Electrolux EWT 1064 ILW белый: 1.2 Қауіпсіздік туралы жалпы ақпарат

1.2 Қауіпсіздік туралы жалпы ақпарат: Electrolux EWT 1064 ILW белый

www.electrolux.com4

1.2 Қауіпсіздік туралы жалпы ақпарат

• Бұл құрылғының техникалық сипаттамасын

өзгертпеңіз.

• Бұл құрылғыны үйде немесе соған ұқсас жерлерде

пайдалану керек, мысалы:

– дүкендердің, кеңселердің және басқа жұмыс

орындарының ас үйлерінде;

– қонақ үй, мотель, төсек және таңғы ас

қонақжайлары мен басқа резиденциялық

жерлерде;

– коммуналық пәтерлерде немесе кір жуатын

жерлерде.

• Ең көбі 6кг салмақтан асырмаңыз ("Бағдарлама

кестесі" тарауын қараңыз).

• Сыртқы қосылымнан су кіретін тұстағы судың

жұмыс қысымы 0,5 бар (0,05 МПа) және 8 бар (0,8

МПа) аралығында болуы керек.

• Табанындағы желдеткіш саңылауларға кілем,

төсеніш немесе еденнің қаптамасы кедергі

жасамауға тиіс.

• Құрылғыны су желісіне жаңадан берілген түтік

жинағын немесе уәкілетті қызмет көрсету орталығы

берген басқа түтік жинағын қолданып қосу керек.

• Ескі түтіктерді қайта пайдалануға болмайды.

• Қуат cымына зақым келсе, электр қатерінен

сақтандыру үшін оны өндіруші немесе оның

уәкілетті қызмет көрсету орталығы немесе сол

сияқты білікті маман ауыстыруға тиіс.

• Кез келген жөндеу жұмысын орындау алдында

құрылғыны сөндіріп, ашаны розеткадан суырыңыз.

• Құрылғыны тазалау үшін сулы спрейді және/

немесе буды қолданбаңыз.

• Құрылғыны дымқыл шүберекпен тазалаңыз.

Бейтарап жуғыш заттарды ғана қолданыңыз.

Жеміргіш заттарды, түрпілі жөкені, еріткіштерді

немесе темір заттарды пайдаланбаңыз.