Hotpoint-Ariston TCS 73B GP: Бағдарламаларжәне опциялар
Бағдарламаларжәне опциялар: Hotpoint-Ariston TCS 73B GP

75
KZ
Бағдарламалар кестесі
Арнайы бағдарламалар
Мақта
Киюге дайын
: Киімдеріңізді мүмкіндігінше максималды деңгейде кептіреді. Стандартты мақта режиміндегіден де құрғақ
болады.
Стандартты Мақта Бағдарламасы
: Киімдеріңізді кептіргіштен бірден алуға болатындай кептіреді.
Оңай үтіктеу
: Киімдеріңіздің үтіктеу қажеттігін барынша азайтатын деңгейде кептіреді.
Синтетика
Синтетикалық материалдарды ерекше күтіммен кептіру үшін ұсынылады.
Синтетиканы оңай үтіктеу
Бұл - үтіктеу қажеттігін барынша төмендететін синтетикалық немесе синтетика/мақта аралас киімдерге арналған
бағдарлама.
Жібек
Бұл - ерекше күтімді қажет ететін жібек маталарды кептіруге арналған бағдарлама. Бұл бағдарламалада кептірілген
киімдер әдетте пайдалануға дайын болады, бірақ кейбір салмағы ауыр киімдердің жиектері дымқыл болуы мүмкін.
Бұндай жағдайда, киімдерді шығарып алып, оларды жайыңыз, содан кейін бағдарламаны аз уақытқа қайта іске қосыңыз.
Аллергияға қарсы
Бұл бағдарлама Біріккен Корольдіктің аллергия жөніндегі департаменті тарапынан мақұлданған, ол арнайы аллергияға
қарсы циклі арқылы киімдердегі аллергендердің азаюына және жойылуына тиімді әсер етеді. Ұзақ уақыт аралығындағы
тұрақты температураның арқасында бұл бағдарламаның көмегімен жиі кездесетін аллергендердің (шаң кенелерін
қосқанда) әсерлері зарарсыздандырылады.
Кептіру және өңдеу үшін толық көлемді жүкті немесе киімдеріңізді жай ғана өңдеу үшін, 4 кг-дық құрғақ жүкті пайдалануға
болады.
Циклдің аллергияға қарсы функциясы дұрыс жұмыс істеуі үшін, сүзгіні тазалау керек.
Бағдарламалар және опциялар
Бағдарлама
Макс.жүк
(кг)
Үйлесімді опциялар
Цикл
ұзақтығы*
Мақта
1 Киюге дайын
макс.
Кідіріс таймері
150'
2
Стандартты Мақта Бағдарламасы**
макс.
Кідіріс таймері – фибра күтімі
130'
3 Оңай үтіктеу
макс.
Кідіріс таймері – фибра күтімі
110'
Ерекше күтімді қажет ететін маталар
4 Синтетика
4
Кідіріс таймері
100'
5 Синтетиканы оңай үтіктеу
4
Кідіріс таймері
60'
6 Жібек
0.5
-
85'
Эксклюзивті күтім
7
Аллергияға қарсы
8
Кідіріс таймері
180'
8
Көйлектер
3
Кідіріс таймері – фибра күтімі
75'
9 Джинсылар
3
Кідіріс таймері
110’
10 Нәресте киімінің циклі
2
Кідіріс таймері
100'
Уақыты орнатылған кептіру
15’ - 40’ - 60’ - 90’ minutes.
-
Кідіріс таймері – фибра күтімі
Экстра
Жаңарту
-
-
20’
*
ескертпе
:
Бұл бағдарламалардың ұзақтығы жүк көлеміне, текстиль түрлеріне, жуғыш құралдың айналдыру
жылдамдығына және басқа да таңдалған опцияларға байланысты болады. **
Энергияны пайдалану шарттары (EU
392/2012) бойынша Стандартты мақта бағдарламасы ең тиімді бағдарлама болып табылады. Максималды тиімді жұмыс
істеу үшін, ең жоғарғы температура опциясын таңдаңыз (Стандартты/Әдепкі бастау конфигурациясы).

76
KZ
Көйлектер
Бұл - мақтадан жасалған көйлектерге арналған бағдарлама. Оны 3 кг-ға дейінгі (шамамен 10 көйлек) киімдерге
пайдалануға болады.
Көйлектер мен фибра күтімі опциясы
Бұл - синтетикалық материалдардан жасалған немесе полиэстер және мақта сияқты табиғи және синтетикалық
материалдардан жасалған көйлектерге арналған бағдарлама. Оны 3 кг-ға дейінгі (шамамен 14 көйлек) киімдерге
пайдалануға болады.
Осы бағдарламаның көмегімен кептірілген киімдер әдетте киюге дайын болады, дегенмен жиектері немесе тігістері
аздап дымқыл болуы мүмкін. Ондай жағдайда көйлектердің ішін сыртқа қаратып, бағдарламаны аз ғана уақытқа қайта
қосыңыз.
