Polaris PUH 2506Di: Осы құралдың қауіпсіздігі жөніндегі арнайы нұсқаулар

Осы құралдың қауіпсіздігі жөніндегі арнайы нұсқаулар : Polaris PUH 2506Di

Сымды тек қана білікті мамандар қызмет көрсету орталығының қызметкері ғана ауыстыра

алады. Біліктілілігі жоқ тұлға тарапынан жасалған жөндеу қолданушыны қауiп-қатерге

ұшыратуы мүмкін.

Құралды өз бетіңізбен жөндеуге болмайды. Жөндеуді қызмет көрсету орталығының білікті

мамандары ғана жүзеге асыруы керек.

Құралды жөндеу үшін тек қана түпнұсқа қосалқы бөлшектер пайдаланылады.

Осы құралдың қауіпсіздігі жөніндегі арнайы нұсқаулар

Құрал тек тұрмыста пайдалануға арналған.

Алғаш рет қоса алдында құралды бөлме температурасында 30 минутқа қалдырыңыз.

Ылғалдағыш жұмысының жағымды шарттары: температура 5-40ºС, салыстырмалы

ылғалдылығы 80% төмен.

Тегіс емес, орнықсыз қабатқа қойып, құралды қолдануға тиым салынады.

Жұмыс кезінде ауа ылғалдағыш жиһаздарды және басқа заттарды бүлдіріп алмас үшін,

біршама қашықтықта тұруы тиіс.

Тазарту алдында немесе бөшкені сумен толтырғанда құралды желіден ажыратыңыз.

Құралға судың тиюіне жол бермеңіз.

Бөшкеде су болмаған кезде, құралды сөндіріңіз. Негіздегі қуыста (бу генераторының

үстіндегі) су жоқ бола тұра құралды іске қосқыңыз келсе, бұл құралдың сынуына әкеп соғуы

мүмкін.

Құралды толтыру үшін хош иісті заттарды, майдарды және т.б. қоспай, тек 40 С төмен

температурадығы таза суық суды ғана қолданыңыз (дистиллирлеген болса дұрыс).

Әр пайдаланғаннан кейін құралды тазартып, дезинфекциялаңыз.

Пайдалану саласы

Құрал тұрмыста және ұқсас жағдайларда пайдалануға арналған:

- қоғамдық тамақтану жерлерінде, дүкендерде, кеңселерде және басқа да жұмыс орындарында;

- фермерлік шаруашылықтарда;

- тұтынушылық қонақ үйлерде, отельдерде және басқа да тұруға арналған жерлерде;

- түнеуге және таңғы асты ішуге арналған жерлерде;

Өндіруші өзінің қалауына қарай қолданылатын орындарды біреуге немесе біруден де артық

шектей алады

Құралдың функцоналдық мақсаты

Ауаның ылғалдылығы адам денсаулығын сақтаудың өмірлік маңызды көрсеткіштерінің бірі

болып табылады. Ауада қашанда су буы болады, оның қаншалықты мөлшерде екені қоршаған

ортаның температурасына байланысты. Температура неғұрлым жоғары болса, ауадағы су буы да

соғұрлым жоғары болмақ. Қазіргі кездегі темірбетон және кірпіштен салынған ғимараттарда,

әсіресе қыс кезінде, ылғалдылық тым төмен мөлшерде болады, бұл адам денсаулығына теріс

әсерін тигізеді.

Салыстырмалы ылғалдылықтың тиімді деңгейі

23

Адамдарға арналған ылғалдылықтың тиімді деңгейі:

45%RH - 65%RH

Компьютерлер мен байланыс құралдары орналасқан ғимаратқа

арналған ылғалдылық деңгейі:

45%RH - 60%RH

Жиһаз және музыкалық аспаптары бар бөлмежайларға арналған

ылғалдылық деңгейі:

40%RH - 60%RH

Кітапханалар, көркем галереялар мен музейлердегі

ылғалдылықтың тиімді деңгейі:

40%RH - 60%RH

Оглавление