Canon PowerShot SX150 IS Silver: ҚАЗАҚША

ҚАЗАҚША: Canon PowerShot SX150 IS Silver

Жұмыстың басы

Толық ақпаратты «DIGITAL CAMERA Manuals Disk»

дискісіне жазылған пайдаланушы нұсқаулығынан

қараңыз.

Жұмысты бастамас бұрын, осы Нұсқаулықты, соның ішінде «Сақтық

шаралары» тарауын міндетті түрде оқып шығыңыз.

Осы нұсқаулық көмегімен камераны дұрыс пайдалану жолын

үйренесіз.

Нұсқаулықты кейін қолдана алу үшін, сенімді орында сақтап

қойыңыз.

ҚАЗАҚША

Жинақтың толық екенін тексеру

Жеткізілген камера жинағында төмендегі заттардың бар екенін тексеріңіз.

Қандай да бір бөлігі жоқ болған жағдайда, камераны сатып алған жерге

хабарласыңыз.

Камера AA мөлшерлі сілті

Білекке тағылатын

батареялары (x2)

бау WS-800

IFC-400PCU интерфейс кабелі

DIGITAL CAMERA Solution Disk ықшам дискі

Кепілдік жүйесінің жинақшасыЖұмыстың басы

(осы Нұсқаулық)

Нұсқаулықтарды пайдалану

Сонымен қатар, «DIGITAL CAMERA Manuals Disk» ықшам

дискісіндегі нұсқаулықтарды қараңыз.

[Руководство пользователя камеры/

Камераның пайдаланушы нұсқаулығы]

Негізгі амалдарды үйренгеннен кейін, күрделі

фотосуреттерді түсіруге арналған камераның

көптеген функциялармен танысуға көшіңіз.

[Руководство по программному обеспечению/

Бағдарламалық жасақтама нұсқауы]

Жинақпен берілген бағдарламалық құралды пайдалану үшін,

алдымен осы нұсқаулықты оқып алыңыз.

Жад картасы жинаққа кірмейді (8-бет).

PDF пішіміндегі нұсқаулықтарды көру үшін Adobe Reader

бағдарламасы қажет. Word пішіміндегі нұсқаулықтарды көру үшін

(тек Орталық Шығыс елдері үшін қажет) Microsoft Word/Word Viewer

бағдарламасын орнатуға болады.

2

Ең алдымен мынаны оқыңыз

Суреттің дұрыс түсірілетінін тексеру үшін, бірнеше сынақ суретін

түсіріп, қарап көріңіз. Canon Inc. компаниясы, оның еншілес

компаниялары, сондай-ақ таратушылары камераның немесе оның

қосалқы құралдарының (соның ішінде жад картасының) ақауы

əсерінен суретке түсіру сапасы нашарлауы немесе кескіндерді құрал

арналып жасалмаған жолмен түсіру нəтижесінде болған шығындар

үшін жауап бермейді.

Берілген камерамен түсірілген кескіндер тек жеке мақсаттарда

пайдалануға арналған. Авторлық құқық иесінің алдын ала берілген

рұқсатынсыз авторлық құқықпен қорғалған кескіндерді түсірмеңіз.

Кейбір жағдайларда камерамен немесе басқа суретке түсіру

құрылғысымен қойылымдардың немесе көрмелердің суреттерін

көшіру, сонымен қатар коммерциялық мақсаттағы нысандарды түсіру

авторлық құқықты жəне жеке пайдалану мақсатымен түсірілген болса

да, заңмен белгіленген басқа да құқықтарды бұзушылық болып

есептелуі мүмкін.

Камераның кепілдігіне қатысты шарттарды жинаққа кіретін Canon

кепілдік талонынан қараңыз. Canon тұтынушыларын қолдау

қызметінің мекенжайларын Canon кепілдік талонынан қараңыз.

Сұйық кристалды монитор жоғары прецизия технологияларының

көмегімен жасалады. Пикселдердің 99,99% шамасынан артығы

техникалық талаптарға сəйкес жұмыс жасайды, бірақ кейде жұмыс

жасамайтын пикселдер ашық немесе қара нүктелер түрінде көрсетілуі

мүмкін. Бұл ақау болып табылмайды жəне түсірілетін суретке

ешқандай əсерін тигізбейді.

Тасымалдау барысында сырылып қалмауы үшін, СК-мониторды жұқа

пластик үлдірмен жауып қоюға болады. Ондай жағдайда камераны

қолдану үшін, үлдірді алып тастау керек.

Камераны ұзақ уақыт пайдаланғанда абай болыңыз - корпусы қызып

кетуі мүмкін. Бұл ақаулық болып табылмайды.

CANON INC.

30-2, Shimomaruko 3-chome, Ohta-ku, Tokyo 146-8501, Japan

CANON EUROPA N.V.

Bovenkerkerweg 59-61, 1185 XB Amstelveen, The Netherlands

3

Сақтық шаралары

Камераны пайдалану алдында міндетті түрде төменде берілген қауіпсіздік техникасының

ережелерін оқып шығыңыз. Камераны дұрыс қолдану ережелері қатаң сақталу керек.

Келесі беттерде қарастырылатын сақтық шаралары Сізді жəне басқа адамдарды

жарақаттанудан, ал құрылғыңызды зақымданудан қорғайды.

Сонымен қатар, міндетті түрде қолданылатын барлық қосалқы құралдардың

жинаққа кіретін нұсқаулықтарын оқып шығыңыз.

Ауыр жарақат алу, тіпті өліп кету қаупі бар

Абайлаңыз!

екенін көрсетеді.

Жарқылдақты адамдардың көздеріне жақын қашықтықта пайдалануға болмайды.

Жарқылдақтан шығатын қарқындылығы жоғары жарық əсері көру қабілетінің

нашарлауына апаруы мүмкін. Əсіресе, балаларды түсіргенде, арақашықтық

1 метрден кем болмау керек.

Құрылғыны балалар мен жасөспірімдердің қолы жетпейтін жерде сақтау керек.

Бау: бала мойнына тағып алса, қылғынып қалуы мүмкін.

Тек ұсынылған қуат көзін пайдаланыңыз.

Құрылғыны бөлшектеуге, өзгертуге немесе қыздыруға болмайды.

Құрылғыны құлатып немесе соғып алмаңыз.

Құрылғы құлап қалса немесе басқаша зақымдалса, қауіпсіздік мақсатында

оның ішкі бөлшектерін ұстамаңыз.

Құрылғыдан түтін шығып тұрса, бөтен иіс шықса немесе дұрыс істемесе,

оны пайдаланбаңыз.

Өнімді спирт, бензин немесе бояу еріткіші сияқты органикалық

еріткіштермен тазалауға болмайды.

Құрылғыға су (мысалы, теңіз суы) немесе басқа сұйықтық тимеу керек.

Камераның ішіне сұйықтық немесе бөтен заттар кіріп кетпесін.

Ток соғу немесе өрт шығу қаупі бар.

Камераның ішіне сұйықтық немесе бөтен заттар кіріп кетсе, оны дереу өшіріп, қуат

элементтерін

шығарыңыз.

Тек ұсынылған аккумуляторларды/қуат элементтерін қолданыңыз.

Аккумуляторларды/қуат элементтерін ашық оттың жанында қалдырмаңыз

жəне отқа тастамаңыз.

Жарылыс орын алуы немесе аккумуляторлардан/қуат элементтерінен электролит ағып, ток

соғуы немесе өрт шығуы мүмкін. Бұл өз кезегінде жарақат алу жəне қоршаған ортаның

зақымдануына себеп болуы мүмкін. Аккумуляторлардан/қуат элементтерінен ағып шыққаннан

электролит көзге, ауызға, теріге немесе киімге тисе, дереу сумен шайып тастаңыз.

