Indesit KJ1G217: Орнату

Орнату: Indesit KJ1G217

background image

47

KZ

!

 Жаңа құрылғыны іске қоспас бұрын нұсқаулық 

кітапшасын мұқият оқып шығыңыз. Мұнда 

құрылғыны қауіпсіз орнату және оны пайдалану 

туралы маңызды ақпараттар қамтылған.

!

 Келешекте анықтама ретінде қарау үшін пайдалану 

нұсқаулығын сақтап қойыңыз. Құрылғы сатылса, 

біреуге берілсе немесе жылжытылса, нұсқаулар 

онымен бірге болатынын қамтамасыз етіңіз.

!

 Құрылғыны нұсқауларға сәйкес арнайы біліктілігі 

бар маман орнатуға тиіс. 

!

 Кез келген түрде реттеу немесе қызмет көрсету 

қажет болса, оны плитаны токтан ажыратқаннан 

кейін орындау керек.

Бөлменің желдетілуі

Ағымдағы мемлекеттік заңдарға сәйкес құрылғыны 

тек үздіксіз желдетілетін бөлмелерге орнату қажет. 

Құрылғы орнатылған бөлме тиісті түрде желдетілуі тиіс, 

яғни әдеттегі газ жану процессіне қажетті ауа мөлшері 

қамтамасыз етілуі керек (ауа ағыны орнатылған қуаттың 

әрбір кВт-на 2 м

3

/сағ. мәнінен аз болмауы тиіс). 

Торлармен қорғалған ауа кіретін саңылауларда ішкі 

көлденең қимасы кем дегенде 100 см

2

 түтік болуы қажет 

және олар тіпті жартылай жабылып қалмайтындай 

орналасқан болуы тиіс (

A суретін қараңыз

). 

Плита беті жалынның өшіп қалуына қарсы 

сақтандырғышпен жабдықталмаған болса, бұл кіріс 

саңылауларын 100%-ға кеңейту қажет, яғни көлденең 

қимасы кем дегенде 200 см

2

 болуы тиіс. Ауа ағыны 

ғимараттың ортақ бөліктері, өрт қаупі жоғары аймақтар 

немесе жататын бөлмелерді қоспағанда, жақындағы 

бөлмелерден жанама түрде берілетін болса (

B суретін 

қараңыз

), кіріс саңылауларына жоғарыда айтылғандай 

сыртқа шығаратын желдету түтіктерін орнату керек.

          B

!

 Құрылғыны ұзақ уақыт пайдаланғаннан кейін 

терезені ашу немесе қолданылатын кез келген 

желдеткіштердің жылдамдығын арттыру жөн. 

Жану түтіндерін шығару

Қауіпсіз әрі тиімді әдеттегі мұршаға қосылған 

қалқаның немесе құрылғы қосылған кезде 

автоматты түрде қосылатын электр желдеткіштің 

көмегімен жану түтіндерін шығару қамтамасыз етілуі 

керек (

суретті қараңыз

).

!

 Сұйытылған газдар ауадан ауыр болады және 

еденде жиналады, сондықтан сұйытылған газ 

баллондары қойылған барлық бөлмелерде 

баллоннан шыққан газ оңай шығып кетуі үшін сыртқа 

шығатын тесіктер болуы тиіс. 

Сол себепті, сұйытылған газ баллондары, жартылай 

немесе толық болса да, жер деңгейінен төмен 

бөлмелерде не сақтау аумақтарында (төле және 

т.б.) орнатылмауы немесе сақталмауы тиіс. Тек

қолданыстағы баллон бөлмеде сақталуы керек; ал 

оны баллонның температурасын 50°C-тан

жоғары көтеріп жіберуі мүмкін қызу көздерінен

(пештер, мұршалар, каминдер) алшақ жерде ұстау 

қажет.

Орналастыру және түзулеу

!

 Құрылғыны биіктігі плитаның биіктігінен аспайтын 

шкафтардың қасына орнатуға болады. 

!

 Құрылғының артқы жағына тиіп тұратын қабырға 

жанғыш емес, қызуға төзімді материалдан (T 90°C) 

жасалғанына көз жеткізіңіз. 

Құрылғыны дұрыс орнату үшін: 

•  Оны ас үйге, залға немесе тұрғын үйге қойыңыз 

(ваннаға қоймаңыз).

•  Плита шкафтардан биік болса, құрылғыны олардан 

кем дегенде 200 мм қашық орнату қажет.

•  Плита қабырғаға ілінетін шкафтың астына 

орнатылса, осы шкаф пен плита үстінің арасында 

кем дегенде 420 мм аралық болуы тиіс. 

