Polaris PCM 1526E Adore Crema – страница 3

Инструкция к Кофеварке Polaris PCM 1526E Adore Crema

МАЗМҰНЫ

1. Жалпы мәлімет

42

2. Қауіпсіздік бойынша жалпы нұсқаулар

42

3. Осы құралдың қауіпсіздігі жөніндегі арнайы

44

нұсқаулар

4. Құралдың пайдалану саласы

44

5. Құралдың сипаттамасы

44

6. Құралдың жиынтығы

46

7. Құралды іске қоспас бұрын жұмысқа дайындау және

46

пайдалану

41

8. Тазарту және күтім

49

9. Қалдықтарды кәдеге жарату жөніндегі талаптар

50

10. Ақауларды іздестіру және оларды жою тәсілдері

51

11. Техникалық сипаттамалары

52

12. Сертификаттау туралы ақпарат

52

13. Кепілдік міндеттеме

53

1. ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТ

Бұл пайдалану бойынша нұсқаулық, PCM 1526E Adore Crema POLARIS кофеқайнатқыш (бұдан

әрі мәтін бойынша кофеқайнатқыш, құрал) жөніндегі техникалық ақпаратпен, құрылғымен,

құралды сақтау мен пайдалану бойынша ережелермен танысуға арналған.

2. ҚАУІПСІЗДІК БОЙЫНША ЖАЛПЫ НҰСҚАУЛАР

Құралды пайдалану «Тұтынушылардың электрлі орнатуларды техникалық пайдалану

ережелеріне» сәйкес жүзеге асырылуы тиіс.

Құрал тек мақсаты бойынша тұрмыста пайдаланылуы тиіс. Құралды коммерциялық

мақсатта ұзақ уақыт бойы пайдалану құралдың істен шығуына, зақымдалуына немесе

адамдардың денсаулығына нұқсан келтіруіне әкеп соғуы мүмкін.

Құрал нұсқаулыққа сәйкес тек мақсаты бойынша пайдаланылуы тиіс.

Бұл құралды пайдалануды бастамас бұрын пайдалану жөніндегі нұсқаулықты мұқият

тұрде оқып шығыңыз.

42

Әр кезде құралды қоспас бұрын оны қарап шығыңыз. Құралдың және желілік сымның

ақаулығы анықталған жағдайда, құралды розеткаға қосуға мүлдем болмайды.

Құрал жерге, еденге құлаған жағдайда сонымен ақаулығы анықталған жағдайда, құралды

қолданбаңыз. Құралды пайдаланбас бұрын оны білікті мамандар қызмет көрсету

орталығының қызметкері ғана тексеру тиіс.

Егер Сіз құралдың жұмыс жасау мүмкіндігіне күмән келтірсеңіз, құралды пайдаланбаңыз.

Құрал мен желілік сым жоғары температураның әсеріне, тікелей күн көзіне және ылғалға

ұшырамайтындай етіп сақталуы керек.

Жұмыс істеп тұрған құралды бақылаусыз қалдырмаңыз! Егер Сіз құралды пайдаланбасаңыз,

онда оны әркез сөндіріп, желілік сымын желіден ажыратыңыз.

Аталмыш құралды қолдануға қатысты қауіпсіздіктері үшін жауап беретін тұлғаның

нұсқаулығы жүргізілген немесе қадағалау жүзеге асырылған кездерді есепке алмағанда,

білімі мен тәжірибесі жоқ немесе жүйке жүйесінде немесе психикалық, физикалық

ауытқулары бар тұлғалардың (балаларды қоса алғанда) қолдануына арналмаған.

Балалардың құралмен ойнауына жол бермеу үшін оларды қадағалап отырыңыз.

Назар аударыңыз! Құралды ванна, ыдыс-аяқ жуатын шұңғылша немесе сумен толтырылған

басқа ыдыстардың қасында пайдалануға болмайды. Құрал суға түсіп кеткен жағдайда,

оны бірден желіден ажыратыңыз. Сонымен бұл кезде қолды суға малуға болмайды.

Құралды екінші мәрте пайдаланудың алдында оны білікті маман тексеріп шығуы керек.

Құралды суға немесе басқа сұйықтықтарға салуға мүлдем болмайды. Ылғал қолмен

құралды ұстауға болмайды. Құрал дымқылданса, оны бірден желіден ажыратыңыз.

