Polaris PCM 1519AE Adore Cappuccino – страница 3

Инструкция к Кофеварке Polaris PCM 1519AE Adore Cappuccino

самостійно відповідають перед споживачем відповідно до законодавства.

4. Ця гарантія не поширюється на дефекти виробу, що виникли в результаті наступних дій:

Хімічного, механічного або іншого впливу, потрапляння сторонніх предметів, рідин, комах

та продуктів їх життєдіяльності всередину виробу;

Неправильної експлуатації, що полягає у використанні виробу не за його прямим

призначенням, а також встановлення та експлуатації виробу з порушенням правил і

вимог техніки безпеки;

Прояви зовнішніх змін, що виникли в результаті нормальної експлуатації, а також

звичайного зносу, що не вливають на функціональні властивості: механічні пошкодження

зовнішньої або внутрішньої поверхні (ум’ятини, подряпини, потертості), природна зміна

кольору металу в т.ч. поява райдужних і темних плям, а також - корозії на металі в місцях,

де пошкоджене покриття та непокритих ділянках металу.

Зносу деталей оздоблення, ламп, батарей, захисних екранів, накопичувачів сміття,

ременів, щіток та інших деталей з обмеженим терміном використання;

Ремонту виробу, здійсненого особами або фірмами, що не є авторизованими сервісними

центрами *;

5. Ця гарантія дійсна, якщо пред’явлена разом із оригіналом справжнього талона, оригіналом

товарного чека, виданого продавцем, і виробу, в якому виявлено дефекти.

41

6. Ця гарантія дійсна тільки для виробів, що використовуються для особистих побутових

потреб, і не поширюється на вироби, які використовуються для комерційних, промислових

або професійних цілей.

З усіх питань гарантійного обслуговування виробів POLARIS звертайтеся до Вашого місцевого

офіційного продавця POLARIS.

У разі виявлення несправностей обладнання слід негайно звернутися до сервісного центру.

*Адреси авторизованих центрів обслуговування на сайті Компанії: www.polar.ru

Постачальник не несе ніякої відповідальності за збитки, повязані з пошкодженням приладу

під час його транспортування, в результаті некоректного використання, а також у звязку з

модифікацією або самостійним ремонтом приладу.

42

POLARIS сауда белгісімен шығатын өнімді таңдағаныңыз үшін алғыс білдіреміз.

Біздің бұйымдар сапа, функционалдық және дизайнға қойылатын жоғары талаптарға

сәйкес жасалған. Біздің фирмадан жаңа бұйым алғаныңызға риза болатыныңызға

сенімдіміз.

43

Құралды пайдаланбас бұрын осы нұсқаулықпен мұқият танысыңыз, онда Сіздің

қауіпсіздігіңізге қатысты маңызды ақпарат бар, сондай-ақ, құралды дұрыс пайдалану мен

күтуге қатысты кеңестер берілген.

Нұсқаулықты кепілдік талонымен, кассалық чекпен бірге, мүмкіндігінше, картон

қорапта және орама материалымен бірге сақтаңыз.

44

МАЗМҰНЫ

1. Жалпы мәлімет

46

2. Қауіпсіздік бойынша жалпы нұсқаулар

46

3. Осы құралдың қауіпсіздігі жөніндегі арнайы

47

нұсқаулар

4. Құралдың пайдалану саласы

48

5. Құралдың сипаттамасы

48

6. Құралдың жиынтығы

50

7. Құралды іске қоспас бұрын жұмысқа дайындау және

50

пайдалану

45

8. Тазарту және күтім

55

9. Қалдықтарды кәдеге жарату жөніндегі талаптар

57

10. Ақауларды іздестіру және оларды жою тәсілдері

57

11. Техникалық сипаттамалары

58

12. Сертификаттау туралы ақпарат

58

13. Кепілдік міндеттеме

59

1. ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТ

Бұл пайдалану бойынша нұсқаулық, моделі PCM 1519AE Adore Cappuccino POLARIS

кофеқайнатқыш (бұдан әрі мәтін бойынша кофеқайнатқыш, құрал) жөніндегі техникалық

ақпаратпен, құрылғымен, құралды сақтау мен пайдалану бойынша ережелермен танысуға

арналған

2. ҚАУІПСІЗДІК БОЙЫНША ЖАЛПЫ НҰСҚАУЛАР

Құралды пайдалану «Тұтынушылардың электрлі орнатуларды техникалық пайдалану

ережелеріне» сәйкес жүзеге асырылуы тиіс.

Құрал тек мақсаты бойынша тұрмыста пайдаланылуы тиіс. Құралды коммерциялық

мақсатта ұзақ уақыт бойы пайдалану құралдың істен шығуына, зақымдалуына немесе

адамдардың денсаулығына нұқсан келтіруіне әкеп соғуы мүмкін.

Құрал нұсқаулыққа сәйкес тек мақсаты бойынша пайдаланылуы тиіс.

Бұл құралды пайдалануды бастамас бұрын пайдалану жөніндегі нұсқаулықты мұқият тұрде

оқып шығыңыз.

Әр кезде құралды қоспас бұрын оны қарап шығыңыз. Құралдың және желілік сымның

ақаулығы анықталған жағдайда, құралды розеткаға қосуға мүлдем болмайды.

46

Құрал жерге, еденге құлаған жағдайда сонымен ақаулығы анықталған жағдайда, құралды

қолданбаңыз. Құралды пайдаланбас бұрын оны білікті мамандар қызмет көрсету

орталығының қызметкері ғана тексеру тиіс.

Егер Сіз құралдың жұмыс жасау мүмкіндігіне күмән келтірсеңіз, құралды пайдаланбаңыз.

