Samsung BFN1351B: Кіріктірілген пеш
Кіріктірілген пеш: Samsung BFN1351B
NV70F35 сериясы
NV66F35 сериясы
BF1 сериясы
BFN сериясы
Кіріктірілген пеш
пайдаланушы нұсқаулығы
Бұл нұсқаулық кітапша 100 % қайта өңдеуден өткізуге болатын қағазға басылған.
мүмкіндіктерді елестетіңіз
Samsung компаниясының бұл өнімін сатып алғаныңызға рахмет.
NV70F35,NV66F35,BF1,BFN Series_BWT_DG68-00191F-03_KK.indd 1 2014-07-11 11:17:20
мазмұны
ПАЙДАЛАНУШЫ
03 Пайдаланушы нұсқаулығын қолдану
НҰСҚАУЛЫҒЫН ҚОЛДАНУ
3
САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ
06 Шамды ауыстыру
3
ОРНАТУ
09 Есікті ағытып алу
09 Есіктің шынысын алу
10 Қуатты автоматты түрде үнемдеу
8
функциясы
10 Аталған өнімді дұрыс пайдалану
(Электр қуатын шығындау және
Электрондық жабдық)
БӨЛШЕКТЕРІ МЕН
11 Пештің басқару тетіктері
11 жабдықтары
ФУНКЦИЯЛАРЫ
11
ПЕШТІ ІСКЕ ҚОСУ ТӘСІЛІ
13 Уақытты орнату
13 Ескерту сигналын орнату
13 Бала ауіпсіздігі функция сы
13
13 Алдын ала жылдам қыздыру режимін
қолдану
14 Пісіру режимін қолдану
ТАҒАМДАРДЫ СЫНАҚТАН
15 Тағамдарды сынақтан өткізу
ӨТКІЗУ
15
ТАЗАЛАУ ЖӘНЕ КҮТІМ КӨРСЕТУ
16 Қолмен тазалау
16
КЕПІЛДІК ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТ
17 Ақаулық себептерін анықтау
17 Ақаулық және қауіпсіздік кодтары
КӨРСЕТУ
17
Казақ - 2
NV70F35,NV66F35,BF1,BFN Series_BWT_DG68-00191F-03_KK.indd 2 2014-07-11 11:17:20
пайдаланушы нұсқаулығын
қолдану
SAMSUNG компаниясының кіріктірілген пешін таңдағаныңызға рахмет.
Бұл пайдаланушы нұсқаулығында құрылғыны іске қосуға және күтіп ұстауға көмектесу
үшін берілген маңызды сақтық шаралары мен нұсқаулар қамтылған.
Пешті іске қосар алдында осы пайдаланушы нұсқаулығын уақыт бөліп оқып шығыңыз да,
01 ПАЙДАЛАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫН ҚОЛДАНУ
келешекте қарап жүру үшін сақтап қойыңыз.
Осы пайдаланушы нұсқаулығының мәтінінде келесі белгілер қолданылған:
ЕСКЕРТУ немесе АБАЙЛАУ Маңызды Ескерім
сақтық шаралары
Бұл құрылғыны тек уәкілетті электр маманы ғана орнатуға тиіс. Құрылғыны орнатушы оны
электр желісіне, қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін берілген тиісті ұсыныстарды орындай
отырып жалғауға міндетті.
ЕСКЕРТУ
Бұл құрылғы кембағал, сезім мүкістігі бар немесе ақыл-есі кем,
құрылғыны қолдану тәжірибесі жоқ не қолдана білмейтін адамдар
(балаларды қоса алғанда) қолдануға арналмаған. Олар осы
құрылғыны өз қауіпсіздігін қамтамасыз ететін адамның нұсқауы
немесе қадағалауы бойынша пайдалануға тиіс.
Балаларды құрылғымен ойнамас үшін қадағалап отыру керек.
Қорек сымына зақым келсе, оның орнына арнайы сым немесе
жинақты, өндіруші немесе уәкілетті қызмет көрсету орталығынан
сатып алып салу керек. (Сымдары тұрақты орнатылатын құрылғы
үлгісіне ғана қатысты)
Қорек сымы бүлініп қалса, қатерлі жағдай орын алмас үшін оны
өндіруші немесе өндірушінің уәкілетті агенті немесе білікті адам
ауыстыруға тиіс. (Қуат сымы бар құрылғы үлгісіне ғана қатысты)
Құрылғыны орнатып болғаннан кейін электр желісінен ағыту
мүмкін болуға тиіс. Құрылғыны желіден ағыту үшін оның ашасы
қол жететін жерде тұруға тиіс немесе сымға қолданыстағы
ережеге сай айырып-қосқыш орнатылуға тиіс.
Казақ - 3
NV70F35,NV66F35,BF1,BFN Series_BWT_DG68-00191F-03_KK.indd 3 2014-07-11 11:17:20
Құрылғы іске қосылып тұрғанда қызып кетеді. Пештің ішіндегі
қыздырғыш элементтерге қол тиіп кетпес үшін абай болу керек.
ЕСКЕРТУ: Құрылғы жұмыс істеп тұрғанда қол жететін
бөлшектері қызып тұруы мүмкін. Жас балаларды алыс ұстау
керек.
