Haier HW60-1002D – страница 3
Инструкция к Стиральной Машине Haier HW60-1002D
39
Бұйымды пайдалану процесіндегі тербелістерді, орнынан қозғалып кету және шуды
болдырмас үшін кіржуғыш машинаны деңгей бойынша құру қажет, бұл үшін алдыңғы
жақтағы түбінде реттелетін аяқтар қызмет етеді.
Дұрыс орнату үшін мыналар қажет:
кіржуғыш машинаны қабырғаға, жиһаз заттарына және басқа да құралдарға –
тимейтіндей етіп, тегіс және тығыз еденге орнату;
егер еден кедір-бұдыр болған жағдайда, машинаның күйін оның реттелетін алдыңғы –
аяқтарын бұрау немесе кері бұрау арқылы теңестіру керек (суретті қараңыз). Еденнің
кедір-бұдырлығын машинаның астына ағаштан, картоннан және соған ұқсас матери-
алдардан демеуіш төсеу арқылы реттеуге тыйым салынады.
Маңызды! Машинаны кілем төселген немесе түкті жабынды еденге орнатқан жағдайда
машинаның астындағы желдеткіш саңылауды түктердің жауып қалмауына назар ау-
дару қажет.
40
Кіржуғыш машина су құбырына жаңа жалғауыш түтіктің көмегімен қосылуы тиіс. Ескі
түтіктер мен жалғауыштарды пайдаланбаңыз, одан су ағуы мүмкін. Су құбырынан
кіржуғыш машинаға су құятын түтікті 1-суретте көрсетілгендей қосыңыз.
Минималды су қысымы: 0,1 Мпа немесе 1 Бар –
Максималды су қысымы: 1 Мпа немесе 10 Бар –
Кіржуғыш машинадан канализацияның арнайы өткізгішіне немесе раковинаның
ернеуіне жалғанатын ағызу түтігін қосыңыз (2-суретті қараңыз). Ағызу түтігі ажырап
кетпес үшін оның ұшын бекітіңіз, бұл судың жерге ағуын болдырмайды. Ағызу түтігінің
орналасуы суды ағызған кезде су ағынының үзілісін қамтамасыз етуі тиіс, түтіктің ұшы
суға батырылмай жатуы керек. Ағызу түтігінің ұшы машинаның табанынан 60-100 см
биікте болуы тиіс.
Егер ағызу түтігінің ұзындығы жеткіліксіз болса, оған ұзартқыштар қолдануға болмай-
ды, дегенмен қажет жағдайда оны ұзартуға болады, алайда оның жалпы ұзындығы
400 см-ден аспауы тиіс.
60-100cm
60-100cm
1
2
41
!
Назар аударыңыз! Кіржуғыш машина міндетті түрде жерге тұйықталуы тиіс!
Кіржуғыш машина айнымалы токтың бірфазалы электр желісіне жерге тұйықталған –
қосполюсті розетканың көмегі арқылы қосылады (розетка жеткізу жинағына кірмейді).
Фаза сымы 16 Ампер максималды ток жұмысына есептелген және іске қосылу мерзімі
0,1 секундтен артық емес желінің қорғаныс автоматы арқылы қосылуы тиіс.
Машинаның болжалды құрылатын орнына жерге тұйықталған, 1,5 мм2 кем емес мыс –
тарамы бар (немесе 2,5 мм2 кем емес қалайы тарамдары бар) үшжелілі тартылған
кабелі бар розетка жақын болған жағдайда электр желісін түзеу жүргізілмейді.
Аталған розетка болмаған жағдайда оны монтаждау жұмысы жүргізілуі тиіс. Жерге
тұйықтауды жеке сыммен тартуға болмайды.
42
қорек кернеуінің бұйымның техникалық сипаттамалары тақтасында көрсетілген –
мәндерге сәйкестігіне;
розетканың электр қауіпсіздігі нормаларына сәйкес жерге тұйықталғанына; –
розетка кіржуғыш машинаның айырына дәл келе ме, дәл келмеген жағдайда розет- –
каны немесе айырды ауыстырыңыз;
розетканың электр қауіпсіздігі нормаларына сәйкес жерге тұйықталғанына; –
орнатылғаннан кейін қорек кабелі мен бұйымның айырына еркін жету қамтамасыз –
етілуі тиіс.
