Scarlett SC-219: KZ ПАЙДАЛАНУ ЖӚНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚ
KZ ПАЙДАЛАНУ ЖӚНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚ : Scarlett SC-219
IM010
www.scarlett.ru SC-219
33
KZ ПАЙДАЛАНУ ЖӚНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚ
ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ
Аспапты пайдаланған кезде бұзып алмас үшін оны пайдаланар алдында осы нұсқаулықты зейін салып оқып
шығыңыз. Дұрыс пайдаланбау аспаптың бұзылуына әкеліп соғуы мүмкін.
Тек тұрмыстық мақсаттарда ғана пайдалану керек. Аспап ӛнеркәсіптік және сауда-саттық мақсатына
қолдануға арналмаған.
Таразының ұрылып-соғылуына жол бермеңіз.
Таразының үстінде секірмеңіз.
Таразыға артық салмақ түсірмеңіз.
Медициналық қондырымдары (имплантаттары, мысалы, жүрек ырғағы стимуляторлары) бар адамдардың
таразыны пайдалануына тыйым салынады. Пайдаланған жағдайда қондырымдардың жұмысында іркіліс
орын алуы мүмкін.
Жүктілік кезінде пайдалануға болмайды.
Назар аударыңыз! Егер аяғыңыз немесе таразының беткі қабаты дымқыл болса, оның үстіне шықпаңыз –
тайып кетуіңіз мүмкін!
Ас қорыту жолына түсіп кетсе, батареялар ӛмірге қатер тӛндіруі мүмкін.
Батареяларды балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз. Батареяны жұтып қойған адам дереу дәрігерге
кӛрінуге тиіс.
Орауыш материалдың балалардың қолына түсуіне жол бермеңіз (тұншығып қалу қатері бар).
Батареяларды зарядтауға немесе басқа тәсілдермен қалпына келтіруге, оларды бӛлшектеуге, отқа тастауға
тыйым салынады.
10 жасқа толмаған балалардың майлы тіндерінің пайыздық құрамын және басқа параметрлерін айқындаған
кезде дәйексіз, дұрыс емес нәтижелер алынуы мүмкін.
Диагностикалық таразыны кез келген жастағы балалардың денесіндегі судың, майлы тіндердің және
бұлшық ет массасының параметрлерін айқындамастан, әдеттегідей ӛлшену үшін пайдалануға болады. Ең
кіші ӛлшену параметрлері – 2 кг.
Судың, майлы тіндердің және бұлшық ет массасының параметрлерін айқындаудағы дұрыс емес нәтижелер
кәсіпқой спортшыларда, ісінуге бейім адамдарда, дене тұрқына қатысты аяғының мӛлшерлері қалыптан тыс
адамдарда болуы мүмкін.
Егер бұйым біршама уақыт 0ºC-тан тӛмен температурада тұрса, іске қосар алдында оны кем дегенде 2
сағат бӛлме температурасында ұстау керек.
Ӛндіруші бұйымның қауіпсіздігіне, жұмыс ӛнімділігі мен жұмыс мүмкіндіктеріне түбегейлі әсер етпейтін
болмашы ӛзгерістерді оның құрылмасына қосымша ескертпестен енгізу құқығын ӛзінде қалдырады.
ӚЛШЕНУ
ЖҰМЫСЫ
Осы таразы биоэлектрлік қарсыласуды (B.I.A.) талдау қағидасы бойынша жұмыс істейді. Бұл орайда түрлі
тіндердің пайыздық құрамын айқындау адам сезбейтін, қауіпсіз әрі зиян келтірмейтін электр тоғының
кӛмегімен небары бірнеше секундта іске асады.
Ӛлшену кезінде мынаны ескерудің маңызы зор: майлы тіннің пайыздық құрамын тек жалаңаяқ тұрып ӛлшеу
керек; табанды сәл сулаған дұрыс. Табан мүлде құрғақ болса, бұл қанағаттанарлықсыз нәтиже алынуына
себеп болуы мүмкін, ӛйткені табанның электрлік ӛткізгіштігі тым тӛмен.
