Polaris PMC 0559D: Қақпақтың орналасуы бойынша кеңестер
Қақпақтың орналасуы бойынша кеңестер : Polaris PMC 0559D
86
Әзірлеу уақыттық көрсеткіштерді орнатқан кезде дисплейдің бетінде таймер жыпылықтай бастайды.
"ӘЗІРЛЕУ УАҚЫТЫСЫ/ТЕМПЕРАТУРА" батырмасына басу арқылы әзірлеу температурасын орнатыңыз. Дисплейдің
бетінде температуралық режимі бойынша белгіленген температуралық мәнің - 160 ºС. индикациясы көрініс табады.
“ САҒАТ” және “МИНУТТАР ” батырмаларына кезек-кезегімен басу арқылы әзірлеу үшін қажетті
температураны орнатыңыз. Әзірлеу температураның диапазоны 150°С градустан бастап 170°С градусқа дейін өзгеруі
мүмкін, 10°С градус қадамымен.
Әзірлеу уақыттық көрсеткіштерді орнатқан кезде дисплейдің бетінде таймер жыпылықтай бастайды.
9. Әзірлеу бағдарламасын іске қосыңыз.
"СТАРТ” батырмасына басыңыз. Құрылғы дыбыстық сигналын шығарады.
Дисплейдің бетінде уақыттың кері есебі көрініс табады. Мультипісіргіш бекітілген бағдарлама бойынша әзірлеуді
бастайды.
Бағдарламаның жұмыс үдерісі орындалып жатқан кезде дисплейдің бетінде «Майда қуыру» бағдарламаның атауы
бар жазбасының манында батырманың индикаторы, таймер және оның бетіндегі әзірлеу уақыттың кері есебі,
сонымен қатар, ЖЫЛЫТУ режиміне өту (егер бұл режим бұрыннан сөндірлмеген болса) индикаторы жанып тұрады.
10. Бағдарламаның аяқталуы.
Мультипісіргіш жұмыс уақыты аяқталғысымен дыбыстық сигналын шығарады.
Құрылғы ЖЫЛЫТУ режиміне өтеді, егер бұл режим бұрыннан сөндірлмеген болса(5.3. тармағын қараңыз).
ЖЫЛЫТУ режимі қосылып тұрған кезде дисплейдің бетінде “ЖЫЛЫТУ/БОЛДЫРМАУ” батырмасының жарық
индекаторы жанып тұрады, сонымен қатар тағамның қаншама уақыт бойы жылып жатқандығын көрсететін
уақыттың тікелей есебі көрініс табады.
11. Құралды сөндіріңіз.
5.6. Тағам әзірлеу бағдарламалардың қысқаша кестесі
Әзірлеу бағдарламасы
Әзірлеу уақыты мен температурасы*
Қақпақтың орналасуы
бойынша кеңестер
«Кейінге
қалдырылған
старт» функциясын
қолдану мүмкіндігі
Көже
Бекітілген уақыт режимі бойынша: 1 сағат, температурасы: 97ºС.
Уақытты реттеу: 1 сағаттан бастап -4 сағатқа дейін, ең төменгі қадамы 10 минут.
Жабық
Бар
Жарма
Бекітілген уақыт режимі бойынша: 40 минут, температурасы: 115ºС.
Уақытты реттеу: 20 минуттан бастап - 4 сағатқа дейін, ең төменгі қадамы 5
минут.
Жабық
Бар
Қуыру
Бекітілген уақыт режимі бойынша: 30 минут.
Уақытты реттеу: 10 минуттан бастап - 1 сағатқа дейін, ең төменгі қадамы 5
минут.
Бекітілген температуралық режимі бойынша: 100ºС.
Температураны реттеу: 100-160ºС, ауыспалы қадамы 10ºС.
Жұмыс температураға дейін
қыздырған жағдайда- жабық
күйінде болу тиіс, әзірлеу
барысында - ашық күйінде
болу тиіс.
Бар
Паста
Бекітілген уақыт режимі бойынша: 8 минут, температурасы: 105-115ºС
Уақытты реттеу: 5 минуттан бастап- 20 минутқа дейін, ең төменгі қадамы 1
минут.
Су қайнағанша -жабық
күйінде болу тиіс , содан кейін
- ашық күйінде болу тиіс.
Бар
Дәмді пісірмелер
Бекітілген уақыт режимі бойынша: 1 сағат, температурасы: 130ºС.
Уақытты реттеу: 30 минуттан бастап - 3 сағат 30 минутқа дейін, ең төменгі
қадамы 10 минут.
Жабық
Бар
87
Сүтті ботқа
Бекітілген уақыт режимі бойынша: 1 сағат, температурасы: 95°С.
Уақытты реттеу: 10 минуттан бастап -1 сағат 30 минутқа дейін, ең төменгі
қадамы 5 минут.
Жабық
Бар
Палау
Бекітілген уақыт режимі бойынша: 1 сағат, температурасы: 120-125ºС.