Қорек кабелі бұратылмауы, тартылмауы, мыжылмауы немесе кіржуғыш машинаның –
түбінде жатпауы тиіс.
Ұзартқыштарды немесе көп ұяшықты розеткаларды пайдаланбаңыз –
Кіржуғыш машина үй сыртына немесе электр қауіпсіздігі нормаларын –
қанағаттандырмайтын үй іштеріне орнатылмауы тиіс.
Электр розеткасы кіржуғыш машинаның бүйір қабырғасынан 1,5 метрден аспайтын –
қашықтықта болуы тиіс.
Жоғарыда көрсетілген сақтық шараларын немесе кеңестерді орындамаған жағдайда
Өндіруші адамдарға немесе мүліккке келтірілген зиянға кез келген жауаптылықтан
босатылады.
43
1. Кіржуғыш машинаны пайдалану жөніндегі осы нұсқаулармен мұқият танысыңыз
және оларды келешектегі қолданыс үшін сақтап қойыңыз.
2. Су және электр жабдықтауына қосуды тек білікті мамандар орындау керек.
3. Машинаны тек пайдалану жөніндегі нұсқауларға сәйкес қолдануға болады.
Кіржуғыш машинаны құрғақ тазалауға, химиялық тазалауға немесе осы сияқты кез
келген мақсаттарда пайдалануға тыйым салынады.
4. Тек автоматты кіржуғыш машиналарға арналған жуғыш заттарды ғана
пайдаланыңыз.
5. Машинаны пайдаланудың алдында тасымалдауға арналған тіреуіштерін алып
тастаңыз.
6. Айрықша қауіпсіздік шараларының сақталуын талап ететін жөндеуді және қызмет
көрсетуді тек білікті мамандар орындау керек.
7. Розеткадан қуат сымын суырғанда желілік бауды емес, штепсельдік ашаны
ұстаңыз.
8. Машинаны дымқыл қолмен ұстамаңыз және жалаңаяқ күйде қолданбаңыз.
9. Кіржуғыш машинаның кір салуға арналған люгы кір жуу бағдарламасын орындау
барысында ысып кетуі мүмкін, сондықтан жуу кезінде люкке тимеңіз. Машинаны пай-
далану барысында балалардың оған жақындауына жол бермеңіз.
10. Кіржуғыш машинаға техникалық қызмет көрсету немесе тазалау барасында ма-
шинаны «Қосу/өшіру» түймесі арқылы өшіріп, желілік сымның ашасын розеткадан
суырып тастаңыз.
11. Судың біркелкі емес қысымына қатысты ықтимал ақауларға жол бермеу үшін,
алғаш рет пайдаланудың алдында су құю түтігі, шүмек және төгу түтігінің жалғанған
жерлерін тексеріңіз. Егер жалғанған жерлер тығыз болмай не ағып жатса, су берілуін
тоқтатып, ақауды жойыңыз. Кіржуғыш машинаны шлантары жөнделгенге дейін
пайдаланбаңыз.
12. Кір жуу барысында машинаның жуғыш заттарға арналған ыдысын ашпаңыз.
Төгіліп жатқан суға жолмаңыз, оның температурасы өте жоғары болуы мүмкін.
13. Кір салынатын люк құлыппен жабдықталған, ол жуу аяқталғаннан кейін 2-3 ми-
нуттай ашылмайды. Люкті күштеп ашпаңыз. Егер су деңгейі люктің мөлдір терезесіне
жетіп тұрса, люкті ашпаңыз.
14. Бұл кіржуғыш машина кәсіби емес, тұрмыстық қолдануға арнап жасақталған және
оны басқа мақсаттарда пайдалануға болмайды.
44
Орауды утилизациялау барысында қоршаған ортаны қорғау жөнінде ұмытпаңыз.
Егер кіржуғыш машинаңызды енді пайдалануға болмайтын болып, оны лақтырғыңыз
келсе, онда қоршаған ортаға залал тигізбеу үшін, машинаны дұрыс утилизациялау
қажет. Қосымша ақпарат алу үшін жерлігікті коммуналдық қызметтерге хабарласыңыз.
