Polaris pg 15 ur: Жинақтауыш типті электр сужылытқышы PG 15 OR, PG 15 UR модельдері POLARIS Пайдалану жөніндегі нұсқаулық

Жинақтауыш типті электр сужылытқышы PG 15 OR, PG 15 UR модельдері POLARIS Пайдалану жөніндегі нұсқаулық : Polaris pg 15 ur

Жинақтауыш типті электр сужылытқышы

PG 15 OR, PG 15 UR модельдері

POLARIS

Пайдалану жөніндегі нұсқаулық

POLARIS сауда маркасымен шығатын өнімді таңдағаныңыз үшін алғыс білдіреміз.

Біздің бұйымдар сапа, функционалдық және дизайнға қойылатын жоғары талаптарға

сәйкес жасалған. Біздің фирмадан жаңа бұйым алғаныңызға риза болатыныңызға

сенімдіміз.

Назар аударыңыз! Құралды пайдаланбас бұрын осы нұсқаулықпен мұқият

танысыңыз, онда Сіздің қауіпсіздігіңізге қатысты маңызды ақпарат бар, сондай-ақ,

құралды дұрыс пайдалану мен күтуге қатысты кеңестер берілген.

Нұсқаулықты кепілдік талонымен, кассалық чекпен бірге, мүмкіндігінше, картон

қорапты және орама материалымен бірге сақтаңыз.

Мазмұны

1. Пайдалану саласы…………………………………………………………………...........

31

2. Жалпы нұсқаулар………………………………………………………………………..…

31

3. Қауіпсіздік талаптары ……………………………………………………………………

31

4. Пайдалану шарттары ……………………………………………………………...….….

32

5. Құралдың сипаттамасы……………………………………………………………..…....

32

5.1.Сужылытқыш құрылғысы……………………………………………………….….…

33

5.2. Техникалық сипаттамалар………………………………………………….…………

34

5.3. Құралдың жиынтығы…………………………………………………………………

35

6. Сужылытқышты орнату……..…………………………………………….....…........….

35

6.1. Қабырғаға бекіту…………………………………………………………………..…

35

6.2. Сумен жабдықтау жүйесіне қосу……………………………………………………

36

6.3. Электр желісіне қосу…………………………………………………………………

38

7. Сужылытқышты пайдалану………………………………………………………………

39

8. Қызмет көрсету және күтім ……………………………………………………….………

40

8.1. Сужылытқыштың сыртқы бөлігін күту......…………………………………………

40

8.2. Сужылытқыштан суды төгу.........................................………………………………

40

8.3. Техникалық қызмет көрсету/жөндеу жұмыстары……………....…………………

41

8.4. Қақты кетіру (тұрақты түрде күтім көрсету)………………………………………

41

8.5 Қоректендіру сымын ауыстыру (жөндеу).................................................................

41

9. Ақауларды іздеу және оларды жою………………………….………………..………..

41

10. Қызмет көрсету мерзімі………………………………………………………………….

42

11. Сертификаттау туралы ақпарат……………………………………………………..……

42

12. Кепілдік міндеттеме…………………………………………………………..……………

44

30

1. ПАЙДАЛАНУ САЛАСЫ

Тұрмыстық жабық типті жинақтауыш сужылытқышы (бұдан әрі мәтінде

сужылытқыш) бірнеше орындарда (ванна, асүй, дәретхана) ыстық суды қолдану мүмкіндігі

бар ыстық сумен жабдықтау жүйесінің тұрақты немесе мерзімді жоқтығы барысында

қоршаған орта температурасының +1-ден +40 ºС-қа дейінгі көрсеткіш диапазонындағы

пәтерлер, монша, саяжай және өзге де тұрмыстық бөлмежайларда қайнау нүстесінен төмен

суды жылытуға арналған стационарлық жылыту құралы болып табылады.

Сужылытқыш қысымы 0,05 МПа төмен емес және 0,8 МПа жоғары емес және ыстық су

болмайтын (тұрақты немесе мерзімді) су құбырына жалғанады. Қысым 0,45 -0,8 МПа

болған жағдайда төмендететін редукторды орнату қажет.

Электрлі жалғау «Тұрғын үй ғимараттарында электр қондырғыларын орнату ережелерінің»

«Электр желісіне қосу» атты 6.3 бөлімінің нұсқауларына сәйкес жүргізілуі керек.

Назар аударыңыз! Сужылытқыш құралын тек жерге тұйықталған электр желісі бар

үйлерге орнатуға болады.

Сужылытқышты тек бірфазалы кернеуі 220 В және жиілігі 50 Гц

желісіне қосуға болады.

2. ЖАЛПЫ НҰСҚАУЛАР

Сужылытқышты сатып алу барысында оны орамасынан босаңыз, оның ақаулы еместігіне,

сондай-ақ толық жинақтастырылғандығына көз жеткізіңіз.

Сауда ұйымы кепілді жөндеу жұмыстарына берілетін талонды дұрыс түрде

толтырғандығына көз жеткізіңіз.

Сужылытқышты пайдаланбастан бұрын «Пайдалану жөніндегі нұсқаулықпен» мұқият

түрде танысып шығыңыз және берілген нұсқауларды басшылыққа алыңыз.

Өндіруші құралды дұрыс пайдаланбау салдарынан немесе «Пайдалану жөніндегі

нұсқаулықта» қарастырылмаған әрекеттерді орындау барысында туындаған ақаулар үшін

жауапты емес.