Егер құрылғының бумен немесе өздігінен тазалау функциялары
бар болса, төгіліп қалған заттарды бумен немесе өздігінен
тазалау функциясын бастамай тұрып сүртіп, пеш ішінде ешбір
ыдыс қалдыруға болмайды. (Тазалау функциясы бар үлгіге ғана
қатысты)
Егер құрылғының өздігінен тазалау функциясы бар болса,
өздігінен тазалау функциясы кезінде өздігінен тазаланатын
беттер әдеттегіден ысып кетуі мүмкін, балаларды алыс ұстау
керек. (Тазалау функциясы бар үлгіге ғана қатысты)
Осы пеште қолдану үшін ұсынылған температура істігін ғана
пайдаланыңыз. (Температура істігі бар үлгіге ғана қатысты)
Бумен тазалағышты пайдалануға болмайды.
ЕСКЕРТУ: Электр қатеріне түсіп қалмас үшін, құрылғы шамын
ауыстырар кезде оны электр желісінен ағытып алыңыз.
Түрпілі тазалағыш заттар немесе өткір металл қырғыштарды пеш
есігінің шынысын тазалау үшін пайдаланбаңыз, себебі бұндай
заттар шыны бетіне сызат түсіріп оның шытынап кетуіне алып
келеді.
ЕСКЕРТУ: Құрылғы мен оның қол жететін бөліктері,
құрылғыны пайдаланғанда қызып тұрады.
Қыздырғыш элементтерге қол тиіп кетпес үшін абай болу
керек. 8 жасқа толмаған балаларды, үнемі байқап отырмаған
жағдайда құрылғыдан алыс ұстау керек.
Бұл құрылғыны 8 жасқа толған және одан асқандар ғана
қолдануға тиіс және кембағал, сезім жүйесі дамымаған
немесе ақыл-есі кем, құрылғыны қолдану тәжірибесі жоқ
не қолдана білмейтін адамдар құрылғыны қауіпсіз қолдану,
қатерлі жағдайлар туралы нұсқау алса немесе тиісті адамның
қадағалауы бойынша пайдалануға тиіс. Балалар құрылғымен
ойнамауға тиіс. Балалар үлкендердің қарауынсыз тазалау
немесе күтім көрсету жұмыстарын орындамауға тиіс.
Казақ - 4
NV70F35,NV66F35,BF1,BFN Series_BWT_DG68-00191F-03_KK.indd 4 2014-07-11 11:17:20
Құрылғының қол жететін беттерінің температурасы құрылғы
жұмыс істеп тұрған кезде жоғары болуы мүмкін.
Жұмыс істеп тұрған құрылғының есігі немесе сыртқы беті ыстық
болуы мүмкін.
Құрылғыны және қорек сымын 8 жасқа толмаған балалардан
алыс ұстаңыз.
02 САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ
Бұл құрылғылар жеке тұрған таймер немесе қашықтан басқару
құралының көмегімен басқарылмайды.
Майысқан жақтауы бар жағын көп мөлшерде
тағам пісірген кезде салмақ теңгерімін сақтау
үшін артқы жаққа қарай қойыңыз. (Үлгіге
байланысты)
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ
Тасымалдау барысында пешке нұқсан келсе, оны желіге қоспаңыз.
Құрылғыны электр желісіне тек уәкілетті электр маманы ғана қосуға тиіс.
Құрылғыда ақау пайда болса немесе оған нұқсан келсе, іске қосуға әрекеттенбеңіз.
Жөндеу жұмыстарын тек уәкілетті техник ғана орындауға тиіс. Жөндеу жұмысы
дұрыс орындалмаса, өзіңізге немесе басқаларға қатерлі болуы мүмкін. Егер пешіңізді
жөндеткіңіз келсе, SAMSUNG қызмет көрсету орталығына немесе дилеріңізге
хабарласыңыз.
Электр сымдары мен кабельдерін пешке тигізбеу керек.
Пешті электр желісіне қолдануға рұқсат етілген айырып-қосқыш немесе сақтандырғыш
арқылы жалғау керек. Көп бағытты адаптерді немесе ұзартқыш сымды ешқашан
қолданбаңыз.
Құрылғыны жөндеу немесе тазалау қажет болса, міндетті түрді тоқ көзінен ажыратыңыз.
Пештің қасында орналасқан розеткаға электр құрылғыларын жалғаған кезде абай
болыңыз.
Егер құрылғының бумен пісіретін функциясы бар болса, сумен жабдықтайтын түтікшеге
нұқсан келген жағдайда құрылғыны іске пайдаланбаңыз. (Бу функциясы бар үлгіге ғана
қатысты)
Су құятын түтікшеге сызат түссе не сынса, оны қолданбаңыз, жақын қызмет көрсету
орталығына хабарласыңыз. (Бу функциясы бар үлгіге ғана қатысты)
Бұл пеш тек үйде тағам пісіруге ғана арналып жасалған.
Пеш іске қосылып тұрғанда, оның ішкі беті күйгізіп жіберерліктей ысып тұрады. Пештің
қыздырғыш элементтеріне немесе ішкі бетіне салқындағанша қол тигізуге болмайды.
Пештің ішіне ешқашан тұтанғыш зат салып сақтауға болмайды.
Құрылғы ұзақ уақыт жоғары температурада жұмыс істеген кезде, оның беті қызып
тұрады.
Казақ - 5
NV70F35,NV66F35,BF1,BFN Series_BWT_DG68-00191F-03_KK.indd 5 2014-07-11 11:17:20
Тағам пісіру барысында есікті абайлап ашыңыз, себебі ыстық ауа және бу кенет шығып
кетуі мүмкін.
Құрамына алкоголь қосылған тағамды пісірген кезде, алкоголь жоғары температурада
буланып ұшып, егер пештің ыстық бөлшегіне тисе өрт шығуы мүмкін.
Өз қауіпсіздігіңізді қамтамасыз ету үшін, жоғары қысымдағы су бүріккіш немесе бумен
тазалайтын құралдарды қолданбаңыз.
