Polaris PVC 1821WR СЕРЫЙ, ЧЕРНЫЙ: 8. ТАЗАРТУ ЖӘНЕ САҚТАУ

8. ТАЗАРТУ ЖӘНЕ САҚТАУ : Polaris PVC 1821WR СЕРЫЙ, ЧЕРНЫЙ

жақындауын хабарлайды. Қызыл белгі шығарылатын сымның соңы екендігін білдіреді.

2.Құралды желіге жалғастырып қосыңыз.

Назар аударңыз!

Құралды желіге қоспас бұрын оның техникалық сипаттамалары («Техникалық сипаттамалар»

бөлімін қараңыз) желі параметрлеріне сәйкес екендігін тексеріңіз.

3.Құралды қосу үшін шаңсорғыштың корпусындағы ІСКЕ ҚОСУ/СӨНДІРУ (12) батырмасына

басыңыз.

Сору күшін реттеу

4.Сіз шаңсорғыштың сору күшін түтіктің тұтқасында (8) орналасқан ауа ағының реттеуіштің

көмегімен реттей аласыз. Нәзік материалдар үшін минималды сору күшін қолдануға кеңес беріледі,

ол үшін реттеуіштің жапқышын барынша ашыңыз. Матрас, жиһаз жабыны мен кілемді тазарту

барысында реттеуіштің жапқышын орта қалыпқа орнатыңыз. Реттеуіштің жапқышы жабық

күйінде тақта, ағаш және өге де қатты жабындар тазартылады.

Сору күшін тазарту үдерісі барысында ауыстыруға болады.

5. Жұмысты аяқтап болған соң құралды оның корпусындағы ІСКЕ ҚОСУ/СӨНДІРУ (12)

батырмасына басу арқылы сөндіріңіз, содан соң шаңсорғышты желіден ажыратыңыз. Сымды орау

үшін автоматты түрде орау (13) батырмасына бір қолмен басыңыз да, екінші қолыңызбен сымды

қабылданатын құрылғыға біркелкі бағыттаңыз.

ШАҢДЫ ЖИНАУДЫҢ ЦИКЛОНДЫҚ ЖҮЙЕСІ

Циклондық жүйе шаңды жинауға арналған қаптың болуын талап етпейді. Шаң бөліктері ауа

ағыны арқалы шаң жинауышқа сорылады. Ауа шаң шинауыштың шығысында орналасқан

қорғаныс HEPAсүзгіші арқылы тазаланады.

Ескерту!

Құралды ешқашан сүзгішсіз, сондай-ақ бүлінген немесе тазартылмаған сүзгіш орнатылған

күйінде пайдаланбаңыз. Әйтпесе шаң тікелей моторға өтіп, құрылғының бүлінуіне әкеп

соғады.

8. ТАЗАРТУ ЖӘНЕ САҚТАУ

Шаң жинауышты тазарту.

1. Құралды сөндіріп, сымды розеткадан ажыратыңыз. Сымнан емес, штепсельді ашадан

ұстаңыз.

2. Шаң жинауышты тазарту жүйесімен бірге шығарыңыз, ол үшін блокка қою батырмасына

басыңыз да, контейнерді тұтқасынан ұстай өзіңізге қарай тартыңыз (8 -сурет).

34

8-сурет.

3. Контейнерді тұтқасынан ұстай оның төменгі қақпағын төмен қарата қоқыс жәшігінің

үстінен ұстаңыз. Оны ашу және тазарту үшін контейнердің төменгі қақпағы батырмасына

басыңыз. Шаңнан тазартып болған соң төменгі қақпақты жабыңыз. Контейнердің корпусын

ұстай қақпақты сағат тіліне қарсы бұрап, сүзгілеу жүйесімен бірге шығарыңыз.

Контейнерден қалған шаңды шығарыңыз (9- сурет).

9- сурет.

4. Контейнерді тазалап болған соң сүзгілеу жүйесінен қақпақты ажыратыңыз, ол үшін

қақпақты тұтқасынан ұстай төменгі жақтан кең қонышты корпусқа қарағанда сағат тіліне

қарсы бұрып, оны шешіңіз. Сүзгілейтін элемент корпусын шаң жинауыш-сеператордан

ажыратыңыз, шаң жинауыш пен контейнерді салқын ағын судың астында жуыңыз, құрғата

сүртіңіз немесе толықтай құрғатыңыз (9 -сурет).

