннен жасалған төсек жабдықтары, жаңбырдан қорғану үшін киетін
киімдер, балықшы киімі, шаңғышы шалбары, ұйықтайтын қап, балалар
жөргегі, тоқыма спорт киімдері, сондай-ақ велосипедтерді,
мотоциклдерді, автомобильдерді жабуға арналған тенттер жəне т.б.
Егер кір жуғыш заттар қорабы орнына қойылмаса, машинаны қоспаңыз.
- Бұл электр тоғының соғуына немесе судың ағуынан жарақаттануға
əкелуі мүмкін.
Кептіру кезінде немесе одан кейін де бактың ішкі жағын ұстамаңыз,
себебі ол ыстық.
- Бұл күйіп қалуға əкелуі мүмкін.
Кір жуғыш құралдарды салатын қорапты ашқаннан кейін, қолыңызды
салмаңыз.
- Бұл жарақаттануға əкелуі мүмкін, себебі сіздің қолыңызды кір жуғыш
құралдарды енгізетін құрылғы орап кетуі мүмкін. Кір жуғыш машинаға
тек жууға болатын заттардан басқа заттарды (бəтіңке, тағам
қалдықтары, жануарлар сияқты) салмаңыз.
- Қатты дірілдің нəтижесінде кір машина сынып немесе үй жануарлары
жарақаттанып, өлуі де мүмкін.
Түймешелерді шпилька, пышақ, шеге жəне т.б. сияқты үшкір заттармен
баспаңыз.
- Бұл электр тоғының соғуына немесе жарақаттануға əкелуі мүмкін.
Теріні күтуге арналған заттарды сататын арнайы дүкендерде немесе
массаж жасайтын емханаларда сатылатын май, крем немесе лосьонмен
ластанған кірлерді жумаңыз.
WF0500NY-02871D_KK.indd 10 2010-6-11 13:42:19
Сақтандыру шаралары _11
- Бұл тығыздағыш резеңкенің деформацияланып, сыртқа су жіберу
жағдайына əкелуі мүмкін.
Ағылшын түйреуіші немесе шаш қыстырғыш немесе тюбиктегі ағартқыш
сияқты темір заттарды барабанда ұзақ уақытқа қалдырмаңыз.
- Нəтижесінде, барабанды тот басып кетуі мүмкін
- Егер барабан бетін тот баса бастаса, оған жуатын құрал (бейтарап)
жағып, оны тазалау үшін губканы пайдаланыңыз. Темір щетканы
ешқашан қолданбаңыз.
Құрғақ химиялық тазалау құралдарын пайдаланбаңыз жəне құрғақ химиялық
тазалау құралдарымен ластанған кірді жумаңыз, шаймаңыз жəне сықпаңыз.
- Бұл мұнай тотығуынан болатын жоғары температураның салдарынан
өздігінен тұтанып, өртенуі мүмкін.
Салқындатуға/жылытуға арналған құрылғыдағы ыстық суды пайдаланбаңыз.
- Бұл кір жуғыш машинаның бүлінуіне əкелуі мүмкін
Кір жуғыш машинаға қол жууға арналған сабынды пайдаланбаңыз.
- Егер ол қатып, кір жуғыш машинада жиналып қалса, машина бүлініп,
түссізденіп, тот басып немесе жағымсыз иіс шығуы мүмкін.
Төсек жабдықтары сияқты көлемді заттарды кір жууға арналған торда
жумаңыз.
- Шұлық жəне кеуде тартқышты кір жууға арналған торға салыңыз жəне
оларды басқа кірлермен бірге жуыңыз.
- Бұл талапты орындамау қатты дірілден жарақаттануға əкеп соғуы
мүмкін.
Қатып қалған кір жууға арналған құралдарды пайдаланбаңыз.
- Олардың кір жуғыш машинада жиналуы судың ағып кетуіне əкеледі.
Егер Сіздің кір жуғыш машинаңыздың астыңғы жағында желдеткіш
тесіктері болса, осы тесіктердің ауаның жүруіне кедергі жасайтын
кілеммен немесе басқа да затпен жабылмағанын тексеріңіз.
Машинада жуылатын киімдердің қалтасы бос екендігіне көз жеткізіңіз.
