Polaris PMC 0559D: 3.1. Басқару панелі
3.1. Басқару панелі : Polaris PMC 0559D
1. ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТ
Бұл пайдалану бойынша нұсқаулық моделі PMC 0559D POLARIS тұрмыстық электрлі мультипісіргіш (бұдан әрі мәтін бойынша – мультипісіргіш, құрал) жөніндегі
техникалық ақпаратпен, құрылғымен, құралды сақтау мен пайдалану бойынша ережелермен танысуға арналған.
2. ҚҰРАЛДЫҢ ПАЙДАЛАНУ САЛАСЫ
Бұл құрал осы Нұсқаулыққа сәйкес тұрғын ғимаратында қалыпты болып саналатын ылғалдық пен температурада тек тұрмыста ғана пайдалануға арналған:
қоғамдық тамақтану орындарында, дүкендерде, кеңселерде, фермерлік шаруашылықта және басқа да жұмыс орындарында;
тұрақты тұрғылықты мекенжайларда, сонымен қатар тұруға арналған қонақ үйлерде, отельдерде және басқа да орындарда;
түнеуге және таңғы асты ішуге арналған орындарда.
Құралды өнеркәсіптік және коммерциялық мақсатта пайдалануға тыйым салынады, сондай-ақ, тамақ емес өнімдерді өңдеуге арналмаған.
Өндіруші осы пайдалану жөніндегі Нұсқауда қарастырылмаған немесе дұрыс пайдаланбаудың нәтижесінде туындаған залал үшін жауапты емес.
3. ҚҰРАЛДЫҢ СИПАТТАМАСЫ
PMC 0559D Мультипісіргіш - бұл қазіргі заманға лайық көп функционалды тамақ әзірлеуге арналған жаңа буынды құрал. Плита пештің, духовкалық шкафтың, буда
пісіргіштің, йогурт пісіруге арналған құрылғының функцияларын өзіне біріктіретін мультипісіргіш Сіздің ас үйіңіздегі орынды үнемдеуге көмектеседі. Мультипісіргіштің
көмегімен сүйікті тағамды оңай әрі лезде түрде әзірлеуге болады.
Автоматты 22 бағдарлама әзірлеу тәсілдерінің кең таңдауын ұсынады: мультипісіргіш буда пісіру мен қуыру, бұқтыру мен қыздырып пісіру, бұқтырып дәмдеу
(бұқтырып уыттау) және дәмді пісірмелерді әзірлеу, бұршақ өнімдерін және жармадан әзірленген тағамдарды, палау, сүзбе, іркілдек және әр түрлі көжелерді, сондай-
ақ макарон өнімдерін дайындауға арналған арнайы режимдеріне ие.
«Мой рецепт PLUS» - «Менің рецептілерім PLUS» бағдарламасы бойынша әзірлеу функциясы арнайы өнерпаз, шығармашыл адамдарға арналған. Өздігінен
температуралық көрсеткішті орнатып, әзірлеу уақытын белгілеу мүмкіндігінің арқасында бұл функция өте жеңіл тағамнан күрделі аспаздық шешімдерді талап ететін
түрлі тағамдарды әзірлеу үшін шексіз мүмкіндіктерді сыйлайды.
Сіз кейінге қалдырылған старт және автожылыту, яғни тағамды автоматты түрде жылыту функцияларының артықшылықтарын жылдам түрде бағалайтын боласыз, бұл
функциялар белгілі бір уақытқа қарай тағамды әзірлеп, әзірлеу үдерісі аяқталғаннан кейін оны жылы қалпында сақтап, ұстауға мүмкіндік береді.
3.1. Басқару панелі
58
“СТАРТ”
Бұл батырманы басу арқылы мәзірде алдын-ала
таңдалынған әзірлеу бағдарламасын іске қосуға
болады.
Тағам әзірлеу барысында “СТАРТ” батырмасын басу
әрекеті ЖЫЛЫТУ режиміне автоматты түрде өту
үдерісін іске қосады және сөндіреді.
“МӘЗІР”
Бұл батырманы әзірлеудің 22- автобағдарламалардың
тізімінен кез келген біреу бағдарламаны таңдап алу
үшін пайдаланыңыз.
Бұл батырмаға қайталап әрбір рет басқан сайын
мәзірдегі бағдарламалардың тізімі бойынша алға қарай
келесі әзірлеу бағдарламаға ауыса аласыз, сонымен осы
сәтте басқару панелінде таңдалынған бағдарлама
атауының манында орналасқан жарық индикаторлық
шамы жанады.
Назар аударыңыз! Әзірлеу бағдарламаларының