5. Сүзгілейтін элемент корпусы қақпағының ілмегін шешіңіз, қақпақты ашыңыз, сүзгіштерді

шығарыңыз, оларды жылы суда жуыңыз, желдетілетін орында құрғатыңыз.

35

Назар аударыңыз!

Шаңсорғыштың бөліктерін ыдыс жуғыш немесе кір жуғыш машинасында жумаңыз.

6. Поролонды сүзгішті шаң жинауыштың сүзгішіне кіргізіп, қақпақты жаба сүзгілейтін

элемент корпусына орнатыңыз.

7. Сүзгіштері бар сүзгілейтін элемент корпусын шаң жинауыш-сепараторға орнатыңыз.

Сүзгіш жүйесін контейнердің қақпағымен кері әрекеттерді орындай жинаңыз.

8. Сүзгіш жүйесі бар қақпақты контейнерге жалғаңыз, ол үшін контейнердегі нұсқар мен

қақпақтағы ашық тұрған құлып белгісін біріктіріңіз, сондай-ақ қақпақты сағат тілімен

соңына дейін бұраңыз, осы сәтте жабық тұрған құлып белгісін нұсқармен біріктіріңіз.

Контейнерді корпусқа сыртыл дыбысы естілмейінше бекітіп орнатыңыз. Құрал пайдалануға

дайын.

9. Егер сору қуаты төмендеп, бірақ контейнер шаңмен толмаса, контейнерді ашыңыз да,

сүзгіш қалқаның ештене бітемеуін тексеріңіз. Бітеу анықталса, құрылғыны тазартуды

өтінеміз.

Ауа шығаратын HEPA сүзгішті тазарту

Атмосфераға ауа түспес бұрын ол құралдың дөңгелегінде орналасқан ауа шығаратын HEPA

сүзгіш арқылы соңғы тазарту үдерісінен өтеді. Бұл сүзгішті келесі жолмен тазарту қажет:

1.Құрылғыны электрмен қоректендіруден сөндіріңіз. Сымнан емес, шепсельді ашадан ұстай

ғана тартыңыз.

2.Дөңгелек қақпағын (10-сурет) сағат тіліне қарсы сыртыл дыбысы естілмейінше бұраңыз,

қақпақты шешіп, сүзгішті шығарыңыз.

3.Сүзгішті салқын ағын судың астында жуыңыз. Сабын немесе өзге жуу құралдарын

пайдаланбаңыз!

4.Сүзгішті бөлме температура барысында 24 сағат ішінде құрғатыңыз.

5.Ауа шығаратын сүзгішті орнына орнатыңыз (немесе жаңа біреуіне ауыстырыңыз),

дөңгелектің қақпағын жабыңыз, ол үшін оны орнына құлыпы ашық күйінде белгісін жоғары

қарата орнатыңыз, содан соң сағат тілімен сыртыл дыбысы естілмейінше бұраңыз (10-сурет).

36

Шаң жинауыштың сүзгіші

Поролонды сүзгіш

10-сурет.

Сақтау жөніндегі шарт

Электрлі құралдар қоршаған ауа температурасы плюс 40ºС -тан аспайтын, салыстырмалы

ылғалдығы 70%-дан жоғары емес, қышқылды және электрлі құралдар материалдарына теріс

әсер ететін өзге де будың, шаңның болмауы жағдайында жабық, құрғақ әрі таза бөлмежайда

сақталуы тиіс.

Құралды балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз.

Құралдың арқы жағында орналасқан қондырмасы бар түтікті бекітуге жазықтық күйінде сақтауға

арналған саңылауы бар.

9.ТАСЫМАЛДАУ ЖӨНІНДЕГІ ШАРТ

Электрлі құралдарды нақты бір көлік түрінде әрекет ететін жүкті тасымалдау ережелеріне сәйкес

жабық көлік құралдарының кез келген түрінде тасымалдайды. Құралды тасымалдау барысында

түпнұсқалық зауыттық ораманы пайдаланыңыз.

Құралдарды тасымалдау барысында оларды тікелей атмосфералық жауынның түсуінен, агрессивті

ортадан сақтау қажет.

10. АҚАУЛАРДЫ ІЗДЕСТІРУ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ЖОЮ ТӘСІЛДЕРІ

Бұл кестеде құралды пайдалану барысында туындауы мүмкін, кең таралған мәселелер келтірілген.