Құрал мен желілік сым жоғары температураның әсеріне, тікелей күн көзіне және ылғалға

ұшырамайтындай етіп сақталуы керек.

Құралды желіге қоспас бұрын, оның ауыстырып қосатын тетігі «СӨНД.» күйінде тұрғанына

көз жеткізіңіз.

Жұмыс істеп тұрған құралды бақылаусыз қалдырмаңыз! Егер Сіз құралды пайдаланбасаңыз,

онда оны әркез сөндіріп, желілік сымын желіден ажыратыңыз.

Аталмыш құралды қолдануға қатысты қауіпсіздіктері үшін жауап беретін тұлғаның

нұсқаулығы жүргізілген немесе қадағалау жүзеге асырылған кездерді есепке алмағанда,

білімі мен тәжірибесі жоқ немесе жүйке жүйесінде немесе психикалық, физикалық

ауытқулары бар тұлғалардың (балаларды қоса алғанда) қолдануына арналмаған.

Балалардың құралмен ойнауына жол бермеу үшін оларды қадағалап отырыңыз.

Назар аударыңыз! Құралды ванна, ыдыс-аяқ жуатын шұңғылша немесе сумен толтырылған

басқа ыдыстардың қасында пайдалануға болмайды. Құрал суға түсіп кеткен жағдайда,

оны бірден желіден ажыратыңыз. Сонымен бұл кезде қолды суға малуға болмайды.

Құралды екінші мәрте пайдаланудың алдында оны білікті маман тексеріп шығуы керек.

Құралды суға немесе басқа сұйықтықтарға салуға мүлдем болмайды. Ылғал қолмен

құралды ұстауға болмайды. Құрал дымқылданса, оны бірден желіден ажыратыңыз.

Құралды тек қана ауыспалы тоқ көзіне ғана қосыңыз (~). Құралды желіге қоспас бұрын,

желідегі қолданылатын электрлік параметрлерін тексеріңіз, бұл құралдың техникалық

сипаттамаларына сәйкес болғанына көз жеткізіңіз.

Құралды тек қана жерге тұйықталған желіге ғана қосыңыз. Сіздің қауіпсіздігіңізді

қамтамасыз ету үшін жерге тұйықталу бекітілген электр техникалық нормаларға сәйкес

келуі тиіс. Стандартты емес қоректендіру көздерін немесе қосу құрылғыларын пайдалануға

болмайды.

Ұзартқышты пайдаланудың алдында оның жерге тұйықталғанына көз жеткізіңіз.

Кез келген ақау бола тұра құралды іске қосу Сізді кепілдікті қызмет көрсету құқығынан

айырады.

Құралды бөлмежайдан тысқары жерде пайдаланбаңыз. Құралдың сүйiр бұрыштарға

соғылуынан сақтаңыз. Пайдаланып болғаннан кейін, тазартқанда немесе құрал сынып

қалса оны әрдайым желіден ажыратыңыз.

Құралды желілік сымнан ұстап тасымалдауға болмайды. Сондай-ақ, желілік сымнан

ұстап желіден ажыратуға тыйым салынады. Құралды желіден ажыратқанда штепсельді

айыршадан ұстаңыз.

Құралдың жиынтығына кірмейтін қосымша аксессуарларды пайдалану Сізді кепілдікті

қызмет көрсету құқығынан айырады.

47

Пайдаланып болғаннан кейін, электрмен қоректендіру сымын құралды айналдыра орауға

болмайды, себебі, уақыт өте келе бұл сымның үзілуіне әкеп соғуы мүмкін. Қашанда сақтау

үшін сымды жақсылап тарқатыңыз.

Сымды тек қана білікті мамандар қызмет көрсету орталығының қызметкері ғана ауыстыра

алады. Біліктілілігі жоқ тұлға тарапынан жасалған жөндеу қолданушыны қауiп-қатерге

ұшыратуы мүмкін.

Құралды өз бетіңізбен жөндеуге болмайды. Жөндеуді қызмет көрсету орталығының білікті

мамандары ғана жүзеге асыруы керек

Құралды жөндеу үшін тек түпнұсқалы қосалқы бөлшектерді пайдаланыңыз.

Пайдалану мерзімі аяқталғаннан кейін электр құралын әдеттегі тұрмыстық қалдықтармен

бірге лақтырмай, жоятын ресми пунктке өткізіңіз. Сөйтіп, Сіз қоршаған ортаны сақтауға

көмектесесіз.

3. ОСЫ ҚҰРАЛДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ БОЙЫНША АРНАЙЫ НҰСҚАУЛАР

Құралдың суға арналған сауытты тек қана таза, ішуге жарамды, салқын суымен толтырыңыз.

Суға арналған сауытты басқа сұйықтықпен ешқашан толтырмаңыз және оған кофе дәндерін,

сонымен кофе ұнтағын салмаңыз.

Кофеқайнатқышты басқа шай немесе цикориден жасалатын сусындарды қайнатып, әзірлеу

үшін пайдаланбаңыз.

Сүзгінің ластануын болдырмау үшін ұнтақталған кофеге мысалы, қант және басқа тағамдық

өнімдерді қоспаңыз.

Ұнтақталған кофеден сусын әзірлеу үшін туркада қайнатуға «extra ne» ең ұсақ дәнді

қолдануға рұқсат етілмейді. Бұл сүзгінің бүлінуіне әкеп соғуы мүмкін. Бүлінген сүзгіні

тазарту немесе ауыстыру құралдың кепілді қызмет көрсетуіне қатысты шарттарына

кірмейді.

Егер сүзгі ластанған болса оның бітеліп қалған саңылауларын өткір металл заттармен

тазартуға тыйым салынады.

