Canon Ixus 220 Black: ҚАЗАҚША
ҚАЗАҚША: Canon Ixus 220 Black
Жұмыстың басы
Толық ақпаратты «DIGITAL CAMERA Manuals Disk»
дискісіне жазылған пайдаланушы нұсқаулығынан
қараңыз.
• Жұмысты бастамас бұрын, осы Нұсқаулықты, соның
ішінде «Сақтық шаралары» тарауын оқып шығыңыз.
• Нұсқаулықты кейін қолдана алу үшін, сенімді орында
сақтап қойыңыз.
ҚАЗАҚША
Жинақтың толық екенін тексеру
Жеткізілген камера жинағында төмендегі заттардың бар екенін тексеріңіз.
Қандай да бір бөлігі жоқ болған жағдайда, камераны сатып алған жерге
хабарласыңыз.
Камера NB-4L аккумуляторы
Зарядтау құрылғысы
(клеммалар қақпағы бар)
CB-2LV/CB-2LVE
Интерфейс кабелі
AVC-DC400ST стереофондық
Білекке тағылатын бау
IFC-400PCU
дыбыс/бейне кабелі
WS-DC11
Canon кепілдік талоны
Жұмыстың басы
DIGITAL CAMERA
(бөлек құжат немесе «Начало
(осы Нұсқаулық)
Solution Disk ықшам
работы/Жұмыстың басы»
дискі
нұсқаулығында)
Нұсқаулықтарды пайдалану
Сонымен қатар, «DIGITAL CAMERA Manuals Disk» ықшам дискісіндегі нұсқаулықтарды қараңыз.
•
[Руководство пользователя камеры/Камера
пайдаланушысының нұсқаулығы]
Негізгі амалдарды үйренгеннен кейін, күрделі фотосуреттерді
түсіруге арналған көптеген функциялармен танысуға көшіңіз.
•
[Руководство по программному обеспечению/
Бағдарламалық құрал туралы нұсқаулық]
Жинақпен берілген бағдарламалық құралды пайдалану үшін, алдымен осы
нұсқаулықты оқып алыңыз.
• Жад картасы жинаққа кірмейді.
• PDF пішіміндегі нұсқаулықтарды көру үшін Adobe Reader
бағдарламасы қажет. Word пішіміндегі нұсқаулықтарды көру
үшін (тек Орталық Шығыс елдері үшін қажет) Microsoft Word/Word
Viewer бағдарламасын орнатуға болады.
2
Ең алдымен мынаны оқыңыз
Сынақ ретінде түсіру жəне жауапкершіліктің шектелуі
Суреттің дұрыс түсірілетінін тексеру үшін, бірнеше сынақ суретін түсіріп, қарап
көріңіз. Canon Inc. компаниясы, оның еншілес компаниялары, сондай-ақ
таратушылары камераның немесе оның қосалқы құралдарының (соның ішінде
жад картасының) ақауы əсерінен суретке түсіру сапасы нашарлауы немесе
кескіндерді құрал арналып жасалмаған жолмен түсіру нəтижесінде болған
шығындар үшін жауап бермейді.
Авторлық құқықты бұзуға қатысты ескерту
Берілген камерамен түсірілген кескіндер тек жеке мақсаттарда пайдалануға
арналған. Авторлық құқық иесінің алдын ала берілген рұқсатынсыз авторлық
құқықпен қорғалған кескіндерді түсірмеңіз. Кейбір жағдайларда камерамен
немесе басқа суретке түсіру құрылғысымен қойылымдардың немесе
көрмелердің суреттерін көшіру, сонымен қатар коммерциялық мақсаттағы
нысандарды түсіру авторлық құқықты жəне жеке пайдалану мақсатымен
түсірілген болса да, заңмен белгіленген басқа да құқықтарды бұзушылық болып
есептелуі мүмкін.
Кепілдіктің шектелуі
Камераның кепілдігіне қатысты шарттарды жинаққа кіретін Canon кепілдік
талонынан қараңыз. Canon тұтынушыларын қолдау қызметінің мекенжайларын
Canon кепілдік талонынан қараңыз.
СК-монитор (Экран)
•
Сұйық кристалды монитор жоғары прецизия технологияларының көмегімен
жасалады. Пикселдердің 99,99% шамасынан артығы техникалық талаптарға
сəйкес жұмыс жасайды, бірақ кейде жұмыс жасамайтын пикселдер ашық
немесе қара нүктелер түрінде көрсетілуі мүмкін. Бұл ақау болып табылмайды
жəне түсірілетін суретке ешқандай əсерін тигізбейді.
•
Тасымалдау барысында сырылып қалмауы үшін, СК-мониторды жұқа пластик
үлдірмен жауып қоюға болады. Ондай жағдайда камераны қолдану үшін,
үлдірді алып тастау керек.
Камера корпусының температурасы
Камераны ұзақ уақыт пайдаланғанда абай болыңыз – корпусы қызып кетуі
мүмкін. Бұл ақаулық болып табылмайды.
CANON INC.
30-2, Shimomaruko 3-chome, Ohta-ku, Tokyo 146-8501, Japan
CANON EUROPA N.V.
Bovenkerkerweg 59-61, 1185 XB Amstelveen, The Netherlands
3
Сақтық шаралары
•
Камераны пайдалану алдында міндетті түрде төменде берілген қауіпсіздік техникасының
ережелерін оқып шығыңыз. Камераны дұрыс қолдану ережелері қатаң сақталу керек.
•
Келесі беттерде қарастырылатын сақтық шаралары Сізді жəне басқа адамдарды
жарақаттанудан, ал құрылғыңызды зақымданудан қорғайды.
•
Сонымен қатар, міндетті түрде қолданылатын барлық қосалқы құралдардың жинаққа
кіретін нұсқаулықтарын оқып шығыңыз.
Жарақаттану, тіпті өліп кету қаупі бар екенін
Абайлаңыз!
көрсетеді.
•
Жарқылдақты адамдардың көздеріне жақын қашықтықта пайдалануға болмайды.
Жарқылдақтан шығатын қарқындылығы жоғары жарық əсері көру қабілетінің нашарлауына
апаруы мүмкін. Əсіресе, балаларды түсіргенде, арақашықтық 1 метрден кем болмау керек.
•
Құрылғыны балалар мен жасөспірімдердің қолы жетпейтін жерде сақтау керек.
Бау: бала мойнына тағып алса, тұншығып қалуы мүмкін.
•
Тек ұсынылған қуат көзін пайдаланыңыз.
•
Құрылғыны бөлшектеуге, өзгертуге немесе қыздыруға болмайды.
•
Құрылғыны құлатып немесе соғып алмаңыз.
•
Құрылғы құлап қалса немесе басқаша зақымдалса, қауіпсіздік мақсатында оның ішкі
бөлшектерін ұстамаңыз.
•
Құрылғыдан түтін шығып тұрса, бөтен иіс шықса немесе дұрыс істемесе, оны
пайдаланбаңыз.
•
Жабдықты спирт, бензин немесе бояу еріткіші сияқты органикалық еріткіштермен
тазалауға болмайды.
•
Құрылғыға су (мысалы, теңіз суы) немесе басқа сұйықтық тимеу керек.
•
Камераның ішіне сұйықтық немесе бөтен заттар кіріп кетпесін.
Ток соғу немесе өрт шығу қаупі бар.
Камераның ішіне сұйықтық немесе бөтен заттар кіріп кетсе, оны дереу өшіріп, аккумуляторды
шығарыңыз.
Зарядтау құрылғысы суланса, дереу электр розеткасынан суырып,
камераның таратушысына немесе Canon компаниясының тұтынушыларды қолдау қызметіне
хабарласыңыз.
•
Тек ұсынылған аккумуляторды пайдаланыңыз.
•
Аккумуляторларды ашық оттың жанында қалдырмаңыз жəне отқа тастамаңыз.