  Қабырғаға ілінетін шкафтар жанғыш материалдан 

жасалған болса, бұл аралықты 700 мм-ге дейін 

жеткізу керек (

суретті қараңыз

). 

A

Түтіндер мұрша немесе тағам 

пісіру құрылғыларына арналған 

тармақты түтін шығару жүйесі 

арқылы шығарылады) 

Орнату

Жапсарлас 

бөлме

Желдетуді қажет 

ететін бөлме 

Жануға қажетті ауаға 

арналған желдету тесігі

Есік пен еден арасындағы 

аралықты үлкейту

Түтіндер тікелей 

сыртқа шығарылады 

background image

48

KZ

•  Плита артына 

немесе оның шеттеріне 

200 мм-ден жақын 

жерге перде ілмеңіз.

•  Қалқалар 

қатысты пайдалану 

нұсқаулығындағы 

нұсқауларға сәйкес 

орнатылуы тиіс. 

Түзулеу

Құрылғыны түзулеу қажет 

болса, плита түбінің әрбір 

бұрышындағы орындарына 

реттелетін аяқтарын бұраңыз 

(

суретті қараңыз

).

Аяқтар плита түбінің астынғы 

жағындағы тесіктерге 

кигізіледі.

Токқа жалғау

Құрылғының негізгі деректер кестесінде көрсетілген 

жүктемеге сәйкес стандартты штепсельдік ұшты 

орнатыңыз (

Техникалық деректер кестесін қараңыз

). 

Құрылғы тікелей электр желісіне құрылғы мен электр желісі 

арасында орнатылған 3 мм ашық кішкене байланыс бар 

бірнеше каналды айырып-қосқыш арқылы қосылуы қажет. 

Айырып-қосқыш көрсетілген жүктемеге лайықты және NFC 

15-100 стандартына сәйкес болуы қажет (жерге қосылған 

сымды айырып-қосқыш ажыратпауы тиіс). Электр кабелін 

кез келген нүктесі 50°C-тан жоғары температурамен 

байланыспайтындай етіп орналастыру қажет. 

Құрылғыны токқа қоспастан бұрын төмендегілерді 

тексеріңіз:

•   Құрылғы жерге қосылған және штепсельдік ұш заңға 

сәйкес болып табылады.

•   Розетка негізгі деректер кестесінде көрсетілген 

құрылғының ең жоғарғы күшіне төзімді.

•   Кернеу деректер кестесінде көрсетілген мән 

аралығы аумағында болады.

•   Розетка құрылғының штепсельдік ұшына сәйкес келеді. 

Розетка штепсельдік ұшқа сәйкес болмаса, өкілетті 

маманнан оны ауыстырып беруді өтініңіз. Бірнеше 

розеткалар мен ұзартқыш сымдарын пайдаланбаңыз.

* Тек белгілі модельдерде болады

!

 Құрылғы орнатылғаннан кейін электр кабелі мен 

розетка жақын жерде болуы қажет.

!

 Кабель иілмеуі немесе қысылмауы қажет.

!

 Кабель жиі тексеріліп, тек өкілетті маманның 

көмегімен ғана алмастырылуы тиіс.

!

Осы қауіпсіздік шаралары сақталмаған жағдайда 

өндіруші жауапкершілікті өз мойнына алудан бас 

тартады.

Газды жалғау

Ағымдағы ұлттық заңдарға сәйкес және берілетін 

газ түрімен құрылғы жұмыс істей алатынына көз 

жеткізгеннен кейін газ желісіне немесе газ баллонына 

майысқақ резеңке не болат түтікпен қосылуға болады 

(қақпақтағы сипаттама жапсырмасын қараңыз:  олай 

болмаса, 

төмендегі мәтінді қараңыз

). Баллоннан 

сұйық газды пайдаланғанда, ағымдағы ұлттық 

заңнамаларға сәйкес келетін қысым реттегішін 

орнатыңыз. Қосылымды жеңілдету үшін газ түтігін 

шетке қарай бұру керек*: түтік тұтқышын қақпаққа 

қарама-қарсы қойыңыз және құрылғымен бірге 

берілетін аралық қабатты орнына қойыңыз. 

!

 Газ беру қысымы Оттық пен форсункалар 

сипаттарының кестесінде көрсетілген мәндерге 

сәйкес келетінін тексеріңіз (

төмендегі мәтінді 

қараңыз

). Бұл құрылғының қауіпсіз жұмыс істеуін 

және төзімділігін қамтамасыз ете отырып, қуаттың 

тиімді жұмсалуына мүмкіндік береді. 

