Philips FC8142: ҚазаҚша

ҚазаҚша: Philips FC8142

background image

абайлаңыз

-

Құралды қоспас бұрын, онда көрсетілген кернеудің жергілікті желі кернеуіне сәйкес 

келетінін тексеріп алыңыз.

-

Құралдың ток сымы, штепсельдік ұшы немесе құралдың өзі зақымданған болса, құралды 

қолданбаңыз.

-

Қуат сымы зақымданған болса, қауіпті жағдай орын алмауы үшін, оны тек Philips 

компаниясында, Philips мақұлдаған қызмет орталығында немесе білікті мамандар ауыстыруы 

керек.

-

Қауіпсіздігіне жауапты адамның қадағалауынсыз немесе құрылғыны пайдалану 

нұсқауларынсыз, физикалық және ойлау қабілеті шектеулі, сезімталдығы төмен, сондай-ақ 

білімі мен тәжірибесі аз адамдар (соның ішінде балалар) бұл құрылғыны қолданбауы керек.

-

Балалардың құралмен ойнамауын қадағалаған жөн.

-

Шлангты, түтікті немесе басқа қосалқы құралды көзге, құлаққа бағыттамаңыз, сондай-ақ 

шаңсорғыш қосулы, ал шланг шаңсорғышқа тағылып тұрғанда, ауызға салмаңыз. 

-

Осы құрылғы мен шағын турбо щетканы үй жануарларына қолданбаңыз.

-

Құралды тазаламас немесе жөндемес бұрын, штепсельді розеткадан ажырату керек. 

Ескерту

-

Үлкен заттарды сорғызбаңыз, себебі олар түтік пен шлангтағы ауа ағынына кедергі жасауы 

мүмкін. 

-

Шаңсорғышты пайдаланып күл, топырақтың ұсақ түйіршіктерін, әк, цемент шаңын және 

осыған ұқсас заттарды сорғанда, шаң контейнерінің сүзгілері мен моторды қорғайтын сүзгі 

бітеліп қалады. Сору қуатының қатты азайғаны байқалса, шаң контейнерінің сүзгілерін және 

моторды қорғайтын сүзгіні тазалаңыз.

-

Шаң контейнерін ауыстыру, сүзгілерді тазалау, сондай-ақ қосалқы құралдарды жалғау немесе 

ажырату алдында, құрылғыны розеткадан міндетті түрде ажыратып отырыңыз.

-

Моторды қорғайтын сүзгіні орнатпастан, құрылғыны қолданбаңыз. Моторға зақым келуі, 

сондай-ақ құрылғының қызмет мерзімі қысқаруы мүмкін.

-

Тек құралмен бірге берілген Philips компаниясының сүзу ұрасын пайдаланыңыз. 

-

Шу деңгейі: Lc = 82 дБ (A).

Электромагниттік өрістер (ЭМӨ)

Осы Philips құралы электромагниттік өрістерге (ЭМӨ) қатысты барлық стандарттарға сәйкес 

келеді. Осы пайдаланушы нұсқаулығы бойынша дұрыс қолданылса, бүгінгі таңдағы ғылыми 

дәлелдерге сәйкес, құрал пайдалану үшін қауіпсіз болып табылады.

Пайдалануға дайындау

шланг

 1 

 Шлангты жалғау үшін, оны құрылғының ішіне салып, итеріңіз («сырт» еткен дыбыс 

шығады) (Cурет 2).

 2 

 Шлангты ажырату үшін, шешу түймелерін басып (1), шлангты қосу тесігінен шығарыңыз 

(2).  (Cурет 3)

Жиналмалы түтік

 1 

 Түтікті шлангтағы қол сабына жалғау үшін, тар бөлігін кең бөлігіне сәл бұрап 

енгізіңіз (Cурет 4).

-

Түтікті ажырату үшін, сәл бұрап тартыңыз.

 2 

 Шаң сорғызғанда, жиналмалы түтікті ыңғайлы ұзындыққа келтіріңіз. Түтіктегі сырғытпаны 

басып, түтіктің төменгі бөлігін төмен қарай итеріңіз немесе жоғары 

қарай тартыңыз (Cурет 5).

ҚазаҚша

44

background image

Құрама саптама

Құрама саптаманы пайдаланып, кілемдерді (щетка қатарын ішіне кіргізіп) немесе қатты беттерді 

(щетка қатарын сыртқа шығарып) тазалауға болады.

-

Қатты беттерді тазалағанда, щетка қатары саптамадағы орнынан шығып тұру үшін, құрама 

саптамадағы педальді аяқпен басыңыз.  (Cурет 6)

-

Кілемді тазалағанда, құрама саптамадағы педальді аяқпен тағы бір рет басса, щетка қатары 

қайтадан саптамадағы орнына кіреді.  (Cурет 7)

Қатты бетті тазалайтын саптама (тек кейбір үлгілерде бар) 

-

Қатты беттерді тазалауға арналған саптама қатты беттерді оңай тазалайды (Cурет 8).

