LG G360 Red: Пайдаланушы нұсқаулығы
Пайдаланушы нұсқаулығы: LG G360 Red
Пайдаланушы нұсқаулығы
•
Аймаққа, қызмет көрсетушіге, бағдарламалық құрал
нұсқасына немесе операциялық жүйе нұсқасына байланысты
кейбір мазмұн мен мысал суреттер құрылғыңыздан басқаша
болуы мүмкін және алдын ала ескертусіз өзгертілуі мүмкін.
•
Әрдайым түпнұсқа LG қосалқы құралдарын ғана
пайдаланыңыз. Жинақтағы заттар осы құрылғыға ғана
арналған және басқа құрылғылармен үйлесімді болмауы
мүмкін.
•
Қолжетімді қосалқы құралдар аймаққа, елге немесе қызмет
провайдеріне байланысты әр түрлі болуы мүмкін.
•
Copyright ©2015 LG Electronics, Inc. Барлық құқықтары
қорғалған. LG және LG logo — LG Group компаниясының
және онымен байланысты ұйымдардың тіркелген сауда
белгілері. Барлық басқа сауда белгілері тиісті иелерінің
меншігі болып табылады.
ҚАЗАҚША
2
2
Мазмұны
Қауіпсіз және тиімді пайдалану
туралы нұсқаулар ........................
4
Телефонмен танысу ..................
16
Телефонды шолу....................... 16
SIM карталарды орнату ............ 18
Телефонды қосу/өшіру .............. 20
Қоңыраулар ................................
21
Қоңырау шалу ............................ 21
Контактілерден қоңырау шалу ... 21
Қоңырауға жауап беру және
қоңырауды қабылдамау ............ 22
Микрофонды пайдалану ........... 22
Қоңыраулар журналын көру ..... 23
Контактілер .................................
24
Контактілерді іздеу .................... 24
Жаңа контакт қосу ..................... 24
Хабар алмасу ..............................
25
Хабар жіберу ............................. 25
Мәтінді енгізу ............................. 25
T9 режимі ( Aәб).................... 26
Abc режимі ................................. 26
123 режимі ................................ 26
Таңбаларды кірістіру ................. 27
Тілді өзгерту ............................... 27
Хабар қалталары....................... 27
Электрондық пошта .................. 28
Мультимедиа ..............................
29
FM радиосы ............................... 29
Камера ...................................... 29
Сурет көру бағдарламасы ........ 31
Диктофон ................................... 31
Медиа ойнатқышы ..................... 31
Жеке файлдарым ...................... 32
Органайзер ..................................
33
Калькуляторды пайдалану ...... 33
Дабылды орнату ....................... 33
Күнтізбені пайдалану ................ 33
Ескертпе қосу ............................ 33
Ойындар және SNS ................... 33
Қолданбалар ...............................
34
Профильдер ...............................
35
Bluetooth
......................................
36
Қуат ............................................ 36
Көріну ......................................... 36
Менің құрылғым ......................... 36
Дыбыс құрылғысын іздеу .......... 36
Менің атым ................................ 37
Қосымша .................................... 37
Параметрлер ...............................
38
Дисплей ...................................... 38
Телефон ..................................... 38
Қоңырау ..................................... 40
Параметрлерді қайта орнату .... 41
Қос SIM картасының
параметрлері ............................. 42
Мазмұны
3
Деректер тіркелгілері ................ 42
Желі параметрлері .................... 42
Деректер параметрлері ........... 42
Қосалқы құралдар .....................
43
Ақауларды жою ..........................
44
4
Қауіпсіз және тиімді пайдалану туралы нұсқаулар
4
Осы қарапайым нұсқауларды оқыңыз. Осы нұсқауларды
орындамау қауіпті немесе заңсыз болуы мүмкін.
Қате шыққан кезде, құрылғы құрамындағы бағдарламалық
құрал қателер журналын жинайды. Бұл құрал сигнал күші,
кенеттен үзіліп кеткен кездегі ұялы идентификатор орны және
жүктелген қосымшалар сияқты қатеге қатысты деректерді
ғана жинайды. Журнал қатенің себебін анықтауға көмектесу
үшін ғана пайдаланылады. Бұл журналдар шифрланған және
құрылғыңызды жөндеуге алып барғаныңызда ғана оларды өкілетті
LG қызмет көрсету орталығы аша алады.
Радио жиілігі қуатының әсері
Радиотолқын әсері және меншікті сіңіру коэффициенті (МСК)
туралы ақпарат.
Бұл LG-G360 қалта телефон үлгісі радиотолқын әсеріне қатысты
қауіпсіздік талаптарына сәйкес жасалған. Бұл талаптар жасы мен
денсаулық жағдайына қарамастан, барлық пайдаланушылардың
қауіпсіздігін қамтамасыз ететін, қауіпсіздік шегін қамтитын ғылыми
нұсқауларға негізделген.
•
Радиотолқын әсері нұсқаулары үшін меншікті сіңіру
коэффициенті (МСК) деп аталатын шама бірлігі қолданылады.
МСК сынақтары стандартты әдістер бойынша барлық
пайдаланыстағы жиілік жолақтарындағы ең жоғарғы рұқсат
етілген қуат деңгейінде телефоннан сигнал жіберу арқылы
жүргізіледі.
Қауіпсіз және тиімді пайдалану туралы нұсқаулар
5
Қауіпсіз және тиімді пайдалану туралы нұсқаулар
•
Әртүрлі LG телефон үлгілерінің МСК деңгейлері
арасында айырмашылықтар болса да, олардың барлығы
радиотолқындар әсері бойынша керекті нұсқауларға сәйкес
келетін етіп жобаланған.
•
Иондамайтын сәулеленуден қорғаудың халықаралық
комиссиясы (ИСҚХК) ұсынған SAR шектеуінің орташа мәні –
10 г-нан астам ұлпада 2 Вт/кг.
•
Осы телефон үлгісінің сыналған ең жоғары МСК мәні
құлақтың жанында — 0,516 Вт/кг (10 г), ал денеде тасып
жүргенде — 0,720 Вт/кг (10 г).
•
Бұл құрылғы қалыпты күйде құлақтың жанында
пайдаланғанда немесе киімнен кем дегенде 1,5 см
қашықтықта орналасқанда ЖҚ әсері бойынша керекті
нұсқауларға сәйкес келеді. Қапты белдік немесе ұстағыш
ретінде денеде ілгенде, оның құрамында металл болмау
керек және өнімді киімнен кемінде 1,5 см қашықтықта ұстау
керек. Деректер файлдарын немесе хабарларды тасымалдау
үшін, бұл құрылғы сапалы желі байланысын қажет етеді.
Кейбір жағдайларда, деректер файлдарын немесе
хабарларды тасымалдау осындай байланыс қол жетімді
болмайынша кешігуі мүмкін. Тасымалдау аяқталмайынша,
жоғарыда айтылған ара қашықтық туралы нұсқаулықтары
орындалатынын тексеріңіз.
6
Қауіпсіз және тиімді пайдалану туралы нұсқаулар
Өнімге күтім және техникалық қызмет көрсету
АБАЙЛАҢЫЗ
Тек осы телефон үлгісі үшін мақұлданған батареяларды, зарядтағышты
және қосымша құралдарды пайдаланыңыз. Басқа түрлерін пайдалану
телефон мақұлдауын немесе кепілдігін жарамсыз етуі және қауіпті
болуы мүмкін.