Уақытты реттеу: 20 минуттан бастап -2 сағатқа дейін, ең төменгі қадамы 5 минут.
Жабық
Бар
Майда қуыру
Бекітілген уақыт режимі бойынша: 5 минут.
Уақытты реттеу: 3 минуттан бастап - 15минутқа дейін, 1 минут қадамымен.
Әзірлеудің температуралық мәні: 150-170°С, 10ºС
градус қадамымен.
Жұмыс температураға дейін
қыздырған жағдайда- жабық
күйінде болу тиіс, әзірлеу
барысында - ашық күйінде
болу тиіс.
Бар
Соте
Бекітілген уақыт режимі бойынша: 2 сағат, температурасы: 190ºС.
Уақытты реттеу: 1 сағаттан бастап -8 сағатқа дейін, ең төменгі қадамы 30 минут.
Жабық
Бар
Омлет
Бекітілген уақыт режимі бойынша: 20 минут, температурасы: 100°С.
Уақытты реттеу:10 минуттан бастап - 30 минутқа дейін, ең төменгі қадамы 5
минут.
Жабық
Бар
Тұшпара/Сосискалар
Бекітілген уақыт режимі бойынша: 15 минут, температурасы: 125°С.
Уақытты реттеу:5 минуттан бастап - 50 минутқа дейін, ең төменгі қадамы 1
минут.
Су қайнағанша -жабық
күйінде болу тиіс , содан кейін
- ашық күйінде болу тиіс.
Бар
Жылыту
Бекітілген уақыт режимі бойынша: 20 минут, температурасы: 105ºС.
Уақытты реттеу: 10 минуттан бастап -1 сағатқа дейін, ең төменгі қадамы 5 минут.
Жабық
Бар
Сүзбе
Бекітілген уақыт режимі бойынша: 35 минут, температурасы: 95°С.
Уақытты реттеу: 10 минуттан бастап - 50 минутқа дейін, ең төменгі қадамы 5
минут.
Жабық
Бар
Бұқтырып дәмдеу
Бекітілген уақыт режимі бойынша: 5 сағат, температурасы: әзірлеудің бірінші
ширек сағаты 45°С, екіншісі -- 65ºС, үшіншісі-85ºС, төртіншісі -95ºС .
Уақытты реттеу: 1 сағаттан бастап -8 сағатқа дейін, ең төменгі қадамы 10 минут.
Жабық
Бар
Қыздырып пісіру
Бекітілген уақыт режимі бойынша: 30 минут, температурасы: 145°С.
Уақытты реттеу: 10 минуттан бастап - 2 сағат 30 минутқа дейін, ең төменгі
қадамы 5 минут.
Жабық
Бар
Бұршақтар
Бекітілген уақыт режимі бойынша: 5 сағат, температурасы: 93ºС.
Уақытты реттеу: 1 сағаттан бастап -4 сағатқа дейін, ең төменгі қадамы 10 минут.
Жабық
Бар
Іркілдек
Бекітілген уақыт режимі бойынша: 6 сағат, температурасы: 93ºС.
Уақытты реттеу: 2 сағаттан бастап -8 сағатқа дейін, ең төменгі қадамы 1сағат.
Жабық
Бар
Йогурт
Бекітілген уақыт режимі бойынша: 8 сағат, температурасы: 38-42ºС .
Уақытты реттеу: 4 сағаттан бастап -12 сағатқа дейін, ең төменгі қадамы 30 минут.
Жабық
Бар
Бұқтыру
Бекітілген уақыт режимі бойынша: 2 сағат, температурасы: 93ºС.
Уақытты реттеу: 30 минуттан бастап -8 сағатқа дейін, ең төменгі қадамы 30 минут.
Жабық
Бар
Тосап
Бекітілген уақыт режимі бойынша: 1 сағат, температурасы:102ºС, 104ºС и 106ºС.
Уақытты реттеу: 30 минуттан бастап -4 сағатқа дейін, ең төменгі қадамы 5 минут.
Су қайнағанша -жабық
күйінде болу тиіс , содан кейін
- ашық күйінде болу тиіс.
Бар
Буда пісіру
Бекітілген уақыт режимі бойынша: 5 минут, температурасы: 115-120ºС .
Уақытты реттеу: 5 минуттан бастап - 1 сағатқа дейін, ең төменгі қадамы 1 минут.
Жабық
Бар
88
Менің рецептілерім Plus
Бекітілген уақыт режимі бойынша: 5 минут.
Уақытты реттеу (жиынтық уақытысы): 5 минуттан бастап -9 сағатқа 55 минутқа
дейін.
Ауыспалы қадамымен орнатылады:
диапазоны 5 минуттан бастап 45 минутқа дейін болса – 1 минут қадамымен,
диапазоны 45 минуттан бастап 1.5 сағатқа дейін болса – 5 минут қадамымен,
диапазоны 1,5 сағаттан бастап 3 сағатқа дейін болса – 10 минут қадамымен,
диапазоны 3 сағаттан бастап 12 сағатқа дейін болса – 20 минут қадамымен.