•
Қуат кабелін уақытылы ток көзінен ажыратып, штепсельдік ұшта, электр розеткасының
ішкі бетінде жəне оның айналасына жиналып қалған шаң мен кірді құрғақ шүберекпен
сүртіп тұрыңыз.
•
Қуат кабелін су қолмен ұстамаңыз.
•
Құрылғыны пайдаланғанда, оның қуаты электр розеткасының немесе
байланыстырушы сымдардың номиналды жүктелу қабілетінен аспауын қадағалаңыз.
Қуат кабелі немесе штепсельдік ұшы зақымданған құрылғыны пайдаланбаңыз жəне
штепсельдік ұштың розеткаға толық кіріп тұруын қадағалаңыз.
•
Темір заттарды (мысалы, түйреуіш немесе кілт) түйіспелерге немесе штепсельдік
ұшқа тигізбеңіз жəне түйіспелер мен штепсельдік ұштың таза болуын қадағалаңыз.
Жарылыс орын алуы немесе аккумулятордан электролит ағып, ток соғуы немесе өрт шығуы
мүмкін. Бұл өз кезегінде жарақат алу жəне қоршаған ортаның зақымдануына себеп болуы
мүмкін. Аккумулятордан ағып шыққаннан электролит көзге, ауызға, теріге немесе киімге тисе,
дереу сумен шайып тастаңыз.
4
Сақтық шаралары
•
Пайдалануға тыйым салынған жерлерде камераны өшіріп қойыңыз.
Камера шығаратын электромагниттік толқындар электрондық құралдар немесе басқа
құрылғылардың жұмысына кедергі келтіруі мүмкін. Электрондық құрылғыларды пайдалануға
тыйым салынған жерлерде, мысалы, ұшақтар мен медициналық мекемелерде қажетті
қауіпсіздік шалаларын сақтаңыз.
•
Жинақпен берілген ықшам дискіні (немесе дискілерді) деректер жазылған ықшам
дискілерді ойнату функциясын қолдамайтын ойнатқышта ойнатуға əрекет
жасамаңыз.
Бұл ықшам дискілерді музыка ойнатқыштарында ойнатқанда, құлақаспаптардан шығатын
қатты дыбыстар есту қабілетін зақымдауы мүмкін. Оған қоса, мұндай ықшам дискілерді
музыка ойнатқыштарында ойнатудан динамиктер зақымдалуы мүмкін.
Жарақаттану қаупі бар екенін көрсетеді.
Ескерту
•
Камераны бауынан ұстағанда, оны соғып алмаңыз, шектен тыс механикалық
күш келтірмеңіз жəне қатты шайқамаңыз.
•
Камераны соғып алмаңыз жəне объективті қатты баспаңыз.
Жарақат алу немесе камераны бұзып алу қаупі бар.
•
Экранды қатты соғып алмаңыз.
Экран сынса, жарақат тудыруы мүмкін.
•
Суретке түсіргенде, жарқылдақты саусақтармен немесе киіммен жауып қалмаңыз.
Күйік орын алуы немесе жарқылдақ зақымдануы мүмкін.
•
Құрылғыны мына жерлерде қолдануға, қалдыруға жəне сақтауға болмайды:
- тікелей күн сəулесінің астында;
- температура 40 °C шамасынан асатын жерлерде;
- ылғалды немесе шаңды жерлерде.
Əйтпесе, аккумуляторлар қызып кетуі, жарылуы немесе олардан электролит ағуы жəне соның
нəтижесінде ток соғуы, өрт шығуы, күйіктер пайда болуы немесе басқа жарақат алынуы мүмкін.
Жоғары температура камера корпусының немесе зарядтау құрылғысының пішінін өзгертіп жіберуі
мүмкін.
•
Ұзақ қараса, кадрлардың слайд-шоу түрінде ауысу əсері дискомфорт туғызуы
мүмкін.
Құрылғыны зақымдау қаупі бар екенін білдіреді.
Ескерту
•
Камераны жарқын жарық көздеріне (мысалы, ашық күні күнге) қаратпаңыз.
Əйтпесе, кескін сенсоры зақымдалуы мүмкін.
•
Камераны жағажайда немесе желді жерлерде қолданғанда, оның ішіне шаң немесе
құм кіріп кетпеуін қадағалаңыз.
Кіріп кетсе, құрылғының жұмысында ақау пайда болуы мүмкін.
5
Сақтық шаралары
•
Əдеттегідей пайдаланылғанда, жарқылдақтан аздап түтін шығуы мүмкін.
Түтін жарқылдақтың жоғары қарқындылығымен оның линзасына түскен шаң жəне басқа
бөтен заттар жанғаннан болады. Жарқылдақ қызып кетпеуі немесе зақымдалмауы үшін, оған
түскен кір, шаң жəне басқа бөтен заттарды мақта таяқшасымен тазалап отырыңыз.
•
Камера қолданылмаған кезде, аккумуляторын шығарып, бөлек қойыңыз.
Аккумулятор камераның ішінде қалса, электролит ағып, камераны зақымдауы мүмкін.
•
Аккумуляторды тастамас бұрын, клеммаларын таспамен немесе басқа оқшаулау
материалымен жауып қойыңыз.
Металдан жасалған басқа заттармен үйкессе, өрт шығуы немесе жарылыс орын алуы мүмкін.
•
Зарядтап болған соң немесе оны пайдаланбағанда, зарядтау құрылғысын электр
розеткасынан ажыратып қойыңыз.
•
Зарядталып жатқанда, зарядтау құрылғысының үстіне ешнəрсе (мысалы, киім)
қоймаңыз.
Құрылғы электр розеткасына ұзақ уақыт қосылып тұрса, қызып жəне пішімін өзгертіп, соның
себебінен өрт шығуы мүмкін.
•
Аккумуляторды үй жануарлары жетіп алатын жерлерге қоймаңыз.
Жануар аккумуляторды тістеп алса, аккумулятордан электролит ағуы, ол қызып немесе атылып
кетуі, соның нəтижесінде өрт шығуы немесе зақым келтірілуі мүмкін.
•
Қалтаңызда камера болса, отырмаңыз.
Камера зақымдалуы немесе экраны бұзылуы мүмкін.
•
Камераны дорбаға салғанда, ондағы қатты заттар камераның экранына тимей тұру
керек.
•
Камераға қатты заттар тақпаңыз.
Камера зақымдалуы немесе экраны бұзылуы мүмкін.
6
Мазмұны
Жинақтың толық екенін тексеру ................................................................... 2
Ең алдымен мынаны оқыңыз........................................................................ 3
Сақтық шаралары.......................................................................................... 4
Бауды бекіту/камераны дұрыс ұстау жолы.................................................. 7
Аккумуляторды зарядтау .............................................................................. 8
Қолдауы бар жад карталары (бөлек сатылады) ....................................... 10
Аккумуляторды жəне жад картасын орнату .............................................. 10
Күнді жəне уақытты орнату......................................................................... 13
Тілді орнату.................................................................................................. 15
Жад карталарын пішімдеу
.......................................................................... 16
Ысырманы түсіру түймесін басу................................................................. 17
Фотосуреттер түсіру (Smart Auto)............................................................... 18
Кескіндерді көру........................................................................................... 21
Кескіндерді жою ........................................................................................... 22
Бейне фильмдерді түсіру............................................................................ 23
Бейне фильмдерді көру .............................................................................. 25
Кескіндерді көру үшін компьютерге жіберу................................................ 26
Қосалқы құралдар........................................................................................ 31
Бөлек сатылатын қосалқы құралдар.......................................................... 32
Бауды бекіту/камераны дұрыс ұстау жолы
•
Пайдаланып жатқанда камераны байқаусызда түсіріп алмау үшін, жинақпен
берілген бауды бекітіп, білегіңізге тағып алыңыз.