•
Бұл құрылғыны бөлшектеуге болмайды. Жөндеу жұмысы
қажет болғанда, құрылғыны білікті техникалық маманға
апарыңыз.
•
Кепілдікке жататын жөндеулерге LG компаниясының
ұйғаруымен бөлшектерді немесе панельдерді жаңасымен
не жөнделгенімен ауыстыру жұмыстары кіруі мүмкін.
Бөлшектердің функциясы ауыстырылатын бөлшекпен бірдей
болу керек.
•
Теледидар, радио және компьютер сияқты электр
жабдықтарынан алшақ жерде ұстаңыз.
•
Құрылғыны жылу батареясы немесе пеш сияқты жылу
көздерінен аулақ жерде сақтау керек.
•
Түсіріп алмаңыз.
•
Бұл құралды шайқамаңыз және соғып алмаңыз.
•
Ерекше ережелермен талап етілген жерлерде телефонды
сөндіріңіз. Мысалы, телефонды емханаларда пайдаланбаңыз,
өйткені ол медициналық жабдықтарға әсер етуі мүмкін.
•
Зарядталып жатқанда, телефонды ылғалды қолмен ұстауға
болмайды. Бұл ток соғуына себеп болып, телефонды қатты
зақымдауы мүмкін.
•
Телефонды тез өртенетін заттар жанында зарядтамаңыз,
өйткені гарнитура қызып, өрт шығу қаупін төндіруі мүмкін.
7
Қауіпсіз және тиімді пайдалану туралы нұсқаулар
•
Құрылғының сыртын құрғақ шүберекпен сүртіңіз (бензол,
еріткіш немесе спирт қолданбаңыз).
•
Телефонды жұмсақ жиһаздардың үстінде зарядтамаңыз.
•
Телефонды жақсы желдетілетін жерде зарядтау керек.
•
Бұл құрылғыны шамадан тыс түтінге немесе шаңға
шығармаңыз.
•
Телефонды кредит картасы немесе көлік билеттері жанында
ұстамаңыз, ол магнитті жолақтағы ақпаратқа әсер етуі мүмкін.
•
Телефонға сұйықтық төгіп алмаңыз және оны ылғалды жерге
қоймаңыз.
•
Құлаққап сияқты қосалқы құралдарды абайлап пайдаланыңыз.
Қажет болмаса, антеннаға тимеңіз.
•
Сынған, шытынаған немесе жарығы бар әйнекті
пайдаланбаңыз, ұстамаңыз және алуға немесе жөндеуге
әрекет жасамаңыз. Тиісті түрде қолданбағаннан болған
әйнектегі зақымдар кепілдікпен жөнделмейді.
•
Телефон – қалыпты жағдайда ыстық бөлетін электрондық
құрылғы болып табылады. Ұзақ уақыт бойы, жеткілікті
желдеткіштің жоқтығынан терімен тікелей байланыста болу
ыңғайсыздықты немесе болмашы күйікті тудыруы мүмкін.
Сондықтан, телефонды пайдалану барысында немесе
әрекеттен кейін сақтық шараларын қатаң сақтаңыз.
•
Телефоныңыз ылғалданып қалса, дереу ажыратып,
толығымен құрғатыңыз. Кептіру процесін тездету үшін пеш,
микротолқынды пеш немесе шаш кептіргіш сияқты сыртқы
жылыту көзін пайдаланбаңыз.
•
Ылғал телефон ішіндегі сұйықтық телефон ішіндегі өнім
белгісінің түсін өзгертеді. Сұйықтық әсерінен болған
құрылғының зақымдануы кепілдікке кірмейді.
8
Қауіпсіз және тиімді пайдалану туралы нұсқаулар
Телефонды тиімді түрде пайдалану
Электрондық құрылғылар
Барлық ұялы телефондардың жұмысына әсер ететін кедергілер
болуы мүмкін.
•
Телефонды рұқсатсыз медициналық жабдықтардың жанында
пайдаланбаңыз. Телефонды кардиостимулятордың жанына,
мысалы, төс қалтада орналастырмаңыз.
•
Ұялы телефондар кейбір есту құралдарына кедергі жасайды.
•
Әлсіз кедергілер теледидарларға, радио құралдарына,
компьютерлерге, т.б. әсер етуі мүмкін.
•
Мүмкін болса, телефонды 0 ºC және 40 ºC аралығындағы
температурада пайдаланыңыз. Телефонға аса төмен немесе
жоғары температуралардың әсер етуі нәтижесінде зақым
келуі, жұмыс бұзылуы немесе тіпті жарылыс орын алуы
мүмкін.
Жолдағы қауіпсіздік
Көлік жүргізгенде ұялы телефонды пайдалану туралы
аймағыңыздағы заң және нұсқауларды тексеріңіз.
•
Көлік жүргізгенде, қолда ұсталатын телефонды
пайдаланбаңыз.
•
Көлік жүргізуге айрықша көңіл бөліңіз.
•
Көлік жүргізу ережелері бойынша талап етілсе, қоңырау
шалмас немесе қабылдамас бұрын, көлікті жол шетіне
тоқтатыңыз.
•
Радиожиілік қуаты автомагнитола және қауіпсіздік жабдықтары
секілді көліктегі кейбір электрондық жүйелерге әсер етуі
мүмкін.
9
Қауіпсіз және тиімді пайдалану туралы нұсқаулар
•
Көлік ауа қабымен жабдықталған болса, орнатылған немесе
тасымалды сымсыз жабдықтармен бөгет жасамаңыз. Қате
жұмыс жасағандықтан, ауа қабының ашылуына кедергі
жасауы немесе ауыр жарақатқа апаруы мүмкін.
•
Сыртта жүріп музыка тыңдағанда, оның дыбысы айналаңызда
не болып жатқанын байқайтындай деңгейде болу керек. Бұл
жолдардың жанында болғанда әсіресе маңызды.
Құлаққа зақым келтірмеуге тырысу
Ықтимал есту қабілетіне зиянды болдырмау үшін ұзақ уақыт
бойы жоғары дыбыс деңгейінде тыңдамаңыз.
Ұзақ уақыт бойы музыканы жоғары дыбыс деңгейінде тыңдау
есту қабілетіне зиян келтіруі мүмкін. Сондықтан гарнитураны
құлақ жанында қоспауға немесе өшірмеуге кеңес беріледі.
Сондай-ақ музыка мен қоңырау дыбыс деңгейлері қалыпты
деңгейде болуы тиіс.
•
Құлақаспапты пайдаланғанда, жаныңыздағы адамдардың сөзі
естілмесе немесе қасыңыздағы адам тыңдап жатқаныңызды
естісе, дыбыс деңгейін азайтыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: құлақаспаптардан және гарнитуралардан шығатын дыбыс
қысымы өте жоғары болса, есту қабілетінен айырылуыңыз мүмкін.
10
Қауіпсіз және тиімді пайдалану туралы нұсқаулар
Әйнек бөліктері
Ұялы телефонның кейбір бөліктері әйнектен жасалған. Телефон
жерге түсіп, соғылғанда осы әйнек бөліктер сынып кетуі мүмкін.
