Haier LEY24T1000HF: LEY24T1000HF

LEY24T1000HF: Haier LEY24T1000HF

LEY24T1000HF



38

Кепілді қызмет көрсетудің шарттары және

бұйым иесіне арналған ақпарат

Хайер Групп Ко. Лтд-ның ТМД аумағында сату үшін ұсынған барлық өнімдері пайдалану жағдайларын ескере от-

ырып шығарылған және Мемлекеттік стандарттарға сай қажетті сертификациялаудан өтті. Бұған көз жеткізу үшін,

осы бұйымның сертификацияланғанын растайтын сәйкестік ресми белгісінің болуын тексеруіңізді сұраймыз.

Түсінбестік жағдайлардан аулақ болу үшін, сатып алу кезінде пайдалану жөніндегі нұсқаулықты, кепілдік

міндеттемелер шарттарын мұқият оқып шығуыңызды және кепілдік талонының дұрыс толтырылуын тексеруіңізді

ерекше өтінеміз. Бұған қоса, сіз сатып алған бұйымның сериялық номері мен моделінің атауы кепілдік

талонындағы жазумен сәйкес келуі тиіс. Қандай да бір өзгертулер, түзетулер енгізуге болмайды. Кепілдік талоны

қате толтырылған немесе толық толтырылмаған жағдайда бірден сатушы ұйымға хабарласыңыз.

Дайындаушы кепілдік міндеттемелерді тауарды тұтынушыға берген күннен белгілейді және 12 ай ішінде қамтамасыз

етеді.

Кепілді қызмет көрсетудің егжей-тегжейлі ақпараты, авторизацияланған қызмет көрсету орталықтарының бай-

ланыс телефондары мен мекенжайлары дүкеннен бұйымды сатып алу кезінде толтырылатын кепілдік талонында

көрсетілген.

«Хайер» корпорациясы тұрмыста қолдануға арналған тұрмыстық техника бұйымының ресми қызмет ету мерзімін

белгілейді – бұйымның шығарылған күнінен бастап 7 жыл. Өнімнің жоғары сапалылығын, сенімділігі мен қауіпсіздік

дәрежесін ескеретін болсақ, пайдаланудың нақты мерзімі ресми мерзімінен анағұрлым артық болуы мүмкін.

Бұйымның қызмет ету мерзімі біткеннен соң профилактикалық жұмыстар жүргізу және бұйымды одан ары пай-

далану жөнінде кеңес алу үшін «Хайер» корпорациясының Авторизацияланған қызмет көрсету орталығына

хабарласыңыз.

Техникалық қызмет көрсету немесе қосымша жабдықтар сатып алу жөніндегі сұрақтарыңызды «Хайер» ақпараттық

орталығына келесі телефон арқылы қоюыңызды өтінеміз: 8-800-200-17-06 (Ресей бойынша қоңыраулар тегін);

Хайер авторизацияланған қызмет көрсету орталықтарының біріне немесе бұйымды сатып алған сатушыңызға

хабарласыңыз.

Келеңсіз жағдайларды болдырмас үшін бұйымды пайдаланбай тұрып, Пайдалану жөніндегі нұсқаумен мұқият та-

нысуды ұсынамыз.

Тұтынушының кепілдік мерзім біткеннен кейінгі талаптарын орындау қолданыстағы заңдарға сәйкес іске асыры-

лады.