Polaris PVCS 0822HD – страница 3

Инструкция к Пылесосу Polaris PVCS 0822HD

Құралдың жұмысы барысында шаңсорғыштың ауа алмасатын саңылауларын жабуға тыйым

салынады.

Құрал жеткізілетін жинаққа кіретін түпнұсқалы АКБ мен зарядтайтын құрылғымен жұмысқа

есептелінген. Құралды қоректендіру мен зарядтау үшін өзге құрылғыларды пайдалану

құралдың бүлінуіне әкеп соғуы мүмкін.

Құралды әрбір пайдаланғаннан кейін құрал мен шаң жинайтын контейнерді тазартыңыз.

Егер құрал ұзақ уақыт қолданылмаса, АКБ-ны әрбір 3 ай сайын зарядтауға кеңес беріледі,

алдын ала зарядын толық сөндіріңіз, ол үшін құралды максималды мүмкін уақытқа қосып

қойыңыз.

ТҰРМЫСТЫҚ ЭЛЕКТРЛІК ҚҰРЫЛҒЫЛАРМЕН ЖҰМЫС АТҚАРУ БАРЫСЫНДАҒЫ

ҚАУІПСІЗДІК ЖӨНІНДЕГІ ЖАЛПЫ НҰСҚАУЛАР

Құралды «Тұтынушылардың электрлі орнатуларды техникалық пайдалану ережелеріне»

сәйкес пайдалану қажет.

Құрал тек мақсаты бойынша тұрмыста пайдаланылуы тиіс. Құралды коммерциялық мақсатта

ұзақ уақыт бойы пайдалану құралдың істен шығуына, зақымдалуына немесе адамдардың

денсаулығына нұқсан келтіруіне әкеп соғуы мүмкін.

Құрал осы нұсқаулыққа сәйкес тек қана мақсаты бойынша пайдаланылуы тиіс.

Әр кезде құралды қоспас бұрын оны қарап шығыңыз. Құралдың және желілік сымның

ақаулығы анықталған жағдайда, құралды розеткаға қосуға мүлдем болмайды.

Құрал жерге не еденге құлаған жағдайда сонымен ақаулығы анықталған жағдайда, құралды

қолданбаңыз. Құралды пайдаланбас бұрын оны білікті мамандар қызмет көрсету

орталығының қызметкері ғана тексеру тиіс.

Егер Сіз құралдың жұмыс жасау мүмкіндігіне күмән келтірсеңіз, құралды пайдаланбаңыз.

Аталмыш құралды қолдануға қатысты қауіпсіздіктері үшін жауап беретін тұлғаның

нұсқаулығы жүргізілген немесе қадағалау жүзеге асырылған кездерді есепке алмағанда, білімі

мен тәжірибесі жоқ немесе жүйке жүйесінде немесе психикалық, физикалық ауытқулары бар

тұлғалардың (балаларды қоса алғанда) қолдануына арналмаған. Балалардың құралмен

ойнауына жол бермеу үшін оларды қадағалап отырыңыз.

Құралды және электрмен қоректендіретін адаптерді бақылаусыз қалдырмаңыз. Құралды

балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз.

Құралды ванна, ыдыс-аяқ жуатын шұңғылша немесе сумен толтырылған басқа ыдыстардың

қасында, сонымен қатар ылғалдығы жоғары бөлмежайларда пайдалануға болмайды.

Құралды бөлмежайдан тысқары жерде пайдаланбаңыз. Құралды ыстықтан, тікелей күн

сәулесінен, сүйір бұрыштарға соғылудан, ылғалданудан сақтаңыз (ешқашан құралды суға

немесе басқа сұйықтыққа батырмаңыз). Электрмен қоректендіру адаптерін ылғалды қолмен

желіге қоспаңыз (дымқыл қолыңызбен оны ұстамаңыз).

Аккумуляторды (АКБ) зарядтау үшін шаңсорғыштың осы моделінің жиынтығына кіретін

зарядтайтын құрылғыны (адаптерді) ғана пайдаланыңыз. Бұл адаптерді өзге мақсатта

қолданбаңыз.

Адаптер мен қоректендіру сымы зақымдалса, адаптерді розеткаға қосуға тайым салынады.

Адаптерді ауыстыру (жөндеу) қажет болса, авторланған қызмет көрсету орталығына

хабарласыңыз. Адаптерді бөлшектемеңіз!

Аккумулятордың заряды толық отырмаған болса оны зарядтамаңыз.