Қосалқы құрал ұстағышы

Қосалқы құрал ұстағышында бір уақытта екі қосалқы құралды сақтауға болады.

 1 

 Қосалқы құрал ұстағышын түтікке жалғап (1), шлангты ұстағышқа жалғаңыз (2) (Cурет 9).

 2 

 Қосалқы құралдарды ұстағышта сақтау үшін, ұстағыштың үстіне итеріп 

кигізіңіз (Cурет 10).

Саңылауларды тазалау саптамасы, кішкене саптама және щеткалы 

саптама 

 1 

 Саңылауларды тазалау саптамасын, кішкене саптаманы немесе кішкене 

щетканы шлангтың қол сабына немесе түтікке жалғаңыз. Ол үшін, қол сабын немесе 

түтікті қосалқы құралға сәл бұрап енгізіңіз.  (Cурет 11)

-

Саңылауларды тазалау саптамасын тар бұрыш пен қол жетпейтін жерлерді тазалау үшін 

қолданыңыз.

-

Кішкене саптаманы орындық немесе диван сияқты кішкентай жерді тазалау үшін 

пайдаланыңыз.

-

Кішкене щетканы компьютер мен кітап сөрелерін тазалау үшін пайдаланыңыз.

 шағын турбо тарақ (тек кейбір түрлерде)

Шағын турбо щетка әсіресе жануар қылдарын және мамықтарды жиһаздан немесе 

матрастардан тиімді тазартуға арналған. Шағын турбо щетка ішіндегі бірегей щетка матаға 

жабысқан қылдарды босатып, шаңсорғышпен сорғызып алуға мүмкіндік береді. Шағын турбо 

щетканы шлангтың сабына немесе жиналмалы түтікке жалғауға болады.

 1 

 Жалғау үшін, шағын турбо щетканы сапқа немесе жиналмалы түтікке кіргізіңіз де, сәл 

бұрап жіберіңіз.

 2 

 Шағын турбо тарақты ажырату үшін оны қолсаптан немесе телескопиялық түтіктен 

кішкене бұрап суырыңыз.

Құралды пайдалану

шаңды сорғызу

-

Шаңсорғышты алдыңғы жағында орналасқан тұтқасынан ұстап тасымалдауға 

болады (Cурет 12).

 1 

 Қуат сымын құралдан тартып шығарып, штепсельдік ұшын розеткаға жалғаңыз.

 2 

 Құралдың жоғарғы жағындағы қосу/өшіру түймесін аяқпен басып, құралды 

қосыңыз.  (Cурет 13)

-

Бір сәтке үзіліс жасау қажет болса, түтікті ыңғайлы күйге уақытша қою үшін, саптаманың 

шығып тұрған жағын уақытша қою ойығына кіргізіп қойыңыз (Cурет 14).

ҚазаҚша

45

background image

Сорғызу қуатын реттеу

Сору қуатын реттеу жолдары:

-

қол сабындағы сору қуатын реттеу сырғытпасы арқылы; (Cурет 15)

-

шаңсорғыштағы сору қуатының электронды басқару құралы арқылы (Cурет 16).

Тазалау және техникалық қызмет көрсету 

Құралды тазаламас немесе жөндемес бұрын, штепсельді розеткадан ажырату керек. 

Шаңсорғыштың бөлшектерін ыдыс жуғышта жууға болмайды. Қажет болса, бөлшектерді 

дымқыл шүберекпен сүртіңіз. 

 1 

 Құралды дымқыл шүберекпен сүртіңіз.

шаң контейнерін босату

-

Жұмысты жақсарту үшін, «шаң контейнері толы» көрсеткіші жанғанда, шаң контейнерін 

босатып, сүзу ұрасын, HEPA шаң контейнерінің сүзгісін және поролон сүзгіні тазалау 

керек.  (Cурет 17)

 1 

 Шлангты құралдан ажыратыңыз.

 2 

 Қақпақты ашыңыз (Cурет 18).

 3 

 Шаң контейнерін тұтқасынан ұстап, құралдан шығарыңыз (Cурет 19).

 4 

 Шаң контейнерінің астыңғы қақпағын ашу үшін (2), шаң контейнерін қоқыс жәшігінің 

үстінен ұстап тұрып, қақпақ ысырмасын төмен басыңыз (1).  (Cурет 20)

 5 

 Шаң контейнерін қоқыс жәшігіне босатыңыз (Cурет 21).