Суға арналған сауытты max белгісінен асыра және min белгісінен төмен толтырмаңыз.

Әрқашан кофеқайнатқыштың резервуарын, егер ол кофеқайнатқышта орнатылған

болса сумен толтырмаңыз, кофеқайнатқыштың резервуарын сумен толтыру үшін оны

кофеқайнатқышының сыртқы корпусынан шығарып алыңыз.

Ешқашан суы жоқ құралды іске қоспаңыз.

Суға арналған резервуардың қақпағын ашпаңыз және құрал жұмыс істеп тұрғанда суға

арналған сауытты және сүзгінің ұстағышын кофеқайнатқышының сыртқы корпусынан

мүлдем алуға болмайды. Бұл терінің күюіне әкеп соғуы мүмкін.

Кофеқайнатқышты ешқашан жұмыс кезінде қараусыз қалдырмаңыз.

48

Құралды бертегіс орнықты қабатқа, үстелдің шетінен/ жұмыстық қабаттан барынша алысқа

қойыңыз.

Құрал қоршаған ауа температурасы 0ºС-тан аспайтын бөлмежайда сақталуы тиіс.

4. ҚҰРАЛДЫҢ ПАЙДАЛАНУ САЛАСЫ

Бұл құрал осы нұсқаулыққа сәйкес тұрғын ғимаратында қалыпты болып саналатын ылғалдық

пен температурада тек тұрмыста және соған ұқсас жағдайларда ғана пайдалануға арналған:

- дүкен қызметкерлерінің тамақтанатын орындарында, кеңселерде, фермерлік

шаруашылықта және басқа да жұмыс орындарында;

- тұруға арналған қонақ үй, сонымен қатар басқа да тұруға арналған орындарда;

- түнеуге және таңғы асты ішуге арналған орындарда пайдалануға арналған.

Құралды өнеркәсіптік және коммерциялық мақсатта пайдалануға тыйым салынады, сондай-ақ,

тамақ емес өнімдерді өңдеуге арналмаған.

Өндіруші осы нұсқауда қарастырылмаған немесе дұрыс пайдаланбаудың нәтижесінде туындаған

залал үшін жауапты емес.

5. ҚҰРАЛДЫҢ СИПАТТАМАСЫ

PCM 1519AE Adore Cappuccino кофеқайнатқысы сүзгідегі ұнтақталған кофе қабатынан

қыздырылған ауыз су қысымы арқылы өту жолымен алдын ала ұнтақталған дәндерден кофе

әзірлеуге арналған

1. Суға арналған сауыттың

қақпағы;

2. Суға арналған алынбалы

сауыт;

3. «Эспрессо» индикаторы

4. Басқару тұтқасы

5. Сүзгіні ұстауға арналған

тұтқа мен сүзгі

6. Реттемелі платформа

7. Сусын тамшыларын

жинауға арналған

түпқоймасы

8. Қуатты айыру тетігі

9. «Капучино»/«Латте»

индикаторы

10. Бу шығаратын тұтқасы

11. Бу шығаратын тұтіктің

шүмегі (сопло);

12. Сүтке арналған сауыттың

қақпағы;

13. Сүтті көбіктің мөлшерін

49

реттегіші;

14. Сүтке арналған алынбалы

сауыт;

15. Ұнтақталған кофеге

арналған алынбалы сүзгі

(бір мөлшер);

16. Ұнтақталған кофеге

арналған алынбалы сүзгі

(екі мөлшер);

17. Кофе нығыздауышы мен

өлшеуіш қасық.

6. ҚҰРАЛДЫҢ ЖИЫНТЫҒЫ

1. Құрастырып жиналған кофеқайнатқыш 1 дана.

2. Ұнтақталған кофеге арналған алынбалы сүзгі 1 дана.

3. Кофе нығыздауышы мен өлшеуіш қасық 1 дана.

4. Пайдалану жөніндегі нұсқаулық 1 дана.

5. Қызмет көрсету орталықтарының тізімі 1 дана.

6. Кепілдік талоны 1 дана.

7. Құралдың орамасы (полиэтилен пакеті + қорабы) 1 дана.

8. Кофе әзірлеуге арналған рецепт кітәбі 1 дана.

7. ҚҰРАЛДЫ ІСКЕ ҚОСПАС БҰРЫН ЖҰМЫСҚА ДАЙЫНДАУ ЖӘНЕ ПАЙДАЛАНУ

Құралды алғаш рет пайдаланар алдында немесе кофеқайнатқыш көп уақыт пайдаланбаған

жағдайда оған таза су құйып, оны бірнеше рет жылы сумен келісі әрекеттерді жасап, оны жуып,

шайып жіберіңіз

50

1. Кофеқайнатқыштың орайтын барлық материалдарды және құралдың сыртқы бетінен

барлық жарнамаға қатысты жапсырмаларды алыңыз.

2. Құралдың сыртқы корпусын ылғал шүберекпен сүртіңіз.

3. Кофеқайнатқышты тегіс қабатқа орнатыңыз.

4. Суға арналған сауытты сумен толтырыңыз (судың деңгейін қадағалаңыз “мах” белгісінен

асыра толтыруға мүлдем болмайды) содан кейін арналған сауытты кофеқайнатқыштың

корпусына орнатыңыз. Сүтке арналған сауытты шаюға қажет болса оған су құю қажет, содан

кейін сауытты құралға орнату үшін оны алдыңғы бөлігінен сәл ғана көтере орнатылатын

аймаққа бекітілгенше итеру қажет.

5. Электр жүйесіне желілік ашасын жалғастырыңыз, қуатты ауыстырып-қосатын тетігі « О»

нөлдік күйінде тұрғанына көз жеткізіңіз және басқару тұтқасы бастапқы (вертикалды)

қалпында болу қажет.