Белгіленген температуралық режимі бойынша: 100ºС.
Температураны реттеу: 35-160 ºС.
Ауыспалы қадамымен орнатылады:
35°С градустан бастап -110°С градусқа дейін, 5°С градус қадамымен;
110°С градустан бастап 160°С градусқа дейін, 10°С градус қадамымен;
Ашық күйінде немесе жабық
күйінде болу тиіс, әзірленетін
тағамына қарай.
Бар
*Температураны қолмен реттеу мүмкіндігі қарастырылған бағдарламаларда пайдаланушы қажетті температуралық көрсеткішті қолмен орнатады, өнімнің даярлығы әзірлеу
уақытысы мен температуралық көрсеткішті дұрыс таңдау әрекетіне тікелей байланысты.
Автоматты бағдарламалардың температуралық реттеулері тек анықтама үшін берілген, әзірлеу үдерісі барысында оларды өзгерту пайдаланушының қатысуынсыз автоматты түрде
жүреді.
Сондай-ақ бағдарлама жұмысының түрлі кезеңдерінде (тостақтың ішіне салынған өнімге байланысты) нақты белгіленген болып табылатын температуралық көрсеткіш анықтамада
келтірілген мәннен өзгеше болуы мүмкін.
Мысалы: егер тостақтың ішінде су болса және 115 ºC-қа тең температураны орнататын болсаңыз, көрсеткішті өлшеу барысында тостақтағы температуралық көрсеткіш 100 ºC-тан аспайды
(судың қайнау нүктесі), сондай-ақ тостақтағы су қарқынды түрде қайнайды. Орнатылған температура мен шынайы температуралық көрсеткіштің арасындағы айырмашылық құралдың
ақаулы екендігін білдірмейді.
Егер бағдарламада пісіру қарастырылса (сумен жұмыс), су қайнап суалса немесе тостақтың ішінде су болмаса, бағдарлама автоматты түрде сөнеді, себебі тостақ түбінің температурасы бұл
бағдарлама үшін қарастырылған қауіпсіздік шегінің көрсеткішінен асып түседі. Судың болмауы жағдайында бағдарламаның сөну әрекеті қорғаныс жүйесінің қалыпты реакциясы болып
табылады.
Өлшеу жұмысын жүргізу барысында келесілерді ескеру қажет:
Температураны өлшеу нүктесі құралдың ішіне орнатылған тостақ түбінің орталығында орналасқан, өлшеу құралдың қақпағы жабық күйінде бекітілген құрылғының (термопара –
термо электрлі өңдегіш) көмегімен іске асады.
Көрсеткішті дұрыс түрде бағалау үшін өлшеу жұмысын бағдарламаның жүруі барысында өткізу қажет, өлшеуді әрбір 30 секунд сайын жүргізу керек.
Пайда болған көрсеткіштердің негізінде температуралық-уақыттық тәуелділіктің диаграммасы құрылады, айтарлықтай өзгермейтін максималды және минималды
көрсеткіштердің барысында температурасы кезеңдік түрде өзгеретін аймақ анықталады (термостат аймағы).
Анықтамада келтірілген температура көрсеткіші термостат аймағындағы өлшенген минималды және максималды көрсеткіштің аралығындағы мәнді қамтиды.
Өлшеу жұмысы кезінде автоматты бағдарламалардың ерекшеліктерін ескеру қажет:
Егер бағдарламада сұйықтықпен (сумен) жұмыс қарастырылса, өлшеу кезінде тостаққа 1 л су құю қажет.
Егер бағдарламада су қажет етілмесе, өлшеуді бос тостақпен жүргізу қажет.
Егер тостақтың ішінде өнімдер болатын болса, өлшеу барысында шыққан көрсеткіштер анықтамадағы мәннен өзгеше болуы мүмкін, себебі өнімдердің құрамында түрлі сұйықтықтар (су)
бар, бұл судың қайнауы барысында оның көрсеткіші физиканың заңдылығы бойынша 100 ºC-тан аса алмайды.
Орнатылған көрсеткішке жақын көрсеткішті алу үшін қайнау температурасы анықтамада келтірілген көрсеткіштен асатын (мысалы, өсімдік майы), салмағы өнімнің салмағына тең
сұйықтықты қолдану қажет.
6. ҚҰРАЛДЫ ТАЗАРТУ ЖӘНЕ ОҒАН КҮТІМ КӨРСЕТУ
Тағам әзірлеп болғаннан кейін әрдайым мультипісіргішті тағамның қалдықтарын алып, тастаңыз да ластанудан
тазартыңыз.
