Electrolux ERT 1501 FOW3: 1. САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ

1. САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ: Electrolux ERT 1501 FOW3

ҚАЗАҚ 3

1. САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ

Құрылғыны орнатып іске қолданар алдында бірге

жеткізілген нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз.

Құрылғыны дұрыс орнатпау мен дұрыс пайдаланбау

нәтижесінде адам жарақат алса және ақаулық орын

алса өндіруші жауапты емес. Нұсқаулықты

келешекте қарап жүру үшін үнемі сақтап қойыңыз.

1.1 Балалар мен дәрменсіз адамдардың

қауіпсіздігі

Бұл құрылғыны 8 жастан асқан балалар мен

денесіне, сезім жүйесіне не ақыл-есіне зақым

келген адамдар не тәжірибесі аз адамдар өз

қауіпсіздіктерін қамтамасыз ететін адамның

қадағалауы немесе құрылғыны қауіпсіз қолдану

бойынша берген нұсқауына сүйеніп, дұрыс

қолданбау салдарын түсінсе қолдануына болады.

Балаларға құрылғымен ойнауға рұқсат бермеңіз.

Балалар тазалау және күтім көрсету жұмыстарын

басқаның бақылауынсыз орындамауға тиіс.

Орам материалдарының барлығын балалардан

алыс ұстаңыз.

1.2 Қауіпсіздік туралы жалпы ақпарат

Бұл құрылғы үйде және сол сияқты төменде

аталған жерлерде қолдануға арналған:

Фермадағы үйлердің; дүкендердегі, кеңселер

мен басқа жұмыс орындарындағы

қызметкерлерге арналған ас бөлмелерде

Қонақ үйлерде, мотельдерде, төсек және таңғы

аспен қамтамасыз ететін қонақжайларда және

басқа тұрғынды жерлерде

Құрылғының корпусындағы немесе кіріктірілген

элементіндегі желдеткіш саңылауларды бітемей,

ашық ұстаңыз.