Polaris PVB 1801: 8. Тазарту және сақтау
8. Тазарту және сақтау : Polaris PVB 1801
8. Тазарту және сақтау
Шаңсорғышты тазарту және оған күтім көрсету (қызмет көрсету жөніндегі әрекеттерді
орындау) және шаң жинайтын (мата немесе қағаз) қабын ауыстыру немесе оған тазарту мен
күтім көрсету, яғни қызмет көрсетуіне қатысты жұмыстарын орындау.
Құралды сөндіріңіз, содан кейін оны ток көзінен ажыратып, электрмен қоректендіретін сымды
батырманың көмегімен ораңыз.
Майысқақ құбыршекті шаңсорғыштан ажыратып алыңыз.
Шаң жинағыштың қақпағын ашуға арналған тетігіне сәл ғана басыңыз да, оны жоғары қарай тартып,
шаң жинағыштың қақпағын ашыңыз.
Шаң жинайтын мата қабын оның тұтқышымен бірге шығарыңыз, ол үшін қапты ұстай тұтқышты
жоғары қарата тартыңыз. Шаң жинайтын мата қабын оның тұтқышынан ажыратып алыңыз.
Құралда шаң жинайтын мата қабы немесе кағаз қабы пайдалануы мүмкін.
Егер, бір рет қолданылатын қағаз қабын пайдалансаңыз - оны қоқыс салатын шелекке тастау керек.
Ал егер, шаң жинайтын мата қабын пайдалансаңыз, оны қоқыс салатын шелектің үстінен ұстап, оны
абайлықпен сәл қағып-сілкіп шаң мен қоқыстан тазартыңыз, содан кейін оны ағын салқын судың
астында жақсылап жуып, шайып тазалаңыз және бөлме температурасында кептіріңіз.
Мата қапты пайдаланған соң, оны екінші мәрте пайдалануға болады.
Назар аударыңыз: шаңсорғыштың шаң жинағыш бөлігіне орнатылатын қап тұтқышты
тастамаңыз!
Тұтқышты сәл ғана дымқыл мата сулықпен сүртіңіз, содан кейін құрғақ матамен құрғата сүртіңіз.
Тұтқышқа шаң жинайтын қосалқы қапты бекітіңіз.
Қозғалтқыштың қорғаныш сүзгісінің тұтқышын сүзгішпен бірге «жоғары қарай» тартып, шығарып
алыңыз. Тұтқыштан сүзгішті суырып алыңыз. Сонымен сүзгішті жылы ағын судың астында
жақсылап жуып, шайып тазалаңыз және бөлме температурасында кептіріңіз, қыздырып кептіретін
құралдарды пайдалануға тыйым салынады. Сүзгішті кептіріп болған соң, оны сүзгісінің тұтқышына
орнатыңыз. Сүзгішті дымқыл түрде орнатуға тыйым салынады. Сүзгіштің ақаулықтары анықталған
жағдайда, оны жаңа біреуіне ауыстырыңыз.
33
Сүзгішті және шаң жинайтын мата немесе қағаз қабын оның тұтқышымен бірге орнына орнатыңыз.
Шаң жинағыштың қақпағын сарт еткізіп жабыңыз.
Электрмен қоректендіру сымы зақымдалған жағдайда, қауіп-қатердің алдын алу үшін, оны өндіруші,
қызмет көрсету орталығының қызметкерлері немесе осыған ұқсас ұйымдардың қызмет көрсету
жұмыстарын атқаратын білікті мамандар ғана алмастыру қажет.
Поролонды шығыс сүзгішті тазарту және алмастыру
Сүзгішті ыңғайлы түрде шығару мақсатында(құралдың сыртқы бетінде, оның артқы жағында
орналасқан), сондай-ақ құралды тасымалдау үшін тұтқаны жоғары қарай көтеріңіз.
Құралдағы сүзгіші бар артқы қақпағын шешіп алу үшін қақпақтағы бекітпеге басыңыз да, оны
жоғары қарай тартып алыңыз.
Қақпақтан сүзгішті ажыратып алыңыз және қажет болса сүзгішті тазартыңыз (немесе жылы ағын
судың астында жақсылап жуып, шайып тазалаңыз және бөлме температурасында кептіріңіз,
қыздырып кептіретін құралдарды пайдалануға тыйым салынады) немесе оны одан әрі пайдалануға
мүмкіндік болмаған жағдайда, тозып кеткен сүзгішті жаңа біреуіне ауыстырыңыз.
Сүзгішті қақпаққа орнатыңыз, сонымен сүзгіш орнатылған қақпақты өз орнына, оны жоғарыдан
төмен қарата жылжытып қойыңыз, қақпақтағы барлық шығыңқы жерлері корпусындағы сәйкес
ойық саңылауларына кіруі тиіс, бұған назар аударып қадағалаңыз. Қақпақты жабу үшін, оны сарт
еткізіп бекітіңіз. Құралды тасымалдау үшін пайдаланатын тұтқаны төмен түсіріп қойыңыз.
Сақтау жөніндегі шарт
Электрлі құралдар қоршаған ауа температурасы плюс 40ºС -тан аспайтын, салыстырмалы
ылғалдығы 70%-дан жоғары емес, қышқылды және электрлі құралдар материалдарына теріс әсер
ететін өзге де будың, шаңның болмауы жағдайында жабық, құрғақ әрі таза бөлмежайда сақталуы
тиіс. Құралды балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз. Құралдың арқы жағында орналасқан
қондырмасы бар түтікті бекітуге жазықтық күйінде сақтауға арналған саңылауы бар.
34
Оглавление
- 1. Общая информация
- 4. Сфера использования
- 6. Комплектация
- 8. Чистка и хранение
- 9. Транспортировка
- 11. Требования по утилизации
- 13. Информация о сертификации
- 14. ГАРАНТИЙНОЕ ОБЯЗАТЕЛЬСТВО
- 1. Загальна інформація
- 4. Сфера використання
- 6. Комплектація
- 8. Чищення та зберігання
- 9. Транспортування
- 11. Вимоги щодо утилізації
- 13. Інформація про сертифікацію
- 14. ГАРАНТІЙНЕ ЗОБОВ'ЯЗАННЯ
- 1. Жалпы мәлімет
- 4. Құралдың пайдалану саласы
- 6. Құралдың жиынтығы
- Сору күшін реттеу
- 8. Тазарту және сақтау
- 9. Тасымалдау жөніндегі шарт
- 11. Қалдықтарды кәдеге жарату жөніндегі талаптар