Indesit WITL 106: Servisná služba

Servisná služba: Indesit WITL 106

Servisná služba

Pred privolaním servisnej služby:

SK

Skontrolujte, či nie ste schopní poruchu odstrániť sami (viď str. 71);

Opätovne uveďte do chodu prací program, s cieľom overiť, či bola porucha odstránená;

V opačnom prípade sa obráťte na autorizované centrum servisnej služby, na telefónnom čísle uvedenom na zárnom liste.

! Nikdy sa neobracajte so žiadosťou o pomoc na technikov, ktorí nie sú na vykonávanie tejto činnosti oprávnení.

Pri hlásení poruchy uveďte:

druh poruchy;

model práčky (Mod.);

výrobné číslo (S/N).

tieto informácie sú uvedené na typovom štítku, nachádzajúcom sa na zadnej strane práčky.

72

Пайдалану бойынша нұсқаулық

Кір жуғыш машина

Мазмұны

Орнату

Орамнан шығару жəне тегістеп қою

Су құбырлары мен электр желісіне қосу

Кір жуудың бірінші циклі

Техникалық сипаттамалары

Кір жуғыш машинаның сипаттамасы

Басқару панелі

Барабанды ашу жəне жабу

Индикаторлар

Бағдарламаны іске қосу. Бағдарламалар

Қысқаша нұсқаулықтар: Бағдарламаны іске қосу тəртібі

Бағдарлама кестесі

Кірді жекелендіру

Температураны таңдау

Сығу жылдамдығын

таңдау

Функциялар

Кір жуғыш құралдар жəне кір түрлері

Кір жуғыш құралдарды бөлгіш

Ағарту циклі

Кірді дайындау

Жеке заттарды жуу ерекшеліктері

Ескертулер мен нұсқаулар

Жалпы қауіпсіздік ережелері

Қайта өңдеу

Қоршаған ортаны үнемдеу жəне қорғау

Қызмет көрсету жəне күтіп ұстау

Суды жəне электр қуатын өшіру

Кір жуғыш машинаны күтіп ұстау

Машина

есігі мен барабанын күтіп ұстау

Сорғышты тазалау

Су құю шлангісін тексеру

Ақауларды жою

Сервистік қызмет көрсету

Орнату

!Осы нұсқаулықты сақтап қойыңыз. Нұсқаулық машинаны сатқан, басқа біреуге

тапсырған немесе жаңа пəтерге көшкен кезде, пəтердің жаңа иесі жабдықпен танысу үшін,

оны пайдалану жəне қызмет көрсету ережелерімен танысуы үшін кір жуғыш машина

жиынтығында болуы тиіс.

!Нұсқаулықты мұқият оқып шығыңыз: онда кір жуғыш машинаны орнату бойынша жəне

пайдалану қауіпсіздігі бойынша маңызды мəліметтер бар.

Орамнан шығару жəне тегістеп қою

Орамнан шығару

1. Кір жуғыш машинаны орамнан шығарыңыз.

2. Жабдықтың тасымалдау кезінде зақымдалмағанына көз жеткізіңіз. Зақымданған

жағдайдамашинаны іске қоспаңызжеткізушімен тез арада хабарласыңыз.

3. Кір жуғыш машинаның артқы жағында орналасқан төрт тасымалдау винтін жəне

резеңке тығындарды төсемімен бірге алып тастаңыз (сур. қара).

4. Тесікті пластикалық тығынмен жабыңыз.

5. Барлық бөлшектерін сақтап қойыңыз: Кір жуғыш машинаны тасымалдау кезінде керек

болады.

болттар,

резеңке шайбалар мен үлкен металл көлденең жапқыш. Пайда болған тесіктерді

пластикалық бітеуіштермен жабыңыз.

! Балаларға орам материалдарымен ойнауға рұқсат етпеңіз.

Тегістеп қою

1. Кір жуғыш машина тегіс жəне берік еденге орнатыңыз, қабырғаға, жиһазға жəне басқа

да заттарға тимейтін болсын.

2. Машинаны орналастырған соң, алдыңғы аяқтарын реттеу арқылы нық тұруын

қадағалаңыз (сур. қара).

Ол үшін алдымен бақылау гайкасын босатып алыңыз да реттеп алған соң бақылау

гайкасын қатырыңыз. Машинаны орналастырған соң корпустың жоғарғы қақпағының

о

көлденеңді деңгейін тексеріңіз, көлденең деңгей 2

жоғары болмауы тиіс.

Жабдықты дұрыс тегістеп қойсаңыз, шуды, вибрацияны жəне машина істеп тұрғанда

орнынан жылжуды болдырмайды.

Егер кір жуғыш машина кілем төселген еденде тұрса, машинаның негізі бөлігі кілемнің

үстінде тұрғанын анықтап алыңыз. Егер олай тұрмаса, желдетуі қиындайды немесе

мүлдем істемей қалады.

Машинаны орналастыру жəне орнын ауыстыру

Кір жуғыш машинаңыздың орнын ауыстыру үшін қолайлы, арнайы алынбалы

дөңгелектері болады. Дөңгелектерді түсіріп, жабдықты жылжыту үшін машинаның

астында сол жақта орналасқан рычагты тартыңыз. Жабдықты қажетті орынға орнатқан

соң, рычагты бастапқы қалпына келтіріп қойыңыз.