Әйнек сынса, тиіспеңіз немесе алып тастамаңыз. Әйнек қызмет
көрсетуші тарапынан алмастырылмай тұрып ұялы телефонды
пайдаланбаңыз.
Жарылыс аймағы
Жарылыс жасалып жатқан аймақтарда телефонды
пайдаланбаңыз. Шектеулерді тексеріп, шарттар мен ережелерді
орындаңыз.
Жарылу қаупі бар орталар
•
Телефонды жанармай құю орындарында пайдаланбаңыз.
•
Телефонды жанармай немесе химиялық заттардың жанында
пайдаланбаңыз.
•
Тез жанатын газ, сұйықтық немесе жарылғыш заттарды ұялы
телефон мен керек-жарақтарымен бірге тасымалдамаңыз
және сақтамаңыз.
Ұшақтарда
Сымсыз құрылғылар ұшақтарда кедергі келтіруі мүмкін.
•
Ұшаққа мінер алдында, қалта телефонын сөндіріңіз.
•
Ұшпаған кезде де, рұқсатсыз пайдаланбаңыз.
11
Қауіпсіз және тиімді пайдалану туралы нұсқаулар
Балалар
Телефонды кішкентай балалардың қолы жетпейтін қауіпсіз жерде
сақтаңыз. Оның құрамында ажыратылған жағдайда тұншығу
қаупін төндіретін кішкентай бөлшектер бар.
Төтенше жағдай қоңыраулары
Төтенше жағдай қоңыраулары ұялы желілердің ешқайсысынан
шалынбай қоюы мүмкін. Сондықтан төтенше қоңыраулар шалу
үшін тек осы телефонға сенім артуға болмайды. Жергілікті қызмет
провайдеріне хабарласыңыз.
Батарея ақпараты және күтімі
•
Зарядтау алдында батареяның зарядын толық бітіру шарт
емес. Басқа батарея жүйелерінен өзгеше, батареяның
жұмысына қауіп төндіретін жад әсері жоқ.
•
Тек LG батареялары мен зарядтағыштарын пайдаланыңыз.
LG зарядтағыштары батареяның жарамдылық мерзімін
арттырады.
•
Батарея жинағын бөлшектеуге немесе қысқа тұйықтауға
болмайды.
•
Жұмысы нашарлағанда, батареяны ауыстырыңыз.
Алмастырудан бұрын батареяны жүздеген рет зарядтауға
болады.
•
Жарамдылық мерзімін арттыру үшін, ұзақ уақыт
қолданылмаған батареяны зарядтаңыз.
•
Батарея зарядтағышын күн сәулелері астында немесе
жуыну бөлмесі сияқты ылғалдылығы жоғары жерлерде
қалдырмаңыз.
12
Қауіпсіз және тиімді пайдалану туралы нұсқаулар
•
Батареяны ыстық немесе суық жерде қалдырмаңыз:
жұмысына кері әсер беруі мүмкін.
•
Батареяның қажетті түрі салынбаса, жарылыс қаупі пайда
болады.
•
Пайдаланылған батареяларды қоқысқа тастағанда, өндіруші
нұсқауларын орындаңыз. Мүмкін болса, қайта пайдалану үшін
тапсырыңыз. Үй қоқысымен бірге тастамаңыз.
•
Батареяны ауыстыру қажет болса, LG Electronics
компаниясының ең жақын қызмет көрсету орталығына немесе
дилеріне апарып, көмек алуға болады.
•
Телефон толығымен зарядталғаннан кейін, керексіз қуат
тұтынуын болдырмау үшін, зарядтағышты розеткадан
ажыратыңыз.
•
Батареяның қызмет ету мерзімі желі конфигурациясына, өнім
параметрлеріне, пайдалану тәсілдеріне, батареяға және
қоршаған ортаға байланысты болады.
•
Жануар тістері немесе тырнақтары сияқты өткір қырлы
заттардың батареяға тимейтінін тексеріңіз. Бұл өрт тудыруы
мүмкін.
13
Қауіпсіз және тиімді пайдалану туралы нұсқаулар
Бастапқы коды ашық бағдарламалық құрал ескертуі туралы
ақпарат
Осы өнімдегі GPL, LGPL, MPL және басқа да бастапқы коды ашық
лицензиялардағы бастапқы кодты алу үшін http://opensource.lge.com
веб-торабына өтіңіз.
Бастапқы кодқа қоса, барлық қажетті лицензиялардың шарттарын,
кепілдік міндеттерінен бас тарту құжаттарын және авторлық құқық
туралы мәліметтерін алуға болады.
LG Electronics компаниясы тарату шығынын қамтитын ақыға (дерек
тасығышының құны, жеткізу және өңдеу) opensource@lge.com
мекенжайына электрондық пошта арқылы сұрау жіберілгенде бастапқы
кодты ықшам дискіде жеткізуді ұсынады. Бұл ұсыныс осы өнімді сатып
алған уақыттан бастап үш (3) жыл ішінде жарамды болады.
СӘЙКЕСТІК ТУРАЛЫ МӘЛІМДЕМЕ
Осы арқылы
LG Electronics компаниясы бұл
LG-G360
өнімі
1999/5/
EC директивасының негізгі талаптары мен басқа тиісті ережелеріне
сай екенін мәлімдейді. Сәйкестік декларациясының көшірмесін мына
мекенжайда табуға болады:
http://www.lg.com/global/support/cedoc/cedoc
Осы өнімнің үйлесімділігі туралы білу үшін кеңсеге
хабарласыңыз:
LG Electronics Inc.
EU Representative, Krijgsman 1,
1186 DM Amstelveen, The Netherlands
14
Қауіпсіз және тиімді пайдалану туралы нұсқаулар
Символ Кедендік одақтың 005/2011 техникалық
регламентіне сәйкес қолданылады және осы өнімнің
қаптамасын екінші рет пайдалануға арналмағанын
және жоюға жататынын көрсетеді. Осы өнімнің
қаптамасын азық-түлік өнімдерін сақтау үшін
пайдалануға тыйым салынады.
Символ қаптаманы жою мүмкіндігін көрсетеді.
Символ сандық код және/немесе әріп белгілері
түріндегі қаптама материалының белгісімен
толықтырылуы мүмкін.
15
Қауіпсіз және тиімді пайдалану туралы нұсқаулар
Ескі құрылғыны қоқысқа тастау
1
Барлық электр және электрондық бұйымдар қалалық
қоқыстан бөлек, мемлекеттік немесе жергілікті басқару
мекемелері белгілеген арнайы жинау орындарына өткізілуі
тиіс.
2
Ескі құралды қоқысқа дұрыс тастау қоршаған орта және
адам денсаулығына қауіп төндіретін зардаптардың алдын
алуға көмектеседі.
3
Ескі құралды қоқысқа тастау туралы толық ақпаратты қала
әкімшілігінен, қоқыс жинау мекемелерінен немесе өнімді
сатып алған дүкеннен алуға болады.
Ескі батареяларды/аккумуляторларды қоқысқа тастау
1
Егер батареяның құрамындағы сынап 0,0005 %, кадмий
0,002 % немесе қорғасын 0,004 % мөлшерінен артық
болса, бұл таңбамен бірге сынап (Hg), кадмий (Cd) немесе
қорғасынның (Pb) химиялық таңбалары берілуі мүмкін.