Мультипісіргіштің ішкі қақпағы алынбалы құрылымға ие. Оны шешу үшін
қақпақты бекіту тетіктеріне саусақпен басып, бекіткіштерді ұстай, қақпақтың
жоғарғы саңылауынан шығара өзіне қарай тарту қажет (суретті қараңыз). Әрбір
әзірлеуден кейін алынбалы қақпақты ысқышты пайдалана бейтарап, сабынды
ерітіндіде жууға кеңес беріледі.
Мультипісіргіштің ластанған жерін, кір бөліктерін тазарту үшін метал сымы бар
қылшақтарды және еріткіштерді қолданбаңыз. Егер де тағамның қалдықтары
ішкі тостаққа жабысқан болса, оны жуудың алдында сумен толтырыңыз. Ішкі
тостақты жуып болғаннан кейін оны құрғата сүртіңіз.
Құралдың сыртқы бөлігін суға батырмаңыз. Құралдың сыртқы корпусын тазарту
үшін ыдыс жууға арналған дымқыл, жұмсақ ысқышты немесе матаны
пайдаланыңыз.
Ішкі тостақ пен буда пісіру-контейнерін ыдыс жуғыш машинасында жууға рұқсат етіледі. Ыдыс жуғыш машинаны пайдалану
барысында тостақтың машинаның құрамдас бөліктеріне зақымдалмауын қадағалаңыз. Алюминий жабындысынан жасалған
тостақтың бүлінуін алдын алу үшін ыдыс жуғыш құралына берілген нұсқаулықты, қолданылатын тазарту құралдарының
сипаттамасын басшылыққа алыңыз.
Өнімдерді араластыру үшін тек ағаш қалақты немесе құралмен бірге жинаққа кіретін арнайы пластмассадан жасалған қасықты пайдаланыңыз
Бу шығаратын клапаны да алынбалы құрылымға ие, оның бітелуін болдырмау үшін тұрақты түрде сумен тазарту қажет (суретті қараңыз).
Әрбір әзірлеу үдерісінен кейін құралдың артқы бөлігінде орналасқан конденсатты қабылдау құралын шешіп, босату қажет(суретті
қараңыз). Оны жуып, сүртіп құрғатыңыз да, орнына орнатыңыз.
Буды бөлу клапанының бітелуіне жол бермеңіз. Оны тұрақты түрде шешіп, тазартыңыз (суретті қараңыз).
Тостаққа сірке қышқылын құймаңыз, бұл тостақтың бүлінуіне әкеп соғуы мүмкін.
Бірнеше уақыттан кейін тостақтың түсі өзгеруі мүмкін, бұл су мен тазарту құралдарына тікелей байланысты. Бұл қалыпты нәрсе
болып табылады, мультипісіргішті еш қауіпсіз одан әрі пайдалануға болады.
Құралды тазарту үшін абразивті құралдарды ПАЙДАЛАНБАҢЫЗ.
7. ҚҰРАЛДЫ САҚТАУ ЖӘНЕ ТАСЫМАЛДАУ ЕРЕЖЕЛЕРІ
Электрлі құралдарды нақты бір көлік түрінде әрекет ететін жүкті тасымалдау ережелеріне сәйкес жабық көлік құралдарының кез келген түрінде тасымалдайды.
Құралды тасымалдау барысында түпнұсқалық зауыттық ораманы пайдаланыңыз.
Құралдарды тасымалдау барысында оларды тікелей атмосфералық жауынның түсуінен, агрессивті ортадан сақтау қажет
Электрлі құралдар қоршаған ауа температурасы плюс 40ºС -тан аспайтын, салыстырмалы ылғалдығы 70%-дан жоғары емес, қышқылды және электрлі құралдар
материалдарына теріс әсер ететін өзге де будың, шаңның болмауы жағдайында жабық, құрғақ әрі таза бөлмежайда сақталуы тиіс.
89
8. ҚАЛДЫҚТАРДЫ КӘДЕГЕ ЖАРАТУ ЖӨНІНДЕГІ ТАЛАПТАР
Бұйымды кәдеге жарату барысында пайда болатын қалдықтар белгіленген тәртіппен және салалық нормативті құжаттар, соның ішінде «Өндіріс пен тұтыну
қалдықтарын орналастыру мен залалсыздандыру бойынша гигиеналық талаптар» Санитарлық ережелер мен нормаларға 2.1.7.1322-03 сәйкес кәдеге жарату үшін
міндетті түрде жиналуы тиіс
90
Назар аударыңыз! Пайдалану мерзімі аяқталғаннан кейін электр құралын әдеттегі тұрмыстық қалдықтармен бірге лақтырмай, жоятын ресми орынға
өткізіңіз. Сөйтіп, Сіз қоршаған ортаны сақтауға көмектесесіз.
.