•
Суретке түсіргенде, камераны шеттерінен мықтап ұстап, шынтақтарыңызды
денеңізге қарай қысыңыз. Саусақтар жарқылдақты жауып қалмау керек.
Бау
7
Аккумуляторды зарядтау
Аккумуляторды зарядтау үшін жеткізілген жинақтағы зарядтау құрылғысын
пайдаланыңыз. Зарядталмаған түрде сатылатындықтан, аккумуляторды
міндетті түрде зарядтаңыз.
Қақпақты ашыңыз.
Аккумуляторды салыңыз.
z
Аккумулятор мен зарядтау құрылғысындағы
o
белгілерін келтіріп, аккумуляторды ішіне
қарай сырғытып ( ), салыңыз ().
Аккумуляторды зарядтаңыз.
z
CB-2LV үшін:
штепсельдік ұштың
түйіспелерін ашып (),зарядтау
құрылғысын электр розеткасына
CB-2LV
қосыңыз ().
z
CB-2LVE үшін:
қуат кабелін
зарядтау құрылғысына қосып, екінші ұшын
электр розеткасына жалғаңыз.
X
Зарядтау көрсеткіші қызыл сары түспен
жанып, аккумулятор зарядтала бастайды.
CB-2LVE
X
Зарядталып болғанда, көрсеткіштің түсі
жасылға ауысады. Зарядтау уақыты –
шамамен 1 сағат 30 минут.
Аккумуляторды шығарыңыз.
z
Зарядтау құрылғысын электр розеткасынан
ажыратып, аккумуляторды ішіне қарай
сырғытып (), шығарып алыңыз ().
Аккумуляторды қорғау жəне оның жарамдылық мерзімін ұзарту мақсатында
оны үздіксіз 24 сағаттан артық зарядтамаңыз.
8
Аккумуляторды зарядтау
Түсіруге болатын суреттер саны
Суреттер саны
Шамамен 220
Ойнату ұзақтығы
Шамамен 5 сағат
• Көрсетілген суреттер саны CIPA ассоциациясының өлшеу стандарты негізінде алынған.
• Кейбір түсіру жағдайларында кадрлар саны жоғарыда көрсетілгеннен аз болуы мүмкін.
Аккумуляторларда/қуат элементтерінде қалған заряд көрсеткіші
Аккумулятордың қалған заряды экранда белгішемен немесе хабармен көрсетіледі.
Дисплей Сипаттамасы
Жеткілікті заряд.
Аккумулятордың заряды тұтынылған, бірақ оның
көлемі жеткілікті.
(қызыл болып жыпылықтайды) Заряды бітуге жақын. Аккумуляторды зарядтаңыз.
«Поменяйте батарею/Батареяны
Аккумулятор отырған. Аккумуляторды зарядтаңыз.
ауыстырыңыз»
Аккумулятор мен зарядтау құрылғысын ұтымды пайдалану
•
Аккумуляторды пайданылатын күні немесе одан сəл бұрын зарядтаңыз.
Зарядталған аккумуляторлар қолданылмаса да, табиғи өзіндік разрядтан отырады.
Қақпақты зарядталған аккумулятордың үстіне қойғанда,
o
белгісі көрініп тұру керек.
•
Аккумуляторды ұзақ сақтау тəртібі.
Аккумуляторды отырғызып, камерадан шығарыңыз. Клеммалардың қақпағын жауып,
аккумуляторды бөлек қойыңыз. Зарядталмаған аккумуляторды ұзақ уақыт (1 жылдай)
сақтаса, оның жарамдылық мерзімі қысқаруы немесе сипаттамалары нашарлауы
мүмкін.
•
Зарядтау құрылғысын басқа елдерде де пайдалануға болады.
Зарядтау құрылғысын кернеуі 100 – 240 В айнымалы ток (50/60 Гц) болатын
аймақтарда қолдануға болады. Штепсельдік ұш розеткаға сəйкес келмесе, арнайы
адаптер сатып алыңыз. Шетелге шыққанда, электр трансформаторларын
қолданбаңыз — бұл құрылғыны зақымдайды.
•
Аккумулятор ісіп кетуі мүмкін.
Бұл ақау емес, аккумулятордың қалыпты жағдайы. Дегенмен, аккумулятор
камераға сыймайтындай көлемге дейін ісіп кетсе, Canon компаниясының
тұтынушыларды қолдау орталығына хабарласыңыз.
•
Аккумулятор зарядталғаннан кейін де тез отырса, оның жарамдылық мерзімі
аяқталғаны. Жаңа аккумулятор сатып алыңыз.
9
Қолдауы бар жад карталары (бөлек сатылады)
Төменде берілген карталарды көлемін шектемей қолдана беруге болады.
•
SD* жад карталары
•
SDHC* жад карталары
•
SDXC * жад карталары
•
MultiMediaCard жад карталары
•
MMCplus жад карталары
•
HC MMCplus жад карталары
•
Eye-Fi карталары
* Бұл жад картасы SD стандарттарына сəйкес келеді. Үлгісіне байланысты кейбір карталар
дұрыс істемеуі мүмкін.
Компьютердің амалдық жүйесіне байланысты SDXC жад карталары сатылатын
жад карталарын оқу құралдарымен де танылмауы мүмкін. Амалдық жүйе SDXC
жад карталарын қолдайтынын алдын ала тексеріп алыңыз.
Eye-Fi карталары туралы
Бұл құрылғы Eye-Fi картасының барлық функцияларын (соның ішінде сымсыз
жіберу) қолдай бермеуі мүмкін. Eye-Fi картасын пайдалануда қиындықтар болса,
картаның өндірушісімен кеңесіңіз.
Сонымен қатар, Eye-Fi картасын пайдалану үшін көп елдерде арнайы рұқсат
(рұқсатсыз картаны пайдалануға тыйым салынған) қажет екенін ескеріңіз. Бұл
картаны пайдалану рұқсаты бар ма екенін білу үшін, картаның өндірушісімен
кеңесіңіз.
Аккумуляторды жəне жад картасын орнату
Жинақпен берілген аккумуляторды жəне жад картасын (бөлек сатылады) салыңыз.
Жад картасындағы жазудан қорғау
тілшесінің орнын тексеріңіз.
z
Жад картасында жазудан қорғау тілшесі
болып, ол құлыптау қалпында тұрса, кескіндер
жазу мүмкін емес. Тілшені бекіткіште сырт
еткен дыбыс шыққанша жылжытыңыз.
Қақпақты ашыңыз.
z
Қақпақты жылжытыңыз () жəне оны
ашыңыз ().
10
Аккумуляторды жəне жад картасын орнату
Аккумуляторды салыңыз.
z
Аккумулятордың бекіткішін көрсеткі
бағытымен басып, аккумуляторды суретте
көрсетілгендей салыңыз, сырт еткен дыбыс
шығып, бекітілу керек.
z
Аккумуляторды міндетті түрде
дұрыс қаратып салыңыз – əйтпесе, орнына
бекітілмейді.
Түйіспелер Аккумулятордың
бекіткіші
Жад картасын салыңыз.
z
Жад картасын суретте көрсетілгендей
салыңыз, сырт еткен дыбыс шығу керек.
z
Жад картасының дұрыс салынғанын
тексеріңіз. Жад картасы дұрыс жағымен
салынбаса, камера зақымдалуы мүмкін.
Түйіспелер
Қақпақты жабыңыз.
z
Қақпақты жауып ( ), үстінен басыңыз
да, бекіткіштерде сырт ете қалғанша
жылжытыңыз ().
Экрандағы [Карта памяти блокирована/Жад картасы
құлыптанған] жазуының мағынасы қандай?
SD, SDHC, SDXC жад карталарында жəне Eye-Fi карталарында жазудан қорғау
тілшесі болады. Бұл тілше құлыптау қалпында тұрса, экранда [Карта памяти
блокирована/Жад картасы құлыптанған] хабары көрсетіліп, суретке түсіру жəне
кескіндерді жою мүмкін болмайды.
