Polaris PVCS 0418 – страница 3

Инструкция к Пылесосу Polaris PVCS 0418

- 41 -

Жұмыс барысында электрлі

тоқтан айырылу байқалады

және қондырма корпусына

шаң жиналады.

Бөлмежайдағы ауаның төмен

ылғалдығы салдарынан статикалық

электр пайда болды .

Бөлмежайдағы ауаны

ылғалдандыру бойынша

шараларды орындаңыз.

Статикалық зарядтан арылу үшін

жиі түрде қондырманы металл

заттарға жақындатыңыз.

Жұмыс барысында құрал

кенеттен сөнеді.

1.Мотордың қызуы салдарынан

қорғаныс құрылғысы іске қосылды.

2. Аккумулятордың заряды

толығымен отырған кезде.

Қызып кетудің мүмкін

себептерін жойыңыз (шаң

жинайтын контейнердің, сүзгіш

пен қондырманың бітелуі).

Құралды қайта қоспас бұрын

оның кем дегенде 30 минут

уақыт суығанша күтіңіз.

Аккумуляторлық батареяны

зарядтаңыз.

Құралдың жұмысы

барысында электрлі қылшақ

кенеттен тоқтап қалады.

Электрлі қылшақ шаш, жіп, жүн және

т.б. қоқыс заттармен бітелді.

Электрлі қылшақтың қыл

білікшесін тазартыңыз.

ШАҢСОРҒЫШПЕН ЖҰМЫС АТҚАРУ БАРЫСЫНДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК ЖӨНІНДЕГІ

АРНАЙЫ НҰСҚАУЛАР

Құралдың жұмысы барысында оны жылу шығаратын көздерінен және өзге де электрлі

құралдардан алыс қашықтықта орнатыңыз.

Құралдың жұмысы барысында тазаланатын бөлмежайдың еденінде жұмыс жасап тұрған

қыздыру құралдары мен электрмен қоректендіретін сымдарды және өзге де от не жылу

шығаратын көздерді орнатпаңыз.

Шаңсорғышты шаң жинайтын контейнерсіз, сүзгішсіз, яғни қандай да бір сүзгі болмаған

жағдайда пайдалануға тыйым салынады, бұл бұйымдарға осы Нұсқаулыққа сәйкес лайықты

түрде қызмет көрсетілуі тиіс.

Жұмыс барысындағы үзіліс кезінде шаңсорғышты тік қалпында еденде қалдырмаңыз, әйтпесе

бұл оның құлауына, корпустың пластик бөлшектерінің зақымдауына әкеп соғуы мүмкін. Қысқа

уақытқа ғана үзіліс жасайтын болсаңыз да, әркез құралды оны қоятын арнайы

затқа-тұпқоймасына (зарядтайтын станциясына) орнатыңыз.

Шаңсорғышты тазарту үшін абразивті жуғыш құралдарды және органикалық еріткіштерді

ешқашан пайдаланбаңыз.

Шаңсорғышпен келесідей заттар мен материалдарды жинамаңыз:

тез тұтанатын заттектер: күл, көмір түйірлері, темекі тұқылы және т.б.;

өткір заттар: сынған шыны, ине, кеңселік жапсырма шеге, қағаз қыстырғыш және т.б.;

принтер мен көшірме машиналарында қолданылатын бояу, себебі ол электр өткізгіш қоспа

болып табылады, ол сүзгіштен толығымен жойылмайды;

улы, жарылуға қауіпті және күйдіргіш заттарды;

асбест, немесе асбестті шаң, сондай-ақ құрылыс қоқыстары мен қалдықтары;

ылғалды шаң мен кір;

ірі өлшемді заттар;

су мен өзге сұйықтықтар;

Шаңсорғышпен адамдар мен үй жануарларды тазаламаңыз;

Өндіруші кеңес берген аксессуарлар мен қосалқы бөлшектерді пайдаланыңыз.

Құралдың жұмысы барысында шаңсорғыштың ауа алмасатын саңылауларын жабуға тыйым

салынады.

Құрал жеткізілетін жинаққа кіретін түпнұсқалы АКБ мен зарядтайтын құрылғымен жұмысқа

есептелінген. Құралды қоректендіру мен зарядтау үшін өзге құрылғыларды пайдалану

құралдың бүлінуіне әкеп соғуы мүмкін.

Құралды әрбір пайдаланғаннан кейін құрал мен шаң жинайтын контейнерді тазартыңыз.