6. Сүзгінің қажетті мөлшерін таңдап, оны сүзгі ұстағышқа қойып, сонымен сүзгідегі шығыңқы

жерін сүзгі ұстағыштың ойылған жеріне орнатып, қиыстырып бекітіңіз. Сүзгінің ұстағышын

сүзгімен бірге кофеқайнатқыштың ішіне орналастырыңыз. Сүзгінің ұстағышы мен сүзгімен

бірге кофеқайнатқыштың сыртында ұстағыштың ұясына орналастыратын орынға төменнен

жоғары қарай қондырып, сүзгі ұстағышының тұтқасын «Lock» белгісінен сол бағытына 45

градусқа қарай орналастырып қойыңыз, содан кейін сүзгі ұстағышының тұтқасын «Lock»

белгісіне дейін он бағытына қарай бекітілгенше бұрап, бекітіңіз (Сонымен тұтқаны бұрап,

бекіткен кезеде оған артық күш салудың қажеті жоқ!).

7. Шыныаяқты тұпқоярдың торында орналасқан сүзгі ұстағышының шүмегі орналасқан жерге,

яғни шүмегінің астына орнатып қойыңыз. Егер пайдаланатын шыныаяқ шағын мөлшерлі

болса, қайнап тұрған су жан-жаққа шашырамауы үшін жылжымалы және реттелінетін

тұғырықты пайдаланыңыз.

8. Іске қосатын ауыстырып-қосқышының тетігін «I» қалпына қойып кофеқайнатқышты

қосыңыз, сол кезде алдынғы панеліндегі қызыл түсті жарық индекаторы жанып, жыпылықтай

бастайды. Сонымен кофеқайнатқыш іске қосылып, қыза бастайды.

51

Назар аударыңыз! Егер Сіз кофеқайнатқышты пайдалана ешбір әрекет жасамасаңыз, электр

қуатты үнемдеу мақсатында кофеқайнатқыш соңғы пайдаланудан соң 15 минуттан кейін

автоматты түрде сөнеді. Кофеқайнатқышты қайтадан іске қосу үшін құралды қосу тетігін

сөндіріп, сосын қайта қосу қажет.

және индикаторлары жыпылықтауды тоқтатып, тұрақты түрде көк түспен жанған сәтте

(сүтке арналған алынбалы сауыт орнатылған жағдайда) кофеқайнатқы жұмысқа дайын. Егер

сүтке арналған сауыт орнатылмаса, тек индикаторы жанып тұрады.

9. Құралды тазартып, оны қайта пайдалану үшін «Капучино кофені дайындау» тарауының нұсқамасында

қарастырылған әрекеттерді орындаңыз. Сонымен суға және сүтке арналған сауыттарды тек қана

сумен толтырыңыз және сүзгінің ішінде ұнтақталған кофенің жоқтығына көз жеткізіңіз. Қақпағы бар

сүтке арналған сауытты құралға орнату үшін оны алдыңғы бөлігінен сәл ғана көтере орнатылатын

аймаққа бекітілгенше итеру қажет. Сауытты алу кері әрекеттерді орындау арқылы жүргізіледі.

10. 10.Судың барлығы құйылғаннан кейін, суға және сүтке арналған сауыттарды, сүзгіш пен

тұтқышты жақсылап жуып шайқаңыз.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Бірінші немесе ұзақ үзілістен қолданғаннан кейін, сорғыш жоғарылатылған

шуда жұмыс істеуі мүмкін.Ол қалыпты жағдай,магистральді сумен толтырғаннан 20 секундтан

кейін шудың деңгейі төмендетеді.

АЛДЫН АЛА ҚЫЗДЫРУ

Алдымен дәмді және ыстық кофе әзірлеу үшін кофеқайнатқыш пен оған орналастырылған

сүзгіні алдын ала қыздырған жөн. Осылайша кофеқайнатқыштың суық бөліктері кофе қайнатып

алуға ешбір әсерін тигізбейді.

1. Суға арналған сауытты сумен толтырыңыз (судың деңгейін қадағалаңыз сауыттағы

“мах” белгісінен асыра толтыруға мүлдем болмайды) содан кейін арналған сауытты

кофеқайнатқыштың корпусына орнатыңыз.

2. Жылыту барысында сүтке арналған сауытты сумен толтыруға қажеті жоқ, бірақта сүтке

арналған сауыт өз орнына орнатылу тиіс.

3. Сүзгінің ұстағышын сүзгімен бірге кофеқайнатқыштың ішіне «Құралды іске қоспас бұрын

жұмысқа дайындау және пайдалану» тарауының 6 тармағында көрсетілгендей, оған сәйкес

орналастырыңыз.

4. Кофе құюға жарайтын шыныаяқты тұпқоярдың торына орнатып қойыңыз. Буды шығаратын

түтікті шүмегінің еңкею қалпын реттеңіз, қайнаған ыстық су бумен бірге біршама мөлшерде

дәл шыны-аяққа бөлініп шығуы тиіс.

5. Электр жүйесіне желілік ашасын жалғастырыңыз.

52

6. Кофеқайнатқының қоректендіруін қосыңыз, ол үшін қоректендіру сөндіргішін «I» қалпына

қою қажет, осы сәтте алдыңғы панельде қызыл түсті жарық индикаторы жанады және

жыпылықтауды бастайды. Жарық индикаторы жыпылықтауды тоқтатып, тұрақты түрде көк

түспен жанған сәтте басқару тұтқасын сол жаққа толығымен бұрау қажет (

символы).

7. Кесе толған сәтте алдын ала қыздыру режимі аяқталған. Басқару тұтқасын бастапқы (тік)

қалпына орнатыңыз. Кофені салмас бұрын сүзгішті құрғата сүртіңіз.