Пайдалануға тыйым салынған жерлерде камераны өшіріп қойыңыз.

Камера шығаратын электромагниттік толқындар электрондық құралдар немесе

басқа құрылғылардың жұмысына кедергі келтіруі мүмкін. Электрондық

құрылғыларды пайдалануға тыйым салынған же рлерде, мысалы, ұшақтар мен

медициналық мекемелерде қажетті қауіпсіздік шалаларын сақтаңыз.

Жинақпен берілген ықшам дискіні (немесе дискілерді) деректер жазылған

ықшам дискілерді ойнату функциясын қолдамайтын ойнатқышта ойнатуға

əрекет жасамаңыз.

Бұл ықшам дискілерді музыка ықшам-дискілерінің ойнатқыштарында ойнатқанда,

құлақаспаптардан шығатын қатты дыбыстар есту қабілетін зақымдауы мүмкін.

Бұған қоса, ол динамиктердің зақымдануына себеп болуы мүмкін.

4

Сақтық шаралары

Жарақаттану қаупі бар екенін көрсетеді.

Ескерту

Камераны бауынан ұстау кезінде сақ болыңыз. Камераға соққы тиюін, қатты

механикалық күш салынуын немесе сілкінуін жəне бауына басқа заттардың

ілініп қалуын болдырмаңыз.

Камераны соғып алмаңыз жəне объективті қатты баспаңыз.

Жарақат алу немесе камераны бұзып алу қаупі бар.

Суретке түсіргенде, жарқылдақты саусақтармен немесе киіммен жауып қалмаңыз.

Күйік орын алуы немесе жарқылдақ зақымдануы мүмкін.

Құрылғыны мына жерлерде қолдануға, қалдыруға жəне сақтауға болмайды:

- тікелей күн сəулесінің астында;

- температура 40 °C шамасынан асатын жерлерде;

- ылғалды немесе шаңды жерлерде.

Əйтпесе, аккумуляторлар/қуат элементтері қызып кетуі, атылуы немесе олардан

электролит ағуы жəне соның нəтижесінде ток соғуы, өрт шығуы, күйіктер пайда

болуы немесе басқа жарақат алынуы мүмкін.

Ұзақ қараса, кадрлардың слайд-шоу түрінде ауысу əсері дискомфорт

туғызуы мүмкін.

Құрылғыны зақымдау қаупі бар екенін білдіреді.

Ескерту

Камераны жарқын жарық көздеріне (мысалы, ашық күні күнге) қаратпаңыз.

Əйтпесе, кескін сенсоры зақымдалуы мүмкін.

Камераны жағажайда немесе желді жерлерде қолданғанда, оның ішіне шаң

немесе құм кіріп кетпеуін қадағалаңыз.

Құрылғының жұмысында ақау пайда болуы мүмкін.

Əдеттегідей пайдаланылғанда, жарқылдақтан аздап түтін шығуы мүмкін.

Түтін жарқылдақтың жоғары қарқындылығымен оның линзасына түскен шаң жəне басқа

бөтен заттар жанғаннан болады. Жарқылдақ қызып кетпеуі немесе зақымдалмауы үшін,

оған түскен кір, шаң жəне басқа бөтен заттарды мақта таяқшасымен тазалап отырыңыз.

Камера қолданылмаған кезде, аккумуляторларын/қуат элементтерін

шығарып, бөлек қойыңыз.

Аккумуляторлар/қуат элементтері камераның ішінде қалса, электролит ағып,

камераны зақымдауы мүмкін.

Аккумуляторларды/қуат элементтерін тастамас бұрын, клеммаларын

таспамен немесе басқа оқшаулау материалымен жауып қойыңыз.

Металдан жасалған басқа заттармен үйкессе, өрт шығуы немесе жарылыс орын

алуы мүмкін.

Бір уақытта əртүрлі аккумуляторларды зарядтауға

немесе ескі қуат

элементтерін жаңаларымен бірге пайдалануға болмайды.

Аккумуляторларды/қуат элементтерін полярлықты (+ жəнеклеммаларын)

кері қаратып салмаңыз.

Құрылғының жұмысында ақау пайда болуы мүмкін.

5

Шартты белгілер

Қалтаңызда камера болса, отырмаңыз.

Камера зақымдалуы немесе экраны бұзылуы мүмкін.

Камераны дорбаға салғанда, ондағы қатты заттар камераның экранына

тимей тұру керек.

Камераға қатты заттар тақпаңыз.

Камера зақымдалуы немесе экраны бұзылуы мүмкін.

Шартты белгілер

Камераның түймелері мен дискілері мəтінде белгілермен көрсетіледі.

Экранда көрсетілетін мəтін жақшаға алынады [] (төртбұрышты жақша).

Бағыттау түймелері, басқару дөңгелегі жəне FUNC./SET түймелері

келесі белгілермен көрсетіледі.

FUNC./SET түймесі

«Жоғары» түймесі

«Солға» түймесі

«Оңға» түймесі

«Төменге» түймесі

Басқару дөңгелегі

: Абайлаңыз!

: Ақаулықтарды жою бойынша ұсыныстар

: Камераның мүмкіндіктерін толығымен пайдалану бойынша кеңестер

: Қосымша ақпарат

(xx-бет): Бетке сілтеме («xx» — беттің нөмірін көрсетеді)

Бұл Нұсқаулықта барлық функциялар үшін əдепкі зауыттық мəндер

орнатылған деп қарастырылады.

Бұл нұсқаулықта осы камерада пайдалануға болатын түрлі жад

карталары үшін ортақ «жад картасы» термині қолданылады.

6

Мазмұны

Жинақтың толық екенін тексеру..........................................................................2

Ең алдымен мынаны оқыңыз .............................................................................. 3

Сақтық шаралары ................................................................................................ 4

Шартты белгілер .................................................................................................. 6

Бауды бекіту/камераны дұрыс ұстау жолы ........................................................ 7

Қолдауы бар жад карталары (бөлек сатылады)................................................ 8

Қуат элементтерін жəне жад картасын орнату .................................................. 8

Күнді жəне уақытты орнату ...............................................................................12

Тілді орнату ........................................................................................................14

Жад карталарын пішімдеу.................................................................................15

Ысырманы түсіру түймесін басу .......................................................................16

Фотосуреттер түсіру (Smart Auto) .....................................................................17

Кескіндерді көру ................................................................................................. 21

Кескіндерді жою.................................................................................................. 22

Кескіндерді қалыпты режимде түсіру немесе көру..........................................23

Бейне фильмдерді түсіру .................................................................................. 24

Бейне фильмдерді көру.....................................................................................26

Кескіндерді көру үшін компьютерге жіберу ......................................................27

Бауды бекіту/камераны дұрыс ұстау жолы

Пайдаланып жатқанда камераны байқаусызда түсіріп алмау үшін,

жинақпен берілген бауды бекітіп, білегіңізге тағып алыңыз.

Түсіргенде, камераны шеттерінен мықтап ұстап, шынтақтарыңызды

денеңізге қарай қысыңыз. Ашық тұрғанда, жарқылдақты саусақтар

жауып қалмау керек.

Бау

7

Қолдауы бар жад карталары (бөлек сатылады)

Төменде берілген карталарды көлемін шектемей қолдана беруге болады.

SD* жад карталары

SDHC* жад карталары

SDXC* жад карталары

Eye-Fi карталары

* Бұл жад картасы SD стандарттарына сəйкес келеді. Үлгісіне байланысты кейбір карталар

дұрыс істемеуі мүмкін.