Егер құрал ұзақ уақыт қолданылмаса, АКБ-ны әрбір 3 ай сайын зарядтауға кеңес беріледі,

алдын ала оның зарядын толығымен отырғызу керек, ол үшін құралды максималды мүмкін

уақытқа іске қосып қойыңыз.

ТҰРМЫСТЫҚ ЭЛЕКТРЛІК ҚҰРЫЛҒЫЛАРМЕН ЖҰМЫС АТҚАРУ БАРЫСЫНДАҒЫ

ҚАУІПСІЗДІК ЖӨНІНДЕГІ ЖАЛПЫ НҰСҚАУЛАР

Құрал тек мақсаты бойынша тұрмыста пайдаланылуы тиіс. Құралды коммерциялық мақсатта

ұзақ уақыт бойы пайдалану құралдың істен шығуына, зақымдалуына немесе адамдардың

денсаулығына нұқсан келтіруіне әкеп соғуы мүмкін.

Құрал осы нұсқаулыққа сәйкес тек қана мақсаты бойынша пайдаланылуы тиіс.

Әр кезде құралды қоспас бұрын оны қарап шығыңыз. Құралдың және желілік сымның

ақаулығы анықталған жағдайда, құралды розеткаға қосуға мүлдем болмайды.

Құрал жерге не еденге құлаған жағдайда сонымен ақаулығы анықталған жағдайда, құралды

қолданбаңыз. Құралды пайдаланбас бұрын оны білікті мамандар қызмет көрсету

орталығының қызметкері ғана тексеру тиіс.

Егер Сіз құралдың жұмыс жасау мүмкіндігіне күмән келтірсеңіз, құралды пайдаланбаңыз.

Аталмыш құралды қолдануға қатысты қауіпсіздіктері үшін жауап беретін тұлғаның нұсқаулығы

жүргізілген немесе қадағалау жүзеге асырылған кездерді есепке алмағанда, білімі мен

тәжірибесі жоқ немесе жүйке жүйесінде немесе психикалық, физикалық ауытқулары бар

тұлғалардың (балаларды қоса алғанда) қолдануына арналмаған. Балалардың құралмен

ойнауына жол бермеу үшін оларды қадағалап отырыңыз.

Құралды және электрмен қоректендіретін адаптерді бақылаусыз қалдырмаңыз! Құралды

балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз.

Құралды ванна, ыдыс-аяқ жуатын шұңғылша немесе сумен толтырылған басқа ыдыстардың

қасында, сонымен қатар ылғалдығы жоғары бөлмежайларда пайдалануға болмайды.

Құралды бөлмежайдан тысқары жерде пайдаланбаңыз. Құралды ыстықтан, тікелей күн

сәулесінен, сүйір бұрыштарға соғылудан, ылғалданудан сақтаңыз (ешқашан құралды суға

немесе басқа сұйықтыққа батырмаңыз). Электрмен қоректендіру адаптерін ылғалды қолмен

желіге қоспаңыз (дымқыл қолыңызбен оны ұстамаңыз).

- 42 -

Аккумуляторды (АКБ) зарядтау үшін шаңсорғыштың осы моделінің жиынтығына кіретін

зарядтайтын құрылғыны (адаптерді) ғана пайдаланыңыз. Бұл адаптерді өзге мақсатта

қолданбаңыз.

Адаптер мен қоректендіру сымы зақымдалса, адаптерді розеткаға қосуға тайым салынады.

Адаптерді ауыстыру (жөндеу) қажет болса, авторланған қызмет көрсету орталығына

хабарласыңыз. Адаптерді бөлшектемеңіз!

Аккумулятордың қызмет ету мерзімін ұлғайту үшін, оның заряды толықтай отырмаған болса,

оны зарядтауға кеңес берілмейді.

Аккумуляторды зарядтау үшін алдымен адаптер істекшесін шыңсорғыштың сәйкес ұяшығына

орнатыңыз, содан соң адаптердің ашасын розеткаға жалғастырыңыз. Аккумулятор

зарядталғаннан соң адаптерді желіге қосулы күйінде қалдырмаңыз.

Адаптерді тек ауыспалы тоқ көзіне ғана (~) қосыңыз. Оны тоқ көзіне қоспас бұрын, желідегі

қолданылатын электрлік параметрлерін тексеріңіз, бұл адаптердің техникалық сипаттамаларына

сәйкес болғанына көз жеткізіңіз.