11
Аккумуляторды жəне жад картасын орнату
Аккумуляторды жəне жад картасын шығару
Аккумуляторды шығарыңыз.
z
Қақпақты ашып, аккумулятордың бекіткішін
көрсеткі бағытымен басыңыз.
X
Аккумулятор жоғары көтеріледі.
Жад картасын шығарыңыз.
z
Жад картасын басыңыз да, сырт еткен
дыбыс шыққанда жіберіңіз.
X
Жад картасы көтеріліп шығады.
Жад картасына жазуға болатын кескіндер саны
Жад картасы
4 Гбайт 16 Гбайт
Суреттер саны
Шамамен 1231 Шамамен 5042
• Əдепкі бойынша орнатылатын параметрлердің мəндері.
• Жазылатын кескіндер саны камераның параметрлеріне, түсірілетін нысанға жəне
пайдаланылатын жад картасына байланысты.
Қалған кадрлар санын тексеруге бола ма?
Қалған кадрлар санын камера түсіру режимінде тұрғанда тексеруге болады (18-бет).
Жад картасына жазуға болатын
кескіндердің шамаланған саны
12
Күнді жəне уақытты орнату
Камераны алғаш рет қосқанда, күнді/уақытты орнату экраны көрсетіледі.
Кескіндермен бірге жазылатын күн мен уақыт осы параметрлерге
негізделгендіктен, оларды міндетті түрде орнатыңыз.
Камераны қосыңыз.
z
ON/OFF түймесін басыңыз.
X
[Дата/Время/Күн/Уақыт] экраны пайда
болады.
Күн мен уақытты орнатыңыз.
z qr
түймелерімен қажетті мəнді таңдаңыз.
z op
түймелерімен қажетті мəнді таңдаңыз.
Орнатуды аяқтаңыз.
z m
түймесін басыңыз.
X
Күн мен уақытты орнатып болғанда, [Дата/
Время/Күн/Уақыт] экраны жабылады.
z
ON/OFF түймесін басқанда, камера өшеді.
[Дата/Время/Күн/Уақыт] экраны қайта пайда болады.
Дұрыс күн мен уақытты орнатыңыз. Күн мен уақыт орнатылмаған болса, [Дата/Время/
Күн/Уақыт] экраны камераны қосқан сайын шыға береді.
Жазғы уақытты орнату
2-қадамда белгішесі жəне
op
түймелерімен белгішесі таңдалған болса,
жазғы уақыт орнатылады (уақыт 1 сағат алға ауыстырылады).
13
Күнді жəне уақытты орнату
Күнді жəне уақытты өзгерту
Ағымдағы күн мен уақытты өзгертуге болады.
Мəзірді ашыңыз.
z n
түймесін басыңыз.
[Дата/Время/Күн/Уақыт] тармағын
таңдаңыз.
z
Масштабтау тетігін жылжытып,
3
қойындысын таңдаңыз.
z op
түймелерімен [Дата/Время/Күн/Уақыт]
тармағын таңдаңыз да, содан кейін
m
түймесін басыңыз.
Күн мен уақытты өзгертіңіз.
z
Параметрлерді 13-беттегі 2 жəне 3-тармаққа
сəйкес орнатыңыз.
z
Мəзірді жабу үшін
n
түймесін басыңыз.
Күнтізбе аккумуляторы
•
Камераның күнтізбе ішкі аккумуляторы (резервті қуат аккумуляторы) бар.
Ол орнатылған күн жəне уақыт мəліметін негізгі аккумуляторды шығарғаннан
кейінгі үш апта бойы орнатылған күн жəне уақыт мəліметін сақтап тұрады.
•
Зарядталған аккумуляторды орнатқанда немесе айнымалы ток адаптерін
(бөлек сатылады,
(32-бет)
) қосқанда, күнтізбе аккумуляторы камера өшіп тұрғанда
да 4 сағаттай зарядталады.
•
Күнтізбе аккумуляторы отырып қалса, камераны қосқанда, күн/уақыт экраны
көрсетіледі. Күн мен уақытты орнату үшін, 13-бетте берілген амалдарды
орындаңыз.
14
Тілді орнату
Экранда көрсетілетін мəтіннің тілін өзгертуге болады.
Ойнату режиміне өтіңіз.
z 1
түймесін басыңыз.
Параметрлерді орнату экранын
ашыңыз.
z m
түймесін басып тұрып, бірден
n
түймесін басыңыз.
Тілді орнатыңыз.
z opqr
түймелерімен тілді таңдаңыз да,
содан кейін
m
түймесін басыңыз.
X
Тілді орнатып болғанда, параметрлерді
орнату экраны жабылады.
m
түймесін басқанда, сағат көрсетілсе не істеу керек?
2-қадамда
жəне
n
түймелерін басқанда, арасындағы уақыт тым ұзақ болса,
m
сағат көрсетіледі. Сағат көрсетілсе, оны экраннан алу үшін
m
түймесін басыңыз
да, қайтадан 2-қадамды орындаңыз.
Экран мəтінінің тілін
n
түймесін басып,
3
қойындысында [Язык/Тіл]
тармағын таңдау арқылы да өзгертуге болады.
15
Жад карталарын пішімдеу
Жаңа немесе басқа құрылғыда пішімделген жад картасын қолданбас бұрын, ол
картаны камерада пішімдеу керек. Жад картасын пішімдегенде (баптағанда), ондағы
деректердің бəрі жойылады. Өшірілген деректер қалпына келтірілмейді, сондықтан
картаны пішімдемес бұрын міндетті түрде онда не бар екенін тексеріңіз.
Eye-Fi картасын пішімдемес бұрын ([Руководство пользователя камеры/Камера
пайдаланушысының нұсқаулығы] қараңыз), компьютерге міндетті түрде картадағы
бағдарламалық құралды орнатып алыңыз.
Мəзірді ашыңыз.
z n
түймесін басыңыз.
[Формат/Пішім] тармағын таңдаңыз.
z
Масштабтау тетігін жылжытып,
3
қойындысын таңдаңыз.
z op
түймелерімен [Формат/Пішім]
тармағын таңдаңыз да, содан кейін
m
түймесін басыңыз.
[OK] тармағын таңдаңыз.
z qr
түймелерімен [OK] тармағын таңдаңыз
да, содан кейін
m
түймесін басыңыз.
Жад картасын пішімдеңіз.
z op
түймелерімен [OK] тармағын таңдаңыз
да, содан кейін
m
түймесін басыңыз.
X
Жад картасы пішімделеді.
16
Ысырманы түсіру түймесін басу
Пішімдеуді аяқтаңыз.
X
Пішімделіп болғанда, экранда
[Форматирование карты памяти завершено/
Жад картасы пішімделді] хабары көрсетіледі.
z
m
түймесін басыңыз.
Жад картасын пішімдегенде немесе оның ішіндегі деректерді жойғанда,
файлдарды басқару деректері ғана өзгереді, яғни жад картасындағы
деректердің толық жойылатынына кепіл жоқ. Жад картасын тасымалдағанда
немесе қоқысқа тастағанда, абай болыңыз. Жад картасын қоқысқа тастағанда
жеке ақпаратыңыз ашылып қалмау үшін, сақтық шараларын орындаңыз,
мысалы, картаны физикалық түрде жойыңыз.
• Пішімдеу экранында көрсетілетін жад картасының көлемі картада
көрсетілген мəннен аз болуы мүмкін.
• Камера дұрыс істемей тұрғанда, жад картасынан деректерді оқу жəне оған
кескіндерді жазу, сериялық түсіру жылдамдығы азайғанда немесе бейне
фильмдер кенеттен тоқтағанда, жад картасына төмен деңгейлі пішімдеу
([Руководство пользователя камеры/Камера пайдаланушысының
нұсқаулығы] қараңыз) əрекетін жасаңыз.