Су құбырына немесе электр желісіне қосу

Су құю шлангісін қосу

1. А төсемін су құю шлангісінің соңына жалғаңыз да оны ¾ дюйма оймалы тесігі бар

суық су шығатын су құбырына қарай бұраңыз (сур. қара).

Қосар алдында су құбыры кранын ашып, лас суды ағызып жіберіңіз.

2. Су құю шлангісін артқы оң жақ жоғарғы шетінде орналасқан, су қабылдағышты

винттеу арқылы кір жуғыш машинаға жалғаңыз (сур. қара).

3. Шлангінің оралып жəне қысылып қалмағанын анықтап алыңыз.

! Су қысымы Техникалық сипаттама кестесінде көрсетілген белгілер шамасында болуы

тиіс.

! Егер су құбыры шлангісінің ұзындығы жеткіліксіз болса, Авторизациялық Сервис

орталығына сұраңыз.

Суды төгу шлангісін қосу

Суды төгу шлангісінің иілген аяқ жағын раковинаның, ваннаның ішіне салып қойыңыз

немесе канализацияға шығару

жеріне орналастырыңыз. Шлангі майысып қалмауы тиіс. Су

төгу шлангісінің жоғарғы жағы еденнен 65-100 см биіктікте болуы тиіс. Су төгу шлангісі

орналастырылуы суды төккен кезде судың бөліп-бөліп төгілуін қамтамасыз етуі керек

(шлангінің аяқ жағы суға тимеуі тиіс).

Ваннаның немесе раковинаның шетіне қатырған жағдайда, шлангіні кранға қатырылатын

бөліктің (жиынтық құрамына кіреді) көмегімен

асып қояды (сур).

! Суды төгу шлангісіне ұзартқыштарды пайдаланбаған жөн. Қажет болған жағдайда, дəл

осындай диаметрдегі жəне 150 см. аспайтын ұзындықтағы шлангімен ұзартуға болады.

Электр желісіне қосу

Назар аударыңыз! Жабдық міндетті түрде жерге орналастырылуы тиіс!

1. Машина жерге тұйықталған екіполюсті розетка арқылы электр желісіне қосылады

(розетка машинамен бірге берілмейді). Фазалық сым ең

ұзақ мерзімге есептелген жəне 0,1

с аспайтын уақытта жұмысқа қосылатын 16 А желіні қорғау автоматы арқылы қосылады.

2. Машина орнату орнынан жерге тұйықталатын, үш желілі өткізгіші бар кабельді мыс

желісі бар (немесе алюминий желісімен 2,5 кв. мм жақын орналасса) розетка 1,5 кв. мм.

жақын орналасса болса, электр желісі қайта жасалмайды. Аталған розетка жəне өткізгіш

болмаған

жағдайда, оларға монтаж жасау қажет.

3. Жеке өткізгіштермен төсемді жерге тұйықтауға болмайды.

4. Электр желісін жасау үшін ППВ 3х1,5 380 ГОСТ 6223-79 өткізгішін пайдаланған жөн.

Машинаны пайдалану кезінде өрт жəне электр қауіпсіздігін қамтамасыз ететін, басқа да

маркадағы кабельдерді пайдалануға болады.

Машинаны желіге қосар алдында мыналарға сенімді болыңыз:

розетка мен өткізгіш нұсқаулықтың осы

бөлімінде берілген талаптарға сəйкес

екендігіне;

желі тогының кернеуі мен жиілігі машинаның деректеріне сай келетініне;

розетка мен вилка бір типті екендігіне;

розетка нұсқаулықтың осы бөлімінде айтылған қауіпсіздік нормаларына сай жерге

тұйықталғандығына (егер қорғаныс желісі үзілмеген болса жəне басқа да

жабдықтарды айналып өтіп қосылған болса, жұмыс нөлдігімен жерге тұйықтауға

болады

).

Егер вилка розеткаға сай келмесе, оны розеткаға сай келетін басқасына ауыстырған

немесе қоректендіру кабелімен алмастырған жөн. Кабельді тек білікті маман ғана

алмастыруы тиіс.

Тасымалдағыш қолдануға немесе екі жəне одан көп розетканы жəне ұзартқышты

пайдалануға тыйым салынады (олар машинаның күйіп кетуіне қауіп төндіреді). Егер сіз

оларды пайдалану қажет деп танысаңыз, қауіпсіздік талаптарына

сай келетін тек бір ғана

ұзартқышты пайдаланыңыз.

Жоғары қуатты тұрмыстық заттардың осы нұсқаулықта көрсетілген қауіпсіздік

талаптарын бұзу арқылы қосылған жабдық барынша қауіпті болып саналады.

Өндіруші, егер сіздің аталған нормаларды сақтамау салдарынан, денсаулығыңыз бен

жеке басыңызға зиян келген жағдайда жауап бермейді.

Кір жуудың бірінші циклі

о

Орнатып болған соң, пайдаланар алдында кір жуғыш ұнтақпен, кір қоспай, 90

бағдарламасы бойынша, бір рет кір жуу циклін жүргізу қажет.