Егер машина утилизациялауға арналған болса, онда оны енді пайдалану мүмкін бол-
мас үшін электр қуатының сымын корпусқа мейлінше жақынырақ кесіңіз.
Машина утилизациялауы сізді әуреге салмайтындай етіп жобаланып, жасалған.
Бұйымдағы не ораудағы осы белгі бұл бұйымның
тұрмыстық қалдықтармен бірге утилизацияланбауы
керектігін білдіреді. Бұйымды электрлік не электрондық
жабдық жинау немесе утилизациялау орнына апару ке-
рек. Бұйымның дұрыс утилизацияланатынына көз жеткізу
арқылы дұрыс емес утилизациядан қоршаған ортаға және
адамдар денсаулығына тиюі ықтимал кері әсерге жол
бермейсіз.
Осы бұйымды утилизациялау жөніндегі қосымша
ақпаратты компанияның сіздің қалаңыздағы кеңсесімен,
қалдықтарды жоюмен айналысатын коммуналдық
қызметпен немесе бұйымды сатып алған дүкенмен байла-
нысу арқылы ала аласыз.
45
Haier патенттік технологиясы машина есігінің резеңке аралық қабатының тіпті уақыт
өте келе көгеруіне жол бермейді.
Киімді спортпен айналысқаннан кейін тиімді жууға арналған арнайы бағдарлама.
Қатты кірлемеген кірге арналған үнемді жуу режимі Су мен электр қуатының шығынын
үнемдеуге мүмкіндік береді.
Бұл функция жуу бағдарламасының басталуын 1-ден 24 сағатқа дейінгі кідіріспен
кейінге қалдырып бағдарламалауға мүмкіндік береді, бұл – жууды Сізге барынша
ыңғайлы кезде аяқтауға мүмкіндік береді.
Заманауи технологияларды пайдалану функционалдылықты нашарлатпай, тереңдігі
40 см-ден аспайтын аса жіңішке кіржуғыш машинаны жасап шығаруға мүмкіндік берді,
бұл – кеңістікті ұтуға көмектеседі.
IWS (INTERNATIONAL WOOL SECRETARIAT) - ХЖС (Халықаралық жүн секретариа-
ты) кеңестеріне сай жүн мен кашемирді жууға арналған кәсіби бағдарлама.
Су жіберумен, ағып кетумен, электр қуатының және кіржуғыш машина агрегаттарының
ішкі ақаулықтарымен байланысты мәселелерден қорғайтын көпфункционалды жүйе.
46
Штепсельдік аша
(Желілік сым зақымдалған
жағдайда оны алмастыру үшін
авторизацияланған қызмет
көрсету орталығының
маманын шақырыңыз)
Тасымалдау болттары
Жуғыш заттарға арналған бункер
Басқару панелі
Сусіңгіш түтік
Барабан
Төменгі панель есігі
Люк есігі
Сусіңгіш сорап сүзгісі
Төменгі панель
Сусіңгіш штуцер
Реттелетін аяқ
-
47
Е G
A — кіржуғыш машинаны қосатын не өшіретін түйме.
B — жуу бағдарламаларын таңдау тұтқасы.
С — жуғыш заттарға арналған бункер
D — температура режимін таңдау түймешігі.
Е — ақпараттық дисплей.
F — сығу жылдамдығын таңдау түймешігі.
G — бастауды кідірту режимінің түймесі.
Н — қосымша шаю режимінің түймешігі.
I — Интенсивті жуу режимінің түймесі
К — Бастау/Кідірту түймесі.
HW60-1002D
AA
Скорость
от жима
С А В D F I Н К
48
Кіржуғыш машинаны қосу үшін А түймешігін басыңыз, кіржуғыш машина дисплейі жа-
нады, кіржуғыш машинаны кір жуғаннан кейін өшіру үшін А түймешігін қайта басып,
2 секунд ұстап тұрыңыз.
HW60-1002D
AA
Скорость
отжима
Кіржуғыш машинаны желіге қосқаннан кейін, қажетті жуу бағдарламасын таңдаңыз,
қажетті температураны, сығу жылдамдығын және басқа да қосымша функцияларды
белгілеңіз, бұдан кейін К түймешігін басыңыз, сонда жуу бағдарламасы орындала
бастайды.
