Indesit DFP 27B1 A EU: Шаюға көмекші зат және тазаланған тұз
Шаюға көмекші зат және тазаланған тұз: Indesit DFP 27B1 A EU

58
KZ
M
A
X
Шаюға көмекші зат және тазаланған тұз
Ыдыс жуу машиналарына арналып жасалған
өнімдерді ғана қолданыңыз.
Ас тұзын, өндіріс тұзын немесе қолмен ыдыс жууға
арналған сұйықтықты пайдаланбаңыз.
Орамада берілген нұсқауларды орындаңыз.
Бірнеше функциясы бар өнімді қолданатын болсаңыз,
ешбір шаюға көмекші затты пайдаланудың қажеті жоқ.
Дегенмен, тұз қосқанды жөн санаймыз, әсіресе суы қатты
немесе өте қатты жерде тұратын болсаңыз.
(Орамада
берілген нұсқауларды орындаңыз).
Тұз немесе шаюға көмекші затты қоспасаңыз, ТҰЗ АЗ*
және ШАЮҒА КӨМЕКШІ ЗАТ АЗ* индикатор шамдары
жанып тұра береді.
Шаюға көмекші затты өлшеу
Шаюға көмекші зат ыдыс-аяқты кебуін жеңілдетеді, себебі
су беттерінен жылдамырақ ағып кетеді және сондықтан
сызықтар немесе дақтар қалдырмайды. Шаюға көмекші зат
диспенсері мына жағдайларда толтырылуы тиіс:
• Басқару тақтасындағы ШАЮҒА КӨМЕКШІ ЗАТ АЗ
индикатор шамы* жанған кезде 1-2 циклға жететіндей
шаюға көмекші зат қоры әлі де болады;
1. Қақпақтағы тетікті басып, тарту арқылы «D» диспенсерін
ашыңыз;
2. Толтыратын жердің ең жоғарғы белгісіне дейін шаюға
көмекші затпен абайлап толтырыңыз - төгіп алмаңыз. Бұл
орын алса, төгілген сұйықтықты құрғақ шүберекпен дереу
сүртіп алыңыз.
3. Жабу үшін қақпақты «тық» еткенше басыңыз.
Шаюға көмекші затты құрылғының ішіне тікелей
ЕШҚАШАН құюшы болмаңыз.
Шаюға көмекші зат параметрі
Кептіру нәтижесіне толығымен қанағат болмасаңыз, шаюға
көмекші заттың мөлшерін реттеуіңізге болады.
ҚОСУ/ӨШІРУ
түймесімен ыдыс жуу машинасын қосып, өшіріңіз. Бастау/
тоқтата тұру түймесін 3 рет басыңыз; құрылғыны ҚОСУ/
ӨШІРУ түймесінің көмегімен қосып, реттеу мәзіріне кіріңіз –
шаюға көмекші заттың индикатор шамы жанады
(зауыттық
деңгейге орнатылған).
Шаюға көмекші зат беру деңгейін ЖУУ ЦИКЛЫН ТАҢДАУ
тұтқасының көмегімен реттеңіз. Әрбір жуу циклы үшін шаюға
көмекші зат деңгейі бар (0-ден ең көбі 4-ке дейін).
Параметрді сақтау үшін ҚОСУ/ӨШІРУ түймесін басыңыз.
Шаюға көмекші зат деңгейі НӨЛ (ЭКО) болып орнатылса,
шаюға көмекші зат қосылмайды. Шаюға көмекші зат таусылса,
ШАЮҒА КӨМЕКШІ ЗАТ АЗ индикатор шамы жанбайды.
• Ыдыс-аяқта сызықтар бар болса, төменірек санға
орнатыңыз (1-2).
• Ыдыс-аяқта су тамшылары немесе қақ дақтары болса,
жоғары санды орнатыңыз (3-4).
Судың қаттылығын орнату
Әрбір ыдыс жуу машинасы, дәл осы құрылғы түріне арналған
тазаланған тұзды пайдалана отырып ыдыс-аяқты жуу
үшін пайдаланылатын қақсыз суды қамтамасыз ететін су
жұмсартқышымен жабдықталады.
Бұл ыдыс жуу машинасында қоршаған ортаны ластауды
азайтуға көмектесетін параметр бар және ол мекеніңіздегі
судың қаттылығының деңгейіне сәйкес жуу өнімділігін
оңтайландырады. Бұл ақпаратты жергілікті су жеткізушіден
сұраңыз.
-
ҚОСУ/ӨШІРУ
түймесімен ыдыс жуу машинасын қосып,
өшіріңіз. Бастау/тоқтата тұру түймесін басып, 3 секунд ұстап
тұрыңыз; құрылғыны ҚОСУ/ӨШІРУ түймесінің көмегімен
қосып, реттеу мәзіріне кіріңіз – тұздың индикатор шамы
жанады.
-ЖУУ ЦИКЛЫН ТАҢДАУ тұтқасының көмегімен қажетті
деңгейді (1-ден ең көбі 5-ке
*
дейін).