Бұл құрал, егер олардың қауіпсіздігі үшін жауап беретін тұлға сужылытқышты қолдану

бойынша нұсқаулар бермесе не бақылау жүргізбесе, физикалық ауытқуы бар, жүйке немесе

психикалық қабілеттігі төмен немесе білімі мен тәжірибесі жоқ адамдардың (балалар да

қоса) пайдалануына арналмаған.

Балалардың құралмен ойнамау мақсатында қадағалау әрекеттерін ұйымдастыру қажет.

3. ҚАУІПСІЗДІК ТАЛАПТАРЫ

Сужылытқышты электрқоректендіру желісіне «Тұрғын үй ғимараттарында электр

қондырғыларын орнату ережелеріне» сай қосу қажет .

Сантехникалық жүргізу мен бекіту арматурасы сумен жабдықтау желісінің параметрлеріне

сәйкес келуі тиіс.

Құралмен бірге жинаққа кіретін сақтандыру қақпақшасын алып тастауға немесе оны өзгеге

ауыстыруға болмайды.

Сужылытқышты құрастыру және іске қосу үдерісін сәйкес біліктілігі бар мамандар ғана

жүзеге асыруы керек.

Назар аударыңыз!

Барлық жөндеу, реттеу, тазалау жұмыстарын сужылытқышты желіден ажыратқаннан

кейін ғана іске асыру қажет.

Сужылытқыштың жерге тұйықтау қысқышы әрқашан пәтердің стационарлық сымдар

жүйесінің жерге тұйықталған сымымен қосылуы тиіс.

31

Сужылытқыш стационарлық сымдар жүйесінде қарастырылған желіден қорғаныс өшіру

құрылғысымен бірге пайдаланылуы қажет. Бұл құрылғы ретінде байланыстардың арасы 3

мм кем емес автоматты сөндіргішті қолдану керек.

КЕЛЕСІ ӘРЕКЕТТЕРГЕ ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ:

сужылытқыштың құрылымын өзгертуге;

сужылытқышты мақсатына сай емес пайдалануға:

пайдалану барысында бұл нұсқаулықта көрсетілген құралдың қалыпты жағдайына сай

емес әрекеттерді орындауға, атап айтсақ: оны қисайтуға, орнын алмастыруға немесе

кері бетке аударуға;

кері сақтандыру қақпақшасының суды ағызу саңылауын жабуға;

құралды толығымен сумен толтырмайынша оны қосуға;

іске қосылып тұрған электрқоректендіру барысында қорғаныс қақпағын шешуге;

дұрыс түрде жерге тұйықтамау немесе оның жоқтығы барысында сужылытқышты

іске қосуға;

жерге тұйықтаудың орнына нөлдік сымды пайдалануға;

жерге тұйықтау ретінде жылыту немесе ыстық және суық сумен жабдықтау

құбырларын пайдалануға;

термостаттың істен шығуы барысында сужылытқышты іске қосуға;

сужылытқышты қысымы 0,45 МПа жоғары желіге, төмендететін редукторсыз іске

қосуға;

сужылытқышты желіге сақтандыру қақпақшасынсыз немесе құралмен бірге жинаққа

кіретін қақпақшаның сипаттамасынан әлдақайда жаман қақпақшаны қолдануға;

сужылытқыштағы суды тағам әзірлеу үшін қолдануға;

сужылытқышты пайдалану барысында суық суды жіберу вентилі мен суық суды жабу

вентилін жабық күйінде ұстауға;

электрқоректендіру кабелі зақымдалған жағдайда оны өздігінен ауыстыруға;

сақтандыру қақпақшасын ыстық су құбырына орнатуға тыйым салынады.

4. ПАЙДАЛАНУ ШАРТТАРЫ

Сужылытқыш қадағалауды қажет етпейтін құралдарға жатады. Сужылытқыш жұмысының

номиналды режимі созылмалы.

Сужылытқыш жарылу қауіпі бар агрессивті бу және газы жоқ, белгілі бір климаттық

жағдайлар қарастырылған бөлмежайда пайдаланылуы тиіс:

қоршаған орта температурасы – 1-ден 40° С-қа дейін;

ауаның ылғалдығы 95%-дан аспауы тиіс.

Сужылытқышты теріс температурада пайдалануға тыйым салынады.

Құрал үздіксіз ағынды режимде жұмыс үшін арналмаған.

5.

ҚҰРАЛДЫҢ СИПАТТАМАСЫ

Жинақтауыш типті электр сужылытқышы берік әрі пайдалану барысында қарапайым.

Сужылытқыш корпусы мен суға арналған бөшке бір біріне жылыны өткізбейтіндей етіп

құрастырылған. Жылылықты оқшаулау пенополиуретаннан жасалған.

Бөшкенің ішкі бөлігі ішкі қабатты химиялық коррозия мен қақтың пайда болуынан берік

түрде қорғайтын жақұт эмалімен қапталған.

Сужылытқыш кіріс және шығыс құбырларына ие, олар құралдың модификациясына сай

орналасады:

OR орындау нұсқасында (шұңғылшаның үстінен орнату) құбырлар құралдың астынан

жүргізіледі,

UR орындау нұсқасында (шұңғылшаның астынан орнату) құбырлар құралдың үстінен

жүргізіледі.