Адаптерді желіге қоспас бұрын оның істекшесі құралдың сәйкес ұяшығына орнатылғандығын

тексеріңіз.

Кез келген ақау бола тұра құралды іске қосу Сізді кепілдікті қызмет көрсету құқығынан

айырады.

Аккумуляторды зарядтап болған соң әркез адаптерді желіден және құралдағы зарядтауға

арналған ұяшықтан ажыратыңыз.

Адаптерді желілік сымнан ұстап тасымалдауға болмайды. Сондай-ақ, оның желілік сымнан

ұстап желіден ажыратуға тыйым салынады. Адаптерді желіден ажырату барысында

адаптердің корпусынан ұстаңыз, тоқ жүретін істіктерге қол тигізбеңіз.

Техникалық мәселелердің туындамауы мен құралға берілетін кепілді сақтау үшін құралды

өздігіңізден жөңдемеңіз және бөлшектемеңіз. Жөндеу жұмыстарын қызмет көрсету

орталығының білікті маманы жүзеге асыруы тиіс.

Құралды жөндеу үшін тек түпнұсқалы қосалқы бөлшектерді пайдаланыңыз.

ТЕХНИКАЛЫҚ СИПАТТАМАЛАРЫ

PVCS 0418POLARIS сауда белгісімен шығатын тұрмыстық электрлі шаңсорғыш.

Шаң жинайтын контейнердің көлемі: 0,5л.

Қоректендіру көзі: аккумуляторлық батареясының сипаттамасы Lithium 2000 мАч 18.5 В.

АКБ-ны зарядтау уақытысы: алғашқы рет пайдаланған жағдайда 8-12 сағатқа дейін, содан кейін

4-5сағатқа дейін.

АКБ-ны пайдалану арқылы жұмыс уақытысы:. 35 минутқа дейін*

*Құралдың минималды жылдамдығы мен жұмысының максималды уақытысы көрсетілген.

Бөлмежайдағы температура төмен болса және уақыт өте келе бұл көрсеткіштер төмендейді.

Зарядтайтын құрылғысы: PAD 0418

Зарядтайтын құрылғының сипаттамасы:

Кіріс кернеуі: 100-240 В.

Жиілігі: 50/60 Гц.

Шығыс кернеуі: 21 В.

Шығыс тоғы: 0,5А.

Қорғаныс жіктелімі – 2.

- 43 -

Ескертпе: Өзгерістер мен жетілдіруді енгізудің ұдайы үрдісінің орын алуынан, нұсқаулық пен

бұйымның арасында қандай да бір айырмашлық байқалуы мүмкін. Өндіруші, тұтынушының бұған

назар аударатынына үлкен үміт артады.

СЕРТИФИКАТТАУ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

Құрал РФ нормативті құжаттарына сәйкестікке сертификатталған.

Құралдың құрылымы «Төмен вольтты құрылғылардың қауіпсіздігі жөніндегі» ТР ТС 004/2011,

сондай-ақ «Техникалық құралдардың электрлі-магнитті сәйкестігі жөніндегі» ТР ТС 020/2011

талаптарына жауап береді.

Бұйымның есептік жарамдылық мерзімі: 3 жыл

Кепілдік мерзімі: сатып алған күннен бастап 1 жыл

Өндеп шығарылған мерзімі: құралдың техникалық заттаңбасында көрсетілген

Өндіруші:

LimitedLiabilityCompany TEXTONCORPORATION - Жауапкершілігі шектеулі қоғам "ТЕКСТОН

КОРПОРЕЙШН"

160 Greentree Drive, Suite 101, City Dover, Country of Kent, State of Delaware 19904, United States

of America.

160 Гринтри Драйв, 101 бөлмежайы, Дувр қаласы, Кент округі, Делавэр Штаты, 19904, Америка

Құрама Штаттары.

- 44 -

КЕПІЛДІК МІНДЕТТЕМЕ

Бұйым: Тұрмыстық электрлі робот-шаңсорғыш Моделі PVCS 0418

Бұл кепілдік әрекеттегі заңдылықпен бекітілген тұтынушының құқығына қосымша ретінде

өндірушімен берілген, және тұтынушының құқығын еш шектемейді.

