Electrolux EWW 51476 WD: 1. САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ

1. САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ: Electrolux EWW 51476 WD

www.electrolux.com4

1. САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ

Құрылғыны орнатып іске қолданар алдында бірге

жеткізілген нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз.

Құрылғыны дұрыс орнатпау мен дұрыс пайдаланбау

нәтижесінде адам жарақат алса және ақаулық орын

алса өндіруші жауапты емес. Нұсқаулықты

келешекте қарап жүру үшін үнемі сақтап қойыңыз.

1.1 Балалар мен дәрменсіз адамдардың

қауіпсіздігі

ЕСКЕРТУ!

Тұншығып қалу, жарақат алуы немесе кемтар

болып қалу қаупі бар.

Бұл құрылғыны 8 жастан асқан балалар мен

денесіне, сезім жүйесіне не ақыл-есіне зақым

келген адамдар не тәжірибесі аз адамдар өз

қауіпсіздіктерін қамтамасыз ететін адамның

қадағалауы немесе құрылғыны қауіпсіз қолдану

бойынша берген нұсқауына сүйеніп, дұрыс

қолданбау салдарын түсінсе қолдануына болады.

Балаларға құрылғымен ойнауға рұқсат бермеңіз.

3 жасқа толмаған балаларды үнемі қарап

отырмаған жағдайда құрылғыдан алыс ұстау керек.

Орам материалдарының барлығын балалардан

алыс ұстаңыз.

Жуғыш заттардың барлығын балалардан алыс

ұстаңыз.

Құрылғының есігі ашық тұрғанда, балалар мен үй

жануарларын алыс ұстаңыз.

Құрылғы бала қауіпсіздігінің құралымен

жабдықталса, оны іске қосуды ұсынамыз.

Балалар тазалау және күтім көрсету жұмыстарын

басқаның бақылауынсыз орындамауға тиіс.

Оглавление