- 41 -

Аккумуляторды зарядтау үшін алдымен адаптер істекшесін шыңсорғыштың сәйкес ұяшығына

орнатыңыз, содан соң адаптердің ашасын розеткаға жалғастырыңыз. Аккумулятор

зарядталғаннан соң адаптерді желіге қосулы күйінде қалдырмаңыз.

Адаптерді тек ауыспалы тоқ көзіне ғана (~) қосыңыз. Оны тоқ көзіне қоспас бұрын, желідегі

қолданылатын электрлік параметрлерін тексеріңіз, бұл адаптердің техникалық

сипаттамаларына сәйкес болғанына көз жеткізіңіз.

Адаптерді желіге қоспас бұрын оның істекшесі құралдың сәйкес ұяшығына орнатылғандығын

тексеріңіз.

Кез келген ақау бола тұра құралды іске қосу Сізді кепілдікті қызмет көрсету құқығынан

айырады.

Аккумуляторды зарядтап болған соң әркез адаптерді желіден және құралдағы зарядтауға

арналған ұяшықтан ажыратыңыз.

Адаптерді желілік сымнан ұстап тасымалдауға болмайды. Сондай-ақ, оның желілік сымнан

ұстап желіден ажыратуға тыйым салынады. Адаптерді желіден ажырату барысында

адаптердің корпусынан ұстаңыз, тоқ жүретін істіктерге қол тигізбеңіз.

Техникалық мәселелердің туындамауы мен құралға берілетін кепілді сақтау үшін құралды

өздігіңізден жөңдемеңіз және бөлшектемеңіз. Жөндеу жұмыстарын қызмет көрсету

орталығының білікті маманы жүзеге асыруы тиіс.

Кұралды жөндеу үшін тек түпнұсқалы қосалқы бөлшектерді пайдаланыңыз.

ТЕХНИКАЛЫҚ СИПАТТАМАЛАРЫ

PVCS 0622HG/PVCS 0722HB/PVCS 0822HDPOLARIS сауда белгісімен шығатын тұрмыстық

электрлі шаңсорғыш.

Шаң жинайтын контейнер көлемі: 0,5л.

Қоректендіру көзі: аккумуляторлық батареясының сипаттамасы Li-Ion2200 мАч 22 В.

АКБ-ны зарядтау уақытысы: алғашқы рет пайдаланған жағдайда 8-10 сағатқа дейін, содан кейін 3-

4сағатқа дейін.

АКБ-ны пайдалану арқылы жұмыс уақытысы:. 25 минуттан бастап*

*Электрлі қылшақ сөндірілген күйінде құрал жұмысының максималды уақытысы көрсетілген.

Электрлі қылшақ қосылған сәтте жұмыс уақытысы 22 минутты құрайды. Бөлмежайдағы

температура төмен болса және уақыт өте келе бұл көрсеткіштер төмендейді.

Зарядтайтын құрылғысы: PAD0622HG/PAD 0722HB/PAD 0822HD

Зарядтайтын құрылғының сипаттамасы:

Кіріс кернеуі: 100-240 В.

Жиілігі: 50/60 Гц.

Шығыс кернеуі: 27 В.

Шығыс тоғы: 0,8А.

Қорғаныс жіктелімі – II.

Ескертпе: Өзгерістер мен жетілдіруді енгізудің ұдайы үрдісінің орын алуынан, нұсқаулық пен

бұйымның арасында қандай да бір айырмашлық байқалуы мүмкін. Өндіруші, тұтынушының бұған

назар аударатынына үлкен үміт артады.

- 42 -

СЕРТИФИКАТТАУ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

Құрал РФ нормативті құжаттарына сәйкестікке сертификатталған.

Конструкция прибора соответствует требованиям ТР ТС 004/2011 «О безопасности

низковольтного оборудования», а также ТР ТС 020/2011 «Электромагнитная совместимость

технических средств».

Құралдың құрылымы «Төмен вольтты құрылғылардың қауіпсіздігі жөніндегі» ТР ТС 004/2011,

сондай-ақ «Техникалық құралдардың электрлі-магнитті сәйкестігі жөніндегі» ТР ТС 020/2011

талаптарына жауап береді.

Бұйымның есептік жарамдылық мерзімі: 3 жыл

Кепілдік мерзімі: сатып алған күннен бастап 1 жыл

Өндеп шығарылған мерзімі: құралдың техникалық заттаңбасында көрсетілген

Өндіруші:

TEXTON CORPORATION LLC - "ТЕКСТОН КОРПОРЕЙШН" ЖШҚ .