9. ТҰРМЫСТЫҚ ЭЛЕКТРЛІК ҚҰРЫЛҒЫЛАРМЕН ЖҰМЫС АТҚАРУ БАРЫСЫНДА ҚАУІПСІЗДІК ЖӨНІНДЕГІ ЖАЛПЫ НҰСҚАУЛАР
Құралды пайдалану «Тұтынушылардың электрлі орнатуларды техникалық пайдалану ережелеріне» сәйкес жүзеге асырылуы тиіс.
Құрал тек қана тұрмыста пайдалануға арналған.
Құрал осы нұсқаулыққа сәйкес тек мақсаты бойынша пайдаланылуы тиіс.
Аталмыш құралды қолдануға қатысты қауіпсіздіктері үшін жауап беретін тұлғаның нұсқаулығы жүргізілген немесе қадағалау жүзеге асырылған кездерді есепке алмағанда, білімі мен
тәжірибесі жоқ немесе жүйке жүйесінде немесе психикалық, физикалық ауытқулары бар тұлғалардың (балаларды қоса алғанда) қолдануына арналмаған. Балалардың құралмен
ойнауына жол бермеу үшін оларды қадағалап отырыңыз.
Құралды пайдалануды бастамас бұрын осы пайдалану жөніндегі нұсқаулықты мұқият оқып шығыңыз.
Әр жолы құралды қоспас бұрын оны қарап шығыңыз. Құралдың және желілік сымның ақауы болса, құралды розеткаға қосуға мүлдем болмайды.
Құрал мен желілік сым ыстық ауаның тікелей күн көзіне және ылғалға ұшырамайтындай етіп, сақталуы керек.
Назар аударыңыз! Құралды ванна, ыдыс-аяқ жуатын шұңғылша немесе сумен толтырылған басқа ыдыстардың қасында пайдалануға болмайды.
Құралды суға немесе басқа сұйықтыққа салуға мүлдем болмайды. Ылғал қолмен құралды ұстауға болмайды. Құрал дымқылданса, оны бірден желіден ажыратыңыз.
Құрал суға түсіп кеткен жағдайда, оны бірден желіден ажыратыңыз. Және бұл кезде қолды суға малуға болмайды. Құралды екінші мәрте пайдаланудың алдында оны білікті маман
тексеріп шығуы керек.
Құрал еденге төнкеріліп, құлап түсіп кеткен жағдайда және ақауы анықталған жағдайда, құралды пайдаланбаңыз. Құралды пайдаланбас бұрын білікті мамандар – қызмет көрсету
орталығының қызметкерлері ғана тексеріп шығуы тиіс.
Құралды тек қана ауыспалы тоқ көзіне ғана қосыңыз (~). Қоспас бұрын, құралдың желіде қолданылатын кернеуге арналғанына көз жеткізіңіз.
Кез келген ақау бола тұра құралды іске қосу Сізді кепілдікті қызмет көрсету құқығынан айырады.
Құралды тек қана жерге тұйықталған желіге ғана қоссуға қажет. Сіздің қауіпсіздігіңізді қамтамасыз ету үшін жерлендіру бекітілген электр техникалық нормаларға сәйкес келуі тиіс.
Қоректендірудің стандартты емес көздерін немесе қосу құрылғыларын пайдалануға болмайды.
Құралды бөлмежайдан тысқары жерде пайдаланбаңыз. Құралды сүйiр бұрыштарға соғылуынан сақтаңыз. Құралды тазартпас бұрын, немесе оны пайдаланып болғаннан кейін,
сонымен құрал сынып қалса оны әрдайым желіден ажыратыңыз.
Құралды желілік сымнан ұстап тасымалдауға болмайды. Сондай-ақ, желілік сымнан ұстап желіден ажыратуға тиым салынады. Құралды желіден ажыратқан кезінде оның штепсельді
айыршасынан ұстаңыз.
Құралдың жинағына кірмейтін қосымша аксессуарларды пайдалану Сізді кепілдікті қызмет көрсету құқығынан айырады.
Пайдаланып болғаннан кейін, электрмен қоректендіру сымын құралды айналдыра орауға болмайды, себебі, уақыт өте келе бұл сымның үзілуіне әкеп соғуы мүмкін. Қашанда сақтау
үшін сымды жақсылап тарқатыңыз.
Құралды өз бетіңізбен жөндеуге болмайды. Жөндеуді қызмет көрсету орталығының білікті мамандары ғана жүзеге асыруы керек.
Құралды жөндеу үшін тек қана түпнұсқа қосалқы бөлшектер пайдаланылады.
Өрттің пайда болуын алдын-алу, электр тогымен зақымданбау, құралды пайдалану барысында жарақаттан сақтанып, оны бүлдірмеу үшін мультипісіргішті
қолдану барысында қауіпсіздіктің негізгі шараларын, сондай-ақ электр құрылғыларымен жұмыс атқару барысында қауіпсіздік бойынша жалпы
нұсқауларды қатаң түрде қадағалаңыз.