Техникалық сипаттамалары

Моделі WITL 1061

Өлшемі

Ені 40 см

Биіктігі 85 см

Тереңдігі 60 см

Жүктемесі

1-5 кг

Электрлік параметрлері

Қысым 220\230 В 50 ГЦ

Мах қуаты 1850 Ватт

Гидравликалық параметрлері

max қысым 1 Мпа (10 бар)

min қысым 0,05 Мпа (0,5 бар)

барабан көлемі 42 л

Сығу жылдамдығы

1000 айн/мин дейін

EN 60456 нормативіне сəйкес бақылау

бағдармала; стандартты мақта 60°

бағдарламасы

бағдармала; стандартты мақта 40°

5 кг дейін жүктегенде

Машина Еуропалық экономикалық

қауымдастықтың келесі директиваларына

сай келеді:

- 73\223\ЕЕС 19.02.73 (төменгі қысым)

жəне келесі модификациялар

-

2004/108/ЕЕС (электр магнитті

үйлесімі) жəне келесі модификациялар

Кір жуғыш машинаның сипаттамасы

Басқару панелі

ІСКЕ ҚОСУ/ЖОЮ түймесі

ЛЮКТІ ТЕЖЕУ ИНДИКАТОРЫ

ҚОСЫМША ФУНКЦИЯЛАР түймелері

ІСКЕ ҚОСУ/ӨШІРУ түймесі

Түс индикаторлары

СЫҒУ

ТЕМПЕРАТУРА

БАҒДАРЛАМАНЫ

жылдамдығын реттеу

реттеу тұтқасы

таңдау тұтқасы

тұтқасы

Кір жуу ұнтағына арналған ұяшық, кір жуу ұнтағымен жіне қоспалармен

толтырылады.

Түс индикаторлары кір жуу бағдарламасының орындалуын қадағалайды.

Егер мерзімін кешіктіру таймері қосылса, индикатор іске қосылуға қалған уақытты

көрсетеді .

СЫҒУ тұтқасы сығу жылдамдығын таңдау үшін, сондай-ақ оны алып тастау үшін

қолданылады.

ҚОСЫМША ФУНКЦИЯЛАР индикаторының түймесі: қолданыстағы қосымша

функцияларды таңдау

үшін басыңыз. Таңдалған қосымша функция индикаторы жанады.

ТЕМПЕРАТУРА реттегіші температураны немесе суық сумен жууды күйге келтіруге

арналған.

ІСКЕ ҚОСУ/ӨШІРУ индикаторының түймесі: кір жуғыш машинаны қосуға жəне

өшіруге арналған.

ІСКЕ ҚОСУ/ТОҚТАТУ индикаторы бағдарламаны іске қосуға немесе қате қосылған

бағдарламаны жоюға арналған.

ІСКЕ ҚОСУ/ЛЮКТІ ТЕЖЕУ индикаторы кір жуғыш машинасы

қосулы кезде

жыпылықтайды жəне егер люк тежелген болса, жыпылықтамай жанып тұрады.

ҚОСУ\ЛЮКТІ ТЕЖЕУ индикаторы: Қосылған индикатор люк тежелгендігін

білдіреді. Оны зақымдап алмас үшін люкті ашпас бұрын индикатор өшкенше күту керек.

! ҚОСУ\ЛЮКТІ ТЕЖЕУ индикаторы басқа кез келген индикатормен бір уақытта жылдам

жыпылықтап тұрса, бұл ақауды білдіреді. Техникалық Қызмет көрсету орталығына

хабарласыңыз.

Машинаны іске қосу. Бағдарламалар

Барабанды ашу жəне жабу

А) АШУ (1-сур).

Сыртқы қақпақты көтеріп, толығымен ашыңыз.

В) Барабанды ашыңыз (Soft opening - Жеңіл ашу).

2-сур. көрсетілген түймені басыңыз, барабанның қақпағы жеңіл ашылады.

С) Кір жуғыш машинаны жүктеу (3-сур)

Д) ЖАБУ (4-сур)

- алдымен алдыңғы есігін, содан соң артқы есігін түсіріп, барабанды толық жабыңыз;

- содан соң алдыңғы есіктің ілгегі артқы есіктің

тиісті орнына кіргеніне көз жеткізіңіз;

- ілгектер ілінген соң, екі есікті де ақырын төмен басып, мықты жабылғанын тексеріңіз.

- ең соңында, сыртқы есігін жабыңыз.

Индикаторлар

Индикаторлар пайдаланушыға маңызды мəліметтерді хабарлайды.

Индикаторлардың мағынасы:

Мерзімін кешіктіріп қосу

Егер «Мерзімін кешіктіру таймері» қосылған болса, бағдарламаны іске қосқан соң

кешіктіру мерзімі берілген сəйкес бағдарлама индикаторы жыпылықтайды.

Уақыт есебі бойынша қалған уақыт көрсетіледі жəне сəйкес индикатор жыпылықтап

тұрады.

Берілген уақыт аяқталған соң, жыпылықтап тұрған индикатор өшіп, жүктелген бағдарлама

қосылады.

Циклдің ағымдағы фазасы:

Кір жуу циклі кезінде индикаторлар бірінен соң бірі жанып, бағдарламаның орындалып

жатқан фазасын көрсетіп тұрады:

алдын ала кір жуу

кір жуу

шаю

сығу

Ескерту: суды төгу кезінде Сығу цикліне сəйкес келетін

индикатор қосылады.