КОФЕНІҢ ДАЙЫНДАУ ҮДЕРІСІНІҢ БАСЫ

1. Алдын ала қыздырылып дайындалған кофеқайнатқыш пайдалану үшін дайын, оның жарық

индикаторы (немесе индикаторлары, бұл орнатылған режимге байланысты) үнемі көк түсті

болып жанып тұрады.

2. Сүзгінің ұстағышын кофеқайнатқыштың сыртында ұстағыштың ұясынан (егер ол

орнатылған болса) сүзгі ұстағышының тұтқасын «Lock» белгісінен сол бағытына шамалы 45

градусқа қарай төмен жаққа бұрап, орналастырып қойыңыз. Қажет болса сүзгіні құрғатып

сұртіңіз, содан кейін оны үстағышқа орнатыңыз. Сүзгіні өлшеуіш қасық арқылы ұнтақталған

кофемен толтырыңыз. Жай қарапайым эспрессо кофені дайындау үшін өлшеуіш бір қасық

кофені, ал екі есе эспрессоны дайындау үшін--екі қасық кофені қолданыңыз.

Кофенің мөлшеріне сәйкес келісетін тостақтың сүзгішін пайдаланыңыз. Кофені сәл нығыздаңыз,

мұны нығыздауыштың көмегімен іске асыруға болады және артық кофені сүзгіштің шетінен

жойыңыз.

53

3. Сүзгінің ұстағышын кофеқайнатқыштың сыртқы корпусына «Құралды іске қоспас бұрын

жұмысқа дайындау және пайдалану» тарауының 6 тармағында көрсетілгендей, оған

сәйкес орналастырыңыз.

Шыныаяқты сүзгіш ұстағыштың шүмегі орналасқан тұпқоярының торына орналастырыңыз (бір

шыныаяқты қолдануға болады, бірақта екі шүмектен келетін кофе бір шыныаяққа ағатындай

етіп орналастырыңыз). Егер пайдаланатын шыныаяқ шағын мөлшерлі болса, қайнап тұрған су

жан-жаққа шашырамауы үшін жылжымалы және реттелетін тұғырықты (тек бір шыныаяқ үшін)

пайдаланыңыз.

ЭСПРЕССО КОФЕНІ ДАЙЫНДАУ

1. Басқару тұтқасын сол жаққа толығымен бұраңыз, осы сәтте көк түсті

индикаторы

жыпылықтауды бастайды да, кофе сүзгіштің шүмегі арқылы кесеге құйылады.

2. Кесе қажетті деңгейге дейін толған соң қолмен құюды сөндіріңіз, ол үшін басқару

тұтқасын бастапқы (тік) қалпына бұрау қажет.

Кесенің кофемен толуын қадағалаңыз құю үдерісін автоматты түрде сөндіру командасы

қарастырылмаған!

Назар аударыңыз! Мөлшерлеу үдерісі аяқталған соң біршама уақыт сүзгіш тұтқышының

шүмегінен қайнатылған кофенің қалдықтары ағады.

3. Кофені дайындап болғаннан кейін іске қосатын ауыстырып-қосқышының тетігін« О»

нөлдік күйіне орнатыңыз, сонымен жарық индекаторлары сөнеді.

Сондай-ақ, кофеқайнатқыш соңғы пайдаланудан соң 15 минуттан кейін автоматты

түрде сөнеді.

Сүзгінің ішінде кофе қалдықтарын ұзақ уақытқа қалдырмаңыз. Құралмен пайдаланып

болғаннан кейін сүзгінің бітеліп қалуын және де кофеқайнатқыштың бөліктеріне жабысып

қалған, қиын жойылатын қалдықтарын алдын алу үшін тазартуды кеш уақытқа қалдырмай

орындаңыз.

КАПУЧИНО КОФЕНІ ДАЙЫНДАУ

1. Сүтке арналған сауытты сүтпен толтырыңыз (сүттің деңгейін қадағалаңыз “мах” белгісінен

асыра және «мin» белгісінен төмен толтыруға мүлдем болмайды) содан кейін арналған

сауытты кофеқайнатқыштың корпусына орнатыңыз.

2. Арнайы қоятын зат торына сәйкес кесені қойыңыз. Кесенің биіктігі жеткіліксіз болса, ыстық

өнімнің шашырамауы үшін жылжымалы реттемелі платформаны қолданыңыз. Капучиноға

54

арналған кесе көлемі 100 мл-дан артық болуы тиіс.

3. Бу шығатын түтік шүмегінің көлбеу бұрышын реттеңіз, яғни бу мен көбік кесеге бағытталып

шығуы қажет.

4. Буды шығаруды өзіңіздің қалауыңызбен реттеңіз (сүтті көбік реттеуіші), ол үшін оны солға

(аз мөлшердегі көбік) немесе оңға (көп мөлшердегі көбік) бұраңыз.

5. Сүтті көбікті дайындау үшін басқару тұтқасын сағат тілімен толығымен

бұраңыз (

). Индикатор жанады да, әзірлеу үдерісі басталады.

6. Кофені әзірлеп болған соң құралды сөндіргіш арқылы сөндіріңіз

немесе оның автоматты сөнуін күтіңіз.

Назар аударыңыз! Бу шығатын түтік шүмегінен бумен қоса аз

мөлшерде су шығуы мүмкін.

Құралды әр пайдаланған сайын оның буды шығаратын алынбалы

түтікті шүмегін жылы суда, жұмсақ қыл қылшақтың (ысқыштың) көмегімен жуыңыз. май

қалдықтардың пайда болуына жол бермеңіз.