Ысырманы түсіру түймесін басу
Анық кескіндерді түсіру үшін алдымен ысырманы түсіру түймесін сəл ғана басып
(жартылай) дəлдеңіз, содан кейін толық басып, суретті түсіріңіз.
Жартылай басыңыз
(дəлдеу
мақсатымен сəл ғана).
z
Екі дыбыстық сигнал беріліп, камера
дəлденген нүктелерде автодəлдеу
жақтаулары пайда болғанша, ақырын
басып тұрыңыз.
Толық басыңыз
(сурет түсірілу үшін,
тақалғанша).
X
Камерадан ысырманың жабылған дыбысы
шығып, кадр түсіріледі.
z
Ысырма жабылуының дыбысы шыққанда
кадр түсірілетіндіктен, камераны
қозғалтпаңыз.
17
Фотосуреттер түсіру (Smart Auto)
Ысырма түскенде шығатын дыбыстық сигналдың ұзақтығы
өзгере ме?
•
Түсіру үшін қажетті уақыт сюжетке байланысты болғандықтан, ысырма түскенде
шығатын дыбыстық сигналдың ұзақтығы өзгеруі мүмкін.
•
Ысырма түскенде шығатын дыбыстық сигнал берілгенде, камера немесе нысан
қозғалса, түсірілген кескін анық шықпауы мүмкін.
Ысырманы түсіру түймесін алдымен жартылай баспай, бірден толық басса,
кескін нақты болмауы мүмкін.
Фотосуреттер түсіру (Smart Auto)
Камераның түсірілетін нысан мен түсіру жағдайларын анықтау мүмкіндігі бар
болғандықтан, ол сюжеттің оңтайлы параметрлерін автоматты түрде таңдайды.
Сіз кадрды түсірсеңіз болды. Оған қоса, түстер мен жарқындықтың оңтайлы
мəндерін бере отырып, камера беттерді анықтап, оларға дəлденеді.
Камераны қосыңыз.
z
ON/OFF түймесін басыңыз.
X
Бастапқы экран ашылады.
A
режиміне өтіңіз.
z
Режимді ауыстыру қосқышын
A
күйіне
қойыңыз.
z
Камера нысанға бағытталғанда, одан
сюжетті анықтағанда шығатын əлсіз шу
естіледі.
X
Экранның жоғарғы оң жақтағы бұрышында
анықталған сюжет белгішесі көрсетіледі.
X
Камера табылған нысандарға дəлденіп,
оларда жақтаулар пайда болады.
18
Фотосуреттер түсіру (Smart Auto)
Кадрдың композициясын таңдаңыз.
z
Масштабтау тетігін
i
бағытымен
жылжытқанда (телефото күйі), нысан
жақындап, ұлғайтылып көрсетіледі.
Масштабтау тетігін
j
бағытымен
Масштабтау шкаласы
жылжытқанда (кең бұрышты күй), нысан
алыстап, кішірейтіліп көрсетіледі. (Экранда
масштабтау күйін көрсететін масштабтау
шкаласы пайда болады.)
Дəлдеңіз.
z
Дəлдеу үшін, ысырманы түсіру түймесін
жартылай басыңыз.
X
Дəлдеп болған соң камера екі дыбыстық
сигнал беріп, дəлдеу нүктелерінде
автодəлдеу жақтаулары пайда болады.
Камера бірнеше нүктеге дəлденсе, бірнеше
автодəлдеу жақтауы көрсетіледі.
Автодəлдеу жақтауы
Суретке түсіріңіз.
z
Толық түсіру үшін, ысырманы түсіру
түймесін басыңыз.
X
Камерадан ысырманың жабылған дыбысы
шығып, кадр түсіріледі. Жарық жетпеген
жағдайда автоматты түрде жарқылдақ
қосылады.
X
Кескін экранда 2 секундтай тұрады.
z
Ысырманы түсіру түймесін қайта басса,
экранда кескін көрсетіліп тұрса да, келесі
кадрды түсіре беруге болады.
19
Фотосуреттер түсіру (Smart Auto)
Егер...
•
Егер суреттердің түстері мен жарықтығы күтілген нəтижемен сəйкес
келмесе ше?
Экранда көрсетілетін сюжет белгішесі ([Руководство пользователя камеры/
Камера пайдаланушысының нұсқаулығы] қараңыз) нақты сюжетке сəйкес келмеуі
мүмкін. Мұндай жағдайда
G
режимінде түсіріп көріңіз ([Руководство
пользователя камеры/Камера пайдаланушысының нұсқаулығы] қараңыз).
•
Егер камераны нысанға бағыттағанда, ақ жəне сұр жақтаулар пайда болса ше?
Камера басты нысан деп анықтаған беттің айналасында ақ жақтау, ал басқаларында
сұр жақтаулар пайда болады. Жақтаулар белгілі бір шектеумен нысанның артынан
жүреді.
Бірақ нысан қозғалғанда, сұр жақтаулар жоғалып, ақ жақтау ғана қалады.
•
Егер түсірілетін нысанда ақ жақтау пайда болмаса ше?
Нысан анықталмай, жақтаулар артқы фонның нүктелерінде көрсетілуі мүмкін.
Мұндай жағдайда
G
режимінде түсіріп көріңіз ([Руководство пользователя
камеры/Камера пайдаланушысының нұсқаулығы] қараңыз).
•
Егер ысырманы түсіру түймесін жартылай басқанда, көк жақтау пайда болса ше?
Қозғалып тұрған нысан анықталғанда, көк жақтау көрсетіледі; дəлдеу мен
экспозиция оған тəуелді өзгеріп отырады (Еретін AF).
•
Егер жыпылықтаған белгішесі көрсетілсе ше?
Камераның қозғалуынан кескіндер анық болмай шықса, оны үштағанға орнатыңыз.
•
Егер камера ешқандай дыбыстық сигнал шығармаса ше?
Камераны қосқанда
p
түймесін басып тұрса, барлық дыбыстық сигналдар өшіп
қалады. Дыбыстарды қосу үшін
n
түймесін басып,
3
қойындысынан [Тихо/
Үнсіз] тармағын таңдаңыз, содан кейін
qr
түймелерінің көмегімен [Выкл./Өшіру]
мəнін таңдаңыз.
•
Кескін жарқылдақ қосылса да күңгірттеніп шықса ше?
Нысан тым алыс орналасқан, сондықтан жарқылдақтың жарығы оған жетпейді.
Жарқылдақтың əсер беретін радиусы, 50 см – 3,5 м - ең кең бұрышты қалыпта
(
j
) жəне шамамен 90 см – 2,0 м - ең жоғары деңгейлі телефото қалпында (
i
).
•
Егер ысырманы түсіру түймесін жартылай басқанда, бір дыбыстық сигнал
берілсе ше?
Нысанмен арадағы қашықтық тым қысқа болуы мүмкін. Камераның объективі
ең кең бұрышты қалыпта (
j
) тұрса, объективтен алыстаңыз. Оған дейінгі
арақашықтық 3 см шамасынан аз болмау керек. Енді түсіре беруге болады.
Камераның объективі ең жоғары деңгейлі телефото қалпында (
i
) тұрса,
объективтен алыстаңыз. Оған дейінгі арақашықтық шамамен 90 см болу керек.
•
Егер ысырманы түсіру түймесін жартылай басқанда, жарық жанса ше?
«Қызыл көз» əсерін азайтып, жарық жетпейтін жерлерде дəлдеу оңай болу үшін,
жарық жануы мүмкін.
•
Егер түсірейін дегенде,
h
белгішесі жыпылықтаса ше?
Жарқылдақ зарядталады. Зарядталып болғанда, түсіре беруге болады.
20
Кескіндерді көру
Экранның жоғарғы оң жақ бұрышындағы белгіше нені білдіреді?
Экранның жоғарғы оң жақтағы бұрышында анықталған сюжет белгішесі көрсетіледі.