 6 

 Сүзу ұрасын шығару үшін, оны көрсеткі бағытымен сағат тіліне қарсы бұрып, шаң 

контейнерінен шығарып алыңыз.  (Cурет 22)

 7 

 Сүзу ұрасын тазалау үшін, оны қоқыс жәшігінің шетіне ақырын қағыңыз (Cурет 23).

 8 

 Сүзу ұрасын орнына бекіту үшін, шаң контейнерінің ішіне қайта орнатып, көрсеткі 

бағытымен сағат тілімен бұраңыз («сырт» еткен дыбыс шығады) (Cурет 24).

 9 

 Шаң контейнерінің астыңғы қақпағын жауып, орнына салыңыз де, қақпақ ысырмасын 

орнына қойыңыз («сырт» еткен дыбыс шығады) (Cурет 25).

 10 

 Шаң контейнерінің HEPA сүзгісін ашу үшін, оның ысырмасын тартыңыз.  (Cурет 26)

,

Шаң контейнеріндегі серіппе сүзгіні ілмектерінен шығарады.

 11 

 Шаң контейнеріндегі HEPA сүзгісінің бүктемелі жағын ақырын ағып тұрған ыстық ағын 

сумен шайыңыз.

-

Сүзгінің бүктелген жағын жоғары қаратып ұстап, суды бүктемесіне параллель етіп ағызыңыз. 

Сүзгіні ішіндегі жиналып қалған кір сумен бірге ағып кететіндей етіп ұстаңыз (Cурет 27).

-

Сүзгіні 180° бұрып, суды кері бағытта ағызып жіберіңіз (Cурет 28).

-

Сүзгі толық тазаланғанша, осы әрекетті қайталай беріңіз.

HEPA шығыс сүзгісін щеткамен тазалауға болмайды (Cурет 29).

Ескертпе. Тазалап болғанда, сүзгінің бастапқы түсі қалпына келмегенімен, сүзу қуаты қалпына 

келеді.

 12 

 Поролон сүзгіні шығарып, ағын сумен шайыңыз.

 13 

 Шаң контейнерінің HEPA сүзгісін сілкіп, бетін құрғатыңыз. Шаңсорғышқа салмас бұрын 

шаң контейнерінің HEPA сүзгісін және поролон сүзгіні толық құрғатыңыз.

 14 

 Поролон сүзгіні шаң контейнеріне қайта орнатыңыз.

ҚазаҚша

46

background image

 15 

 Шаң контейнерінің HEPA сүзгісін қайта орнату үшін, үлкен шығыңқы жерін серіппелі 

түйменің үстіне қойып, кішкене шығыңқы жерлерін ілмектерге (1) енгізіңіз және 

ысырманы басып, орнына бекітіңіз («тырс» еткен дыбыс естіледі) (2).  (Cурет 30)

 16 

 Шаң контейнерін қайтадан құралға орнатыңыз (Cурет 31).

 17 

 Қақпақты жабыңыз («сырт» еткен дыбыс шығады) (Cурет 32).

Ескертпе. Шаң контейнері орнатылмаса, қақпақ жабылмайды.

HEPA шығыс сүзгісін тазалау

Жұмысты жақсарту үшін, шаң контейнерін босатқан сайын HEPA сүзгілерін де тазалау қажет. 

 1 

 HEPA шығыс сүзгісінің торын ашу үшін, тұтқаларынан ұстап, торды жоғары тартыңыз да, 

құралдан шығарыңыз (Cурет 33).

 2 

 HEPA шығыс сүзгісін шығарыңыз.

 3 

 HEPA шығыс сүзгісінің бүктемелі жағын жоғарыдағы «Шаң контейнерін босату» 

бөліміндегі 11 және 13-қадамдарда көрсетілгендей баяу ағып тұрған ыстық ағын сумен 

шайыңыз.

 4 

 Кепкен HEPA шығыс сүзгісін құралға қайта орнатыңыз.

 5 

 HEPA шығыс сүзгісінің торын жабу үшін, алдымен тордың үстіңгі жағындағы шығыңқы 

жерлерді құралдағы ұяларға келтіріңіз (1). Одан кейін, тұтқаларды басып, торды орнына 

бекітіңіз (2) («сырт» еткен дыбыс шығады) (Cурет 34).

Моторды қорғайтын сүзгіні тазалау

Жұмысты жақсарту үшін, моторды қорғайтын сүзгіні жылына кемінде бір рет тазалау қажет.

 1 

 Шаң контейнерін тұтқасынан ұстап, құралдан шығарыңыз.

 2 

 Моторды қорғайтын сүзгімен бірге сүзгі ұстағышын құралдан шығарып 

алыңыз.  (Cурет 35)

 3 

 Моторды қорғайтын сүзгіні ұстағыштан шығарыңыз. Тазалау үшін, оны қоқыс жәшігінің 

үстінен сілкіңіз.