10.ОСЫ ҚҰРАЛМЕН ПАЙДАЛАНУ БАРЫСЫНДА НЕГІЗГІ САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ
Мультипісіргішті пайдалану барысында оның айналасында жеткілікті түрдегі бос орынның болуын қамтамасыз етіңіз. Мультипсіргіш жиһаз, перде және сол секілді өртенгіш
нысандардан 15 см артық қашықтықта орналасуы қажет.
Мультипісіргішті тікелей қабырға мен жиһазға жақын маңда орналастырмаңыз, себебі оның жұмысы барысында құралдан бу шығады, бұл жиһаз заттарының, қабырғаның түсі мен
түрінің өзгеруіне әкеп соғуы мүмкін.
Мультипісіргіштің жұмысы барысында оны сүлгімен немесе өзге заттармен жаппаңыз, бу еркін түрде шығуы қажет.
Мультипісіргішті пайдалану барысында құралды құрғақ, тегіс, термоберік қабатта орналастырыңыз, құралдың түбіндегі ауа желдеткіш саңылаулардың бөгде заттармен, дастарханмен,
матадан жасалған төсемдермен немесе өзге де заттармен жабылмауын қадағалаңыз, бұл құралдың қатты қызып кетуіне әкеп соғуы мүмкін.
Мультисіргіштің тостағы орнында болмаса, әзірлеу бағдарламасын іске қосуға тыйым салынады, сондай-ақ бағдарламаның жүруі барысында құралдан тостақты шығаруға болмайды.
Құралды жылу көзінің маңында мультипісіргішті пайдаланбаңыз (газды немесе электрлі плитаның қасында).
Күйіп қалмау үшін жұмыс істеп тұрған мультипісіргішті қолмен ұстамаңыз. Пайдаланып болғаннан кейін ол суығанша күтіңіз.
Мультипісіргішті желіге жалғастырмас бұрын кернеуді тексеріңіз.
Егер Сіз тағамды әзірлемейтін болсаңыз, мультипісіргішті желіден ажыратыңыз, оны қосулы күйінде қалдырмаңыз.
Мультипісіргішті желіден ажыратудың алдында оның күту режимінде екендігіне, сондай-ақ ешбір бағдарлама іске қосылмағандығына көз жеткізіңіз.
Мультипісіргіш электр желісіне жалғанған сәтте оны көтеруге/орнын ауыстыруға тыйым салынады.
Егер ішкі тостақ өнімдермен толтырылса, мультипісіргіштің орнын алмастыруға немесе оны көтеріп, тасымалдауға болмайды.
Мультипісіргіштің жұмысы барысында ішкі тостақты ұстамаңыз.
Тостақтың ішкі қабатын соқпаңыз, оны күш салып жумаңыз және мультипісіргішті тазарту барысында абразивті тазартқыш құралдары мен агрессивті жуғыш құралдарын
пайдаланбаңыз.
Тостақтағы өнімдерді араластыру немесе оларды шығару мақсатында металл ас үй саймандарын пайдаланбаңыз, бұл саймандар құралдың күйіп қалудан сақтайтын жабының
зақымдауы мүмкін. Ағаш, пластик немесе силикон бұйымдарды қолданыңыз.
Әзірлеу үдерісі жүріп жатқанда тостақтың ішінде ас үй саймандарын қалдыруға болмайды.
Егер мультипісіргіштің нығыздауыш дөңгелегі болмаса немесе ол бүлінсе, құралды пайдалануға болмайды. Нығыздауыш дөңгелекті ауыстыру үшін авторланған қызмет көрсету
орталығына хабарласу қажет.
Тостақты максималды деңгей белгісінен асыра өнімдермен толтыруға болмайды.
Тостақтың ішіне сірке қышқылын құймаңыз, ол ыдыстың жабының бүлдіруі мүмкін.
Мультипісіргіштің тостағын мультипісіргіштен бөлек жерде қолданбаңыз, оны плитаның үстінде және өзге де жылу көздерінде қыздыруға тыйым салынады.
Тостақты өнімдерді араластыру ыдысы немесе өнімдерді сақтауға арналған контейнер ретінде қолданбаңыз.
Мультипісіргіштің тостағын өзге ыдыспен немесе басқа мультипісіргіштің ыдысымен алмастырмаңыз.
Алынбалы тостақ пен ішкі корпустың арасында өзге бөгде заттар болмауы тиіс.
Жарманы әзірлеу барысында тостақтағы жарма мен судың ұсынылған арасалмағын сақтаңыз.
Өндіруші құралды дұрыс пайдаланбау немесе осы нұсқаулықта қарастырылмаған пайдалану әрекеті салдарынан туындаған ақау үшін жауапты еместипісіргіштің ішінде өнімдерді
немесе суды ұзақ уақытқа қалдыруға болмайды.