Пеш іске қосылып тұрған кезде, балаларды қауіпсіз жерде алыс ұстау керек.
Пицца тәрізді мұздатылған тағамды үлкен торға салып пісіру керек. Егер пісіру науасын
қолдансаңыз, температураның айырмашылығының тым көп болғандығына байланысты
деформацияланып қалуы мүмкін.
Ыстық тұрған пештің табанына су құймаңыз. Себебі эмаль қаптама бүлінуі мүмкін.
Тағам пісіру барысында пештің есігі жабық тұруға тиіс.
Пештің табанын алюминий фольгамен қаптамаңыз және оған пісіру науасын немесе
қалбырын қоюға болмайды. Алюминий фольга қызудың шығуына бөгет жасап,
нәтижесінде эмаль қаптама бүлінуі және тағам дұрыс піспей қалуы мүмкін.
Жеміс шырыны пештің эмаль қаптамасына кетпейтін дақ қалдыруы мүмкін. Өте сұйық
қоспадан жасалған тортты пісіру үшін шұңғыл табаны қолданыңыз.
Пештің ашық тұрған есігінің үстіне тағам пісіретін ыдыстарды қоймаңыз.
Кішкене балаларды құрылғымен ойнамас үшін қадағалап отыру керек.
Есікті ашып-жапқан кезде балаларды алыс ұстаңыз, себебі олар есікке соғылып қалуы
немесе саусақтарын есікке қыстырып алуы мүмкін.
Есікке сүйенбеңіз, отырмаңыз, ауыр зат қоймаңыз немесе оны баспаңыз.
Есікті шамадан тыс көп күшпен ашпаңыз.
ЕСКЕРТУ: Құрылғыны тағам пісіріп болғаннан кейін де электр тоғынан ажыратпаңыз.
ЕСКЕРТУ: Пеште тағам пісіп жатқан кезде есігін ашып қоюға болмайды.
ШАМДЫ АУЫСТЫРУ
Электр қатері бар! Пештің кез келген шамын ауыстырар
алдында, төмендегі қадамдарды орындаңыз:
• Пешті сөндіріңіз.
• Пешті тоқ көзінен ажыратыңыз.
• Пештің жарықтама шамын және оның қалпағын, пештің
табанына төселген шүберекке қойып қорғаңыз.
• Шамдарды SAMSUNG қызмет көрсету орталығынан
сатып алуға болады.
Казақ - 6
NV70F35,NV66F35,BF1,BFN Series_BWT_DG68-00191F-03_KK.indd 6 2014-07-11 11:17:20
Пештің артқы шамы
1. Қалпағын сағат бағытына қарсы бұрап
ағытып, металл шығырығын, төсеме
шығырығын алыңыз да, шыны қалпақты
тазалаңыз. Егер қажет болса, шамды
25 ватт, 300 °C қызуға төзімді пеш шамына
02 САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ
ауыстырыңыз.
2. Қажет болса, шыны қалпақты, металл шығырық пен
төсеме шығырықты тазалаңыз.
3. Металл шығырық пен төсеме шығырықты шыны қалпаққа
салыңыз.
4. Шыны қалпақты 1-ші қадамды орындаған кезде алған
жеріне салыңыз да, сағат тілінің бағытымен бұрап
орнына салыңыз.
Казақ - 7
NV70F35,NV66F35,BF1,BFN Series_BWT_DG68-00191F-03_KK.indd 7 2014-07-11 11:17:20
орнату
Орнатуға арналған қауіпсіздік нұсқаулары
Бұл пешті тек уәкілетті электр маманы ғана орнатуға тиіс. Құрылғыны электр желісіне, тиісті
қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатысты ұсыныстарды орындай отырып жалғауға орнатушы міндетті.
• Пешті орнатқан кезде, оның кернеулі бөліктерінен сақтандыру керек.
• Пеш орнатылатын ас үй жиһазы DIN 68930 стандартында көрсетілген орнықтылық ережесінің
талабына сай болуы керек.
Қуат қосылымы
Егер құрылғы электр желісіне аша арқылы жалғанбаса, қауіпсіздік
стандарттарына сай келу үшін көп-полюсті айырып-қосқышпен
(контакттарының арасы кем дегенде 3 мм) жабдықталуға тиіс. Қуат
сымының (H05 RR-F немесе H05 VV-F, мин., 2,5 мм²) ұзындығы,
тіптен пеш ас үй жиһазының алдыңғы жағындағы еденде тұрса да,
пешті тоқ көзіне жалғау үшін жеткілікті болуға тиіс. Пештің артқы
ҚОҢЫР
КӨК
САРЫ және
жағында орналасқан қуат қосылымы қақпағын бұрандамен бұрап
немесе ҚАРА
немесе АҚ
ЖАСЫЛ
ашыңыз да, кабель қапсырмасының бұрандаларын, қуат сымдарын
тиісті ағытпаларға жалғар алдында босатыңыз. Пеш ( )-ағытпасы арқылы жерге қосылады.
Сары және жасыл сымды (жерге қосылатын) бірінші жалғау керек және бұлар басқа сымдардан
ұзын болуға тиіс. Егер пеш электр желісіне аша арқылы жалғанса, бұл аша тіптен пешті орнатып
болғаннан кейін де қол жететін жерде тұруға тиіс. Samsung компаниясы жерге қосылмаған
немесе теріс қосылған құрылғы үшін жауапкершілік көтермейді.
ЕСКЕРТУ: Орнату барысында қосылатын сымның қыстырылып қалуына және
пештің ыстық бөліктеріне тиіп кетуіне жол бермеңіз.
Ас үй жиһазына орнату
Ас үй жиһазына кіріктіріп орнату керек болса, пештің үй жиһазының ішіндегі пластик беттері мен
желім 90 °C градусқа және көршілес жиһаздарға жақын жерлері 75 °C градусқа төзімді болуға
тиіс. Қызудың әсерінен пластик беттерге немесе желімдерге нұқсан келсе Samsung ешбір
жауапкершілік көтермейді.
Пеш қойылатын ас үй жиһазының табанында желдеткіш саңылау болуға тиіс. Астыңғы сөре
мен тірегіш қабырға арасында желдету үшін 50 мм бос орын қалдыру керек. Пешті пеш үстінің
астына орнату керек болса, пеш үстін орнату бойынша нұсқауларды орындау керек.
Ең кемінде 550 Ең кемінде 560
Ең кемінде 550
Ең кемінде 560
370
175
560
Ең кемінде 50
115
595
Ең кемінде 600
370
560
Ең көбі 476
550
572
Ең кемінде 590 ~
Ең көбі 50
Ең көбі 600
595
595
Ең кемінде 460 x Ең кемінде 50
550
572
Ең көбі 464
545
21
Астына кіріктірілген
595
545
21
Ең кемінде 460 x
Ең кемінде 50
Ішіне кіріктірілген +
Ішіне кіріктірілген
Астына кіріктірілген
Құрылғыны ас үй жиһазына әбден итеріп кіргізіп, 2 бұранданың көмегімен пештің екі жағын
әбден бекітіңіз. Құрылғы мен көршілес тұрған ас үй жиһазының арасында кем дегенде 5 мм
орын қалуын қамтамасыз етіңіз.
Казақ - 8
NV70F35,NV66F35,BF1,BFN Series_BWT_DG68-00191F-03_KK.indd 8 2014-07-11 11:17:21
Орнатып болғаннан кейін есіктен және пештің ішінен винил қорғағыш таспаны, жапсырғышты,
қағаз бен керек-жарақтарды алыңыз. Пешті ас үй жиһазынан алатын кезде, пешті электр
желісінен ағытып, екі жағындағы 2 бұранданы алыңыз.
ЕСКЕРТУ: Пеш кіріктіріліп орнатылатын ас үй жиһазының ауа айналып тұруға
арналған, өлшемі кем дегенде суретте көрсетілгендей саңылауы болуға тиіс. Осы
саңылауды ағаш жаңқаларымен бітемеңіз, себебі бұл желдетуге арналған саңылау.
Пештің алдыңғы сыртқы жағы, мысалы тұтқасы әр үлгіде әр түрлі болады. Бірақ
пештің өлшемі суретте көрсетілгендей.
03 ОРНАТУ
ЕСІКТІ АҒЫТЫП АЛУ
Пештің есігін әдетте алмай қолдану керек, дегенмен, пештің есігін мысалы, тазалау үшін
алу керек болса, төмендегі нұсқауларды орындаңыз.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ: Пештің есігі ауыр.
2
70
1
1. Есікті ашыңыз да, екі
2. Есікті шамамен 70°
3. Тазалап болғаннан кейін
топсадағы қапсырмаларды
бойынша жабыңыз.
есікті орнына салу үшін
түгел ашыңыз.
Есіктің екі жақтауының
1 және 2 қадамдарды
орта тұсынан қос қолдап
кері ретпен орындаңыз.
ұстап, топсаларын ағытып
Топсаның қапсырмасын
алғанша тартып көтеріңіз.
екі жағынан жабу керек.
ЕСІКТІҢ ШЫНЫСЫН АЛУ
Пештің есігі бірінен кейін бірі орналасқан шыны панельдерден тұрады. Шыны панельдерді
алып тазалауға болады.
1. Есіктің сол жағы
2. Қақпағын алыңыз да,
3. 2-ші панельді алып,
мен оң жағындағы
есіктен 1-ші панельді
беттерін жылы сумен
түймешіктердің екеуін де
алыңыз.
немесе жуғыш затпен
басыңыз.
тазалаңыз да, жұмсақ,
әрі таза шүберекпен
құрғатып сүртіңіз.
2 EA бастап 4 EA үлгілерінің шынылары әр түрлі болады.
Дегенмен, оларды ағытып алу және қайта құрастыру тәсілдері бірдей.
Ішкі 1-ші шыныны орнына қоярда, бедері бар жағын төмен бағыттата салыңыз.
Казақ - 9
NV70F35,NV66F35,BF1,BFN Series_BWT_DG68-00191F-03_KK.indd 9 2014-07-11 11:17:23
ҚУАТТЫ АВТОМАТТЫ ТҮРДЕ ҮНЕМДЕУ ФУНКЦИЯСЫ
• Құрылғы функцияның ортасына келген кезде немесе уақытша тоқтап тұрған кезде ешбір
функцияны таңдамасаңыз, функция біржола тоқтайды да, 10 минуттан кейін сағат көрсетіледі.
АТАЛҒАН ӨНІМДІ ДҰРЫС ПАЙДАЛАНУ
(ЭЛЕКТР ҚУАТЫН ШЫҒЫНДАУ ЖӘНЕ ЭЛЕКТРОНДЫҚ ЖАБДЫҚ)
(Жеке қоқыс жинайтын жүйесі бар елдерге қатысты)
Өнімдегі, акцессуардағы немесе нұсқаулықтағы бұл таңбалау өнімді және оның электрондық
аксессуарларын (мысалы, қуат беру құрылғысын, құлаққаптың, USB кабелін), олардың қызмет ету
мерзімі өткен соң, үйде басқа мақсатта пайдалануға болмайтындығын білдіреді. Қалдықтардың
бақыланбайтын пайдаланылуынан қоршаған ортаға немесе адам денсаулығына зиян келтірудің
алдын алу үшін бұл заттарды басқа қалдық түрлерінен бөлек алып қойыңыз және оларды
материалдық ресурстарды екінші рет пайдалану үшін қолданыңыз.
Үйде пайдаланушылар экологиялық қауіпсіз түрде қайта өңдеу үшін осы өнімді қай жерден және
қалай алуға болатынын анықтау мақсатында, осы өнімді сатып алған жердегі ретейлермен немесе
оның жергілікті кеңсесімен хабарласуы тиіс.
Іскерлік пайдаланушылар сату-сатып алу шартының талаптары мен ережелерін тексеру үшін өзінің
жабдықтаушысымен хабарласуы тиіс. Осы өнім және оның электрондық аксессуарлары жойылатын
басқа пайдаланған қаптамалармен араласып кетпеуі тиіс.
Казақ - 10
NV70F35,NV66F35,BF1,BFN Series_BWT_DG68-00191F-03_KK.indd 10 2014-07-11 11:17:23
бөлшектері мен функциялары
ПЕШТІҢ БАСҚАРУ ТЕТІКТЕРІ
04 БӨЛШЕКТЕРІ МЕН ФУНКЦИЯЛАРЫ
Ескерту
сигналы
Бейнебет
Уақыт
Уақытты басқару тетіктері
Функция таңдау тетігі
Темп. басқару тетігі
Алдыңғы жағы
Алдыңғы панельдің тот баспайтын темір, ақ, қара түсті және шыны тәрізді
материалдан жасалған әр түрін таңдауға болады. Сапаны жақсарту мақсатында
құрылғының сыртқы көрінісіне өзгеріс енгізілуі мүмкін.
Функция таңдау тетігі мен Уақытты басқару тетігі - батырма тетіктер. Басқаннан кейін
бұрауға болады. (Опция)
ЖАБДЫҚТАРЫ
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ: Керек-жарақтың бағыттағышқа дұрыс орнатылғанын тексеріңіз.
Науаларды пештің табанынан кем дегенде 2 см алшақ қою керек, себебі эмаль
қаптамаға нұқсан келеді.
ЕСКЕРТУ : Тағам және/не керек-жарақтарды пештен аларда өте сақ болыңыз. Ыстық
тағам, пештің беті мен керек-жарақтарына тисеңіз, күйіп қалуыңыз мүмкін!
Пісіру науасы (опция)
Пісіру науасын торт, печенье және басқа кондитер да өнімдерін
дайындау үшін қолдануға болады.
Май жинайтын таба (опция)
Май жинайтын (терең) табаны, тағам қуыру үшін қолданса да
болады. Бұны тағамның сұйығы пештің түбіне тамшыламас үшін
кішкене тормен бірге қолдануға болады.
Кішкене тор(опция)
Кішкене торды тағамнан гриль жасау және қуыру үшін қолдануға
болады. Бұл торды, тағамның сұйығы пештің түбіне тамшыламас
үшін қойылатын май жинайтын табамен бірге қолдануға болады.
Үлкен тор (опция)
Үлкен торды тағамнан гриль жасау және қуыру үшін қолдануға
болады. Сонымен қатар, кәстрөл және тағам пісіретін ыдыстарды
қою үшін де қолдануға болады.
Казақ - 11
NV70F35,NV66F35,BF1,BFN Series_BWT_DG68-00191F-03_KK.indd 11 2014-07-11 11:17:24
Сырғытпа бағыттауыш (опция)
• Торды, пісіру немесе қуыру науасын пешке салу үшін, алдымен
сырғытпа жолдарды тартып шығарып бір деңгейге қойыңыз.
• Науаны немесе табаны бағыттағышқа қойып, пешке әбден
кіргенше итеріңіз. Пештің есігін сырғытпа бағыттағыштарды
пештің ішіне әбден итеріп кіргізгеннен кейін ғана жабыңыз.
Май сүзгісі (опция)
• Май сүзгісі пештің ішкі арт жағында орналасады және
желдеткішке, дөңгелек қыздырғышқа және пешке қоқыс тұрудан,
май шашыраудан сақтайды.
• Ет пісірген кезде май сүзгісін қолдануды ұсынамыз. Кондитер
өнімдерін пісірген кезде май сүзгісін әрқашан алып қойыңыз!
Торт немесе тоқаш пісірген кезде сүзгі алынбаса, нәтижесі
әжептәуір нашар болады.
• Егер автоматты пісіру бағдарламаларын қолданғанда сүзгі
орнатылып тұрса, ол пісіру нәтижесін жақсарту үшін пісіру
уақытын ұзартады.
Казақ - 12
NV70F35,NV66F35,BF1,BFN Series_BWT_DG68-00191F-03_KK.indd 12 2014-07-11 11:17:25
пешті іске қосу тәсілі
УАҚЫТТЫ ОРНАТУ
Құрылғыны желіге алғаш қосардың алдында сағатты қойып алыңыз.
Сағатты орнату | 01
05 ПЕШТІ ІСКЕ ҚОСУ ТӘСІЛІ
Уақыт тетігін
басыңыз, сағат белгісі
жыпылықтайды.
Минут мәнін орнату | 02
03 | Уақытты құптау
Уақытты басқару тетігін
Уақыт тетігін
Уақыт тетігін қайта
басып қажетті уақытты
басыңыз, минут белгісі
басыңыз да, ағымдық
орнатыңыз.
жыпылықтайды.
уақытты орнатыңыз.