(су жұмсартқышы орташа деңгейге орнатылған).
Параметрді сақтау үшін ҚОСУ/ӨШІРУ түймесін басыңыз.
Тіпті бірнеше функциясы бар таблеткаларды қолдансаңыз
да, тұз диспенсерін толтырыңыз.
(°dH = Герман дәрежелерінде өлшенген қаттылық - °f =
Франсуз дәрежелерінде өлшенген қаттылық – ммоль/л = бір
литрдегі миллимоль)
Тазаланған тұзды өлшеу
Жуу циклын қолдануда барынша жақсы нәтижеге қол жеткізу
үшін, тұз диспенсері ешқашан бос болмайтынын қамтамасыз
етіңіз. Тазаланған тұз суды қақтан тазалайды, осылайды
ыдыс-аяқта тұнбалардың пайда болуына жол бермейді.
Тұз диспенсері ыдыс жуу машинасының төменгі бөлігінде
орналасқан
(«Сипаттама» бөлімін қараңыз) және мына
жағдайларда толтырылуы тиіс:
• Жасыл қалтқы* тұз диспенсерінің үстінен жай ғана
қарағанда көрінбейтін кезде;
• ШАЮҒА КӨМЕКШІ ЗАТ АЗ индикатор шамы басқару
тақтасында жанған кезде *;
1. Төменгі тартпаны шығарып алып, қақпақты бұрап шығарып
алыңыз (сағат тіліне қарсы бағытта).
2. Мұны бірінші рет орындаған кезде: су
ыдысын шетіне дейін толтырыңыз.
3. Шұңғыманы қойып*
(суретті қараңыз)
,
тұз диспенсерін шетіне дейін толтырыңыз
(шамамен 1 кг). Аз мөлшерде судың ағуы
қалыпты жағдай.
4. Шұңғыманы алып тастап*, тесіктен тұз
қалдықтарын сүртіп алыңыз; қақпақты су ағыны астында
шайыңыз да, қақпақтың (жасыл қалтқысы бар қақпақ*) төменгі
жағындағы (жұлдыз пішініндегі) төрт кетіктен су ағып кетуі
үшін, бетін төмен қаратып бұраңыз.
Диспенсерге тұз қосқан сайын бұл процедураны
орындаған жөн.
Жуу циклы барысында контейнерге жуғыш зат кіріп
кетпейтіндей қақпақ мықтап жабылғанына көз жеткізіңіз
(әйтпесе, су жұмсартқышы жөндеуге келмейтіндей бұзылуы
мүмкін).
Қажет кезде, жуу циклынан бұрын тұзды өлшеп алыңыз,
солайша тұз диспенсерінен шыққан кез келген тұз ерітіндісі
жойылады.
*
Тек кейбір үлгілерде бар.
Су қаттылығының кестесі
Тұз диспенсерінің
сыйымдылығының
орташа мерзімі**
деңгей
°dH
°fH
ммоль/л
ай
1
0 - 6
0 - 10
0 - 1
7 ай
2 6 - 11 11 - 20
1,1 - 2
5 ай
3
12 - 17 21 - 30
2,1 - 3
3 ай
4
17 - 34 31 - 60
3,1 - 6
2 ай
5
*
34 - 50 61 - 90
6,1 - 9
2/3 апта
0°f мен 10°f аралығындағы мәндер үшін тұзды қолдану
ұсынылмайды.
*
«5» параметрі цикл мерзімін ұзартуы мүмкін.
**
күніне 1 жуу циклы.

KZ
59
Күтім көрсету және техникалық қызмет көрсету
Су мен токты өшіру
• Су ағып кетпеуі үшін әрбір жуу циклынан кейін су шүмегін
жауып отырыңыз.
• Құрылғыны тазалаған кезде және техникалық қызмет
көрсету жұмыстарын орындаған кезде оны токтан
ажыратыңыз.
Ыдыс жуу машинасын тазалау
• Құрылғының сыртқы беттері мен басқару тақтасын сумен
ылғалданған, абразивті емес шүберекпен тазалауға
болады. Еріткіштер немесе абразивті ерітінділер
қолдануға болмайды.
• Құрылғының ішіндегі кез келген салтақ іздерді сумен және
аздап сіркемен ылғалданған шүберекпен кетіруге болады.
Жағымсыз иістердің алдын алу
• Құрылғының іші дымқылданып кетпеуі үшін оның есігін
әрдайым біраз ашып ұстаңыз.
• Есік айналасындағы бекіткіштер мен жуғыш зат
диспенсерлерін мерзімді түрде ылғал губкамен тазалап
отырыңыз. Мұның нәтижесінде бекіткіштерде тамақ тұрып
қалмайды, ал бұл жағдай жағымсыз иістердің пайда
болуының негізгі себебі.