2
Барлық батареялар/аккумуляторлар қалалық қоқыстан
бөлек, мемлекеттік немесе жергілікті басқару мекемелері
белгілеген арнайы жинау орындарына өткізілуі тиіс.
3
Ескі батареяларды/аккумуляторларды қоқысқа дұрыс тастау
қоршаған ортаға, жануарларға және адам денсаулығына
қауіп төндіретін зардаптардың алдын алуға көмектеседі.
4
Ескі батареяларды/аккумуляторларды қоқысқа тастау
туралы толық ақпаратты қала әкімшілігінен, қоқыс жинау
мекемелерінен немесе өнімді сатып алған дүкеннен алуға
болады.
16
Телефонмен танысу
16
Телефонды шолу
Телефонмен танысу
Бағдарламалық пернелер
Пернелердің әрбірі олардан
жоғары дерек дисплейдегі
мәтін арқылы көрсетілген
функцияларды орындайды.
Аяқтау/Қуат пернесі
• Қоңырауды қабылдайды
немесе қабылдамайды.
• Мәзірді қолданған кезде
басты экранға қайтады.
• Телефонды қосу/өшіру
үшін басып тұрыңыз.
Жіберу пернесі
Телефон нөмірін теруге және
кіріс қоңырауларына жауап
беруге болады.
Гарнитура
Навигация пернелері
Телефон функцияларына жылдам
кіру үшін пайдаланыңыз.
(жоғары):
• Жоғары пернесін ұзақ уақытқа басу:
медиа ойнатқышы
• Жоғары пернесін қысқа уақытқа
басу: күнтізбе
(төмен):
• Төмен пернесін ұзақ уақытқа басу:
калькулятор
• Төмен пернесін қысқа уақытқа басу:
хабарлама жазу
(сол жақ):
• Сол жақ пернесін ұзақ уақытқа басу:
жеке файлдарым
• Сол жақ пернесін қысқа уақытқа
басу: Оятқыш сағаты
(оң жақ):
• Оң жақ пернесін ұзақ уақытқа басу:
диктофон
• Оң жақ пернесін қысқа уақытқа
басу: FM радиосы
Зарядтағыш/USB порты
SIM картасын
ауыстыру пернесі
Қос SIM түймесі пайдаланылатын
SIM картаны таңдайды.
Көп SIM карта параметрлерін
қарау үшін ұзақ уақытқа басыңыз.
Микрофон
Камера түймесі
Шұғыл SMS
қызметтік пернесі
Дисплей экраны
ЕСКЕРТПЕ. Бұл дизайнына байланысты. Телефоныңыз толығымен
ашылмайды, себебі ол тек белгілі бұрышта ғана ашылады.
17
Телефонмен танысу
Гарнитура ұясы
SIM картаның 1-ұясы
SIM картаның 2-ұясы
Батарея
SD картасы
Артқы қақпақ
18
Телефонмен танысу
SIM карталарды орнату
Ұялы желіні пайдаланғанда, PIN, кез келген қол жетімді қосымша
қызметтер мен басқа да мүмкіндіктер сияқты жазылымның толық
деректерімен жүктелген SIM беріледі.
Маңызды!
•
SIM картасы оңай сызылып немесе майысып зақымдануы
мүмкін, сондықтан картаны қолданғанда, салғанда немесе
шығарғанда абайлаңыз. Барлық SIM карталарды кішкентай
балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз.
1
Суретте көрсетілгендей артқы қапағын алыңыз.
2
Картаның сары түсті түйіспесі төмен қарап тұру керек.
19
Телефонмен танысу
3
Батареяны салыңыз.
4
Артқы қақпағын жабыңыз.
20
Телефонмен танысу
Телефонды зарядтау
•
Зарядтағышты салыңыз да, электр розеткасына қосыңыз.
•
Батареяның қызмет ету мерзімін барынша ұзарту үшін, алғаш
пайдаланбас бұрын батареяны толық зарядтап алыңыз.
АБАЙЛАҢЫЗ
LG мақұлдаған батареяны, зарядтағышты және кабельді ғана
пайдаланыңыз. Мақұлданбаған зарядтағыштарды немесе кабельдерді
пайдаланғанда, ол батареяның баяу зарядталуына немесе баяу
зарядталуға қатысты хабардың шығуына себеп болуы мүмкін. Не
болмаса, мақұлданбаған зарядтағыштар немесе кабельдер батареяның
жарылуына немесе кепілдікке кірмейтін құрылғының зақымдауына
себеп болуы мүмкін.
Телефонды қосу/өшіру
Аяқтау/Қуат пернесін басып тұру арқылы телефон қуатын қосуға
немесе өшіруге болады.
21
Қоңыраулар
21
Қоңыраулар
Қоңырау шалу
1
Пернетақтамен санды енгізіңіз. Санды жою үшін
Жою түймесін
басыңыз.
2
Қоңырау шалу үшін
түймесін басыңыз.
3
Қоңырауды аяқтау үшін
түймесін қайтадан басыңыз.
КЕҢЕС!
Қоңырау кезінде дыбыс деңгейін басқару үшін, жоғары және төмен
жылжу пернелерін басыңыз.
Контактілерден қоңырау шалу
1
Негізгі экраннан
Контактілер параметрін таңдаңыз.
2
Пернетақтаны қолданып қоңырау шалынатын контактінің басты
әрпін енгізіңіз және Контактілер тізімінде жылжыңыз.
3
Қоңырауды бастау үшін
белгішесін түртіңіз.
КЕҢЕС!
Контактілер бойынша айналдыру үшін, жоғары және төмен жылжу
пернелерін қолданыңыз.
22
Қоңыраулар
Қоңырауға жауап беру және қоңырауды қабылдамау
Телефоныңыз шырылдаған кезде, қоңырауға жауап беру үшін
түймесін басыңыз.
Телефоныңыз шырылдап жатқанда, қоңыраудың дыбысын өшіру
үшін
Үнсіз опциясын таңдаңыз.
Кіріс қоңырауын қабылдамау үшін
түймесін басыңыз немесе
Үнсіз, одан кейін Қабылдамау опциясын таңдаңыз.
КЕҢЕС!
•
Қоңырауларға басқаша жауап беру үшін телефондағы параметрлерді
өзгертуге болады.
•
Мәзір > Параметрлер > Қоңырау > Қосымша параметрлер >
Жауап беру режимі түймелерін басып, Кез келген пернені немесе
Құлаққап режимінде автоматты түрде жауап беру опциясын
таңдаңыз.
Микрофонды пайдалану
Қоңырау кезінде RSK (H-Free) түймесін басу арқылы микрофонды
белсендіруге және бос қол режимінде телефонды қолдануға
болады.
Микрофон белсенді болса, қалыпты әңгімелесу режимін
жалғастыру үшін RSK (H-Held) опциясын қайтадан таңдаңыз.
23
Қоңыраулар
Қоңыраулар журналын көру
Мәзір пернесін басып, Қоңыраулар тармағын таңдаңыз.
•
Барлық қоңыраулар: барлық үш түрлі тізімді уақытпен
көрсетеді (Қабылданған/Терілген/Қабылданбаған қоңыраулар).
