Polaris pfs 0213: Тазарту және күту
Тазарту және күту : Polaris pfs 0213
• Барынша тиімді әзірлеуді қамтамасыз ету үшін, әзірленген тағамдар көлемінің біркелкі
болуына көз жеткізіңіз. Егер көлемі әр түрлі өнімдерді әзірлеу қажет болса, шағын
кесектерді үстіңгі жағына орналастырыңыз.
• Бу контейнеріне өнімдерді үйіп салмаңыз. Оларды бір-бірінен будың максималды ағынын
қамтамасыз ететін қашықтықта орналастырыңыз.
• Көп мөлшердегі өнімдер әзірленгенде, буға пісіргіштің жұмысы барысында қақпақты
ашып, қолға арнайы биялай киіп, өнім кесектерін аударыстыруға болады.
• Суға арналған резервуарда орналасқан қыздыратын элементтердің бұзылуына жол бермес
үшін, бу контейнеріне тұз немесе дәмдеуіштер салмаңыз.
• Мұздатылған етті немесе құс етін буға пісіргіште ешқашан әзірлемеңіз. Әрқашан оларды
алдымен мұзынан ерітіп алыңыз.
• Тағамды буда әзірлеу ұзақтығының кестесінде және рецептілерде көрсетілген уақыт,
резервуарға суық су құйылатынын ескеріп, алынған.
• Қашанда әзірлеуге ұзақ уақытты қажет ететін ірі кесектерді төменгі контейнерге
орналастырыңыз.
• Сіз жоғарғы және төменгі контейнерлерге түрлі өнімдерді орналастыра аласыз. Алайда,
олардың иісі бойынша сәйкес келгенін қадағалаңыз, өйткені, конденсаттың нәтижесінде
пайда болатын су тамшылары жоғарғы контейнерден төмен қарай ағады.
• Ет, құс еті мен көкөністерді бірге әзірлегенде, шикі немесе шала әзірленген еттің сөлі басқа
өнімдерге өтіп кетпес үшін, ет пен құс етін әрдайым төменгі контейнерде
орналастырыңыз.
• Жоғарғы контейнерде орналасқан өнімдер, әдетте біраз баяу әзірленеді, сондықтан тағы 5
минут қосыңыз.
• Егер сіз әзірлеуіне әр түрлі уақыт қажет болатын өнімдерді бір мезетте әзірлейтін
болсаңыз, онда ұзақ уақыт әзірлеуді қажет ететін тағамдарды алдымен төменгі бу
контейнерінде дайындап алыңыз. Қалған өнімдерді әзірлеуге қажетті уақытқа қол
жеткізгеннен кейін, оларды жоғарғы контейнерге салып, биялаймен абайлап қақпақты
ашып, оны төменгі контейнерге орналастырыңыз. Қақпақты жауып, әзірлеуді жалғастыра
беріңіз.
Тазарту және күту
− Тазартар алдында құралдың электр желісінен ажыратылғанына көз жеткізіңіз.
− Су резервуарынан суды төгіңіз.
− Су резервуарын дымқыл шүберекті сулықпен сүртіңіз.
− Алынбалы басқа бөліктердің барлығын тұрмыстық жуғыш заттарды қолданып, ыдыс
жуатын машинада жууға болады.
Қақтан тазарту
Пайдаланатын судың қатаңдығына қарай , шамамен 8 рет тағам әзірлегеннен кейін құралды
қақтан тазарту қажет. Бұл үшін:
− Су резервуарына 5% асханалық сірке суының ерітіндісін максималды деңгейге дейін
құяды;
− Буды үдеткішті орнатып, құралды жабыңыз;
− Құралды қосып, 15 минуттай қайнатыңыз (немесе ерітіндіні құралда 8-12 сағатқа
қалдырыңыз) .
− Буға пісіргішті жыл сумен шайыңыз.
31
Оглавление
- Пароварка POLARIS Модель PFS 0213
- Специальные указания по безопасности данного прибора
- Сфера использования
- Использование прибора
- • Яйца сначала следует проколоть.
- Полезные советы
- Чистка и уход
- Технические характеристики
- Пароварка POLARIS Модель PFS 0213
- Спеціальні вказівки з безпеки цього приладу
- Опис приладу
- Корисні поради
- ГАРАНТІЙНЕ ЗОБОВ'ЯЗАННЯ
- Буға пісіргіш POLARIS Моделі PFS 0213
- Осы құралдың қауіпсіздігі жөніндегі арнайы нұсқаулар
- Пайдалану саласы
- Құралды пайдалану
- • Жұмыртқаны алдымен тесу қажет.
- Пайдалы кеңестер
- Тазарту және күту
- Техникалық сипаттамасы