Жуу бағдарламасын орындалу барысында тоқтату қажет болса, К түймешігін қайта
басыңыз, Ақпараттық дисплейдегі сандар жыпылықтай бастайды, жуу бағдарламасы
кідіріс режиміне өтеді. К түймешігін қайта басу арқылы бағдарламаның ары қарай
орындалуын жалғастыруға болады.
HW60-1002D
AA
Скорость
отжима
49
Бағдарлама таңдауға арналған В тұтқасын сағат тілінің бағытымен не оған қарсы
бұрау арқылы қажетті режимді таңдаңыз (қажетті бағдарламаны таңдау үшін «Кір
жуу бағдарламаларын таңдау бойынша нұсқаулыққа» назар салыңыз).
HW60-1002D
AA
Скорость
отжима
Бұл түйме барабанның сығу барысындағы сізге қажетті айналу жылдамдығын
орнатуға мүмкіндік береді. Сығу жылдамдығын таңдайтын F түймесін басып, қажетті
сығу жылдамдығын таңдаңыз, сәйкес индикатор жанады.
HW60-1002D
AA
Скорость
отжима
50
D түймесі арқылы жууға қажетті су температурасын таңдауға болады. Температура
таңдау түймесін басып, қажетті су температурасын таңдаңыз, сәйкес индикатор жа-
нады.
HW60-1002D
AA
Скорость
отжима
Жууды бастауды белгісіз уақытқа кейінге қалдыру қажет болған жағдайда, бұны G
түймешігін басу арқылы орындай аласыз. Кідіріс диапазоны 30 минуттан 24 сағатқа
дейінгі уақытты қамтуы мүмкін.
Түймешік көмегімен жуу бағдарламасының басталуын кідіртуге қажетті сағат мөлшерін
белгілесеңіз, сәйкес индикатор жанады. Бастауды кідірту уақыты белгіленгеннен кейін,
уақыт санауын бастау үшін «Бастау/Кідіріс» түймешігін (К түймешігі) басыңыз, кідіріс
уақыты негізгі дисплейде бейнеленіп тұрады.
Сіз таңдаған кідіріс уақытына, сонымен қатар, жуудың толық аяқталуына дейінгі уақыт
та кіреді. Егер белгіленген уақыт жуу бағдарламасының аяқталуына дейінгі уақыттан
кем болса, бағдарлама кідіріс уақытын сақтамайды, бірден жууға кіріседі.
HW60-1002D
AA
Скорость
отжима
51
Алдыңғы панельдің үстіңгі бөлігінде жуғыш заттар салуға арналған бункер орналасқан.
Бункердің ішінде үш бөлім бар:
1-бөлім: негізгі (жылдам) жуудың жуғыш заттарына арналған. Жуу бағдарламалары –
үшін пайдаланылады, алдын ала жуу бағдарламасы таңдалған-таңдалмағанына
қарамастан жуғыш затты осы бөлімге салыңыз.
2-бөлім: кірге күтім жасайтын (крахмалдайтын, жұмсартатын, хош иістендіретін және –
т.б.) заттарға арналған
3-бөлім: алдын ала жуудың жуғыш заттарына арналған. Егер алдын ала жуу –
бағдарламасын таңдаған болсаңыз, бұл бөлімге жуғыш зат салмаңыз.
1 бөлім
2 бөлім
3 бөлім
52
Жуу уақыты туралы ақпарат пен қателер туралы хабарлар Е ақпараттық дисплейіне
шығады.
Жуу бағдарламасын таңдағанда дисплейде бағдарлама орындалуының шамаланған
уақыты бейнеленеді. Бұл уақыт су құбырынан келетін су температурасына, су
қысымының айырмашылыға және т.б. байланысты біраз өзгеруі мүмкін.
Кір сығылғанда барабанда әркелкі таралғандықтан да жуу уақыты ұзаруы мүмкін.
HW60-1002D
AA
Скорость
отжима
Кірден дақ кетіру қажет болғанда және заттар тым кірлеген жағдайда «Интенсивті
жуу» режимін қолдануға болады.
Бұл режим І түймесін басу арқылы қосылады және онымен бірге сәйкес индикатор
жанады. Осы режимді қосқанда негізгі жуу уақыты, шаю әрекеттері мен сығу уақыты
көбеюі мүмкін.