Бұл параметр соңғы 60 қоңыраудың деректерін қарауға
мүмкіндік береді.
•
Қабылданбаған қоңыраулар: бұл параметр жауап
берілмеген қоңырауларды қарауға мүмкіндік береді.
•
Қабылданған қоңыраулар: бұл параметр кіріс қоңырауларды
қарауға мүмкіндік береді.
•
Терілген қоңыраулар: бұл параметр шығыс қоңырауларды
(қоңырау шалынған немесе оған әрекет жасалған) қарауға
мүмкіндік береді.
•
Қоңырау ұзақтығы: соңғы қоңыраудың, терілген
қоңыраулардың және қабылданған қоңыраулардың ұзақтығын
қарауға және барлығын нөлдеуге мүмкіндік береді.
•
Мәтінді хабар есептегіш: телефоннан жіберілген және
қабылданған хабарламалардың санын есептеуге мүмкіндік
береді.
•
Деректер ақпараты: соңғы жіберілген, соңғы қабылданған,
барлық жіберілген, барлық қабылданған мәліметтерді қарауға
және есептегішті нөлдеуге мүмкіндік береді.
24
Контактілер
24
Контактілер
Контактілерді іздеу
1
Негізгі экраннан
Контактілер параметрін таңдаңыз.
2
Пернетақтаны қолданып қоңырау шалынатын контактінің басты
әрпін енгізіңіз.
3
Контактілер бойынша айналдыру үшін жоғары/төмен жылжу
пернесін басыңыз.
Жаңа контакт қосу
1
Негізгі экраннан
Контактілер параметрін таңдаңыз.
2
Жаңа контакт қосу параметрін таңдаңыз.
3
SIM картаға немесе Телефонға параметрін таңдап,
OK
түймесін басыңыз.
4
Жаңа контактінің аты, нөмірі мен мәліметтерін енгізіп,
Опциялар, одан кейін Сақтау тармағын таңдаңыз.
25
Хабар алмасу
25
Хабар алмасу
Хабар жіберу
1
Мәзір түймесін басып, Хабарлар, Хабар жазу тармақтарын
және
Мәтінді хабар немесе Мультимедиа хабары параметрін
таңдаңыз.
2
Жаңа хабарды өңдегіш алушыларға арналған алғашқы жолмен
және хабар мазмұнына арналған екінші жолмен ашылады.
3
Алушыларды қолмен енгізуге немесе телефон кітабынан енгізу
үшін Опция тармағынан
Алушыны қосу пәрменін таңдауға
болады. Бірнеше алушыны қосу үшін, алушылар жолына
пернесін басыңыз.
4
T9 болжамды режимін немесе Abc қолмен теру режимін не
123 режимін қолданып хабарды енгізіңіз.
пернесін басу
арқылы мәтінді енгізу режимдерін қосуға болады.
Мәтінді енгізу
Телефонның пернетақтасын қолданып әріптік-сандық таңбаларды
енгізуге болады. Телефонда келесі мәтінді енгізу әдістері қол
жетімді: T9 режимі ( Aәб), Aәб режимі және 123 режимі.
Режимдерді өзгерту үшін,
пернесін басыңыз.
ЕСКЕРТПЕ. Кейбір өрістер тек қана бір мәтінді енгізу режиміне
мүмкіндік береді (мыс., мекенжай кітабы өрістеріндегі телефон нөмірі).
26
Хабар алмасу
T9 режимі ( Aәб)
T9 режимі ( Aәб) басылатын пернелер тіркесімдеріне негізделіп
жазылатын сөздерді тану үшін кірістірілген сөздікті қолданады.
Енгізілетін әріппен байланысты сан пернесін жай ғана басыңыз
және сөздік барлық әріптер енгізілген соң сөзді таниды.
T9 режимін қолдану ( Aәб)
1
T9 болжамды мәтінді енгізу режимінде болған кезде,
және
аралығындағы пернелерді басу арқылы сөзді енгізуді
бастаңыз. Бір әріп үшін бір пернені басыңыз.
- Сөз толығымен енгізілгеннен кейін де қате болса, басқа сөз
нұсқалары арқылы жылжу үшін жоғары және төмен жылжу
пернелерін басыңыз.
- Сөзді таңдау тізімінде қалаған сөз жоқ болса, Abc режимін
қолданып оны қосыңыз.
2
Түгел сөзді енгізіңіз.
- Әріптерді жою үшін,
Жою түймесін басыңыз.
Abc режимі
Бұл режимде әріптерді керекті әріппен белгіленген пернені бір,
екі, үш немесе төрт рет басу арқылы теру керек.
123 режимі
Бір сан үшін пернені бір рет басу арқылы сандарды енгізіңіз. Әріп
режимдерінде болғанда, қажетті пернені басып тұру арқылы да
сандарды қосуға болады.
27
Хабар алмасу
Таңбаларды кірістіру
Таңбаларды кірістіргіңіз келсе,
пернесін басыңыз, одан кейін
таңбаны таңдауға болады. Және кейбір өңдегіштерде
Опция
тармағын таңдап,
Таңбаны енгізу пәрменіне өтуге болады.
Тілді өзгерту
Жазу экранынан жазу тілін өзгертудің екі жолы бар.
Опциялар
түймесін басуға,
Жазу тілі және жазылатын тілді орнатуға немесе
өңдегіште
пернесін ұзақ уақыт басуға болады.
Хабар қалталары
Мәзір түймесін басып, Хабар алмасу опциясын таңдаңыз.
Қажетті қалтаны таңдаңыз.
Кіріс: хабарлар қабылданған кезде, сізге ескерту беріледі. Олар
Кіріс жәшігінде сақталады.
Жобалар: хабарды жазуды аяқтауға уақытыңыз жоқ болса, осы
жерде жазылған мәтінді сақтауға болады.
Шығыс: бұл хабарлар жіберіліп жатқанда сақталатын уақытша
сақтау қалтасы.
Жіберілген хабарлар: хабарды жібергеннен кейін, мәтінді
хабары Жіберілген қалтасында сақталады.
Хабар параметрлері: хабар параметрлері хабарларды бірден
жіберуге болатындай алдын ала белгіленген. Параметрлерді
өзгерткіңіз келсе, параметрлер опцияларын қолданып оны
орындауға болады.
Әңгімелесу: кіріс, шығыс және жіберілген хабарлары
алушылармен бірге топталып көрсетіледі.
28
Хабар алмасу
ЕСКЕРТПЕ. Әңгімелесудің орнына, кіріс, шығыс және жіберілген
хабарлары болуын қаласаңыз, онда
Хабар параметрлері тармағына өтіп,
Әңгімелесу параметрін таңдаңыз да, Өшіру түймесін басыңыз.
Электрондық пошта
Электрондық поштаны орнату
Телефоныңыздағы электрондық пошта қызметін пайдаланып
жолда да байланыста болу мүмкіндігін алыңыз. POP3 немесе
IMAP4 электрондық пошта жазбасын орнату жылдам әрі оңай.
1
Мәзір түймесін басып, Электрондық пошта тармағын
таңдаңыз.
2
Электрондық поштаны бірінші рет ашқанда, электрондық
пошта тіркелгісін орнату қажет болады. Орнату шебері ашылып
электрондық пошта есептік жазбасын қосуға мүмкіндік береді.