Компьютердің амалдық жүйесіне байланысты SDXC жад карталары сатылатын

жад карталарын оқу құралдарымен де танылмауы мүмкін. Амалдық жүйе SDXC

жад карталарын қолдайтынын алдын ала тексеріп алыңыз.

Eye-Fi карталары туралы

Бұл құрылғы Eye-Fi картасының барлық функцияларын (соның ішінде

сымсыз жіберу) қолдай бермеуі мүмкін. Eye-Fi картасын пайдалануда

қиындықтар болса, картаның өндірушісімен кеңесіңіз.

Сонымен қатар, Eye-Fi картасын пайдалану үшін көп елдерде арнайы

рұқсат (рұқсатсыз картаны пайдалануға тыйым салынған) қажет екенін

ескеріңіз. Бұл картаны пайдалану рұқсаты бар-жоқтығын білу үшін,

картаның өндірушісімен кеңесіңіз.

Қуат элементтерін жəне жад картасын орнату

Жинақпен берілген қуат элементтерін жəне жад картасын (бөлек сатылады) салыңыз.

Жад картасындағы жазудан қорғау

тілшесінің орнын тексеріңіз.

z

Жад картасында жазудан қорғау тілшесі

болып, ол құлыптау қалпында тұрса, кескіндер

жазу мүмкін емес. Тілшені бекіткіште сырт

еткен дыбыс шыққанша жылжытыңыз.

Қақпақты ашыңыз.

z

Қақпақтың бекіткішін сырғытып жəне

сол қалпында ұстап тұрып (), суретте

көрсетілгендей қақпақты жылжытыңыз жəне

ашыңыз ().

8

Қуат элементтерін жəне жад картасын орнату

Қуат элементтерін салыңыз.

z Қуат элементтерін суретте

көрсетілгендегідей орнатыңыз.

Жад картасын салыңыз.

z Жад картасын суретте көрсетілгендей

салыңыз, сырт еткен дыбыс шығу керек.

z Жад картасының дұрыс салынғанын

тексеріңіз. Жад картасы дұрыс жағымен

салынбаса, камера зақымдалуы мүмкін.

Заттаңба

Қақпақты жабыңыз.

z Қақпақты жауып ( ), үстінен басыңыз

да, бекіткіштерде сырт ете қалғанша

жылжытыңыз ().

Экрандағы [Карта памяти блокирована/Жад картасы

құлыптанған] жазуының мағынасы қандай?

Жазудан қорғау тілшесі құлыптау қалпында тұрса, экранда [Карта памяти

блокирована/Жад картасы құлыптанған] хабары көрсетіліп, суретке түсіру

жəне кескіндерді жою мүмкін болмайды.

9

Қуат элементтерін жəне жад картасын орнату

Жад картасын шығару

z Жад картасын басыңыз да, сырт еткен

дыбыс шыққанда жіберіңіз.

X Жад картасы көтеріліп шығады.

Түсіруге болатын суреттер саны/түсіру жəне көрсету

уақытының мəндері

Сілті қуат элементтері

NiMH аккумуляторлары

Қуат көзі

(жинақпен бірге беріледі)

(бөлек сатылады)

1

Суреттер саны*

Шамамен 110 Шамамен 320

Бейне фильмдерді түсіру

Шамамен 20 мин. Шамамен 1 с. 20 мин.

2

уақыты*

3

Сериялық түсіру*

Шамамен 1 сағат Шамамен 2 с. 20 мин.

Ойнату ұзақтығы Шамамен 7 сағат Шамамен 9 сағат

*1 Көрсетілген суреттер саны CIPA ассоциациясының өлшеу стандарты негізінде алынған.

*2 Уақыт мəндері түсіруді бастау жəне тоқтату, камераны қосу жəне өшіру жəне масштабтау

сияқты əрекеттерді орындаудың əдепкі бойынша орнатылған параметрлеріне арналған.

*3 Уақыт мəндері клиптің ең ұзақ немесе түсірілімнің автоматты түрде өшірілуіне жеткенге

дейінгі уақытына көрсетілген.

Кейбір түсіру жағдайларында кадрлар саны жəне түсіру уақыты жоғарыда

көрсетілгеннен аз болуы мүмкін.

Кадрлар саны жəне түсіру уақыты қолданылатын сілті қуат элементтерінің сауда

белгісіне байланысты əртүрлі болуы мүмкін.

NiMH аккумуляторларының мəндері толық зарядталған аккумуляторлар үшін көрсетілген.

Қолдауы бар қуат элементтері

Сілті қуат элементтері жəне AA типті Canon NiMH аккумуляторлары

(бөлек сатылады) ([Руководство пользователя камеры/Камераның

пайдаланушы нұсқаулығы] қараңыз).

Басқа аккумуляторларды/қуат элементтерін қолдануға

бола ма?

Сипаттамалары қатты ерекшеленуі мүмкін болғандықтан, жоғарыда

көрсетілген аккумуляторлардан/қуат элементтерінен басқаларын

пайдаланбаған жөн.

10

Қуат элементтерін жəне жад картасын орнату

NiMH аккумуляторларының артықшылығы қандай?

NiMH аккумуляторлары сілті қуат элементтеріне қарағанда ұзағырақ қызмет

атқарады (əсіресе, суық кезде).

Аккумуляторларда/қуат элементтерінде қалған заряд

көрсеткіші

Аккумуляторлардың/қуат элементтерінің заряд деңгейі төмен болғанда,

белгіше мен хабар көрсетіледі. Аккумуляторлар/қуат элементтері

зарядталған болса, белгіше мен хабар көрсетілмейді.

Дисплей Сипаттамасы

Заряды бітуге жақын.

Жаңа аккумуляторларды/қуат элементтерін

дайындаңыз.

«Поменяйте батарейки/

Отырған. Аккумуляторларды/

Батареяларды ауыстырыңыз»

қуат элементтерін ауыстырыңыз.

Жад картасына жазуға болатын кескіндер саны

Жад картасы 4 Гбайт 16 Гбайт

Суреттер саны Шамамен 1058 Шамамен 4334

Əдепкі бойынша орнатылатын параметрлердің мəндері.

Жазылатын кескіндер саны камераның параметрлеріне, түсірілетін нысанға жəне

пайдаланылатын жад картасына байланысты.

Қалған кадрлар санын тексеруге бола ма?

Қалған кадрлар санын камера түсіру режимінде

тұрғанда тексеруге болады (17-бет).

11

Күнді жəне уақытты орнату

Камераны алғаш рет қосқанда, күнді/уақытты орнату экраны көрсетіледі.

Кескіндермен бірге жазылатын күн мен уақыт осы параметрлерге

негізделгендіктен, оларды міндетті түрде орнатыңыз.

Камераны қосыңыз.

z ON/OFF түймесін басыңыз.

X [Дата/Время/Күн/Уақыт] экраны пайда

болады.

Күн мен уақытты орнатыңыз.

z

qr

түймелерімен қажетті мəнді таңдаңыз.

z op түймелерін басу немесе 5 дискісін

бұрау арқылы қажетті мəнді орнатыңыз.

z Барлық мəндерді орнатып болғаннан

кейін m түймесін басыңыз.

Жергілікті уақыт белдеуін таңдаңыз.

z qr түймелерімен немесе 5 дискісімен

жергілікті уақыт белдеуін таңдаңыз.

Орнатуды аяқтаңыз.

z Орнатуды аяқтау үшін, m түймесін

басыңыз. Алдымен растау экраны,

содан кейін қайтадан түсіру экраны

көрсетіледі.

z ON/OFF түймесін басқанда, камера

өшеді.

[Дата/Время/Күн/Уақыт] экраны қайта пайда болады.