Функцияларды таңдау түймесі

Функцияны таңдағанда сəйкес түйме жанады. Егер таңдалған функция жүктелген

бағдарламаға сай келмесе, сəйкес индикатор жыпылықтайды жəне бұл функция

қосылмайды.

Егер алдыңғы таңдалған функциямен сай келмейтін функция таңдалса, тек соңғы функция

қосылып тұрады.

Кір жууды жекелендіру

Қысқаша нұсқаулықтар: Бағдарламаны іске қосу тəртібі

1.

түймесіне басу арқылы кір жуу машинасын қосыңыз. Барлық индикаторлар

бірнеше секундқа қосылады, содан соң өшеді жəне ҚОСУ/ЛЮК ТЕЖЕЛГЕН

индикаторы жыпылықтай бастайды.

2. Кірді салыңыз да, кір жуу құралдары мен қсоапаларын қосыңыз, машинаның есігін

жабыңыз.

3. БАҒДАРЛАМА тұтқасы арқылы қажетті бағдарламаны таңдаңыз.

4. Кір жуу температурасын белгілеңіз.

5. сығу жылдамдығын

белгілеңіз.

6. ІСКЕ ҚОСУ\КІДІРІС түймесі арқылы бағдарламаны қосыңыз, сəйкес индикатор жасыл

түспен жанады. Жүктелген циклді кері қайтару үшін ІСКЕ ҚОСУ\КІДІРІС түймесін 2

секунд басып тұрыңыз.

7. EDN жазуы қосылу арқылы белгіленеді. Люкті бірден ашуға болады. Егер ІСКЕ

ҚОСУ\ТОҚТАТУ индикаторы жыпылықтап тұрса, циклді аяқтау үшін түймені

басыңыз. Люкті ашыңыз,

кірді шығарып, люкті жартылай ашық қалдырыңыз.

Кір жуғыш машинаны

түймесі арқылы өшіріңіз.

Бағдарламалар кестесі

Кір жуғыш құралдар

Макс.жыл

Темпе-

Макс.жүк

Циклдің

Программалардың сипаттамасы

д.

ратура

теу (кг)

ұзақтығы

(айн/мин)

Алдын

Шайғы

Ағарт-

Жуу

ала жуу

ш

Программалар

қыш

Қарапайым бағдарламалар

1

МАҚТА

: суға жібітіп қою арқылы жуу

90° 1000

z z z

-

5 150’

2

МАҚТА:

қатты кірлеген ақ бұйым

90° 1000

-

z z

z

5 135’

ТҮРЛІ-ТҮСТІ МАҚТА:

қатты кірлемеген ақ жəне нəзік

3

40°

1000

-

z

z

z

5

90’

түрлі-түсті бұйым

СИНЕТЕТИКА

: қатты кірлеген мықты боялған

4

60°

800

-

z

z

z

2,5

105’

түрлі-түсті бұйым

СИНЕТЕТИКА (3)

: қатты кірлемеген мықты боялған

4

40°

800

-

z

z

z

2,5

95’

түрлі-түсті бұйым

Стандартты мақта 60° (1)

: қатты кірлеген ақ жəне

60°

1000

-

z

z

z

5

160‘

мықты боялған түрлі-түсті бұйым

Стандартты мақта 40° (2)

: қатты кірлеген ақ жəне нəзік

40°

1000

-

z

z

z

5

150‘

түрлі-түсті бұйым

7

ЖҮН

: жүн, кашемир жəне т.б. үшін

40° 800 -

z z

-

1 65

8

Стандартты мақта 20°C

20° 1000 -

z z

z

5 180’

Сіз үшін 4 бағдарлама

9

Өте лас, қанық боялған түрлі-түсті кір

60° 1000

-

z z

-

3,5 60’

Қатты ластанбаған, түрлі-түсті кір (жейделер, іш

10

40°

1000

-

z

z

-

3,5

50’

көйлектер)

11

Қатты ластанбаған, түрлі-түсті кір (кез келген киім)

40° 800

-

z z

-

2,5 40’

Экспресс 30’:

қатты кірлемеген киімдерді тез шайып алу

12

үшін (жүннен, жібектен жасалған жəне қолмен жуу қажет

30°

800

-

z

z

-

3

30’

бұйымдарға арналмаған)

Спорт

(макс.

13

Спорттық аяқ киім

30°

600

-

z

z

-

55‘

2 жұп)

1

4

Спорт

30° 600 -

z z

-

2 85

Жеке бағдарламалар

Шаю

- 1000 - -

z

z

5 36

Сығу + Сығусыз суын ағызу

-

1000

-

-

-

-

5

16’

Дисплейде немесе осы кітапшада көрсетілген циклдың мерзімі тек шамамен берілген жəне ол стандартты жұмыс жағдайларына сəйкес

есептеледі. Нақты мерзім су температурасы мен қысымы, қолданылған жуғыш зат мөлшері, салынған кірлердің мөлшері мен түрі, жүктің

теңестірілуі жəне таңдалған кез келген опциялар сияқты ықпалдарға байланысты болады.

1)

Жуу циклын EN 60456 стандартына сəйкес тексеріңіз: жуу циклын 60

°C

температурасымен орнатыңыз.

2)

Жуу циклын EN 60456 стандартына сəйкес тексеріңіз: жуу циклын 40

°C

температурасымен орнатыңыз.