ЕСКЕРТУ СИГНАЛЫН ОРНАТУ
Ескерту сигналын орнату | 01
02 | Ескерту сигналын құптау
Уақытты басқару тетігін
Ескерту сигналы тетігін
Ескерту сигналы тетігін
басып сигнал беру
басыңыз, ескерту белгісі
басып құптаңыз.
уақытын орнатыңыз.
жыпылықтайды.
Егер таймер жұмысын тоқтатқыңыз келсе, Ескерту сигналын 0:00 қалпына қоюыңызға
болады. Жұмыс істеп тұрған кезде, ағымдық уақытты көрсету үшін Уақыт түймешігін басыңыз.
БАЛА АУІПСІЗДІГІ ФУНКЦИЯ СЫ
Бала ауіпсіздігі функциясын осу немесе сндіру шін Дабыл жне Уаыт
тймешігін 3 секунд басып стап трыыз. Бала ауіпсіздігі лпыны белгісі осы
функцияны осылып транын крсетеді.
АЛДЫН АЛА ЖЫЛДАМ ҚЫЗДЫРУ РЕЖИМІН ҚОЛДАНУ
Егер АЛДЫН АЛА ЖЫЛДАМ ҚЫЗДЫРУ функциясын қолдансаңыз,
температураны орнатылған мәнге дейін дереу көтеруіңізге болады.
Бұл алдын ала қыздыру режимі орнағанға дейінгі күту режимін барынша
азайтады.
АЛДЫН АЛА ЖЫЛДАМ ҚЫЗДЫРУ функциясын, температураны алдын
ала қыздыру режимі аяқталмай тұрып тиісті мәнге қою үшін қолданыңыз.
Содан кейін, пісіру режиміне ауыстырыңыз.
Дегенмен, тағамнан гриль жасау үшін АЛДЫН АЛА ЖЫЛДАМ ҚЫЗДЫРУ
функциясын қолданудың қажеті жоқ.
Казақ - 13
NV70F35,NV66F35,BF1,BFN Series_BWT_DG68-00191F-03_KK.indd 13 2014-07-11 11:17:27
ПІСІРУ РЕЖИМІН ҚОЛДАНУ
Пісіру режимін орнату | 01
02 | Температураны орнату
Функция таңдау тетігін
Қажетті температураны
қажетті пісіру режиміне
Темп. басқару тетігін
қойыңыз.
b
бұрап таңдаңыз.
Гриль температурасы
a
a
1: Төмен
2: Орташа
3: Жоғары
Гриль жасау режимінен
b
басқа режимнің бәріне
температура мәнін
орнатыңыз.
Егер Гриль функциясын таңдап, температураны 50 °C және 250 °C аралығына
қойсаңыз, немесе Қалыпты Пісіру режимін таңдап, температураны Гриль 1 және
3, немесе аралығындағы мәнге қойсаңыз, дыбысты сигнал естіледі де, қалқымалы
хабар көрсетіліп, температураны қайта орнатуды ескертеді.
Тек шам қосулы
Пеш функциялары
Конвекция режимі
Конвекция арқылы пайда болған қызуды, желдеткіштер пештің ішіне біркелкі
таратады. Бұл функцияны мұздатылған тағамдар және тағам пісіру үшін
қолдану керек.
Ұсынылатын температура: 170 °C
Үстіңгі қызу + Конвекция
Үстіңгі қыздырғыш элемент пен конвекция арқылы пайда болған қызуды,
желдеткіштер пештің ішіне біркелкі таратады. Бұл функцияны тағам қуыру,
мысалы, еттің сыртын кітірлек етіп қуыру үшін қолдану керек.
Ұсынылатын температура: 190 °C
Дәстүрлі пісіру режимі
Қызу үстіңгі және астыңғы элементтерден шығады. Бұл функцияны тағамның
барлық дерлік түрлерін, әдеттегідей пісіру және қуыру үшін қолдануға болады.
Ұсынылатын температура: 200 °C
Астыңғы қызу және конвекция
Астыңғы қыздырғыш элемент пен конвекция арқылы пайда болған қызуды,
желдеткіштер пештің ішіне біркелкі таратады. Бұл функцияны пицца, нан және
торт пісіру үшін қолдану керек.
Ұсынылатын температура: 190 °C
Үлкен гриль
Қызу гриль жасалатын үлкен алаңнан шығады. Бұл функцияны лазанья тәрізді
пісірме дайындауға және еттен гриль жасау үшін қолдануға болады.
Ұсынылатын температура: Орташа
Казақ - 14
NV70F35,NV66F35,BF1,BFN Series_BWT_DG68-00191F-03_KK.indd 14 2014-07-11 11:17:28
тағамдарды сынақтан өткізу
EN 60350 стандарты бойынша
Пісіру
Тағам пісіру үшін берілген ұсыныстар, алдын ала қыздырылған пешке арналған.
Пісіру
Тағамның
Тағамдар және
Сөре
Пісіру
Темп.
уақыты
түрі
ескерімдер
деңгейі
режимі
(°C)
(мин.)
06 ТАҒАМДАРДЫ СЫНАҚТАН ӨТКІЗУ
Кішкене
Пісіру науасы 2 Дәстүрлі
170-190 15-25
кекс
пісіру режимі
Майсыз
Үлкен торға қойылған
1 Дәстүрлі
160-180 25-35
қопсыма
пісіру науасы
пісіру режимі
торт
(Қаптамасы баран түсті,
ø 26 см)
Алма
Үлкен тор + пісіру
1 + 3 Конвекция
170-190 80-100
бәліші
науасы + 2 торт қалыбы
режимі
(қаптамасы баран түсті,
ø 20 см)
Үлкен тор + 2 торт
1- көлденең
Дәстүрлі
180-200 75-90
қалыбы (қаптамасы
қойылған
пісіру режимі
баран түсті, ø 20 см)
Гриль жасау
Үлкен гриль функциясын қолданып, пешті бос күйінде 5 минут алдын ала қыздырып алыңыз.