Көрсетілетін белгішелер туралы толық ақпаратты «Значки сюжетов/Сюжет
белгішелері» тарауынан қараңыз ([Руководство пользователя камеры/Камера
пайдаланушысының нұсқаулығы] қараңыз).
Дəлденетін нысанды таңдау (Алып жүретін AF)
o
түймесін басып, жақтауы көрінген соң, камераны жақтауы дəлденетін
нысанда тұратындай ұстаңыз. Ысырманы түсіру түймесін жартылай басып, сол
күйінде көк жақтау пайда болғанша ұстап тұрыңыз. Сол жақтау бойынша дəлдеу
жəне экспозиция орындалады (Еретін AF). Толық түсіру үшін, ысырманы түсіру
түймесін басыңыз.
Кескіндерді көру
Түсірілген кескіндерді экраннан көруге болады.
Көрсету режиміне өтіңіз.
z 1
түймесін басыңыз.
X
Соңғы түсірілген кескін көрсетіледі.
Кескінді таңдаңыз.
z
q
түймесін басқанда, ең жаңасынан ең ескісіне
дейінгі кескіндер айналымы көрсетіледі.
z
r
түймесін басқанда, ең ескісінен ең жаңасына
дейінгі кескіндер айналымы көрсетіледі.
z qr
түймелерінің біреуін басып тұрса,
кескіндер бір қатармен көрсетіліп, керегі тез
табылады.
m
түймесін басқанда, бір кескінді
көрсету режимі қалпына келеді ([Руководство
пользователя камеры/Камера
пайдаланушысының нұсқаулығы] қараңыз).
z
Объектив шамамен 1 минуттан кейін жабылады.
z
Объектив жабық тұрғанда,
1
түймесін
қайта басса, камера өшеді.
Түсіру режиміне өту
Көрсету режимінде ысырманы түсіру түймесін жартылай басса, камера түсіру
режиміне өтеді.
21
Кескіндерді жою
Кескіндерді бір-бірден таңдап жоюға болады. Жойылған кескіндерді қалпына
келтіру мүмкін емес екенін есіңізде сақтаңыз. Кескіндерді жойғанда, абай
болыңыз.
Көрсету режиміне өтіңіз.
z 1
түймесін басыңыз.
X
Соңғы түсірілген кескін көрсетіледі.
Жойылатын кескіндерді таңдаңыз.
z qr
түймелерімен экраннан жойылатын
кескінді таңдаңыз.
Кескінді жойыңыз.
z
m
түймесін басып,
op
түймелерімен
a
белгішесін таңдаңыз да, қайтадан
m
түймесін басыңыз.
X
Экранда [Стереть?/Жою керек пе?] деген
сұрақ пайда болады.
z qr
түймелерімен [Стереть/Жою] тармағын
таңдаңыз да, содан кейін
m
түймесін
басыңыз.
X
Көрсетілген кескін жойылады.
z
Кескінді жоймай, көрсетілген экраннан шығу
үшін,
qr
түймелерінің көмегімен [Отмена/
Бас тарту] тармағын таңдап, содан кейін
m
түймесін басыңыз.
22
Бейне фильмдерді түсіру
Камера нысан параметрлерін жəне түсіру жағдайларын анықтап, осы эпизод үшін
қолайлы параметрлерді таңдайды. Дыбыс стереофондық режимде жазылады.
Ұзақ түсіргенде, камера қызып кетуі мүмкін. Бұл ақаулық болып табылмайды.
A
режимін таңдаңыз.
z
Режимді ауыстыру қосқышын
A
күйіне
қойыңыз.
Қалған уақыт
Кадрдың композициясын таңдаңыз.
z
Масштабтау тетігін
i
бағытымен
жылжытқанда, нысан жақындап, ұлғайтылып
көрсетіледі. Масштабтау тетігін
j
бағытымен жылжытқанда, нысан алыстап,
кішірейтіліп көрсетіледі.
Кескінді түсіріңіз.
z
Бейнеге түсіру түймесін басыңыз.
X
Экранның жоғарғы жəне төменгі жағында қара
жолақтар пайда болады. Бұл аймақтар
жазылмайды.
Өткен уақыт
X
Камерадан бір дыбыстық сигнал шығып, түсіру
басталады да, экранда [ ЗАП/ЖАЗУ]
белгішесі мен жазбаның өткен уақыты
көрсетіледі.
z
Түсіруді бастағаннан кейін ысырманы түсіру
түймесін жіберіңіз.
z
Түсіру барысында кадр композициясы
өзгерсе, дəлдеу, жарықтық пен түсті өң
автоматты түрде реттеледі.
23
Бейне фильмдерді түсіру
z
Түсіріп жатқанда, микрофондарды
Микрофондар
ұстамаңыз.
z
Түсіріп жатқанда, бейнеге түсіру түймесінен
басқа түймелерді баспаңыз. Түймелерді
басқаннан шығатын дыбыстар бейне
фильмге жазылып кетеді.
Түсіруді тоқтатыңыз.
z
Бейнеге түсіру түймесін қайта басыңыз.
X
Камера дыбыстық сигнал беріп, бейне
фильм жазбасы аяқталады.
X
Бейне фильм жад картасына жазылады.
X
Жад картасы толғанда, жазба автоматты
түрде тоқтатылады.
Түсіру барысында масштабтау
Түсіру барысында масштабтау түймелерін басса, нысан ұлғайтылады немесе
кішірейтіледі. Бірақ бұл кезде жасалған əрекеттердің дыбысы да жазылып кетеді.
•
Режим ауыстырғышы
A
күйінде тұрғанда, анықталған сюжет белгішесі
көрсетіледі ([Руководство пользователя камеры/Камера
пайдаланушысының нұсқаулығы] қараңыз). Бірақ [Если двигается/Жылжыса]
белгішелері көрсетілмейді. Кейбір жағдайларда көрсетілген белгіше нақты
сюжетке сəйкес келмеуі мүмкін.
• Түсіру барысында кадр композициясы өзгертіліп, ақ түс балансы сəйкес
келмей қалса, бейнеге түсіру түймесін басып жазуды тоқтатыңыз, содан
кейін қайта жалғастырыңыз
( кескін сапасы орнатылған жағдайда ғана
([Руководство пользователя камеры/Камера пайдаланушысының
нұсқаулығы] қараңыз)).
•
Режимдерді ауыстыру қосқышы
4
күйінде тұрмаса да, бейнеге түсіру
түймесін басып бейне фильмдер түсіре беруге болады ([Руководство
пользователя камеры/Камера пайдаланушысының нұсқаулығы] қараңыз).
Түсіру уақыты
Жад картасы
4 Гбайт 16 Гбайт
Түсіру уақыты
Шамамен 14 мин 34 с Шамамен 59 мин 40 с
• Түсіру уақытының мəндері əдепкі бойынша орнатылған параметрлерге арналған.
• Бейне клиптің ең көп ұзақтығы – шамамен 10 мин.
• Кейбір жад карталарымен жазба бейне клиптің ең көп ұзақтығына жетпей тоқтап қалуы мүмкін.
Жылдамдығы Speed Class 6 немесе одан жоғары SD жад карталарын пайдалану ұсынылады.
24
Бейне фильмдерді көру
Түсірілген бейне фильмдерді экраннан көруге болады.
Көрсету режиміне өтіңіз.
z 1
түймесін басыңыз.
X
Соңғы түсірілген кескін көрсетіледі.
X
Бейне фильмдер белгішесімен
таңбаланады.
Бейне фильмді таңдаңыз.
z qr
түймелерімен бейне фильмді таңдаңыз
да, содан кейін
m
түймесін басыңыз.
Бейне фильмді ойнатыңыз.
z op
түймелерімен белгішесін таңдаңыз
да, содан кейін
m
түймесін басыңыз.