3
Көрсетілетін нұсқауларды орындап, керекті мәліметтерді
енгізіңіз.
ЕСКЕРТПЕ.
•
Электрондық пошта әрекеттерін орындаған кезде, куәлік қатесін
алуыңыз мүмкін. Опция тармағынан Орнату пәрменін таңдап, кез
келген атау беріңіз де, осы куәлікті сақтаңыз. Куәлікті импорттау сәтті
орындалды.
•
Электрондық поштаны қолданбастан бұрын, дұрыс күн мен уақытты
орнатыңыз.
29
Мультимедиа
29
Мультимедиа
FM радиосы
Телефонда FM радио мүмкіндігі бар, осылайша таңдаулы
станцияларыңызды реттеп, жолда тыңдауға болады.
Радио станцияларын іздеу
1
Мәзір түймесін басып, FM радио опциясын таңдаңыз.
2
Опциялар түймесін басып, Автоматты түрде іздеу опциясын
таңдаңыз. Жиілікті арттыру/азайту үшін сол жақ және оң жақ
навигация пернелерін қолдануға да болады.
ЕСКЕРТПЕ. Радионы тыңдау және жақсы радио қабылдауды сақтау
үшін, құлақаспапты құлаққап қосқышына салыңыз.
Камера
Фотосуретке түсіру
1
Мәзір пернесін басып, Камера тармағын таңдаңыз.
2
Телефонды ұстап тұрып, линзаны суретке түсетін затқа
бағыттаңыз.
3
Суретке түсіру үшін,
ОК түймесін басыңыз.
Келесі параметрлер сол жақ экран пернесін басу арқылы
экранның төменгі жағында көрсетіледі.
Ақ түс балансы: ақ түс балансы бейнедегі ақ аймақтардың
шынайы болуын қамтамасыз етеді. Камераға ақ түс балансын
дұрыс реттеуге мүмкіндік беру үшін жарық жағдайларын анықтау
қажет болуы мүмкін. Автоматты, Күндізгі жарық, Вольфрам,
30
Мультимедиа
Флуоресцентті, Бұлтты немесе Ашық ішінен таңдаңыз.
Түс әсерлері: Түс әсерлерін Жалпы, Сұр реңк, Сепия, Сепия
жасыл, Сепия көк немесе Түстерді алмастыру ретінде орнатыңыз.
Adv. параметрлер: Сақтау орны, Бейне сапасы, Контраст,
Ысырма дыбысы, Anti-тұнық және Әдепкі параметрлерін қалпына
келтіру ішінен таңдауға мүмкіндік береді.
Бейне түсіру
1
Мәзір пернесін басып, Камера тармағын таңдаңыз.
2
Бейне режиміне түрлендіру үшін
төмен жылжу пернесін
басыңыз.
3
Линзаларды бейнеге түсетін затқа бағыттап, жазуды бастау
үшін
OK
пернесін басыңыз.
4
Таймер төменгі сол жақта көрсетіледі.
5
Жазуды тоқтату үшін,
OK
пернесін басып, сақтау үшін
оң жақ
экран пернесін таңдаңыз.
Adv. параметрлер: Сақтау орны, Бейне сапасы, Контраст, Дауыс
жазу, Anti-тұнық және Әдепкі параметрлерін қалпына келтіру
ішінен таңдауға мүмкіндік береді.
ЕСКЕРТПЕ. Сол жақ және оң жақ жылжу пернелерін басу арқылы
ұлғайту масштабын реттеуге болады. Ұлғайту масштабы 1-деңгейі мен
4-деңгейі аумағында болады.
31
Мультимедиа
Сурет көру бағдарламасы
Бұл мәзір камерамен түсірілген суреттер мен бейнелерді қарауға
мүмкіндік береді. Келесі параметрлерді ашу үшін
Опция түймесін
басу арқылы ашуға болады:
Көрініс, Жіберу, Пайдалану түрі,
Қайта атау, Жою, Сұрыптау түрі, Толық деректер және Сақтау.
Пайдалану түрі параметрінде
Тұсқағаз, Қосылу кезінде, Өшіру
кезінде және Қоңырау шалушы суреті тармағынан таңдауға
болады.
Диктофон
Дауыстық жазбаларды немесе басқа дыбыстарды жазу үшін
диктофонды пайдалануға болады.
1
Мәзір түймесін басып, Диктофон тармағын таңдаңыз.
2
Жазуды бастау үшін
жоғары жылжу пернесін басыңыз.
3
Жазуды кідірту үшін
Кідірту түймесін, ал жазуды жалғастыру
үшін
Жалғастыру түймесін басыңыз.
4
Жазуды аяқтау үшін
Stop (Тоқтату) түймесін басыңыз.
ЕСКЕРТПЕ. Жазуды аяқтаған соң, келесі параметрлерге Опция
түймесін басу арқылы ашуға болады:
Жаңа жазба, Ойнату, Қосу, Атын
өзгерту, Жою, Тізім, Параметрлер және Жіберу. Пайдалану түрі
параметрінде Кіріс қоңырауы үнін таңдауға болады.
Медиа ойнатқышы
Бұл мәзір дыбыс және бейне файлдарын ойнатуға мүмкіндік
береді. Сондай-ақ, ойнату тізімдерін басқаруға да болады.
Қазір
ойнатылуда, Барлық әндер, Барлық бейнелер және Музыка
ойнату тізімі ішінен таңдаңыз.
32
Мультимедиа
Жеке файлдарым
Мультимедиа файлдарын телефон жадында барлық аудионы,
фотосуреттерді және бейнелерді оңай қолданатындай етіп
сақтауға болады. Файлдарды жад картасына да сақтауға болады.
Жад картасын қолдану телефон жадын босатуға мүмкіндік береді.
Жеке файлдарым опциясын түрту арқылы барлық мультимедиа
файлдары сақталған қалталар тізімін ашуға болады.
33
Органайзер
33
Калькуляторды пайдалану
Күнтізбе негізгі арифметикалық функцияларды береді: қосу, алу,
көбейту және бөлу.
Дабылды орнату
Көрсетілген уақытты ескерту үшін 5 дабылға дейін орнатуға
болады.
Күнтізбені пайдалану
Осы мәзірге кірген кезде, күнтізбе көрсетіледі. Шаршы меңзері
ағымдағы күнде орналасады. Навигация пернелерін қолданып
меңзерді басқа күнге жылжытуға болады.
Ескертпе қосу
Ескертпелерді осы жерге тіркеуге болады.
Ойындар және SNS
Brain Challenge 4 немесе Diamond Twister 2 сияқты әр түрлі
ойындарды және Facebook немесе Twitter сияқты SNS түрлерін
ашуға мүмкіндік береді.
Органайзер
34
Қолданбалар
34
Бос уақытыңыз болғанда көңіл көтеру үшін алдын ала
жүктелген ойындарды ашуға мүмкіндік береді.
Мәзір түймесін
басып,
Қолданбалар тармағын таңдаңыз. Ойындарым және
қолданбаларым тармағын таңдаңыз.
Қолданбалар
35
Профильдер
35
Әртүрлі оқиғалар немесе орталар үшін телефон профилін
реттеуге және теңшеуге болады.