- Тиын, ағылшын түйреуіші, шеге, бұрандалы бекіткіш немесе тас
сияқты қатты өткір заттар кір жуғыш машинаның бүлінуіне əкелуі
мүмкін.
Ірі тоқылған, үлкен түймелері немесе басқа да металл ауыр жабдығы бар
киімдерді кір жуғыш машинада жумаңыз.
ЕСКЕРТУ. КІР ЖУҒЫШ МАШИНАНЫ ТАЗАЛАУҒА ҚАТЫСТЫ
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ
Машинаға жай ғана су шашып, тазаламаңыз.
Кір жуғыш машинаны тазалау үшін бензол, еріткіш немесе спиртті
пайдаланбаңыз.
- Бұл түссізденуге, деформацияға, сынуға, электр тоғының соғуына
немесе өртенуге əкелуі мүмкін.
Кір жуғыш машинаны тазалау немесе оған техникалық қызмет көрсету
алдында машинаны қуаттану көзінен қабырға розеткасынан қуаттану
айырын суыру арқылы ажыратыңыз.
- Бұл талапты орындамау электр тоғының соғуына немесе өртенуге
əкелуі мүмкін.
WF0500NY-02871D_KK.indd 11 2010-6-11 13:42:19
Мазмұны
КІР ЖУҒЫШ МАШИНАНЫ ОРНАТУ
13 ЖИЫНТЫҒЫН ТЕКСЕРУ
14 ОРНАТУ ТАЛАПТАРЫН ТЕКСЕРУ
14 Электр жүйесіне қосу жəне жерге
байланыстыру
13
14 Су жіберетін шлангті қосу
15 Су ағызатын шлангты қосу
15 Машинаны орнатуға орын таңдау
15 Үй-жайдағы температура
15 Шкафтар мен жабық орындарда
орнату
15 КІР ЖУҒЫШ МАШИНАНЫ ОРНАТУ
КІР ЖУУ
21 АЛҒАШҚЫ КІР ЖУУ
21 ЖАЛПЫ НҰСҚАУЛЫҚТАР
22 БАСҚАРУ ПАНЕЛІН ПАЙДАЛАНУ
21
24 Балалардан қорғайтын құлып
24 Дыбысын өшіру
25 Жууды кейін бастау
25 Бағдарламалық басқаруды қолдану
арқылы кір жуу
26 Кір жуу режимін қолмен орнату
26 КІР ЖУУ БОЙЫНША НҰСҚАУЛЫҚ
28 КІР ЖУУҒА АРНАЛҒАН ҚҰРАЛДАР МЕН
ҚОСПАЛАР ТУРАЛЫ АҚПАРАТ
28 Кір жуу құралдарын пайдалану
28 Кір жуу құралдарына арналған
бөлік
КІР ЖУҒЫШ МАШИНАНЫ ТАЗАЛАУ
29 КІР ЖУҒЫШ МАШИНАДАН СУДЫ ЖЕДЕЛ
АҒЫЗУ
ЖƏНЕ КҮТІП БАПТАУ
29 КІР ЖУҒЫШ МАШИНАНЫҢ СЫРТЫН
ТАЗАЛАУ
30 КІР ЖУУҒА АРНАЛҒАН ҚҰРАЛДАР
29
БӨЛІГІ МЕН ҚУЫСТАРДЫ ТАЗАЛАУ
31 ҚОҚЫСҚА АРНАЛҒАН СҮЗГІНІ ТАЗАЛАУ
32 СУ ЖІБЕРЕТІН ШЛАНГТІҢ ТОР
СҮЗГІСІН ТАЗАЛАУ
32 ҚАТЫП ҚАЛҒАН КІР ЖУҒЫШ МАШИНАНЫ
ЖӨНДЕУ
32 КІР ЖУҒЫШ МАШИНАНЫ САҚТАУ
АҚАУЛЫҚТАРДЫ ЖОЮ ЖƏНЕ ҚАТЕ
33 АҚАУЛЫҚТАР МЕН ОЛАРДЫ ЖОЮ
ТƏСІЛДЕРІ
ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМАЛАРДЫ ОҚУ
34 АҚПАРАТТЫҚ КОДТАР.