Барлық сынақ мекемелері үшін:

2)

Мақтадан жасалған заттарға арналған ұзақ жуу циклы: жуу циклын 40

°C

температурасымен

орнатыңыз.

3)

Синететика жасалған заттарға арналған ұзақ жуу циклы: 4 жуу циклын 40

°C

температурасымен орнатыңыз.

Ескерту:

- 9-10 бағдарламалар үшін кірдің салмағы 3,5 кг. Аспаған дұрыс

- 14 бағдарлама үшін кірдің салмағы 2 кг. Аспаған дұырс

стандартты мақта 20°C (8 бағдарлама) циклы қатты кірленген мақта жүктемелеріне тамаша

қолайлы. 40°-та жууға салыстыруға болатын төмен температураларда қол жеткізілетін тиімді

өнімділік деңгейлері ауыспалы жылдамдықта қайталанбалы əрі жиі жоғары жүктемемен

орындалатын механикалық əрекеттермен қамтамасыз етіледі.

Экспресс 30’мин кір жуу (Синтетикалық маталарға арналған 12 бағдарлама) қатты

ластанбаған тұрмыстық кір жууға арналған: цикл бар болғаны 30 минут жуылады, бұл

уақытты жəне электр қуатын үнемдеуге мүмкіндік береді. Осы бағдарламаны орнату

арқылы (30 градус температурада 12) кірдің ең көп дегенде 3 кг етіп жүктеп, əртүрлі

маталарды (жүн мен жібекті қоспағанда) бірге жуа аласыз

. Біз бұған сұйық кір жуу

құралын пайдалануды ұсынамыз.

Кір жуу құралдары жəне күр түрі

Температураны таңдау

Температураны күйге келтіру температураны реттегіш арқылы жасаладыБағдарламалар

кестесі» .

Температура ең төменгіге дейін, тіпті суық суға

дейін азайтылуы мүмкін.

Сығу жылдамдығын таңдау.

Таңдалған бағдарламаның сығу жылдамдығын таңдау сығу жылдамдығын реттегіш

арқылы жасалады. Əртүрлі бағдарламаларға əртүрлі сығу жыодамдықтары

қарастырылған.

Бағдарламалар Ең жоғары сығу жылдамдығы

Мақта минутына 1000 айналым

Синтетикалық маталар минутына 800 айналым

Жүн минутына 800 айналым

Жібек сықпайды

Сығу жылдамдығы оны

реттегішін қалпына бұрау арқылы азайтылуы мүмкін немесе

сығу мүлдем алып тасталуы мүмкін.

Машина автоматты түрде ең жоғарғы температурадан асатын температураны таңдауды

болдырмайды.

Функциялары

Машинаның түрлі кір жуу функциялары кіріңізді қажетінше таза жəне ақ болуына

мүмкіндік береді. Функцияларды таңдау тəртібі:

1. төменде келтірілген кестеге сəйкес қажетті функция түймесін басыңыз;

2. тиісті

түймені қосу функция іске қосылғанын білдіреді.

Ескерту: Түйме жиі жыпылықтаса, бұл функция көрсетілген бағдарлама үшін іске қосыла

алмайтынын білдіреді.

Функциялар Қажеттіліктері Пайдалану Бірге жұмыс

істейтін

бағдарламалар

Бағдарламаны 9

Түймені бірнеше рет, тіпті қажетті

барлық

сағ. дейін

кешіктіру индикаторын

бағдарламаларме

мерзімін

қосылғанша басыңыз.

н

Мерзімін

кешіктіріп қосу

Түймені бесінші рет басқанда

кешіктіру

функция өшеді.

таймері

Ескерту: ІСКЕ ҚОСУ\НӨЛДЕУ

түймесін басқан соң мерзімін

кешіктіруді тек азайту жағына

қарай өзгертуге болады

Қатты ластанған

Ағартқышты 4-қосымша

2, 3, 4,

, ,

кірді тазалауға

қондырмаға құйыңыз.

8,

Дақтарды

арналған ағарту

Бұл опция «жеңіл үтіктеу»

шаю

кетіру

циклі

функциясымен бірге

қолданылмайды.

Матаның

1, 2, 3, 4,

,

шешілу, жылдам

Жеңіл үтіктеу

, 8, 9, 10, 11

үтіктелуін

жеңілдетеді

Шаю əсерін

Бұл функцияны машинаны толық

1, 2, 3, 4,

,

арттырады

жүктегенде немесе жуу

Қосымша шаю

, 7, 8, 9, 10,

құралының көп көлемін салғанда

11, 13, 14,

пайдаланған жөн.

шаю

Ескертулер мен алдын алулар

Жуу құралдарын бөлгіш

Кір жуудың жақсы нəтиже беруі жуу құралдарын қосу мөлшеріне де байланысты болады:

оны артық қосу кір жууды тиімді етпейді, керісінше машинаның ішінде қақтың пайда

болуын тудыруы жəне қоршаған ортаны ластауы мүмкін.

Бөлгішті жылжытып шығарыңызда оның бөліктерін жуу құралдарымен

жұмсартқыштармен толтырыңыз:

1-бөлік: алдын ала жууға арналған жуу құралы (ұнтақ)

2-бөлік: кір жууға арналған жуу құралы (ұнтақ немесе сұйықтық)

Кір жууға арналған сұйықтық құрал машинаның қосар алдында құйылады.