Дұрыс күн мен уақытты орнатыңыз. Уақыт белдеуі орнатылмаған болса,

[Дата/Время/Күн/Уақыт] экраны камераны қосқан сайын шыға береді.

12

Күнді жəне уақытты орнату

Жазғы уақытты орнату

12-беттегі 2-қадамда белгішесі жəне op түймелерімен немесе

5

дискісімен белгішесі таңдалған болса, жазғы уақыт орнатылады (уақыт

1 сағат алға ауыстырылады).

Күнді жəне уақытты өзгерту

Ағымдағы күн мен уақытты өзгертуге болады.

Мəзірді ашыңыз.

z n түймесін басыңыз.

[Дата/Время/Күн/Уақыт]

тармағын таңдаңыз.

z Масштабтау тетігін жылжытып,

3 қойындысын таңдаңыз.

z op түймелерімен немесе 5

дискісімен [Дата/Время/Күн/Уақыт]

тармағын таңдаңыз да, содан кейін

m түймесін басыңыз.

Күн мен уақытты өзгертіңіз.

z Параметрлерді 12-беттегі 2-тармақта

берілген нұсқ ауларға сəйкес орнатыңыз.

z Мəзірді жабу үшін n түймесін

басыңыз.

Камераның күнтізбе ішкі аккумуляторы (резервті қуат аккумуляторы)

бар. Күн мен уақыт дұрыс орнатылғанына қарамастан, камераны əр

қосқан сайын [Дата/Время/Күн/Уақыт] мəзірі шыға берсе, Canon

компаниясының тұтынушыларға қолдау көрсету орталығына

хабарласыңыз.

13

Тілді орнату

Экранда көрсетілетін мəтіннің тілін өзгертуге болады.

Ойнату режиміне өтіңіз.

z 1 түймесін басыңыз.

Параметрлерді орнату экранын

ашыңыз.

z

m

түймесін басып тұрып, бірден n

түймесін басыңыз.

Тілді орнатыңыз.

z opqr түймелерімен немесе 5

дискісімен тілді таңдаңыз да, содан

кейін

m

түймесін басыңыз.

X Тілді орнатып болғанда, параметрлерді

орнату экраны жабылады.

m түймесін басқанда, сағат көрсетілсе не істеу керек?

2-қадамда

m

жəне n түймелерін басқанда, арасындағы уақыт тым ұзақ

болса, сағат көрсетіледі. Сағат көрсетілсе, оны экраннан алу үшін

m

түймесін басыңыз да, қайтадан 2-қадамды орындаңыз.

Экран мəтінінің тілін n түймесін басып, 3 қойындысында

[Язык /Тіл] тармағын таңдау арқылы да өзгертуге болады.

14

Жад карталарын пішімдеу

Жаңа немесе басқа құрылғыда пішімделген жад картасын қолданбас

бұрын, ол картаны камерада пішімдеу керек.

Жад картасын пішімдегенде (баптағанда), ондағы деректердің бəрі

жойылады. Өшірілген деректер қалпына келтірілмейді, сондықтан картаны

пішімдемес бұрын міндетті түрде онда не бар екенін тексеріңіз.

Eye-Fi картасын пішімдемес бұрын ([Руководство пользователя камеры/

Камераның пайдаланушы нұсқаулығы] қараңыз), компьютерге міндетті түрде

картадағы бағдарламалық құралды орнатып алыңыз.

Мəзірді ашыңыз.

z n түймесін басыңыз.

[Формат/Пішім] тармағын

таңдаңыз.

z Масштабтау тетігін жылжытып, 3

қойындысын таңдаңыз.

z op түймелерімен немесе

5

дискісімен [Формат/Пішім] тармағын

таңдаңыз да, содан кейін

m

түймесін

басыңыз.

[OK] тармағын таңдаңыз.

z qr түймелерімен немесе 5 дискісімен

[OK] тармағын таңдаңыз да, m

түймесін басыңыз.

Жад картасын пішімдеңіз.

z op түймелерімен немесе

5

дискісімен [OK] тармағын таңдаңыз да,

содан кейін m түймесін басыңыз.

z

Пішімделіп болғанда,экранда [Форматиро-

вание карты памяти завершено/Жад

картасы пішімделді] хабары көрсетіледі.

m

түймесін басыңыз.

15

Ысырманы түсіру түймесін басу

Жад картасын пішімдегенде немесе оның ішіндегі деректерді жойғанда,

файлдарды басқару деректері ғана өзгереді, яғни жад картасындағы

деректердің толық жойылатынына кепіл жоқ. Жад картасын

тасымалдағанда немесе қоқысқа тастағанда, абай болыңыз. Жад картасын

қоқысқа тастағанда жеке ақпаратыңыз ашылып қалмау үшін, сақтық

шараларын орындаңыз, мысалы, картаны физикалық түрде жойыңыз.

Пішімдеу экранында көрсетілетін жад картасының көлемі картада

көрсетілген мəннен аз болуы мүмкін.

Камера дұрыс істемей тұрғанда, жад картасынан деректерді оқу

жəне оған кескіндерді жазу, сериялық түсіру жылдамдығы азайғанда

немесе бейне фильмдер кенеттен тоқтағанда, жад картасына төмен

деңгейлі пішімдеу ([Руководство пользователя камеры/Камераның

пайдаланушы нұсқаулығы] қараңыз) əрекетін жасаңыз.

Ысырманы түсіру түймесін басу

Анық кескіндерді түсіру үшін алдымен ысырманы түсіру түймесін сəл ғана

басып (жартылай) дəлдеңіз, содан кейін толық басып, суретті түсіріңіз.

Жартылай басыңыз (дəлдеу

мақсатымен сəл ғана).

z

Екі дыбыстық сигнал беріліп, камера дəлденген

нүктелерде автодəлдеу жақтаулары пайда

болғанша, ақырын басып тұрыңыз.

Толық басыңыз (сурет түсірілу

үшін, тақалғанша).

X

Камерадан ысырманың жабылған

дыбысы шығып, кадр түсіріледі.

z Ысырма жабылуының дыбысы

шыққанда кадр түсірілетіндіктен,

камераны қозғалтпаңыз.

Ысырма түскенде шығатын дыбыстық сигналдың

ұзақтығы өзгере ме?

Түсіру үшін қажетті уақыт сюжетке байланысты болғандықтан, ысырма

түскенде шығатын дыбыстық сигналдың ұзақтығы өзгеруі мүмкін.

Ысырма түскенде шығатын дыбыстық сигнал берілгенде, камера немесе

нысан қозғалса, түсірілген кескін анық шықпауы мүмкін.

Ысырманы түсіру түймесін алдымен жартылай баспай, бірден толық

басса, кескін нақты болмауы мүмкін.

16

Фотосуреттер түсіру (Smart Auto)

Камераның түсірілетін нысан мен түсіру жағдайларын анықтау мүмкіндігі

бар болғандықтан, ол сюжеттің оңтайлы параметрлерін автоматты түрде

таңдайды. Сіз кадрды түсірсеңіз болды.

Камераны қосыңыз.

z ON/OFF түймесін басыңыз.

X Бастапқы экран ашылады.

A режиміне өтіңіз.

z Режимді орнату дискін A қалпына

келтіріңіз.

z Камера нысанға бағытталғанда, одан

сюжетті анықтағанда шығатын əлсіз шу

естіледі.

X

Экранда анықталған сюжеттің жəне

кескінді тұрақтандыру режимінің белгішесі

көрсетіледі ([Руководство пользователя

камеры/Камераның пайдаланушы

нұсқаулығы] қараңыз).

X Камера табылған нысандарға дəлденіп,

оларда жақтаулар пайда болады.