33
БАҒДАРЛАМАЛАР КЕСТЕСІ
35 БАҒДАРЛАМАЛАР КЕСТЕСІ
35
ҚОСЫМША
36 КИІМ ЖАПСЫРМАСЫНДАҒЫ МƏНДЕРДІ
СИПАТТАУ
36 ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ
37 СТАНДАРТТАРҒА СƏЙКЕСТІГІ ТУРАЛЫ
36
ХАБАРЛАУ
37 ТЕХНИКАЛЫҚ СИПАТТАМАЛАРЫ
12_ Мазмұны
WF0500NY-02871D_KK.indd 12 2010-6-11 13:42:19
Кір жуғыш машинаны орнату _13
Кір жуғыш машинаны
орнату
Кір жуғыш машина дұрыс жұмыс істеп, кір жуу кезінде
жарақаттану қаупі туындамас үшін осы нұсқаулықты қатаң
сақтаңыз.
01 КІР ЖУҒЫШ МАШИНАНЫ ОРНАТУ
ЖИЫНТЫҒЫН ТЕКСЕРУ
Кір жуғыш машинаны қаптамасынан шығарып, тасымалдау кезінде зақымданбағандығын
тексеріңіз. Жиынтықта төменде көрсетілген бөлшектердің барлығы бар екендігіне
көз жеткізіңіз. Егер кір жуғыш машина тасымалдау кезінде зақымданса немесе
жиынтықта бөлшектері түгел болмаса, бірден Samsung қызмет көрсету орталығына
немесе Samsung компаниясының дилеріне хабарласыңыз
Босататын рычаг
Жоғарғы бөлігі
Кір жуғыш
құралдар бөлігі
Басқару
панеліДверца
Қуаттану
айыры
Есігі
Су ағызатын
шланг
Қоқыс жинайтын
сүзгі
Түзететін аяқтары
Барабан
Апатты жағдай су
ағызу түтігі
Сүзгі қақпағы
Тасымалдау
Су жіберу
Шлангті
Сомын кілті
бұрандаларының
Бітеуіштер
шлангі
ұстағыш
тесіктерін бітеуіш
WF0500NY-02871D_KK.indd 13 2010-6-11 13:42:20
14_ Кір жуғыш машинаны орнату
Кір жуғыш машинаны
орнату
ОРНАТУ ТАЛАПТАРЫН ТЕКСЕРУ
Электр жүйесіне қосу жəне жерге байланыстыру
Өртену, электр тоғының соғуы жəне жарақаттану қаупінің алдын алу
үшін сымдар мен жерге байланыстыру ANSI/FNPA №70 стандарттарына жəне
жергілікті нормалар мен ережелерге сəйкес орындалуы керек. Құрылғы
иесі құрылғының электр жүйесіне дұрыс қосылуына өзі жауапты.
Ұзартқышты пайдалануға тыйым салынады.
ЕСКЕРТУ
Кір жуғыш машинамен берілетін қуаттану кабелін ғана пайдаланыңыз.
Орнатуға дайындық кезінде электр қуаты желісінің төмендегі талаптарға
сəйкестігін тексеріңіз:
• 220-240 В, 50 Гц, сақтандырғыш немесе автоматты ажыратқыш 15 А.
• Кір жуғыш машина басқа құрылғылар қосылмаған жеке қатарға қосылуы
керек.
Кір жуғыш машина жерге байланыстырылуы керек. Кір жуғыш машина
бұзылған немесе сынған жағдайда жерге байланыстыру электр тоғының
соғу қаупін азайтады. Егер кір жуғыш машина үш контактілі айырмен
келсе, оны дұрыс орнатылған, жерге байланыстырылған розеткаға
қосыңыз.
Жерге байланыстыруды пластик қабатқа, газ құбырларына, жылыту
жəне су құбырларына қоспаңыз.
Жерге байланыстыру дұрыс жүзеге аспаған жағдайда электр тоғының
соғуына əкелуі мүмкін. Машинаны пайдаланар алдында кəсіби электрик
жерге байланыстырудың дұрыс орындалғанын тексеру керек. Кір жуғыш
машинамен бірге алынған айырды ауыстырмаңыз. Егер айыр розеткаға
сəйкес келмесе, кəсіби электриктен сəйкес келетін розетка орнатып
беруін сұраңыз.