3-бөлік: Қоспалар (шайғыш т.б.)

Шайғышты жəшікке құйғанда «мах» деген белгісі бар ең жоғарғы деңгейден асып

кетпеуін қадағалаңыз.

Шайғыш автоматты түрде соңғы

шаю кезінде барабанға құйылады. Бағдарлама аяқталған

соң 3 ұйшықта су қалып қояды. Ол барабанға өте қою шайғыштарды құю үшін керек,

яғни концентрациялық шайғыштарды араластыру үшін қажет. Егер 3 ұяшықта қалыпты

деңгейден артық су қалып қойса, шаюды төгу каналы бітеліп қалғанын білдіреді.

4 ұяшық: Ағарту циклі

Қарапайым ағартқыштар қатты маталар үшін, ал күтіммен жуатын

ағартқыш түрлі-

түсті, синтетикалық жəне жүн маталар үшін қолданылады.

Ағартқышты 4 ұяшықтың ең жоғарғы деңгейіне дейін құймаңыз (сур. қара).

Ағартқышты 4 ұяшыққа, жуу құралы мен шайғышты сəйкес ұяшықтарына салыңыз, содан

соң Шаю

немесе Дақтарды кетіру бағдарламаларының бірін таңдаңыз.

Кірді дайындау

кірді барабанға жүктемес бұрын мұқият жөндеп алыңыз.

- Кірді матасының түріне / этикетіндегі белгісіне қарай

- түсіне қарай: ақ кірден түрлі-түсті кірді бөліп алыңыз

Қалталарынан барлық заттарды алып тастаңыз жəне түймелерінің нық тұрғандығын

тексеріңіз.

Құрғақ кірге арналған барабанды жүктеудің ең жоғарғы нормасынан аспаңыз:

Қатты маталар: 5 кг

.

Синтетикалық маталар 2,5 кг.

Күтіммен жуылатын маталар 2 кг

Жүн 1 кг

Кірдің салмағы

1 ақжайма 400-500 г

1 жастық тыс 150-200 г

1 дастархан 400-500 г

1 банна халаты 900-1200 г

1 сүлгі 150-250 г

Жеке бұйымдарды жуу ерекшеліктері

Жүн\қауырсын: үйрек немесе қаз жүнді кірлерді кір жуғыш машинада жууға болады.

Оларды теріс қаратып алыңыз да салмағы 2-3 кг.

аспайтындай етіп барабанға салыңыз.

Күтіммен жуу режимін пайдаланып, шаюды 1-2 рет қайталаңыз.

Кенеп аяқ киімдерді алдын ала бір тазартып алып, қатты маталармен немесе

джинсалармен бірге жуыңыз, егер түстері сай келсе. Ақ заттармен бірге жумаңыз .

Жүн: Жақсы нəтижеге жету үшін 1 кг аспайтын кір салыңыз жəне жүн заттарды жууға

арналған арнайы сұйық құралдарды пайдаланыңыз

.

! Қолмен жууға арналған кір жуу ұралдарын пайдаланбаңыз. Одан пайда болатын өте көп

көлемдегі көбік кірдің сапасын нашарлатып, кір жуғыш машинаны бұзуы мүмкін.

Қызмет көрсету жəне күтіп ұстау

! Кір жуғыш машина халықаралық қауіпсіздік нормаларына сай жобаланып, жасалған.

Осы сіздің қауіпсіздігіңізді сақтау мақсатында жасалған, алдын алуды мұқият оқып

шығыңыз.

Жалпы қауіпсіздік ережелері

Үйде пайдалану үшін. Бұл бұйым кəсіби түрде пайдалануға арналмаған, тұрмыстық

электр заты болып саналады. Оның функцияларын модификациялауға рұқсат

етілмейді.

Кір жуғыш машинаны осы нұсқаулықта

берілген нұсқамаларды сақтайтын, тек

үлкен адамдар ғана қолдануы тиіс.

Жұмыс істеп тұрған машинаға, қолыңыз немесе аяғыңыз су болса жақындамаңыз;

жалаңаяқ жүріп жабдықты пайдаланбаңыз.

Розеткадан вилканы ажырату үшін қосылып тұрған кабельді тартпаңыз; вилканы

ұстап тартыңыз.

Машина жұмыс істеп тұрғанда жуу құралын бөлгішті ашпаңыз.

Төгіліп жатқан су ұстамаңыз, оның

температурасы жоғары болуы мүмкін.

Машина тоқтап қалған жағдайда, есік үш минуттан соң ғана ашылады. Осы

аралықта есікті ашпаңыз (ал жұмыс істеп тұрғанда мүлдем ашпаңыз): бұл тежеу

механизміне зақым келтіруі мүмкін.

Ақау болған кез келген жағдайда машинаны жөндеу мақсатында оның ішкі жағына

тиіспеңіз.

Балалар кір жуғыш машинаға жақындамауын қадағалаңыз.

Кір жуу кезінде

машинаның есігі ысып кетуі мүмкін.

Егер машинаны жылжыту керек болса, оны екі немесе үш адам болып, болып

жылжытыңыздар. Машинаны жалғыз көтермеңізжабдық өтеу ауыр.

Кір жуғыш машинаға кірді салар алдында, барабанның бос екендігін анықтап

алыңыз.