•
Жалпы – қоңырау үні мен перне үні дыбыс деңгейі қалыпты
етіп орнатылған.
•
Үнсіз – қоңырау үні өшірілген және Үнсіз режим
белсендірілген.
•
Жиналыс – қоңырау үні өшірілген және Діріл режимі
белсендірілген.
•
Сыртта – қоңырау үні мен перне үнінің дыбыс деңгейі ең
үлкен мәнге орнатылған.
•
Менің мәнерім – қоңырау үні мен перне үнін қалауыңызша
орнатуға болады.
Профильдер
36
Bluetooth
36
Телефоныңызда орнатылған Bluetooth сымсыз технологиясы
бар, ол хэндсфри құрылғылары, компьютер, ноутбук немесе
басқа телефондар сияқты басқа Bluetooth құрылғыларымен
сымсыз қосылуға мүмкіндік береді. Телефоныңызда тіркелген
құрылғылардың бір уақытта тек біреуін қосуға болады (бірдей
түрдегі құрылғыға қосылу немесе Bluetooth басымдықтарын
өзгерту үшін алдымен бар құрылғыны ажыратыңыз).
Қуат
Bluetooth функциясын қосуға не өшіруге мүмкіндік береді.
Көріну
Басқа Bluetooth құрылғылары үшін құрылғыңызды көрінетін
етіп орнатуға мүмкіндік береді.
Тұрақты көрінетін, Уақытша
көрінетін немесе Өшірулі арасынан таңдаңыз.
Менің құрылғым
Телефоныңызбен жұптасқан барлық құрылғылардың тізімін
қарауға мүмкіндік береді.
Дыбыс құрылғысын іздеу
Жаңа дыбыс құрылғысын іздеуге және қосуға мүмкіндік береді.
Bluetooth
37
Bluetooth
Менің атым
Құрылғы атын өзгертуге мүмкіндік береді.
Қосымша
Дыбыс жолы, Сақтау орны, Бөлісу рұқсаты және Менің
мекенжайым ішінен таңдаңыз.
38
Параметрлер
38
Параметрлер
Дисплей
Бұл мәзір дисплей параметрлерін конфигурациялауға мүмкіндік
береді.
•
Тұсқағаз: өң ретінде суретті орнатуға мүмкіндік береді.
•
Қосылу кезінде: телефон қосылып тұрғанда өң ретінде
суретті орнатуға мүмкіндік береді.
•
Өшіру кезінде: телефон өшіп тұрғанда өң ретінде суретті
орнатуға мүмкіндік береді.
•
Күн мен уақытты көрсету: күту күйіндегі экранда күн мен
уақытты көрсетуге мүмкіндік береді.
Телефон
Өз мәнеріңізде телефонның жұмыс істеу жолын бейімдеу
еркіндігінен рахат алыңыз.
•
Күн мен уақыт: күн мен уақытқа қатысты функцияларды
орнатуға болады.
•
Тіл: телефоныңызда мәтіндерді көрсету үшін тілді өзгертуге
болады. Бұл өзгеріс Тілді енгізу режиміне әсер етеді.
•
Қауіпсіздік: телефоныңыздың мүмкіндіктері мен
параметрлерін қорғауға мүмкіндік береді. SIM картасын
қауіпсіздігі, Телефон қауіпсіздігі, Куәлік менеджері мен
Ұрлаудан қорғау жүйесі параметрлерінің бірін таңдаңыз.
•
Қуатты қосу және өшіруді жоспарлау: телефон үшін
қуатты автоматты түрде қосуға немесе өшіруге мүмкіндік
береді. Уақытты орнатқан соң, телефон көрсетілген уақытта
автоматты түрде қуатты қосады немесе өшіреді.
39
Параметрлер
•
Қалаған жазу тілі: қалаған тілдерді орнатуға болады.
•
SOS қызметі: SOS қызметі қосылған кезде, күту режимі
экранында пернетақтада «9» пернесін басып тұру арқылы
төтенше SMS хабарын жіберіңіз, енді SOS режимі қосылады.
SOS хабарлары Алушылар тізімінде көрсетілген телефон
нөмірлеріне жіберіледі. SOS режимі белсенді болғанда,
олардың кіріс қоңыраулары автоматты түрде қабылданады.
SOS режимінен шығу үшін, күту режиміндегі экранда аяқтау
пернесін басып, Иә опциясын таңдаңыз.
•
Төтенше жағдай ескертуі: осы мүмкіндік қосылған соң,
төтенше жағдай қоңырауы терілген кезде немесе телефон
белгілі ұзақтықта пайдаланылмайтын болса, төтенше жағдай
контактілеріне хабар жіберіледі. Бұл қызметке қосымша ақы
алынуы мүмкін.
•
Шұғыл SMS: шұғыл SMS пайдаланушы анықтаған мәтіні бар
SMS хабарын алушыларға жібереді. Пайдаланушылар SMS
хабарын жылдам пернені пайдаланып та жібере алады және
пайдаланушы оны реттей алады.
•
Кодтау: ASCII, ISO-8859-1 және Windows-1252 ішінен
таңдауға болады.
•
Авто жаңарту уақыты: телефонды ағымдағы жергілікті уақыт
аймағына байланысты уақыт пен күнді автоматты түрде
жаңарту үшін орнатуға мүмкіндік береді.
•
Ұшу режимі: ұшу режимін қосу үшін осы функцияны
қолдануға болады. Ұшу режимі қосылғанда, қоңыраулар шала
алмайсыз және хабарлар жібере алмайсыз.
•
Әртүрлі параметрлер: СКД жарығының ашықтығын орнатуға
болады.
40
Параметрлер
Қоңырау
Қоңырауға қатысты мәзірді орнатуға болады.
SIM карта 1/SIM карта 2 параметрлері
•
Қоңырау шалушының идентификаторы: Идентификаторды
көрсету немесе Идентификаторды жіберу тармағын таңдаңыз
немесе желіде қоңырау шалушының идентификаторы
мәліметтерін орнатыңыз.
•
Қоңырауды күттіру: қоңырауды күттіруді іске қосу немесе
одан бас тарту үшін таңдаңыз.
•
Қоңырауды бұру: қоңырауларды бұру әдістерін таңдаңыз.
•
Қоңырауға тыйым салу: барлық шығыс қоңыраулары,
халықаралық шығыс қоңыраулары, тұратын еліңізден басқа
халықаралық шығыс қоңыраулары, барлық кіріс қоңыраулар
немесе шетелде болғандағы кіріс қоңыраулар үшін қоңырауға
тыйым салатын құпия сөзді таңдаңыз.
Шығынды үнемдеу әдісі: телефон кітабына қосқан кезде
әрбір контакт тағайындалған SIM картамен бірге қосылады.
Қоңырау шалған кезде, сәйкес SIM операторы анықталады және
әрекет сәйкес SIM операторын қолданып аяқталады. Бұл бірдей
операторды қолдану артықшылығын пайдалануға
мүмкіндік береді. Шығынды үнемдеу режимі мүмкіндігін
пайдалану үшін мүмкіндік Қосу мәніне қойылғанын тексеріңіз
[Параметрлер > Қоңырау > Шығынды үнемдеу режимі]
ЕСКЕРТПЕ. Құнның сақтау әдісі қоңырау шалған кезде жұмыс
істемейді.