Кадрдың композициясын

таңдаңыз.

z Масштабтау тетігін i бағытымен

жылжытқанда (телефото күйі), нысан

жақындап, ұлғайтылып көрсетіледі.

Дəлдеу диапазоны (шамамен)

Масштабтау тетігін j бағытымен

Масштабтау шкаласы

жылжытқанда (кең бұрышты күй), нысан

алыстап, кішірейтіліп көрсетіледі.

(Экранда масштабтау күйін көрсететін

масштабтау шкаласы пайда болады.)

17

Фотосуреттер түсіру (Smart Auto)

Дəлдеңіз.

z Дəлдеу үшін, ысырманы түсіру түймесін

жартылай басыңыз.

X Дəлдеп болған соң камера екі дыбыстық

сигнал беріп, дəлдеу нүктелерінде

автодəлдеу жақтаулары пайда болады.

Камера бірнеше нүктеге дəлденсе,

бірнеше автодəлдеу жақтауы көрсетіледі.

Автодəлдеу жақтауы

z Егер экранда [Поднимите вспышку/

Жарқылдақты көтеріңіз] деген хабар

көрсетілсе, жарқылдақты пайдалану

үшін оны қолмен көтеріңіз. Өзі

жабылғанша қақпақты қолмен

жапсаңыз, ол жұмыс істемейді.

Кескінді түсіріңіз.

z Толық түсіру үшін, ысырманы түсіру

түймесін басыңыз.

X Камерадан ысырманың жабылған

дыбысы шығып, кадр түсіріледі. Жарық

жетпеген жағдайда, ашық тұрса,

автоматты түрде жарқылдақ қосылады.

X Кескін экранда 2 секундтай тұрады.

z Ысырманы түсіру түймесін қайта басса,

экранда кескін көрсетіліп тұрса да,

келесі кадрды түсіре беруге болады.

18

Фотосуреттер түсіру (Smart Auto)

Егер...

Егер суреттердің түстері мен жарықтығы күтілген нəтижемен сəйкес

келмесе ше?

Экранда көрсетілетін сюжет белгішесі ([Руководство пользователя камеры/

Камераның пайдаланушы нұсқаулығы] қараңыз) нақты сюжетке сəйкес

келмеуі мүмкін, нəтижесінде алынған нəтижелер күтілгеннен өзгеше болады.

Мұндай жағдайда G режимінде түсіріп көріңіз ([Руководство пользователя

камеры/Камераның пайдаланушы нұсқаулығы] қараңыз).

Егер камераны нысанға бағыттағанда, ақ жəне сұр жақтаулар пайда болса ше?

Камера басты нысан деп анықтаған беттің немесе нысанның айналасында

ақ жақтау, ал басқа беттерде сұр жақтаулар пайда болады. Жақтаулар

белгілі бір шектеумен нысанның артынан жүреді.

Бірақ нысан қозғалғанда, сұр жақтаулар жоғалып, ақ жақтау ғана қалады.

Егер түсірілетін нысанда ақ жақтау пайда болмаса ше?

Нысан анықталмай, жақтаулар артқы фонның нүктелерінде көрсетілуі

мүмкін.

Мұндай жағдайда G режимінде түсіріп көріңіз ([Руководство пользователя

камеры/Камераның пайдаланушы нұсқаулығы] қараңыз).

Егер ысырманы түсіру түймесін жартылай басқанда, көк жақтау

пайда болса ше?

Қозғалып тұрған нысан анықталғанда, көк жақтау көрсетіледі; дəлдеу мен

экспозиция оған тəуелді өзгеріп отырады (Еретін AF).

Егер жыпылықтаған белгішесі көрсетілсе ше?

Камераның қозғалуынан кескіндер анық болмай шықса, оны үштағанға орнатыңыз.

Егер камера ешқандай дыбыстық сигнал шығармаса ше?

Камераны қосу кезінде l түймесі ұзақ басылып, нəтижесінде барлық

дыбыстық сигналдар өшірілген болуы мүмкін. Дыбыстарды қосу үшін

n түймесін басып, 3 қойындысынан [Тихо/Үнсіз] тармағын таңдаңыз,

содан кейін qr түймелерінің көмегімен [Выкл./Өшіру] мəнін таңдаңыз.

Кескін жарқылдақ қосылса да күңгірттеніп шықса ше?

Нысан

тым алыс орналасқан, сондықтан жарқылдақтың жарығы оған

жетпейді. Жарқылдақтың əсер беретін радиусыең кең бұрышты қалыпта

50 см – 3,0 м (j), ал ең жоғары деңгейлі телефото қалпында шамамен

1,0 – 2,0 м (i).

Егер ысырманы түсіру түймесін жартылай басқанда, бір дыбыстық

сигнал берілсе ше?

Нысанмен арадағы қашықтық тым қысқа болуы мүмкін. Камераның объективі

ең кең

бұрышты қалыпта (j) тұрса, объективтен алыстаңыз. Оған дейінгі

арақашықтық 1 см шамасынан аз болмау керек. Енді түсіре беруге болады.

Камераның объективі ең жоғары деңгейлі телефото қалпында (i) тұрса,

объективтен алыстаңыз. Оған дейінгі арақашықтық шамамен 1 м болу керек.

Егер ысырманы түсіру түймесін жартылай басқанда, жарық жанса ше?

«Қызыл көз» əсерін азайтып,

жарық жетпейтін жерлерде дəлдеу оңай болу

үшін, жарық жануы мүмкін.

19

Фотосуреттер түсіру (Smart Auto)

Түсіруге əрекет жасау кезінде экранда [Зарядка вспышки/

Жарқылдақтың зарядталуы] хабары көрсетіліп, h белгішесі

жыпылықтап тұрса ше?

Жарқылдақ зарядталады. Зарядталып болғанда, түсіре беруге болады.

Экранда белгіше көрсетіліп тұрса ше?

Экранда анықталған сюжеттің жəне кескінді тұрақтандыру режимінің

белгішесі көрсетіледі. Көрсетілетін белгішелер туралы осындай

мəліметтерді «Значки сюжетов/Сюжеттердің белгішелері» ([Руководство

пользователя камеры/Камераның пайдаланушы нұсқаулығы] қараңыз)

жəне «Значки режимов стабилизации изображения/Кескінді тұрақтандыру

режимдерінің белгішелері» ([Руководство пользователя камеры/

Камераның пайдаланушы нұсқаулығы] қараңыз) бөлімдерінен қараңыз.

Дəлденетін нысанды таңдау (Алып жүретін АФ)

o түймесін басып, жақтауы көрінген соң, камераны жақтауы

дəлденетін нысанда тұратындай ұстаңыз. Ысырманы түсіру түймесін

жартылай басып, сол күйінде көк жақтау пайда болғанша ұстап тұрыңыз.

Сол жақтау бойынша дəлдеу жəне экспозиция орындалады (Еретін AF).

Толық түсіру үшін, ысырманы түсіру түймесін басыңыз.

20

Кескіндерді көру

Түсірілген кескіндерді экраннан көруге болады.

Көрсету режиміне өтіңіз.

z 1 түймесін басыңыз.

X Соңғы түсірілген кескін көрсетіледі.

Кескінді таңдаңыз.

z q түймесін басқанда немесе 5 дискісін

сағат тіліне қарсы бағытта бұрағанда,

суреттер ең жаңасынан ең ескісіне

қарай айналымдық түрде ауысады.

z r түймесін басқанда немесе 5 дискісін

сағат тілі бағытымен бұрағанда,

суреттер ең ескісінен ең жаңасына қарай

айналымдық түрде ауысады.

z qr түймелерін басып тұрса, кескіндер

тез ауысып көрсетіледі, бірақ олардың

көрсетілу сапасы нашар болады.

z Объектив шамамен 1 минуттан кейін

жабылады.

z Объектив жабық тұрғанда, 1 түймесін

қайта басса, камера өшеді.

