Electrolux EWW 51607 SWD: 1.2 Қауіпсіздік туралы жалпы ақпарат

1.2 Қауіпсіздік туралы жалпы ақпарат: Electrolux EWW 51607 SWD

www.electrolux.com4

1.2 Қауіпсіздік туралы жалпы ақпарат

Бұл құрылғының техникалық сипаттамасын

өзгертпеңіз.

Құрылғыны жеке тұратын құрылғы ретінде немесе

өлшемдері сай келсе ас үй қаптамасының астына

орнатыңыз.

Құрылғыны бекітілетін есіктің артына, сырғыма

есіктің артына не топсасы керісінше орналасқан,

құрылғының есігін толық ашуға кедергі жасайтын

жерлерге орнатпаңыз.

Құрылғының ашасын розеткаға тек құрылғыны

орнатып болғаннан кейін ғана қосыңыз. Орнатып

болғаннан кейін ашаның қол жететін жерде

тұрғанына көз жеткізіңіз.

Табанындағы желдеткіш саңылауларға кілем,

төсеніш немесе еденнің қаптамасы кедергі

жасамауға тиіс.

ЕСКЕРТУ: Құрылғыны таймер сияқты сырттан

қосатын құралмен жабдықтамау немесе жиі

қосылып және сөніп тұратын желілерге қоспау

керек.

Газ немесе басқа жанармай қолданатын

құрылғылардан, сонымен қатар ашық оттан

бөлінетін қажетсіз газдар бөлмеге қайта кірмес

үшін, құрылғы орнатылған бөлменің жақсы

желдетілуін қамтамасыз етіңіз.

Шығасын ауаны құрылғыдан жанған газды немесе

басқа жанармайдан бөлінетін түтіндерді шығаруға

арналған түтік арқылы шығаруға болмайды.

Сыртқы қосылымнан су кіретін тұстағы судың

жұмыс қысымы 0,5 бар (0,05 МПа) және 8 бар (0,8

МПа) аралығында болуы керек.

Ең көбі 10 кг салмақтан асырмаңыз ("Бағдарлама

кестесі" тарауын қараңыз).

Құрылғыны су желісіне жаңадан берілген түтік

жинағын немесе уәкілетті қызмет көрсету орталығы

берген басқа түтік жинағын қолданып қосу керек.

ҚАЗАҚ 5

Ескі түтіктерді қайта пайдалануға болмайды.

Қуат cымына зақым келсе, электр қатерінен

сақтандыру үшін оны өндіруші немесе оның

уәкілетті қызмет көрсету орталығы немесе сол

сияқты білікті маман ауыстыруға тиіс.

Құрылғының айналасына жиналып қалған қыл-

қыбырды немесе орамдарды тазалаңыз.

Тағам пісіретін көкөніс майы, ацетон, спирт,

бензин, керосин, дақ кетіргіштер, скипидар,

балауыз және балауыз кетіргіш тәрізді заттарды,

кір кептіргіш машинамен кептірмей тұрып, қосымша

жуғыш зат пайдаланып, ыстық сумен жеке жуу

керек.

Өнеркәсіп химикаттарымен ластанған заттар үшін

осы құрылғыны қолданбаңыз.

Жуылмаған киімдерді кір кептіргіш машинада

кептірмеңіз.

Көбік резеңке (латекс көбік), монша қалпақтарын,

су өткізбейтін текстильді, резеңкемен астарланған

заттарды және киімдерді немесе резеңке

толтырылған жастықтарды кір кептіргіш машинада

кептіруге болмайды.

Мата жұмсартқыштарды немесе ұқсас заттарды

оларды өндірушінің нұсқауларына сәйкес ғана

пайдалану керек.

Темекі тұтатқыш немесе сіріңке тәрізді өрт көзіне

айналуы мүмкін заттардың барлығын алыңыз.

Егер барлық кірді дереу алып, қалдық қызулары

тезірек тарап кетпесе, кір кептіргіш машинаны

ешқашан кептіру циклы аяқталмай тұрып

тоқтатпаңыз.

Кептіргіштің соңғы циклы заттардың

температуралары оларға зақым келтірмейтіндей

төмен болуы үшін ешбір қызусыз (салқындату

циклы) орындалады.

Құрылғыны тазалау үшін сулы спрейді және/

немесе буды қолданбаңыз.

Оглавление