Scarlett SC-MC410S03: www.scarlett.ru 30 SC-MC410S03
www.scarlett.ru 30 SC-MC410S03 : Scarlett SC-MC410S03
IM012
www.scarlett.ru 30 SC-MC410S03
• Дене, жүйке не болмаса ақыл-ой кемістігі бар, немесе осы құрылғыны қауіпсіз пайдалану үшін тәжірибесі
мен білімі жеткіліксіз адамдардың (соның ішінде балалардың) қауіпсіздігі үшін жауап беретін адам
қадағаламаса немесе құрылғыны пайдалану бойынша нұсқау бермесе, олардың бұл құрылғыны
қолдануына болмайды.
• Балалар құрылғымен ойнамауы үшін оларды үнемі қадағалап отыру керек.
• Тоққа қосылған аспапты бақылаусыз қалдырмаңыз.
• Жеткізілім жинағына кірмейтін керек-жарақтарды пайдалануға болмайды.
• Құрылғыны бүлінген қорек сымымен және (немесе) ашасымен бірге пайдалануға болмайды. Қатерден
сақтану үшін бүлінген қорек сымын уәкілетті сервис орталығында ауыстырту керек.
• Аспапты және қорек сымын суға немесе басқа сұйық заттарға малмаңыз. Егер ондай жағдай орын алса,
құрылғыны электр желісінен ажыратыңыз да, оны қайтадан пайдаланбас бұрын, аспаптың жұмысы мен
қауіпсіздігін білікті мамандарға тексертіп алыңыз.
• Қорек сымының өткір ұштар мен ыстық беткі қабаттарға тимеуін қадағалаңыз.
• Қорек сымынан тартпаңыз, оны шиыршықтамаңыз және құрылғыны айналдырып орамаңыз.
• Көп тағамдық қасқанды тек тамақ пісіру үшін ғана пайдаланыңыз. Ешқашан оның ішінде киім, қағаз
немесе басқа заттарды кептірмеңіз.
• Көп тағамдық қасқанның кәстрөлі бос болғанда тоққа қоспаңыз.
• Көп тағамдық қасқанды кәстрөлсіз пайдаланбаңыз.
• Азық-түлікті көп тағамдық қасқанның түбіне тікелей қоймаңыз, ол үшін кәстрөлді қолданыңыз.
• Кәстрөлдің орнына басқа ыдыс қолданбаңыз.
• Кәстрөлге сызат түсіруі мүмкін металл заттарды пайдаланбаңыз.
• Кәстрөлдің беткі қабатына жалатылған жабын біртіндеп үйкелуі мүмкін, сондықтан оны абайлап
пайдалану керек.
• Тамақ дайындау рецептеріне сүйеніңіз.
• Аспаптың қысқа тұйықталуына және бұзылуына жол бермеу үшін желдеткіш саңылауларға су ағуына жол
бермеңіз.
• Ұзартқыш сым қолданған жағдайда, кабельдің ең үлкен шекті қуатының көп тағамдық қасқанның қуатына
сәйкес келетініне көз жеткізіңіз.
• Ескерту! Жұмыс істеп тұрғанда аспап қатты қызып кетеді! Көп тағамдық қасқан жұмыс істеп тұрғанда, оны
ұстау қажет болса, ас үйге арналған қолғап киіңіз немесе ұстағышты пайдаланыңыз.
• Бетіңіз бен қолыңызды саңылаудан шығатын будан сақтаңыз.
• Бұйымның бу шығатын саңылауына немесе кез келген басқа бөлшектеріне металл немесе басқа
заттарды сұқпаңыз.
• Көп тағамдық қасқанның қақпағын сүлгімен немесе басқа заттармен жаппаңыз.
• Егер бұйым біршама уақыт 0ºC-тан төмен температурада тұрса, іске қосар алдында оны кем дегенде 2
сағат бөлме температурасында ұстау керек.
• Өндіруші бұйымның қауіпсіздігіне, жұмыс өнімділігі мен жұмыс мүмкіндіктеріне түбегейлі әсер етпейтін
болмашы өзгерістерді оның құрылмасына қосымша ескертпестен енгізу құқығын өзінде қалдырады.
ОРНАТУ
• Көп тағамдық қасқанның ішінде орауыш материалдар мен бөгде заттардың жоқ екенін тексеріңіз.