Түсіру режиміне өту

Көрсету режимінде ысырманы түсіру түймесін жартылай басса немесе

режимді орнату дискін айналдырса, камера түсіру режиміне өтеді.

21

Кескіндерді жою

Кескіндерді бір-бірден таңдап жоюға болады. Жойылған кескіндерді

қалпына келтіру мүмкін емес екенін есіңізде сақтаңыз. Кескіндерді

жойғанда, абай болыңыз.

Көрсету режиміне өтіңіз.

z 1 түймесін басыңыз.

X Соңғы түсірілген кескін көрсетіледі.

Жойылатын кескіндерді таңдаңыз.

z qr түймелерімен немесе 5 дискісімен

экранға жойылатын кескінді

шығарыңыз.

Кескінді жойыңыз.

z a түймесін басыңыз.

z Экранда [Стереть?/Өшіру керек пе?]

деген сұрау шыққанда, qr

түймелерімен немесе

5

дискімен

[Стереть/Өшіру] тармағын таңдаңыз да,

содан соң

m

түймесін басыңыз.

X Көрсетілген кескін жойылады.

z Əрекеттен кескінді жоймай шығу

үшін,qr түймелерімен немесе 5

дискісімен [Отмена/Бас тарту] тармағын

таңдап, содан кейін m түймесін

басыңыз.

22

Кескіндерді қалыпты режимде түсіру немесе

көру

Қалыпты режимде экранда орындалатын амалдар бойынша нұсқаулар

көрсетіліп, ал камерада тек осы бетте суреттелетін түймелер,

масштабтау тетігі мен бейне түсіру түймесі жұмыс істейді (24-бет).

Бұл жағдайда камераны дұрыс қолданбау мүмкін емес. Функция

камераны енді пайдаланып жүргендерге оңай түсіру жəне кескіндерді

қиындықсыз көру мүмкіндігін береді.

Түсіру

z Режимді орнату дискісін 9 қалпына

келтіріңіз.

z Түсіру үшін 17-18 беттегі 3-5

қадамдарын орындаңыз (дыбыстық

сигналдар берілмейді).

Көру

z Алдымен 1 түймесін басыңыз, содан

кейін qr түймесін басу немесе 5

дискісін айналдыру арқылы кескіндер

арасында жылжыңыз.

z 1 түймесін, одан кейін m түймесін

басыңызбарлық түсірілген кескіндер

əр қайсы 3 секунд көрсетіледі. Слайдты

көрсетілімді тоқтату үшін,

m

түймесін

тағы бір рет басыңыз.

z Кескінді өшіру үшін, 22-беттің ішіндегі

қадамдарды орындаңыз.

23

Бейне фильмдерді түсіру

Камера нысан параметрлерін жəне түсіру жағдайларын анықтап, осы

эпизод үшін қолайлы параметрлерді таңдайды. Дыбыс стереофондық

режимде жазылады.

Қалған уақыт

Камерада

A

режимін орнатып,

кадрдың композициясын таңдаңыз.

z Кадрдың композициясын 17-беттегі 1–3

қадамдар бойынша орнатыңыз.

z Түсірудің қалған уақытын экраннан

тексеру керек.

Кескінді түсіріңіз.

z Бейнеге түсіру түймесін басыңыз.

z Экранның жоғарғы жəне төменгі

жағында қара жолақтар пайда болады.

Бұл аймақтар бейнеге жазылмайды.

Өткен уақыт

X Камерадан бір дыбыстық сигнал шығып,

түсіру басталады да, экранда [ ЗАП/

ЖАЗУ] белгішесі мен жазбаның өткен

уақыты көрсетіледі.

z Түсіруді бастағаннан кейін бейне түсіру

түймесін жіберіңіз.

z Түсіру барысында кадр композициясы

өзгерсе, дəлдеу, жарықтық пен түсті өң

автоматты түрде реттеледі.

z Түсіріп жатқанда, микрофондарды

Микрофондар

ұстамаңыз.

z Түсіріп жатқанда, бейнеге түсіру

түймесінен басқа түймелерді баспаңыз.

Түймелерді басқаннан шығатын

дыбыстар бейне фильмге жазылып

кетеді.

24

Бейне фильмдерді түсіру

Түсіруді тоқтатыңыз.

z Бейнеге түсіру түймесін қайта басыңыз.

X Камера дыбыстық сигнал беріп, бейне

фильм жазбасы аяқталады.

X Жад картасы толғанда, жазба

автоматты түрде тоқтатылады.

Түсіру барысында масштабтау

Түсіру барысында масштабтау тетігін басса, нысан ұлғайтылады немесе

кішірейтіледі. Бірақ бұл кезде жасалған əрекеттердің дыбысы да жазылып кетеді.

Режимді ауыстыру дискісі

A

күйінде тұрғанда, анықталған сюжет

белгішесі көрсетіледі ([Руководство пользователя камеры/

Камераның пайдаланушы нұсқаулығы] қараңыз). Бірақ «Если

двигается/Жылжыса» белгішелері көрсетілмейді. Кейбір

жағдайларда көрсетілген белгіше нақты сюжетке сəйкес келмеуі

мүмкін.

Режимді орнату дискісі

A

күйінде тұрмаса да, бейнеге түсіру

түймесін басып бейне фильмдер түсіре беруге болады

(

[Руководство пользователя камеры/Камераның пайдаланушы

нұсқаулығы] қараңыз).

Режимді орнату дискісі E күйінде тұрғанда, бейне фильмдерді

түсіру үшін қажетті барлық параметрлерді реттеуге болады

([Руководство пользователя камеры/Камераның пайдаланушы

нұсқаулығы] қараңыз).

Түсіру уақыты

Жад картасы 4 Гбайт 16 Гбайт

Түсіру уақыты Шамамен 20 мин 43 с Шамамен 1 сағ 24 мин 54 с

Түсіру уақытының мəндері əдепкі бойынша орнатылған параметрлерге арналған.

Бейне клиптің ең көп ұзақтығышамамен 29 мин 59 с

Кейбір жад карталарымен жазба бейне клиптіңең көп ұзақтығына жетпей тоқтап

қалуы мүмкін. Жылдамдығы Speed Class 6 немесе одан жоғары SD жад

карталарын пайдалану ұсынылады.

25

Бейне фильмдерді көру

Түсірілген бейне фильмдерді экраннан көруге болады.

Көрсету режиміне өтіңіз.

z 1 түймесін басыңыз.

X Соңғы түсірілген кескін көрсетіледі.

X Бейне фильмдер белгішесімен

таңбаланады.

Бейне фильмді таңдаңыз.

z qr түймелерімен немесе

5

дискісімен

бейне фильмді таңдаңыз да,

m

түймесін

басыңыз.

X Бейне фильмін басқару тақтасы

ашылады.

Бейне фильмді ойнатыңыз.

z qr түймелерімен немесе 5 дискісімен

белгішесін таңдаңыз да,

m

түймесін

басыңыз.

X Бейне фильм ойнатылады.

z Дыбыс деңгейін реттеу үшін, op

түймелерін қолданыңыз.

z m түймесін басып ойнатуды тоқтатуға

жəне қалпына келтіруге болады.

X Бейне фильм аяқталғанда,

белгішесі көрсетіледі.

Бейне фильмдер компьютерде қалай көрсетіледі?

Жинақпен берілген бағдарламалық құралды орнатыңыз (28 -бет).