Бұл параметрді температураны ең үлкен мәнге қойып қолданыңыз.
Пісіру
Тағамның
Тағамдар және
Сөре
Пісіру
Темп.
уақыты
түрі
ескерімдер
деңгейі
режимі
(°C)
(мин.)
Ақ наннан
Үлкен тор 5 Үлкен Гриль жоғары 1-ші: 1-2
тост жасау
2-ші: 1-1½
Бифбургер Үлкен тор
4
Үлкен Гриль жоғары 1-ші: 7-10
Терең таба
3
2-ші: 5-8
(аққан май-сөлді жинау)
Казақ - 15
NV70F35,NV66F35,BF1,BFN Series_BWT_DG68-00191F-03_KK.indd 15 2014-07-11 11:17:28
тазалау және күтім көрсету
ҚОЛМЕН ТАЗАЛАУ
Тазалар алдында пеш пен пештің керек-жарақтарының салқын тұрғанын тексеріп алыңыз.
Пештің ішкі жасақтамасы
• Пештің ішін тазалау үшін, таза шүберек пен жұмсақ жуғыш затты немесе сабынды суды қолданыңыз.
• Есіктің тығыздағышын қолмен тазаламаңыз.
• Түрпілі тазалағыштарды немесе тазалағыш жөкелерді қолданбаңыз.
• Қатып қалған қоқысты тазалау үшін арнаулы пеш тазалағышты қолданыңыз.
• Пештің корпусын ыстық суды, жуғыш зат пен жұмсақ нейлон қылды шөткені қолданып тазалау керек.
Жеміргіш заттарды, қатты шөткелерді, түрпілі жөке немесе шүберекті, темір жөкені, пышақ
немесе басқа да жеміргіш құралмен тазалауға болмайды.
Пештің сырты
• Пештің сыртын тазалау үшін, таза шүберек пен жұмсақ жуғыш затты немесе сабынды
суды қолданыңыз.
• Ас үй қағазымен немесе құрғақ сүлгімен құрғатыңыз.
• Қатты жөкені, жеміргіш немесе түрпілі құралдарды қолданбаңыз.
Пештің каталитті эмаль қабаты (опция)
Корпустың қара сұры каталитті эмальмен қапталған, алмалы қақпағының беткі қаптамасына,
конвекция арқылы қыздырған кезде май жиналып, таралуы мүмкін. Бұндай қоқыстар пешті
200 °C және одан жоғары температурада, мысалы пісіру немесе қуыру кезінде қыздырғанда
жанып кетеді. Температура неғұрлым жоғары болса, қоқыс соғұрлым тез жанады.
1. Пештің керек-жарақтарын түгел алыңыз.
2. Пештің ішкі беттерін, қолмен тазалау тарауында көрсетілген нұсқаулар бойынша түгел
тазалаңыз.
3. Пешке астыңғы және үстіңгі қыздыру параметрін орнатыңыз.
4. Қызу параметрін 250 °C градусқа қойыңыз.
5. Пешті шамамен 1 сағат қосып қойыңыз. Уақыт шамасы, пештің қаншалықты
ластанғанына байланысты. Қалған қалдықтар, кейін пешті жоғары температура
бойынша қолданған кездері біртіндеп жойылады.
Алдыңғы жағы тоттанбайтын темірден жасалған пештер
• Темір жөкені, түрпілі жөке немесе басқа да жеміргіш заттарды қолданбаңыз. Бұлар
пештің қаптамасын бүлдіруі мүмкін.
Алдыңғы жағы алюминий пештер
• Бетін жұмсақ таза шүберекпен немесе микроталшықтан жасалған шүберекті және
терезе жууға арналған жұмсақ жуғыш затты қолданып баппен тазалаңыз.
Жабдықтары
• Пештің керек-жарақтарын қолданып болған сайын жуып, ас үй сүлгісімен құрғатып
отырыңыз. Қажет болса, оңай тазалау үшін жылы сабынды суға 30 минут салып қойыңыз.
Казақ - 16
NV70F35,NV66F35,BF1,BFN Series_BWT_DG68-00191F-03_KK.indd 16 2014-07-11 11:17:28
кепілдік және қызмет көрсету
АҚАУЛЫҚ СЕБЕПТЕРІН АНЫҚТАУ
АҚАУЛЫҚ ШЕШІМІ
Егер пеш қызбаса не
• Пеш іске қосылмай тұруы мүмкін. Пешті іске қосыңыз.
істеуім керек?
• Сағат орнатылмай тұруы мүмкін. Сағатты орнатыңыз
("Уақытты орнату" тарауын қараңыз).
07 ТАЗАЛАУ ЖӘНЕ КҮТІМ КӨРСЕТУ
• Қажетті параметрлердің орнатылғанына көз жеткізіңіз.
• Үйдегі сақтандырғыш жанып кетуі немесе айырып-
қосқыш іске қосылып кетуі мүмкін. Сақтандырғышты
ауыстырыңыз немесе желіні қайта орнатыңыз. Бұндай
жағдай қайта орын алса, уәкілетті электр маманына
хабарласыңыз.
Пештің функциясы
• Ішкі электр қосылымында ақау бар болуы мүмкін.
мен температурасы
Жергілікті қызмет көрсету орталығына телефон
орнатылса да, пеш
шалыңыз.
қызбаса не істеуім керек?