• Тасымалдау кезінде төмендегілердің бүлінбегенін тексеріңіз: қақпақ; корпус; қосымша керек-жарақтар;
алмалы кәстрөл. Кез келген ақаулық анықталған жағдайда аспапты тоққа қоспаңыз; сатушыға немесе
сервис орталығына хабарласыңыз. Аспапты құрғақ, біртегіс әрі ыстыққа төзімді беткі қабатқа орнатыңыз.
• Аспапты жанғыш материалдардың, жарылғыш заттардың және өздігінен тұтанғыш газдардың жанында
орнатпаңыз. Аспапты газ немесе электр пештерінің, сондай-ақ басқа жылу көздерінің қасына қоймаңыз.
• Аспапты қабырғаға немесе жиһазға тым жақын жерде орналастырмаңыз.
• Көп тағамдық қасқанның үстіне ештеңе қоймаңыз. Желдеткіш саңылауларды бітеп тастамаңыз.
• Көп тағамдық қасқанды шкафтың ішіне орналастыруға болмайды. Аспаптың қалыпты жұмыс істеуі үшін
ауа еркін айналатын бос кеңістікті қамтамасыз ету қажет: кем дегенде: үстінен 20 см, артқы панелі
жағынан 10 см және екі бүйірінен кем дегенде 5 см. Алғаш рет пайдаланар алдында алмалы кәстрөлді, бу
қасқан сауытты, өлшер тостақты, қасықты, көп тағамдық қасқанның ішкі және сыртқы бөліктерін таза
дымқыл шүберекпен сүртіңіз.
• Кәстрөлдің ішінде жарма мен судың мөлшері көрсетілген шартты шәкіл көрсетілген: оң жақта – күріш
салынған тостақ саны; сол жақта – судың литрмен өлшенген мөлшері. Пісірілетін жарманың ең үлкен
мөлшері - 10 тостақ және 1,8 л сұйықтық.
ЖҰМЫСЫ
• Ең бірінші кезекте шараны, қыздырғыштың беткі қабатын және көп тағамдық қасқанның ішкі жағының беткі
қабатын сүртіңіз.
• Шараға су құйып, азық-түлікті салыңыз. Азық-түлікті көп тағамдық қасқанның шарасының 3/5 көлемінен
асырмай салыңыз. Ыстық суда бөрте алатын (күріш, құрғақ көкөніс) немесе көбік түзетін азық-түлікті
пісірген кезде, кәстрөлдің көлемінің жартысынан асыра толтыруға болмайды. Бұл орайда азық-түлік пен
судың жалпы көлемі шараның толық көлемінің кем дегенде 1/5 бөлігіндей болуға тиіс.
• Шараны көп тағамдық қасқанның ішіне қойыңыз.
• Қақпағын сырт еткенше жабыңыз.
• Көп тағамдық қасқанды электр желісіне жалғаңыз. Бейнебетте 88:88 көрінеді.
• Көп тағамдық қасқанның 20 тамақ дайындау бағдарламасы бар:
Оглавление
- GB INSTRUCTION MANUAL
- www.scarlett.ru 5 SC-MC410S03
- www.scarlett.ru 6 SC-MC410S03
- www.scarlett.ru 7 SC-MC410S03
- www.scarlett.ru 8 SC-MC410S03
- www.scarlett.ru 9 SC-MC410S03
- www.scarlett.ru 10 SC-MC410S03
- www.scarlett.ru 11 SC-MC410S03
- www.scarlett.ru 12 SC-MC410S03
- www.scarlett.ru 13 SC-MC410S03
- www.scarlett.ru 14 SC-MC410S03
- www.scarlett.ru 15 SC-MC410S03
- www.scarlett.ru 16 SC-MC410S03
- www.scarlett.ru 17 SC-MC410S03
- www.scarlett.ru 18 SC-MC410S03
- www.scarlett.ru 19 SC-MC410S03
- www.scarlett.ru 20 SC-MC410S03
- www.scarlett.ru 21 SC-MC410S03
- www.scarlett.ru 22 SC-MC410S03
- www.scarlett.ru 23 SC-MC410S03
- www.scarlett.ru 24 SC-MC410S03
- www.scarlett.ru 25 SC-MC410S03
- www.scarlett.ru 26 SC-MC410S03
- www.scarlett.ru 27 SC-MC410S03
- www.scarlett.ru 28 SC-MC410S03
- www.scarlett.ru 29 SC-MC410S03
- www.scarlett.ru 30 SC-MC410S03
- www.scarlett.ru 31 SC-MC410S03
- www.scarlett.ru 32 SC-MC410S03
- www.scarlett.ru 33 SC-MC410S03
- www.scarlett.ru 34 SC-MC410S03