Назар аударыңыз! Сусынды әзірлеп болған соң сүтке арналған сауытта пайдаланылмаған өнім

қалатын болса, сүті бар сауытты тоңазытқышта аз уақытқа сақтауға болады!

8. ТАЗАРТУ ЖӘНЕ КҮТІМ

Тазартпас бұрын құралдың сөніп тұрғанына, ол желіден ажыратылғанына және суып

тұрғанына көз жеткізіңіз.

Құралмен пайдаланып болғаннан кейін сүзгінің бітеліп қалуын және де

кофеқайнатқыштың бөліктеріне жабысып қалған, қиын жойылатын қалдықтарын

алдын алу үшін тазартуды кеш уақытқа қалдырмай орындаңыз.

Құралды суға немесе басқа сұйықтықтарға салуға мүлдем болмайды. Судың электр

қосылысына тамып кетпеуін әрдайым қадағалаңыз.

Құралдың сыртқы жағын жұмсақ ылғал шүберекпен сүртіңіз. Құралды тазарту

үшін абразивті және агрессивті тазарту құралдары мен органикалық ерітінділерді

пайдалануға тыйым салынады.

Сүзгінің ұстағышын шешіп алыңыз, сүзгіден кофенің қалдықтарын алып тастаңыз.

Сүзгінің ұстағышын және сүзгіні ағын жылы судың астына қойып, жұмсақ матамен

немесе түктері жоқ ысқыштың көмегімен құрғатып сүртіңіз. (Сүзгінің ішкі саңылауларын

қарап шығыңыз, егер олар бітеліп қалған жағдайда майда қалшықпен тазартыңыз

(құралдың жиынтығына қоса кірмейді)).

55

Сүзгінің ұстағышы орналасқан орының ылғал шүберекпен сүртіп тазартыңыз.

Сусын тамшыларын жинауға арналған түпқоймасын шешіп алыңыз, жиналған

сұйықтықты төгіп тастаңыз, содан оны жуып, жұмсақ матамен сүртіңіз. Құралды әр

пайдаланған сайын осы әрекеттерді қайталаңыз.

Мезгіл-мезгіл сайын суға арналған сауыттың ішкі және сыртқы жағын жұмсақ матамен

немесе ысқыштың көмегімен жуыңыз.

СҮТКЕ АРНАЛҒАН САУЫТТЫ ЖӘНЕ БУ ШЫҒАРАТЫН ШҮМЕКТІ ТАЗАРТУ

Сүтке арналған сауытты шешіңіз, жинақталған сұйықтықты төгіңіз, оны жылы су мен

жұмсақ ысқышпен жуыңыз. Агрессивті, абразивті тазарту құралдарын, сондай-ақ

органикалық ерітінділерді пайдаланбаңыз.

Қақпағы ЖОҚ сауытты ыдыс жуғыш машинасында жууға болады.

Таза сауытқа «min» және «max» белгілері арасына жылы суды құйыңыз, қақпағын жаба

оны іске қосылған және жұмысқа даяр құралға орнатыңыз.

Шүмектің астына үлкен кесені қойыңыз.

Басқару тұтқасын сағат тілімен толығымен бұраңыз (

). Бу шығатын реттеуішті сағат

тілімен “Clean” белгісіне дейін толығымен бұраңыз, қақпақ механизмін тазарту үдерісі

басталады. Шүмектен сүт емес, таза су аққан сәтте сүт мөлшерлеуіші тазарды. Мөлшерлеуіш

бөлшектерінің тазалығын тексеру үшін қақпақтың бетіндегі майысқақ бітеуішті ашыңыз, қажет

болса қатты қылшақты пайдалану арқылы май қалдықтарын жойыңыз.

Құралды әрбір пайдаланған соң бу шығатын түтікті шешіп, жылы сумен жуыңыз, ол үшін

оны сағат тіліне қарсы бұраңыз да, айналмалы құрылғыдан тартыңыз.

ҚАҚТАН ТАЗАРТУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚ

Кофеқайнатқыштың жұмысы нәтижелі болсын десеңіз, құралды қақтан жүйелі түрде,

мүмкіндігінше 2-3 ай сайын тазартып тұрыңыз, ал егер «тұзы көп суды» пайдаланған кезде

тазартуды жиі орындау керек. Ол үшін «Құралды іске қоспас бұрын жұмысқа дайындау және

пайдалану» бөлімдегі көрсетілген әдістерді орындау қажет, сонымен судың орнына қақтан

тазарту үшін лимон қышқылының 2-3% ерітіндісін пайдаланыңыз. Содан кейін суға арналған

сауытты сумен толтырып, «Құралды іске қоспас бұрын жұмысқа дайындау және пайдалану»

бөлімдегі көрсетілген әдістерді орындау қажет.

Назар аударыңыз! Егер су жұмсақ (тазартылған) болса, кофені әзірлеудің әрбір 80 циклы сайын

толық тазарту жүргізуге кеңес беріледі, ал егер су қатты болса, әрбір 40 цикл сайын тазартыңыз.

56

Уақытысында жүргізілмеген немесе дұрыс күтім көрсетпеу салдарынан туындаған ақауларды

жөндеу, сондай-ақ сүзгіштерді тазарту, май қалдықтары мен қақты жоюға қатысты жұмыстар

кепілдік қызмет көрсетуге кірмейді және тұтынушы есебінен жүргізіледі.

САҚТАУ ЖӨНІНДЕГІ ШАРТ

1. Пайдаланып болған соң құрал электр желісінен ажыратылғанына көз жеткізіңіз.

2. Суды төгіп, құралды тазартыңыз.

3. Құралдың бөліктері мен бөлшектерін жақсылап кұрғатып сүртіп шығыңыз, құралыңызды

құрғақ, салқын жерде сақтаңыз.