HW60-1002D
AA
Скорость
отжима
53
Осы режимді қосқанда кіржуғыш машина тағы бір шаю циклін қосады. Қажет болған
жағдайда Н қосымша шаю түймесін басыңыз, сонда сәйкес индикатор жанып,
қосымша шаю орындалады.
Бұған қоса негізгі дисплейге «Р—1» белгісі шығады. Н түймесін қайта бассаңыз, дис-
плейге «Р-2» немесе «Р-3» белгілері шығады, бұл – екі не үш қосымша шаю циклін
білдіреді. «Қосымша шаю» индикаторы осы режим орындалу барысында жыпылықтап
жанып тұрады. «Р-1/2/3» белгісі қалған жуу уақытымен бірге дисплейге кезек-кезек
пайда болады. Жуу режимі аяқталғанда индикатор мен дисплей өшеді.
HW60-1002D
AA
Скорость
отжима
Бұл кіржуғыш машина электр қуаты кенеттен өшіп қалған жағдайға арналған есте
сақтау функциясымен жабдықталған. Егер қандай да бір циклдің орындалу бары-
сында электр қуаты өшіп қалса немесе кіржуғыш машинаны желіден ажырату қажет
болған болса, машина жуу бағдарламасының ағымдағы мәнін есте сақтайды, ал
электр қуаты қайта берілгенде, жуу бағдарламасының циклі өшірілген сәттен ары
қарай жалғасады.
54
Кіржуғыш машина мен оның жұмысын балаларлың кездейсоқ араласуынан қорғау
үшін, G түймесін (Бастауды кідірту режимінің түймесі) және К түймесін (Бастау/Кідірту
түймесі) 3 секунд бойы басып ұстап тұрыңыз. Балалардан қорғау функциясын өшіру
үшін G және К түймелерін қайтадан бірге басыңыз.
HW60-1002D
AA
Скорость
отжима
«Бастау/кідірту» түймесін басыңыз, қоректі өшіріңіз, сонда жуу бағдарламасынан
автоматты түрде бас тартылады. Бағдарлама таңдау тұтқасын бұру арқылы басқа
бағдарламаны таңдаңыз.
Кіржуғыш машинаның дыбыстық сигналын қажет жағдайда өшіруге болады.
Нұсқаулыққа сәйкес әрекет етіңіз.
Кіржуғыш машинаны қосып, бағдарлама таңдау тұтқасын сығу режиміне бұрыңыз,
бұдан соң «Бастауды кідірту» және «Қосымша шаю» түймелерін 3 секунд басып ұстап
тұрыңыз. Дисплейде «ВЕЕР OFF» белгісі пайда болады, бұл – дыбыстық сигналдың
өшкенін білдіреді. Дыбысты қайта қосу үшін осы операцияны қайталаңыз.
55
1 2 3 4 5
Қатты
Қатты
Мақта-
Мақта-
кірленген
Жүннен
кірленбеген
мата және
мата және
мақта-
Мата түрі және кірлену
жасалған
мақта, зығыр
зығырдан
зығырдан
мата және
деңгейі
маталар
және синте-
жасалған
жасалған
зығырдан
тика
маталар
маталар
жасалған
маталар
алдын ала жуу жоқ жоқ жоқ жоқ жоқ
Жуғыш
негізгі жуу иә иә иә иә да иә
заттар
Қалау
Қалау
Қалау
Қалау
Қалау
шайғыш
бойынша
бойынша
бойынша
бойынша
бойынша
Стан-
сығу
500 1000 1000 1000 1000
дартты
жылдамдығы
баптау-
лар
температура 30° С 40° С 40° С 40° С 40° С
40° С-қа
60° С-қа
90° С-қа
90° С-қа
90° С-қа
Максималды температура
дейін
дейін
дейін
дейін
дейін
Бағдарлама
орындалуының орташа
1:00 1:00 1:18 1:28 1:46
уақыты
56
6 7 8 9 10 11
Мата түрі және кірлену
Қатты
Спорттық
Мақта-
Абайлап
- -
деңгейі
кірленбеген
киім
мата,
жууды
кір
зығыр
қажет
және
ететін
синтети-
маталар
калық
маталар
Жуғыш
алдын ала жуу жоқ жоқ жоқ жоқ жоқ жоқ
заттар
негізгі жуу иә иә иә иә жоқ жоқ
шайғыш Қалау
Қалау
Қалау
Қалау
Қалау
Қалау
бойынша
бойынша
бойынша
бойынша
бойын-
бойын-
ша
ша
Стан-
сығу
1000 1000 1000 1000 1000 1000
дартты
жылдамдығы
баптау-
лар
температура 30° С 30° С 40° С 30° С - -
Максималды температура 30° С-қа
40° С-қа
60° С-қа
40° С-қа
- -
дейін
дейін
дейін
дейін
Бағдарлама
0:15 0:25 1:18 1:01 1:24 0:12
орындалуының орташа
уақыты
57
Кір жумас бұрын кейбір пайдалы кеңестермен танысыңыз:
Кірді кірлеу дәрежесіне, түсіне, матасына қарай іріктеңіз.