Құралды тек қана ауыспалы тоқ көзіне ғана қосыңыз (~). Құралды желіге қоспас бұрын,

желідегі қолданылатын электрлік параметрлерін тексеріңіз, бұл құралдың техникалық

сипаттамаларына сәйкес болғанына көз жеткізіңіз.

Құралды тек қана жерге тұйықталған желіге ғана қосыңыз. Сіздің қауіпсіздігіңізді

қамтамасыз ету үшін жерге тұйықталу бекітілген электр техникалық нормаларға сәйкес

келуі тиіс. Стандартты емес қоректендіру көздерін немесе қосу құрылғыларын пайдалануға

болмайды.

Кез келген ақау бола тұра құралды іске қосу Сізді кепілдікті қызмет көрсету құқығынан

айырады.

Құралды бөлмежайдан тысқары жерде пайдаланбаңыз. Құралдың сүйiр бұрыштарға

соғылуынан сақтаңыз. Пайдаланып болғаннан кейін, тазартқанда немесе құрал сынып

қалса оны әрдайым желіден ажыратыңыз.

Құралды желілік сымнан ұстап тасымалдауға болмайды. Сондай-ақ, желілік сымнан

ұстап желіден ажыратуға тыйым салынады. Құралды желіден ажыратқанда штепсельді

айыршадан ұстаңыз.

43

Жинағына кірмейтін қосымша аксессуарларды пайдалану Сізді кепілдікті қызмет көрсету

құқығынан айырады.

Пайдаланып болғаннан кейін, электрмен қоректендіру сымын құралды айналдыра орауға

болмайды, себебі, уақыт өте келе бұл сымның үзілуіне әкеп соғуы мүмкін. Қашанда сақтау

үшін сымды жақсылап тарқатыңыз.

Сымды тек қана білікті мамандар қызмет көрсету орталығының қызметкері ғана

ауыстыра алады. Біліктілілігі жоқ тұлға тарапынан жасалған жөндеу қолданушыны қауiп-

қатерге ұшыратуы мүмкін.

Құралды өз бетіңізбен жөндеуге болмайды. Жөндеуді қызмет көрсету орталығының білікті

мамандары ғана жүзеге асыруы керек

Құралды жөндеу үшін тек түпнұсқалы қосалқы бөлшектерді пайдаланыңыз.

Пайдалану мерзімі аяқталғаннан кейін электр құралын әдеттегі тұрмыстық қалдықтармен

бірге лақтырмай, жоятын ресми пунктке өткізіңіз. Сөйтіп, Сіз қоршаған ортаны сақтауға

көмектесесіз.

3. ОСЫ ҚҰРАЛДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ БОЙЫНША АРНАЙЫ НҰСҚАУЛАР

Құралдың суға арналған сауытты тек қана таза, ішуге жарамды, салқын суымен толтырыңыз.

Суға арналған сауытты басқа сұйықтықпен ешқашан толтырмаңыз және оған кофе дәндерін,

сонымен кофе ұнтағын салмаңыз.

Ұнтақталған кофеден сусын әзірлеу үшін туркада қайнатуға «extra ne» ең ұсақ дәнді

қолдануға рұқсат етілмейді. Бұл сүзгінің бүлінуіне әкеп соғуы мүмкін. Бүлінген сүзгіні

тазарту немесе ауыстыру құралдың кепілді қызмет көрсетуіне кірмейді.

Суға арналған сауытты max белгісінен асыра және min белгісінен төмен толтырмаңыз.

Ешқашан суы жоқ құралды іске қоспаңыз.

Суға арналған резервуардың қақпағын ашпаңыз және құрал жұмыс істеп тұрғанда суға

арналған сауытты және сүзгінің ұстағышын кофеқайнатқышының сыртқы корпусынан

мүлдем алуға болмайды. Бұл терінің күюіне әкеп соғуы мүмкін.

Кофеқайнатқышты ешқашан жұмыс кезінде қараусыз қалдырмаңыз.

Құралды бертегіс орнықты қабатқа, үстелдің шетінен/ жұмыстық қабаттан барынша алысқа

қойыңыз.

44

Құрал қоршаған ауа температурасы 0ºС-тан аспайтын бөлмежайда сақталуы тиіс .