Егер майдың, бұлшық ет тінінің, сүйек массасының және судың пайыздық арақатынасын ӛлшеген кезде,
барлық құрамдастардың сомасы 100%-дан артық болып шықса, бұл таразының ақаулығы емес. Бұл
құбылысты физиологиялық тұрғыдан түсіндіруге болады. Диагностикалық таразының жұмысы
биоимпеданстық талдауға негізделген, ол бұлшық ет пен сүйек тіндерінің ӛздерінің де құрамында болатын
май мен судың мӛлшерін анықтайды. Сондықтан, алынған нәтижелерді қоспастан, түрлі кӛрсеткіштердің
ӛзгеру динамикасын әр кӛрсеткіш бойынша бӛлек қарастырған дұрыс.
ӚЛШЕНУ
Таразының жайпақ тегіс жазық жерде тұрғанына кӛз жеткізіңіз. Таразыны кілемнің немесе жұмсақ заттардың
үстіне қоймаңыз.
Салмақты дәл айқындау үшін таразының үнемі бір жерде тұрғаны дұрыс. Таразының орнын ауыстырған
кезде оны тегіс емес жерге қоюыңыз ықтимал, ал бұл салмақтың дәл кӛрсетілуіне әсер етуі мүмкін.
Салмақты дәл айқындау үшін үнемі бір уақытта, киіміңіз бен аяқ киіміңізді шешіп, тамақтанардан бұрын
ӛлшену керек.
Салмақты барынша дәл айқындау үшін ұйқыдан тұрғаннан кейін 2 сағат ӛтпей тұрып салмақты ӛлшемеген
жӛн.
Таразының үстіне шығыңыз. Ештеңеге сүйенбей, тік тұрыңыз.
ЖҰМЫСТЫ БАСТАУ
Полярлығын дәл келтіре отырып, таразының астыңғы панеліндегі арнайы ұяшыққа AAA тұрпатты тӛрт
батареяны салыңыз. Ұяшықты жабыңыз. Таразы жұмысқа дайын.
IM010
www.scarlett.ru SC-219
34
Таразы әдепкі бойынша «стоун» ӛлшем бірлігіне бапталған. Таразының артқы қабырғасында ажыратқыш
бар, оның кӛмегімен Сіз ӛлшем бірлігі ретінде «килограмм» немесе «фунт» мәнін таңдай аласыз.
Таразыны іске қосу үшін оның үстіне шығыңыз.
Бейнебетте «0.0» белгісі жанғанша бірнеше секунд күтіңіз.
АВТОМАТТЫ ТҮРДЕ СӚНУ
Егер таразыны іске қосқаннан кейін 20 секунд ішінде ешқандай іс-әрекет жасалмаса, таразы автоматты
түрде сӛнеді.
Ӛлшенгеннен кейін үстінде жүгі жоқ таразы 6 секундтан кейін автоматты түрде сӛнеді.
ПАЙДАЛАНУШЫ ДЕРЕКТЕРІН ЛАЙЫҚТАУ
Талдау жасау үшін ең әуелі ӛзіңіздің параметрлеріңізді енгізу керек.
SET түймешігін басыңыз, сонда бейнебетте тоғыз жады ұяшығының біріншісі (USER0) кӛрсетіледі. Келесі
параметрлерді орнатуға болады:
Бейнебеттегі
кӛрсеткіштер
Мәні
Ер адам
Әйел адам
CM(FT;In)
Бойы
Age
Жасы
FAT
Май
TBW
Су
MUS
Бұлшық ет массасы
BONE
Сүйектің салмағы
%
Пайыздық арақатынасы
«Жоғары» немесе «тӛмен» түймешіктерін басу арқылы тиісті мәндерді орнатуыңызға болады. Әр мәннің
енгізілгенін SET түймешігін басу арқылы растау керек.