Бұл кепілдік бұйымды сатып алған күннен 12 ай бойына әрекетте болады, және

материалдар мен жұмыс істеуіне байланысты ақаулар табылған жағдайда кепілдік қызмет

көрсетуді білдіреді. Бұл жағдайда тұтынушы басқасын қоса алғанда, бұйымды тегін жөндетуге

құқықты. Бұл кепілдік келесі шарттарды сақтағанда, жарамды:

1. Кепілдік міндеттеме ««TEXTON CORPORATION LL» компаниясы шығаратын барлық үлгілерге,

кепілдік қызмет көрсетілетін елдердің барлығында жарамды (сатып алған жеріне қарамастан).

2. Бұйым тек қана тұрмыстық қажеттіліктерге пайдалану үшін сатып алынуы тиіс. Бұйым пайдалану

бойынша нұсқаулыққа, қауіпсіздік бойынша ережелер мен талаптарды сақтай отырып, пайдаланылуы

тиіс.

3. Өндірушінің міндеттемесін осы кепілдік бойынша сатушылар өндірушінің уәкілетті дилерлері

және ресми қызмет көрсететін ервис) орталықтар орындайды. Бұл кепілдік өндіруші құзырлық

бермеген сатушылардан сатып алынған бұйымдарға таралмайды, олар тұтынушы алдында заңға

сәйкес, өздігінен жауап береді.

4. Бұл кепілдік келесі жәйттердің нәтижесінде пайда болған ақауларды жөндеуге таралмайды:

Химиялық, механикалық немесе өзге де әсер етулер, құрт-құмырсқа немесе шыбын-шіркей

секілді бөгде заттардың бұйымның ішіне түсіп кетуі, сұйықтық төгілген жағдайда;

Бұйымды тікелей мақсаты бойынша емес, дұрыс пайдаланбағанда, жинаққа кірмейтін, қосымша

аксессуарларды пайдаланғанда, сондай-ақ, бұйымды техника қауіпсіздігі ережелері мен

талаптарын бұза отырып, орнатқанда және пайдаланғанда;

Құралды қалыпты пайдалану салдарынан пайда болған сыртқы өзгерістер байқалса, сондай-ақ

құралдың функционалдық қасиетіне әсер тигізбейтін, қалыпты түрде тозған жағдайда: ішкі және

сыртқы қабаттың механикалық бүлінуі (ішіне майысу, сызат, сыртқы түрінің өзгеруі-қажалып

бүлінуі), металл түсінің қалыпты өзгеруі, сондай-ақ, құралдың метал бетінде құбылмалы немесе

қара дақтардың пайда болуы, сонымен қатар, тоттанудың салдарынан металлдың бұзылуы, яғни

металл бетінде тотқа қарсы жабыны жоқ және жабыны бар жерлері зақымдалған болса;

Жарамдылық мерзімі шектеулі әрлеу бөлшектері, лампа, батареялар, қорғаныс экрандары, қоқыс

жинақтауыштар, белдік/бау (ремендер), қылшақтар тозғанда;

Авторланған сервистік орталықтар болып табылмайтын*, тұлғалар немесе фирмалар

өндірген бұйымдардың жөндеуі салдарынан туындаған ақауларға таралмайды.

5. Осы кепілдік талонның түпнұсқасымен, сатушы берген тауарлы чектің түпнұсқасымен және ақау

табылған бұйыммен бірге көрсеткенде ғана жарамды болмақ.

6. Бұл кепілдік тек қана жеке тұрмыстық қажеттілік үшін пайдаланылатын бұйымдарға ғана жарамды,

және коммерциялық, өнеркәсіптік немесе кәсіби мақсатта қолданылатын бұйымдарға таралмайды.

POLARIS бұйымдарына кепілдік қызмет көрсету мәселелері бойынша Өзіңіздің жергілікті POLARIS

ресми сатушыңызға хабарласыңыз. Құралдың ақаулы екендігі анықталса, тез арада қызмет көрсету орталығына

хабарласу қажет .

Құралдың ақаулы екендігі анықталса, тез арада қызмет көрсету орталығына хабарласу қажет.

* Авторланған сервистік орталықтардың мекен-жайлары Компания сайтында: www.polar.ru

Құралды жеткізуші тасымалдау барысында, дұрыс емес пайдалану салдарынан, сондай-ақ құралдың түрін

өзгерту, немесе өздігінен жөндеу жұмысын жүргізу әрекетіне байланысты туындаған ақау үшін жауапты емес.

- 45 -