Тозаңдатқыш өзекшелерді тазалау
Тамақ қалдықтары тозаңдатқыш өзекшелердің бетіне қатып
қалып, су шашатын тесіктерді бітеуі мүмкін. Сондықтан,
өзекшелерді мерзімді түрде тексеріп, металсыз щеткамен
тазаланып тұрғаны жөн.
Екі тозаңдатқыш өзекшені де шығарып алуға болады.
Жоғарғы тозаңдатқыш өзекшені
шығарып алу үшін пластмассадан
жасалған құлыптау сақинасын
сағат тіліне қарсы бағытта
бұраңыз. Жоғарғы тозаңдатқыш
өзекшені тесіктері көбірек жағын
жоғары қаратып қайтадан орнына
қою керек.
Төменгі тозаңдатқыш өзекшені
бүйірлердегі шығыңқы жерлерді
басып, оны жоғары қарай тарту
арқылы шығарып алуға болады.
Судың кіріс сүзгісін тазалау*
Су түтіктері жаңа немесе ұзақ уақыт бойы қолданылмаған
болса, жалғамас бұрын олар арқылы су өткізіп, таза әрі ішінде
қалдықтар жоқ екеніне көз жеткізіңіз. Бұл сақтық шарасы
орындалмаса, судың кіріс бітеліп, ыдыс жуу машинасы
зақымдалуы мүмкін.
Шүмек жағындағы судың кіріс сүзгісін мерзімді түрде
тазалап отырыңыз.
- Су шүмегін жабыңыз.
- Судың кіріс түтігінің шетін босатып алыңыз, одан кейін сүзгіні
алып, оны су ағыны астында жақсылап тазалаңыз.
- Сүзгіні орнына қойып, су түтігін орнына бұраңыз.
Сүзгілерді тазалау
Сүзгі жинағы суды тамақ қалдықтарын тазалайтын және
одан кейін суды қайта айналдыратын үш сүзгіден тұрады.
Әрбір жууда ең жақсы нәтижеге қол жеткізгіңіз келсе, оларды
тазалау керек.
Сүзгілерді мерзімді түрде тазалап отырыңыз.
Ыдыс жуу машинасын сүзгісіз немесе сүзгі босап кеткен
кезде пайдалануға болмайды.
• Бірнеше рет жуғаннан кейін, сүзгі жинағын тексеріңіз
және қажет болса оны металсыз щеткамен әрі төмендегі
нұсқауларды орындай отырып, су ағыны астында жақсылап
тазалаңыз:
1.
Цилиндрлік
C
сүзгісін сағат тіліне қарсы бағытта бұраңыз
да, суырып алыңыз
(1-сурет).
2.
Шыныаяқ
B
сүзгісін жиектері аздап басу арқылы шығарып
алыңыз
(2-сурет);
3.
Тот баспайтын болат тілімше
A
сүзгісін суырып алыңыз.
(3-сурет).
4.
Тұзақты қарап шығыңыз да, кез келген тамақ қалдықтарынан
тазартыңыз. Жуу циклы сорғысының қорғау құралын (қара
түсті зат)
ЕШҚАШАН АЛУШЫ БОЛМАҢЫЗ
(4-сурет).
Сүзгілерді тазалағаннан кейін, сүзгі жинағын орнына қойып,
оны дұрыстап бекітіңіз; бұл ыдыс жуу машинасының тиімді
жұмысы үшін өте маңызды.
Машинаны ұзақ уақыт пайдаланбауға
қалдыру
• Құрылғыны токтан ағытып, су шүмегін жабыңыз.
• Құрылғы есігін сәл ашық қалдырыңыз.
• Қайтып келген кезде, ыдыс жуу машинасын бос ұстап жуу
циклын іске қосыңыз.
*
Тек кейбір үлгілерде бар.
Оглавление
- Scheda prodotto
- Precauzioni e consigli
- Installazione e Assistenza
- Descrizionedell’apparecchio
- Caricare i cesti
- Avvio e utilizzo
- Programmi
- Programmi speciali ed Opzioni
- Brillantante e sale rigenerante
- Manutenzione e cura
- Anomalie e rimedi
- Operating instructions
- Product fiche
- Precautions, advice and Assistance
- Installation
- Description of the appliance
- Loading the racks
- Start-up and use
- Wash cycles
- Special wash cycles and Options
- Rinse aid and refined salt
- Care and maintenance
- Troubleshooting
- Руководство по эксплуатации
- Предосторожности и рекомендации
- Установка
- Описание изделия
- Загрузите корзины
- Запуск и эксплуатация
- Программы
- Ополаскиватель и регенерирующая соль
- Техническое обслуживание и уход
- Неисправности и методы их устранения
- Сервисное обслуживание
- Пайдалану нұсқаулығы
- Сақтық шаралары мен кеңес
- Орнату - Көмек
- Көмек
- Құрылғы сипаттамасы
- Тартпаларды жүктеу
- Қосу және пайдалану
- Жуу циклдары
- Арнайы жуу циклдары мен опциялары
- Шаюға көмекші зат және тазаланған тұз
- Ақаулықтарды жою