Қайта өңдеу

Орам материалын жою: орам материалдарын қайта өңдеу бойынша қолданыстағы

талаптарды сақтаңыз.

Ескі кір жуғыш машинаны қайта өңдеу: машинаны ескі-құсқы заттарға өткізер

алдында кабелін кесіп, есігін шешіп алыңыз.

Энергияны үнемдеу жəне қоршаған ортаны қорғау

Экологиялық технология

Жаңа Indezit технологиясымен сіз суды екі есеге аз жаратасыз, ал кір жуу нəтижесі екі

есеге артық болады! Міне сондықтан да сіз есіктен суды

көре алмайсыз: өйткені су өте аз.

Бұл тазалықты қалай отырып, қоршаған ортаға деген қамқорлық. Бұған қоса сіз

уақытыңызды да үнемдейсіз.

Жуу құралдарын, суды, электр қуатын жəне уақытты үнемдеу

Ресурстарды үнемдеу үшін кір жуғыш машинаны барынша көп жүктеген жөн.

Барабаны екі орташа жүктелген циклдің орнына жүретін толық жүктеген жағдайда,

бір

кір жуу циклі 50% электр қуатын үнемдеуге мүмкіндік береді.

Алдын ала жуу циклі өте лас кірлерді жууға арналған. Алдын ала жуу циклі кезінде

ұнтақ та, уақыт та, су да жəне электр қуаты да 5-15% көп жұмсалады.

Егер дақтарды дақ кетіргішпен тазалап алсаңыз немесе кірді алдын ала езіп

о

қойсаңыз, кірді жоғары

температурада жумауға көмектеседі. 60

С кір жуу

о

о

о

бағдарламасын 90

С орнына немесе 40

С-ты 60

С орнына пайдалансаңыз, электр

қуатын 50% үнемдейсіз.

Судың қаттылығына, жуатын кірдің ластығына жəне көлеміне байланысты кір

жуғыш ұнтақты дұрыс мөлшерде салу жуу құралын дұрыс пайдаланбауды жəне

қоршаған ортаны ластауды болдырмайды: дегенмен кір жуу ұнтақтары

биотаратушы болып саналады, олардың құрамында экологияға кері əсер ететін

зиянды заттар бар. Сонымен қатар, мүмкіндігінше шайғыш құралды

пайдаланбауға тырысыңыз.

Кір жуғыш машинаны таңертең немесе кешке пайдалану арқылы электр желісіне

қысымын азайтасыз.

Егер кір автоматты кептіргіште кептірілуі тиіс болса, сығудың жоғарғы

жылдамдығын таңдау керек. Автоматты кептіру кезінде белсенді сығу арқылы

уақытты жəне электр қуатын үнемдейсіз.

Ақаулар жəне оларды жою əдістері

Суды жəне электр қуатын өшіру

Су құбыры кранын əрбір кір жуудан соң жауып жүріңіз. Осылайша кір жуғыш

машинаның су құбыры жүйесінің тозудан қорғауға болады жəне судың ағу

ықтималдығын болдырмайды.

Кір жуу алдында жəне қызмет көрсету алдында вилканы розеткадан шығарыңыз.

Кір жуғыш машинаны күтіп ұстау

Машинаның сыртқы жəне резеңке бөліктерін жұмсақ матамен, жылы сабынды сумен

тазалап отырыңыз. Ерітінді заттарды немесе түрпіні пайдаланбаңыз.

Машинаның есігін жəне барабанды күтіп ұстау

Кір жуып болған соң, барабанда жағымсыз иіс болмауы үшін жəне көгеріп кетпеу

үшін машинаның есігін əрдайым жартылай ашып қойыңыз.

Сорғышты тазалау

Кір жуғыш машинаның өз тазалайтын су төгу сорғышы болады, оны тазалап немесе

ерекше күтіммен ұстау керек. Бірақ кейбір ұсақ заттар (тиындар, түймелер т.б.)

сорғышқа түсіп кетуі мүмкін. Оларды алып тастау үшін сорғышта сүзгіш

орналастырылған, ол панелдің алдыңғы төмен жағында жабық тұрады.

! Кір жуу циклі аяқталғанына көз жеткізіп, жабдықты

желіден ажыратыңыз.

Барабан мен машинаның артындағы заттарды алу:

1. Кір жуғыш машинаның алдыңғы панелін екі қолыңызбен тартып шешіп алыңыз

(сур. қара).

2. Фильтрдің қақпағын сағат тіліне кері қарай бұрап ашыңыз (сур. қара). Сорғыштан

аздап су ағуы мүмкін, бұл қалыпты жағдай.

3. фильтрді ішінен жақсылап тазалап алыңыз.

4. қақпақты кері бұраңыз;

5. алдыңғы панельді орнына қойыңыз, ілмек тиісті тесігіне кіргеніне көз жеткізіңіз.

Су құятын шлангіні тексеру

Шлангіні жылына кемінде бір рет тексеріп тұрыңыз. Су аға бастаған жағдайда немесе

зақымданса, шлангіні ауыстырыңыз. Машина жұмыс істеп тұрғанда су қысымында

тұрған зақымданған шлангі

оқыстан жарылып кетуі мүмкін.

! Бұрын пайдаланылған шлангілерді ешқашан пайдаланбаңыз.