Джинсылар
Бұл – «деним» мақтадан жасалған джинсыларға арналған бағдарлама. Джинсыларыңызды кептірмес бұрын, қалталарын
сыртқа шығарыңыз.
Қою және ашық түсті киімдерді бірге салмаңыз.
Оны бірдей материалдан тігілген күрте сияқты киімдерде қолдануға да болады.
Осы бағдарламаның көмегімен кептірілген киімдер әдетте киюге дайын болады, дегенмен жиектері немесе тігістері
аздап дымқыл болуы мүмкін. Бұндай жағдайда,
джинсылардың ішін сыртқа қаратып, бағдарламаны аз ғана уақытқа қайта қосыңыз.
! Джинсыңызда созылғыш белдіктер, кнопкалар немесе сәндік бұйымдар болса, бұл бағдарламаны пайдаланбаған
дұрыс.
Нәресте бағдарламасы
Бұл – нәрестеңіздің киімдері мен жаялықтары (мақта және шашақ жіп) сияқты кішкентай, ерекше күтімді қажет ететін
материалдарды және сіздің деликатты киімдеріңізді кептіруге арналған бағдарлама.
Пластик жабындары бар көкірекшелер немесе жөргектер сияқты заттарды КЕПТІРМЕҢІЗ.
Оны 2 кг-ға дейінгі киімдерге пайдалануға болады.
Бұл бағдарламада кептірілген киімдер әдетте киюге дайын болады, бірақ кейбір салмағы ауыр киімдердің жиектері
дымқыл болуы мүмкін. Ондай жағдайда киімдердің ішін сыртқа қаратып, бағдарламаны аз ғана уақытқа қайта қосыңыз.
Уақыты орнатылған кептіру циклі (15’ - 40’ - 60’ - 90’’)
Бұл бағдарламаларды кептіру уақыты мен температурасын орнату керек болғанда пайдалануға болады.
Бағдарламаның соңғы минуттарында СУЫҚ АЙНАЛДЫРУ циклі орындалады.
15’:
минуттық бағдарлама - бір рет қолданылған асжаулықтағы және шомылу халатындағы ылғалды кетірудің таптырмас
жолы.
40’:
бұл жылдам бағдарлама кір жуу машинасында жоғары жылдамдықпен айналған киімдерді, мысалы, жұмыс
аптасында пайдаланылған көйлектерді кептіруге оңтайлы болып табылады.
60’:
уақыт бойынша бағдарлама кір жуу машинасында жоғары жылдамдықпен айналған киімдерді, мысалы, төсек-орын
тысын кептіруге оңтайлы болып табылады.
90’:
уақыт бойынша бағдарлама киімдердің үлкен мөлшерін кептіруге оңтайлы болып табылады (төмендегі кестені
қараңыз)
Жаңарту
Фибра материалдары мен киімдерді жаңартуға арналған қысқа уақыттық бағдарлама. Ол шамамен 20 минутқа
созылады.
! Бұл кептіру бағдарламасы болмағандықтан, әлі кеппеген киімдерге қолданылмайды.
Оны кез келген салмақта қолдануға болады, дегенмен салмағы аз жүктерде тиімділігі артады.
Мата
Жүктеме
1 кг
2 кг
3 кг
4 - 5 кг
6 кг
Мақта –
40 or 60
минут
40 or 60
минут
60 or 90
минут
90 минут
-
Синтетика –
fi bre care
40 or 60
минут
40 or 60
минут
60 or 90
минут
-
-
Акрилонитрил –
fi bre care
40 минут
60 минут
-
-
-

77
KZ
Опциялар
Опциялар әркімнің өз қажеттілігіне қарай таңдалған бағдарламаны реттеуіне мүмкіндік береді.
Кідіріс таймері
Кейбір бағдарламалардың (Бағдарламалар мен опциялар бөлімін қараңыз) басталуы 9 сағатқа дейін кідіруі мүмкін.
Қажетті кідіріс уақытын енгізу үшін, түймені қайта-қайта басыңыз. Кідіретін басталу уақытын орнату үшін, су контейнерінің
бос екендігіне және сүзгінің таза екендігіне көз жеткізіңіз. Қыртыстардың пайда болуына жол бермеу үшін, кептіру
бағдарламасы басталмас бұрын, барабан әртүрлі бағытта айналып тұрады.
Фибра күтімі
Фибра күтімі – ерекше күтімді қажет ететін киімдерді мұқият кептіруге арналған арнайы опция.
Бұл түймені төмен температура параметрін таңдау үшін басыңыз; түйме жанындағы шам қосылады. Бұл опцияны
белсендіру циклдердің ұзақтығын арттырады.