X
Бейне фильм ойнатылады.
z m
түймесін басса, бейне фильм уақытша
тоқтатылып, бейне фильмді басқару тақтасы
пайда болады. Əрі қарай ойнату үшін,
qr
түймелерімен (Көрсету) белгішесін
таңдап,
m
түймесін басыңыз.
z
Дыбыс деңгейін реттеу үшін,
op
түймелерін қолданыңыз.
X
Бейне фильм аяқталғанда, белгішесі
көрсетіледі.
25
Кескіндерді көру үшін компьютерге жіберу
Бейне фильмдер компьютерде қалай көрсетіледі?
Жинақпен берілген бағдарламалық құралды орнатыңыз (27-бет).
•
Бейне фильмді көргенде, компьютердің экранында кадрлар көрсетілмей қалуы,
біркелкі ойнатылмауы жəне кенеттен дыбыс жоғалуы мүмкін – бұл компьютердің
сипаттамаларына байланысты.
•
Жинақпен берілген бағдарламалық құрал көмегімен бейне фильмді қайтадан жад
картасына көшірсе, камерада ол кедергісіз көрсетіледі. Көруге ыңғайлы болу үшін,
камераны теледидарға қосуға болады.
Кескіндерді көру үшін компьютерге жіберу
Камерамен түсірілген кескіндерді көру үшін компьютерге жібергенде, жинақпен
берілген бағдарламалық құралды пайдалануға болады. Басқа Canon сандық
камерасының жинағымен келген бағдарламалық құрал пайдаланылып келсе,
жаңа жинақ ықшам дискісіндегі бағдарламалық құралды орнатып, ағымдағы
нұсқаның үстінен жазыңыз.
Жүйеге қойылатын талаптар
Windows
Амалдық жүйе
Windows 7
Windows Vista Service Pack 1 жəне 2
Windows XP Service Pack 3
Компьютердің
Жоғарыда берілген амалдық жүйелер өндірілген зауытта USB порттары
үлгісі
кірістірілген компьютерлерге орнатылған болу керек
Процессор
Pentium 1,3 ГГц немесе одан мықты (фотосуреттер), Core 2 Duo 2,6 ГГц
немесе одан мықты (бейне фильмдер)
Жедел жазу
Windows 7 (64 разрядтық): 2 Гбайттан кем емес
құрылғысы
Windows 7 (32 разрядтық), Windows Vista (64 разрядтық, 32 разрядтық):
1 Гбайттан кем емес (фотосуреттер), 2 Гбайттан кем емес (бейне
фильмдер)
Windows XP: 512 Мбайттан кем емес (фотосуреттер), 2 Гбайттан кем емес
(бейне фильмдер)
Интерфейс
USB
Қатты дискідегі
ZoomBrowser EX: 200 Мбайттан кем емес
бос орын
CameraWindow: 150 Мбайттан кем емес*
YouTube торабына арналған Movie Uploader: 30 Мбайттан кем емес
PhotoStitch: 40 Мбайттан кем емес
Дисплей 1024 x 768 пиксел немесе одан жоғары
* Windows XP амалдық жүйесі үшін Microsoft .NET Framework платформасының 3.0 немесе
одан жаңа нұсқасын орнату керек (ең көбі 500 Мбайт). Компьютердің сипаттамаларына
байланысты орнату үрдісі біраз уақыт алуы мүмкін.
26
Кескіндерді көру үшін компьютерге жіберу
Macintosh
Амалдық жүйе
Mac OS X (v10.5 – v10.6)
Компьютердің үлгісі Жоғарыда берілген амалдық жүйелер өндірілген зауытта USB порттары
кірістірілген компьютерлерге орнатылған болу керек
Процессор
Intel процессоры (фотосуреттер), Core 2 Duo 2,6 ГГц немесе одан
мықты (бейнефильмдер)
Жедел жазу
Mac OS X v10.6: 1 Гбайттан кем емес (фотосуреттер), 2 Гбайттан кем
құрылғысы
емес (бейне фильмдер)
Mac OS X v10.5: 512 Мбайттан кем емес (фотосуреттер), 2 Гбайттан
кем емес (бейне фильмдер)
Интерфейс
USB
Қатты дискідегі бос
ImageBrowser: 250 Мбайттан кем емес
орын
CameraWindow: 150 Мбайттан кем емес
YouTube торабына арналған Movie Uploader: 30 Мбайттан кем емес
PhotoStitch: 50 Мбайттан кем емес
Дисплей 1024 x 768 пиксел немесе одан жоғары
Дайындық
Берілген түсіндірмелерде Windows Vista жəне Mac OS X (v10.5) амалдық
жүйелерінің мысалдары алынады.
Бағдарламалық құралды орнатыңыз.
Windows
Компьютердің ықшам дискілерге арналған
жетегіне ықшам дискіні салыңыз.
z
Компьютердің ықшам дискілерге арналған
жетегіне жинақпен берілген ықшам дискіні
(DIGITAL CAMERA Solution Disk) (2-бет)
салыңыз.
Орнату үрдісін бастаңыз.
z
Тінтуірмен [Easy Installation/Қарапайым
орнату] тармағын таңдап, экранда
көрсетілген нұсқаулар бойынша орнатуды
жалғастыра беріңіз.
z
[User Account Control/Есептік жазбаларды
басқару] терезесі ашылса, жалғастыру үшін
экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
27
Кескіндерді көру үшін компьютерге жіберу
Орнату аяқталғанда, тінтуірмен [Restart/
Қайта қосу] немесе [Finish/Дайын]
түймесін басыңыз.
Ықшам дискіні шығарыңыз.
z
Жұмыс үстелінің экраны пайда болғанда,
ықшам дискіні шығарыңыз.
Macintosh
Компьютердің ықшам дискілерге арналған
жетегіне ықшам дискіні салыңыз.
z
Компьютердің ықшам дискілерге арналған
жетегіне жинақпен берілген ықшам дискіні
(DIGITAL CAMERA Solution Disk) (2-бет)
салыңыз.
Орнату үрдісін бастаңыз.
z
Ықшам дискідегі белгішесін тінтуірмен
2 рет басыңыз.
z
Тінтуірмен [Install/Орнату] тармағын
таңдап,экранда көрсетілген нұсқаулар
бойынша орнатуды жалғастыра беріңіз.
Камераны компьютерге жалғаңыз.
z
Камераны өшіріңіз.
z
Қақпақты ашып, кабельдің кішірек ұшын
(2-бет) камерадағы суретте көрсетілген
бағытта ұяға жалғаңыз.
z
Интерфейс кабелінің үлкен ұшын
компьютерге жалғаңыз. Жалғау туралы
толық ақпаратты компьютердің
пайдаланушы нұсқаулығынан қараңыз.
Камераны қосыңыз.
z
Камераны қосу үшін
1
түймесін басыңыз.
28
Кескіндерді көру үшін компьютерге жіберу
CameraWindow бағдарламасын
ашыңыз.
Windows
z
[Downloads Images From Canon Camera
using Canon CameraWindow/Canon
CameraWindow бағдарламасымен Canon
камерасынан кескіндерді жүктеу] түймесін
басыңыз.
X
CameraWindow терезесі ашылады.
z
CameraWindow терезесі ашылмаса,
тінтуірмен [Start/Бастау] мəзірін басып,
[All Programs/Барлық бағдарламалар],
содан кейін [Canon Utilities], [CameraWindow]
жəне [CameraWindow] тармақтарын
таңдаңыз.
Macintosh
X
Камера мен компьютерді қосқаннан кейін
CameraWindow терезесі ашылады.
z
CameraWindow терезесі ашылмаса,
тінтуірмен Dock тақтасындағы (жұмыс
үстелінің төменгі жағында шығатын тақта)
CameraWindow белгішесін басыңыз.
Windows 7 амалдық жүйесінде CameraWindow бағдарламасын ашу үшін
төмендегі қадамдарды орындаңыз.