32

Назар аударыңыз: құралды кері бетке аударуға тыйым салынады, монтаждың алдында

орындау нұсқасын біліп алыңыз.

Іске қосу үдерісін ыңғайлы ету үшін кіріс және шығыс құбырлары түсті төлкелермен

белгіленген: көк түсті төлке суық суды жіберу құбырын, ал қызыл түсті төлке ыстық

суды жіберу құбырын таңбалайды.

Корпустың алдыңғы бетінде қыздырудың жарық индикаторы бар логотип пен жарығы бар

температураны орнату тұтқасы, ал артқы жағында сужылытқышты қабырғаға бекіту

саңылауы орналасқан.

Құбырлы электржылытқышта термостат пен магний аноды құрастырылған. Магний аноды

суға арналған бөшкенің ішкі қабаттарына электрлі химиялық коррозияның әсерін жоюға

арналған.

Термостат 30-75°С-қа дейінгі реттеу шегінде суды жылытудың белгіленген температурасын

автономды режимде ұстап тұруға мүмкіндік беретін термореттегішпен (белгіленетін

жылыту деңгейі температураны орнату тұтқасын бірқалыпты айналдыру жолымен

реттеледі: сағат тілі бойынша ұлғайтылады, сағат тіліне қарсы бағытта төмендейді)

және судың қызып кетуінен қорғауға арналған сөндіру температурасы 95°С-тан жоғары

емес, қайта қайтарылмайтын термосөндіргішпен жабдықталған.

Сужылытқыштағы су термореттегіште белгіленген температураға дейін құбырлы

электржылытқыштың көмегімен қызады. Судың температурасы автономды режимде

өзгермейді.

Ыстық суды қолдану барысында сужылытқышқа кіріс құбыры арқылы суық су келеді, ол

құралдың үстіңгі бөлігінен шығыс құбыры арқылы жылытылған суды ығыстырады.

Сужылытқыштағы су температурасының төмендеуіне байланысты құбырлы

электржылытқыш іске қосылады, ол термореттегіш белгілеген температуға дейін суды

қыздырады.

Сақтандыру қақпақшасы келесідей қызметтерді атқарады:

суды тек бір бағытта жібереді және суық судың қысымы жоқтығы барысында су жүретін

желіге құралдан өздігінен оның ағуын алдын алады;

0,7 МПа жоғары қысым барысында суды ағызатын саңылау арқылы төгеді.

Сужылытқыш суы жоқ қалпында іске қосылудан, қызып кетуден, су жүретін желідегі

жоғарғы қысымнан қорғаныс жүйесіне ие.

5.1. Сужылытқыш құрылғысы

Модель PG 15 ОR

1. Шығыс құбыры

2. Кіріс құбыры

3. Температураны

орнату тұтқасы

4. Қоректендіру сымы

5. Магний аноды

6. Ішкі бөшке

7. Жылылықты

оқшаулау

8. Қыздыру элементі

9. Қыздырудың жарық

индикаторы бар

логотипі

33

Модель PG 15 UR

5.2. Техникалық сипаттамалар

PG 15 OR, PG 15 UR POLARIS сауда маркалы жинақтауыш типті электр сужылытқышы

Қорғаныс жіктелімі I.

PG 15 OR PG 15 UR

Бөшкенің жабыны жақұт эмалі жақұт эмалі

Суға арналған бөшке

сыйымдылығы, л

15 15

Тігінен орнату

OR (шұғылшаның

үстінде)

UR (шұңғылшаның

астында)

Қуаты, Вт

1500

1500

Қыздыру уақыты (20- 65

º

С), мин.

35

35

Максималды қысым, МПа

0,75 (7,5 бар)

0,75 (7,5 бар)

Максималды температура, ºC 75 75

Магний аноды

иə

иə

Қыздыру элементтерінің саны

1

1

Мыстан жасалған қыздыру элементі

иə

иə

Жалпы салмақ, кг

9,38

9,38

Таза салмақ, кг

8,11

8,11

Сужылытқыш корпусының

өлшемдері (бекітусіз), мм

355*355*325 355*355*325

Кернеу, В 220 220

Кепілдік мерзімі:

суға арналған бөшке*

электрлі жəне электронды

бөлшектер

5жыл

5 жыл

1 жыл

1 жыл

Су мен шаңнан қорғаныс жіктелімі /

IPX

IPX1 IPX1

*Бөшкеге берілетін кепілдік мерзімі қақтан тазарту жəне магний анодын ауыстыру

жұмысы қарастырылған жыл сайынғы сужылытқышты техникалық қызмет көрсетуден

өткізу барысында ғана беріледі.

34

5.3 Құралдың жиынтығы

1. Сужылытқыш 1 дана.

2. Қоректендіру сымы 1 дана.

3. Сужылытқышты қабырғаға бекіту тілігі 1 дана.

4. Сақтандыру қақпақшасы 1 дана.

5. Резеңкелі аралық қабат 2 дана.

6. Дюбель шегесі 2 дана.

7. Бұрама шегелер 2 дана.

8. Нұсқаулық .

9. Кепілдік талоны.

10. Қызмет көрсету орталықтарының тізімі.