Құралдар қоршаған ауа температурасы плюс 40ºС -тан аспайтын және 5ºС-тан кем емес,

салыстырмалы ылғалдығы 70%-дан жоғары емес, қышқылды және электрлі құралдар

материалдарына теріс әсер ететін өзге де будың, шаңның болмауы жағдайында жабық, құрғақ

әрі таза бөлмежайда сақталуы тиіс.

ТАСЫМАЛДАУ ЖӨНІНДЕГІ ШАРТ

Электрлі құралдарды нақты бір көлік түрінде әрекет ететін жүкті тасымалдау ережелеріне

сәйкес жабық көлік құралдарының кез келген түрінде тасымалдайды. Құралды тасымалдау

барысында түпнұсқалық зауыттық ораманы пайдаланыңыз.

Құралдарды тасымалдау барысында оларды тікелей атмосфералық жауынның түсуінен,

агрессивті ортадан сақтау қажет.

9. ҚАЛДЫҚТАРДЫ КӘДЕГЕ ЖАРАТУ ЖӨНІНДЕГІ ТАЛАПТАР

Ескертпе: Пайдалану мерзімі аяқталғаннан кейін электр құралын әдеттегі тұрмыстық

қалдықтармен бірге лақтырмай, жоятын ресми орынғанға өткізіңіз. Сөйтіп, Сіз қоршаған

ортаны сақтауға көмектесесіз.

Бұйымды кәдеге жарату барысында пайда болатын қалдықтар белгіленген тәртіппен және

салалық нормативті құжаттар, соның ішінде «Өндіріс пен тұтыну қалдықтарын орналастыру

мен залалсыздандыру бойынша гигиеналық талаптар» Санитарлық ережелер мен нормаларға

2.1.7.1322-03 сәйкес кәдеге жарату үшін міндетті түрде жиналуы тиіс

10. АҚАУЛАРДЫ ІЗДЕСТІРУ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ЖОЮ ТӘСІЛДЕРІ

A) Сүзгі ұстағыш шүмегінен кофе немесе ыстық су ақпайды.

57

Сауыттың суға толы екендігіне көз жеткізіңіз.

Кофеқайнатқының ішкі жұмыс қабатына ауа кіруі мүмкін, соның салдарынан сорғы

өшіп қалды.

7 бөлімде қарастырылған әрекеттерді орындаңыз («Жұмысқа дайындау»).

Егер мұнан соң аталмыш функция қалыпқа келмесе, қызмет көрсету орталығының

білікті маманына хабарласыңыз.

B) Бу түтігі шүмегінен бу шықпайды.

Бу түтігі шүмегінің ішінде түзілуі мүмкін түзілімдерді жойыңыз.

Сауыттағы су мөлшерін тексеріңіз.

C) Кофе сүзгі ұстағышынан асып құйылады:

Сүзгінің ішіне ұнтақталған кофенің көп мөлшері салынуы мүмкін, соның салдарынан

сүзгі ұстағышы кофеқайнатқы корпусындағы ұяшыққа мықтап бекітілмеді.

Кофеқайнатқының сууын күту қажет, сипаттамаға сәйкес ұнтақталған кофе мөлшерін

сала отырып қайта сусынды дайындаңыз..

D) Алғашқы порцияны әзірлеу барысында кофе сүзгі ұстағыш шүмегінен баяу ағады немесе

мүлдем ақпайды.

Ұнтақталған кофеге арналған сүзгіні тексеріңіз. Егер сүзгінің саңылаулары бітеліп

қалса, оларды тазарту қажет, ол үшін кішкене ғана қылшақты немесе сәйкес құралды

пайдаланыңыз.

Бұл мәселе кофеқайнатқы корпусының ұяшығындағы тесілген дисктен судың

жеткілікті мөлшерде ағып түспеуімен байланысты болуы мүмкін. Құралды бірнеше

ай пайдаланғаннан кейін диск саңылаулары бітелу мүмкіндігі бар. Бұл жағдайда

дискті қылшақпен немесе тіс тазартқышпен тазарту қажет, содан соң кофеқайнатқыны

қосыңыз, корпусқа бекітілген сүзгі ұстағышсыз құралға суды жіберу қажет. Су дисктің

барлық саңылауларынан оңай түрде ағуы қажет, егер мұндай жағдай орын алмаса, диск

бүлінді деген сөз, қызмет көрсету орталығына хабарласу қажет.

Суға арналған сауыт кофеқайнатқының корпусына дұрыс орнатылмады. Сауытты

құралдың корпусына максималды түрде берік орнатыңыз.

Кофені әзірлеу мақсатында суға арналған сауыттың ішінде судың мөлшері сорғыға

тарту үшін жеткіліксіз. Сауытты сумен толтырыңыз.

E) Кофе сұйық және суық.

Қолданылатын кофе тым ірі.

Қойылтылған және ыстық сусынды әзірлеу үшін кофе дәндері ұсақ болуы тиіс (эспрессо

кофеқайнатқыларына сәйкес болуы қажет).

11. ТЕХНИКАЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ

58

PCM 1519AE Adore Cappuccino - POLARIS сауда белгісінің тұрмыстық электр кофеқайнатқышы.

Қуаттылығы: 1350 Вт.

Кернеуі: 220-240 В.

Жиілігі: ~50 Гц.

Суға арналған сауыттың сиымдылығы 1,2 л.

Қорғаныс жіктелімі: I.

Ескертпе: Өзгерістер мен жетілдіруді енгізудің ұдайы үрдісінің орын алуынан, нұсқаулық пен

бұйымның арасында қандай да бір айырмашлық байқалуы мүмкін. Өндіруші, тұтынушының

бұған назар аударатынына үлкен үміт артады.

