Polaris PUH 2506Di: Ультрадыбыстық ауа ылғалдағышы POLARIS Моделі PUH 2506Di
Ультрадыбыстық ауа ылғалдағышы POLARIS Моделі PUH 2506Di : Polaris PUH 2506Di
Ультрадыбыстық ауа ылғалдағышы
POLARIS
Моделі PUH 2506Di
Пайдалану жөніндегі нұсқаулық
POLARIS сауда белгісімен шығатын өнімді таңдағаныңыз үшін алғыс білдіреміз. Біздің
бұйымдар сапа, функционалдық және дизайнға қойылатын жоғары талаптарға сәйкес жасалған.
Біздің фирмадан жаңа бұйым алғаныңызға риза болатыныңызға сенімдіміз.
Құралды пайдаланбас бұрын осы нұсқаулықпен мұқият танысыңыз, онда Сіздің
қауіпсіздігіңізге қатысты маңызды ақпарат бар, сондай-ақ, құралды дұрыс пайдалану мен күтуге
қатысты кеңестер берілген.
Нұсқаулықты кепілдік талонымен, кассалық чекпен бірге, мүмкіндігінше, картон қорапта
және орама материалымен бірге сақтаңыз.
Қауіпсіздік жөніндегі жалпы нұсқаулар
Құрал тек қана тұрмыста пайдалануға арналған.
Құралды тек мақсаты бойынша ғана пайдалану керек.
Әр жолы құралды қоспас бұрын оны қарап шығыңыз. Құралдың және желілік сымның
ақауы болса, құралды розеткаға қосуға мүлдем болмайды.
Жұмыс істеп тұрған құралды бақылаусыз қалдырмаңыз! Құралды балалардың қолы
жетпейтін жерде сақтаңыз.
Аталмыш құрал, құралды қолдануға қатысты қауіпсіздіктері үшін жауап беретін тұлғаның
нұсқаулығы жүргізілген немесе қадағалау жүзеге асырылған кездерді есепке алмағанда, білімі
мен тәжірибесі жоқ немесе жүйке жүйесінде немесе психикалық, физикалық ауытқулары бар
тұлғалардың (балаларды қоса алғанда) қолдануына арналмаған. Балалардың құралмен
ойнауына жол бермеу үшін оларды қадағалап отырыңыз.
Назар аударыңыз! Құралды ванна, ыдыс-аяқ жуатын шұңғылша немесе сумен
толтырылған басқа ыдыстардың қасында пайдалануға болмайды.
Құралды суға немесе басқа сұйықтыққа салуға мүлдем болмайды.
Қосымша қорғаныс үшін қорғанысты сөндіру құрылғысын (ҚСҚ) орнату қажет. Кеңесті
білікті маманнан алыңыз.
Құралды тек қана ауыспалы тоқ көзіне ғана қосыңыз (~). Қоспас бұрын, құралдың желіде
қолданылатын кернеуге арналғанына көз жеткізіңіз.
Кез келген ақау бола тұра құралды іске қосу Сізді кепілдікті қызмет көрсету
құқығынан айырады.
Стандартты емес қоректендіру көздерін немесе қосу құрылғыларын пайдалануға болмайды.
Құралды желіге қоспас бұрын, оның сөніп тұрғанына тұрғанына көз жеткізіңіз.
Құралды бөлмежайдан тысқары жерде пайдаланбаңыз. Құралды ыстық ауаның, тікелей күн
көзіне және ылғалға ұшырамайтындай етіп, сүйір бұрыштарға соғылудан сақталуы керек.
(құралды ешқашан суға батырмаңыз).
Құралды дымқыл қолмен ұстамаңыз. Құрал дымқылданып қалса, бірден желіден
ажыратыңыз.
Пайдаланып болғаннан кейін, тазарту алдында немесе құрал сынып қалса әрдайым желіден
ажыратыңыз.
Құралды желілік сымынан ұстап тасымалдауға болмайды. Сондай-ақ, желілік сымнан ұстап
желіден ажыратуға тиым салынады. Құралды желіден ажыратқанда штепсель айырашасынан
ұстаңыз.
Құралды сақтағанда желілік сымның қатты майысуына жол бермеңіз, себебі, уақыт өте келе
бұл сымның үзілуіне әкеп соғуы мүмкін.
22
Оглавление
- Ультразвуковой увлажнитель воздуха POLARIS Модель PUH 2506Di
- Специальные указания по безопасности данного прибора
- Функции и возможности увлажнителя:
- Панель управления, пульт дистанционного управления, индикация на LED- дисплее
- Индикаторы LED-дисплея
- Эксплуатация прибора
- Чистка и уход
- Технические данные
- Ультразвуковий зволожувач повітря POLARIS Модель PUH 2506Di
- Спеціальні вказівки з безпеки цього приладу
- Функції та можливості зволожувача:
- Панель керування, пульт дистанційного керування, індикація на LED-дисплеї
- Індикатори LED-дисплея
- Експлуатація приладу
- Чищення та догляд
- Несправності та їх усунення
- Технічні дані
- ГАРАНТІЙНЕ ЗОБОВ'ЯЗАННЯ
- Ультрадыбыстық ауа ылғалдағышы POLARIS Моделі PUH 2506Di
- Осы құралдың қауіпсіздігі жөніндегі арнайы нұсқаулар
- Ауа тазартқыштың функциясы мен мүмкіндіктері:
- Басқару панелі, қашықтықтан басқару пульті, LED-дисплейдегі индикациясы
- LED-дисплейдегі индекаторлары
- Құралды пайдалану
- Тазарту және күту
- Кеңестер: