Electrolux EWF 51284 EOW: инструкция

Раздел: Бытовая, кухонная техника, электроника и оборудование

Тип: Стиральная Машина

Характеристики, спецификации

Тип устройства:
Стиральная машина
Тип загрузки:
Фронтальная
Обороты отжима, Об/мин:
1200
Класс стирки:
А
Класс отжима:
B
Класс энергопотребления:
A-30%
Дисплей:
Есть
Размер упаковки (ДхШхВ), см:
85 x 60 x 56 см, вес 63 кг
Ссылка на сайт производителя:
www.electrolux.com
Производитель:
The Electrolux Group
Страна производства:
ПОЛЬША

Инструкция к Стиральной Машине Electrolux EWF 51284 EOW

EWF 51284EOW

KK Кір жуғыш машина Қолдану туралы нұсқаулары 2

RU Стиральная машина Инструкция по эксплуатации 27

www.electrolux.com2

МАЗМҰНЫ

1. ҚАУІПСІЗДІК АҚПАРАТЫ................................................................................. 3

2. ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ............................................................................ 4

3. БҰЙЫМ СИПАТТАМАСЫ................................................................................. 6

4. БАСҚАРУ ПАНЕЛІ.............................................................................................7

5. БАҒДАРЛАМА КЕСТЕСІ................................................................................... 8

6. ПАЙДАЛАНУ КӨЛЕМІ.....................................................................................10

7. ФУНКЦИЯЛАР.................................................................................................11

8. ПАРАМЕТРЛЕР...............................................................................................12

9. ЕҢ АЛҒАШ ПАЙДАЛАНУ АЛДЫНДА.............................................................13

10. ӘРКҮНДІК ҚОЛДАНУ....................................................................................13

11. АҚЫЛ-КЕҢЕС................................................................................................ 17

12. КҮТУ МЕНЕН ТАЗАЛАУ............................................................................... 19

13. АҚАУЛЫҚТЫ ТҮЗЕТУ...................................................................................23

14. ТЕХНИКАЛЫҚ ДЕРЕК...................................................................................25

СІЗ ОЙЫМЫЗДА БОЛДЫҢЫЗ

Electrolux құрылғысын сатып алғаныңызға рахмет. Сіз ондаған жылдар

бойғы кәсіби тәжірибе мен инновацияға сүйеніп жасалған құрылғыны

таңдадыңыз. Тапқырлықтың туындысы болған, көз тартарлық бұл құрылғыны

жасау барысында сіз ойымызда болдыңыз. Сондықтан, қолданған сайын

тамаша нәтижеге қол жеткізе алатыныңызға сенімді болыңыз.

Electrolux әлеміне қош келдіңіз.

Біздің веб-сайтқа барып келесіні қараңыз:

Пайдалану туралы ақпарат, кітапша, ақаулықты түзету, қызмет ақпаратын

мына жерден алыңыз:

www.electrolux.com/webselfservice

Сізге барынша жақсы қызмет көрсету үшін өніміңізді мына жерге тіркеңіз:

www.registerelectrolux.com

Құрылғыңызға қажетті керек-жарақтарды, шығынды материалдарды және

фирмалық қосалқы бөлшектерді сатып алу үшін:

www.electrolux.com/shop

ТҰТЫНУШЫҒА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ

Фирмалық заттарды қолдануды ұсынамыз.

Қызмет көрсету орталығына хабарласқанда келесі деректердің дайын

болуын қамтамасыз етіңіз. Үлгісі, Өнім нөмірі, Сериялық нөмірі.

Деректерді техникалық ақпарат тақтайшасынан алуға болады.

Ескерту / Қауіп-қатерден сақтандыру ақпараты

Жалпы ақпарат және ақыл-кеңес

Қоршаған ортаға қатысты ақпарат

Өндіруші ескертусіз өзгеріс енгізу құқығына ие.

ҚАЗАҚ 3

1. ҚАУІПСІЗДІК АҚПАРАТЫ

Құрылғыны орнатып іске қолданар алдында бірге

жеткізілген нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз.

Дұрыс орнатпау немесе пайдаланбау нәтижесінде

орын алған жарақат немесе зақымдарға өндіруші

жауапты емес. Нұсқаулықтарды кейін қарап жүру

үшін әрқашан қауіпсіз және қол жетімді жерде

сақтаңыз.

1.1 Балалар мен дәрменсіз адамдардың

қауіпсіздігі

Бұл құрылғыны 8 жастан асқан балалар мен

денесіне, сезім жүйесіне не ақыл-есіне зақым

келген не тәжірибесі аз адамдар өз қауіпсіздіктерін

қамтамасыз ететін адамның қадағалауы не

құрылғыны қауіпсіз қолдану бойынша берген

нұсқауына сүйеніп, дұрыс қолданбау салдарын

түсінсе, онда қолдануына болады.

Балаларға құрылғымен ойнауға рұқсат бермеңіз.

3 жастағы және бұл жасқа толмаған балаларды

жұмыс істеп тұрған құрылғыдан әрқашан алыс

ұстау керек.

Барлық орам материалдарын балалардан алыс

ұстап, қоқысқа тиісті түрде тастау керек.

Жуғыш заттарды балалардан алыс ұстаңыз.

Құрылғының есігі ашық тұрғанда, балалар мен үй

жануарларын оған жақындатпаңыз.

Құрылғы бала қауіпсіздігінің құралымен

жабдықталса, оны қосу керек.

Балалар құрылғыны жөндеу және тазалау

жұмыстарын бақылаусыз орындамауы керек.

1.2 Қауіпсіздік туралы жалпы ақпарат

Бұл құрылғының техникалық сипаттамасын

өзгертпеңіз.

Ең көп 8 кг салмақ көрсетілімін орындаңыз

("Бағдарлама кестесі" тарауын қараңыз).

Аннотация для Стиральной Машиной Electrolux EWF 51284 EOW в формате PDF