Киімді іліп кетпес үшін сыдырма ілгекті бекітіңіз. Түсті жаңа киім оңуы мүмкін, сондықтан
оны бірнеше рет басқа кірден бөлек жуу керек. Киімді өңін айналдырып салыңыз, бұл
қауіпті және т.б. азайтады. Жуар алдында қалталарды теріс айналдырыңыз және зат-
тарды қалтасын сыртына айналдырған күйде жуыңыз.
Бұйымдардың фабрикалық жапсырмаларында символдармен белгіленген кір жуу
жөніндегі ұсыныстарды тексеріңіз.
Фабрикалық жапсырмасында жуу символы 60° С деп көрсетілген мақтадан жасалған
түсті киім бояғыш заттардың ықтимал қалдықтарынан арылу үшін алғашқы ретте 60°
С температурада жуылуы тиіс. Егер бұл кеңеске құлақ аспасаңыз, бұйымның оңу
қаупі ұлғаяды.
58
Кіржуғыш машинаны құрғаннан кейін алғаш рет пайдаланудан бұрын «Мақта»
бағдарламасын орнатып, жуғыш ұнтақпен кір жуудың, бірақ кір салмай, сынақ циклін
жүргізу ұсынылады.
1. Кірді салу. Кір салуға арналған люктің есігін ашып, оған кірді салыңыз. Есігін нық
жабыңыз.
2. Жуғыш заттарды қосу. Жуғыш заттарға арналған бункерді ашып, жуғыш заттар
мен кондиционердің қажетті мөлшерін сәйкес бөлімшелерге салыңыз, бұдан соң
бункердің қақпағын ақырын жабыңыз. «Алдын ала жуу» бағдарламасы үшін жуғыш
зат 1 және 3-бөлімшелерге салынуы тиіс, қалған бағдарламалар үшін 3-бөлімшеге
жуғыш зат салмаңыз. Кірге арналған кондиционерді аса көп пайдаланбаңыз, әйтпесе
жасанды маталар бүлінуі мүмкін.
3. Кір жуу бағдарламасын таңдау. Кір жуудың барынша нәтижесін көру үшін, Кір жуу
бағдарламаларын таңдау жөніндегі нұсқаулықтың негізінде кір жуу бағдарламасын
таңдаңыз.
4. Қолмен жуу режиміндегі температураны белгілеу. Сіз температураны тіпті алдын
ала орнатылған бағдарламаларда да Нұсқаулықта көрсетілген шектерде өзгерте ала-
сыз. Егер Сіз ыстық суды пайдалануды қажет етпесеңіз, белгілеу түймесін * позиция-
сына қойыңыз. Егер судың қажетті температурасы алдын ала орнатылған температу-
радан өзгеше болса, оны температураны белгілеу түймесінің көмегімен белгілеңіз.
5. Кір жууды таңдау жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес кір жуу бағдарламаларын таңдау
тұтқасын сәйкес күйге келтіріп, өзіңізге ыңғайлы бағдарламаны таңдаңыз.
6. Кір жууды қосу. Өзіңіз таңдаған кір жуу бағдарламасын Бастау/Кідірту түймесін
басу арқылы іске қосыңыз.
7. Кір жуудың соңы. Кір жуу уақыты соңына жеткенде, кіржуғыш машина жұмысты
автоматты түрде аяқтайды. Негізгі дисплейде «END» деген жазу шығады.