6. СУЖЫЛЫТҚЫШТЫ ОРНАТУ

Құралды орнату, сужылытқышты алғаш рет іске қосу, барлық сантехникалық және

электрмонтаждау жұмыстарын, қауіпсіздік техникасын сақтай отырып,

техникалық қызмет көрсету бойынша әрекеттерді сәйкес жұмыстарды атқаруға

рұқсат ететін лицензиясы бар білікті мамандар ғана жүзеге асыруы керек.

Бұл жұмыстар үшін тұтынушы қосымша ақша төлейді.

Назар аудырыңыз!

Өндіруші құрылғының дұрыс орнатылмауы және осы нұсқаулықтағы ұсыныстарға

немқұрайлы қарауы салдарынан болған қателіктерге жауапты емес.

Сізге тиесілі сужылытқышты орамадан босатыңыз және құралмен бірге жинаққа кіретін

барлық бөліктердің бар екендігіне көз жеткізіңіз (5.3. Құралдың жиынтығы бөлімін

қараңыз).

Сауда ұйымы кепілдік талоның дұрыс толтырғандығына көз жеткізіңіз.

6.1. Қабырғаға бекіту

1. Құралды орнату үшін сәйкес орынды таңдаңыз.

PG 15 OR моделі шұңғылшаның үстінен орнатуға арналған.

PG 15 UR моделі шұңғылшаның астында орнатуға арналған.

Сужылытқыш құралмен бірге жинаққа кіретін ілгекке тік қалпында қабырғаға бекітіледі.

Пайдалану барысында ыңғайлы болу үшін сужылытқыштың оң жақ бөлігіндегі (желілік

сымның шығуы аймағында) бос кеңістік 20 см кем болмауы тиіс, ал сужылытқышты іске

қосу үшін байланыстырушы құбырлардың шығуы бағытына қарай кем дегенде 50 см бос

кеңістік қалуы қажет.

Құбырлардың ұзындығы бойынша жылуды жоғалтпау үшін құралды ыстық суды пайдалану

орнына барынша жақын маңда орнатуға кеңес беріледі.

Қабырғаның конструкциясы сумен толтырылған құралдың екі есе салмағын көтеруі тиіс.

Егер қабырға қажетті деңгейде берік болмаса, қосымша тіреуішті орнатыңыз.

35

2. Ілгекті қабырғаға бекітіңіз.

Қабырғада 2 суретте көрсетілгендей, бекітетін бұйымдардың өлшемдеріне сәйкес келетін

тереңдігі жеткілікті 2 тесікті бұрғылап тесіңіз.

Бұрғылап тесілген тесіктерді шаң мен қабырғаның үгінділерінен тазартыңыз.

Дюбель шегелерін тесікке орнатыңыз және балғаның көмегімен ақырын ғана шегелер

толығымен кірмегенше қағыңыз, қатты күш салып қағуға болмайды, әйтпесе нығайтқыш

бүлінуі мүмкін.

Ілгекті қабырғаға орнатыңыз және бұрама шегелерді дюбель шегелеріне бұрап кіргізіңіз.

Ілгекті қабырғаға монтаждау сужылытқыштың өздігінен орын ауысуын болдырмауы тиіс.

3. Сужылытқышты ілгекке оның артқы қабатындағы саңылауды кіргізу арқылы іліп қойыңыз.

4. Сужылытқыштың берік бекітілгендігіне көз жеткізіңіз.

6.2. Сумен жабдықтау жүйесіне қосу

Сужылытқышты қосу алдында суды жіберуді жабыңыз

.

1. Сужылытқышты сумен жабдықтау жүйесіне қосу құбырлар (иілгіш түтіктер) мен құбырлық

бұрандасы ½ дюйм штуцер-жалғастырғыш тетіктің көмегімен сақтандыру қақпақшасы

арқылы жүргізіледі. Қосу жөніндегі сызбанұсқаманы басшылыққа алыңыз, 3а,б суретті

қараңыз.

Қақпақшаны орнату үшін бұранданың ұзындығы 10 мм артық болмауы тиіс (шамамен 5

айналым).

Кері сақтандыру қақпақшасын жалғау жұмысын су ағатын саңылау мұздамайтын қоршаған ортада

төмен бағытқа қарай орнатылатындай етіп іске асыру қажет.

Назар аударыңыз !

Құбырларды алмастырып қоймаңыз, жалғау жұмысын төлкенің түсіне сәйкес

жүргізіңіз.

Сақтандыру қақпақшасына суық судың құбырлар желісін жалғаудың алдында сақтандыру

қақпақшасын зақымдауы мүмкін бөтен денелердің жоқтығына көз жеткізу үшін бұл

құбырдан бірнеше минут бойы суды ағызу қажет.

Кері сақтандыру қақпақшасын бұрау кезінде сындырып алмас үшін шектен тыс күш

жұмсамаңыз.

Сужылытқышқа жалғанатын түтіктер мен жалғастырғыштар 1,5 МПа (15 бар) дейінгі

жұмыс қысымы мен +100°C-қа дейінгі температураны көтеруі қажет .

Барлық байланыстардың арасы ауа кірмейтіндей етіп құрастырылуы тиіс.

Құбырдың ұсті жағынан қосу жөніндегі сызбанұсқамасы

PG 15 OR моделі

36

Құбырдың асты жағынан қосу жөніндегі сызбанұсқамасы

PG 15 UR моделі

2. Стандартты қосу барысында сужылытқыш желідегі қысыммен белгіленетін қысымда

жұмыс жасайды.

Назар аударыңыз!