4. ҚҰРАЛДЫҢ ПАЙДАЛАНУ САЛАСЫ

Бұл құрал осы Нұсқаулыққа сәйкес тұрғын ғимаратында қалыпты болып саналатын ылғалдық

пен температурада тек тұрмыста және соған ұқсас жағдайларда ғана пайдалануға арналған:

- дүкен қызметкерлерінің тамақтанатын орындарында, кеңселерде, фермерлік

шаруашылықта және басқа да жұмыс орындарында;

- тұруға арналған қонақ үй, сонымен қатар басқа да тұруға арналған орындарда;

- түнеуге және таңғы асты ішуге арналған орындарда пайдалануға арналған.

Құралды өнеркәсіптік және коммерциялық мақсатта пайдалануға тыйым салынады, сондай-ақ,

тамақ емес өнімдерді өңдеуге арналмаған.

Өндіруші осы нұсқауда қарастырылмаған немесе дұрыс пайдаланбаудың нәтижесінде туындаған

залал үшін жауапты емес.

5. ҚҰРАЛДЫҢ СИПАТТАМАСЫ

PCM 1526E Adore Crema кофеқайнатқысы сүзгідегі ұнтақталған кофе қабатынан қыздырылған

ауыз су қысымы арқылы өту жолымен алдын ала ұнтақталған дәндерден кофе әзірлеуге арналған.

45

1. Бір мөлшер

9. Буды жіберуге арналған реттегіш тетігі

2. Екі мөлшер

10. Бу шығаратын тұтіктің шүмегі (сопло)

3. Қосу / сөндіру батырмасы

11. Капучино әзірлеуге арналған қондырмасы

4. Буды жіберу режимін қосу/сөндіру батырмасы

12. Ұнтақталған кофеге арналған алын-балы

5. Сусын тамшыларын жинауға арналған

сүзгі (бұдан әрі сүзгі)

түпқоймасы

13. Сүзгінің ұстағышы (ішіне алынбалы сүзгі

6. Шынаяқтардың астына қойылатын

орнатылады)

түпқоймасы

14. Сүзгіні ұстауға арналған тұтқа

7. Суға арналған сауыттың қақпағы

15. Кофе нығыздауышы мен өлшеуіш қасық

8. Суға арналған сауыт

6. ҚҰРАЛДЫҢ ЖИЫНТЫҒЫ

1. Толығымен құрастырылған кофеқайнатқыш 1 дана.

2. Пайдалану бойынша нұсқаулық 1 дана.

3. Қызмет көрсету орталықтарының тізімі 1 дана.

4. Кепілдік талоны 1 дана.

5. Құралдың орамасы (полиэтилен пакеті + қорабы) 1 дана.

7. ҚҰРАЛДЫ ІСКЕ ҚОСПАС БҰРЫН ЖҰМЫСҚА ДАЙЫНДАУ ЖӘНЕ ПАЙДАЛАНУ

Құралды алғаш рет пайдаланар алдында немесе кофеқайнатқыш көп уақыт пайдаланбаған

жағдайда оған таза су құйып, оны бірнеше рет жылы сумен келісі әрекеттерді жасап, оны жуып,

шайып жіберіңіз:

1. Кофеқайнатқыштың орайтын барлық материалдарды ішінен және сыртынан алып тастаңыз,

сонымен қатар құралдың сыртқы бетінен барлық жарнамаға қатысты жапсырмаларды

46

алыңыз.

2. Құралдың сыртқы корпусын ылғал шүберекпен сүртіңіз. Кофеқайнатқышты тегіс қабатқа

орнатыңыз.

3. Суға арналған сауытты салқын сумен толтырыңыз (судың деңгейі “мах” белгісінен асыра

толтыруға мүлдем болмайды) содан кейін арналған сауытты кофеқайнатқыштың корпусына

орнатыңыз.

4. Электр жүйесіне желілік ашасын жалғастырыңыз.

5. Сүзгінің ұстағышын (13) сүзгімен (12) бірге кофеқайнатқыштың ішіне орналастырыңыз.