ЖЕКЕ ДЕРЕКТЕРДІ ЕНГІЗУ
SET түймешігін басыңыз. Бейнебетте бос жады ӛрісі – пайдаланушының нӛмірі, мысалы USER 01
жарықтанады. Таңдауыңызды SET түймешігін басу арқылы растаңыз немесе түймешіктерін басу арқылы
келесі бос пайдаланушының бос нӛмірін, мысалы, USER 02 таңдаңыз. Одан кейінгі параметрлерге ӛту үшін
SET түймешігін басыңыз.
Одан кейін «ер адам» немесе «әйел» белгішесі жарықтанады. Таңдауыңызды SET түймешігін басу
арқылы растаңыз немесе түймешіктерін басу арқылы ӛз жынысыңызды таңдаңыз.
Келесі параметрлерге ӛту үшін SET түймешігін басыңыз.
Жасыңыз (age) бен бойыңыздың (cm) параметрлерін де осылайша орнатыңыз.
Әрбір параметрді растау үшін SET түймешігін басыңыз.
Соңғы параметр (бой, cm) расталғаннан кейін бейнебетте 0,0 KG кӛрсеткіші мен пайдаланушы нӛмірі,
мысалы, USER 2 жарықтанады. Ӛлшенуді бастаңыз. Ӛлшенген кезде кӛрсеткіш тұрақтануы үшін қимылсыз
тұрыңыз.
Ескерту: ӛлшенген кезде екі аяқтың, балтырдың, сирақтың және санның арасы бір біріне тиіп тұрмауға тиіс.
Олай болмаған жағдайда ӛлшеуді тиісті түрде іске асыру мүмкін емес.
Әуелі бейнебетте сіздің салмағыңыз кӛрсетіледі, содан кейін бірнеше секунд ӛткенде сіз кезек-кезек
бейнеленетін тӛмендегі ақпаратты кӛресіз:
Бейнебеттегі
кӛрсеткіштер
Мәні
FAT
Май
TBW
Су
MUS
Бұлшық ет массасы
BONE
Сүйектің салмағы
%
Пайыздық арақатынасы
Деректер сіздің қазіргі сәтте қандай күйде екеніңізді айтады (кестені қараңыз)
IM010
www.scarlett.ru SC-219
35
БЕЙНЕБЕТТЕГІ ХАБАРЛАМАЛАР
ЕСКЕРТУ: Егер бейнебетте қате туралы хабар кӛрсетілсе, аспап сӛнгенше күте тұрыңыз. Операцияны
жаңадан бастау үшін оны қайтадан іске қосыңыз. Егер қате туралы хабар жоғалып кетпесе, батареялар
ұяшығынан батареяларды 10 секундқа шығарыңыз да, содан кейін қайтадан салып, аспапты іске қосыңыз.
Индикаторлар
Мәні
8888
Пайдаланушыны және жеке параметрлерді таңдау.
оооо
Ӛлшенгеннен кейін кӛрсеткіштерді талдау.
----
- Таразының орналасуы дұрыс емес. Таразыны
жазық, қатты беткі қабатқа қайта орнатыңыз.
- Сіз таразыда аяқкиіміңізді шешпей тұрсыз.
Аяқкиіміңізді шешіңіз де, таразыға тұрыңыз.
LO
Батареялардың қуаты таусылғанының кӛрсеткіші.
Батареялардың қуаты таусылған, оларды
жаңасымен ауыстырыңыз.
ErrH
Майдың жоғары пайызының (%) кӛрсеткіші. Майдың
пайыздық құрамы тым жоғары. Ұсыныстамалар:
нәрлілігі тӛмен диетаны ұстанып, спортпен кӛбірек
айналысу керек, және ӛз денсаулығыңызға кӛбірек
кӛңіл бӛлуіңіз қажет.