Зерделі қоңырауларды бұру: Зерделі қоңырауларды бұру
күтілетін қоңырауларды және қоңырауды екі SIM картаға жіберуді
белсендіреді. SIM1 немесе SIM2 қоңырауымен қоңырауда
болғанда, қоңырау SIM1 картасына және керісінше жіберіледі.
41
Параметрлер
Қосымша параметрлер
•
Автоматты түрде қайта теру:
ҚОСУ
немесе
ӨШІРУ
пәрменін
таңдаңыз.
•
Қоңырау уақытын еске салу: Өшіру, Жалғыз немесе
Мерзімді опциясын таңдаңыз.
•
SMS арқылы қабылдамау:
ҚОСУ
немесе
ӨШІРУ
пәрменін
таңдаңыз.
•
Жауап беру режимі: қоңырауларға әр түрлі жолмен жауап
беру үшін телефондағы параметрлерді өзгертуге болады.
•
Жалған қоңырау: бұл келеңсіз жағдайды сыпайы түрде
туындатпау үшін пайдалы функция. Жалған қоңырау
мәзірінде уақытты орнату арқылы өзіңізге қоңырау шалуға
болады.
•
Есту аппараты: есту аппараты қоңыраудағы дыбыс
деңгейлерін арттырады. Дыбысты тек қана қабылдаушы
режимінде арттыруға болады. Динамик, Құлақаспап және
Bluetooth жолында қолданылмайды.
ЕСКЕРТПЕ. Жалған қоңырауды #*# таңбаша кодын қолданып күту
режиміндегі экранда белсендіруге немесе өшіруге болады.
Параметрлерді қайта орнату
Телефонның құпия сөзін енгізу арқылы телефонды қалпына
келтіруге және қайта іске қосуға болады.
42
Параметрлер
Қос SIM картасының параметрлері
Екі SIM картасын салғанда, экранның жоғарғы сол жағында екі
желілік сигнал белгішелерін көресіз. SIM картасын іске қосу/
ажырату үшін
Мәзір > Қос SIM картасының параметрлері
тармақтарына өтіңіз.
Деректер тіркелгілері
Алдын ала анықталған APN, Басты бет, IP мекенжайы, Порт
параметрлері мақсатталған елдердің барлық операторларына
беріледі. Деректер тіркелгісі параметрлері Opera, Facebook,
Twitter және деректер қосылым пайдаланатын қолданбаларға
негізделген кез келген басқа желіні іске қосу үшін
пайдаланылады.
Желі параметрлері
Автоматты түрде немесе қолмен тіркеуге болатын желіні таңдауға
болады.
Деректер параметрлері
Бұл параметрлер интернетке қосылуға, MMS және электрондық
пошта хабарын жіберуге және java ойындарын жүктеп алуға
рұқсат ететін телефонға арналған ұялы параметрлерді басқаруға
мүмкіндік береді.
43
Қосалқы құралдар
43
Қосалқы құралдар
Телефонмен бірге пайдалану үшін төмендегі қосалқы құралдарды
қолдануға болады.
(Төменде берілген элементтер қосымша
болуы мүмкін.)
•
Саяхат адаптері
•
Батарея
ЕСКЕРТПЕ.
•
Әрдайым түпнұсқа LG қосалқы құралдарын ғана пайдаланыңыз.
Жинақтағы заттар осы құрылғыға ғана арналған және басқа
құрылғылармен үйлесімді болмауы мүмкін.
•
Құрылғымен қамтамасыз етілетін элементтер және қолжетімді
қосалқы құралдар ауданға немесе қызмет провайдеріне байланысты
өзгеруі мүмкін.
ЕСКЕРТПЕ. Жақсы жұмыс істеуі үшін компьютердегі ұялы телефонның
бағдарламалық құралын Windows XP операциялық жүйесінен жоғары
нұсқаға жаңартыңыз
44
Ақауларды жою
44
Ақауларды жою
Бұл тарауда телефонды пайдаланғанда кездесуіңіз мүмкін кейбір
ақаулар тізілген. Кейбір ақаулар қызмет көрсетушіге хабарласуды
талап етеді, алайда көбінесе оларды өз бетіңізше түзетуге
болады.
Хабар
Мүмкін себептері
Ықтимал түзету шаралары
SIM карта
қатесі
Телефонда SIM
картасы жоқ
немесе ол дұрыс
салынбаған.
SIM картасының дұрыс салынғанын
тексеріңіз.
Желі
байланысы
жоқ/желі
жоғалуда
Сигнал әлсіз
немесе сіз
оператор
желісінен тыс
жердесіз.
Терезеге қарай немесе ашық
аймаққа қарай жылжыңыз. Желі
операторының қамту картасын
қараңыз.
Оператор жаңа
қызметтерді
қолданды.
SIM картасы 6-12 ай бұрын шыққан
ба, соны тексеріңіз. Солай болса,
SIM картаңызды желі провайдерінің
ең жақын бөлімінде ауыстырыңыз.
Қызмет провайдеріне
хабарласыңыз.
45
Ақауларды жою
Хабар
Мүмкін себептері
Ықтимал түзету шаралары
Кодтар
сәйкес
емес
Қауіпсіздік кодын
өзгерту үшін
қайтадан енгізу
арқылы жаңа
кодты растау
керек.
Кодты ұмытсаңыз, қызмет
провайдеріңізге хабарласыңыз.
Енгізілген екі код
бір-біріне сәйкес
емес.
Қоңырау
шалу
мүмкін
емес
Теру қатесі
Жаңа желіге рұқсат жоқ.
Жаңа SIM
картасы
салынды.
Жаңа шектеулерді тексеріңіз.
Алдын ала
төленген
зарядтау шегіне
қол жетті.
Қызмет жеткізушісіне хабарласыңыз
немесе шектеуді PIN 2 коды
арқылы қалпына келтіріңіз.
Телефон
қосылмайды
Қосу/өшіру
пернесі тым
қысқа басылған.
Қосу/өшіру пернесін кемінде екі
секунд бойы басыңыз.
Батарея
зарядталмаған.
Батареяны зарядтаңыз.
Дисплейдегі заряд көрсеткішін
тексеріңіз.
46
Ақауларды жою
Хабар
Мүмкін себептері
Ықтимал түзету шаралары
Зарядтау
қатесі
Батарея
зарядталмаған.
Батареяны зарядтаңыз.
Сыртқы
температура тым
ыстық немесе
суық.
Телефонның қалыпты
температурада зарядталып
жатқанын тексеріңіз.
Түйіспе ақауы
Зарядтағышты және оның
телефонмен байланысын
тексеріңіз.
Кернеу жоқ
Зарядтағышты басқа розеткаға
қосыңыз.
Зарядтағыш
зақымданған
Зарядтағышты ауыстырыңыз.
Зарядтағыш түрі
қате
Тек түпнұсқа LG қосалқы
құралдарын қолданыңыз.
Дыбыс жоқ
Дірілдеу режимі
Дірілдеу немесе үнсіз режимде
емес екеніңізді тексеру үшін
дыбыс мәзірінің параметрлер күйін
тексеріңіз.
Оглавление
- Руководство пользователя
- Посібник користувача
- Пайдаланушы нұсқаулығы
- User Guide