Желідегі су қысымы 0,45 МПа (4,5 бар) жоғары болса, бекіткіш вентилінің алдында суды

жіберу жолында қысым редукторын орнатуға кеңес беріледі.

Егер сужылытқышқа келетін су сапасы су құбырындағы су стандартына сәйкес келмейтін

болса, сужылытқышқа кіру маңайында сүзгіні орнату қажет. Судың сапасы, сүзгінің түрі

мен параметрлерін арнайы ұйым анықтайды.

Назар аударыңыз!

Егер сужылытқыштың ыстық суды жіберу құбыры ыстық сумен жабдықтаудың

құбырлар желісіне жалғанған болса, сужылытқышты желіден ыстық суды бекіту

вентилін нығыздап жабу барысында ғана пайдалануға болады.

3. Сумен жабдықтау жүйесіне жалғаған кезде пайдалануға ыңғайлы болу үшін

сужылытқыштың кіріс құбыры мен сантандыру қақпақшасының аралығына

сужылытқыштан су шығатын құбыр жалғанатын үшайыр су бұратын құрылғысын

орнатыңыз (кенеттен ашылып кетпес үшін арнайы кілтімен ашыңыз).

Егер Сіз сужылытқышты бірнеше су көздеріне жалғауды қаласаңыз, 5 суретте келтірілген

келесі сызбаны басшылыққа алыңыз (шұңғылшаның үстінен орнату нұсқасы):

37

6.3. Электр желісіне қосу

Назар аударыңыз!

Сужылытқыш тек бірфазалы тоқ көзіне жалғанады.

Сужылытқышты берік жерге тұйықталуы бар үйлерде ғана орнатуға болады.

Қосудың алдында маман Сіздің сужылытқышыңыздың электр параметрлері

қолданылатын электр желісінің параметрлеріне сәйкес келетіндігін тексеруі керек.

Сужылытқыш толығымен сумен толтырылған кезде ғана оны электр желісіне қосуға

болады.

1. Құрылғының қосылуы екі полюсті автоматты ажыратқышты орнатуы бар қимасы кем

дегенде 3х1,5 ш.мм желілік кабельдің көмегімен жерге тұйықталған желілік розетка арқылы

іске асуы тиіс. Сужылытқышта ашасы бар желілік кабель қарастырылған.

2. Сақтандырғыштар немесе автоматты сөндіргіштер, сондай-ақ сымдар қолданыста бар және

жаңадан орнатылған құрылғыдан келетін тоқ бойынша қосынды күшті көтеруі қажет.

3. Желілік розетканың номиналды электрлік параметрлері қыздыру құралының электрлік

параметрлерінен кем болмауы қажет.

4. Қосу барысында кернеуі 220 В және жиілігі 50 Гц энергия көзін пайдаланыңыз.

5. Сужылытқышты розеткаға қоспас бұрын оның сумен толтырылғандығына және желідегі

кернеудің құралдағы кестешеде (шильдик) келтірілген көрсеткішке сәйкес келетіндігене көз

жеткізіңіз.

6. Желілік розетка мен қоректендіру сымының штепсельді ашасы электр энергиясының кеміп

қалмауын болдырмау үшін құрғақ жерде орналасуы қажет.

7. Сужылытқыштың электрқоректендіру тізбегінде қорғаныс өшіру құрылғысын (ҚӨҚ)

орнатуға кеңес беріледі (құралмен бірге жинаққа кірмейді). Кеңес алу үшін білікті

мамандарға хабарласыңыз.

Назар аударыңыз!

Егер сужылытқыш жерге тұйықталмаған болса, қысқа тұйықталу барысында ҚӨҚ әрекет

етпеуі де мүмкін.

38

7. СУЖЫЛЫТҚЫШТЫ ПАЙДАЛАНУ

Сужылытқышты алғаш рет қосу үдерісін білікті техникалық маман жүзеге асыруы

тиіс.

1. Сужылытқышты суық сумен толтырыңыз. Ол үшін:

Желіден келетін ыстық суды бекіту вентилін жабыңыз.

Желіден келетін суық суды бекіту вентилін ашыңыз.

Сужылытқышқа суық суды жіберу вентилін ашыңыз.

Сужылытқышқа қосылған құбырдағы ыстық су вентилін ашыңыз.

Пайдаланушының ыстық су шүмегін ашыңыз (бұдан әрі ыстық су шүмегі).

Ыстық су шүмегінен судың аға бастауы сужылытқыш суға толы екендігін білдіреді.

Сужылытқышты сумен толтырғаннан кейін ыстық су шүмегін жабыңыз.

Сужылытқышты тексеріңіз, одан су ақпайтындығына көз жеткізіңіз.

Сужылытқыш монтажының барлық элементтерін қарап шығыңыз, олардан су

ақпайтындығына көз жеткізіңіз.

Назар аударыңыз!

Егер сужылытқыш толығымен сумен толтырылмаған болса, бірақ сонда да іске

қосылатын болса, оның қыздыру элементінің зақымдалуы мүмкін екендігін ескеру қажет.

2. Температураны реттеу тұтқасын толығымен солға қарай бұраңыз. Сужылытқышты желіге

қосыңыз.

Қыздыру индикаторы мен температураны орнату тұтқасының жарығы ақ түспен жанады.

Бұл сужылытқыштың желіге жалғанғандығын білдіреді.