Су жіберетін шлангті қосу
Су қысымы 50-800 кПа болған кезде кір жуғыш машина дұрыс жұмыс
істейді. Су қысымы 50 кПа-дан төмен болса су клапаны толығымен
жабылмай, істен шығуы мүмкін. Сондай-ақ кір жуғыш машинаның сумен
толуы рұқсат етілген уақыттан ұзақ болуы салдарынан, құрылғы өшіп
қалуы мүмкін. (Ішкі шлангтің жарылып кетуінен судың толып кетуін жəне
су басып кетуін болдырмау үшін кір жуғыш машинаның басқару жүйесіне
уақыт шектеуіші қойылған)
Су құбыры крандары кір жуғыш машинаның артқы қабырғасынан 122 см –ден
аспайтын қашықтықта болуы керек: бұл жағдайда қосылу үшін кір жуғыш
машинамен бірге жеткізілген су жіберетін шлангтың ұзындығы жеткілікті
болады.
Егер шланг ұзындығы жеткіліксіз болса, қажет ұзындықтағы шлангті
(305 см дейін) шаруашылық дүкенінен ала аласыз.
Судың ағып кету қаупін азайту үшін:
• крандарға ыңғайлы қосылуды қамтамасыз етіңіз;
• кір жуғыш машина пайдаланылмаса, крандарды жауып жүріңіз;
• су ағып кетпегендігін үнемі тексеріп тұрыңыз.
Ескерту. Кір жуғыш машинаны алғаш пайдаланардың алдында
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
барлық шлангтерден, клапандардан жəне крандардан судың ағып
тұрмағандығына көз жеткізіңіз.
WF0500NY-02871D_KK.indd 14 2010-6-11 13:42:21
01 КІР ЖУҒЫШ МАШИНАНЫ ОРНАТУ
Кір жуғыш машинаны орнату _15
Су ағызатын шлангты қосу
Samsung компаниясы биіктігі 46 см тік құбырды пайдалануға кеңес
береді. Су ағызатын шланг ұстағыш арқылы тік құбырға бағытталуы
керек. Тік құбырдың ішкі диаметрі суды ағызатын шлангтің сыртқы
диаметрінен үлкенірек болуы керек. Су ағызатын шланг кір жуғыш
машинаға фабрикада жалғастырылған.
Машинаны орнатуға орын таңдау
Кір жуғыш машинаны мықты еденге орнатқан жөн. Ағаш еденге орнатқан
кезде діріл мен үйлеспеген ауырлықты азайту үшін оны бекітіп қойған
жөн. Кір жуғыш машинаны кілемнің немесе жұмсақ плитаның үстіне
орнатқан кезде оның дірілі күшейе түседі; сыққан кезде кір жуғыш
машина аздап қозғалады. Кір жуғыш машинаны тақтай тұғырға жəне қатты
емес қабатқа орнатпаңыз.
Үй-жайдағы температура
Кір жуғыш машинаны су қатып қалуы мүмкін орындарға орнатпаңыз, себебі
машинада əрқашан (су клапанында, сорғыда жəне шлангтерде) аздаған су
қалып қалады. Қатып қалған су жетек тартпасын, сорапты жəне басқа да
бөліктерді бұзуы мүмкін.
Шкафтар мен жабық орындарда орнату
Кір жуғыш машина қауіпсіз жұмыс істеу үшін саңылаулар төмендегідей
болуы керек:
жандарынан — 25 мм арт жағынан — 51 мм
жоғарғы жағынан — 25 мм алдынан — 465 мм
Кептіргіші бар кір жуғыш машинаны орнатқан кезде алдынан кем дегенде
465 мм кем емес саңылау қалдыру керек. Бір кір жуғыш машинаға саңылау
қажет емес.
КІР ЖУҒЫШ МАШИНАНЫ ОРНАТУ
1-ҚАДАМ
Машинаны орнатуға орын таңдау
Кір жуғыш машинаны орнатпас бұрын. Орнатылатын орын төмендегі
талаптарға сəйкес болуына көз жеткізіңіз:
• желдетуге кедергі келтіретін кілем жəне басқа да жапқыштар жоқ
тегіс, қатты еден;
• орын тікелей күн сəулесінің түсуінен қорғалуы керек;
• оңай желдетілу керек;
• температура 0°-тан төмен болмауы керек;
• жылу көздерінен (маймен немесе газбен жылытқыштар) алыс
орналасу керек;
• электр қуаты кабелі кір жуғыш машинаның астында қалып қалмайтындай
кең орын.