Бірнеше уақыттан кейін тостақтың түсі өзгеруі мүмкін, бұл су мен тазарту құралдарына тікелей байланысты. Бұл қалыпты нәрсе болып табылады, мультипісіргішті еш қауіпсіз одан әрі
пайдалануға болады
Мультипісіргіштің тостағын өзге ыдыспен немесе басқа мультипісіргіштің ыдысымен алмастырмаңыз.
91
11. АҚАУЛАРДЫ ІЗДЕСТІРУ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ЖОЮ ТӘСІЛДЕРІ
92
Ақаулар
Себебі
Жою тәсілдерң
Жұмыс индикаторы жанбайды, қыздыру
элементі жұмыс істемейді.
1. Мәселе электр қоректендіруінде.
2. Қызып кету салдарынан термо сақтандырғыш жұмыс
жасамайды (құралдың сыртқы корпустағы ауа алмасатын
желдеткіш саңылауларын бөгде заттармен немесе
жабынмен жабылған жағдайда – пайдалану талаптары
бұзылған болып есептеленеді).
3. Электроникадан кеткен ақау.
Құралдың желіге қосылғандығын тексеріңіз.
Авторланған қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
Индикатор жанып тұр, бірақ қыздыру элементі
жұмыс жасамайды.
Электроникадан кеткен ақау, қыздыру элементіндегі ақау.
Авторланған қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
Тағам тым ұзақ әзірленеді.
1. Желіде ток жоқ .
Құралдың желіге қосылғандығын тесеріңіз.
2. Қыздыру элементі жөнделмеген.
Авторланған қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
3. Мультипісіргіштің ішкі тостағы бір жаққа қарай қисық
орнатылған немесе оның формасы өзгерген, әлде
моделіне сай емес.
Ішкі тостақты тексеріңіз, оның дұрыс орнатылғанына көз
жеткізіңіз. Формасы өзгерген тостақты мультипісіргіштің
моделіне сай келетін өзгемен алмастырыңыз.
4. Қыздыру пластинасы мен кастрөлдің арасында бөгде зат
(кір) орын алған.
Бөгде затты (кірді) жойыңыз.
Дисплейдің бетінде қателіктер кодтары көрініс
табады E1, E2, E3, E4
E1, E2, E3, E4
Термотетік тізбегіндегі ақау немесе құралдың қатты қызып
кетуінің салдары.
Мультипісіргіш суығанша күтіңіз. Егер ақау салқындаған
құралда да пайда болса - авторланған қызмет көрсету
орталығына хабарласыңыз.
12. ҚҰРАЛДЫҢ ЖИЫНТЫҒЫ
Құрал- 1 дана.
Желілік сым- 1 дана.
Күйіп қалудан сақтайтын күюге қарсы керамикалық
жабыны бар ішкі тостақ - 1 дана.
Буда пісіру үшін арналған контейнері - 1 дана.
Жайпақ қасық - 1 дана.
Өлшеуіш стақан - 1 дана.
Рецепт кітабі - 1 дана.
Пайдаланушының нұсқаулығы.
Қызмет көрсету орталықтарының тізімі.
Кепілдік талоны.
Ескертпе: Өзгерістер мен жетілдіруді енгізудің ұдайы үрдісінің орын алуынан, нұсқаулық пен бұйымның арасында қандай да бір айырмашлық байқалуы мүмкін.
Өндіруші, тұтынушының бұған назар аударатынына үлкен үміт артады. Нұсқаулықтың соңғы нұсқасын www.polar.ru сайтынан таба аласыз.
13. ТЕХНИКАЛЫҚ СИПАТТАМАЛАРЫ
PMC 0559D Polaris сауда белгісінің тұрмыстық электрлік мультипісіргіш.
Кернеу: 220 - 240 В.
Жиілігі: ~50 Гц.
Қуаттылығы: 860 Вт.
Тостақтың жалпы көлемі: 5 л.
14. СЕРТИФИКАТТАУ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ
Құрал РФ нормативті құжаттарына сәйкестікке сертификатталған.
Сәйкестік Сертификаты: № ТС RU C-US.АЛ16.В.16732,. Сериялық нөмірі RU № 0465895.
Қолданылу мерзімі: 10.10.2016 жылдан бастап 09.10.2017. жылға дейін.
Берілген: Өнімді сертификаттау органы ЖШҚ «Гарант Плюс»,
мекенжайы: 121170, Мәскеу қ, Кутузовский даңғылы., 36 үй, 3
құрылыс.
Бұйымның есептік жарамдылық мерзімі:
Кепілдік мерзімі:
Ішкі тостаққа (кастрөлге) берілетін кепілдік
мерзімі:
Құралдың өнделіп шығарылған күні мен жылы
құралдың сыртында көрсетілген.
3 жыл.
1жыл. сатып алған күннен бастап.
6 ай. сатып алған күннен бастап.
Құралдың құрылымы «Төмен вольтты құрылғы қауіпсіздігі жөнінде» ТР ТС 004/2011, сондай-ақ «Техникалық құралдардың электрлі-магнитті сәйкестігі» ТР ТС 020/2011
талаптарына жауап береді.