Сүзгінің ұстағышы мен сүзгімен бірге кофеқайнатқыштың сыртында ұстағыштың ұясына

орналастыратын орынға төменнен жоғары қарай қондырып, сүзгі ұстағышының тұтқасын

«Lock» белгісінен сол бағытына 45 градусқа қарай орналастырып қойыңыз, содан кейін

сүзгі ұстағышының тұтқасын «Lock» белгісіне дейін 40-45 градус он бағытына қарай бұрап,

бекітіңіз онымен тұтқаны бұрап, бекіткен кезеде оған артық күш салудың қажеті жоқ!).

6. Шыны-аяқты тұпқоярдың торында (6) орналасқан сүзгі ұстағышының шүмегі орналасқан

жерге,яғни шүмегінің астына орнатып қойыңыз. Буды жіберетін реттеуіш тетігі “MIN”

белгісінде орналасқанына көз жеткізіңіз. Назар аударыңыз! Егерде бу жіберу реттеуіші

басқа қалыпта тұрса мына белгісі бар батырмасы активті емес болып келеді!

7. Мына

белгісі бар батырмасына басу арқылы кофеқайнатқышты қуат көзіне косыңыз.

Батырманың көмескі жарығы жыпылықтай бастайды ол судың қыздыру барысын көрсетеді.

Су қызғаннан кейін батырманың көмескі жарығы бір қалыпты жанады батырмасының

жыпылықтап жануы барысында , мына

және мына батырмалары активті емес

болып келеді.

8. Мына

белгісі бар батырмасын басыңыз, қайнаған ыстық су шүмсек арқылы шыны-

аяққа құйылады.

9. Судың барлығы құйылғаннан кейін, контейнер, сүзгіш және тұтқышты жақсылап жуып

шайқаңыз.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!Бірінші немесе ұзақ үзілістен қолданғаннан кейін, сорғыш жоғарылатылған

шуда жұмыс істеуі мүмкін.Ол қалыпты жағдай,магистральді сумен толтырғаннан 20 секундтан

кейін шудың деңгейі төмендетеді.

ЭСПРЕССО КОФЕСІНІҢ ДАЙЫНДАЛУ ӘДІСІ

1. Кофеқайнатқыш электр желісінен ажыратылып тұрғанына көз жеткізіңіз. Суға арналған

сауытты суға толтырып, құралдың сыртқы корпусына орналастырыңыз.

47

2. Сүзгінің ұстағышын (13) кофеқайнатқыштың сыртында ұстағыштың ұясынан (егер ол сол

жақта орнатылған болса) сүзгі ұстағышының тұтқасын «Lock» белгісінен сол бағытына

шамалы 45 градусқа қарай төмен жаққа бұрап, орналастырып қойыңыз. Сүзгіні (12) өлшеуіш

қасық (15)арқылы ұнтақталған кофемен толтырыңыз. Жай қарапайым эспрессо кофені

дайындау үшін өлшеуіш бір қасық кофені, ал екі есе эспрессоны дайындау үшін--екі қасық

кофені қолданыңыз. Нығыздатқыштың (15) көмегімен кофені нығыздап,сүзгіштің қыр-

шегіндегі артық кофені алып тастаңыз.Сүзгіштің ұстағышын «Құралды іске қоспас бұрын

жұмысқа дайындау және пайдалану» бөлімінің 5 тармағына сәйкес кофеқайнатқыштың

корпусына орналастырыңыз.

3. Шыны-аяқты сүзгіш ұстағыштың шүмегі орналасқан тұпқоярының торына (6)

орналастырыңыз (бір шыны-аяқты қолдануға болады, бірақта екі шүмектен келетін кофе

бір шыны-аяққа ағатындай етіп орналастырыңыз).

4. Кофеқайнатқыштың желілік сымын электр желісіне жалғастырыңыз.

5. Мына белгісі бар батырмасына басыңыз, су қыза бастайды.Судың толығымен қызғанына

дейін күтіңіз. (Су қызғаннан кейін батырманың көмескі жарығы бір қалыпты жанады.

6. Мына белгісі бар батырмасын бір шыны кофе дайындау үшін немесе батырмасын

екі шыны кофе дайындау үшін басыңыз. Сүзгіштің шүмегі арқылы кофе шыны-аяққа келіп

түседі.

7. Кофені дайындап болғаннан кейін мына

белгісі бар батырмасын басыңыз,индикатор

сөнеді.