Майысқақ резеңке түтікпен газды жалғау

Түтік ағымдағы ұлттық заңдарға сәйкес келетініне 

көз жеткізіңіз. Түтіктің ішкі диаметрі мынадай болуы 

тиіс: сұйық газ беру үшін 8 мм; метан газын беру 

үшін 13 мм. 

Қосылым жасалғаннан кейін түтікке байланысты 

келесі жағдайлардың орындалуына көз жеткізіңіз:

•   Температурасы 50°C-тан асатын ешбір бөлшекке 

тимейді.

•   Оған ешбір тарту немесе бұрау күштері 

әсер етпейді және ол бұралмаған не 

майыстырылмаған. 

•   Жүздерге, үшкір бұрыштарға немесе қозғалмалы 

бөлшектерге тимейді және қысылмаған.

•   Жағдайын тексеру үшін бүкіл ұзындығы бойынша 

оңай қарап шығуға болады.

•   1500 мм-ден қысқа.

•   Ағымдағы заңдарға сәйкес келетін қысқыштармен 

екі жағынан да мықтап бекітілген. 

background image

49

KZ

3. Оттық жанып тұрғанда тұтқа позициясын бірнеше мәрте 

ең төменгіден ең жоғарыға және қарама-қарсы жылдам 

ауыстырып, жалын өшіп қалмайтынын тексеріңіз. 

!

 Плита оттықтары үшін негізгі ауаны реттеу қажет емес.

Пешті баптандыру

Пештің оттығының форсункасын ауыстыру: 

1. Пеш бөлігін шешіп алыңыз.

2. «А» қорғаушы тақтасын 

сырғытып шығарып алыңыз

(

сызбаны қараңыз

).

3. «V» бұрандаларын 

босатқаннан кейін пеш 

оттығын шешіп алыңыз 

(

суретті қараңыз

). 

Пеш есігін шешіп алсаңыз, 

бұл әрекеттерді орындау 

жеңілірек болады.

4. Форсунканы арнайы 

форсунка кеспелтек кілтімен 

(

суретті қараңыз

) немесе 7 

мм кеспелтек кілтімен бұрап 

шешіп алыңыз және оны жаңа 

газ түріне сәйкес келетін жаңа 

форсункамен ауыстырыңыз 

(

қараңыз Оттық пен 

форсункалар сипаттарының кестесі

).

Газ пешінің оттығының ең төмен параметрін реттеу: 

1. Оттықты жағыңыз (

«Қосу және пайдалану» бөлімін 

қараңыз

). 

2. Тұтқаны ең жоғарғы позицияда (Ең жоғары) шамамен 

10 минут ұстағаннан кейін ең төменгі позицияға (Ең төмен) 

бұрыңыз.

3. Тұтқаны алып тастаңыз.

4. Термостат шегесінің сыртқы жағындағы реттеу 

бұрандаларын (

суретті қараңыз

) жалын кіші бірақ 

тұрақты болғанша қатайтыңыз немесе босатыңыз. 

!

 Құрылғы сұйық газға жалғанған болса, реттеу 

бұрандасы мүмкін болғанша мықты бекітілуі керек.

!

 Осы жағдайлардың бірі немесе бірнешесі 

орындалмаса не плитаны 2-сынып, 1-ішкі сынып 

құрылғыларына (екі шкаф арасына орнатылатын) 

қолданылатын жағдайларға сәйкес орнату қажет 

болса, резеңке түтік орнына майысқақ болат түтік 

қолданылуы қажет (

төмендегі мәтінді қараңыз

).

Майысқақ буынсыз тот баспайтын болаттан 

жасалған түтікті оймасы бар жалғауға қосу

Түтік пен қысқыштар ағымдағы ұлттық заңдарға 

сәйкес келетініне көз жеткізіңіз.

Түтікті пайдалана бастау үшін құрылғыдағы түтік 

тұтқышын шешіп алыңыз (құрылғыдағы газ беру кіріс 

тесігі цилиндр пішіміндегі оймалы 1/2 газдық еркек 

жалғау болып табылады).

!

 Түтік қысылмағанын және қозғалмалы бөліктерге 

тимейтінін қамтамасыз ете отырып, оның ұзындығы 

ең көбі 2 м-ден аспайтындай қылып қосыңыз.

Қосылым газ жібермейтінін тексеру

Орнату аяқталғаннан кейін, сабынды сумен түтік 

фитингтерінде тесіктердің бар не жоқ екенін 

тексеріңіз. Ешқашанда алауды қолданушы болмаңыз.