93
Өндіруші:
TEXTON CORPORATION LLC - " ТЕКСТОН КОРПОРЕЙШН " ЖШҚ .
160 Greentree Drive, Suite 101, City Dover, Country of Kent, State of Delaware 19904, United States of America
160 Гринтри Драйв, 101 бөлмежайы, Дувр қаласы, Кент округі, Делавэр Штаты, 19904, Америка Құрама
Штаттары.
Заутта / At factory:
POLARIS CO., LTD - ПОЛАРИС КО., ЛТД
602, Mingde Bldg., North Fengxiang Rd, Ronggui, Shunde,
Guangdong, China
602, Мингде Билдинг, Норт Фенгсян Роуд, Ронгги, Шунде,
Гуандун, Қытай.
15. КЕПІЛДІК МІНДЕТТЕМЕ
Бұйым: Тұрмыстық электрлік мультипісіргіш Моделі: PMC 0559D
Бұл кепілдік әрекеттегі заңдылықпен бекітілген тұтынушының құқығына қосымша ретінде өндірушімен берілген, және тұтынушының құқығын еш шектемейді.
Бұл кепілдік бұйымды сатып алған күннен 36 ай бойына әрекетте болады, және материалдар мен жұмыс істеуіне байланысты ақаулар табылған жағдайда кепілдік
қызмет көрсетуді білдіреді. Бұл жағдайда тұтынушы басқасын қоса алғанда, бұйымды тегін жөндетуге құқықты. Бұл кепілдік келесі шарттарды сақтағанда, жарамды:
1. Кепілдік міндеттеме «TEXTON CORPORATION LLC» компаниясы шығаратын барлық үлгілерге, кепілдік қызмет көрсетілетін елдердің барлығында жарамды
(сатып алған жеріне қарамастан).
2. Бұйым тек қана тұрмыстық қажеттіліктерге пайдалану үшін сатып алынуы тиіс. Бұйым пайдалану бойынша нұсқаулыққа, қауіпсіздік бойынша ережелер мен
талаптарды сақтай отырып, пайдаланылуы тиіс.
3. Өндірушінің міндеттемесін осы кепілдік бойынша сатушылар – өндірушінің уәкілетті дилерлері және ресми қызмет көрсететін (қызмет көрсету) орталықтар
орындайды. Бұл кепілдік өндіруші құзырлық бермеген сатушылардан сатып алынған бұйымдарға таралмайды, олар тұтынушы алдында заңға сәйкес,
өздігінен жауап береді.
4. Бұл кепілдік келесі жәйттердің нәтижесінде пайда болған ақауларды жөндеуге таралмайды:
Химиялық, механикалық немесе өзге де әсер етулер, бөгде заттардың бұйымның ішіне түсіп кетуі;
Бұйымды тікелей мақсаты бойынша емес, дұрыс пайдаланбағанда, жинаққа кірмейтін, қосымша аксессуарларды пайдаланғанда, сондай-ақ, бұйымды
техника қауіпсіздігі ережелері мен талаптарын бұза отырып, орнатқанда және пайдаланғанда;
Жарамдылық мерзімі шектеулі әрлеу бөлшектері, шам, батареялар, қорғаныс экрандары, қоқыс жинақтауыштар, белдіктер, қылшақтар тозғанда;
Авторланған қызмет көрсету орталықтар болып табылмайтын*, тұлғалар немесе фирмалар өндірген бұйымдардың жөндеуі;
5. Осы талонның түпнұсқасымен, сатушы берген тауарлы чектің түпнұсқасымен және ақау табылған бұйыммен бірге көрсеткенде ғана жарамды болмақ.
6. Бұл кепілдік тек қана жеке тұрмыстық қажеттілік үшін пайдаланылатын бұйымдарға ғана жарамды, және коммерциялық, өнеркәсіптік немесе кәсіби мақсатта
қолданылатын бұйымдарға таралмайды.
POLARIS бұйымдарына кепілдік қызмет көрсету мәселелері бойынша Өзіңіздің жергілікті POLARIS ресми сатушыңызға хабарласыңыз
Құралдың ақаулы екендігі анықталса, тез арада қызмет көрсету орталығына хабарласу қажет .
* Авторланған сервистік орталықтардың мекен-жайлары Компания сайтында: www.polar.ru
Құралды жеткізуші тасымалдау барысында, дұрыс емес пайдалану салдарынан, сондай-ақ құралдың түрін өзгерту, немесе өздігінен жөндеу жұмысын жүргізу әрекетіне
байланысты туындаған ақау үшін жауапты емес.
Оглавление
- 3.1. Панель управления
- 3.2. Устройство прибора
- 3.1. Панель керування
- 3.2. Будова приладу
- 3.1. Басқару панелі
- 3.2. Құралдың құрылғысы
- Қақпақтың орналасуы бойынша кеңестер