 4 

 Сүзгіні ұстағышқа орнатып, ұстағышты қайтадан құралға сырғытып кіргізіңіз.

 5 

 Шаң контейнерін қайтадан құралға орнатыңыз.

шағын турбо тарағын тазалау

Шағын турбо щетканың ішіндегі щетканы келесі қадамдарды орындап тазалаңыз.

 1 

 Ойығы өзіңізге қарағанша, шағын турбо щетканың ішіндегі щетканы бұраңыз. Щеткаға 

жиналып қалған шашты, жіптерді, т.б. қайшымен қиып алыңыз.  (Cурет 36)

 2 

 Түктерді, қылдарды және басқа кір заттарды щеткадан алыңыз.

ауыстыру

Құралды тазаламас немесе жөндемес бұрын, штепсельді розеткадан ажырату керек. 

Сүзгілерді алмастыру

Шаң контейнерінің HEPA сүзгісі мен HEPA шығыс сүзгісін жыл сайын ауыстырып тұру керек. 

HEPA сүзгілері

-

Ескі сүзгіні шығарып, жаңасын орнату үшін, «Тазалау және техникалық қызмет 

көрсету» тарауының сүзгілерді шығару және орнату нұсқауларын орындаңыз. 

ҚазаҚша

47

background image

Сүзгілер мен қосалқы құралдарға тапсырыс беру

-

HEPA шығыс сүзгілерін FC8070 үлгі нөмірімен алуға болады. 

-

Шаң контейнерінің сүзгілерін (HEPA және поролон) FC8071 үлгі нөмірімен алуға болады.

Сақтау

 1 

 Құралды өшіріп, розеткадан ажыратыңыз.

 2 

 Қуат сымын жинау түймесін басып, сымды жинап алыңыз (Cурет 37).

 3 

 Құралды тігінен қойыңыз. Саптаманы құралға бекіту үшін, саптаманың шығып тұрған 

жағын сақтап қою ойығына енгізіңіз.

Ескертпе. Жиналмалы түтікті құламайтындай етіп тұрғызу үшін, түтікті барынша 

қысқартыңыз.

Қоршаған орта

-

Жарамдылық мерзімі аяқталғанда, құрылғыны тұрмыстық қоқыспен бірге тастамаңыз. Қайта 

өңдейтін арнайы жинау орнына тапсырыңыз. Бұл әрекет қоршаған ортаны сақтауға септігін 

тигізеді (Cурет 38).

Кепілдік және қызмет

Қызмет көрсету жұмыстары, ақпарат қажет болса немесе шешілмеген мәселе болса, Philips 

компаниясының www.philips.com веб-торабын қараңыз немесе еліңіздегі Philips тұтынушыларды 

қолдау орталығына хабарласыңыз (телефон нөмірін дүниежүзілік кепілдік кітапшасынан табуға 

болады). Еліңізде тұтынушыларды қолдау орталығы болмаған жағдайда, жергілікті Philips 

дилеріне хабарласыңыз.

ақаулықтарды жою

 1 

 Сору қуаты жеткіліксіз

-

Шаң контейнері толып кеткен болуы мүмкін. 

Қажет болса, шаң контейнерін босатыңыз.

-

Сүзгіні тазалау немесе ауыстыру қажет болуы мүмкін. 

Қажет болса, сүзгілерді тазалаңыз немесе алмастырыңыз.

-

Қол сабындағы сору қуатының сырғытпасы ашық қалған болуы мүмкін. 

Сырғытпаны жабыңыз.

-

Сору қуатының электронды басқару құралы төмен күйге орнатылған болуы мүмкін. 

Басқару құралын жоғары параметрге орнатыңыз.

-

Саптама, түтік немесе шланг бітеліп қалған болуы мүмкін.  (Cурет 39)

Тұрып қалған заттарды алып тастау үшін, бітеліп қалған бөлікті ажыратып, керісінше жалғаңыз 

(мүмкін болса). Шаңсорғышты қосып, тұрып қалған затты кері бағытта сорып, шығаруға болады.

 2 

 «Шаң контейнері толы» көрсеткіші қосулы.

-

Шаң контейнері толып кеткен. Оны босатып, тазалау керек. Шаң контейнерін босатыңыз, 

сүзу ұрасын, шаң контейнерінің HEPA сүзгісін және поролон сүзгіні тазалаңыз.

 3 

 Кейбір түрлерінде: шағын турбо тарағының ішінде тараққа шаш тұрып қалады. 

-

Шағын турбо тарақты тазалаңыз. «Шағын турбо тарақты тазалау» бөліміндегі «Тазалау» 

тарауын қараңыз. 

ҚазаҚша

48