3. Қыздыру құрылғысының «Қыздыру-сөндіру» режиміндегі жұмысын тексеріңіз.

Температураны реттеу тұтқасын бұрау арқылы қыздыру температурасын орнатыңыз.

Қыздыру индикаторының жарық түсі көк түске алмасады да, суды қыздыру үдерісі

басталады.

Сужылытқыш автоматты түрде судың температурасын бақылайды. Қажетті температура

орнағаннан кейін термостат қыздыру элементін сөндіреді, осы сәтте қыздыру индикаторы

қайта ақ түспен жанады.

Термостаттың іске қосылуы мен сөндірілуі сыртыл дыбысымен белгіленеді.

Сужылытқышты желіден ажыратыңыз. Қыздыру индикаторы мен температураны орнату

тұтқасының жарығы сөнеді.

Егер сужылытқыш ұзақ уақыт бойы қолданылмайтын болса немесе оны төмен

температура барысынд

а сақтау кезінде бөшкенің зақымдалмауы үшін құралдан суды

міндетті түрде төгіңіз. Сужылытқышты теріс температура жағдайында пайдалануға

тыйым салынатындығын есіңізде сақтаңыз.

39

4. Жұмыс режимін орнату.

Сужылытқыштың жұмысын «Қыздыру-сөндіру» режимінде тексергеннен кейін

сужылытқыштың алдыңғы бетінде орналасқан температураны реттеу тұтқасын айналдыру

арқылы суды қыздыру температурасын қажетті көрсеткішке өзгертіңіз.

Сужылытқышты желіге қосыңыз.

Назар аударыңыз!

Сужылытқыштың жұмысы барысында сақтандыру қақпақшасының суды ағызу

саңылауынан аз мөлшерде су ағуы мүмкін. Бұл қалыпты нәрсе.

Сақтандыру қақпақшасының суды ағызу саңылауын ешқашан бітемеңіз.

Суды ағызудың келте құбырына диаметрі сәйкес келетін, қажетті ұзындықтағы резеңке

немесе силикон түтікті жалғауға кеңес беріледі, бұл ыдысқа немесе ағызылатын желіге

ағызылатын суды төгу үшін қажет.

8. ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ЖӘНЕ КҮТІМ

Назар аударыңыз!

Сужылытқышты жөндеу және қызмет көрсету жұмыстарын түпнұсқалы қосалқы

бөлшектерді пайдалану арқылы білікті мамандар ғана жүзеге асыруы тиіс.

Сужылытқышты тазарту бойынша жұмыстар кепілді қызмет көрсетуге кірмейді және

бұл жұмыстар үшін төлем қызмет көрсету орталықтарының мамандарына

пайдаланушымен төленеді.

Жөндеу немесе техникалық қызмет көрсету бойынша кез келген жұмыстарды жүргізу

барысында сужылытқышты әрқашан электр желісінен ажырату қажет.

Судың жоғарғы сапасын қамтамасыз ету және сужылытқыштың қызмет көрсету мерзімін

ұзарту үшін, сондай-ақ бөшкеге берілетін арнайы кепілдікті сақтау мақсатында анодты кем

дегенде жылына бір рет ауыстыру қажет.

Қоректендіру сымы зақымдалған жағдайда оны өндіруші немесе оның агентінен алынатын

арнайы кабельмен немесе жинақпен алмастыру қажет.

Сужылытқышқа қызмет көрсету барысында оның сыртқы бөлігін күту(мамандардың

қатысуын қажет етпейтін, тораптарды бөлшектеусіз), тұрақты түрдегі күтім көрсету қажет

(қызмет көрсету), білікті мамандар атқаратын тораптардың бөлшектенуін қажет ететін

жөндеу жұмыстарын жүргізу керек (авторланған қызмет көрсету орталықтарының

мекенжайы қосымша берілген).

8.1. Сужылытқыштың сыртқы бөлігін күту

Сужылытқыш арнайы бір күтімді қажет етпейді.

Сужылытқыш корпусының сыртқы бөлігін күту үшін сабынды ерітіндіге батырылған

жұмсақ матаны немесе сорғышты пайдаланыңыз.

Тазарту үшін абразивті құралдарды, сондай-ақ органикалық ерітінді (спирт, бензин және

т.б.) негізінде жасалынған құралдарды пайдалануға тыйым салынады.

8.2. Сужылытқыштан суды төгу

Су төменнен жүретін модель үшін:

Сужылытқышты электр желісінен ажыратыңыз.

Сужылытқышқа суық суды жіберу вентилін жабыңыз.

Араластырғыштағы ыстық су шүмегін ашыңыз.

Ағызатын шүмекті ашыңыз және сол арқылы суды төгіңіз.

Толығымен төгу үшін су жоғарыдан жүретін модель үшін:

Сужылытқышты электр желісінен ажыратыңыз.

Сужылытқышқа суық суды жіберу вентилін жабыңыз.

Араластырғыштағы ыстық су шүмегін ашыңыз.

Суды жіберу түтіктерін алыңыз.

40

Сужылытқышты аударыңыз және суды төгіңіз.

Абайлық сақтаңыз! Су ыстық болуы мүмкін.

8.3. Техникалық қызмет көрсету/жөндеу жұмыстары

Жөндеу немесе техникалық қызмет көрсету бойынша кез келген операцияны жүргізудің

алдында сужылытқышты электр желісінен ажыратыңыз.