12. СЕРТИФИКАТТАУ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

Құрал РФ нормативті құжаттарына сәйкестікке сертификатталған.

Құралдың құрылымы «Төмен вольтты құрылғы қауіпсіздігі жөнінде» ТР ТС 004/2011, сондай-ақ

«Техникалық құралдардың электрлі-магнитті сәйкестігі» ТР ТС 020/2011 талаптарына жауап

береді.

Бұйымның есептік жарамдылық мерзімі: 3 жыл

Кепілдік мерзімі: сатып алған күннен бастап 1 жыл

Өнімді өндеп шығарылған мерзімі құралдың сыртында көрсетілген.

Өндіруші:

TEXTON CORPORATION LLC - «ТЕКСТОН КОРПОРЕЙШН» ЖШҚ

1313 N. Market Street, Suite 5100, Wilmington, State of Delaware 19801, United States of America.

1313 Н. Маркет Стрит, 5100 бөлмежай, Уилмингтон қ, Делавэр Штаты, 19801, Америка Құрама

Штаттары.

13. КЕПІЛДІК МІНДЕТТЕМЕ

Бұйым: Электр кофеқайнатқышы Моделі: PCM 1519AE Adore Cappuccino

59

Бұл кепілдік әрекеттегі заңдылықпен бекітілген тұтынушының құқығына қосымша ретінде

өндірушімен берілген, және тұтынушының құқығын еш шектемейді.

Бұл кепілдік бұйымды сатып алған күннен 12 ай бойына әрекетте болады, және материалдар

мен жұмыс істеуіне байланысты ақаулар табылған жағдайда кепілдік қызмет көрсетуді

білдіреді. Бұл жағдайда тұтынушы басқасын қоса алғанда, бұйымды тегін жөндетуге құқықты.

Бұл кепілдік келесі шарттарды сақтағанда, жарамды:

1. Кепілдік міндеттеме ««TEXTON CORPORATION LL » компаниясы шығаратын барлық

үлгілерге, кепілдік қызмет көрсетілетін елдердің барлығында жарамды (сатып алған

жеріне қарамастан).

2. Бұйым тек қана тұрмыстық қажеттіліктерге пайдалану үшін сатып алынуы тиіс. Бұйым

пайдалану бойынша нұсқаулыққа, қауіпсіздік бойынша ережелер мен талаптарды сақтай

отырып, пайдаланылуы тиіс.

3. Өндірушінің міндеттемесін осы кепілдік бойынша сатушылар өндірушінің уәкілетті

дилерлері және ресми қызмет көрсететін (сервис) орталықтар орындайды. Бұл кепілдік

өндіруші құзырлық бермеген сатушылардан сатып алынған бұйымдарға таралмайды, олар

тұтынушы алдында заңға сәйкес, өздігінен жауап береді.

4. Бұл кепілдік келесі жәйттердің нәтижесінде пайда болған ақауларды жөндеуге таралмайды:

Химиялық, механикалық немесе өзге де әсер етулер, бөгде заттардың бұйымның ішіне

түсіп кетуі;

Бұйымды тікелей мақсаты бойынша емес, дұрыс пайдаланбағанда, жинаққа кірмейтін,

қосымша аксессуарларды пайдаланғанда, сондай-ақ, бұйымды техника қауіпсіздігі

ережелері мен талаптарын бұза отырып, орнатқанда және пайдаланғанда;

Қалыпты пайдалану салдарынан пайда болған сыртқы өзгерістер байқалса, сондай-ақ

құралдың функционалдық қасиетіне әсер тигізбейтін, қалыпты түрде тозған жағдайда:

ішкі және сыртқы қабаттың механикалық бүлінуі (ішіне майысу, сызат, сыртқы түрінің

өзгеруі-қажалып бүлінуі), металл түсінің қалыпты өзгеруі, сондай-ақ, құралдың метал

бетінде құбылмалы немесе қара дақтардың пайда болуы, сонымен қатар, тоттанудың

салдарынан металлдың бұзылуы, яғни металл бетінде тотқа қарсы жабыны жоқ және

жабыны бар жерлері зақымдалған болса.

Жарамдылық мерзімі шектеулі әрлеу бөлшектері, шам, батареялар, қорғаныс экрандары,

қоқыс жинақтауыштар, белдіктер, қылшақтар тозғанда;

Авторланған қызмет көрсету орталықтары болып табылмайтын*, тұлғалар немесе

фирмалар өндірген бұйымдардың жөндеуі;

5. Осы талонның түпнұсқасымен, сатушы берген тауарлы чектің түпнұсқасымен және ақау

табылған бұйыммен бірге көрсеткенде ғана жарамды болмақ.

6. Бұл кепілдік тек қана жеке тұрмыстық қажеттілік үшін пайдаланылатын бұйымдарға

60

ғана жарамды, және коммерциялық, өнеркәсіптік немесе кәсіби мақсатта қолданылатын

бұйымдарға таралмайды.

POLARIS бұйымдарына кепілдік қызмет көрсету мәселелері бойынша Өзіңіздің жергілікті

POLARIS ресми сатушыңызға хабарласыңыз. Құралдың ақаулы екендігі анықталса, тез арада

қызмет көрсету орталығына хабарласу қажет .

* Авторланған сервистік орталықтардың мекен-жайлары Компания сайтында: www.polar.ru

Құралды жеткізуші тасымалдау барысында, дұрыс емес пайдалану салдарынан, сондай-ақ

құралдың түрін өзгерту, немесе өздігінен жөндеу жұмысын жүргізу әрекетіне байланысты

туындаған ақау үшін жауапты емес.