8. Кофенің жаңа мөлшерін дайындау үшін 2 ден 9 ға дейінгі тармақтарды қайталаңыз.

Сүзгіштегі кофе қалдықтарын жойып, тұтқышпен сүзгішті жылы суда шайқап жуыңыз,кофені

салардың алдында сүзгішті құрғақ болғанша сүртіңіз.

Назар аударыңыз! Құрал іске қосылып тұрған кезде сүзгіштің ұстағышын шығарып алмаңыз.

Назар аударыңыз! Кофеқайнатқыштың жұмысы аяқталғаннан кейін біршама уақыт сүзгіш

ұстағышының шүмегінен қайнатылған кофенің қалдықтары ағады.

КАПУЧИНО КОФЕСІНІҢ ДАЙЫНДАЛУ ӘДІСІ

1. Эспрессо кофесін дайындаңыз.

48

2. Қаймақты дайындау үшін керамика сияқты арнайы сыйымдылықты қолданған жөн. Қаймағы

алынбаған сүтті қолдану жақсырақ болып келеді(майлығы 6-10%).Ескерту:Диаметрі кем

дегенде 70±5 болып келетін шыны-аяқты қолдануға кеңес береміз.Сонымен қатар сүттің көлемі

екі есеге ұлғаятынын назарға алыңыз,сондықтан шыны қажетті биік болуына көз жеткізіңіз.

3. Бу жіберу реттегіші MIN белгісенде орналасқанына көз жеткізіңіз.

4. Мнына

белгісі бар батырмасын басыңыз. Батырманың индикаторы жыпылықтай

бастайды. Жарық индикаторы бір қалыпты жанғаннан кейін машина сүтті қаймаққа

айналдыруға дайын екендігін білдіреді. Ескерту: Егерде жұмыс барысында индикатор

жыпылықтай бастаса,бу реттеуішін сағат тіліне қарама қарсы MIN белгісіне дейін бұрып

индикатордың бір қалыпты жануын күтіңіз. Аталған шараны қайталаңыз.

5. Бу тармағының шүмегіне сүт құйылған сыйымдылықты орналастырыңыз.Реттеуішті жай

қалыппен сағат тіліне қарама қарсы бағытта ең жоғарғы деңгейге дейін бұрыңыз,кейін

бу тармағының шүмегінен бу шыға бастайды.Шүмекті сүтке 2 см дейін орналастырыңыз,

қажетті көлемге қол жеткізу үшін сүт құйылған сыйымдылықты жеңіл ауыстыру арқылы

қаймақтың дайындалу әдісін басқарыңыз.Бу реттегішті сағат тілі бағытына қарай бұрыңыз,

содан мына белгісі бар батырмасына басып қуат көзінен ажыратыңыз.

Назар аударыңыз! Бу тармағының шумегінен бумен бірге біршама мөлшерде су бөлініп шығуы

мүмкін

8. ТАЗАРТУ ЖӘНЕ КҮТІМ

Тазартпас бұрын құралдың сөніп тұрғанына, ол желіден ажыратылғанына және суытып

тұрғанына көз жеткізіңіз.

Құралмен пайдаланып болғаннан кейін сүзгінің бітеліп қалуын және де кофеқайнатқыштың

бөліктеріне жабысып қалған, қиын жойылатын қалдықтарын алдын алу үшін тазартуды кеш

уақытқа қалдырмай орындаңыз.

Құралды суға немесе басқа сұйықтықтарға салуға мүлдем болмайды. Судың электр

қосылысына тамып кетпеуін әрдайым қадағалаңыз.

Құралдың сыртқы жағын жұмсақ ылғал шүберекпен сүртіңіз. Құралды тазарту үшін

абразивті және агрессивті тазарту құралдары мен органикалық ерітінділерді пайдалануға

тыйым салынады.

Сүзгінің ұстағышын шешіп алыңыз, сүзгіден кофенің қалдықтарын алып тастаңыз. Сүзгінің

ұстағышын және сүзгіні ағын жылы судың астына қойып, жұмсақ матамен немесе түктері

жоқ ысқыштың көмегімен құрғатып сүртіңіз. (Сүзгінің ішкі саңылауларын қарап шығыңыз,

егер олар бітеліп қалған жағдайда майда қалшықпен тазартыңыз (құралдың жиынтығына

қоса кірмейді)).