Errl
Майдың тӛмен пайызының (%) кӛрсеткіші. Майдың
пайыздық құрамы тым тӛмен. Ұсыныстамалар:
нәрлілігі кӛбірек диетаны ұстанып, ӛз
денсаулығыңызға кӛбірек кӛңіл бӛлуіңіз керек.
EEEE
Асқын жүк түскенінің кӛрсеткіші. Салмақ ӛлшенуге
рұқсат етілген ең үлкен салмақтан асады. Таразыны
бұзып алмас үшін платформадан түсіңіз.
ТАЗАЛАУ ЖӘНЕ КҮТІП ҰСТАУ
Таразыны жуғыш затқа шыланған жұмсақ шүберекпен сүртіп, құрғатыңыз.
Органикалық еріткіштерді, жеміргіш химиялық заттарды және түрпілі құралдарды қолдануға
болмайды.
САҚТАЛУЫ
ТАЗАЛАУ ЖӘНЕ КҮТІП ҰСТАУ тарауындағы талаптарды орындаңыз.
Сақтау барысында таразының үстінде ешқандай заттардың болмауын қадағалаңыз.
Таразыны құрғақ әрі салқын жерде сақтаңыз.
Жас
Әйелдер
Ерлер
Май
Су
Body fat
Май
Май
Дисплей
≤30
4.0-20.5
66.0-54.7
4.0-15.5
66.0-58.1
Май
жеткіліксіз
-
20.6-25.0
54.6-57.6
15.6-20.0
58.0-55.0
Қалыпты
0
25.1-30.5
51.5-47.8
20.1-24.5
54.9-51.9
Май шамадан
артық
+
30.6-50.0
47.7-34.4
24.6-50.0
51.8-34.4
Семіздік
++
>30
4.0-25.0
66.0-51.6
4.0-19.5
66.0-55.4
Май
жеткіліксіз
-
25.1-30.0
51.5-48.1
19.6-24.0
55.3-52.3
Қалыпты
0
30.1-35.0
48.0-44.7
24.1-28.5
52.2-49.2
Май шамадан
артық
+
30.1-50.0
44.6-34.4
28.6-50.0
49.1-34.4
Семіздік
++
Оглавление
- GB BATHROOM SCALE ........................................................................................... 3 RUS НАПОЛЬНЫЕ ВЕСЫ ......................................................................................... 6 CZ OSOBNÍ VÁHY ................................................................................................... 9 BG ПОДОВИ ВЕЗНИ ............................................................................................... 12 UA ПІДЛОГОВІ ВАГИ .............................................................................................. 15 SCG ВАГА .................................................................................................................. 18 EST VANNITOAKAAL ................................................................................................ 21 LV GRĪDAS SVARI .................................................................................................. 24 LT GRINDINĖS SVARSTYKLĖS .............................................................................. 27 H PADLÓMÉRLEG ................................................................................................ 30 KZ ЕДЕНҮСТІ ЖЕЛДЕТКІШ .................................................................................... 33 SL OSOBNÁ VÁHA .................................................................................................. 36
- GB INSTRUCTION MANUAL
- RUS РУКОВОДСТВО ПО ЭКСПЛУАТАЦИИ
- CZ NÁVOD NA POUŢITÍ
- BG РЪКОВОДСТВО ЗА ЕКСПЛОАТАЦИЯ
- UA ІНСТРУКЦІЯ З ЕКСПЛУАТАЦІЇ
- SCG УПУТСТВО ЗА УПОТРЕБУ
- EST KASUTUSJUHEND
- LV LIETOŠANAS INSTRUKCIJA
- LT VARTOTOJO INSTRUKCIJA
- H HASZNÁLATI ÚTMUTATÓ
- KZ ПАЙДАЛАНУ ЖӚНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚ
- SL NÁVOD NA POUŢÍVANIE