Жуу құралдарын бөлгішті тазалау

Ашу:

Бөлгіштің алдыңғы жағындағы үлкен түймені басып, жоғары тартыңыз (1 сур).

Тазалау:

Бөлгішті ағып тұрған суға ескі тіс щеткасымен жуыңыз (3 сур). 1 жəне 2 бөлгіштің жоғары

жағындағы екі сифонды алып (4 сур), бітеліп қалмағанын тексеріп, жуып алыңыз.

Жинау:

Екі

сифонды арнайы бұрандаға орнатып, бөлгішті сырт етілгенше орнына қойыңыз (4,2,1

сур).

Сервистік қызмет көрсету

Кір жуу нəтижесі сізді қанағаттандырмаса немесе ақаулар пайда болса,

Авторизациялық сервис орталығына бармас бұрын осы бөлімді оқып алыңыз. Көп

жағдайда туындаған проблеманы өзіңіз-ақ шешуге болады.

Табылған ақау:

Ықтимал себептері/Жою əдістері

Кір жуғыш машина

Вилка розеткаға қосылмаған немесе

қосылмайды.

байланыс болмайтындай нашар

қосылған.

Үйде электр қуаты жоқ

Кір жуу циклі қосылмайды.

Машинаның есігі нашар жабылған.

түймесі қосылмаған

ІСКЕ ҚОСУ/ТОҚТАТУ (Start\Reset)

түймесі қосылмаған

Судың келу краны жабық

Кешіктіріп іске қосу бағдарламасы

қосылған .

Су кіру шлангісі кранға қосылмаған

Кір жуғыш машина суды

құймайды.

Шланг қысылып қалған

Су келетін кран жабық

Үйде су жоқ

Су құбырының қысымы жеткіліксіз

ІСКЕ ҚОСУ/ТОҚТАТУ (Start\Reset)

түймесі қосылмаған

Кір

жуғыш машина суды үздіксіз

Су төгетін шлангі еденнен 65 см.

құяды жəне төгеді.

төмен немесе 100 см. жоғары

орналасқан.

Суды төгу шлангісінің соңы суда

жатыр .

Егер суды төгу шлангісі

канализацияға жалғанса, жоғарғы

этаждарға «сифон əсері» болуы мүмкін

машина бір уақытта суды төгеді жəне

құяды. Мұндайды болдырмау үшін

арнайы клапан (антисифон) орнатыңыз.

Кір жуғыш машина суды

Таңдалған бағдарлама суды

төгуді

төкпейді жəне сықпайды.

қарастырмайдыкейбір бағдарламалар

үшін суды төгу бағдарламасын қолмен

қосу керек.

«Суымен тоқтап қалу» қосымша

функциясы қосылып тұр: бағдарламаны

аяқтау үшін ІСКЕ ҚОСУ/ТОҚТАТУ

(Start\Reset) түймесін басыңыз .

Сығу кезінде өте қатты вибрация.

Кір жуғыш машинадан су ағады.

ҚОСУ/ӨШІРУ/сыртқы қақпақты

тежеу индикаторы басқа бір

(кемінде) индикатормен бір

уақытта жыпылықтайды.

Артық көпіршіктердің пайда

болуы.

Суды төгу шлангісі қысылып қалған

немесе бітеліп қалған.

Канализация бітеліп қалған

Кір жуғыш машинаны орнату кезінде

барабан тежеуден дұрыс шығарылмаған .

Кір жуғыш машина түзу тұрған жоқ .

Машина мен қабырға/жиһаз

арасындағы бос орын жеткіліксіз .

Барабандағы кір теңестірілмеген (Кір

жуу құралдары жəне кір

түрін қара)

Су құю шлангі дұрыс қатырылмаған

(шлангінің соңғы жағындағы гайка қатты

тартылмаған жəне төсем дұрыс

орнатылмаған) .

Жуу құралдарын бөлгіш жуу

құралдарының қалдығымен бітелген .

Суды төгу шлангі дұрыс

қатырылмаған.

Авторизациялық сервис орталығына

хабарласыңыз.

Автомат машиналарға арналған жуу

құралдарын пайдаланыңыз

Жуу құралы шамадан артық

қолданылған.

Машинаны тексерген соң машина дұрыс жұмыс істеп тұрмаса, көмек сұрап,

Авторизациялық сервис орталығына хабарласыңыз

Авторизациялық сервис орталығына хабарласар алдында:

Ақауды өзіңіз дұрыстай алмайтыныңызға сенімді болыңыз ;

Машинаны жөндеу үшін бағдарламаны қайта қосыңыз;

Кері жағдайда Авторизациялық сервис орталығына кепілдік құжатында көрсетілген

телефондар бойынша хабарласыңыз.

! Машина дұрыс орнатылмаған жағдайда немесе дұрыс пайдаланылмаса Сервис

орталығының маманы шақырту ақылы.

! Өндірушімен уəкілеттік берілмеген тұлғалардың көмегін пайдаланбаңыз.

195100338.00

02

Авторизациялық сервис орталығына хабарласқанда:

ақау түрін;

кепілдік құжатының нөмірін (сервистік кітапша, сервистік сертификат т.б.)

кір жуғыш машинаның артқы панелінде орналасқан ақпараттық кестеде

көрсетілген машина моделін (мод.) жəне сериялық нөмірін (S/N) айтыңыз

/

2012 -

X

erox Fabriano

Оглавление