Сүзгінің ұстағышы орналасқан орының тазартыңыз.

49

Егер құрал капучино әзірлеу үшін пайдаланған болса, бу шығаратын түтікті шешіп алыңыз

да, содан оны жуып, жұмсақ матамен сүртіп шығу керек.

Сусын тамшыларын жинауға арналған түпқоймасын шешіп алыңыз, жиналған сұйықтықты

төгіп тастаңыз, содан оны жуып, жұмсақ матамен сүртіңіз.

Құралды әр пайдаланған сайын осы әрекеттерді қайталаңыз.

Мезгіл-мезгіл сайын суға арналған сауыттың ішкі және сыртқы жағын жұмсақ матамен

немесе ысқыштың көмегімен жуыңыз.

ҚАҚТАН ТАЗАРТУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚ

Кофеқайнатқыштың жұмысы нәтижелі болсын десеңіз, құралды қақтан жүйелі түрде,

мүмкіндігінше 2-3 ай сайын тазартып тұрыңыз, ал егер «тұзы көп суды» пайдаланған кезде

тазартуды жиі орындау керек. Ол үшін «Құралды іске қоспас бұрын жұмысқа дайындау және

пайдалану» бөлімдегі көрсетілген әдістерді орындау қажет, сонымен судың орнына қақтан

тазарту үшін лимон қышқылының 2-3% ерітіндісін пайдаланыңыз. Содан кейін суға арналған

сауытты сумен толтырып, «Құралды іске қоспас бұрын жұмысқа дайындау және пайдалану»

бөлімдегі көрсетілген әдістерді орындау қажет.

САҚТАУ ЖӨНІНДЕГІ ШАРТ

1. Пайдаланып болған соң құрал электр желісінен ажыратылғанына көз жеткізіңіз.

2. Суды төгіп, құралды тазартыңыз.

3. Құралдың бөліктері мен бөлшектерін жақсылап кұрғатып сүртіп шығыңыз, құралыңызды

құрғақ, салқын жерде сақтаңыз.

Құралдар қоршаған ауа температурасы плюс 40ºС -тан аспайтын және 5ºС-тан кем емес,

салыстырмалы ылғалдығы 70%-дан жоғары емес, қышқылды және электрлі құралдар

материалдарына теріс әсер ететін өзге де будың, шаңның болмауы жағдайында жабық, құрғақ

әрі таза бөлмежайда сақталуы тиіс.

ТАСЫМАЛДАУ ЖӨНІНДЕГІ ШАРТ

Құралдарды тасымалданатын көлік түрінде әрекет ететін, механикаландырылған жүк тиеу-

түсіру жұмыстарын қамтамасыз ететін жүкті тасымалдау ережелеріне сәйкес жабық көлік

құралдарының кез келген түрінде тасымалдайды. Құралдарды тасымалдау барысында бүлінуден

50

сақтау әрекеті қамтамасыз етілуі тиіс – бұйым сапасы мен тұтынушы құралының сыртқы түрін

сақтау. Құралдарды тасымалдау барысында оларды тікелей атмосфералық жауынның түсуінен,

агрессивті ортадан сақтау қажет

9. КӘДЕГЕ ЖАРАТУ БОЙЫНША ТАЛАПТАР

Ескертпе: Пайдалану мерзімі аяқталғаннан кейін электр құралын әдеттегі тұрмыстық

қалдықтармен бірге лақтырмай, жоятын ресми орынғанға өткізіңіз. Сөйтіп, Сіз қоршаған

ортаны сақтауға көмектесесіз.

Бұйымды кәдеге жарату барысында пайда болатын қалдықтар белгіленген тәртіппен және

салалық нормативті құжаттар, соның ішінде «Өндіріс пен тұтыну қалдықтарын орналастыру

мен залалсыздандыру бойынша гигиеналық талаптар» Санитарлық ережелер мен нормаларға

2.1.7.1322-03 сәйкес кәдеге жарату үшін міндетті түрде жиналуы тиіс.

10. АҚАУЛАРДЫ ІЗДЕСТІРУ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ЖОЮ ТӘСІЛДЕРІ

A) Сүзгіні ұстағыш шүмегінен ыстық су ақпайды.