Тапсырмалар тақтасындағы белгішесін басыңыз.
Бағдарламаны өзгерту үшін, ашылған терезеде сілтемесін басыңыз.
[Downloads Images From Canon Camera using Canon CameraWindow/Canon
CameraWindow бағдарламасымен Canon камерасынан кескіндерді жүктеу]
тармағын таңдап, [OK] түймесін басыңыз.
белгішесін екі рет басыңыз.
29
Кескіндерді көру үшін компьютерге жіберу
Кескіндерді жіберу жəне көру
z
[Import Images from Camera/Камерадан
кескіндерді импорттау], содан кейін [Import
Untransferred Images/Жіберілмеген
кескіндерді импорттау] түймесін басыңыз.
X
Компьютерге бұған дейін жіберілмеген
барлық кескіндер жіберіледі. Жіберілген
кескіндер түсірілген күні бойынша
сұрыпталып, «Pictures/Кескіндер»
қалтасына салынған бөлек қалталарға
жазылады.
z
Кескіндерді жіберіп болған соң,
CameraWindow бағдарламасын жабыңыз.
z
Камераны өшіріп, кабельді ажыратыңыз.
z
Кескіндерді компьютер арқылы көру туралы
толық мəліметтерді [Руководство
по программному обеспечению/
Бағдарламалық құрал туралы нұсқауллық]
қараңыз.
Кескіндерді жинақпен берілген бағдарламалық құралдың кескіндерді жіберу
функциясын пайдаланбай, жай ғана камераны компьютерге жалғау арқылы
жіберуге болады.
Бірақ онда шектеулер болады.
• Камераны компьютерге жалғағанда, кескіндерді бірнеше минуттан кейін
ғана жіберуге болады.
• Тік етіп түсірілген кескіндер көлденең қалыпта жіберілуі мүмкін.
• Компьютерге жібергенде, кескіндерді қорғау параметрлері жоғалуы мүмкін.
• Пайдаланылатын амалдық жүйеге
, файл көлеміне жəне бағдарламалық
құралға байланысты кескіндерді немесе кескін туралы ақпаратты жіберу
барысында ақаулық орын алуы мүмкін.
• Жинақпен берілген бағдарламалық құралдың кейбір функциялары істемеуі
мүмкін, мысалы: бейне фильмдерді өңдеу жəне кескіндерді камераға
жіберу.
30
Қосалқы құралдар
Камерамен жеткізілетін жинақ
WS-DC11 білекке
Клеммалар қақпағы бар
CB-2LV/CB-2LVE
тағылатын бауы
NB-4L аккумуляторы*
зарядтау құрылғысы*
AVC-DC400ST стереофондық
DIGITAL CAMERA
дыбыс/бейне кабелі*
Solution Disk ықшам дискі
Интерфейс кабелі
IFC-400PCU*
*Бөлек те сатылады.
Жад картасы
Карталарды оқитын USB-құрылғы
Windows/
Macintosh
PictBridge-үйлесімді Canon принтерлері
Теледидар
HTC-100 HDMI-кабелі
Айқындығы жоғары теледидар
31
Бөлек сатылатын қосалқы құралдар
Камераның төмендегі қосалқы құралдары бөлек сатылады. Кейбір қосалқы
құралдар аймақтардың бірқатарында сатылмайды немесе сатудан алынған
болуы мүмкін.
Қуат көздері
CB-2LV/CB-2LVE зарядтау құрылғысы
z
NB-4L аккумуляторын зарядтауға арналған
зарядтау құрылғысы.
NB-4L аккумуляторы
z
Қайта зарядталатын литий-ион
аккумуляторы.
ACK-DC60 айнымалы ток адаптері
z
Бұл жинақ тұрмыстық электр желісінен келетін
қуатпен қамтамасыз етеді. Ұзақ қолданғанда,
не болмаса, компьютерге немесе принтерге
жалғағанда камераның қуат көзі ретінде
ұсынылады. Камераның ішіндегі
аккумуляторды зарядтау үшін қолдануға
жарамайды.
Сонымен қатар, ACK-DC10 айнымалы ток адаптерін пайдалануға болады.
Қосалқы құралдарды шетелде пайдалану
Зарядтау құрылғысын жəне айнымалы ток адаптерін кернеуі 100 – 240 В айнымалы
ток (50/60 Гц) болатын аймақтарда қолдануға болады.
Штепсельдік ұш розеткаға сəйкес келмесе, жалғастырғыш тетік сатып алыңыз.
Шетелге шыққанда, электр трансформаторларын қолданбаңыз – құрылғыны
зақымдайды.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
АККУМУЛЯТОРДЫҢ ДҰРЫС ТҮРІ САЛЫНБАСА, АТЫЛУ ҚАУПІ БАР. ҚОЛДАНЫЛҒАН
АККУМУЛЯТОРЛАРДЫ ЖЕРГІЛІКТІ ЗАҢДАРДЫҢ ТАЛАПТАРЫНА СƏЙКЕС ТАСТАҢЫЗ.
32
Бөлек сатылатын қосалқы құралдар
Басқа қосалқы құралдар
HTC-100 HDMI-кабелі
z
Бұл кабель камераны айқындығы жоғары
™
теледидардың HDMI
ұясына қосу қызметін
атқарады.
WP-DC41 су өткізбейтін қабы
z
Бұл қап судың астында 40 м тереңдікте
немесе жаңбыр жауып тұрғанда, жағажайда
жəне шаңғы тебетін таулы жерлерде түсіру
мүмкіндігін береді.
WP-DC320L су өткізбейтін қабы
z
Бұл қап судың астында 3 м тереңдікте
немесе жаңбыр жауып тұрғанда, жағажайда
жəне шаңғы тебетін таулы жерлерде түсіру
мүмкіндігін береді.
Принтерлер
PictBridge-үйлесімді Canon принтерлері
z
Камераны PictBridge-үйлесімді Canon
принтеріне қосу арқылы суреттерді
компьютерді қолданбай басып шығаруға
болады.
SELPHY сериясы
Қосымша ақпаратты ең жақын Canon
дилерінен алыңыз.
Тізбектік принтерлер
33
Бөлек сатылатын қосалқы құралдар
Canon компаниясының түпнұсқа қосалқы құралдарын пайдалану ұсынылады.
Берілген бұйым Canon компаниясының түпнұсқа қосалқы құралдарымен бірге қолданылу
үшін оңтайландырылған. Canon компаниясы басқа өндірушілердің қосалқы құралдарының
жұмысындағы ақаулар (мысалы, аккумулятордан электролиттің ағуы жəне/немесе оның
жарылуы) нəтижесінде болған бұйымның зақымдалуы жəне/немесе жанып кетуі сияқты
жағдайлар үшін жауапты болмайды. Кепілдіктің басқа өндірушілердің қосалқы
құралдарының жұмысынан болған ақауды жөндеу жұмыстарын қамтымайтынын ескеріңіз,
бірақ
ондай жөндеуді қосымша ақыға жасауға болады.
Сауда белгілері
•
SDXC логотипі SD-3C, LLC корпорациясының сауда белгісі болып табылады.
•
Берілген құрылғыда Microsoft корпорациясы лицензиялаған exFAT
технологиясы пайдаланылады.
•
HDMI, High-Definition Multimedia Interface жəне HDMI логотипі – HDMI Licensing
LLC корпорациясының сауда белгілері.
MPEG-4 технологиясын лицензиялау туралы
This product is licensed under AT&T patents for the MPEG-4 standard and may be
used for encoding MPEG-4 compliant video and/or decoding MPEG-4 compliant video
that was encoded only (1) for a personal and non-commercial purpose or (2) by a
video provider licensed under the AT&T patents to provide MPEG-4 compliant video.
No license is granted or implied for any other use for MPEG-4 standard.
* Талаптарға сəйкес ағылшын тілінде берілген.
34
canon-europe.com
you can
canon-europe.com