Термостат, температура индикаторы немесе индикация жарығын ауыстыру барысында

сужылытқыштан суды төгу қажет емес. Ішкі элементтерге (ыдыс, құбырлы

электржылытқыш, магний аноды) қол жеткізу үшін сужылытқышты толығымен

сұйықтықтан босату қажет.

Жылына кем дегенде бір рет магний анодының жағдайын тексеріп, оны қатпарланудан

тазарту қажет.

Егер магний аноды қатты тозатын болса (анодтың диаметрі 7 мм-ге дейін кішірейсе), оны

міндетті түрде ауыстыру қажет.

Шамамен жылыны бір рет (мерзімі судың қаттылығына тікелей байланысты) қыздыру

элементі мен магний аноды бетінде пайда болған қақты жою қажет. Ерекше бір

жағдайларда (қақ көп мөлшерде пайда болса) тазарту жұмыстарын жиі жүргізу керек.

Қызмет көрсету жұмыстарының кез-келгені барысында жерге тұйықтау желісінің

жұмысын, құбырлы электр жылытқыш пен термореттегіш дұрыстығын тексеру керек.

Сондай-ақ сантехникалық жабдықтардың жағдайын бақылап, қажет болса жөндеу

жұмыстарын жүргізу қажет. Құралға тұрақты түрде күтім көрсету кепілді қызмет көрсетуге

кірмейді және пайдаланушының өз есебінен жүргізіледі.

8.4. Қақты кетіру (тұрақты түрде күтім көрсету)

Қыздыру элементінде қақ немесе тұнба көп мөлшерде пайда болса, қыздыру элементі мен

магний анодын қоса алып, тексеру жүргізіп, тазартыңыз (қажет болса ауыстырыңыз).

Назар аударыңыз!

Оны қайта орнату кезінде бұрандаларды артық күш салмай, бірдей етіп бұраңыз және

бекітілген тіреуіштің қисық орнатылмауын қадағалаңыз.

Құралдың бөшкесіне су толтырылғаннан кейін ғана оны электр желісіне қосыңыз.

8.5 Қоректендіру сымын ауыстыру (жөндеу).

Қоректендіру сымы зақымдалған жағдайда оны өндіруші немесе оның агентінен алынатын

арнайы кабельмен немесе жинақпен алмастыру қажет.

9. АҚАУЛАРДЫ ІЗДЕУ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ЖОЮ

Сужылытқыш бөшкесінен судың ағуы, жиі түрде қорғаныс құрылғысының іске асуы

және арнайы жөндеу түрін қажет ететін өзге де ақаулар байқалған жағдайда

сужылытқышты электр желісінен ажыратыңыз, суық суды жіберу желісін жабыңыз

және қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз. Сужылытқышты өздігінен алу

әрекетін тек жергілікті қызмет көрсету орталығының немесе сатушының рұқсаты

бойынша іске асыруға болады. Бұл талапты бұзу Сізді кепілдіктен айырады.

Ақау түрі Ақау себебі Ақауды жою

Қыздыру индикаторы

Жарық индикаторы

жанбайды

жұмыс жасамайды

Ақауды жою үшін қызмет

көрсету орталығына

хабарласыңыз

Қыздыру индикаторы

жанбайды, бірақ

сужылытқыш жұмыс

Температура реттегіші

жұмыс жасамайды

Ақауды жою үшін қызмет

көрсету орталығына

хабарласыңыз

41

істейді

Суық сумен қамтамасыз

ету жүйесі сөндірулі

Ыстық су ағызу

саңылауынан ақпайды

Сужылытқышты желіден

ажыратыңыз және су келгеннен

кейін қайта қосыңыз

Суық суды жіберу

желісіндегі қысым тым

төмен

Қысым ұлғайғанша күте тұрыңыз

Суық судың вентилі

жабық

Вентильді ашыңыз

Температура реттегішінің

Су тым ыстық

жүйесі жұмыс жасамайды

Ақауды жою үшін қызмет

көрсету орталығына

хабарласыңыз

Бөшкеден су ағады

Құрылғы корпусының

герметикалығының

жоғалуы

Ақауды жою үшін қызмет

көрсету орталығына

хабарласыңыз

Сыртқы байланыстардан

Бекіту тетіктері босап

Сантехникке/монтаж жасаған

су ағады

қалды

мекемеге хабарласыңыз

10. ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ МЕРЗІМІ

Өндіруші Ресей Федерациясының Федералдық заңнамасының 5-бап, 2-т.

«Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» белгіленген тәртіп бойынша жинақтауыш

типті сужылытқыштары үшін 7 (жеті) жыл бұйымдардың қызмет көрсету жөніндегі

мерзімін белгіледі, құралдың осы пайдалану жөніндегі нұсқаулыққа және де сәйкес

техникалық стандарттарға сай қолданылуы шарт.

Құралдың қызмет көрсету мерзімін берілетін кепілдік мерзімімен

шатастырмауыңызды сұраймыз.

Тазартылмаған суды қолдану сужылытқыштың қызмет көрсету мерзімін қысқартады.

Егер Сіз ескі сужылытқышты алмастыру мақсатын көздесеңіз, ескі құралды

сужылытқышты орнату және жөндеу жұмыстарымен айналысатын арнайы мекемеге өткізу

қажет.