Сауыттың суға толы екендігіне көз жеткізіңіз.

Кофеқайнатқының ішкі жұмыс қабатына ауа кіруі мүмкін, соның салдарынан сорғы

өшіп қалды.

7 бөлімде қарастырылған әрекеттерді орындаңыз («Жұмысқа дайындау»).

Егер мұнан соң аталмыш функция қалыпқа келмесе, қызмет көрсету орталығының

білікті маманына хабарласыңыз.

B) Бу түтігі шүмегінен бу шықпайды.

Бу түтігі шүмегінің ішінде түзілуі мүмкін түзілімдерді жойыңыз.

Сауыттағы су мөлшерін тексеріңіз.

C) Кофе сүзгі ұстағышынан асып құйылады:

Сүзгінің ішіне ұнтақталған кофенің көп мөлшері салынуы мүмкін, соның

салдарынан сүзгі ұстағышы кофеқайнатқы корпусындағы ұяшыққа мықтап

бекітілмеді. Кофеқайнатқының сууын күту қажет, сипаттамаға сәйкес ұнтақталған

кофе мөлшерін сала отырып қайта сусынды дайындаңыз..

D) Алғашқы порцияны әзірлеу барысында кофе сүзгі ұстағыш шүмегінен баяу ағады

немесе мүлдем ақпайды.

Ұнтақталған кофеге арналған сүзгіні тексеріңіз. Егер сүзгінің саңылаулары бітеліп

қалса, оларды тазарту қажет, ол үшін кішкене ғана қылшақты немесе сәйкес

51

құралды пайдаланыңыз.

Бұл мәселе кофеқайнатқы корпусының ұяшығындағы тесілген дисктен судың

жеткілікті мөлшерде ағып түспеуімен байланысты болуы мүмкін. Құралды

бірнеше ай пайдаланғаннан кейін диск саңылаулары бітелу мүмкіндігі бар. Бұл

жағдайда дискті қылшақпен немесе тіс тазартқышпен тазарту қажет, содан соң

кофеқайнатқыны қосыңыз, корпусқа бекітілген сүзгі ұстағышсыз құралға суды

жіберу қажет. Су дисктің барлық саңылауларынан оңай түрде ағуы қажет, егер

мұндай жағдай орын алмаса, диск бүлінді деген сөз, қызмет көрсету орталығына

хабарласу қажет.

Суға арналған сауыт кофеқайнатқының корпусына дұрыс орнатылмады. Сауытты

құралдың корпусына максималды түрде берік орнатыңыз.

Кофені әзірлеу мақсатында суға арналған сауыттың ішінде судың мөлшері сорғыға

тарту үшін жеткіліксіз. Сауытты сумен толтырыңыз.

E) Кофе сұйық және суық.

Қолданылатын кофе тым ірі.

Қойылтылған және ыстық сусынды әзірлеу үшін кофе дәндері ұсақ болуы тиіс

(эспрессо кофеқайнатқыларына сәйкес болуы қажет).

11. ТЕХНИКАЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ

PCM 1526E Adore Crema - POLARIS сауда белгісінің тұрмыстық электр кофеқайнатқышы

Қуаттылығы: 850 Вт.

Кернеуі: 220-240 В.

Жиілігі: ~50 Гц.

Суға арналған сауыттың сиымдылығы 1,2 л.

Қорғаныс жіктелімі: I.

Ескертпе: Өзгерістер мен жетілдіруді енгізудің ұдайы үрдісінің орын алуынан, нұсқаулық пен

бұйымның арасында қандай да бір айырмашлық байқалуы мүмкін. Өндіруші, тұтынушының

бұған назар аударатынына үлкен үміт артады.

12. СЕРТИФИКАТТАУ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

Құрал РФ нормативті құжаттарына сәйкестікке сертификатталған.

52

Құралдың құрылымы «Төмен вольтты құрылғы қауіпсіздігі жөнінде» ТР ТС 004/2011, сондай-ақ

«Техникалық құралдардың электрлі-магнитті сәйкестігі» ТР ТС 020/2011 талаптарына жауап

береді.

Бұйымның есептік жарамдылық мерзімі: 3 жыл

Кепілдік мерзімі: сатып алған күннен бастап 1 жыл

Өнімді өндеп шығарылған мерзімі құралдың сыртында көрсетілген.