Егер өздігіңізден ақауды жоя алмасаңыз, тұтынушыларды қолдау орталығына немесе авторланған

қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.

37

Ақаудың пайда болуы

Пайда болу себебі

Жою тәсілдері

Құрал қосылмайды

Қоректендіру жоқ

Қоректендіру сымының электр

желісіне қосылу беріктігін

тексеріңіз.

Сору қуаты жеткіліксіз

немесе жұмыс барысында

төмендейді

Шаң жинауыш, сүзгіш, түтік

немесе қондырма бітелген

Шаң жинауыш пен сүзгіштерді

тазартыңыз немесе

ауыстырыңыз. Қондырма мен

түтікті тексеріп, бітеу

анықталса, тазартыңыз.

Жұмыс барысында электрлі

тоқтан айырылу байқалады

және қондырма корпусына

шаң жиналады

Бөлмежайдағы ауаның төмен

ылғалдығы салдарынан статикалық

электр пайда болды

Бөлмежайдағы ауаны

ылғалдандыру бойынша

шараларды орындаңыз.

Статикалық зарядтан арылу

үшін жиі түрде қондырманы

металл заттарға жақындатыңыз.

Жұмыс барысында құрал

кенеттен сөнеді

Мотордың қызуы салдарынан

қорғаныс құрылғысы іске қосылды

Қызып кетудің мүмкін

себептерін жойыңыз (шаң

жинауыштың, сүзгіштің,

түтіктер мен қондырмалардың

бітелуі). Құралды қайта қоспас

бұрын оның кем дегенде 30

минут уақыт сууын күтіңіз.

38

Сым толық оралмайды

Сым қатты бұралып кеткен,

тазартылмаған немесе дұрыс

оралмаған

Сымды толықтай шығарыңыз

да, ылғалды матамен сүртіп

шығыңыз, құрғатып, біркелкі

қайта ораңыз.

Назар аударыңыз! Пайдалану мерзімі аяқталғаннан кейін электр құралын әдеттегі

тұрмыстық қалдықтармен бірге лақтырмай, жоятын ресми пунктке өткізіңіз. Сөйтіп,

Сіз қоршаған ортаны сақтауға көмектесесіз.

11. ҚАЛДЫҚТАРДЫ КӘДЕГЕ ЖАРАТУ ЖӨНІНДЕГІ ТАЛАПТАР

Бұйымды кәдеге жарату барысында пайда болатын қалдықтар белгіленген тәртіппен және

салалық нормативті құжаттар, соның ішінде «Өндіріс пен тұтыну қалдықтарын орналастыру мен

залалсыздандыру бойынша гигиеналық талаптар» Санитарлық ережелер мен нормаларға

2.1.7.1322-03 сәйкес кәдеге жарату үшін міндетті түрде жиналуы тиіс.

12. ТЕХНИКАЛЫҚ СИПАТТАМАЛАРЫ

Кернеуі: 220-240 В.

Жиілігі: ~50 Гц.

Максималды қуаттылығы: 1800 Вт.

Шаң жинайтын контейнердің тиімді көлемі: 2л.

Қорғаныс жіктелімі – 2.

Ескертпе: Өзгерістер мен жетілдіруді енгізудің ұдайы үрдісінің орын алуынан, нұсқаулық пен

бұйымның арасында қандай да бір айырмашлық байқалуы мүмкін. Өндіруші, тұтынушының бұған

назар аударатынына үлкен үміт артады.

13. СЕРТИФИКАТТАУ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

Құрал РФ нормативті құжаттарына сәйкестікке сертификатталған.

Бұйымның есептік жарамдылық мерзімі: 3 жыл

Кепілдік мерзімі: сатып алған күннен бастап 1 жыл

Өндеп шығарылған мерзімі: құралдың техникалық заттаңбасында көрсетілген

Өндіруші:

TEXTON CORPORATION LLC - "ТЕКСТОН КОРПОРЕЙШН" ЖШҚ .

1313 N. Market Street, Suite 5100, Wilmington, State of Delaware 19801, United States of America.

1313 Н. Маркет Стрит, 5100 бөлмежай, Уилмингтон қ, Делавэр Штаты, 19801, Америка Құрама

Штаттары.