Electrolux ews 1252 ndu: 1. САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ

1. САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ: Electrolux ews 1252 ndu

ҚАЗАҚ 3

1. САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ

Құрылғыны орнатып іске қолданар алдында бірге

жеткізілген нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз.

Құрылғыны дұрыс орнатпау мен дұрыс пайдаланбау

нәтижесінде адам жарақат алса және ақаулық орын

алса өндіруші жауапты емес. Нұсқаулықты

келешекте қарап жүру үшін үнемі сақтап қойыңыз.

1.1 Балалар мен дәрменсіз адамдардың

қауіпсіздігі

Бұл құрылғыны 8 жастан асқан балалар мен

денесіне, сезім жүйесіне не ақыл-есіне зақым

келген адамдар не тәжірибесі аз адамдар өз

қауіпсіздіктерін қамтамасыз ететін адамның

қадағалауы немесе құрылғыны қауіпсіз қолдану

бойынша берген нұсқауына сүйеніп, дұрыс

қолданбау салдарын түсінсе қолдануына болады.

Балаларға құрылғымен ойнауға рұқсат бермеңіз.

Орам материалдарының барлығын балалардан

алыс ұстаңыз.

Жуғыш заттардың барлығын балалардан алыс

ұстаңыз.

Құрылғының есігі ашық тұрғанда, балалар мен үй

жануарларын алыс ұстаңыз.

Балалар тазалау және күтім көрсету жұмыстарын

басқаның бақылауынсыз орындамауға тиіс.

1.2 Қауіпсіздік туралы жалпы ақпарат

Бұл құрылғының техникалық сипаттамасын

өзгертпеңіз.

Ең көп салмақ 5 кг көрсетілімін орындаңыз

("Бағдарлама кестесі" тарауын қараңыз).

Судың жұмыс кезіндегі қысымы (ең аз және ең көп)

0,5 бар (0,05 МПа) және 8 бар (0,8 МПа) арасында

болуға тиіс.

Табанындағы желдеткіш саңылауларға (егер бар

болса) кілем кедергі жасамауға тиіс.