Өндіруші:

TEXTON CORPORATION LLC - « ТЕКСТОН КОРПОРЕЙШН « ЖШҚ

1313 N. Market Street, Suite 5100, Wilmington, State of Delaware 19801, United States of America.

1313 Н. Маркет Стрит, 5100 бөлмежай, Уилмингтон қ, Делавэр Штаты, 19801, Америка Құрама

Штаттары.

13. КЕПІЛДІК МІНДЕТТЕМЕ

Бұйым: Электр кофеқайнатқышы Моделі: PCM 1526E Adore Crema

Бұл кепілдік әрекеттегі заңдылықпен бекітілген тұтынушының құқығына қосымша ретінде

өндірушімен берілген, және тұтынушының құқығын еш шектемейді.

Бұл кепілдік бұйымды сатып алған күннен 12 ай бойына әрекетте болады, және материалдар

мен жұмыс істеуіне байланысты ақаулар табылған жағдайда кепілдік қызмет көрсетуді

білдіреді. Бұл жағдайда тұтынушы басқасын қоса алғанда, бұйымды тегін жөндетуге құқықты.

Бұл кепілдік келесі шарттарды сақтағанда, жарамды:

1. Кепілдік міндеттеме ««TEXTON CORPORATION LL » компаниясы шығаратын барлық

үлгілерге, кепілдік қызмет көрсетілетін елдердің барлығында жарамды (сатып алған

жеріне қарамастан).

2. Бұйым тек қана тұрмыстық қажеттіліктерге пайдалану үшін сатып алынуы тиіс. Бұйым

пайдалану бойынша нұсқаулыққа, қауіпсіздік бойынша ережелер мен талаптарды сақтай

отырып, пайдаланылуы тиіс.

53

3. Өндірушінің міндеттемесін осы кепілдік бойынша сатушылар өндірушінің уәкілетті

дилерлері және ресми қызмет көрсететін (сервис) орталықтар орындайды. Бұл кепілдік

өндіруші құзырлық бермеген сатушылардан сатып алынған бұйымдарға таралмайды, олар

тұтынушы алдында заңға сәйкес, өздігінен жауап береді.

4. Бұл кепілдік келесі жәйттердің нәтижесінде пайда болған ақауларды жөндеуге таралмайды:

Химиялық, механикалық немесе өзге де әсер етулер, бөгде заттардың бұйымның ішіне

түсіп кетуі;

Бұйымды тікелей мақсаты бойынша емес, дұрыс пайдаланбағанда, жинаққа кірмейтін,

қосымша аксессуарларды пайдаланғанда, сондай-ақ, бұйымды техника қауіпсіздігі

ережелері мен талаптарын бұза отырып, орнатқанда және пайдаланғанда;

Жарамдылық мерзімі шектеулі әрлеу бөлшектері, шам, батареялар, қорғаныс экрандары,

қоқыс жинақтауыштар, белдіктер, қылшақтар тозғанда;

Авторланған қызмет көрсету орталықтары болып табылмайтын*, тұлғалар немесе

фирмалар өндірген бұйымдардың жөндеуі;

5. Осы талонның түпнұсқасымен, сатушы берген тауарлы чектің түпнұсқасымен және ақау

табылған бұйыммен бірге көрсеткенде ғана жарамды болмақ.

6. Бұл кепілдік тек қана жеке тұрмыстық қажеттілік үшін пайдаланылатын бұйымдарға

ғана жарамды, және коммерциялық, өнеркәсіптік немесе кәсіби мақсатта қолданылатын

бұйымдарға таралмайды.

POLARIS бұйымдарына кепілдік қызмет көрсету мәселелері бойынша Өзіңіздің жергілікті

POLARIS ресми сатушыңызға хабарласыңыз. Құралдың ақаулы екендігі анықталса, тез арада

қызмет көрсету орталығына хабарласу қажет .

* Авторланған сервистік орталықтардың мекен-жайлары Компания сайтында: www.polar.ru

Құралды жеткізуші тасымалдау барысында, дұрыс емес пайдалану салдарынан, сондай-ақ

құралдың түрін өзгерту, немесе өздігінен жөндеу жұмысын жүргізу әрекетіне байланысты

туындаған ақау үшін жауапты емес.

54

55