Егер сужылытқышты қоқыс тастайтын жерге апаратын болсаңыз, оны келесі пайдалану

үшін жарамайтындай ету қалпын қамтамасыз етіңіз: қоректендіру сымын кесіңіз,

сужылытқышты, магний анодын алыңыз.

Назар аударыңыз! Қызмет көрсету мерзімі аяқталғаннан кейін құралды тұрмыстық

қалдықтармен бірге тастамаңыз. Оны одан әрі кәдеге жарату үшін арнайы орынға

өткізіңіз. Бұл әрекетіңізбен Сіз қоршаған ортаны қорғауға септігіңізді тигізесіз.

Құралды шығару мерзімі: құралда (шильдик) көрсетілген.

42

11. СЕРТИФИКАТТАУ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

Құрал РФ нормативті құжаттарына сәйкестікке сертификатталған.

Сәйкестік сертификаты № ТС RU C-US.АЛ16.В.00882 сериясы RU № 0117457

Жарамдылық мерзімі 07.05.2014 жалдан бастап - 06.05.2019 жылға дейін.

Берілді: "Гарант Плюс" ЖШҚ өнімді сертификаттау бойынша орган, 121170, Мәскеу қ.,

Кутузовский даңғылы, 36 үй, 3 құрылыс .

Өндіруші:

TEXTON CORPORATION LLC - "ТЕКСТОН КОРПОРЕЙШН" ЖШҚ

1313 N. Market Street, Suite 5100, Wilmington, State of Delaware 19801, United States of

America.

1313 Н. Маркет Стрит, 5100 бөлмежай, Уилмингтон, Штат Делавэр 19801, Америка Құрама

Штаттары.

43

12. КЕПІЛДІК МІНДЕТТЕМЕ

Бұйым: жинақтауып типті электр сужылытқышы Модельдері: PG 15 OR

PG 15 UR

Бұл кепілдік әрекеттегі заңдылықпен бекітілген тұтынушының құқығына қосымша ретінде

өндірушімен берілген және тұтынушының құқығын еш шектемейді.

Бұл кепілдік:

Құрылғыны дұрыс пайдаланған жағдайда сужылытқыштың бөшкесіне әрекет етеді, құралды

сатып алған күннен бастап 5 (бес) жыл ішінде кепілдік жарамды болып табылады, *

Электрлік және электронды бөлшектерге әрекет етеді 1 жыл.

Бұл кепілдік материалдар мен құралдың өндірілуіне байланысты ақаулар табылған жағдайда

кепілдік қызмет көрсетуді білдіреді. Бұл жағдайда тұтынушы басқасын қоса алғанда, бұйымды

тегін жөндетуге құқылы.

Бұл кепілдік келесі шарттарды сақтағанда, жарамды:

1. Кепілдік міндеттеме «Texton Corporation LLC» компаниясы шығаратын барлық

үлгілерге, кепілдік қызмет көрсетілетін елдердің барлығында жарамды (сатып алған

жеріне қарамастан).

2. Бұйым тек қана тұрмыстық қажеттіліктерге пайдалану үшін сатып алынуы тиіс. Бұйым

пайдалану бойынша нұсқаулыққа, қауіпсіздік бойынша ережелер мен талаптарды сақтай

отырып, пайдаланылуы тиіс.

3. Өндірушінің міндеттемесін осы кепілдік бойынша сатушылар өндірушінің уәкілетті

дилерлері және ресми қызмет көрсететін (сервис) орталықтар орындайды. Бұл кепілдік

өндіруші құзырлық бермеген сатушылардан сатып алынған бұйымдарға таралмайды,

олар тұтынушы алдында заңға сәйкес, өздігінен жауап береді.

4. Бұл кепілдік келесі жәйттердің нәтижесінде пайда болған ақауларды жөндеуге

таралмайды:

Химиялық, механикалық немесе өзге де әсер етулер, бөгде заттардың, яғни

сұйықтықтың, жәндіктердің және өнімдердің бұйымның ішіне түсіп кетуі;

Бұйымды тікелей мақсаты бойынша емес, дұрыс пайдаланбағанда, сондай-ақ,

бұйымды техника қауіпсіздігі ережелері мен талаптарын бұза отырып,

орнатқанда және пайдаланғанда;

Жарамдылық мерзімі шектеулі бөлшектер тозғанда;

Авторланған сервистік орталықтар болып табылмайтын**, тұлғалар немесе

фирмалар өндірген бұйымдардың жөндеуі;

5. Бұл кепілдік міндеттеме сақтандыру қақпақшасына таралмайды.

6. Бұл кепілдік міндеттеме осы талонның түпнұсқасын, сатушы берген тауарлы чектің

түпнұсқасын және ақаулы бұйыммен бірге көрсеткенде ғана жарамды болмақ.

7. Бұл кепілдік тек қана жеке тұрмыстық қажеттілік үшін пайдаланылатын бұйымдарға

ғана жарамды, және коммерциялық, өнеркәсіптік немесе кәсіби мақсатта

қолданылатын бұйымдарға таралмайды.

POLARIS бұйымдарына кепілдік қызмет көрсету мәселелері бойынша Өзіңіздің жергілікті

POLARIS ресми сатушыңызға хабарласыңыз.

* Дұрыс пайдалану шартына құралды міндетті түрде жылына бір рет техникалық

тексерістен өткізу жатады.

**Авторланған сервистік орталықтардың мекен-жайлары Компания сайтында:

www.polar.ru

44