Бейне фильмді көргенде, компьютердің экранында кадрлар көрсетілмей қалуы, біркелкі

ойнатылмауы жəне кенеттен дыбыс жоғалуы мүмкінбұл компьютердің сипаттамаларына

байланысты. Жинақпен берілетін бағдарламалық құралдың көмегімен бейнефильмнің

көшірмесін қайтадан жад картасына жіберіп, содан соң бейне фильмді камерадан ойна-

тыңыз. Камераны теледидарға жалғау арқылы, кескіндерді үлкен экраннан көруге болады.

26

Кескіндерді көру үшін компьютерге жіберу

Камерамен түсірілген кескіндерді көру үшін компьютерге жібергенде,

жинақпен берілген бағдарламалық құралды пайдалануға болады. Басқа

Canon сандық камерасының жинағымен келген бағдарламалық құрал

пайдаланылып келсе, жаңа жинақ ықшам дискісіндегі бағдарламалық

құралды орнатып, ағымдағы нұсқаның үстінен жазыңыз.

Жүйеге қойылатын талаптар

Windows

Windows 7 («Service Pack 1» бумасымен бірге)

Амалдық жүйе

Windows Vista SP2

Windows XP SP3

Компьютердің

Жоғарыда берілген амалдық жүйелер өндірілген зауытта USB

үлгісі

порттары кірістірілген компьютерлерге орнатылған болу керек

Pentium 1,3 ГГц немесе одан күшті (фотосуреттер),

Процессор

Core 2 Duo 1,66 ГГц немесе одан күшті (бейне фильмдер)

Windows 7 (64 разрядтық): 2

Гбайттан кем емес

Windows 7 (32 разрядтық), Windows Vista (64 разрядтық, 32 разрядтық):

Жедел жазу

1 Гбайттан кем

емес

құрылғысы

Windows XP: 512 Мбайттан кем емес (фотосуреттер), 1 Гбайттан

кем емес (бейне фильмдер)

Интерфейс

USB

Қатты дискідегі

420 Мбайттан кем емес*

бос орын

Дисплей

1024 x 768 пиксел немесе одан жоғары

* Windows XP амалдық жүйесі үшін Microsoft .NET Framework платформасының 3.0 немесе

одан жаңа нұсқасын орнату керек (ең көбі 500 Мбайт). Компьютердің сипаттамаларына

байланысты орнату үрдісі біраз уақыт алуы мүмкін.

Macintosh

Амалдық жүйе

Mac OS X (v10.5 – v10.6)

Компьютердің

Жоғарыда берілген амалдық жүйелер өндірілген зауытта USB

үлгісі

порттары кірістірілген компьютерлерге орнатылған болу керек

Intel процессоры (фотосуреттер),

Процессор

Core Duo 1,66 ГГц немесе одан күшті (бейне фильмдер)

Mac OS X v10.6: 1 Гбайттан кем

емес

Жедел жазу

Mac OS X v10.5: 512 Мбайттан кем емес (фотосуреттер), 1 Гбайттан

құрылғысы

кем емес (бейне фильмдер)

Интерфейс

USB

Қатты дискідегі

480 Мбайттан кем емес

бос орын

Дисплей

1024 x 768 пиксел немесе одан жоғары

27

Кескіндерді көру үшін компьютерге жіберу

Бағдарламалық құралды орнату

Берілген түсіндірмелерде Windows Vista жəне Mac OS X (v10.5) амалдық

жүйелерінің мысалдары алынады.

Компьютердің ықшам дискілерге

арналған жетегіне ықшам дискіні

салыңыз.

z Компьютердің ықшам дискілерге

арналған жетегіне жинақпен берілген

ықшам дискіні (DIGITAL CAMERA

Solution Disk) (2-бет) салыңыз.

z Ықшам дискін Macintosh компьютеріне

салған кезде, жұмыс үстелінде ықшам

дискі белгішесі көрсетіледі. Белгішені

тінтуірмен екі рет басу арқылы ықшам

дискін ашыңыз да, көрсетілген кезде

белгішесін тінтуірмен екі рет басыңыз.

Бағдарламалық құралды орнатыңыз.

z Windows жүйесінде [Easy Installation/

Қарапайым орнату], ал Macintosh

жүйесінде [Install/Орнату] параметрін

таңдаңыз жəне орнатуды экранда

көрсетілген нұсқауларды орындай

отырып, жалғастырыңыз.

z Windows жүйесінде [User Account

Control/Есептік жазбаларды басқару]

терезесі ашылса, жалғастыру үшін

экрандағы нұсқауларды орындаңыз.

Орнатуды аяқтаңыз.

z Windows жүйесінде [Restart/Қайта қосу]

немесе [Finish/Дайын] түймесін басыңыз

да, жұмыс үстелі экраны пайда болған

соң, ықшам дискіні шығарыңыз.

z

Macintosh жүйесінде орнату аяқталған соң

ашылатын экрандағы [Finish/Дайын]

түймесін басыңыз да, жұмыс үстелі экраны

пайда болған соң, ықшам дискіні шығарыңыз.

28

Кескіндерді көру үшін компьютерге жіберу

Кескіндерді жіберу жəне көру

Камераны компьютерге жалғаңыз.

z Камераны өшіріңіз.

z Қақпақты ашып, кабельдің кішірек ұшын

(2-бет) камерадағы суретте көрсетілген

бағытта ұяға жалғаңыз.

z Интерфейс кабелінің үлкен ұшын

компьютердің USB портына жалғаңыз.

Компьютердің USB порты туралы толық

ақпаратты компьютердің пайдаланушы

нұсқаулығынан қараңыз.

Камераны қосып, CameraWindow

бағдарламасын ашыңыз.

z

Камераны қосу үшін

1

түймесін басыңыз.

z Windows амалдық жүйесінде экранда

көрсетілген кезінде [Downloads Images

From Canon Camera using Canon

CameraWindow/Canon CameraWindow

бағдарламасымен Canon камерасынан

кескіндерді жүктеу] түймесін басыңыз.

Камера мен компьютерді қосқаннан

кейін CameraWindow терезесі ашылады.

z Macintosh амалдық жүйесінде

CameraWindow терезесі камера мен

компьютер арасында байланыс

орнатылғаннан кейін ашылады.

CameraWindow

Кескіндерді тасымалдаңыз.

z [Import Images from Camera/Камерадан

кескіндерді импорттау], содан кейін

[Import Untransferred Images/

Жіберілмеген кескіндерді импорттау]

түймесін басыңыз.

29

Кескіндерді көру үшін компьютерге жіберу

X Кескіндер камераға жіберіледі.

Кескіндер күні бойынша сұрыпталып,

Pictures/Кескіндер қалтасына салынған

жеке қалталарға жазылады.

z

Кескіндерді жіберіп болған соң,

1

түймесін

басу арқылы CameraWindow бағдарламасын

жауып, кабельді ажыратыңыз.

z Кескіндерді компьютер арқылы көру

туралы толық мəліметтерді

[Руководство по программному

обеспечению/Бағдарламалық

жасақтама нұсқауы] қараңыз.

Windows жүйесінде 2-қадамды орындағаннан кейін де CameraWindow

терезесі ашылмаса, тінтуірмен [Start/Бастау] мəзірін басып,

[All Programs/Барлық бағдарламалар], содан кейін [Canon Utilities],

[CameraWindow] жəне [CameraWindow] тармақтарын таңдаңыз.

Macintosh жүйесінде 2-қадамды орындағаннан кейін де

CameraWindow терезесі ашылмаса, тінтуірмен Dock тақтасындағы

(жұмыс үстелінің төменгі жағында шығатын тақта) CameraWindow

белгішесін басыңыз.