1313 N. Market Street, Suite 5100, Wilmington, State of Delaware 19801, United States of America.

1313 Н. Маркет Стрит, 5100 бөлмежай, Уилмингтон қ, Делавэр Штаты, 19801, Америка Құрама

Штаттары.

- 43 -

КЕПІЛДІК МІНДЕТТЕМЕ

Бұйым: тұрмыстық электрлі шаңсорғыш Модель: PVCS 0622HG/PVCS 0722HB/PVCS 0822HD

Бұл кепілдік әрекеттегі заңдлықпен бекітілген тұтынушының құқығына қосымша ретінде

өндірушімен берілген, және тұтынушының құқығын еш шектемейді.

Бұл кепілдік бұйымды сатып алған күннен 12 ай бойына әрекетте болады, және материалдар

мен жұмыс істеуіне байланысты ақаулар табылған жағдайда кепілдік қызмет көрсетуді білдіреді.

Бұл жағдайда тұтынушы басқасын қоса алғанда, бұйымды тегін жөндетуге құқықты. Бұл

кепілдік келесі шарттарды сақтағанда, жарамды:

1. Кепілдік міндеттеме «TEXTON CORPORATION LLC» компаниясы шығаратын барлық

үлгілерге, кепілдік қызмет көрсетілетін елдердің барлығында жарамды (сатып алған жеріне

қарамастан).

2. Бұйым тек қана тұрмыстық қажеттіліктерге пайдалану үшін сатып алынуы тиіс. Бұйым

пайдалану бойынша нұсқаулыққа, қауіпсіздік бойынша ережелер мен талаптарды сақтай отырып,

пайдаланылуы тиіс.

3. Өндірушінің міндеттемесін осы кепілдік бойынша сатушылар өндірушінің уәкілетті

дилерлері және ресми қызмет көрсететін (сервис) орталықтар орындайды. Бұл кепілдік

өндіруші құзырлық бермеген сатушылардан сатып алынған бұйымдарға таралмайды, олар

тұтынушы алдында заңға сәйкес, өздігінен жауап береді.

4. Бұл кепілдік келесі жәйттердің нәтижесінде пайда болған ақауларды жөндеуге таралмайды:

Химиялық, механикалық немесе өзге де әсер етулер, құрт-құмырсқа немесе шыбын-шіркей

секілді бөгде заттардың бұйымның ішіне түсіп кетуі, сұйықтық төгілген жағдайда;

Бұйымды тікелей мақсаты бойынша емес, дұрыс пайдаланбағанда, жинаққа кірмейтін,

қосымша аксессуарларды пайдаланғанда, сондай-ақ, бұйымды техника қауіпсіздігі

ережелері мен талаптарын бұза отырып, орнатқанда және пайдаланғанда;

Жарамдылық мерзімі шектеулі әрлеу бөлшектері, лампа, батареялар, қорғаныс экрандары, қоқыс

жинақтауыштар, белдік/бау (ремендер), қылшақтар тозғанда;

Авторланған сервистік орталықтар болып табылмайтын*, тұлғалар немесе фирмалар

өндірген бұйымдардың жөндеуі;

Бұл кепілдік пайдалану бойынша нұсқаулықта қарастырылмаған бұйымды өздігінен жөндеу

жұмысын жүргізу және және құралдың конструкциясын бұзған жағдайда немесе оның

құрылымымен өзге бір әрекеттерді орындап, оны өзгерту салдарынан туындаған ақауларға

таралмайды.

5. Осы талонның түпнұсқасымен, сатушы берген тауарлы чектің түпнұсқасымен және ақау

табылған бұйыммен бірге көрсеткенде ғана жарамды болмақ.

6. Бұл кепілдік тек қана жеке тұрмыстық қажеттілік үшін пайдаланылатын бұйымдарға ғана

жарамды, және коммерциялық, өнеркәсіптік немесе кәсіби мақсатта қолданылатын

бұйымдарға таралмайды.

POLARIS бұйымдарына кепілдік қызмет көрсету мәселелері бойынша Өзіңіздің жергілікті

POLARIS ресми сатушыңызға хабарласыңыз. Құралдың ақаулы екендігі анықталса, тез арада

қызмет көрсету орталығына хабарласу қажет .

* Авторланған сервистік орталықтардың мекен-жайлары Компания сайтында:

www.polar.ru

Құралды жеткізуші тасымалдау барысында, дұрыс емес пайдалану салдарынан, сондай-ақ құралдың

түрін өзгерту, немесе өздігінен жөндеу жұмысын жүргізу әрекетіне байланысты туындаған ақау

үшін жауапты емес.

- 44 -