Газ түрлеріне сәйкестендіру

Құрылғыны әдепкі газ түрінен (ол қақпақтағы 

сипаттама жапсырмасында көрсетілген) басқа түрге 

сәйкестендіруге болады.

Плитаны сәйкестендіру

Плита оттықтарының форсункаларын ауыстыру:

1. Плита торларын алып, оттықтарды тіректерінен 

сырғытып шығарыңыз.

2. Форсункаларды 7 мм гайка 

кілтімен (

суретті қараңыз

босатып, шығарып алыңыз 

да, газдың басқа түріне 

арналған форсункалармен 

алмастырыңыз(

Оттық пен 

форсункалар сипаттарының 

кестесін қараңыз

).

3. Барлық құрамдас бөліктерді жоғарыдағы нұсқауларды 

керісінше орындау арқылы алмастырыңыз. 

Плита оттықтарының ең төменгі параметрін реттеу: 

1. Тұтқаны ең төменгі позицияға бұрыңыз.

2. Тұтқа шешіп алып, тұтқа шегесінің ішінде немесе 

оның жанында орналасқан реттеу бұрандасын 

жалын кіші бірақ тұрақты болғанша реттеңіз.

!

 Құрылғы сұйық газ көзіне жалғанған болса, реттеу 

бұрандасы мүмкін болғанша мықты бекітілуі керек.

A

V

background image

50

KZ

5. Тұтқаны «Ең жоғары» позициядан «Ең төмен» 

позицияға тез бұрыңыз немесе пеш есігін ашып, 

жабыңыз, бірақ оттық өшіп қалмайтынына көз 

жеткізіңіз.

Пешті алғаш рет қолданбас бұрын «Күтім және 

техникалық қызмет көрсету» бөлімінде берілген 

нұсқауларға сәйкес оны тазалап алған жөн.

S S

R

A

Оттық пен форсункалар сипаттарының кестесі

15°C және 1013 мбарр жағдайында –  

құрғақ газ

** 

Пропан 

P.C.S. = 50,37 МДж/кг

*** 

Бутан   

P.C.S. = 49,47 МДж/кг

Табиғи  

P.C.S. = 37,78 МДж/м

3

K 1G2/R

K 1G20/R

KJ1G21/R

KJ1G217/RU

KJ1G2/R

ТЕХНИКАЛЫҚ ДЕРЕКТЕР

Пеш өлшемдері 

(БхЕхТ)

34x39x38 см

Көлемі

50 л

Пеш бөлігіне 

қатысты пайдалы 

өлшемдер

ені 42 см 

тереңдігі 44 см 

биіктігі 17 см 

Ток кернеуі мен 

жиілігі

деректер кестесін қараңыз

Оттықтар

қайырма ішінде немесе пеш 

бөлігін ашқанда пештің ішіндегі 

сол жақ қабырғада орналасқан 

деректер кестесінде көрсетілген 

кез келген газ түрімен қолдану 

үшін баптандыруға болады

ЕҚ Директивалары: 12.12.2006 

жылғы 2006/95/EC (төмен 

кернеу) және кейінгі өзгертулері 

– 15.12.04 жылғы 2004/108/EC 

(Электромагнитті үйлесімділік) 

және кейінгі өзгертулері – 

30.11.2009 жылғы 2009/142/EC 

(Газ) және кейінгі өзгертулер 

– 22.07.1993 жылғы 93/68/

EEC және кейінгі өзгертулері – 

2002/96/EC.

1275/2008 (Күту/өшірулі режим)

1-кесте

Сұйық газ

Табиғи газ

Оттық

Диаметр 

(мм)

Жылу қуаты, кВт (p.c.s.*)

Айналып 

өту 1/100

Форсунка 

1/100

Ағым* г/сағ Форсунка 

1/100

Ағым* 

л/сағ

Форсунка 

1/100

Ағым* 

л/сағ

Номиналды Азайтылған

(мм)

(мм)

***

**

(мм)

(мм)

Жылдам 

(үлкен)(R)

100

3.00

0.7

41

86

218

214

116

286

143

286

Жартылай 

жылдам 

(орташа)(S)

75

1.90

0.4

30

70

138

136

106

181

118

181

Қосымша 

(кіші)(A)

55

1.00

0.4

30

50

73

71

79

80

80

95

Пеш

-

2.00

1.0

54

68

145

143

107

114

114

183

Жеткізу 

қысымдары

Номиналды (мбар)

Ең төмен (мбар)

Ең жоғары (мбар)

28- 30

20

35

37

25

45

20

17

25

13

6,5

18