WF0500NY-02871D_KK.indd 15 2010-6-11 13:42:21
16_ Кір жуғыш машинаны орнату
Кір жуғыш машинаны
орнату
2-ҚАДАМ
Тасымалдау бұрандаларын жою
Кір жуғыш машинаны пайдаланбас бұрын құрылғының артқы панеліндегі
барлық тасымалдау бұрандаларын алып тастау керек.
1. Барлық тасымалдау бұрандаларын кілттің
көмегімен босатыңыз.
2. Бұранданы кілтпен ұстап, оны тесіктің
үлкен бөлігі арқылы алып тастаңыз. Əр
бұранда үшін осы жағдайды қайталаңыз.
3. Тесіктерді қосымша берілетін пластмасса
бітеуіштермен жауып тастаңыз.
4. Тасымалдау бұрандаларын болашақта пайдалану үшін сақтап салыңыз.
Қаптау материалдары материалдары балаларға қауіп төндіруі мүмкін.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
Барлық қаптау материалдарын (пластик жəне полиэтилен қалташалар)
балалардың қолы жетпейтін жерлерде сақтаңыз.
Қақпақ бекіткішін (қалташадағы
бөлшектердің біреуі) қуаттану
кабелін алған машинаның артқы
жағындағы тесікке салыңыз.
WF0500NY-02871D_KK.indd 16 2010-6-11 13:42:22
01 КІР ЖУҒЫШ МАШИНАНЫ ОРНАТУ
Кір жуғыш машинаны орнату _17
3 – ҚАДАМ
Аяқтарының биіктігін реттеу
Кір жуғыш машинаны орнатқан кезде электр қуатының айырына, суды
жіберетін жəне ағызатын шлангтерге ыңғайлы қол жетімді болуына
көз жеткізіңіз.
1. Кір жуғыш машинаны керек орынға жылжытыңыз.
2. Егер еден тегіс
болмаса, аяқтарын
қажет бағытта бұрай
отырып биіктігін
реттеңіз.
3. Кір жуғыш машина түзу орнаған кезде,
бекіткіш сомынды кілтпен тартып тастаңыз.
4 – ҚАДАМ
Суды жіберетін жəне ағызатын шлангтерді қосу
Суды жіберетін шлангті қосу
1. Г-пішіндес қондырмасы бар суық су жіберетін шлангты алыңыз да
машинаның артқы жағындағы суық
суды кіргізетін тесікке қосыңыз.
Қосылған жерді қолмен тартып
қойыңыз.
Су жіберетін шлангтің бір жағы
кір жуғыш машинаға, ал екінші
жағы суық су құбыры кранына
жалғанып тұруы керек. Су
жіберетін шланг тартылып тұрмауы
керек. Егер шлангтың ұзындығы
жеткіліксіз болса, жоғары қысымды
ұзын шлангты қолданыңыз.
2. Су жіберетін шлангтың екінші жағын
суық су құбырына жалғап, жалғанған
жерін қолмен тартып қойыңыз.
Қажет болған жағдайда кір жуғыш
машинадағы шлангтің орналасуын
өзгертуге болады. Ол үшін жалғасып
тұрған жерді босатып, шлангты
түзеп, қайтадан тартып қойыңыз.
Ыстық суға қосу (кейбір түрлерінде)
1. Қызыл Г-пішіндес қондырмасы бар ыстық суды жіберетін шлангты алып,
оны машинаның арт жағында орналасқан ыстық су кіретін тесікке
жалғаңыз. Жалғанған жерін қолмен тартып қойыңыз.
2. Ыстық суды жіберетін шлангтың екінші жағын ыстық су ағатын су
құбырына жалғап, жалғанған жерін қолмен тартып қойыңыз.
3. Егер тек суық суды ғана пайдаланатын болсаңыз, Ү-пішіндес
қондырманы пайдаланыңыз.
WF0500NY-02871D_KK.indd 17 2010-6-11 13:42:23
18_ Кір жуғыш машинаны орнату
Кір жуғыш машинаны
орнату
Су жіберетін шлангті жалғау (барлық түрлеріне емес)
1. Су жіберетін шлангтен адаптерін шешіп
алыңыз.