Ақаулық коды көрсетіліп,
• Ішкі электр қосылымында ақау бар болуы мүмкін.
пеш қызбай тұрса не
Жергілікті қызмет көрсету орталығына телефон
істеуім керек?
шалыңыз.
Уақыт бейнебеті
• Тоқ сөніп қалған. Сағатты орнатыңыз ("Уақытты
жыпылықтаса не істеуім
орнату" тарауын қараңыз).
керек?
Пештің шамы жанбаса не
• Пештің шамында ақау бар. Пештің шамын
істеуім керек?
ауыстырыңыз ("Шамды ауыстыру" тарауын қараңыз).
Пештің желдеткіш
• Пештің желдеткіші, пешті қолданғаннан кейін пеш
параметрі орнатылмаса
салқындағанша жұмыс істеп тұра береді. Желдеткіш
да, іске қосылып кетсе не
пеш суығаннан кейін де жұмыс істей берсе, жергілікті
істеуім керек?
қызмет көрсету орталығына телефон шалыңыз.
АҚАУЛЫҚ ЖӘНЕ ҚАУІПСІЗДІК КОДТАРЫ
КОДЫ АҚАУЛЫҚ ШЕШІМІ
Ақаулық коды пеш нашар жұмыс
SAMSUNG қызмет көрсету
жасағандықтан және қауіпсіздікке
орталығына телефон шалыңыз.
қатысты мәселе орын алғандықтан
көрсетілуі мүмкін. Пешті қолдануды
дереу тоқтатыңыз.
АВТОМАТТЫ СӨНДІРУ
Пешті сөндіріп, тағамды алыңыз.
Пеш орнатылған температура
Пешті қайта қолданар алдында
бойынша ұзақ уақыт жұмыс
суытып алыңыз.
жасаған.
Егер режимге сай келетін
Режимге сай келетін
температураны таңдамасаңыз.
температураны таңдаңыз.
("Алдын ала жылдам қыздыру
режимін қолдану" тарауын қараңыз)
1) * барлық нөмірлер мен қаріптерге қатысты.
Казақ - 17
NV70F35,NV66F35,BF1,BFN Series_BWT_DG68-00191F-03_KK.indd 17 2014-07-11 11:17:29
ескертпе
Қалыпты жағдайда
қолдануға арналған
Қолдану мерзімі: 7 жыл
Символ Кедендік одақтың 005/2011 техникалық регламентіне
сəйкес қолданылады жəне осы өнімнің қаптамасын екінші рет
пайдалануға арналмағанын жəне жоюға жататынын
көрсетеді. Осы өнімнің қаптамасын азық-түлік өнімдерін
сақтау үшін пайдалануға тыйым салынады.
Символ қаптаманы жою мүмкіндігін көрсетеді. Символ сандық
код жəне/немесе əріп белгілері түріндегі қаптама
материалының белгісімен толықтырылуы мүмкін.
NV70F35,NV66F35,BF1,BFN Series_BWT_DG68-00191F-03_KK.indd 18 2014-07-11 11:17:29
ескертпе
NV70F35,NV66F35,BF1,BFN Series_BWT_DG68-00191F-03_KK.indd 19 2014-07-11 11:17:29
Өндіруші : Samsung Electronics Co., Ltd /
Самсунг Электроникс Ко., Лтд
Өндірушінің мекенжайы :
(Маетан-донг) 129, Самсунг-ро, Йонгтонг-гу, Сувон-си,
Гйонгги-до, Корея, 443-742
Зауыттың мекенжайы :
20230 313 Моо 1, Сухафибан 8 Роад, Срирача
Индастри Парк, Т. Бунг А. Срирача, Чонбури, Тайланд
Өнімнің өндірілген жердің атауы : Тайланд
Импорттаушы :
«SAMSUNG ELECTRONICS CENTRAL EURASIA»
(САМСУНГ ЭЛЕКТРОНИКС ЦЕНТРАЛЬНАЯ ЕВРАЗИЯ)
ЖШС: Қазақстан Республикасы, 050059, Алматы қ.,
Медеу ауданы, Əл-Фараби д-лы, 36-үй, 3, 4-қабат
“SAMSUNG ELECTRONICS CENTRAL EURASIA”
(САМСУНГ ЭЛЕКТРОНИКС ЦЕНТРАЛЬНАЯ ЕВРАЗИЯ)
Республика Казахстан, 050059, г. Алматы, Медеуский
район, пр. Аль-Фараби, д. 36, 3, 4 этажи
Мемлекет Телефо
DG68-00191F-03
нЖ
елідегі мекені
RUSSIA
8-800-555-55-55
www.samsung.com/ru/support
GEORGIA
0-800-555-555
ARMENIA
0-800-05-555
AZERBAIJAN
0-88-555-55-55
www.samsung.com/support
KAZAKHSTAN
8-10-800-500-55-500(GSM: 7799, VIP care 7700)
UZBEKISTAN
8-10-800-500-55-500
KYRGYZSTAN
8-10-800-500-55-500
www.samsung.com/kz_ru/support
TADJIKISTAN
8-10-800-500-55-500
MONGOLIA
7-495-363-17-00
www.samsung.com/support
BELARUS
810-800-500-55-500
MOLDOVA
0-800-614-40
www.samsung.com/ua/support (Ukrainian)
UKRAINE
0-800-502-000
www.samsung.com/ua_ru/support (Russian)
NV70F35,NV66F35,BF1,BFN Series_BWT_DG68-00191F-03_KK.indd 20 2014-07-11 11:17:29
Оглавление
- Встраиваемый духовой шкаф
- Вбудована піч
- Кіріктірілген пеш