Polaris PVB 1801: Сору күшін реттеу

Сору күшін реттеу : Polaris PVB 1801

ҚОЛДАНУ

1. Сымды қажетті ұзындыққа шығарыңыз, батырманың көмегімен артық бөлікті ораңыз.

Желілік сымды сары белгіден артық шығармаңыз, ол шығарылатын сымның соңғы бөлігінің

жақындауын белгісі. Қызыл белгі шығарылатын сымның соңы екендігін білдіреді.

2. Құралды ток көзіне жалғастырып қосыңыз.

Назар аударңыз!

Құралды ток көзіне қоспас бұрын, оның техникалық сипаттамалары («Техникалық сипаттамалар»

бөлімін қараңыз) желі параметрлеріне сәйкес екендігін тексеріңіз.

3. Құралды іске қосу үшін шаңсорғыштың корпусындағы ІСКЕ ҚОСУ/СӨНДІРУ батырмасына

басыңыз.

Сору күшін реттеу

4. Сіз шаңсорғыштың сору күшін екі түрлі тәсілмен реттей аласыз:

- Сіз шаңсорғыштың сору күшін құбыршектің тұтқасында орналасқан ауа ағының реттеуіштің

көмегімен реттей аласыз. Нәзік материалдар үшін минималды сору күшін қолдануға кеңес беріледі,

ол үшін реттеуіштің жапқышын барынша ашыңыз. Матрас, жиһаз жабыны мен кілемді тазарту

барысында реттеуіштің жапқышын орта қалыпқа орнатыңыз. Реттеуіштің жапқышы жабық күйінде

тақта, ағаш және өге де қатты жабындар тазартылады.

- құралдың корпусындағы қозғалтқыштың қуаттылығын реттейтін тетігі арқылы реттей аласыз, ол

құралдың сыртқы корпусында орналасқан («Құралдың сипаттамасы» 5 бөлімдегі суретті қараңыз).

Реттеуіш тетігін сағат тілінің бағытымен бұраған кезде қозғалтқыштың айналымын бірқалыпты

түрде ұлғайтып, сору күшін де ұлғайтуға болады. Реттеуіш тетігін сағат тіліне қарсы бағытта

бұраған кезде қозғалтқыштың айналымын, сондай-ақ сору күшін де төмендетуге болады.

Сору күшін тазарту үдерісі барысында ауыстыруға болады.

Назар аударыңыз: Шаңсорғыштың ауа алмасатын саңылаулары жабылған күйінде, не оның

қағаз немесе мата кабы толы болса немесе сүзгілері қоқысқа толған жағдайда құралмен

пайдаланбаңыз, себебі бұл қозғалтқыштың бұзылуына әкеп соғады.

Егер құралдың қақпағында, ауа қабылдағыштың үсті жағында орналасқан индекаторы қызыл

түспен (қоқысқа толған белгісі) жанатын болса, шаңсорғышты дереу сөндіріңіз, содан кейін

оны «Тазарту және сақтау» 8 бөлімінде көзделген нұсқауларына сәйкес тазартыңыз.

5. Жұмысты аяқтап болған соң құралды, оның сыртқы корпусындағы ІСКЕ ҚОСУ/СӨНДІРУ

батырмасына басу арқылы сөндіріңіз, содан соң шаңсорғышты ток көзінен ажыратыңыз. Электрмен

қоректендіретін сымды орау үшін автоматты түрде орау батырмасына бір қолмен басыңыз да, екінші

қолыңызбен сымды қабылданатын құрылғыға біркелкі бағыттаңыз.

32