Адаптер
Су
жіберетін
шланг
2. Алдымен крест пішіндес бұрағыштың
көмегімен адаптердегі төрт бұранданы
босатыңыз. Содан кейін адаптерді алып,
1
5 мм
адаптердің (2) бөлігін ені шамамен 5 мм
2
саңылау пайда болғанша көрсетілген бағытта
бұраңыз.
3. Су құбыры кранына адаптерді жалғап,
бұранданы қаттылап тартыңыз. Содан кейін
көрсетілген бағытта (2) бөлікті бұрап, (1)
жəне (2) бөліктерді сəйкестендіріңіз.
Су
құбыры
1
2
4. Су жіберетін шлангті адаптерге
жалғаңыз. Егер (3) бөлікті
босатып жіберсе, шланг автоматты
түрде шертпек дыбыспен адаптерге
қосылады.
Шлангті адаптерге қосқаннан кейін,
дұрыс қосылғандығын тексеру
үшін шлангті төмен қарай тартып
3
көріңіз.
5. Су жіберетін шлангтің екінші жағын кір
жуғыш машинаның артқы жағында орналасқан
суға арналған енгізу клапанына жалғаңыз.
Шлангтің сомынын сағат тілімен тірелгенше
бұраңыз.
WF0500NY-02871D_KK.indd 18 2010-6-11 13:42:24
01 КІР ЖУҒЫШ МАШИНАНЫ ОРНАТУ
Кір жуғыш машинаны орнату _19
6. Су жібергішті қосып, судың ағып
тұрмағандығына көз жеткізіңіз. Егер су
ағып тұрса, жалғау үрдісін қайтадан
қайталаңыз.
Су ағып тұрса, кір жуғыш машинаны
пайдаланбаңыз. Бұл жарақаттануға жəне
электр тогынің соғуына əкелуі мүмкін.
• Егер кран қондырғысы бұрандалы болса,
су жіберетін шлангті кранға суретте
көрсетілгендей етіп жалғаңыз.
Суды жіберу үшін осы мақсатқа ең ыңғайлысы су құбыры кранын
қолданған жөн. Егер кранның диаметрі шектен тыс үлкен болса,
адаптерді су құбыры кранына жалғамас бұрын аралық сақинаны алып
тастаңыз.
✗
✗
ЕСКЕРТУ
WF0500NY-02871D_KK.indd 19 2010-6-11 13:42:25
20_ Кір жуғыш машинаны орнату
Кір жуғыш машинаны
орнату
Су ағызатын шлангті қосу
Су ағызатын шлангтің ұшын үш түрлі жолмен қосуға болады:
1. Шұңғылша (раковина) жиегі арқылы өткізу. Су ағызатын шланг еденнен
санағанда 90 см. жоғары жəне 60 см. төмен болмауы керек. Шланг
майысып тұру үшін кір жуғыш машинамен бірге берілетін пластик
шланг ұстатқышты пайдаланыңыз. Шлангті бекіту үшін ұстатқышты
қабырғаға ілмекпен немесе кранға жіппен бекітіп қойыңыз.
Су ағызатын шланг
60–90 см
Шланг ұстатқыш
2. Шұңғылшаның (раковинаның) су ағызатын құбырының бір тармағына
қосыңыз. Су ағызатын құбырдың тармағы шлангтың ұшы еденнен 60 см
төмен болмайтындай етіп шұңғылшаның (раковинаның) су ағызатын
сифонынан жоғары орналасуы керек.
3. Су ағызатын құбырға қосыңыз. Құбырдың ұзындығы 60 см кем, 90 см
артық болмауы керек. Биіктігі 65 см тік құбырды пайдалануға кеңес
беріледі.
5 – ҚАДАМ
Кір жуғыш машинаны электр желісіне қосу
Айырды қуаты 220-240 В, жиілігі 50 Гц ауыспалы токтың розеткасына
қосыңыз. Розетка 15-амперлі сақтандырғышпен немесе автоматты
ажыратқышпен қорғалған болуы керек. (Электр қуаты жəне жермен
байланыстыру талаптары бойынша қосымша ақпарат 14 бетте.)
WF0500NY-02871D_KK.indd 20 2010-6-11 13:42:26