Пернені құлыптау
Бағдарлама параметрлерінің өзгеруіне жол бермейді. Бағдарлама мен қолжетімді опцияларды таңдаған соң, екі опция
түймесін 3 секунд басыңыз («Кептіргіш сипаттамасы» бөлімін қараңыз)
Түймелер басылғанда ұзақ дыбыстық сигнал естіледі және опция түймелеріндегі жарық диодтары баяу екі рет
жыпылықтайды. Алдында таңдалған опциялардағы жарық диодтары жанып тұрады, бірақ оларды одан әрі өзгерту
мүмкін болмайды.
Егер ПЕРНЕ ҚҰЛПЫ белсендірілген күйде параметрлерді өзгертуге әрекеттенсеңіз, 3 қысқа дыбыстық сигнал естіледі
және жарық диоды 3 рет жылдам жыпылықтап, бұдан былай бағдарламаны немесе опцияларды өзгерту мүмкін емес
екендігі туралы ескертеді.
ПЕРНЕ ҚҰЛПЫ опциясын ажырату үшін опция түймелерін үш секунд басып тұрыңыз. ПЕРНЕ ҚҰЛПЫН барлық
бағдарламалармен таңдауға болады. ӨШІРУ күйі кептіргішті өшіреді.
! Барлық бағдарламаларда барлық опциялар жұмыс істемеуі мүмккін (Бағдарламалар мен опциялар бөлімін қараңыз).
Есікті ашу
Бағдарлама жұмыс істеп тұрғанда есік ашық болса (немесе ІСКЕ ҚОСУ/КІДІРТУ түймелері басылса), кептіргіш тоқтап,
төменде көрсетілген жағдайлар орын алуы мүмкін:
• ІСКЕ ҚОСУ/КІДІРТУ түймелері сарғылт түсте жанады.
• Кідіретін басталу уақыты жүріп жатқанда, кідірістің кері санағы жалғасады. «Кідіріс таймері» бағдарламасын
жалғастыру үшін, ІСКЕ ҚОСУ/КІДІРТУ түймесін басу керек. Кідіретін уақыт енгізілгені туралы белгі беретін «Кідіріс
теймері» индикатор жарығының бірі жыпылықтайды.
• Бағдарламаны жалғастыру үшін, ІСКЕ ҚОСУ/КІДІРТУ түймесін басу керек. Прогресс индикаторының жарықтары
орындалып жатқан саты туралы белгі береді, ІСКЕ ҚОСУ/КІДІРТУ индикатор жарығы жыпылықтауын тоқтатып, жасыл
түске айналады.
• Кейінгі күтім фазасы белсенді болғанда, бұл кептіру бағдарламасы аяқталғанын білдіреді. ІСКЕ ҚОСУ/КІДІРТУ түймесін
басқанда жаңа бағдарлама басынан бастап қайта белсендіріледі.
• Бағдарламаны таңдау тетігін бұрау арқылы, жаңа бағдарлама таңдалады және ІСКЕ ҚОСУ/КІДІРТУ индикатор
жарығы жасыл түсте жыпылықтайды. Киімдер жеткілікті түрде кептірілгені байқалса, киімдерді суыту мақсатында СУЫҚ
АЙНАЛДЫРУ бағдарламасын таңдау үшін, осы процедураны пайдалануға болады.
Жаңа бағдарламаны іске қосу үшін, ІСКЕ ҚОСУ/КІДІРТУ түймесін басыңыз.
Ескертпе
: Егер жарық сөніп қалса, қуатын өшіріңіз немесе ашаны розеткадан шығарыңыз. Жарық берілген кезде,
машинаны қайта қосыңыз. Кептіргіш жұмысын қайта іске қосу үшін тұтқаны қажетті позицияға бұраңыз (бағдарламаны
іске қосу үшін ІСКЕ ҚОСУ/КІДІРТУ түймесін басыңыз). ӨШІРУ күйі кептіргішті өшіреді.
Оглавление
- Installation
- Warnings
- Care and maintenance
- Description of the tumble dryer
- How to carry out a drying cycle
- Programmes and options
- Laundry
- Troubleshooting
- Assistance
- Mode d’emploi
- Installation
- Précautions
- Soin et entretien
- Description du sèche-linge
- Comment effectuer un cycle de séchage
- Programmes et options
- Linge
- Problèmes et solutions
- Assistance
- Instruções para a utilização
- Instalação
- Advertências
- Cuidados e manutenção
- Descrição da máquina de secar roupa
- Como efectuar uma secagem
- Programas e opções
- Roupa
- Roupa Problemas e soluções
- Assistência
- Руководство по эксплуатации
- Установка
- Предупреждения
- Уход и обслуживание
- Описание сушильной машины
- Порядок выполнения цикла сушки
- Программы и дополнительные функции
- Типы белья
- Неисправности и методы их устранения
- Сервисное обслуживание
- Нұсқаулық
- Орнату
- Ескертулер
- Күтім көрсету және техникалық қызмет көрсету
- Кептіргіш сипаттамасы
- Кептіру циклын орындау жолы
- Бағдарламаларжәне опциялар
- Кірлер
- Ақаулықтарды жою
- Көмек