Windows 7 амалдық жүйесінде CameraWindow бағдарламасын ашу

үшін төмендегі қадамдарды орындаңыз.

Тапсырмалар тақтасындағы белгішесін

басыңыз.

Бағдарламаны өзгерту үшін, ашылған терезеде сілтемесін

басыңыз.

[Downloads Images From Canon Camera using Canon CameraWindow/

Canon CameraWindow бағдарламасымен Canon камерасынан

кескіндерді жүктеу] тармағын таңдап, [OK] түймесін басыңыз.

белгішесін екі рет басыңыз.

Кескіндерді жинақпен берілген бағдарламалық құралдың кескіндерді

жіберу функциясын пайдаланбай, жай ғана ка мераны компьютерге

жалғау арқылы жіберуге болады. Бірақ онда шектеулер болады.

- Камераны компьютерге жалғағанда, кескіндерді бірнеше минуттан кейін

ғана жіберуге болады.

- Тік етіп түсірілген кескіндер көлденең қалыпта жіберілуі мүмкін.

- Компьютерге жібергенде, кескіндерді қорғау параметрлері жоғалуы мүмкін.

- Пайдаланылатын амалдық жүйеге, файл көлеміне жəне бағдарламалық

құралға байланысты кескіндерді немесе кескін туралы ақпаратты жіберу

барысында ақаулық орын алуы мүмкін.

-

Жинақпен берілген бағдарламалық құралдың кейбір функциялары істемеуі

мүмкін, мысалы: бейне фильмдерді өңдеу жəне кескіндерді камераға жіберу.

30

Сауда белгілері

SDXC логотипі SD-3C, LLC корпорациясының сауда белгісі болып

табылады.

Берілген құрылғыда Microsoft корпорациясы лицензиялаған exFAT

технологиясы пайдаланылады.

iFrame логотипі мен iFrame таңбасы Apple корпорациясының сауда

белгілері болып табылады.

MPEG-4 технологиясын лицензиялау туралы

This product is licensed under AT&T patents for the MPEG-4 standard and may

be used for encoding MPEG-4 compliant video and/or decoding MPEG-4

compliant video that was encoded only (1) for a personal and non-commercial

purpose or (2) by a video provider licensed under the AT&T patents to provide

MPEG-4 compliant video.

No license is granted or implied for any other use for MPEG-4 standard.

* Талаптарға сəйкес ағылшын тілінде берілген.

31

ЕСКЕРТПЕЛЕР ҮШІН

32

Кепiлдiк талонының аудармасы. Сатып алуды растау үшiн кепiлдiк талонының

түп нұсқасын қолдануыңызды сұраймыз.

Өндірушінің келесі Canon өнімдеріне берген

Кепілдік талоны

Айналы жəне сандық фотокамералар, фотожарқылдағыштар, объективтер

Бұйымды сатып алған кезіңізде, оның көзіңізше тексерілуін жəне берілген талонның дұрыс

толтырылуын талап етіңіз.

Кепiлдiк талонының түп нұсқасын келесi ақпаратпен толтыруыңызды сұраймыз:

Бұйым атауы

Сериялық нөмірі

Сатып алынған күні

Сауда ұйымының аты мен мекен-жайы

Сауда ұйымының мөрі мен сатушының қолы

Бұйым тұтынушының көзінше тексерілді

Жоғары сапалы стандарттарға сəйкес өндірілген жəне сынақтан өткен Canon өнімін сатып алғаныңыз үшін

алғысымызды білдіреміз. Бұл бұйымды қолданбас бұрын, пайдаланушы нұсқаулығында берілген

ережелермен мұқият танысқаныңыз жөн. Сатып алынған өнім үшін берілген кепілдікті өндіруші фирма өнімді

сатып алған күннен бастап

2 жыл

мерзімге береді.

Ұсынылған кепілдік ТМД елдерінің территорияларында келесі шарттар бойынша іске асырылады:

1. Бұйым ТМД елдерінде сатып алынуы тиіс жəне пайдаланушы нұсқаулығында берілген ережелерге сəйкес

қолданылуы шарт.

2. Кепілдік көрсету қызметі тізімі бұйымның жеткізу жиынтығына кіретін Canon өкілетті қызмет көрсету

ұйымдарымен жүргізіледі. Canon өкілетті қызмет көрсету ұйымдары туралы толық ақпаратты

http://www.canon.ru/service/

мекен-жайы бойынша Интернеттегі біздің серверімізден алуыңызға болады.

3. Кепілдік көрсету қызметі бұйымның соңғы пайдаланушымен (тұтынушымен) сатып алынған

тек сол

ТМД

елінде көрсетіледі.

4. Негізгі бұйымның, сондай-ақ оның жиынтықтаушылары мен кепілдік мерзімі шектеулі құрамдастарының

кепілдік мерзімі бұйымның кепілдік жөндеуде болған уақытына сəйкес ұзартылады. Өкілетті қызмет

көрсету ұйымының өкілдері жүргізілген кепілдік жөндеу туралы тиесілі ақпаратты жөндеу аяқтала

салысымен берілген кепілдік талонына енгізуі тиіс.

5. Бұйымның кепілдік жөнделуі жиынтықтаушылар немесе əйтеуір бір

құрамдас бөлігін ауыстыру арқылы

жүргізілсе, кепілдік алмастырылған жиынтықтаушылар немесе құрамдас бөліктерге бұйымның

тұтынушыға берілген күнінен бастап жарты жылға беріледі.

6. Берілген кепілдік бұйыммен бірге келген бағдарламаға, жасақтаушы материалға (тонер мен картридждер,

сия

сауыттары, ағымдық баспа ұштары) жəне бұйым құрамына кіретін қосымша жабдықтарға (ауыспалы

жады модульдері, аккумуляторлар, қуаттандыру адаптерлері, зарядтау құралдары, қашықтан басқару

құралдары, байланыстырушы сым желілер, қаптамалар жəне т.б.) таралмайды.

7. Өнім тұтынушы

ның

қолына тапсырылғаннан кейін пайдалану, тасымалдау жəне бұйымды сақтау

ережелерінің бұзылуы, үшінші жақтың немесе бой бермес күштің əсері жəне пайдаланудың келесі

ережелерінің бұзылуы нəтижесінде туындаған ақаулықтар үшін өндіруші жауапкершіліктен босатылады:

(1) бұйым құрылымына Canon фирмасымен ресми мақұлданбаған кез келген өзгерістердің енгізілуі, (2)

бұйымға Canon фирмасыменен пайдалануға ұсынылмаған құралдарды қосу, қосымша жабдықтар мен

жасақтаушы материалдарды қолдану

.

8. Берілген кепілдік тұтынушылардың конституциялық жəне өзге құқықтарын толықтырады жəне оларды

ешбір жолмен шектемейді.

Қызмет көрсету ыңғайлығы жəне заңнамамен қарастырылған басқа талаптарыңызды қанағаттандыру үшін

бұйымды пайдаланудың толық мерзімінде бұйыммен бірге берілген құжаттаманы (берілген кепілдік

талонын, пайдаланушы нұсқаулығын, т.б.) жəне сатып алу келісім шартын растайтын құжаттарды (кассалық

чек, тауар жіберу құжаты

) сақтауыңызға кеңес береміз.

Өндіруші: «Canon Inc.», 3-30-2 Шимамаруко, Охта-ку, Токио, 146-8501, Жапония. Өндіруші ел: Жапония.

Авторландырған импортер жəне Ресей тұтынушыларының шағымдарын қарастыруға жауапты өндіруші

өкілі: ААҚ «Канон Ру», 109028, Мəскеу, Серебряническая жағ., 29, 8 қабат.

canon-europe.com

you can

canon-europe.com